Студенттерді оқыту бағдарламасы


с. 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


«Бекітілді»

Факультеттің әдістемелік кеңесі отырысында _____________
Төрайымы_____________
«5» 06 2007ж.


СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus`)


пән бойынша

Жазуға үйрету технологиясы

пәннің атауы

мамандығы

_________050101 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

(шифр, мамандық атауы)

оқыту түрі

__________________________Күндізгі_________________________________

(күндізгі, сырттай)


Барлығы__1__ кредит

Курс___3___

Семестр_6____

Дәріс___30__ сағат

Семинар_____ сағат

Зертханалық ______ сағат

Ағымдық бақылау саны_1__

СӨЖО (аудиторлық) сағат__15__

СӨЖ сағат_____
Барлық аудиторлық сағат саны __
Барлық аудиторлық емес сағат саны
Барлық сағат саны___45__

Өскемен, 2007

Силлабус Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасында дайындалған типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды

/құжат қайда және кіммен берілді/


Кафедра отырысында қаралды және ұсынылды_________________________


«2» 05 2007 ж . Хаттама № 9

Кафедра меңгерушісі Чукотаев М.Н. ( аты-жөні)



2. Пән атауы және коды: ТТОК Ya NSh 3214. Жазуға үйрету технологиясы.

3. Оқытушының аты-жөні: Нағымжанова Қарақат Мукашовна

4. Қатынасу ақпараты: тел. 47-27-97, №28 оқу корпусы, 25 ауд.

5. Несие саны: 1

6. Күні: 6 семестр

7. Пәннің мақсаты мен міндеттері:

  • Пәнді оқытудың мақсаты: - болашақ бала бақша тәрбиешілеріне «Сауат ашу», «Көркем әдебиет», «Тіл дамытудың ғажайып әлемі», «Қазіргі қазақ тілі грамматикасын» оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.

  • Пәнді оқып үйренудің міндеті:

- «Сауат ашу», «Көркем әдебиет», «Тіл дамытудың ғажайып әлемі», «Қазіргі қазақ тілі» грамматикасын үйренудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік Ұстанымдарды таныстыру;

- бала бақшада оқытылатын білім мазмұнын және оқыту жүйесін білдіру;

- мектепке дейінгі баланың бала қызметінің әр түрін меңгеруі;

- сауат ашу әдістемесін меңгерту;

- әдебиеттік оқудың әдіс-тәсілдерін игерту;

- тіл дамыту әдіс-тәсілдерін үйрету;

- балалардың тілін, оның негізгі функцияларын дамыту, ана тілінің сөздік қорын және оның грамматикалық құрылымын игеру;

- оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жүргізу жолдарын көрсету.



8. Курсқа сипаттама:

  • Пәннің өзектілігі, қажеттілігі. Болашақ бала бақша тәрбиешілерінің кәсіби даярлығы әр алуан пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық, пәндік-теориялық және дербес әдістемелік компоненттерді қамтиды. «Сауат ашу», «Көркем әдебиет», «Тіл дамытудың ғажайып әлемі», «Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясынан» берілетін білім студенттердің мектеп қабырғасында алған білімдеріне және алғашқы курстарда «Жалпы психологиядан», «Педагогикадан» (әсіресе «Тәрбие теориясы» мен «Дидактикадан»), сондай-ақ «Қазіргі қазақ тілі» курстарынан алған білімдеріне негізделеді.

Бұл пән «Қазіргі қазақ тілі», «Балалар әдебиеті» пәндерімен байланысты оқытылады.

Жазуға үйрету технологиясынан студенттер дайындығына қойылатын талаптар:

- қазақ тілін меңгерту заңдылықтарын;

- қазақ тілін оқыту мазмұны мен жүйесін;

- «Сауат ашу» оқулығы мен оқу кешенінің мазмұнын;

- «Көркем әдебиет» оқулығы мен оқу кешенінің мазмұнын;

- «Тіл дамытудың ғажайып әлемі» оқулығы мен оқу кешенінің мазмұнын;

- қазақ тілін оқыту принциптерін



білуі тиіс;

- қазақ тілін оқыту әдіс-тәсілдерін;


- бала бақшада қазақ тілін оқытуды жоспарлауы және күнтізбелік жоспар жасауды;

- сабақта қосымша жұмыс түрлерін (дидактикалық материалдар, ойындар, ребустар, т.б.) жүргізуді;

- сабақ беруді;

- сабақта қолданылатын көрнекіліктерді жасауды;

- оқулықтарды талдауды және сызбамен көрсетуді;

- пікір айтуды;

- реферат жазуды;

үйренуі тиіс.

9. Пререквизиттер: мемлекеттік білім стандартына сәйкес орта мектеп бітірушілердің қазақ тілінен міндетті дайындық деңгейіне қойылатын негізгі талаптар.

10. Постреквезиттер: пәнді оқу барысында студенттер жазуға үйрету технологиясы курсынан алған білімдерін тиянақтап, алған білімдерін болашақ мамандықтарында қолдануға машықтанады.

11. Курстың қысқаша мазмұны:

Жазуға үйрету технологиясы - ғылым.

Жазуға үйрету технологиясы пәні, анықтамасы. Әдістеменің негізгі және қосалқы мақсат-міндеттері, құрылымы. Жазуға үйрету технологиясының ғылыми негіздері, басқа ғылым саласында алатын орыны, лингвистика, психология, педагогика, сөйлеу әрекеті теориясымен, логикамен, әдебиетпен байланысы. Тіл мен ойлаудың бірлігі. Дидактикалық принциптер, ана тілін оқыту әдістемесінің өзіндік принциптері. Лингвистика - қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізі. Зерттеу әдістері. Озат тәрбиешілердің үлгілі тәжірибелерін жинақтау, қорыту.



Бала бақшадағы тілді дамыту - оқу пәні. Қазақ тілінің тұрмыстағы, мектепте білім беру жүйесіндегі маңызы.

Бала бақшадағы қазақ тілінің білім мазмұны. Бала бақшалар үшін оқу-әдістемелік топтаманы талдау. Бала бақшаларда «Сауат ашу» пәнінің тәрбиелік, дамытушылық мәні. Бағдарламаны талдау. Әрбір топтағы білім, білік, дағдының көлемі. Баланың физикалық және психикалық даму ерекшеліктерін көрсететін жасына қарай бөлу кезеңдері:

- бөбек жасындағы І топ (туғаннан бастап 1 жасқа дейінгі балалар);

- сәби жасындағы ІІ топ (1-ден 2 жасқа дейін);

- І кіші топ (2-ден 3 жасқа дейін);

- ІІ кіші топ (3-тен 4 жасқа дейін);

- ортаңғы топ (4-тен 5 жасқа дейін);

- ересектер тобы (5-тен 6 жасқа дейін).

Бала бақшаларда сауат ашу, көркем әдебиетке қойылатын қазіргі талаптар. Бала бақшаларда жазуға үйретудің негізгі бағыттары.

Сауат ашу әдістемесі. Сауат ашу әдістемесінің бала бақшаның оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы.

Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негізі. Сауат ашу әдістемесінің психофизиологиялық негізі. Бала бақшадағы балалардың бастапқы оқи бастау кезіндегі ерекшеліктері. Оқу, жазу механизміне сипаттама. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі және оның графикасы. Фонетика мен графиканың негізгі қиын мәселелерін түсіндірудің әдістемелік тәсілдері, буындық, дәстүрлік, дыбыстық принциптер. Қазақ тіліндегі буын, буынға бөлу, буындардың жуан, жіңішкелігі; қос дыбыс естілген әріптер; фонетикалық-орфоэпиялық қателер, олардың себептері. Сауат ашу әдістемесінің дамуының қазіргі проблемалары. Қазіргі «Сауат ашу», оның ерекшеліктері. Сауат ашу барысында балалардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлу. Дыбыстық-талдау жинақтау әдісі. Сауат ашу жүйесіндегі дәстүрлік және қазіргі жаңалықтар. Балалардың сауат ашуға психологиялық және тілдік дайындығы. Олардың дайындығын зерттеу өлшемі. Сауат ашудың қазіргі әдісінің ерекшеліктері, талдау жинақтаудың өзара байланысы, оқу мен жазуға қатар үйрету, дыбысты ғылыми фонетиканың деректеріне сай үйету, әріптерді үйрету жүйесі. Оқу-жазуға үйретудегі буындық принцип.

Сауат ашуды оқыту принципі. Дайындық кезең, оның міндеттері, мазмұны мазмұны, жұмыстың ерекшелігі, оқушыларды дыбыспен әріпті ұғынуға даярлау. Дайындық кезеңіндегі білім, білік, дағдыны ұғыну шеңбері. Балаларды оқу-жазуға дайындау сабақтарына қажетті көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар. Сауат ашу кезеңіндегі оқу-тәрбие міндеттері. Білім-білік дағдыны ұғыну шеңбері. «Сауат ашудың» мазмұны мен әдістемесі. Оқыту әдістемесінің дыбыс пен әріпті үйрету тәртібіне тәуелділігі. Оқушылардың ойлауы мен сөйлеуінің дамуы. Оқу сабақтарының негізгі түрлері. Дыбысты талдау тәсілдері. Дыбысты артикуляциялау, дикцияны түзеу. Фонематикалық естуді дамыту. Кеспе әліппені сөздер мен сөйлемдердің схема-модельдерін пайдалану. Әріппен жұмыс жасау тәсілдері: танысу, есте ұстау, тану, айыру. Дыбыстық талдау жолын қалыптастыру. Дыбыстық талдау үшін сөздерді іріктеу принциптері. Дыбыстық талдаудың мазмұны және оны жүргізу тәртібі. Бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді оқу. Тіл дамыту: сөзге, сөйлемге, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Оқудағы кемшіліктер, себептер оларды жою жолдары.
Қолды жазуға дайындау.

Заттың сұлбасымен және оның қасиеттерімен танысу. Жұмыс жолымен танысу. Дәптер парағының бетіне бағдар ұстауға жаттығу. Шағын заттарды шектеулі кеңістікте белгіленген нүктелер бойынша дөңгелеектеп қою. Заттарды сұлбасы бойынша үздіксіз жайымен дөңгелектеу. Затты оның сұлбасының ішінде штрихтеу және т.с.с.


Бастапқы жазуға үйрету.

Мазмұны мен міндеттері. Қазіргі «Жазу үлгілеріне сипаттама» Жазуға дағдыландыру этаптары. Жазуға үйрету әдістері, әдістемелік тәсілдер. Графикалық жазудағы қателер, оларды жою жолдары. Жұмыстың түрлері: тақтадан, «Жазу үлгісінен», таблицадан, жазба мәтіндерден көшіру. Дыбыстық талдау. Дыбыстық талдау жасалған сөздерді айтқаннан жадына сақтап жазу. Жазатын сөздерді өзі іштен айтып жазу. Сөздерді талдамай – ақ жазуға көшу. Фонетикалық – графикалық және грамматика орфографиялық жаттығулар. Кейбір орфографиялық ережелерді ұғыну. Жазуға қойылатын гигиеналық жағдайлар. Соңғы кезеңдегі жазу сапасына қойылатын талаптар. Жазудың дұрыстығын тексеру. Оқу сабақтарында оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасату. (орфографиялық). Сауат ашуға арналған оқу-әдістемелік топтама. Көрнекіліктер, дидактикалық материалдар.



Әдебиеттік оқу әдістемесі

Оқудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы, мақсаты мен міндеттері. Бала бақшаға арналған әдебиеттік оқу топтамасы. Бағдарлама мен оқулықтарды жасау принциптері. Мазмұны мен тақырыптары. Әрбір топта берілетін білім, білік, дағды көлемі. Әдебиеттік оқуға қойылатын талаптар. Әдебиеттік оқу – балаларды адамгершілікке, еңбекке, эстетикаға тәрбиелеу құралы. Мәнерлеп сөйлеу құралдары. Бала бақшаларда мәтінмен жұмыс жасаудың әдебилік және психология-педагогикалық негіздері. Балалардың көркем шығармаларды қабылдау ерекшеліктері. Көркем шығарманы талдау: тілдік талдау, байқау, жинақтауы, оқиғаның, әрекеттің дамуын талдау, көркем кейіпкерлерді талдау. Сөздік жұмысының орны, ерекшеліктері. Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқудың әдістемелік ерекшеліктері: әңгіме, ертегі, мысал, өлең т.б. Оқу сабақтарының типтері, құрылымы. Қорытынды сабақтарының ерекшеліктері. Сабақта кино, музыка, живопистерді пайдалану. Оқу сабақтарын интеграциялау. Тіл дамыту. Сыныптан тыс оқу. Әдебиеттік оқуда қолданылатын жаңа технологияларға сипаттама (дамыта оқыту, проблемалық оқыту және модульдік оқыту т.б.).



Бала бақшада қазақ тілінен жүргізілетін қазіргі сабақ

Жазуға үйрету барысында қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және оларды қолдану жолдары, дидактикалық ойындар, қызықты жаттығулар. Қазақ тілінен оқушылардың білімін, білігін және дағдысын тексеру. Бақылау жұмыстары, оларды жүргізу әдістемесі. Баланың қазақ тілі бойынша даму деңгейіне қойылатын талаптар.



Тіл дамыту әдістемесі

Тіл дамытудың мақсат-міндеттері мен жолдары. Тіл дамыту – бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі принципі. Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде. Оның түрлері мен қызметі. Сөйлеу әрекетін ойдағыдай жүргізу – оқушылардың тілін дамытуды ойдағыдай іске асыру кепілі. Оқушылардың сөйлеуіне қойылатын талаптар. Сөйлеу – ойлауды дамыту құралы. Ойлауды дамыту – сөйлеу жағдайларының негізі. Тіл дамыту – тәрбиелеу құралы. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі. Лексикология – сөздік жұмысы әдістемесінің лингводидактикалық негізі. Бастауыш мектептегі сөздік жұмысының міндеттері мен бағыттары. Синонимдер, антонимдер, омонимдер және көп мағыналы сөздермен жұмыс. Қазақ тілі сабақтарындағы сөздік жұмысының ерекшеліктері. Оқушылардың тілін дамыту жұмысы жүйесіндегі лексикалық жаттығулар. Оқушылардың тілін дамыту жұмысы жүйесіндегі лексикалық жаттығулар. Оқушылардың тілін дамыту жұмысы жүйесіндегі синтаксистік жұмыстар. Бастауыш сыныптардағы сөз тіркесі және сөйлемдермен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны және міндеттері. Синтаксистік жаттығулардың грамматикалық және сөздік жұмыстарымен байланысы. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. «Мәтін» ұғымын қалыптастыру, мәтіннің типтері: сипаттау, хабарлау, пайымдау, аралас. Байланыстырып сөйлеу жаттығуларының түрлері және міндеттері. Байланыстырып сөйлеуді дамыту жаттығулары (тақырып, негізгі ой, жоспар т.б.).


12. Сабақтың түрлері бойынша тақырыбы, аптасы көрсетіліп, сағаттарға бөлінген тақырыптық – күнтізбелік жоспар.
12.1 Дәрістер:


Модульдің атауы және шифрі

Дәрістер №

Оқып үйренетін сұрақтар атауы

Сағат саны

Апталық жүктеме

Әдебиет№

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

Модуль 1


1

Жазуға үйрету технологиясы - ғылым.

Жазуға үйрету технологиясы пәні, анықтамасы. Әдістеменің негізгі және қосалқы мақсат-міндеттері, құрылымы. Жазуға үйрету технологиясының ғылыми негіздері, басқа ғылым саласында алатын орыны, лингвистика, психология, педагогика, сөйлеу әрекеті теориясымен, логикамен, әдебиетпен байланысы. Тіл мен ойлаудың бірлігі. Дидактикалық принциптер, ана тілін оқыту әдістемесінің өзіндік принциптері. Лингвистика - қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізі. Зерттеу әдістері. Озат тәрбиешілердің үлгілі тәжірибелерін жинақтау, қорыту.





2

1

2, 4,9

Слайд-дәріс





2

Бала бақшадағы тілді дамыту - оқу пәні. Қазақ тілінің тұрмыстағы, мектепте білім беру жүйесіндегі маңызы.

Бала бақшадағы қазақ тілінің білім мазмұны. Бала бақшалар үшін оқу-әдістемелік топтаманы талдау. Бала бақшаларда «Сауат ашу» пәнінің тәрбиелік, дамытушылық мәні. Бағдарламаны талдау. Әрбір топтағы білім, білік, дағдының көлемі. Баланың физикалық және психикалық даму ерекшеліктерін көрсететін жасына қарай бөлу кезеңдері:

- бөбек жасындағы І топ (туғаннан бастап 1 жасқа дейінгі балалар);

- сәби жасындағы ІІ топ (1-ден 2 жасқа дейін);

- І кіші топ (2-ден 3 жасқа дейін);

- ІІ кіші топ (3-тен 4 жасқа дейін);

- ортаңғы топ (4-тен 5 жасқа дейін);

- ересектер тобы (5-тен 6 жасқа дейін).

Бала бақшаларда сауат ашу, көркем әдебиетке қойылатын қазіргі талаптар. Бала бақшаларда жазуға үйретудің негізгі бағыттары.


2

2

5,4,7

Слайд-дәріс





3

Сауат ашу әдістемесі. Сауат ашу әдістемесінің бала бақшаның оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы.

Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негізі. Сауат ашу әдістемесінің психофизиологиялық негізі. Бала бақшадағы балалардың бастапқы оқи бастау кезіндегі ерекшеліктері. Оқу, жазу механизміне сипаттама. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі және оның графикасы. Фонетика мен графиканың негізгі қиын мәселелерін түсіндірудің әдістемелік тәсілдері, буындық, дәстүрлік, дыбыстық принциптер. Қазақ тіліндегі буын, буынға бөлу, буындардың жуан, жіңішкелігі; қос дыбыс естілген әріптер; фонетикалық-орфоэпиялық қателер, олардың себептері. Сауат ашу әдістемесінің дамуының қазіргі проблемалары. Қазіргі «Сауат ашу», Оның ерекшеліктері. Сауат ашу барысында балалардың ерекшеліктеріне көңіл бөлу. Дыбыстық-талдау жинақтау әдісі. Сауат ашу жүйесіндегі дәстүрлік және қазіргі жаңалықтар. Балалардың сауат ашуға психологиялық және тілдік дайындығы. Олардың дайындығын зерттеу өлшемі. Сауат ашудың қазіргі әдісінің ерекшеліктері, талдау жинақтаудың өзара байланысы, оқу мен жазуға қатар үйрету, дыбысты ғылыми фонетиканың деректеріне сай үйету, әріптерді үйрету жүйесі. Оқу-жазуға үйретудегі буындық принцип.




2

3

4,9

Слайд-дәріс





4

Сауат ашуды оқыту принципі. Дайындық кезең, оның міндеттері, мазмұны мазмұны, жұмыстың ерекшелігі, оқушыларды дыбыспен әріпті ұғынуға даярлау. Дайындық кезеңіндегі білім, білік, дағдыны ұғыну шеңбері. Балаларды оқу-жазуға дайындау сабақтарына қажетті көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар. Сауат ашу кезеңіндегі оқу-тәрбие міндеттері. Білім-білік дағдыны ұғыну шеңбері. «Сауат ашудың» мазмұны мен әдістемесі. Оқыту әдістемесінің дыбыс пен әріпті үйрету тәртібіне тәуелділігі. Балалардың ойлауы мен сөйлеуінің дамуы. Оқу сабақтарының негізгі түрлері. Дыбысты талдау тәсілдері. Дыбысты артикуляциялау, дикцияны түзеу. Фонематикалық естуді дамыту. Кеспе әліппені сөздер мен сөйлемдердің схема-модельдерін пайдалану. Әріппен жұмыс жасау тәсілдері: танысу, есте ұстау, тану, айыру. Дыбыстық талдау жолын қалыптастыру. Дыбыстық талдау үшін сөздерді іріктеу принциптері. Дыбыстық талдаудың мазмұны және оны жүргізу тәртібі. Бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді оқу. Тіл дамыту: сөзге, сөйлемге, байланыстыра сөйлеуге үйрету

2

4

4,5

Слайд-дәріс





5

Қолды жазуға дайындау.

Заттың сұлбасымен және оның қасиеттерімен танысу. Жұмыс жолымен танысу. Дәптер парағының бетіне бағдар ұстауға жаттығу. Шағын заттарды шектеулі кеңістікте белгіленген нүктелер бойынша дөңгелеектеп қою. Заттарды сұлбасы бойынша үздіксіз жайымен дөңгелектеу. Затты оның сұлбасының ішінде штрихтеу және т.с.с.

.


2

5

4,5

Слайд-дәріс





6

Бастапқы жазуға үйрету. Мазмұны мен міндеттері. Қазіргі «Жазу үлгілеріне сипаттама» Жазуға дағдыландыру этаптары. Жазуға үйрету әдістері, әдістемелік тәсілдер. Графикалық жазудағы қателер, оларды жою жолдары. Жұмыстың түрлері: тақтадан, « Жазу үлгісінен», таблицадан, жазба мәтіндерден көшіру. Дыбыстық талдау. Дыбыстық талдау жасалған сөздерді айтқаннан жадына сақтап жазу. Жазатын сөздерді өзі іштен айтып жазу. Сөздерді талдамай – ақ жазуға көшу. Фонетикалық – графикалық және грамматика орфографиялық жаттығулар.Кейбір орфографиялық ережелерді ұғыну. Жазуға қойылатын гигиеналық жағдайлар. Соңғы кезеңдегі жазу сапасына қойылатын талаптар. Жазудың дұрыстығын тексеру. Оқу сабақтарында оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасату. (орфографиялық). Сауат ашуға арналған оқу-әдістемелік топтама. Көрнекіліктер, дидактикалық материалдар.

4

6

5,6

Слайд-дәріс





7

Әдебиеттік оқу әдістемесі

Оқудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы, мақсаты мен міндеттері. Бала бақшаға арналған әдебиеттік оқу топтамасы. Бағдарлама мен оқулықтарды жасау принциптері. Мазмұны мен тақырыптары. Әрбір сыныпта берілетін білім, білік, дағды көлемі. Әдебиеттік оқуға қойылатын талаптар. Әдебиеттік оқу – балаларды адамгершілікке, еңбекке, эстетикаға тәрбиелеу құралы. Оқу дағдысына сипаттама: саналы, дұрыс, шапшаң, мәнерлеп оқу. Саналы оқу. Саналы оқуға үйрету әдістемесі. Дұрыс оқу. Оқу барысында кездесетін қателердің негізгі түрлері. Дұрыс оқуға үйретудің әдістемесі. Шапшаң оқу. Шапшаң оқуда әрбір сыныпқа қойылатын бағдарламалық талаптар. Шапшаң оқуға үйрету жұмысының әдістемелік тәсілдері. Мәнерлеп оқу. Мәнерлеп сөйлеу құралдары. Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету жұмысының әдісі.



2

7

4,5,6

Слайд-дәріс





8

Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жасаудың әдебилік және психология-педагогикалық негіздері. Оқушылардың көркем шығармаларды қабылдау ерекшеліктері. Кіші жастағы оқушыларды шығарманы оқуға және онымен жұмыс жасауға үйретудің әдіс-тәсілдері. Оқу сабақтарында көркем шығарманы оқуды ұйымдастыру. 2-4 сыныптарда көркем шығармамен жұмыс. Дайындық жұмысының мазмұны мен міндеттері. Алғашқы жинақтау. Көркем шығарманы талдау: тілдік талдау, байқау, жинақтауы, оқиғаның, әрекеттің дамуын талдау, көркем кейіпкерлерді талдау. Сөздік жұмысының орны, ерекшеліктері. Жоспар жасау. Шығарманың идеясымен және онда қатысушылар әрекетіне қарай жұмыс жасаудың әдістемелік негіздері.

2

8

4,5,6

Слайд-дәріс




9

Оқу сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар: толық, ықшам, іріктеп сөзбен айту, сурет салу, диафильм жасау, драмалау т.б. Өздіктерінен жұмыс жасау. Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқудың әдістемелік ерекшеліктері: әңгіме, ертегі, мысал, өлең т.б. Оқу сабақтарының типтері, құрылымы. Қорытынды сабақтарының ерекшеліктері. Сабақта кино, музыка, живопистерді пайдалану. Оқу сабақтарын интеграциялау. Тіл дамыту. Сыныптан тыс оқу. Әдебиеттік оқуда қолданылатын жаңа технологиялырға сипаттама (дамыта оқыту, проблемалық оқыту және модульдік оқыту т.б.).

2

9

4,5,6

Слайд-дәріс


Модуль 2


1

Қазақ тілі бағдарламасы, мазмұны, материалдардың әр сыныптағы орны. Оқулықтарды талдау. Оқу материалының жүйесі. Әдістемелік аппарат. Жаттығу, кесте, көрнекілік үшін материалдар т.б.

2

10

5,7

Слайд-дәріс





2

Бала бақшада қазақ тілінен жүргізілетін қазіргі сабақ

Жазуға үйрету барысында қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және оларды қолдану жолдары, дидактикалық ойындар, қызықты жаттығулар. Қазақ тілінен оқушылардың білімін, білігін және дағдысын тексеру. Бақылау жұмыстары, оларды жүргізу әдістемесі. Баланың қазақ тілі бойынша даму деңгейіне қойылатын талаптар.




2

11

8,10

Слайд-дәріс





3

Тіл дамыту әдістемесі

Тіл дамытудың мақсат-міндеттері мен жолдары. Тіл дамыту – бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі принципі. Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде. Оның түрлері мен қызметі. Сөйлеу әрекетін ойдағыдай жүргізу – балалардың тілін дамытуды ойдағыдай іске асыру кепілі. Оқушылардың сөйлеуіне қойылатын талаптар. Сөйлеу – ойлауды дамыту құралы. Ойлауды дамыту – сөйлеу жағдайларының негізі. Тіл дамыту – тәрбиелеу құралы. Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.



2

12

4,5,9

Слайд-дәріс





4

Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі. Лексикология – сөздік жұмысы әдістемесінің лингводидактикалық негізі. Бастауыш мектептегі сөздік жұмысының міндеттері мен бағыттары. Синонимдер, антонимдер, омонимдер және көп мағыналы сөздермен жұмыс. Қазақ тілі сабақтарындағы сөздік жұмысының ерекшеліктері.

2

13

6,7

Слайд-дәріс





5

Балалардың тілін дамыту жұмысы жүйесіндегі лексикалық жаттығулар. Балалардың тілін дамыту жұмысы жүйесіндегі синтаксистік жұмыстар. Бала бақшадағы сөз тіркесі және сөйлемдермен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны және міндеттері. Синтаксистік жаттығулардың грамматикалық және сөздік жұмыстарымен байланысы. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. «Мәтін» ұғымын қалыптастыру, мәтіннің типтері: сипаттау, хабарлау, пайымдау, аралас. Байланыстырып сөйлеу жаттығуларының түрлері және міндеттері. Байланыстырып сөйлеуді дамыту жаттығулары (тақырып, негізгі ой, жоспар т.б.).

2

14




Дәріс







Барлығы

30











13. Сабаққа дайындалу үшін материалды оқып үйрену кестесі
13.1 Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыс кестесі:

№ п/п

Сабақтардың тақырыптары

СӨЖ тапсырма

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылған әдебиеттер

Бақылау түрі

Өткізу мерзімі

Жоғ балл

1 апта

Мемлекеттік стандартты талдау. Сауат ашудан оқу-әдістемелік топтаманың құрамына енетін құралдардың рөлі, мәні және әдістемелік сипаттамасы.

Тестілеуге дайындалу

Мемлекеттік стандартты талдау. Сауат ашудан оқу-әдістемелік топтаманың құрамына енетін құралдардың рөлі, мәні және әдістемелік сипаттамасы. Қазақ тілі сабағының түрлері. Бала бақшадағы жазу сабағының үлгілері, сабақты талдау.

5,6,7,8,9,10

Бала бақшадағы жазу сабағының үлгілері, сабақты талдау.

2 апта




2 апта

Бастапқы жазуға үйрету. Мазмұны мен міндеттері. Қазіргі «Жазу үлгілеріне сипаттама».

Осы тақырып бойынша өздік жұмысқа дайындалу

Бастапқы жазуға үйрету. Мазмұны мен міндеттері. Қазіргі «Жазу үлгілеріне сипаттама».

Дәріс бойынша

Осы тақырып бойынша өздік жұмыс

3 апта




3 апта

Жазуға дағдыландыру этаптары. Жазуға үйрету әдістері, әдістемелік тәсілдер. Жазуға қойылатын гигиеналық жағдайлар.

Соңғы кезеңдегі жазу сапасына қойылатын талаптар. Жазудың дұрыстығын тексеру.

Білімділік, дамытушылық, тәрбиелік ұғымдарын білу

Дәріс бойынша

Жазу үлгілерін дайындау

4 апта




4 апта

Оқу сабақтарының типтері, құрылымы. Қорытынды сабақтарының ерекшеліктері. Сабақта кино, музыка, живопистерді пайдалану. Оқу сабақтарын интеграциялау. Тіл дамыту.

Оқу сабақтарын интеграциялау.

Оқу сабақтарының типтері, құрылымын білу.

6,7,8,9,10

Тестілеу

5 апта




5 апта

Қазақ тілінен, сауат ашудан бала бақшаға арналған оқу-әдістемелік топтаманы қолданудың теориясы мен тәжірибесі.

Бала бақшада қазақ тіліне арналған оқу-әдістемелік құралдарға талдаулар мен топтамаларға өз бетімен жұмыс

Қазақ тіліне арналған оқу-әдістемелік құралдардың талдауын білу.

6,7,8,9,10

Өздік жұмыс

6 апта




6 апта

Дамыта оқыту жағдайында бала бақшаларға арналған сауат ашу оқулығының дидактикалық негіздері.

«Дамыта оқыту» бала бақшаларға арналған сауат ашу оқулығы бойынша талдау.

«Дамыта оқыту» технологиясымен танысу.

Дәріс бойынша

Өздік жұмыс, талдау

7 апта




7 апта

Қазақ тілі бағдарламасы, мазмұны, материалдардың әр сыныптағы орны. Оқулықтарды талдау. Оқу материалының жүйесі. Әдістемелік аппарат.

Курс жұмысын дайындау

Жаттығу, кесте, көрнекілік үшін материалдар т.б.

1-10

Ауызша сұрақ-жауап

15 апта




8 апта

Бала бақшада қазақ тілінен жүргізілетін қазіргі сабақ

Жазуға үйрету барысында қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және оларды қолдану жолдары, дидактикалық ойындар, қызықты жаттығулар.



Курс жұмысын дайындау

Дидактикалық ойындар, қызықты жаттығуларды қолдануды үйрету

1-10

Көрнекілік, дидактикалық материалдар, қызықты жаттығулар қолданылған сабақ жоспары

15 апта




9 апта

Баланың қазақ тілі бойынша даму деңгейіне қойылатын талаптар.


Курс жұмысын дайындау

Қазақ тілінен оқушылардың білімін, білігін және дағдысын тексеріп, бағалай білуге үйрену

1-10

Қазақ тілінен оқушылардың білімін, білігін және дағдысын тексеру жұмыстарын жүргізіп көру

15 апта




10 апта

Тіл дамыту әдістемесі

Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде. Оның түрлері мен қызметі.



Оқушылардың сөйлеуіне қойылатын талаптарды дайындау

Оқушылардың, мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарды білу

1-10

Оқушылардың тілін дамытуға арналған жұмыс түрлерінің үлгілерін тексеру

15 апта




11 апта

Жазуға үйрету барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Курс жұмысын дайындау

Шығармашылық тапсырмаларды тақырыптарға сәйкес сұрыптай білу

1-10

Ауызша сұрақ-жауап

15 апта




12 апта

Тіл дамыту әдістемесі

Тіл дамытудың мақсат-міндеттері мен жолдары. Ойлауды дамыту – сөйлеу жағдайларының негізі. Тіл дамыту – тәрбиелеу құралы.



Тіл дамытуға арналған жұмыс түрлерін анықтау

Оқушылардың сөйлеуіне қойылатын талаптарды білу

1-10

Ауызша сұрақ-жауап

15 апта




13 апта

Бала бақшада қазақ тілін оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары.

Пәнаралық байланысқа арналған сабақ жоспарын дайындау

Қазақ тілін оқыту барысында пәнаралық байланысты жетік білу

1-10

Ауызша сұрақ-жауап

15 апта




14 апта

Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі. Бала бақшадағы сабақтардағы сөздік жұмысының ерекшеліктері.

Сөздіктерге сипаттама дайындау

Сөздіктерді ажырата білу

1-10

Сөздіктерден мысалдар теріп жазу

15 апта




15 апта

Балалардың тілін дамыту жұмысы жүйесіндегі лексикалық жаттығулар. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. Байланыстырып сөйлеуді дамыту жаттығулары (тақырып, негізгі ой, жоспар т.б.).

Курс жұмысын дайындау

Байланыстырып сөйлеу жаттығуларының түрлері және міндеттері

1-10

Балалардың тілін дамыту жұмысы жүйесіндегі синтаксистік жұмыстар.

15 апта







Барлығы

15

















14. Әдебиет

Негізгі әдебиет: -

1. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім.- Алматы: РОНД, 2002.

2. ҚР жалпы орта білім берудің мелекеттік жалпыға міндетті стандарттары: Жалпы орта білім.- Алматы: РОНД , 2002.

3. ҚР жалпы орта білім берудің мелекеттік жалпыға міндетті стандарттары: Мектеп алдындағы дайындық.- Алматы: РОНД , 2002.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.

6. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

7. Мектептің даярлық класы мен балабақшаның даярлық тобына арналған бағдарламалар. – Алматы, 1992.

8. Жиенбаев С. Сауат мектебінде ауыз бен жазба сөзге үйрету // Ауыл мұғалімі, 1935. - №6.

9. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1941. - №11. – 6-8 б.

10. Кәтенбаева Б. Қазақ тілінен метоликалық нұсқау. – Алматы, 1993.

11. Сыздықова Р., Шалабаев Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау. – Алматы, 1989.

12. Меңжанова А. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу. – Алматы, 1987. - 119 б.

13. Дүкенбаева Г., Данашева А. Шағын /құрама/ балабақшада оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. – Алматы, 19991. – 107 б.

14. Исабаев А. Қазақ тілі фонетикасын оқытудың методикалық негіздері. – Алматы, 1984. – 184 б.

15. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1991. – 184 б.

16. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1991. – 20 б.

17. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту методикасы. – алматы, 1989. – 96 б.

18. Әміров Р. Қоғам реформасына сай қазақ тілін оқыту концепциясы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1992. - №4.

19. Қалиев Ғ., Қосымова Г., Даулетбекова Ж. Қазақ тілін оқыту тұжырымдамасы. – Алматы, 1997. – 40 б.

20. Әміров Р., Дәулетбекова Ж. «Қазақ тілі» пәні мазмұнының жаңа бағыттары жөнінде // Қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие деңгейін көтеру проблемалары: Ғылыми-практ. конф. материалдары. – Алматы, 1996. – 132-136 б.

21. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988. – 240 б.

22. Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. – Алматы, 1995. – 25 б.

23. Аханов К., Ысқақов А., Кәтенбаева Б. Қазақ тілі / 5-сыныпқа арналған оқулық. – Алматы, 1994. – 173 б.

24. Прәлиева А., Әбуева К. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. – Алматы, 1992. – 88 б.

25. Сыздықова Р. Тіл табиғатын таза сақтайық десек // Қазақстан мектебі. – 1993. - №5. – 21-24 б.

26. Дүйсебаева М. Фонетиканы оқыту // Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988. – 240 б.

27. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы, 1984. – 120 б.

28. Эльконин Б.Д. Введение в психологию развития. – М., 1994. – 168 с.

29. Фридман Л.М. Педагогический опыт глазами психолога. – М., 1987. – 224 б.

30. Асқарбаева А., Храпченков Г.М. Шағын комплектілі мектептердегі оқытудың мазмұны мен әдістері. – А., 1981.

31. Әуелбаев Ш. Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері (шағын комплектілі мектептердің мұғалімдері үшін). – А., 1980.

32. Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру. – А., 1974.

33. Сембаев Ә.Қ. Қазақ совет мектептерінің тарихынан. – А., 1967.

34. Шағын комплектілі мектепте педагогикалық үрдісті басқаруға мұғалімді даярлаудың ерекшеліктері. Республикалық семинар кеңестің материалдары. Өскемен ШҚМУ, 2002.



  • Қосымша әдебиет: -

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері/ Алматы,1991ж.

2. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты/-Алматы, 1998 ж.

3. Лингвистикалық түсіндірме сөздік/ -Алматы, 1998 ж.

4. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері/ -Алматы, 1996 ж.

5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.

7. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

8. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.

9. Жиенбаев С. Сауат мектебінде ауыз бен жазба сөзге үйрету // Ауыл мұғалімі, 1935. - №6.

10. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1941. - №11. – 6-8 б.

11. Кәтенбаева Б. Қазақ тілінен метоликалық нұсқау. – Алматы, 1993.

12. Сыздықова Р., Шалабаев Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау. – Алматы, 1989.


15. Баға бойынша хабарлама
Семестр бойы екі межелік бақылау өткізіледі. Оның қорытындысы ретінде ең жоғарғы 60 балл болып табылады (30 балл бірінші 7 апта бойынша және 30 балл 8-15 апта бойынша).

Студенттердің білімі және біліктілігі келесі жүйе бойынша бағаланады:



Баға

1

2

3

4

95-100

A

4,0

Өте жақсы

90-94

A-

3,67

85-89

B+

3,33


Жақсы.

80-84

B

3,0

75-79

B-

2,67

70-74

C+

2,33



Қанағ.

65-69

C

2,0

60-64

C-

1,67

55-59

D+

1,33

50-54

D

1,0

0-49

F

0

Қанағ-сыз.

  1. Графа 1 – Бағаның пайыздық түрі

  2. Графа 2 – бағаның әріпті түрі

  3. Графа 3 – бағаның сандық түрі

  4. Графа 4 – бағаның дәстүрлі түрі.


16. Балл қою саясаты
Әр түрлі жұмыстарды бағалау шкаласы:

  1. Дәріс – 0,5*15=7,5 балл (0,2 балла – сабаққа қатысуы; 0,3балл – конспект)

  2. Зертханалық жұмыс – 0,5*23=11,5 балл

  3. Өздік жұмыс – 3*3 =9 балл

  4. Бақылау жұмысы – 2*3=6 балл

  5. Тестілеу– 2*12=24 балл

  6. Жазбаша жұмыс (реферат) – 2 балл.

Бақылау түрі

Ағымдық

Межелік

Қорытынды




Дәріс конспектісі

Зерт.жұм

Өздік

жұмыс


Тестілеу

Ауызша сұрау

Сабаққа қатысуы

Бақ.жұм

Реферат қорғау

Тақырып қорғау

Қорытынды

балы


1 межелік бақылау

(7 апта)

5

8

2*2=4

6

1




3*2=6







30


2 межелік бақылау

(15 апта)


5

7




6

1

1




5

5

30


Барлығы

10

15

2

12

2

1

4

5

5

60

Семестрде бір деңгейлік (15 апта) бақылау жүргізіледі. Балдар саны – 60

Себепсіз босатылған сабақ үшін 0,5 балл, ал өз бетімен жұмыс орындалмаса 1 балл алынады.
17. Курс саясаты.
Курс бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби дайындығының қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоғарғы кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес студенттердің білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар:

1. Әдістемелік ғылымның объектісі, пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері, сондай-ақ бала бақшада жазуға үйрету технологиясының теориясы мен бағыттары (жалпы білім беретін орта мектептің 12 жылдық оқу мерзімін енгізумен де байланысты) жайлы түсініктері болуы тиіс.

2. Бала бақшадағы қазақ тілі курсын құрайтын негізгі ұғымдар мен әрекет тәсілдерінің мазмұнын және оның ішінде бала бақша тәрбиеленушілері курсты оқып-үйрену барысында меңгеруге тиісті білім, білік және дағдылардың мазмұнын (сонымен бірге олардың өзара байланысын) білуі керек.

3. Бала бақшаның қазақ тілі курсы мазмұнның нақты мәселелерін оқып-үйрену барысында оқушылардың іс-әрекетін басқаруға жағдай туғызатын әдістемелік тәсілдермен, сондай-ақ болашақ мұғалімнің қазіргі бағдарламамен жұмыс жасау дайындығын сипаттайтын сабақты жоспарлауға, талдауға және өткізуге бастауыш қазақ тілі курсының мазмұнымен жұмыс істеумен байланысты дидактикалық біліктермен қарулануы тиіс.

4. Сауат ашу, жазу үлгілерімен жұмыс істеу барысында өзіндік бағыт-бағдары болуы және ондағы тапсырмаларды тиімді пайдалана білулері тиіс.

5. Бала бақша тәрбиеленушілерінің жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты мәселені түсіндіру үшін әр түрлі дербес әдістемелік тәсілдерді тиімді пайдалана алулары тиіс.

6. Оқытудың әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін (әдістер, құралдар, формалар) таңдай және негіздей білу; пәндік білім, білік, дағдыларды меңгеру барысында бастауыш сынып оқушылары алдында кездесетін қиындықтарды алдын-ала көре білулері тиіс.

7. Қойылған мақсат пен міндеттерді қол жеткізілген нәтижелермен салыстыра білумен, олардың сәйкестігін (оқушыларды байқау, олармен әңгімелесу, тексеру жұмыстарының нәтижелері негізінде) бағалай білумен және осы бағалауды ескере отырып, оқытуды әрі қарай жоспарлай білумен байланысты кәсеби біліктері қалыптасуы тиіс.

8. Бала бақшада жазуға үйрету технологиясы бойынша курстық және дипломдық жұмыстарды орындауға және өзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне қажетті зерттеу жұмысын жүргізе білумен байланысты біліктермен қарулануы керек.

а) Сабаққа қатысу міндетті;

б) Тәжірибелік (семинар) сабақтары кезіндегі белсенділігі;

с) үй тапсырмасы мен СӨЖ орындауға және т.б сабаққа дайындық.

Рұқсат етілмейді:

а) Кешігу және сабақтан кетіп қалу;

б) Сабақ кезінде ұялы телефонды қолдану;

в) Алдау мен қулық;

с) Тапсырманы дер кезінде тапсырмау және т.б


18. Сұрақтар мен бақылау түрлері тақырыптарының тізбесі.
1. Бала бақшада тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

2. Сауат ашу сабақтарындағы ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу жүйесінің мәні мен тиімділігі.

3. Оқу сабақтарына қойылатын негізгі талаптар.

4. Қазіргі кезеңдегі сауат ашуда қолданылатын талдау–жинау әдісі (жалпы сипаттама).

5. Қазақ тілін оқытудағы басшылыққа алынатын заңдылықтар мен дидактикалық принциптер.

6. Сауат ашу кезеңіндегі оқу сабағының түрлері, сабақтың мазмұны мен құрылымы.

7. Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу объектісі.

8. Бала бақшада алтыжасар балаларды оқытудың мазмұны мен әдістемесі.

9. Бала бақшаларда қазақ тілін оқытудың мазмұны мен жалпы сипаттамасы.

10. Қазақ тілінен білім, білік, дағдыны тексеру әдістемесі.

11. Қазақ тілінен орфографиялық сөздік жұмыстарының әдістемесі.

12. Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды оқушылардың тіл дамыту жұмыстарында қолдану.

13. Қазақ тілі сабақтарында лексико-стилистикалық жұмыстарды ұйымдастыру.

14. Сауат ашу кезеңіндегі жазуға үйретудің тиімді әдістері.

15. Қазақ тілі сабақтарындағы ауызша және жазбаша сұрақ-жауап әдістемесі.

шеберлік пен дағдының түрлері.

16. Оқуға-жазуға үйретудің дайындық сатысын талдау әдістемесі.

17. Сауат ашу кезеңі сабағының үлгісі және оны талдау.

18. Қазақ тілі сабағындағы талдаудың түрлері мен өздік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.

19. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекілік түрлері.

20. Оқуды толық мәнді сапалы меңгерту және оны дамыту жолдары.

21. Қазақ тілі сабақтарының түрі мен құрылымы жаңа білім беру сабағы.

22. Оқушылардың тілін дамыту жұмыстарының мәні мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарының түрлері. Дұрыс сөйлеудің негізгі сапалық көрсеткіштері.

23. Оқу сабақтарында сөздік жұмыстарын жүргізудің әдістемесі.

24. Бастапқы жазуға үйрету. Мазмұны мен міндеттері, қазіргі “Жазу үлгілеріне” сипаттама, жазуға дағдыландыру кезеңдері.

25. Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары. Қазіргі “Әліппе”, оның ерекшеліктері: Сауат ашу барысында оқушылардың ерекшеліктеріне көңіл болу.

26. Оқу сабақтарының негізгі түрлері. Дыбысты талдау тәсілдері.

27. Дыбыстық талдау. Жинақтау әдісі. Сауат ашу жүйесіндегі дәстүрлік және қазіргі жаңалықтар.

28. Оқушылардың тілін дамыту жұмысы жүйесіндегі. Синтаксистік жұмыстар. Бастауыш сыныптардағы сөз тіркесі және сөйлемдермен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны және міндеттері.

29. Сауат ашудың оқыту процесі. Дайындық кезеңі, оның міндеттері, мазмұны, жұмыстың ерекшелігі, оқушыларды дыбыс пен әріпті ұғынуға дайындау.

30. Бастауыш сыныптардағы жазбаша іс қағаздарының түрлері. Ресми сөйлеу жұмысының әдістемесі.

31. Сауат ашу кезеңіндегі оқу-тәрбие міндеттері. «Әліппе» мазмұны мен әдістемесі.

32. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. «Мәтін» ұғымын қалыптастыру мәтіннің типтері сипаттау, хабарлау, пайымдау, аралас.

19. Курс жұмысының үлгі тақырыптары:

1. Бала бақшада оқытуды ұйымдастыру әдістемесі.

2. Оқу сабақтарында шығармашылық жұмыс түрлері.

3. Жазуға үйретудің тиімді әдістері.

4. Талдау-жинақтау жаттығуларын орындауда ойын элементтерін қолдану.

5. Оқыту кезіндегі дидактикалық ойындардың рөлі.

6. Балалардың тілін дамыту.

7. Қазақ тілі сабақтарындағы ауызша және жазбаша сұраудың әдістемесі.

8. Грамматика мен орфография бойынша білім, білік, дағдыны тексеруде және есепке алуда бағдарламалық оқытудың элементтерін қолдану.

9. Қазақ тілі сабақтарындағы ауызша және жазбаша сабақтардың жүйесі, оның мәні және тиімділігі.

10. Оқушылардың қазақ тілі сабақтарындағы ойлау қабілеттерін белсендіру әдістері.

11. Бастауыш сыныптарда сөздік-орфографиялық жұмыстың әдістемесі.

12. Қазақ тілі сабақтарында лексикалық-стильдік жұмыс

13. Қазақ тілі сабақтарында байланыстыра сөйлеу бойынша жаттығулардың түрі.

14. Бастауыш сыныптарда сөзді жан-жақты (кешенді) ұғу тиімділігі.

15. Түрлі жанрлы шығармаларды оқыту әдістері.

16. Мәтінді мазмұндама мен шығармаға даярлау құралы ретінде тілдік талдау жасау.

17. Оқушылардың тілдерін дамытудың құралы ретіндегі қазақ тілі сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар.



18. Балаларды әңгімелеуге үйрету әдістемесі.
с. 1

скачать файл

Смотрите также: