Сіздің планшеттік пк аккумуляторы әлі қуаттанған жоқ. Пайдалану алдында


с. 1
Сіздің телефоныңыз НТС Flyer

Қысқаша нұсқау




Пайдаланушының толық нұсқауын және басқа да пайдалы ресурстарын алу үшін www.htc.com/support веб сайтын көріп шығыңыз. Сондай ақ, жеткізудің комплектісіне кіретін «Қауіпсіздік және стандарттарға сәйкестігі жөніндегі нұсқаумен» танысыңыз.



Қандай да бір әрекет жасар алдында, мынаны оқып шығуыңызды өтінеміз


Планшеттік ПК аккумуляторын қуаттандыру
Сіздің планшеттік ПК аккумуляторы әлі қуаттанған жоқ. Пайдалану алдында оны комплектіге кіретін желілік адаптер жеткізушісі арқылы толық қуаттандырыңыз. Бұдан басқа, планшеттік ПК-ны бөлшектеуге тырыспаңыз. (Мұндай жағдайда сіздің кепілдігіңіз жарамсыз болып қалуы мүмкін).
Тарифтік жоспарды ойлап барып таңдаңыз
Сіз өз планшеттікк ПК-ны қалай пайдаланғаныңызға қатысты, ол интернет трафиктің үлкен көлемін тым тез жұмсауы мүмкін. Планшеттікк ПК-ны пайдалану алдында деректерді берудің тарифтері туралы сіздің мобильді байланысыңыздың операторынан кеңес алуды табандылықпен ұсынамыз.
Қорытындысына біздің заң бөлімінен бірнеше маңызды сөз (ШЫҒЫНДАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ)
Қолданыстағы заңмен максимальды рұқсат етілген дәрежеде НТС компаниясы немесе онымен аффилирленген компаниялар ешбір жағдайда сіздің алдыңызда, кез келген пайдаланушының немесе қандай да бір үшінші тұлғаның алдында контракт негізінде, азаматтық құқық бұзушылық немесе басқа да негізде кез келген түрдегі кез келген жанама, фактіге негізделген, келесі, кездейсоқ немесе айыптық шығындарға жауапкершілікте болмайды, оның ішінде дене зақымына, кірісті жоғалтуға, беделін жоғалтуға, жіберіп алынған коммерциялық мүмкіндіктерге, деректерді жоғалтуға және/немесе кірісті жоғалтуға шектеу қойылмай, осындай шығындардың мүмкіндігін алдын ала білуге болатынына және НТС компаниясы немесе онымен аффилирленген компаниялар олардың пайда болуы туралы хабарлар етілуіне байланысты емес түрде жауапкершілікте болмайды. Бұдан басқа, НТС компаниясы немесе онымен аффилирленген компаниялар жауапкершілігінің жалпы сомасы ешбір жағдайда сізден алынған сомадан аспайды, қуыным талап етілген құқықтық теория негізіне байланысты емес түрде. Жоғарыда көрсетілгендер қабыл алынбауы мүмкін емес заңды құқықтарға жатпайды.

Планшеттік ПК-мен танысу

--------------------------------------------------------------------------

Планшеттік ПК қосылып тұрғанда (және жұмыссыз жағдайда болмағанда) ҮЙГЕ, МЕНЮ, АРТҚА және ҚАУЫРСЫН ПАРАМЕТРЛЕРІ кнопкалары жарықтандырылады.


Сіздің планшеттік ПК-да осы кнопкаларды алудың екі теруі бар. Бір теруі сіз планшеттікк ПК-ны тік бағдарда ұстағанда жарықтанады. Басқа теруі планшеттік ПК-ны көлденең бағдарда бұру барысында жарықтанады.
НТС Flyer қосу алдында

---------------------------------------------------------------------------


ҚОРЕКТЕНУ кнопкасын басар алдында Cіз планшеттік ПК-ны тиісті түрде дайындағаныңызға көз жеткізіңіз.
SIM-картаны орнату


  1. Бас бармағыңызбен жоғарғы қақпағын алу үшін үстінен басыңыз.

2. SIM-картаны тиісті ұяға салыңыз (оның шап айылған бұрышы сыртқа қарайтындай етіп, алтынданған түйісуімен төмен қаратып салыңыз).





Зерде microSD картасын орнату
Сіздің планшеттік ПК-да деректер мен файлдарды сақтау үшін ішкі зердесі бар. Егер Сізге деректерді сақтау үшін көбірек зерде қажет болса, Сіз планешеттік ПК-ға microSD зерде картасын сатып алуыңызға және пайдалануыңызға болады.

microSD картасын зерде картасына арналған ұяға алтындатылған байланысуларымен төмен қаратып салыңыз да, оны аяғына дейін шырт еткенше басыңыз.





Жоғарғы қақпағын орнына орнату


  1. Екі тісін жоғарғы қақпақтың астына (әр жағына бір-бірден) планшеттік ПК-ның жоғарғы бөлігіндегі екі пазаға қарсы орналастырыңыз.




  1. Жоғарғы қақпағын корпусқа қойыңыз да, бас бармақтарыңызбен корпусқа ақырын басыңыз, содан кейін оны шырт етіп белгіленуіне дейін басыңыз.




Аккумуляторды қуаттандыру
Планшеттік ПК-да қоса орнатылған (алынбайтын) аккумуляторлық батарейі бар. Планшеттік ПК-ны қуаттандыру үшін жеткізу комплектісіне кіретін қоректенудің желілік адаптерін қосыңыз.
Аккумулятордың қуаттану жағдайын тексеру үшін ҚОРЕКТЕНУ кнопкасындағы қуаттандыру индикаторына қараңыз.

Планшеттік ПК-ны күйге келтіру

---------------------------------------------------------------------------
Планшеттік ПК-ны бірінші рет қосу барысында байланысуларды оған Bluetooth арқылы жіберуді, өзіңіздің электронды почта және сүйікті басқа да әлеуметтік желілеріңіздің есептік жазбаларын күйге келтіруді және т.б. ұсынылады. Gmail және Android Market сияқты, Google қосымшасын планшеттік ПК-да пайдалану мүмкін болу үшін, міндетті түрде өзіңіздің Google есептік жазбаңызға кіріңіз.

.
Өзіңіздің Бастапқы (Бас) экраныңыз

---------------------------------------------------------------------------
Cіз өз қалағаныңыздың бәрін Бастапқы экранды жай ғана басу немесе саусағыңызбен жүріп өту арқылы ала аласыз. Сіз өзіңіздің жаңартылған ауа райы болжамы, әлеуметтік желілер каналдары, эл.поштаны және т.б. көрсететін сүйікті қосымшалар мен виджеттерді көре аласыз.
Бастапқы экранның бар жоғы сегіз панелі бар. Сіз саусағыңызбен жай ғана солға немесе оңға жүргізе отырып, экран бойынша бір қалыпты орын ауыстыра аласыз. Ал Сіз планшеттік ПК ны көлденең бағдарда ұстағанда, сіз қандай экран ағымдағыдан сол жақта немесе оң жақта орналасқанын көре аласыз.




Планшеттік ПК ны жеке күйге келтіру
Өз планшеттік ПК ны өзіңіздің қалауыңыздай етіп күйге келтіріңіз. Сіз фон суретін, мұқабасын, виджеттерін, қосымшаларын немесе ярлыктарын өзгерте аласыз. Бұдан басқа, кіріс хабарламалар, эл.пошта және күнтізбе ескертулері сияқты оқиғалардың түрлі үлгілері үшін ескертулердің түрлі дыбыстарын пайдаланатын дыбыстар жиынтығын таңдай аласыз.
Бастапқы экранда жеке күйге келтіру кнопкасын басыңыз да, өзіңіз өзгерткіңіз келгенді таңдаңыз.

Белгілерді қайта реттеу
Бастапқы экранда қосымшаларды немесе ярлыкты орналастыру үшін оның белгісін басыңыз және ұстап тұрыңыз, содан кейін оны керек орынға тасымалдаңыз. Басқа белгімен толтырылған ұяға тасымалдау барысында, ескі белгі автоматты түрде орын босата отырып, алынып тасталынады.




Іске қосу панелін күйге келтіру
Сіз Бастапқы экранның төменгі бөлігіндегі іске қосу панелін жеке күйге келтіре аласыз және оны сіз жиі пайдаланатын түрлі қосымшалар немесе ярлыктармен толтыра аласыз.


  1. Іске қосу панелінен керек емес қосымшаны алып тастаңыз. Оның белгісін басыңыз да, ұстап тұрыңыз, содан кейін оны Бастапқы экранға немесе жою кнопкасына тасып әкеліңіз.






  1. Бос ұяны басыңыз да, ұстап тұрыңыз, содан кейін қосу үшін қосымшаны немесе ярлыкты таңдаңыз.

Блоктау экраны

--------------------------------------------------------------------------------

Белгілі әрекетсіздік кезеңінен кейін планшеттік ПК дисплейді өшіреді де, аккумулятордың қуаттандыруын үнемдеу үшін жұмыссыз режимге ауысады. Дисплейді қайтадан қосу үшін, жай ғана ҚОРЕКТЕНУ кнопкасын басыңыз.


Дисплейде сіз блоктау экранын көресіз. Экранды блоктан шығару үшін сіз мынаны орындай аласыз.



Шығыршықты

жоғарыға тасып

апарыңыз


Экранды блоктан

шығару және сол

қосымшаға бірден

өту үшін қосымшаны

шығыршыққа тасып

апарыңыз.



Блоктау экранын жеке күйге келтіру
Сіз блоктау экранындағы қосымшаларды өз сүйіктілеріңізге ауыстыра аласыз. Бастапқы экранда жеке күйге келтіру кнопкасын басыңыз, содан кейін Блоктау экраны дегенге басыңыз.

Интернетке қосылу

---------------------------------------------------------------------------

Wi-Fi желісі көмегімен немесе сіздің планшеттік ПК деректерін беру үшін қосылу арқылы Интернет бойынша саяхат жасаңыз.


Деректерді беру үшін қосылуларды пайдалану
Бұл оңай. Планшеттік ПК ны бірінші рет қосқанда (қондырылған SIM-картасымен), ол автоматты түрде сіздің мобильді байланыс операторыңыздың деректерді беру қызметіне қосылуы керек. Мобильді байланыстың операторларын таңдау тізімінің болу барысында сіздің SIM-картаңыз үшін сәйкес келетін операторды таңдау керек. Егер сіз күмәндансаңыз, онда қызмет жеткізушілерге өтініш жасаңыз.
Wi-Fi ды пайдалану
1. Бастапқы экранда МЕНЮ дегенді басыңыз, содан кейін Күйге келтіру > Сымсыз желілер дегенді басыңыз.

2. Wi-Fi функциясын қосу үшін, Wi-Fi жалаушасын орнатыңыз.

3. Wi-Fi күйге келтіру дегенді басыңыз, содан кейін қосылу үшін Wi-Fi желісін таңдаңыз

Веб беттерді жоғары жылдамдықта қарап шығу

---------------------------------------------------------------------------
Планшеттік ПК да веб парақтарды жедел

қарап шығумен рахаттаныңыз. Қуатты

процессор арқылы сіз Интернет бойынша

кідірусіз саяхат жасай аласыз. Ал Adode

Flash қолдауының арқасында қол жетпейтін

сайттар не екенін ұмытып та қаласыз.


Бастапқы экранда веб браузерді ашу үшін

  • > Интернет дегенді басыңыз.

HTC Syns-ты пайдаланыңыз

---------------------------------------------------------------------------
HTC Syns бағдарламасын сіздің компьютеріңіз және планшеттік ПК арасында байланысуларды, күнтізбені және басқа да ақпаратты үйлестіру үшін қолдануға болады.

HTC Syns бағдарламасын толтыру үшін және оны компьютерге орнату үшін біздің техникалық қолдаудың веб сайтына (www.htc.com/support) өтіңіз.

Аккумулятор энергиясын үнемдеу жөніндегі кеңестер

---------------------------------------------------------------------------


Энергиясақтау режимін қосу
Аккумулятор қуаттандырудың белгіленген деңгейіне жету барысында планшеттік ПК ны энергиясақтау режиміне автоматты ауыстырып қосуын күйге келтіре аласыз.
1. Бастапқы экранда МЕНЮ дегенді басыңыз, содан кейін Күйге келтіру дегенді басыңыз.
2. Қоректену дегенді басыңыз, содан кейін Энергиясақтауды қосу жалаушасы орнатылғанына көз жеткізіңіз.



  1. Энергиясақтау параметрлерін күйге келтіру үшін Энергиясақтау функциясын қосу және Энергиясақтауды күйге келтіру дегенді басыңыз.


Сымсыз байланыс функциясын өшіру
Ескертпе панелін ашу үшін саусағыңызды экранның жоғарғы жағынан төменге тасымалдаңыз. Содан кейін Жедел күйге келтіру дегенді басыңыз және олар пайдаланылмай тұрғанда Bluetooth, Мобидьды интернет, Wi-Fi және Wi-Fi роутер сияқты сымсыз байланыс функцияларын өшіріңіз.

Электрондық пошта

---------------------------------------------------------------------------
Егер сіз планшеттік ПК-ны бірінші рет күйге келтіру барысында өз есептік жазбаңыз Google-ге кірсеңіз, сіз Gmail хабарламаларды жібере және ала аласыз. Бастапқы экранда > Gmail  ды басыңыз.
Пошта қосымшасын өзіңіздің қалған эл.поштаңыздың есеп жазбаларын күйге келтіру және басқару үшін пайдаланыңыз, мысалы, РОРЗ, IMAP немесе Exchange ActiveSyns.
1. Бастапқы экранда > Пошта дегенді басыңыз.
2. «Пошта операторын таңдау» экранында өзіңіз күйге келтіргіңіз келген эл.поштаның есеп жазбасының үлгісін таңдаңыз.
Егер бұл экранды көрмесеңіз, дегенді басыңыз, содан кейін Тағы да > Жаңа есептік жазба дегенді баса отырып, эл.поштаның есеп жазбасының үлгісін таңдаңыз.

3. Өз эл.поштаның есеп жазбасы үшін Эл. пошта мекенжайы және Пароль-ды енгізіңіз.


4. Өз эл.поштаның есеп жазбасының күйін келтіруді аяқтау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Пошта қосымшасында сіз барлық өз эл.поштаңыздың хабарламаларын бір жерде түрлі есептік жазбалар арасында қайта қосудың қажеттілігісіз тексере аласыз. Бұл үшін Барлық аккаунттар деген кіріс хабарламалардың папкасын таңдаңыз. Эл.поштаның хабарламалары түсімен ерекшеленеді, сондықтан сіз олар қандай эл.поштасының есептік жазбаларына жататынын оңай анықтай аласыз.

Байланыста қалыңыз

---------------------------------------------------------------------------

«Байланысу» қосымшасында Google, Fakebook және тіпті Exchange ActiveSyns есептік жазбаларынан сіздің байланысуларыңыз көрінеді, егер сіз осы есептік жазбаларға планшеттік ПК дан кірсеңіз. Осы байланысулар туралы мәліметтерден басқа сіз, сондай-ақ олардың дәрежелерінің жаңартуларын және туған күндері туралы ескертулерді, егер олар Fakebook және Twitter-де сіздің достарыңыз болып табылса, көре аласыз.


Егер сіздің байланысуларыңыздың бөлігі SIM-картада болса, сіз олардың бәрін планшеттік ПК ға бір ғана әрекетпен импорттай аласыз.


1. Бастапқы экранда > Байланысулар дегенді басыңыз.
2. дегенді басыңыз, содан кейін мынаған басыңыз: Импорт/Экспорт > SIM-картадан импорттау.
3. дегенді басыңыз, содан кейін «Барлығын таңдау > Сақтау» дегенге басыңыз.
Сондай ақ, сіз жаңа байланысуларды қоса аласыз.
1. Бастапқы экранда > Байланысулар дегенді басыңыз.

2. дегенге басыңыз. Содан кейін тиісті полелерде байланысу туралы мәліметтерді енгізіңіз.


3. Аяқтағаннан кейін «Сақтау» дегенге басыңыз.

Бейнеклиптерді жоғары айқындық форматында (HD) түсіріңіз

--------------------------------------------------------------------------------
Баға жетпейтін сәттерді HD форматында жазыңыз да, олармен өздеріңізге қымбатты адамдармен бөлісіңіз.
1. Бастапқы экранда > Бейнекамера дегенді басыңыз.
2. дегенді басыңыз, Бейне сапасы дегенді басыңыз, содан кейін On-line (HD, 10 минут) дегенді таңдаңыз.
Бұл режимдегі түсіріліп барысында шағын көлемдегі бейнефайл аласыз, оны жібере алу үшін.
3. Жазуды бастау үшін дегенді басыңыз, жазбаны тоқтату үшін тағы бір рет дегенді басыңыз.
4. Алдын ала көру экранында дегенді басыңыз.

Бейнежазбаны жіберу тәсілін таңдаңыз.

Қауырсын көмегімен көңіл көтеріңіз

--------------------------------------------------------------------------------

Қауырсынды сурет салы, бояу, ескертпелер құру және өз фотосуреттеріңізге жазу үшін де пайдаланыңыз. Бұдан басқа, ол маркер немесе ластик болып та қызмет етеді.
ЕСКЕРТПЕ:

Кейбір аймақтарда қауырсын жеткізу комплектісіне кірмейді. Қауырсынды сатып алу туралы ақпарат үшін өз қызмет жеткізушіңізге немесе бөлшек сауда дүкеніне өтініш жасаңыз.


Қауырсынға батарейка орнату


Жұмысты бастау алдында қауырсынға жеткізу комплектісіне

кіретін батарейканы салыңыз.
1. Батарейкаға арналған бөлікшенің қақпағын ашыңыз.
2. Қауырсынға жеткізу комплектісіне кіретін батарейканы жоғарғы

кесілген жерімен (оң полюсымен) ішіне қаратып салыңыз.


3. Батарейкаға арналған бөлікше қақпағын орнына орнатыңыз.

Қысқа құру
Өз ойларыңызды жазу үшін Қысқа жазба қосымшасын пайдаланыңыз.
1. Бастапқы экранда > Қысқа жазба дегенді басыңыз.
Егер Сіз Evernote есептік жазбасынан әзірше өз қысқа жазбаларыңызды үйлестіргіңіз келмесе, Қалдырып кету дегенді басыңыз.
2. Сіздің қысқа жазбаларыңызды біріктіретін жазба кітапшаңызды құру үшін > Жазба кітапшасын құру дегенді басыңыз.
3. Жаңа қысқа жазбаны құру үшін дегенді басыңыз.
4. Атауды енгізіңіз дегенді басыңыз және экрандық клавиатура арқылы атауын жазыңыз.
5. Атаудың астындағы бірінші бос жолды басыңыз және экрандық клавиатура арқылы қажетті мәтінді енгізіңіз.
6. Сурет салу немесе жазу үшін қауырсынды қолданыңыз.
7. Аяқталу барысында дегенді, содан кейін «Сақтау» дегенге басыңыз.

Фотосуреттерге жазба жазу
Өзіңізді ірі түрде суретке түсіру үшін, содан кейін суретке жіберу алдында бірдеме жазу үшін Snapbooth қосымшасын пайдаланыңыз.
1. Бастапқы экранда > Snapbooth дегенді басыңыз.
2. Сіз ортада болу үшін бейнеіздеушінің терезесінде кадрды тұтастырыңыз.
3. Алдыңғы камераның объективіне қарап отырып, өзіңізді суретке түсіру үшін дегенді басыңыз.
4. Түсірілімнен кейін өзіңіз жаңа ғана жасаған суретіңіздің шағын эскизіне басыңыз.
5. Суретке жазу жасау үшін қауырсынды қолданыңыз.
6. Аяқталу барысында суретке саусағыңызбен басыңыз, содан кейін дегенді басыңыз.
7. Фотосуретті жіберу тәсілін таңдаңыз (мысалы, эл,пошта арқылы жіберу немесе Facebook-қа түсіру).
Қауырсынның үлгісін, түсін және штрихын таңдау
Қауырсын параметрлерінің палитрасын ашу үшін планшеттік ПК ның оң жақ төменгі бұрышындағы кнопкасын қауырсынмен басыңыз. Палитрада Сіз қауырсын үшін әртүрлі үлгі, штрих және түс таңдай аласыз.

Қауырсынды планшеттік ПК ­мен қалай пайдалану керектігі туралы толығырақ ақпаратты пайдаланушының толық құралынан көріңіз.




с. 1

скачать файл

Смотрите также: