Тақырыбы: Астыңғы жақсүйектің сынуы, клиникасы, диагностикасы. Уақытша


с. 1
ҚММУ Ф 4/3-04/03

2007ж. 14 маусымдағы 6 НХ

Қарағанды мемелекеттік медицина университеті


Хирургиялық стоматология кафедрасы

ДӘРІС


Тақырыбы: Астыңғы жақсүйектің сынуы, клиникасы, диагностикасы. Уақытша (транспорттық) иммобилизация және жақсүйектердің сынуын емдеу. Жақсүйектер сынуының жазылуы.
Пәні: HSP 4302 «Хирургиялық стоматология пропедевтикасы»
Мамандығы 051302 «Стоматология»

Курс: 4


Уақыты (ұзақтығы) 1 с

Қарағанды 2014 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«___»_____ 20___ж. №__ хаттамасы

Хурургиялық стоматология кафедра меңгерушісі, профессор__________Курашев А.Г.

Дәрістің құрылымы:



Тақырып: Астыңғы жақсүйектің сынуы, клиникасы, диагностикасы. Уақытша (транспорттық) иммобилизация және жақсүйектердің сынуын емдеу. Жақсүйектер сынуының жазылуы.
Дәрістің оқу мақсаты: Студенттерге бет-жақ аймағының зақымдалуының жіктелуін, статистикасын түсіндіру. Клиникалық көрінісі, диагностикасы.
Дәрістің жоспары:

  1. Төменгі жақтың сынықтарының механизмі

  2. Төменгі жақтың сынықтарының жалпы сипаттамасы.

  3. Төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісінің сынығы.

  4. Төменгі жақ денесінің сынықтары.

  5. Төменгі жақ бұрыш аймағының сынықтары.

  6. Төменгі жақ бұтағының сынықтары.

  7. Төменгі жақтың оқсыз сынықтарының жұмыс (диагностикалық) жіктелуінің.

  8. Төменгі жақтың сынықтарының емі.


Төменгі жақтың сынықтарының механизмі

Сынық бөлшектерінің ығысуы. Көптеген жағдайларда, төменгі жақ сүйек сынықтары сынық бөлшектерінің ығысуымен сипатталады. Бұрын көрсеткенден, ол сынық тудырушы күш әсерінен болады. Кейде, сүйектің өзіндік ауырлығы әсерінен сынық бөлшектерінің ілінуі де айқын рөл алады. Төменгі жақ сүйегіне бекітілген бұлшық еттердің тяга ( тартынды) да маңызды орын алады. Тек, жартылай сынықта, сондай- ақ, төменгі жақ сүйегінің сүйек үстіасты сынығында, кейде оның бұрышы аймағы сынықтарында сүйек сынық бөлшектері ығыспайды.

Төменгі жақ сүйегі аймағының сынық бөлшектері доға тәрізді сызыққа қатысты анықталады. Бүйірлі ығысу фронтальді немесе сагиттальді жазықтықта- төменгі жақ сүйегі доғасынан ішке және сыртқа немесе жоғары немес төмен бағытта дамиды.

Өздерінің бүйір беттерімен жанасатын сүйек сынық бөлшектері бір- бірімен мінгесу әсерінен ұзындығына ығысады. Бұрышты ығысу буын төмпекшінің, сонымен қатар, орталық сынық бөлшекті төменгі жақ сүйегінің екі немесе үш жерден сынуында айқын байқалады.

Көп жағдайларда, симметриялы, сонымен бірге, симметриялық емес екі сынық орталық сүйек сынық бөлшектерінің бұрылысында тіс қатарынан сыртқа шеткері ығысуы байқалады.

Әдетте, ығысудың әрқилы түрлігі, төменгі жақ сүйегі бас қаңқа негізімен екі симметриялы жерден бірігуінен, 2 топ бұлшықеттер көмегімен қозғалысқа түседі: жақ сүйегін көтеретін (артқы топ) және жақ сүйегін түсіретін (алдыңғы топ). Жақ тіласты ( m. mylo hyitideus) Бұлшықетінен басқа, барлық жұпты бұлшықеттер оң және сол жағынан төменгі жақ сүйегінің симметриялы бөлімдеріне бекиді. Төменгі жақ сүйегі сынық бөлшектері ығысуының сипатын түсіну үшін, оның орналасуына және бұлшықеттердің жұмысына тоқталған жөн.

Бұлшықеттердің артқы тобы. Өзіндік шайнау бұлшықеті (`m.massetes)

жоғарғы жақ сүйегінің бет өсіндісі (processus zygomaticus) Және бет доғасының төменгі қырынан басталып, төменгі жақ сүйегі бұрышының сыртқы бетіне және оның бұтағына бекиді. Өзіндік шайнау бұлшықеті жиырылып төменгі жақ сүйегін көтереді.

Самай бұлшықеті ( m. temposalis), самай шұңқыры және оның самай фасциясының ішкі бетінен бастама алып, төменгі жақ сүйегінің венечный? өсіндісіне бекиді. Самай бұлшықеті жиырылғанда төменгі жақ сүйегі көтеріледі және азғана артқа тартылады.

Ішкі қанатты бұлшықет (m. ptenygo dues intesnus) негізгі сүйектің қанат өсіндісінің шұңқырынан, сондай- ақ, жоғарғы жақ сүйегі төмпешігінен, сыртқа сыртқы қанат бұлшықеті бастамасы орнынан; әрі қарай ішкі қанатты бұлшықет астыға, артқа және сыртқа дейін жетіп, төменгі жақ сүйегі бұрышының ішкі бетіне және оны айналдыра бекиді. Бұл бұлшықет төменгі жақ сүйегін көтереді; бұлшықеттінің жиырылуында жақ сүйегі қарама-қарсы жаққа ығысады.

Сыртқы қанатты бұлшықет (m. ptesygoideus extesnus) негізгі сүйек үлкен қанатының самайасты бетінен, негізгі сүйектің қанатты өсіндісінен және жөғарғы жақ төмпешігінен басталады. Бұл бұлшықет төменгі жақ сүйегінің буын өсіндісіне, сондай-ақ, буын қапшығына және жақ- самай қосындысының буынішілік шеміршігіне бекиді.

Сыртқы қанатты бұлшықеттің біруақтылы жиырылуында, жақ сүйегі екі жағынан да алға ығысады, ал біржақты жиырылуында жақ сүйегі қарсы бағытқа ығысады.


Бұлшықеттердің алдыңғы тобы. Екі қарынды бұлшықеттің (m. digastzicus) артқы қарыны самай сүйегінің емізікше жырындысынан басталып, аралық сіңірдің алдына және артына өтіп, тіласты сүйегі денесімен қосылады; алдыңғы қарыны осы аралық сігірден, сондай- ақ, тіласты сүйегі денесінен басталып, төменгі жақ сүйегі екіқарынды шұңқырына жетеді. Тіласты сүйегіне бекіген бұлшықет жиырылғанда, төменгі жақ сүйегін астыға тартады; егерде, төменгі жақ сүйегі бекіген болса, онда бұлшықет тіласты сүйегін үстіге тартады.

Жақ- тіласты бұлшықет (m. mylohyoideus) ішкі қиғаш сызық (lina mylohyidea) аймағындағы төменгі жақ сүйегі ішкі бетінен басталады. Талшықтардың көп бөлшегі орталық деңгейдегі дәнекертінді тігіспе өрімденеді, артқы талшықтар тіласты сүйегі денесінің алдыңғы бетіне жетеді.

Тіласты сүйекке бекілген бұл бұлшықет төменгі жақ сүйегін астыға, егер жақ сүйегі бекілсе, онда тіласты сүйегі алға және үстіге ығысады.

Иек- тіласты бұлшықет (m. deniohyoideus) төменгі жақ сүйегі иек сүйегінен басталып, тіласты сүйегі денесіне бекиді.

Тіласты сүйекке бекігенбұлшықет төменгі жақ сүйегін тартса, жақ сүйегі бекіген болса, бұлшықет тіласты сүйегін алға және үстіге тартады.

Иек-тіласты бұлшықет (m. hyoideoglossus), денесінің жоғарғы қыры аймағы және тіласты сүйегінің үлкен мүйізгиінен басталып жоғары және алға жүріп, тіл қалыңдығымен өрімденеді. Бұл бұлшықет тілді артқа және төменге тартады.

Иек- тіл және тіласты-тл бұлшықеттер жиырылғанда, тіласты сүйегінің бекуінде, төменгі жақ сүйегін артқа, жақ сүйегі бекігенде, тіласты сүйегін алға және шамалы үстіге тартады.

Оң және сол жағында екі симметриялы орналасқан буын және аттас бұлшықеттер, төменгі жақ сүйегі қозғалысы көлемін қамтамасыз етеді. Олардың сынуында, дамыған екі сынық бөлшегінің бірі, тек бір буын аймағының бас қаңқасына тіректігін сақтайды.

Онан басқа, оң және сол жағынан бұлшықеттер тартқышы үшін жаңа жағдайлар туады. Сынық болса, бұлшықеттердің әрбір тобы жақ сүйегінің, тек бір бөлігін ығыстыруы мүмкін. Қортындылай келе, сынықтардың санына және орналасуына байланысты сынық бөлшектері әртүрлі бағытта ығысады.

Бұлшықеттердің тартқыш бағытына қарап, төменгі жақ сүйегі типті сынықтары бөлшектерінің ығысу сипатын көруге болады. Төменгі жақ сүйегінің орта сызығынан сынуда, егер екі сынық бөлшегінің көлемі бірдей болады және әрқайсысына бірдей бұлшықеттер бекуінен, олар ығыспайды немесе шамалы ығысады және өзіндік шайнау бұлшықетінің тартқыш күшінің әсерінен сынық бөлшектері ішке ығысады. Алайда, бір сынық бөлшегінде тістердің болмауы бұлшықеттер тартқыштарының тепе- теңдігін бұзады және тіссіз бөлімнің жоғарыға ығысуына әкеліп соғады.

Орта деңгейде сынған сынықты алуда, бөлшегінің ығысуы едәуір болатынын есте ұстаған жөн. Одан басқа, соғыс мезгілінде, ақаулы сүйекті төменгі жақ сынған жағдайда, сынық бөлшектерінің ығысуы сондай типті болады. Егер, сынық, орта деңгейден бүйір сынса, әртүрлі көлемді екі сынық бөлшегі де ығысады. Мұнда сынықтың үлкен бөлшегі бұлшықеттердің алдыңғы топ тартықыштары әсерінен буында біржақты тірек болатындықтан, зақымға қарай төменге және біржағына қарай ығысады. Сынықтың кішкене бөлшегі, төменгі жақ сүйегін көтеретін бұлшықеттердің әсерінен антыонисттерге тістердің тірелгеніне дейін ішке және үстіге ығысады, ал, тістер болмаса, альвеолалы өсіндіге жанасқанша ығысады.

Тістер шенделмеген жағдайда, өзіндік шайнау бұлшықеттер әсерінен туындайтын, тіс қатарының тіл жағына қарай қисайғанын байқауға болады.

Бұрыш аймағында сызықты, сондай-ақ, төменгі жақ бұтақтарының сынуында, үлкен сынық бөлшегі өзіндік шайнау, ішкі қанат және самай бұлшықеттерінің үстіне тартылады. Алдыңғы бұлшықеттер тобының тартқышы иекті зақымға қарай ығыстырады. Осының нәтежесінде, жақ сүйегі сынық жағына және жоғарыға ығысады, тістер сынық аумағындағы антыонистерімен мамасады, ал қарама- қарсысында, сау жағында жөғарғы және төменгі тістер арасында сауылау қалыптасады. Сынып кеткен буын өсіндісі сынық сызығының бағытына байланысты ығысады немесе оған бекітілген сыртқы қанат бұлшықет тартқышы әсерінен алға немесе ішке, иә болмаса ұзын сынық бөлшегінің үстіге ығысу қысымының нәтижесінде алға және сыртқа ығысуы ықтимал.

Төменгі жақ сүйегінің орта деңгейден симметриялы, сондай- ақ, симметриялы емес сынуында, орталық сынық бөлшегіне тек, жақ сүйегін түсіретін алдыңғы бұлшықеттер тобы бекітіліп жатады. Орталық сынық бөлшегінің ығысу сипатын осылайша түсіндіруге болады. Сонымен, иек аймағының симметриялық екілікті сынығында, орталық сынық бөлшегі жие артқа және төменге ығысып, тістер алға қисаяды.

Біруақтылы тілді алға шығаратын бұлшықеттердің беку орны астыға ығысып, кеңірдекті қысатындай тіл төмен ығысады, тыныс алуды қиындатады. Осындай науқас арқасынан жатқанда, мүлдем демін ала алмайды. Мұндай сынықтағы сынық бөлшектері шамалы үстіге және ішкі ығысады. Осылайша орналасқан сынық сызығы иекасты аймағында симметриялы өтсе, тыныс алудың қиындауы және тілдің төменге ығысуы, тек, орталық сынық бөлшегінің бүйір сынықтардың қысылуынан, кейде, орталық сынық бөлшегінің алға ығысуында байқалмайды. Екі жақты сынықта, жақ сүйегі денесі бұрыштар алдынан орталық сынық бөлшегінің артқа ығысуы байқалмайды және ілініп тұрады. Тілдің төменге ығысуы анықталмайды.

Төменгі жақ сүйегі екі бұтағының үстіге тартылу нәтижесінде, буын өсінділері екі жақты сынса, жоғарғы және төменгі тіс доғалары тек молярларымен жанасады. Осындай сурет, жоғарғы және төменгі алдыңғы тістер арасында бірнеше миллиметрлік сацылаулы ашық тістеуді еске түсіреді.

Екі жерден сынуда, егер, сынықтың екі сызығы орталық деңгейдің бір жағында орналасса, орталық сынық бөлшегі бұлшықеттер алдыңғы тобының тартқышы әсерінен шамалы астыға және ішке ығысады, ал кейде, жақ- тіласты бұлшықетіне бекіген бір бұлшықетке қарай ығысады.

Төменгі жақ сүйегінің көптеген сынған жағдайынада, әсіресе соғыс уақытында, орталық сынық бөлшегінің ретсіз ығысуы анықталады; олар бір жағына қарай қисаяды, бұрылады, бұлшықеттерге тартылып тұрады.

Бұндайда, сынық бөлшектері бір-бірінің қырларымен еніп ығысады.

Төменгі жақ сүйегінің сынуы.
Оқ тимеген төменгі жақ сүйегінің сынуы бет қаңқасының басқа сүйектер зақымдарына қарағанда ішкі кездеседі, оның тек алға жылжуымен ғана емес, сондай-ақ үлкен көлемділігімен түсіндіріледі.

Сынықтардың шамамен 75% тіс қатары деңгейінде орналасады және олар ашық сынық болып келеді. Сүйек қабығымен байланыстағы сынық бөлшектеріндегі қызыл иек кілегей қабығы сынық орнында үнемі жыртылады және сүйектің зақымданған аймағы ауыз қуысы берлімдерімен жеңіл шерекцияланады.

Тіс қатарына тысқары дамыған сынықтар жабық түрде, ал кейде, маңындағы жұмсақ тіндер жыртылса, ашық сынық дамиды.

Механикалық құбылыс орнында сынық (тіке сынық) дамиды. Түскен механикалық күштің қарама- қарсысында туған сынық бейнелі саналады.



Альвеолалы өсіндінің сынуы.
Төменгі жақ сүйегі альвеолалы өсіндісінің бір сынығы өте сирек кездеседі. Альвеолалы өсінді, төменгі жақ сүйегінің бүйір, жиі орталық бөлімдерінде сынады. Осындай түрдегі сынықтар альвеолалы өсіндіге немесе тіс түскен күш әсірінен дамиды.

Орталық бөлімде альвеолалы өсінді толығымен орнынан тайған немесе сынған тістермен бірге сынуы мүмкін.

Бүйір бөлімдерінде альвеолалы есінді сирек сынады, алайда, тіл жағына ығысқан сынық бөлшектері де кездеседі.

Байқалмайтын тістесудің бұзылысы анықталады. Науқасты тексеруде, альвеолалы өсінді аймағы кілегей қабығының жыртылғанын, көптеген қайталау орындарын көруге болады; кілегей қабық әдетте, көлденең бағытта жыртылады.

Пальпацияда, көптеген жағдайларда, альвеолалы өсіндінің патологиялық қозғалғыштығы анықталады. Кейде, оның жақ сүйегінің орталық бөлімінде сынуда, бір немесе бірнеше тістердің зақымдық жұлынуымен де байланыстылығы байқалады. Тістердің мойнына жанасқан кілегей қабық домбыққан, көп көлемді қанталаған. Төменгі жақ сүйегі альвеолалы өсіндісінің зақымы өндірістік зақым нәтежесінде дамиды, мысалы, машина немесе тракторды тұтатарда құралдың тиюімен, боксерлерде, егер, қорғаныс шендеуіші кимеген жағдайда.
ТӨМЕНГІ ЖАҚТЫҢ ДЕНЕСІНІҢ СЫНУЫ
А) Т ө м е н г і ж а қ д е н е с і н і ң о р т а ң ғ ы б ө л і г і н і ң ж а л ғ ы з с ы н ы ғ ы. Осындай сынықтарда көбінесе сынықтардың біраз ығысуы байқалады. Бұл шайнау бұлшық етінің біркелкі әсер етуімен түсіндіріледі, сонымен қоса сынықтың сызықты сипатымен түсіндіріледі.

Сынық сызығы ешқашан тек қана ортасынан өтпейді. Оның себебі, төменгі жақ сүйегі аймағынады ортаңғы сүйек тігісінің сызығы біраз қалыңдаған.

Ортаңғы бөлімде сынық сызығы қисық жазықтықта өткенде, сынықтардың тік бағытта ығысуы байқалады. Бұл АО аймағында сынық сызығы ортаңғы күрек тістер арасымен өтеді, ал денесіне өткенде ортасынан бір жағына немесе басқа жаққа иіледі.

Ортаңғы аймақтағы сынықтар көлденең жазықтықта ығысуы мүмкін. Сынықтар тік бағытта ығысқанда тіс доғасы аздап тарылады, ол тістесудің бұзылуына соқтарды. Кішкентай сынық тіл бағытына ығысады.

Ортаңғы аймақта бірсызықты сынықта қатты ауру сезімі болмайды, кілегей қабаттып жыртылған, өйткені сынықтардың тез ығысуы байқалмайды. Сынық сызығында орналасқан тістер, көбінесе сақталады. Бірақ осындай сынықтарда сынықтар орнына тез салынады, оларды бекіту қиындықтарды туғызбайды.
Б) Т ө м е н г і ж а қ т ы ң д е н е с і н і ң ж а л ғ ы з с ы н ы ғ ы. Сынық саңылауының орналасуының келесі негізгі түрлерін ажыратады.

1. Төменгі жақ денесіне сынық саңылауы перпендикулярлы өтеді.

2. Жақтың альвеолярлы өсіндісінің төменгі қырына тік түсіп, сынық саңылуының көлденең осьінен өтеді:

а) сыртқа компактты табақшада сынық сызығы алдына қарай жақын өтеді, тіл жағына қарағанда; сынық саңылауы арта және ішінде өтеді;

б) сыртқы компакты табақшада сынық сызығы, жақтың ішкі бетінің сызығының артында орналасады; сынық саңылауы жақ денесінің артқы бетінің алдыңғы және ішкі бетін қиып өтеді.

3. АО басталып, көлденең жазықтықта сынық саңылаулары бұрышында және төменгі жақтың артқы қырының аймағында бітеді. Осындай сынықтардың ішкі және сыртқы компакты табақшасының зақымдалуының 3 түрін ажыратада:

а) сынық сызықтың екі жағыда бір жазықтықта жүреді, бір-біріне паралельді;

б) компакты табақшаның сыртқы сынық сызығы алдына қарай жақынырақ орналасады, тіл бетіне қарағанада;

в) компакты табақшаның сыртқы сынық сызығы жолақтың артқы жағында орналасады, тіл жағында өтеді;

4. Сынық саңылауы, АО басталып, бұрышында горизонтальді жазықтықты қиып өтіп және төмені жақтың алдыңғы жиегі аймағында бітеді;

а) Сынық сызығы екі жағынан да компакты табақша бір деңгейде өтеді, бір-біріне паралелль;

б) Сынық сызығы сыртқы бетінде алдына жақын орналасқан, тіл бетіне қарағанда;

в) Сынық сызығы сыртқы компакты табақшаның артқы сызығында орналасады, ішкі компакты табақшада орналасқан.

5. Сынықтың беті айқын тегіс емес бұдыр және компакты табақшаның сынықтарында сызығы сынған.


Төменгі жақтың бүйір бөлігінің сынықтары, иекасты тесігінен өтетін немесе оның артында орналасқан сынықтар, айқын ығысатын болса тамыр-нерв шоғырының зақымдалуымен жүреді, ол қатты ауру сезімін тудырады немесе сол жердің төменгі ерінінің сезімталдығы жойылады; айқын қан ағулармен қосарланады.
В) Т ө м е н г і ж а қ т ы ң о р т а ң ғ ы а й м а ғ ы н ң е к і ж а қ т ы с ы н ы ғ ы. Бұндай сынықтар сирек кездеседі. Ортаңғы сынық төменге қарай ығысады, ал бүйірлік үстіге және біраз ортаға және ішіне қарай ығысады. АО аймағында соққы күшіне байланысты және сынықтардың ығысу дәрежесіне қарай кілегей қабат жыртылады.

Осындай жағдайда сынықтардың ығысуы тістесуді айқын бұзады.


Г) Т ө м е н г і ж а қ д е н с і н і ң б ү й і р л і к а й м а ғ ы н ы ң е к і ж а қ т ы с ы н ы ғ ы. Сынықтың ораналасуына және сынық сызығының өту жолына байланысты айқын немесе қатты айқындалмаған сынықтардың ығысуы жүреді. 5,6 тіс арасынан вертикальді сынық сызығы өткенде әдетте ортаңғы сынық ығысады, (төменге артқа және төменге), ал бүйірлік жоғарыға тартылады.

Осындай сынықтарда сынық әдетте қатты қозғалады. Тамыр-жүйке шоғырының зақымдалуынан осы сынықтарда қатты ауру сезімімен қосарланады, ал кейде және айқын қан ағады, сынық сызығы бойында кілегей қабат жыртылады.

ТӨМЕНГІ ЖАҚ БҰРЫШЫ АЙМАҒЫНЫҢ СЫНЫҚТАРЫ
Көп жағдайда төменгі жақ бұрышының сынығы тік күш түсіргенде пайда болады. Қатты күш түспегенде сынық сүйекастыүсті ығысусыз болуы мүмкін; қатты күш түскенде айқын ығысады, ол сынық сызығына байланысты. Егер сынық сызығы шайнау және медиальді қанаттәрізді бұлшық етінің бекітілген жерінің алдынан өтсе, онда сынық айқын ығысады. Тірек нүктесін жоғалтады, бұтағы жоғары көтеріліп және біраз ішке қарай ығысады. Үлкен сынық төменге түсіп ал кішісі алдыға және жоғарыға. Тістесудің айқын ашылатын жері ол шайнау тістер аймағында. Егер сынық сызығы шайнау бұлшық етінің бекітілген жерінің астынан өтсе, онда ығысу болмайды.

Төменгі жақтың сынықтары әдетте шағылысқан сынық болып келеді, бірақ бір жағын ұрғанда немесе құлағанда сынық қарама-қарсы жақтан пайд болады.

Төменгі жақтың тіс қатары шекарасында әртүрлі аймақтарының зақымдалуының жиілік анализінде, көбінесе 8 тіс, иекасты тесігі және иттіс ұяшығында аймағында байқалады. Сынық саңылауы және тіс түбірі аймағы зақымдалу қатынасының нұсақалары бар:


  1. Сынық саңылауы АО тіс арасынан басталады, төменгі жақ жиегіне түсіп, тіс ұяшыған айналып өтеді;

  2. Сынық саңылауы тіс ұяшығы қабырғасынан басталып, түбір ұшына жетпей, периодонтальді саңылау бойымен өтіп және төменгі жақтың төменгі жиегіне бағытталады;

    1. Сынық саңылауы бір тіс ұяшығы аймағында басталып, түбір ұшына жетпей, екінші ұяшықтың түбір ұшын зақымдап және жақтың төменгі қырына бағытталады;

5) сынық саңылауы екі түбірлі тіс аймағында орналасса онда ұяшықтың медиальді және дистальді түбірінің тұтастығы бұзылады ( немесе екеуінікі бір уақытта);

6) сынық саңылауы тістің бір қабырғасынан басталып, түбір ұшына өтіп және жақтың төменгі қырына түседі.


ТӨМЕНГІ ЖАҚ БҰТАҒЫНЫҢ СЫНЫҒЫ
Зақымдалу жиілігінің бірінші орнында айдаршықты өсінді, содан кейін бұтағы, соңында, тәждік өсінді.

Егер, сынық жазықтығы самай бұлшықетінің бекіген жерінен төмен өтсе, сынықтардың ығысуы жүреді, самай аймағына қарай. Тәж тәрізді өсіндінің сынығы бар науқастарда ауыз ашылуы 1,5-1 см шектелген, тістесу бұзылған, бірақ төменгі жақ жібергенде ол зақымдалған жағына ығысады. Бұтақтың алдыңғы қырын сипағанда тәж тәрізді өсіндінің негізі аймағында айқын ауру сезімі анықталады. Төменгі жақ бүйір проекциясының рентгенограммасын ауызды максимальды ашқанда осындай сынықтардың диагностикасын жеңілдетеді.

Төменгі жақ бұтағының сынықтары көп кездеседі, тәж тәрізді өсіндінің зақымдалуына қарағанда. Олар зақмыдалу жағында пайда болады және көбінесе жарқымалы болып келеді. Осындай сынықтардың жарқыншақтарының ығысуы және тістесудің бұзылуы сирек кездеседі. Тексергенде ауыз ашылуының шектелуі байқалады, сонымен қоса төменгі жақ жібергенде зақымдалған жеріне ортаңғы сызықтық ығысуы қосарланады. Пальпацияда бұтағының артқы бетінің ауруы анықталады, иегіне күш түсіргенде сынық бойының ауруы анықталады. Диагнозды рентгенологиялық зерттеу арқылы нақтылайды.

Айдаршықты өсінді зақымдалғанда өсінді негізінің сынуы байқалады, күш түсірген себептен пайда болаы. Күш түсу нүктесі болып көбінесе иектің латеральді бөлігі және жақ денесінің бүйір бөлігі болып келеді.

Айдаршықты өсінді (негізі) зақымдалғанда саңылауы, жартыай кесіндісінен басталып, астыға және артына қиғаш өтеді.

Көп жағдайда осындай орналасуда сынық сызығының зақымдалуында сыртқы және ішкі пластинкасы сәйкеспейді.

Төменгі жақ мойын аймағында көлденең және қиғаш сынықтар болады. Көбінесе қиғаш сынықтарда сыртқы жағында сынық сызығы жоғары өтеді, ішкі сызығына қарағанда.

Қиғаш сынықтарда сияқты, көлденең сынықтарда ығысқан уақытта төменгі жақтың басының шығып кетуі байқалады.


ТӨМЕНГІ ЖАҚТЫҢ ОҚСЫЗ СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ (диагностикалық) ЖІКТЕЛУІНДЕ
І. Орналасуы бойынша

1. Жақ денесінің сынығы:

а) сынықы саңылауында тістің (тістердің) болуы;

б) сынық сауылауында тістің (тісетердің) болмауы;

2. Жақ денесінің сынуы:

а) бұтағының өзі;

б) тәждік өсінді;

в) айдаршықты өсінді;

ІІ. Сынықтың сипатына қарай.


  1. Сынықтың ығысуымен, сынықтың ығысуынсыз;

  2. Сызықты, жарқыншалы;

ТӨМЕНГІ ЖАҚТЫҢ СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЕМІ.


Сынықтардың иммобилизациясы уақытша (транспорттық) және тұрақты (емдік).

І. Уақытшалы (транспорттық) иммобилизация.

Госпитализациялау кезеңіне дейін шараларды жүргізгеннен кейін, зақымдануды алдын-алуға бағытталған шаралар (қанағу, асфиксия, шок), төменгі жақың транспорттық иммобилизациясын қамтамасыз ету керек.

Бұл шараларға қолданады:



  1. Стандартты транспорттық таңғыш – ол қатты, иек асты пращасынан және тіректі қалпақтан тұрады. Соңғысы 3 қосарламалы ілмектен резиналы сақинаны бекіту үшін, олар иекасты аймағына пращаны тығыз бекітеді. Қалпақ қарағұс бұдырын тығыз жауып тұру үшін, ал ілмектер маңдайында байланып тұруы тиіс. Таңғышта қолданатын резиналы сақина қосарламасының санына байланысты, праща сынықтарды қысымсыз ұстап тұра алады немесе төменгі жақтың ығысуын алдын алу үшін оларға қысым түсіруді пилот қамтамасыз етеді. Пластмасса қатқан соң жақаралық бекітуді ілінгіш ілмектер көмегімен және жоғарғы жаққа лигатуралы жіппен, олар резиналы сақинамен 5-7 күні бекітіледі. Егер уақыт өткен соң сынықтардың ығысу белгісі анықталмаса, онда бекіту үшін бір тістік каппалы шендеуіштерді қалдырады.

Төменгі жақ денесінің екі жақты сынығында бір жақты каппалы шендеуіштер қолданады. Осындай сынықтарды репозициялағаннан кейін шендеуіштерді тістерге стиракрил және лигатуралы көмегімен тісаралық бекітуден кейін салады.
ІІ. Х и р у р г и я л ы қ е м д е у ә д і с і.
Хирургиялық емдеу әдісінің жетімділігі:

а) сенімділігі;

б) бір уақыттылығы;

в) беріктілігі;


Хирургиялық емдеудің жетімсіздіктері:

а) қосымша жарақаттар – қанмен қамтамасыздығының бұзылуы; сүйекте дөрекі заттар, олар екіншілік инфицирленуді тудырады;

б) тыртықтар қаылп қояды, эстетикалық жағынан жағымсыз, беттің жұмсақ тіндерінің көріксізденуі;
Хирургиялық емге көрсеткіштер:


  1. Тіссіз жақ;

  2. Пародонтозды тістер;

  3. Баяулаған консолидация;

  4. Психикалық патлогия;

  5. Дұрыс бітіспеген сынықтар;

Стоматологияық тәжірибеде төменгі жақ остеосинтезінің 2 негізгі бар: сүйекішілік және сүйекүстілік.

Сүйекүстілік остеосинтез сүйектік тігіс арқылы жасалады; металл қапсырма, тавровалы білік, тез қататын пластмасса немесе остеопласт. Сүйекішілік синтез үшін металл стержень немесе жез ілмекті қолданады.

Остеосинтез дегеніміз сынықтардың хирургиялық емі, ол сынық жарықшаларын әртүрлі материалдар көмегімен бекітуге бағытталған. Төменгі жақтың сынықтарына остеосинтезді, жалпы және жергілікті себептерден ортопедиялық емдерді қолдануға болмайтын жағдайларда ғана қолданады.

С ү й е к т і г і с і. Айдаршықты өсіндінің денесінің, бұрышының, бұтағының және негізінің сызықты және ірі жарқыншалы сынықтарда көрсетілген. Тігісті материал ретінде 1Х18Н9Т маркалы тоттанбайтын темірден арнайы амагнитті сапалардан 0,6-0,8 мм сымды қолданады, ЭП-400, ЭК-1, нихром, виталиума, тантола, титан, сонфмен қоса полиамидтті және тоқылған летиланлавсанды жіптер диаметрі 0,7-1 мм.

Сынықтардың орналасуынан тәуелсіз сүйек тігісін салғанда келесі тәртіптарды ұстаған жөн:

а) тігіс материалы өтетін тесікті сыртқы компакты табақшасына сынық сызығынан 1 см алшақтап салу керек, одан өткен тігістер сынық жазықтығына қатаң перпендикулярлы жату үшін;

б) егер сынық саңылауы төменгі жақ және АО негізінің ортасынан тігісті өткізсек ол жақсы нәтиже әкеледі;

в) сүйек тігісін жүргізу үшін арналған тесікті, төменгі жақ тістердің түбірлерін және өзектерінің зақымдап алмайтын жеріне салынады: тігіс жібін өткізуге ыңғайлы болуы үшін борды бір бұрыштан енгізген жөн, ол жақ жиегінің және сынық саңылауының ішкі қырына енгізілетін тесігі жақынырақ болу үшін.

Сынықтың орналасуына және сынық саңылауының орналасуына байланысты көлденең осьта және тік жазықтықта сүйекке тігіс салудың әртүрлі әдістері бар. І л м е к т ә р і з д і т і г і с (ілмек тәрізді) көбінесе көлденең айдаршықты өсіндінің денесінің, бұтағының, төменгі жақ бұрышының сынықтарында қолданады. С е г і с с а н ы т ә р і з д і сүйек тігісі бұрышы аймағында және айдаршықты өсіндінің негізі сынғанда салынады, олардың сынық саңылауы айқын қисық болады

К р е с т ә р і з д і және е к і қ а б а т т ы сүйек тігісті әрбір сынықта екі дара тесік арқылы салады, нәтижесінде мықты бекітіледі. Бірақ осындай тігістерді салғанда төменгі жақ өзектерін жіне түбірлерін зақымдап алу қаупі туады. Бұрыш аймағындағы сынық, сынық саңылауына горизонтальды жазықтыққа бір бұрыштан өтсе, альвеолярлы өсіндіден астына және үстіне, тігістерді араластырып салады ілмек және сегіз саны тәрізді тігістерді салады.

Төменгі жақ денесінің көлденең сынықтарында сынықтарды жақсылап бекіту үшін трапециятәрізді сүйек тігісін салады. Оны тек қана төменгі жиегі кең болса ғана салуға болады


С ү й е к і ш і л і к б е к і т у.

Төменгі жақтың сүйек ішілік бекітуіне (остеосинтез) металл стержень және болатты ілмек қолданады. В.И. Лукьяненко (1956) төменгі жақтың остеосинтезына металл стерженьды ойлап тапқан және сонымен қоса төменгі жақтың сынықтарының әртүрлі жерінде, сүйектің ақаумен және ақаусыз сынықтарында, 1,5-2 см аспайтын сынықтарда қолданады. Сүйекішілік остеосинтезға тоттанбайтын болаттан (маркасы 1Х18Н9Т) жасалған металл стержень қолданады.

С т е р ж е н ь д і е н г і з у ә д і с і. Сынық сызығы бойын жалаңаштандырғанда жақтың бір сынығының төменгі-сыртқы жиегімен, көбінесе сынық сызығынан алдыға 2,5-3 см бормен немесе қол дрельімен төменгі жақтың кортикальды табақшасында тесік жасалады кейіннен енгізілетін стержень жаққа бағыттап кеуекті затқа дейін енгізеді.


  • Үлгі құралдары

Фоли № 16


  • Әдебиет:

Негізгі:

Автор (лар)

Аты, басылым түрі

Басылым көлемі.




НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР




Құраш Амангелдi Ғалымжанұлы.


Бастың және мойынның клиника-

лық анатомиясы:Оқулык/ЄММА; А.Г.Құраш.-Қарағанды:Қазақстан-Ресей

университетiнiң баспасы. Т. 1.- 2006.- 280б. : сурет. .-ISBN

9965781273



94экз.


Харьков, Леонид Викторович.


Хирургическая стоматология и

челюстно-лицевая хирургия детского вохраста:Учебник для медвузов/Л

В.Харьков,Л.Н.Яковенко,И.В.Чехова; Под ред.Л.В.Харькова.-М.:Книга

плюс,2005.-470с. .-ISBN 5932680156:8160т.



20экз.





  • Қосымша:

Автор (лар)

Аты, басылым түрі

Басылым көлемі.




ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР




Е. Я.Губайдуллина, Л.Н.Цегельнк, В.В.

Лузина, Ю.И.Чергештов.




Практическое руководство по поликлиническому разделу

хирургической стоматологии/ М.:Мед. информационное агентство,2007.-130с



:ил .-ISBN 5894815436:2000т.

5экз.

  • Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Төменгі жақтың ығысу механизмі.

  2. Төменгі жақтың сынықтарының зақыданылушыларына медициналық көмек көрсету.

  3. Уақытша иммобилизация түрлері.

  4. Тұрақты иммобилизация түрлері.

  5. Остеосинтез түрлері.

с. 1

скачать файл

Смотрите также: