Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін


с. 1 с. 2
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық,диагностикалық,дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды не мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған, қызметінің негізгі мәні медициналық техниканы кейіннен қаржылық лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін сатып алуды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын ұйым (бұдан әрі – лизинг беруші) қаражатының есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық лизинг шарттарында сатып алуын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.»;



2-тармақта:

19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«19) тек бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізімі) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын әзірлейтін және бекітетін, дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауларын немесе құрамын, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауларын, сондай-ақ техникалық сипаттамаларын, жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын құжат. Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдар енгізіледі;»;

мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

«19-1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;

25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«25) ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарты осы Ережеде белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету шеңберiнде бiрыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi өндiрiстiк практика стандарттарына сәйкес дәрiлiк заттардың, ISO стандарттарына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндiрісін құруға ниетi бар заңды тұлғамен жеті жылға дейiнгi мерзiмге жасайтын дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;»;

мынадай мазмұндағы 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:

«26) кепілдік берілген сервистік қызмет көрсету – шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қоспағанда, жеткізілген медициналық техниканы тиісінше пайдалану және сақтау шартымен сатып алу шартында және қаржылық лизинг шартында келісілген мерзімге өнім беруші (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын оны жарамды жай-күйде ұстау жөніндегі қызметтер кешені, ол техникалық қызмет көрсетудің, техникалық диагностикалаудың және жабдықты дефектациялаудың, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының, техникалық консультациялар мен оқытудың кез келген түрлерін қамтиды;

27) қаржылық лизинг шарты – лизинг беруші белгілі бір өнім берушіден мүлікті өз меншігіне сатып алуға және осы мүлікті лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде беруге міндеттенетін шарт, оның ішінде лизинг нысанасын сақтандыруды көздейді;

28) сатып алу туралы шарт – осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес лизинг беруші/Тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, барлық қосымшаларымен және оған толықтырулармен, сондай-ақ шартта сілтемесі бар барлық құжаттамалармен бірге тараптар қол қойған шарт;

29) клиникалық-техникалық негіздеме – сұрау салынған медициналық техниканың қажеттілігі және оны қолдануға денсаулық сақтау ұйымдарының әзірлігі туралы ақпаратты қамтитын құжат;

30) лизинг бepуші – тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға қаржылық лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы;

31) лизинг алушы – қаржылық лизинг шартының талаптарына орай лизинг нысанасын қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы (лизинг мәмiлесiне қатысушы);



32) лизинг төлемдері қаржылық лизинг шартын жасасқан сәттегi баға бойынша лизинг нысанасының бүкіл құнының өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және қаржылық лизинг шартының қолданылу мерзiмiне жүзеге асырылатын, қаржылық лизинг шарты қолданылатын мерзiмге қаржылық лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, олар:

қаржылық лизинг шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзуге және мақсаты бойынша пайдалану үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығыстарды өтеуді;

лизинг бойынша сыйақыны қамтиды;

33) біріздендіруді талап ететін медициналық техника облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынатын, біртекті медициналық қызметтерді көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдары сатып алатын бір үлгідегі техникалық сипаттамалары бар медициналық техника;

34) лизинг мерзiмi қаржылық лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға лизинг нысанасы уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл ретте лизинг нысанасына лизинг берушінің меншік құқығын сақтай отырып, қаржылық лизинг шартын мерізімнен бұрын бұзу лизинг мерзімін өзгертуге әкеп соқтырмайды.»;

7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«2) бірыңғай дистрибьютор сатып алуды жүзеге асырған кезде:

екі кезеңдік рәсімді қолдану арқылы тендер өткізу;

бір көзден сатып алу;

жұқпалы және паразиттік аурулардың туындауы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайлардың салдарын болғызбау және жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шарты бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;»;

8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8-1. Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушінің ресми өкілі мәртебесі бар дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісі тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың бір ғана өндірушісін білдіреді.

Сатып алынатын негізгі медициналық техникамен жиынтықта бірге пайдалану үшін медициналық техника және /немесе медциналық мақсаттағы бұйым қосымша талап етілген жағдайда тендердің бір лоты бойынша медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің екі және одан да көп өндірушілерді ұсынуға құқығы бар.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«15. Тендерді ұйымдастырушы алда болатын дәрілік затттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу туралы тендерлік өтініштерді қабылдау аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 күн бұрын аптасына үш реттен сиретпей шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау және ақпаратты сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру жолымен әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.»;

39-тармақтың 2) тармақшасында:

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстың түсіндірме жазбасымен бірге түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстың түсіндірме жазбасымен бірге түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;»;

тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«әлеуетті өнім беруге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе банк филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің немесе банк фидиалдарының әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендірлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берлуі тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тану үшін негіздеме болып табылмайды.»;

78-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«әлеуетті өнім беруге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе банк филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің немесе банк филиалдарының әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендірлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берлуі тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тану үшін негіздеме болып табылмайды.»;

82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«82. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардан тұруы тиіс бірыңғай дистрибьютордың тізімін жыл сайын тиісті қаржы жылының бірінші шілдесінен кешіктірмей келесі күнтізбелік жылға бекітеді.

Бірыңғай дистрибьютордың тізімін уәкілетті орган дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауын, сондай-ақ техникалық сипаттамасын, жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары туралы ақпаратты көрсете отырып, бірыңғай дистрибьюторға жолдайды.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар осы Ереженің 11-1-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен бағадан аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.»;

87-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) бекітілген бюджетке және ай сайынғы қажеттілікке сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны.

Бұл ретте, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны ай сайын ең аз қаптамаға дейін дөңгелектенеді;»;

8-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«8-1-тарау. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру

88-1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде құны 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейінгі медициналық техниканы сатып алу:

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарымен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен;

2) жергілікті атқарушы органдарға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарымен, денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарымен;

3) «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамымен «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарымен келісілген клиникалық-техникалық негіздеменің және техникалық ерекшеліктің негізінде осы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасында көзделген әдіспен жүзеге асырылады.

88-2. Құны 5 000 000 (бес миллион) теңгеден бастап 50 000 000 (елу миллион) теңгеге дейінгі медициналық техника қаржылық лизинг шарттарында және осы Ережеге сәйкес сатып алынады.

88-3. Құны 50 000 000 (елу милион) теңгеден жоғары, сондай-ақ біріздендіруді талап ететін медициналық техниканы, медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы, осы Ереженің 8-2-тарауына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алады. Сұрау салынған медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесіне, техникалық сипаттамасына және құнына сараптаманы лизинг беруші жүргізеді.»;

мынадай мазмұндағы 8-2-тараумен толықтырылсын:

«8-2-тарау. Үкімет айқындаған тұлғаның медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруы

88-4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болады (бұдан әрі – 8-2-тарауда СҚ-Фармация).

Денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық лизинг шартында кейіннен беру үшін лизинг беруші қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техника үшін сатып алуды ұйымдастырушы лизинг беруші болады, ал СҚ-Фармация осы Ереженің 3-бөлімінің 10 және 11-тарауларына сәйкес өнім берушілерді іріктеу бойынша тендер өткізеді.

Ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күніне дейiн СҚ-Фармация мен лизинг беруші облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын және лизинг берушінің қаражаты есебінен сатып алатын медициналық техниканы сатып алу және жеткiзу мониторингiн жүргiзедi және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органға денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша есеп бередi.



88-5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын медициналық техниканы сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган құрамында тізбесі, клиникалық-техникалық негіздемесі, техникалық өзіндік ерекшелігі, саны, мерзімі, жеткізу шарты мен орны, медициналық техниканың әрбір атауы бойынша сатып алу үшін бөлінген сомасы бар тапсырыс берушілерден алған ақпаратты лизинг берушіге ұсынады.

Лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты ұсынған сәттен бастап күнтізбелік қырық күн ішінде әрбір атауы бойынша медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесі, техникалық өзіндік ерекшелігі (техникалық сипаттамасы) және құны бөлігінде сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысын шығарады.

Ұсынылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы бұзылған жағдайда лизинг беруші ақпаратты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға қарамай қайтарады.

Лизинг беруші сараптама қортындысы шыққан сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны сатып алынатын медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігімен қоса ескертулерді жою, қарау және бекіту үшін тапсырыс берушілерге жібереді.



Тапсырыс берушілер он жұмыс күні ішінде ескертулерді жояды, сатып алынатын медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігін қарайды және жазбаша түрде бекітеді, оның әрбір бетіне тапсырыс берушінің басшысы қол қояды, мөрмен бекітеді және лизинг берушіге ұсынады.

Тапсырыс берушiлер сатып алынатын медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігіне тапсырыс берушiнiң толық атауын, банктiк деректемелерiн, мекенжайын (пошталық және заңды), байланыс телефонының/факсiнiң нөмiрiн, электрондық поштасының мекенжайын, тапсырыс беруші басшысының лауазымын және Т.А.Ә., сатып алынатын медициналық техниканы техникалық пайдалану жағдайын, сатып алынатын медициналық техниканы пайдалануға арналған мамандар туралы мәліметті қоса береді.

Тапсырыс берушінің осы медициналық техникаға қажеттілігін және тапсырыс берушінің осы медициналық техниканы пайдалануға беру дайындығын белгілеу мақсатында лизинг беруші тапсырыс берушіден сараптама қорытындысымен қоса техникалық өзіндік ерекшелікті және осы Ереженің 88-5-тармағының алтыншы бөлігінде көрсетілген ақпаратты алған сәттен бастап оларды үш жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг берушіден медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігін, сараптама қорытындысын және осы Ереженің 88-5 тармағының алтыншы бөлігінде көрсетілген ақпаратты алған сәттен бастап он бес жұмыс күн ішінде тендер өткізу үшін СҚ-Фармацияға жібереді.

88-6. Денсаулық сақтау ұйымы қаржылық лизинг шартында сатып алынатын медициналық техниканың техникалық сипаттасыманың (техникалық өзіндік ерекшеліктерінің) оңтайлы параметрлерін анықтау үшін клиникалық-техникалық негіздемені, техникалық өзіндік ерекшелікті және техникалық, ұйымдастырушылық сараптаманы және құн сараптамасын, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестікті жүргізу үшін лизинг беруші айқындаған құжаттар тізбесіне сәйкес тәртіппен басқа да құжаттарды ұсынады.

Лизинг беруші техникалық, ұйымдастырушылық сараптаманы және құн сараптамасын, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестікті жүргізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде сатып алуға жоспарланған медициналық техниканың тізбесін әзірлейді, оны алған сәттен бастап он бес жұмыс күн ішінде медициналық техниканың тізбесін келісуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген медициналық техниканың тізбесін лизинг беруші он бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік рәсімді және бір көзден сатып алуды пайдалана отырып, медициналық техниканың өнім берушілерін іріктеу бойынша тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін СҚ-Фармацияға жібереді. Тендер өткізгеннен кейін СҚ-Фармация лизинг берушіге он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп анықталған өнім берушілердің тізбесін жібереді.


с. 1 с. 2

скачать файл

Смотрите также: