Силлабус пән бойынша min 2224 «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы:


с. 1
Ф КГМУ 4/3-03/03

ПП КГМУ 4/03



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Мейірбике ісі курсы




СИЛЛАБУС

Пән бойынша MIN 2224 «Мейірбике ісі негіздері»


Мамандығы: 5В110100 – «Мейірбике ісі»

Оқу сағатының көлемі(кредиттер): 135 сағат (3 кредит)


Курс ___II__

Семестр __4___


Қарағанды - 2015 ж.

04.12.2012ж ҚР №837 бекітімі бойынша 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандықтары үшін «Денсаулық жағдайын бағалау» пәні оқу бағдарламасына негізделіп силлабус құрастырылды.

Силлабус кафедра отырысында қарастырылды және бекітілді

Хаттама №__ «___» _____________ 20__ ж.



Мейірбике ісі курсына жауапты _________________ Седач Н.Н.


  • Силлабустың мазмұны

Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан жері (адрес, корпус, аудитория), телефондар, кафедраның электронды адресі (nika.417032@mail.ru). Мейірбике ісі курсы Шахтеров к., 78, «№3» 3 қабатының №301 кабинетінде орналасқан. Келу маршруттары: 5,56 автобустар; 02, 05, 011, 014, 23, 29 маршруттар, «№3 Емханасы» аялдамасына дейін.



  • Оқытушылар туралы мәліметтер:



Калбеков Жандарбек Абдухалиұлы – ассистент, кафедра завучі; мәселелі – бағытталған оқу бойынша ФППК өтті; Білім беру бағдарламаларын дайындаудағы құзіреттлік тәсілдеме бойынша БЖ. 3 астам басылған жұмыстар. Педогогикалық стажы – 4 жылға дейін, клиникалық стажы – 5 жыл. Ғылыми қызығушылықтары - нефрология.


Бержаппарова Салтанат Балтабайқызы ассистент - стажер, педагогикалық жұмысы –жылға дейін, клиникалық стажы –жылға дейін. Қазақ және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізіледі.
Бейсенаева Анель Рысбекқызы - ассистент, онкология кафедрасының магистранты; педогогикалық стажы - 3 жыл, клиникалық стажы – 4 жыл. Мәселелі – бағытталған оқу бойынша ФППК, «Акушерия және гинекология» мамандығы бойынша ФПК өтті. Ғылыми қызығушылықтары: Анық емес ісіктерінің диагностикасын зерттеу. 14.00.14- онкология мамандығы бойынша «Анық емес генез ісіктерінің дифференциалды иммуногистохимиялық диагностикасы» тақырыбына медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне бірге іздестіру диссертациясы дайындалды. (Қарағанды, 2013 ж.) Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті.

Ғылыми жетекші: м.ғ.д., профессор В.Б. Сирота. Дәрістерді оқу, қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтарды жүргізу, 13 астам басылған жұмыстар, ҚР 1 интеллектуалды жеке меншік куәлігін тіркеу.


Бейсенаева Айжан Рысбекқызы ассистент-стажер, №1 ЖДТ кафедрасының магистранты 6М110100 - Медицина мамандығы бойынша. Ғылыми қызығушылықтары: Қалқанша без ауруларының диагностикасы және емі. Ғылыми жетекші: м.ғ.д. Г.М.Мулдаева. Қазақ және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізіледі.
Малышева Инна Александровна – ассистент - стажер, педагогикалық жұмысы –жылға дейін, клиникалық стажы –жылға дейін. Орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізіледі.


  • Пәннің саясаты:

«Мейірбике ісі негіздері» пәнін оқу барысында студент (мейірбике ісінің танымал теоретиктерінің мейірбике ісі теориясы мен практикасының дамуына қосқан үлесін, мейірбикелік практикадағы процестік тәсілдің даму себептерін, мейірбикелік процестің сипаттамасын, мақсаты мен мазмұнын, негізгі медициналық этика және деонтология, медициналық мекемелердегі емдеу-күзету, санитариялық-гигиеналық, санитарлық-эпидемиологиялық режимге қойылатын талаптарды, ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңдары мен нормативтік құқықтық құжаттарын, науқастың жағдайын алғаш бағалауды, науқастың мәселелерін, мейірбикелік процесті жоспарлауды, жоспарланған күтімді жүзеге асыруды білуі тиіс.

Студент практикада этика және деонтология негіздерін, санитарлық-гигиеналық және емдеу-күзету режимін қамтамасыз етуді, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу үшін қазіргі мейірбикелік технологияны, науқастардың жағдайына бағалау жүргізуді, ағза тіршілігінің жеке көрсеткіштерін өлшеу және бағалауды (термометрия, АҚ, пульсті өлшеуді, ТАЖ, диурезді бақалау), науқастың тамақтануын ұйымдастыру және тамақтандыруды жүзеге асыру, мейірбикелік процесс кезеңдерін жүзеге асыруды, парентеральды әдіспен дәрі-дәрмектерді беруді (тері астына, теріге, бұлшықетке, тамыр ішіне), науқасты зертханалық-аспаптық зерттеу әдістеріне даярлауды, мейірбике ісі құзіреті шегінде медициналық құжаттаманы жүргізуді, өз қызметінде нормативтік құқықтық құжаттарды қолдануды, қарапайым физиотерапия әдістерін қолдануды, емдеу бригадасымен бірге жұмыс жасауды, санитарлық-ағарду жұмыстарын өткізуді үйреніп алуы қажет.

Теоретикалық материалды оқыту барысында студенттерге қойылған кафедраның негізгі талабы болып табылады: пәннің күнтізбелік-тематикалық жоспарына сәйкес тәжірибелік сабақтарға күнделікті дайындалу.

Ішкі тәртіптерге сай студент сыртық келбет ерекшеліктерін сақтауы тиіс: медициналық халат, өзімен бірге ауысу аяқ киімін алып келу керек.

Пәнді оқу ауызша сұхбаттасу емтихан түрінде аяқталады . Емтиханға жіберілу рейтингісі 50% жоғары алған студенттер өтеді.

Студенттер, себепті босатқан сабағын кезекші мұғалімге кафедраның келісілген кеңес кестесі бойынша тапсырылады. Себепсіз босатылған сабақ өтелмейді. Егер босатқан сабағы жалпы сағаттан 50% дан жоғары болса, студент емтиханға жіберілмейді. Электрондық журналға «0» бағасы енгізіледі.

Ағымдық баға студентке мұғалім журналының 100-баллдық шкаласы әр орындалған тапсырмаға қойылады.

Әр тапсырма үшін ағымдық баға барлық оқу жұмысын ескереді (тәжірибелік сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ). Кестеге сәйкес межелік бақылауды тапсыру,кафедрада пән бойынша ОСӨЖ уақытында тапсырылады. Межелік бақылау пән бойынша барлық материал көлемін қамтиды, тәжірибелік сабақтар, ОСӨЖ және СӨЖ сабақтарының сұрақтарын қамтиды. Ағымдық үлгерім рейтингін есептеу (жіберілу рейтингі) барлық ағымдық бағалар және межелік бақылаудың орташа арифметикалық есептеу арқылы жүргізіледі.

.


  • Оқу пәнінің мінездемесі.

Кіріспе «Мейірбике ісі негіздері - бұл студенттерді практикалық денсаулық сақтаумен,медициналық мекемелерінің жұмысының ұйымдастырылуымен таныстыратын,науқастарды бақылау және оларға күтім жасау әдістерін үйрететін пән.Пәннің маңызы- медициналық көмекті ұйымдастырудың барлық сатыларымен кезеңдерінде кәсіптік қызметтің тұрақты стерео-типін құруда маманды қалыптастырудың интеграцияланған жүйесін қалыптастыру.

Пәннің зерттеу обьектісі – медицина саласының қызметкері пациентке жалпы күтім жасау бойынша жүзеге асыратын және диагностикалық,емдеу процесінің оң әсерін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік қызметтің барлық түрлерімен талаптары.


Пәннің мақсаты: науқастарға күтім жасау машықтарын үйрету және теория негіздерін меңгерту: студенттерге мейірбикенің кәсіби шеберлігі негіздерін меңгерту, мейірбикелік процесті мейірбикелік көмек көрсетудің ғылыми әдісі деңгейінде меңгерту.

Пәннің міндеттері:

  • Медициналық мекемелерде науқастарға күтім жасаудың теориялық және практикалық негіздеріне үйрету;

  • Кәсіптік этика және деонтология қағидаттарын, ойлау мәдениетін меңгеруге, ақпаратты таныстыру, талдау, қабылдау қабілетін, мақсат қою және оған жету жолын таңдауға үйрету;

  • Әріптестермен өзара қарым-қатынас жасауға және ұжымда, оның ішінде науқастарға медициналық көмек көрсетудің бекітілген тәртібіне сәйкес емдеу бригадасының құрамында жұмыс істеуге үйрету;

  • Мейірбике процесін жүзеге асыру және манипулация тәсілдері мен техникасына үйрету.


Оқудың соңғы нәтижесі:

Дескрипторлар

Оқудың соңғы нәтижесі

Компетенциялар

А

Білім деңгейін көрсету және оқып түсіну аймағында көптеген элементтер енгізу

Адамдардың анатомды-физиологиялық, психологиялық ерекшелігіне анықтама береді.

2,4

ҚР денсаулық сақтаудың нормативті заңдар құжаттарында атап көрсетеді.

1,3

Халықтардың денсаулық сақтау қолдауында орта мейірбике қызметкерінің ролін анықтайды

3,7

Негізгі медициналық этика және деонтолгия кезінде халықтың денсаулығын орташа бағалау, алдын алу, емдік диагностикалық және реабилитациялық іс-шаралар жүргізу

3,4,6

Негізгі мейірбикелік манипулацияларды дұрыс орындауды көрсету

2,4,7,

Б

Осы білім мен түсініктерді кәсіби деңгейде қолдану

Адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі жайлы білімді қолданады.

1,2,7

Адамның анатомиялық-физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін түсіндіреді және интерпретациялайды.

2,4,7

Орташа медициналық қызметкердәі рөлін және дені сау тұрғындарды сақтауды түсіндіреді.

3,4,7

Негізгі мейірбикелік манипулацияларды дұрыс орындауды көрсету

4,7,8

Денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құжаттарына сай.

1,3,6

Тұрғындар арасында сауықтандыру, алдын алу, емдік –диагностикалық және реабилитациялық іс шаралар өткізу кезінде негізгі медициналық этика мен деонтология білімін қолданады.

3,6,7

В

Мәселені шешу және дәлелді қалыптастырады.

Науқасқа сұрақ жүргізу.

3, 6, 7,8

Науқастың жағдайын функцияналды бағалау әдісінде қолданылады (пульс, дене қызуы, ТАЖ, антропометрия, АҚ өлшеу, тәуліктік диурез)

2, 3, 7,8

«Бастан аяққа» дейін принципі бойынша ағзаларды қарау және сүт бездерін зерттеу.

3,6,7,8

Негізгі мейірбикелік манипулацияларды дұрыс жүргізу

2,6,7,8

Зертханалық тексеру үшін жұғынды алу әдісі және қолдану техникасы: зәр, нәжіс, қақырық

3,6,7

Физикалық және психолгиялық денсаулықты бағалау

3,6,7,8

Науқастарды лабораториялық және инструментарлы зерттеу әдістеріне дайындыққа қатысады.

3,6,7,8

Науқастардың жеке қажеттіліктері мен мәселелерін ескере отырып, науқасты күтудің квалификациялық мейірбикелік үрдісті өңдеп, жүзеге асырады.

3, 6, 7, 8

Медициналық көмек көрсетуді және науқасты күтуді жүзеге асырады.

2,3, 6,7,8

Мейірбикелік құжаттаманы толтырады

2,7

Қазіргі статистикалық мәліметтер бойынша медициналық ұйымдарда зеріттеуді жүргізу және қорытындысын беру

2,6,7

Санитарлы - ағартушылық жұмысты жүзеге асырады

2,3,47

С

Ғылыми және этикалық, әлеуметтік ақпараттарды қалыптастыру және жинауды жүзеге асыру.

Зерттеуді және алынған мәліметтерді сұрастыруды,симптомдарды талдайды

2, 6, 7

Мейірбикелік диагнозды анықтау

2,5,7,8

Физиологиялық жүктілікті анықтау

2,5,7,8

Шұғыл жағдай кезінде өзін сауатты көрсету

2,4,5,7, 8

D

Ары қарай өзіндік оқуды жалғастыру қабілеті

Науқасты сұрастыруға, ауру тарихын жинауға , науқасты зерттеуге, мейірбикелік үдерістерді жүзеге асыруға қабілетті

3,6,7,8

Терапиялық аурулар кезінде жедел дәрігерге дейінге көмек көрсету

2,6,7,8

Науқас пен оның отбасын дәрілік заттарды қабылдау мен емдік тамақтануды ұйымдастыруға үйрете алады.

2,3,6,7,8

Топпен жұмыс жасауға қабілетті

2,4,6,7

Оқып жатқан саласында көпшілік ортасында сөз сөйлеу, өзінің ойларын жеткізу, ақпараттарға анализ және синтез жасау қабілеттері бар.

2,3,4,5,6

Е

Келесі пәндер бойынша оқуды ары қарай жалғастыруға қабілетті (постреквизиттер)

Мейірбике ісіндегі терапия, педиатрия, акушерства және гинекология, хирургия және реанимация.

2,3,4,5, 6, 7


Пререквизиттер. анатомия және физиология, жалпы патология негіздері, психология негіздері және коммуникативті дағдылар.
Постреквезиттер: мейірбике ісі бағыттары бойынша.


Пәннің қысқаша мазмұны: мейірбике ісінің жалпы сұрақтары заманауи көз қарас. Кәсіптік этика және деонтология. Стерилизация: түрлері, тәсілдері, құралдары. Пульсті, АҚ өлшеу әдістемесі. ТАЖ, дене температурасын өлшеу әдістемесі және диурезді бақылау. Инсулин мөлшерін есептеу. Инсулинді шприцке жинау.

Тері ішіне, тері астына, бұлшықетке, венаішілік инъекция салу орны, орындау техникасы. Венадан қан алу. Мейірбикелік үрдіс. Мейірбикелік үрдістің I, II, III, IV, V кезеңдері. Жүрек-өкпе реанимациясын өткізу техникасы. Тиімділік критериі.


Тәжірибелік сабақтардың тақырптық жоспары:



Тақырыптары

Өткізілу формасы

Сағаттар

Компетенттері

Кредит №1

1

Мейірбике ісі философиясы. Мейірбике ісінің негізгі ұғымдары.

Дискуссия, науқастарға сұрақ жүргізу, ауру тарихын талдау

1

1,2,5

2

Кәсіптік этика және деонтология.

Дискуссия, науқастарға сұрақ жүргізу, ауру тарихын талдау

1

2,3,6,7

3

АІИ туралы түсінік, инфекциялық үрдіс. Инфекциялық бақылау, АІИ алдын алу.

Санитралық эпидемияға қарсы іс шаралармен танысу. Бөлімшелерде жүзеге асырылуына қатысу. Санэпидрежимді ұйымдастыру тапсырмаларын талқылау

2

2,5,7

4

Дезинфекция: түрлері, тәсілдері, құралдары.

Аурухана бөлімшелерінде дезинфекция әдістерімен танысу, профилактикалық дезинфекция шараларына қатысуды жүзеге асыру

2

2,5,7

5

Стерилизация: түрлері, тәсілдері, құралдары

Аурухананың отралық стерилизация бөлімшелерімен, бөлімшелердегі стерилизация әдістерімен танысу

2

2,5,7

6

Дене биомеханикасы

Дискуссия, жаттығуларды орындау

1

2,5,7

7

Қабылдау бөлімінің құрылғысы және негізгі функциясы, пациентті снитарлық өңдеу (толық, ішінара), педикулез анықталғанда санитариялық өңдеу

Қабылдау бөліміндегі бақылаудың тапсырмаларын орындау

1

2,3,6,7,8

8

Емдеу бөлімшесіне науқасты тасмалдау

Семинар, сабақ ЕПМ

1

2,3,6,7,8

9

Пациенттің жеке бас гигиенасы. Көзге, құлаққа, мұрынға, ауыз қуыстарына, бастың шаш өсетін бөлігіне күтім жасау. Науқастың терісіне күтім жасау, тазалау жұмыстарын жүргізу техникасы: аяқ, жыныстық ағзалар мен анусты.

Семинар

1

2,3,6,7,8

10

Пациенттің төсегі мен іш киімін ауыстыру. Қолданбалы нәжіс-сауытпен, несепсауытпен,суднамен қамтамасыз ету (бөліністерді зарарсыздандыру)

Семинар, практикалық дағды орталығында сабақ жүргізу

1

2,3,6,7,8

11

Пульсті, АҚ өлшеу әдістемесі.

Семинар

1

2,3,6,7,8

12

ТАЖ, дене температурасын өлшеу әдістемесі және диурезді бақылау.

Семинар

1

2,3,6,7,8

Барлығы: 15 сағат

Кредит №2

1

Несепті зертханалық зерттеу үшін материал алу

Семинар, зертханадағы жұмыспен танысу

1

3,6,7,8

2

Қанды клиникалық зерттеу. Аңқа мен мұрыннан жұғынды алу.

Семинар, зертханадағы жұмыспен танысу

2

3,6,7,8

3

Қақырықты, нәжісті зертханалық зерттеу үшін материал алу

Семинар, зертханадағы жұмыспен танысу

2

3,6,7,8

4

Ампуладан және флаконнан дәрілерді жинау. Антибиотиктерді еріту және дайын ерітінділерді сақтау мерзімі.

Бөлімшедегі ем-шара кабинетінің жұмысымен танысу

2

3,6,7,8

5

Инсулин мөлшерін есептеу. Инсулинді шприцке жинау.

Бөлімшедегі ем-шара кабинетінің жұмысымен танысу

1

3,6,7,8

6

Тері ішіне инъекция салу орны, орындау техникасы

Семинар, практикалық дағды орталығында сабақ жүргізу

1

3,6,7,8

7

Тері астына инъекция салу орны, орындау техникасы

Семинар, практикалық дағды орталығында сабақ жүргізу

1

3,6,7,8

8

Бұлшықетке инъекция салу орны, орындау техникасы

Семинар, практикалық дағды орталығында сабақ жүргізу

1

3,6,7,8

9

Венаішілік инъекция жасау техникасы. Венадан қан алу.

Семинар, практикалық дағды орталығында сабақ жүргізу

2

3,6,7,8

10

Вена ішіне тамшылап дәрі құю техникасы.

Семинар, практикалық дағды орталығында сабақ жүргізу

2

3,6,7,8

Барлығы: 15 сағат

Кредит №3

1

Мейірбикелік үрдіс. Мейірбикелік үрдістің I, II кезеңдері.

Семинар

1

3,7,8

2

Мейірбикелік үрдістің III, IV, V кезеңдері

Семинар

1

3,7,8

3

Асқазанды жуу: жабдықтар, жүргізу техникасы, асқынулары.

Семинар, практикалық дағды орталығында сабақ жүргізу

2

3,6,7,8

4

Қуықты катетерлеу: жабдықтар, жүргізу әдістемесі, асқынулар, көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер

Семинар, практикалық дағды орталығында сабақ жүргізу

2

3,6,7,8

5

Тазарту және сифон клизмалары: жабдықтар, жүргізу әдістемесі, асқынулар, көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер

Семинар

1

3,6,7,8

6

Ішті босататын және дәрілік клизмалар: жабдықтар, жүргізу әдістемесі

Семинар

1

3,6,7,8

7

Газ шығаратын түтік: жабдықтар, жүргізу әдістемесі, асқынулар, көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.

Семинар

1

3,6 ,7,8

8

Пункциялар. Түрлері, мақсаты, көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер. Пункция жүргізу кезінде мейірбикенің қатысуы

Семинар

1

6,7,8

9

Рентгенологиялық зерттеу әдістері. Зерттеу жүргізу кезінде мейірбикенің қатысуы

Семинар, бөлімшенің диагностикалық кабинетінде сабақ жүргізу (Рентген, УЗИ, Эндоскопия)

1

4,6,7,8

10

Эндоскопиялық зерттеу әдістері. Зерттеу жүргізу кезінде мейірбикенің қатысуы

Семинар, бөлімшенің диагностикалық кабинетінде сабақ жүргізу(Рентген, УЗИ, Эндоскопия)

1

4,6,7,8

11

Ультрадыбыстық зерттеу. Зерттеу жүргізу кезінде мейірбикенің қатысуы

Семинар, бөлімшенің диагностикалық кабинетінде сабақ жүргізу(Рентген, УЗИ, Эндоскопия)

1

4,6,7,8

12

Жүрек-өкпе реанимациясын өткізу техникасы. Тиімділік критериі.

Семинар, практикалық дағды орталығында сабақ жүргізу

2

4,6,7,8

Барлығы: 15 сағат

Қорытынды: 45 сағат


Тақырыптық жоспар ОСӨЖ



Тақырыптары

Өткізілу формасы

Сағаттар

Компетенттері

Кредит№1

1

Медициналық ұйымдардағы санитарлық-эпидемиологиялық режим.

СӨЖ тапсырмасын орындауда оқытушыдан кеңес алу

2

2,3,7

2

ҚР денсаулық сақтаудың басымдылықтары

Өзіндік бақылау, эссе жазуда, тест сұрақтарын орындауда топтық жобаға қатысу

2

2,3,7

3

Мейірбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі. Мейірбикенің кәсіптік шаршауының алдын алу.

Дәріс конспектілерін оқу, негізгі оқулықпен семинар сабаққа оқытушының дайындауы

2

2,3,6,7

4

Мейірбикенің функциялық міндеттері. Науқастың құқығы.

СӨЖ тапсырмасын орындауда оқытушыдан кеңес алу

2

2,3,6,7

5

Дені сау адамның тамақтануын ұйымдастыру. Емдік диетаның сипаттамасы. Медициналық ұйымдарда тағаммен емдеуді ұйымдастыру. Жағдайы ауыр науқастарды тамақтандыру. Науқасты жасанды тамақтандыру

Тақырыптарды тереңдетіп оқыту


2


2,3,6,7


6

Қызба туралы түсінік. Әрбір кезеңде күтім жасау ерекшеліктері және кезеңдері

Дәріс конспектілерін оқу, негізгі оқулықпен семинар сабаққа оқытушының дайындауы

2

2,3,6,7

7

Науқастың терісіндегі патолгиялық өзгерістер: тершеңдік, мацерация, жауыр жара (пролежни)

СӨЖ тапсырмасын орындауда оқытушыдан кеңес алу

2

2,3,6,7

8

Физиологиялық уланулар

Өзіндік бақылау, эссе жазуда, тест сұрақтарын орындауда топтық жобаға қатысу

1

2,3,6,7

Барлығы: 15 сағат

Кредит№2

1

Мейірбикенің қолын өңдеу

Өзіндік бақылау, эссе жазуда, тест сұрақтарын орындауда топтық жобаға қатысу

1

2,3,6.7

2

Емшара кабинетінің жұмысын ұйымдастыру

Дәріс конспектілерін оқу, негізгі оқулықпен семинар сабаққа оқытушының дайындауы

2

2,3

3

Наркотиктік, психотроптық және қатты әсер ететін дәрі-дәрмектерді сақтау, есепке алу тәртібі

Тақырыптарды тереңдетіп оқыту

2

2,3,7

4

Дәрілік заттарды сырттай қолдану: дәрілік формалар, жүргізу әдістемесі

Тақырыптарды тереңдетіп оқыту

2

2,7,8

5

Дәрілік заттарды сублингвальдық, трансбукальдық, ректальдық енгізу тәсілдері.

Тақырыптарды тереңдетіп оқыту

2

2,7,8

6

Дәрі-дәрмектерді қабылдаудың энтеральдық тәсілі. Дәрі- дәрмек терді қабылдаудың ингаляциялық тәсілі.

Өзіндік бақылау, эссе жазуда, тест сұрақтарын орындауда топтық жобаға қатысу

2

2,7,8

7

Мейірбикенің қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезіндегі тәсілі және қауіпсіздік шаралары.

Өзіндік бақылау, эссе жазуда, тест сұрақтарын орындауда топтық жобаға қатысу

2

2,7,8

8

Инъекциядан кейінгі асқынулар

Тақырыптарды тереңдетіп оқыту

2

2,3,7,8

Барлығы: 15 сағат

Кредит №3

1

Мейірбикелік үрдіске кіріспе. Мейірбикелік үрдістің мәні, мақсаты мен міндеттері. Мейірбикелік үрдіс құжаттары: жүйе бойынша мейірбикелік ауру тарихы

Тақырыптарды тереңдетіп оқыту. СӨЖ тапсырмасын орындауда оқытушыдан кеңес алу


2

2,4,7

2

«Клизма » ұғымы. Клизманың түрлері, мақсаты, көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер.

Өзіндік бақылау, эссе жазуда, тест сұрақтарын орындауда топтық жобаға қатысу

2

2,4,6

3

Науқасты бронхографияға, флюорографияға, коронарографияға, ангиографияға, холецистографияға даярлау

Тақырыптарды тереңдетіп оқыту. СӨЖ тапсырмасын орындауда оқытушыдан кеңес алу

2

2,4,8

4

Науқасты урогрфияға, ирригографияға, асқазан мен ішекті зерттеуге даярлау

Өзіндік бақылау, эссе жазуда, тест сұрақтарын орындауда топтық жобаға қатысу

2

2,3,7,8

5

Науқасты ФГДС, бронхоскопияға, хромоцистоскопияға дайындау.

Дәріс конспектілерін оқу, негізгі оқулықпен семинар сабаққа оқытушының дайындауы

2

2,3,7,8

6

Науқасты колоноскопияға, ректороманоскопияға, цистоскопияға, торакоскопияға, лапароскопияға даярлау

Тақырыптарды тереңдетіп оқыту. СӨЖ тапсырмасын орындауда оқытушыдан кеңес алу

2

2,3,7,8

7

Клиникалық және биологиялық өлім туралы түсінік, белгілері.

СӨЖ тапсырмасын орындауда оқытушыдан кеңес алу

2

2,3,8

8

Өлікті күту ерекшеліктері.

Дәріс конспектілерін оқу, негізгі оқулықпен семинар сабаққа оқытушының дайындауы

1

2,4,7

Барлығыо: 15 сағат

Қорытынды: 45 сағат


Тақырыптық жоспар СӨЖ



Тақырыптар

Өткізілу формасы

Сағаттар

Компетенттері

Кредит№1

1

ҚР денсаулық сақтаудың басымдықтары

Презентация дайындау

2

2,3,6

2

Мейірбикелердің типтері ( Харди әдісімен)

Презентация дайындау

2

2,3,6

3

Мейірбикелік жұмыс орнындағы қауіпсіздігі. Мейірбикенің кәсіптік шаршауының алдын алу

Презентация дайындау

2

2,3,7

4

Мейірбикенің функциялық міндеттері. Науқастың құқығы

Презентация дайындау

2

2,3,7

5

Медициналық ұйымдардың типтері, құрылымы және жұмысын ұйымдастыру

Презентация дайындау

2

2,3,7

6

Емдеу бөлмелерін,тарату бөлмесін,асхананы жинастыру түрлері

Презентация дайындау

2

2,4,7

7

Медициналық ұйымдардағының емдеу-күзету режимі

Презентация дайындау

2

2,4,7

8

Пациенттің терісіндегі патологиялық өзгерістер: тершеңдік, мацерация, жауыржара (пролежни)

Презентация дайындау

1

2,3,7,8

Барлығы: 15 сағат

Кредит№2

1

Физиотерапиялық қарапайым шаралар:ұғымы, түрлері,әсер ету принциптері;емдік әсері:.

Презентация дайындау

2

2,3,7

2

Наркотиктік,психотроптық және қатты әсер ететін дәрі-дәрмектерді сақтау,есепке алу тәртібі.

Презентация дайындау

2

2,3,7

3

Мейірбикенің жекебас гигиенасына, арнайы киіміне қойылатын талаптар. Жеке қорғаныс барьерлері.

Презентация дайындау

2

2,4,7

4

Дәрілерді енгізудің парентеральдық тәсілінің мәні, түрлері, артықшылығы.

Презентация дайындау

2

2,4,7,8

5

Венепункция, венесекция.Венепункцияға арналған көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер.

Презентация дайындау

2

2,4,7,8

6

Инъекциядан кейінгі асқынулар

Презентация дайындау

2

2,4,7,8

7

Магний сульфатын, хлорлы кальцийді, гепаринді, майлы ерітінділерді, жүрек гликозидтерін енгізу ерекшеліктері.

Презентация дайындау

3

2,4,7,8

Барлығы: 15сағат

Кредит №3

1.

Қуықты жуу және қуыққа дәрілік заттарды енгізу: жабдықтар, енгізу әдістемесі, асқынулар, көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер

Презентация дайындау

2

2,4,7,8

2.

Рентгенологиялық зерттеу әдісі туралы түсінік.Көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер Зерттеу әдістері.

Презентация дайындау

2

2,4,7,8

3.

Электрокардиография.

Презентация дайындау

2

2,4,7,8

4

Спирография, спирометрия.

Презентация дайындау

2

2,4,7,8

5

Жоғарғы тыныс алу жолдары (Геймлих тәсілі) тығындау кезінде пациентке көмектесу.

Презентация дайындау

2

2,4,7,8

6

Реанимация туралы түсінік, қарапайым жүрек-өкпе реанимациясының көлемі мен кезеңділігі, тиімділік критерийі.

Презентация дайындау

3

2,4,7,8

7

Пациенттің термиялық жағдайы туралы түсінік, сатылары, бақылау және күтім жасау.

Презентация дайындау

2

2,4,7,8

Барлығы: 15 сағат

Қорытынды: 45 сағат



Кеңес:

Кеңес себепті сабақ босатқан студенттер бекітілген кесте бойынша кезекші мұғалімге тапсырады – сенбі күні кеңес уақыты 10.00 – 13.00 аралығында



Межелік бақылау кестесі:

Курс/

поток/группа



Пән

Апта/күн

Тақырыптық жоспар бойынша ОСӨЖ сабақтың нөмері

2-001, 2-002

Мейірбике ісі негіздері

8 апта / 13.03.2015ж.

№ 13

15 апта /01.05.2015ж.

№ 23,24

Қорытынды бақылау уақыты: ОӘО кестесіне бойынша


ОСӨЖ тапсырмасы: тапсырманы оздері орындауға және әдістемелік нұсқауға сүйене отырып орындауға болады. Сонымен қатар мұнда;

ОСӨЖ тапсырманы өткізу кестесі



Тапсырма номері

Тапсырма

Апта/күн

Тақырыптық жоспар бойынша ОСӨЖ сабақтың нөмері, тапсырмаға қосылған

1

Медициналық ұйымдардағы санитарлық-эпидемиологиялық режим.

ҚР денсаулық сақтаудың басымдылықтары

Мейірбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі. Мейірбикенің кәсіптік шаршауының алдын алу.

Мейірбикенің функциялық міндеттері. Науқастың құқығы.



3 апта/

06.02.2015ж.



№ 1,2,3,4

2

Дені сау адамның тамақтануын ұйымдастыру. Емдік диетаның сипаттамасы. Медициналық ұйымдарда тағаммен емдеуді ұйымдастыру. Жағдайы ауыр науқастарды тамақтандыру. Науқасты жасанды тамақтандыру

Қызба туралы түсінік. Әрбір кезеңде күтім жасау ерекшеліктері және кезеңдері

Науқастың терісіндегі патолгиялық өзгерістер: тершеңдік, мацерация, жауыр жара (пролежни)

Физиологиялық уланулар

Мейірбикенің қолын өңдеу


6 апта/

23.02.2015ж.



№ 5,6,7,8,9

3

Емшара кабинетінің жұмысын ұйымдастыру

Наркотиктік, психотроптық және қатты әсер ететін дәрі-дәрмектерді сақтау, есепке алу тәртібі

Дәрілік заттарды сырттай қолдану: дәрілік формалар, жүргізу әдістемесі

Дәрілік заттарды сублингвальдық, трансбукальдық, ректальдық енгізу тәсілдері.



8 апта/

13.03.2015ж.



№ 10,11,12,13

4

Дәрі-дәрмектерді қабылдаудың энтеральдық тәсілі. Дәрі- дәрмек терді қабылдаудың ингаляциялық тәсілі.

Мейірбикенің қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезіндегі тәсілі және қауіпсіздік шаралары.

Инъекциядан кейінгі асқынулар


10 апта/

27.03.2015ж.



№14,15,16

5

Мейірбикелік үрдіске кіріспе. Мейірбикелік үрдістің мәні, мақсаты мен міндеттері. Мейірбикелік үрдіс құжаттары: жүйе бойынша мейірбикелік ауру тарихы

«Клизма » ұғымы. Клизманың түрлері, мақсаты, көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер.

Науқасты бронхографияға, флюорографияға, коронарографияға, ангиографияға, холецистографияға даярлау


13 апта/

13.04.2015ж.



№ 17,18,19

6

Науқасты урогрфияға, ирригографияға, асқазан мен ішекті зерттеуге даярлау

Науқасты ФГДС, бронхоскопияға, хромоцистоскопияға дайындау.

Науқасты колоноскопияға, ректороманоскопияға, цистоскопияға, торакоскопияға, лапароскопияға даярлау

Клиникалық және биологиялық өлім туралы түсінік, белгілері.

Өлікті күту ерекшеліктері.


15 апта/

01.05.2015ж.



№ 20,21,22,23,24

Ескерту:ОСӨЖ тапсырмасын студенттерге пән мұғалімдері цикл уақытында береді.
(ОСӨЖ және СӨЖ) пән бойынша тапсырманы тапсыру және орындау кестесі:

Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

2-001, 2-002

ОСӨЖ және СӨЖ тақырып №







1/1







2/2




3/3




4/4







5/5




6/6












Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырма:

Тапсырма номері

Тапсырма

Апта/күн

Тақырыптық жоспар бойынша СӨЖ сабақтың нөмері, тапсырмаға қосылған

1

ҚР денсаулық сақтаудың басымдықтары

Мейірбикелердің типтері ( Харди әдісімен)

Мейірбикелік жұмыс орнындағы қауіпсіздігі. Мейірбикенің кәсіптік шаршауының алдын алу

Мейірбикенің функциялық міндеттері. Науқастың құқығы



3 апта/ 06.02.2015ж.

№ 1,2,3,4

2

Медициналық ұйымдардың типтері, құрылымы және жұмысын ұйымдастыру

Емдеу бөлмелерін,тарату бөлмесін,асхананы жинастыру түрлері

Медициналық ұйымдардағының емдеу-күзету режимі

Пациенттің терісіндегі патологиялық өзгерістер: тершеңдік, мацерация, жауыржара (пролежни)



6 апта/ 23.02.2015ж.

№ 5,6,7,8

3

Физиотерапиялық қарапайым шаралар:ұғымы, түрлері,әсер ету принциптері;емдік әсері.

Наркотиктік,психотроптық және қатты әсер ететін дәрі-дәрмектерді сақтау,есепке алу тәртібі.

Мейірбикенің жекебас гигиенасына, арнайы киіміне қойылатын талаптар. Жеке қорғаныс барьерлері.

Дәрілерді енгізудің парентеральдық тәсілінің мәні, түрлері, артықшылығы.



8 апта/ 13.03.2015ж.

№ 9,10,11,12

4

Венепункция, венесекция.Венепункцияға арналған көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер.

Инъекциядан кейінгі асқынулар

Магний сульфатын, хлорлы кальцийді, гепаринді, майлы ерітінділерді, жүрек гликозидтерін енгізу ерекшеліктері.


10 апта/ 27.03.2015ж.

№ 13,14,15

5

Қуықты жуу және қуыққа дәрілік заттарды енгізу: жабдықтар, енгізу әдістемесі, асқынулар, көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер

Рентгенологиялық зерттеу әдісі туралы түсінік.Көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер Зерттеу әдістері.

Электрокардиография.


13 апта/ 13.04.2015ж.

№ 16,17,18

6

Спирография, спирометрия.

Жоғарғы тыныс алу жолдары (Геймлих тәсілі) тығындау кезінде пациентке көмектесу.

Реанимация туралы түсінік, қарапайым жүрек-өкпе реанимациясының көлемі мен кезеңділігі, тиімділік критерийі.

Пациенттің термиялық жағдайы туралы түсінік, сатылары, бақылау және күтім жасау.



15 апта/ 01.05.2015ж.

№ 19,20,21,22

Ескерту:СӨЖ тапсырмасын студенттерге пән мұғалімдері цикл уақытында тапсырады.
Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер



Автор (лар)

Аталуы, шығарылу түрі

Обуховец, Т. П.

Основы сестринского дела [Текст] : практикум / Т. П. Обуховец. - Ростов н/Д : Феникс, 2014. - 603 с. : ил. - (Медицина для вас). - ISBN 978-5-222-22249-2 (в пер.) : 2570.00 тг

Даулетбаев, Д. А.

Алгоритмы (стандарты) сестринских манипуляций [Текст] : учеб.пособие / Д. А. Даулетбаев, М. А. Абабкова, Г. К. Ердесова. - Алматы : Эверо, 2011. - 240 с. : ил. - ISBN 9965-15-845-2 (в пер.) : 4000 т.

Н. А. Мухин,

В. С. Моисеев.



Пропедевтика внутренних болезней. М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 848 с + CD.

Ослопов, Владимир Николаевич

Общий уход за больными в терапевтической клинике. 2-е изд.испр.и доп. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2005. - 396 с.

Нурманова, М. Ш.

Сборник стандартов сестринских технологий по дисциплине "Основы сестринского дела" [Текст] : сборник / М. Ш. Нурманова, Ж. Т. Матакова, Э. Т. Бейскулова. - 2-е изд., испр. и доп. - Караганда : АҚНҰР, 2012. - 268 с.

Бектурсунова, А. Т.

Мейірбике ісі негіздері [Мәтін] : оқу әдістемелік құрал / А. Т. Бектурсунова ; КГМУ. - Қарағанды : [б. и.], 2009. - 80 б. - б/ц

Смолева, Эмма Владимировна

Сестринское дело в терапии с курсом первичной медико-санитарной помощи: учпособ Под редакцией В.Б Карабухина ИЗд 5-е Ростов на дон.Феникс 2007-474с

Мұратбекова С.Қ.


Мейірбике ісінің негіздері : Оқулық / С. Қ. Мұратбекова. - [б. м.] : Фолиант, 2007. - 604 с

Қосымша әдебиеттер



Автор (лар)

Аталуы, шығарылу түрі

Аубакирова, Д. Н.

Алгоритмы сестринского процесса и манипуляций [Текст] : учебно-методическое пособие / Д. Н. Аубакирова, Т. В. Марченко, Н. А. Тулеубаева ; КГМУ. - Караганда : [б. и.], 2012. - 40 с

Мухина, С. А.

Теоретические основы сестринского дела [Электронный ресурс] : электр. учебник / С. А. Мухина, И. И. Тарновская. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2011. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). - (Электронные учебники). - ISBN A5F38I2Z-X08B (в кор.)

Молотов-Лучанский, В. Б.

Введение в клинику [Текст] : учебно-методическое пособие / В. Б. Молотов-Лучанский ; КГМУ. - Караганда : [б. и.], 2012. - 52 с. - б/ц

Перфильева, Г.М.; Камынина, Н.Н.; Островская, И.В.; Пьяных, А.В.

Теория сестринского дела [Текст] : учебник для студ. мед.вузов / Г. М. Перфильева [и др.]. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 256 с. - ISBN 978-5-9704-1491-0 (в пер.) : 2600 т.

Смолева, Эмма Владимировна

Сестринское дело в терапии с курсом первичной медико-санитарной помощи: уч.пособ Под редакцией В.Б Карабухина ИЗд 2-е Ростов на дон.Феникс 2007-474с

Сопина, З. Е.

Современная методология сестринского дела [Текст] : учеб. пособие / З. Е. Сопина, И. А. Фомушкина, Э. О. Костюкова. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 256 с. - ISBN 978-5-9704-1055-4 : 2400 т.

Яромич, И. В.

Сестринское дело [Текст] : учебное пособие / И. В. Яромич. - 7-е изд., испр. - М. : Оникс, 2010. - 464 с : ил. - ISBN 978-5-488-02617-9 (в пер.) : 1100 т, 920 т

Мостицкая, Раиса Михайловна

Медсестра врача общей (семейной) практики. Ростов н/Д : Феникс, 2006. - 478 с.

Максименко, Н. Н.

Сестринский уход за пациентом [Текст] : учебно-методическое пособие / Н. Н. Максименко ; КГМУ. - Караганда : [б. и.], 2014. - 80 с. - Б. ц.


Оқыту және сабақ беру әдістері

  • Практикалық сабақ: семинар, дискуссия, клиникалық дағдыларды өткізу.

  • ОСӨЖ: жеке және топтық тапсырмаларды орындау, өзін –өзі тексеру сұрақтарын және тест сұрақтарын орындау, эссе жазу, топтық жобаға қатысу, таңдалған тақырып бойынша жоба жасау, тақырып бойынша шолу жасау, мейірбикелік ауру тарихын қорғау.

  • СӨЖ: оқу және қосымша литературамен, электрондық анықтамалар базаларымен жұмыс, таңдалған тақырып бойынша жоба жасау, тақырып бойынша шолу жасау.


Білімді бағалау әдісі:

Ағымдық бақылау: тестілеу, жазбаша /ауызша сұрау, жағдайлық тапсырмаларды шешу, іскерлік ойындар, өзін өзі бағалау, шағын топтарда жұмыс істеу кезінде жеке және топтвық бағалау, практикалық машықтарды және муляждар мен фантомдарды пайдаланып манипуляциялық техниканы бағалау.
Межелік бақылау: жазбаша
Қорытынды бақылау: емтихан ауызша түрде


Баға саясаты

Баға үлгерімі әрбір тоқсан сайын мұғалім журналына қойылады. Баға сапасы теориялық материалдар(тесттер,сұраққа-жауап) және практикалық нәтиже (тапсырма шешімі,практикалық тапсырманың орындалуы,студенттің өзіндік жұмысы) меңгеріледі.«Платонус» атты электронды журналында бағаны әрбір тарауына қояды.Баға барлық орташа арифметикалық түрде болады.

Аралық аттестация ( межелік бақылау) тоқсан ағымында балдық бағамен өтеді.
Әріптік жүйе бойынша білімін және төрт-балдық жүйеде бағаның сандық эквивалентін бағалау


Таңбалау жүйесі бойынша бағалау

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық



С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Академиялық мобильділіктің дамуына байланысты пән бойынша силлабус межелік балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау.
ECTS білім алушылардың білімін бағалаудың балдық - рейтингтік жүйесі

  ECTS бойынша бағасы


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Бағаның сандық эквиваленті


Пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А

4,0

100

Өте жақсы

В

В+

3,33

85

жақсы

С

В

3,0

80

D

С

2,0

65

қанағаттанарлық

E

D

1,0

50

FX, F

F

0

0

қанағаттанарлықсыз


Білім бағасының критериі**

«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қатерліктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады

«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.


  • Рейтинг санау және пән бойынша интегральды бағаны қою әдісі:

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық эквивалентті

% мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

Бағалаудың белгілері

А

4,0


95-100


Өте жақсы



Клиникалық сұрақтардың мазмұны толықтай ашылған. Қажетті ойлау қабілетімен жауап беруде пәндік саладағы терминология мен символика пайдаланылған. Жауап бергенде студент әртүрлі қиындық деңгейіндегі оқу материалын меңгерген, қажеттілік туындап жатса, басқа оқу пәндері мен курстың мәліметтерін пайдаланған. Қосымша сұрақтарға жауап берген кезде өзіндік жұмыстар негізінде теориялық білімдерінің жүйесін дамыта алады. Практикалық бөліктің барлық тапсырмалары орындалған, клиникалық ойлау қабілетінің жоғарылығы және клиникалық дағдыларын қолдана алатындығы көрінді. Шешімдері ойлауының жоғарылығымен, негізделгендігімен, оңтайлылығымен түсіндіріледі, тапсырмалардың шешімдерін табуда стандартты болмауы мүмкін.

А-

3,67


90-94





Жауап беру кезінде студент әр түрлі қиындық деңгейі бар оқу материалдарымен қаруланғанын көрсеткен, оқу пәнінің мазмұнын өте жақсы меңгерген, сонымен қатар осы білімдерінде шығармашылық қабілетін көрсетеді, қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, шешімге келеді. Жауап берушінің өзімен қатесі табылатын бір ғана маңызсыз кемшілік бар. Практикалық бөліктің тапсырмасын орындау кезінде студент барлық тапсырмаларды орындаудағы жоғарғы кәсібилігін көрсете алған, клиникалық ойлау қабілетінің жоғарылығы, және оны клиникалық дағдыларды орындау кезінде көрсету. Үздік жауап кезінде бір маңызсыз кемшілік жіберіледі, ол жауап берушінің жауабына еш қатысы жоқ, және жауап берушінің өзімен тез арада түзетіледі.

В+

3,33

85-89

Жақсы


Оқу пәнінің негізгі ережелеріне жауап беру кезінде, немесе басқа да қажетті материалға жауап бергенде, оқытушының ескертуімен студенттің өзі түзететін бір-екі қателіктері бар. Қосымша сұрақтарға жауап беру кезінде студент бағдарламалық оқу материалына сүйене отырып жауап береді, оны таныс емес жағдайда шешудің жолын көрсетеді, қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, оны үлгілермен бекітеді. Практикалық бөлімде клиникалық ойлауы көрінеді, оқытушының ескертуімен студенттің өзімен түзетіледі.

В

3,0


80-84


Курстың негізгі материалдарының іргелі ережелерін көрсету кезінде студент бағдарламалық оқу бағдарламасын меңгергенін көрсетеді, ол әр түрлі қиындық деңгейлерінен болуы мүмкін, сонымен қатар оны таныс жағдайда қиындықсыз көрсете алады. Жауап беру кезінде бір қатеден көп емес бір-екі кемшіліктер көрінеді. Студент сенімді түрде қосымша сұрақтарға жауап береді, ол негізгі оқу бағдарламасы курсының негізгі ережелеріне қатысты. Практикалық бөлімді шешу кезінде біліктіліктер мен сәйкес стандартты емес жағдайларда клиникалық дағдыларын пайдалана алады, бірақ практикалық тапсырмалардың нәтижелерін рәсімдеуде маңызды емес қателіктері мен аздаған кемшіліктері бар.

В-

2,67

75-79

Оқу бағдарламасының негізгі ережелері қателіктерімен айтылады. Алайда қосымша сұрақтарға жауап бергенде студент аса көп қателіктер жібермей, оқу материалының негізгі бөліктеріне жауап бере алады, үлгі бойынша таныс жағдайда бар білімдерін көрсету. Практикалық тапсырмаларды орындау үшін негізгі клиникалық дағдыларды пайдалана алады. Практикалық бөлігін орындау кезінде кейбір жағдайларда дұрыс емес, қорытындыға әкелетін үш қателер жіберілген. Практикалық бөлімнің тапсырмаларын рәсімдеуде аздаған қателіктер жіберілген.

С+

2,33

70-74


Қанағаттанарлық



Жауап беруде оқу материалын негізсіз пайдаланғаны көрінеді. Жауапта көрініс тапқан ережелер логикалық байланыссыз жүйесіз айтылады. Маңызды және негізгі түсініктерге және оқу материалының фактілеріне байланысты қосымша сұрақтарға жауап бергенде пәндік саладағы терминологияны пайдалануда қиындықтарға тап болады. Жауап беру кезінде студент әрдайым теориялық білімін қажетті клиникалық материалды пайдалана отырып анықтап бере алмайды. Практикалық бөліктің тапсырмасын орындау кезінде студент клиникалық дағдыларды, емдеу диагностикасы, емдеу, т.б. орындау кезінде айырықша күрделі қателіктер жасайды.

С

2,0


65-69


Материалды баяндау жекелеген үлгілерде нақты емес, жүйеленбеген және қателері бар, негізгі теориялық ережелерді орындауда клиникалық дағдылар/ойлау қабілеті дұрыс қолданылмаған. Студент өз білімін тек нақты таныс жағдайда ғана қолдана алады, ал маңызды емес өзгеріс енгізілсе, қиындықтарға тап болады. Сонымен қатар қиындықтар қосымша сұрақтарға жауап беру кезінде де көрінеді, бірақ оқу бағдарламасы мен теориялық ережелердің кейбіреулерінде білімін көрсете алады. Студент жеңіл типтік үлгілер мен клиникалық тапсырмаларды шеше алады, практикалық тапсырманы орындау кезінде клиникалық дағдыларының төмен деңгейде қалыптасқанын көрсетеді.

С-

1,67

60-64


Студент жауап беруге тырысты, бірақ оның білімдері үзілген және жүйесіз. Пәндік саладағы терминологияны төмен меңгерген. Қателері және кемшіліктері бар үш практикалық тапсырма орындалған. Студент меңгерілген материал мен нақты клиникалық үлгілерді шешумен байланысты екенін өзіндік түсіне алмайды, оқытушының көмегінсіз студент өзіне жақсы белгілі фактлерді де пайдалана алмайды.

D+

1,33

55-59

Студент қойылған сұраққа жауап беруге талпынды, ол оқу материалы туралы көп түсінік бере алмайды. Білім оқу бағдарламасының теориялық жағынан да, клиникалық дағдыларды практикалық меңгеруде де көріне алмаған. Ұсынылған практикалық тапсырмалардың немесе клиникалық дағдылардың төрттен бір бөлігін ғана шешу, сонымен қатар маңызды кемшіліктері бар, клиникалық дағдыларды шешуде де, практикалық тапсырмаларды орындауда да. Студент клиникалық дағдыларды орындауда көптеген күрделі қателіктер жасаған.

D

1,0


50,54


Сұраққа жауап беруге талпынған кезде студент өзіне түсініксіз пәндік саладағы білімін көрсеткен. Ұсынылған клиникалық тапсырманы шешуде қадам жасаған. Практикалық тапсырма тек бөлшектеліп қана орындалған, жеке клиникалық дағдыларды өте төмен меңгерген.

F

0



0,49

Қанағаттанарлықсыз

Студенттің жауап беруден бас тартуы немесе пәндік саладағы теориялық білімдерді білмеу. Бірде бір клиникалық тапсырма орындалмаған, немесе клиникалық тапсырмалар (практикалық тапсырмалар) дұрыс орындалмаған.


Межелік бақылау бағдарламасы:

Межелік бақылауға арналған бағдарлама №1


  1. Мейірбике ісі философиясы. Мейірбике ісінің негізгі ұғымдары.

  2. Кәсіптік этика және деонтология.

  3. АІИ туралы түсінік, инфекциялық үрдіс. Инфекциялық бақылау, АІИ алдын алу.

  4. Дезинфекция: түрлері, тәсілдері, құралдары.

  5. Стерилизация: түрлері, тәсілдері, құралдары.

  6. Дене биомеханикасы.

  7. Қабылдау бөлімінің құрылғысы және негізгі функциясы, пациентті снитарлық өңдеу (толық, ішінара), педикулез анықталғанда санитариялық өңдеу.

  8. Емдеу бөлімшесіне науқасты тасмалдау

  9. Пациенттің жеке бас гигиенасы. Көзге, құлаққа, мұрынға, ауыз қуыстарына, бастың шаш өсетін бөлігіне күтім жасау. Науқастың терісіне күтім жасау, тазалау жұмыстарын жүргізу техникасы: аяқ, жыныстық ағзалар мен анусты..

  10. Пациенттің төсегі мен іш киімін ауыстыру. Қолданбалы нәжіс-сауытпен, несепсауытпен,суднамен қамтамасыз ету (бөліністерді зарарсыздандыру).

  11. ТАЖ, дене температурасын өлшеу әдістемесі және диурезді бақылау. Пульсті, АҚ өлшеу әдістемесі.

  12. Медициналық ұйымдардағы санитарлық-эпидемиологиялық режим.

  13. ҚР денсаулық сақтаудың басымдылықтары

  14. Мейірбикенің функциялық міндеттері. Науқастың құқығы..

  15. Медициналық ұйымдарда тағаммен емдеуді ұйымдастыру. Жағдайы ауыр науқастарды тамақтандыру. Науқасты жасанды тамақтандыру.

  16. Қызба туралы түсінік. Әрбір кезеңде күтім жасау ерекшеліктері және кезеңдері.

  17. Науқастың терісіндегі патолгиялық өзгерістер: тершеңдік, мацерация, жауыр жара (пролежни)

  18. Физиологиялық уланулар.

  19. Мейірбикенің қолын өңдеу.

  20. Емшара кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.

  21. Наркотиктік, психотроптық және қатты әсер ететін дәрі-дәрмектерді сақтау, есепке алу тәртібі

  22. Дәрілік заттарды сырттай қолдану: дәрілік формалар, жүргізу әдістемесі.

  23. Дәрілік заттарды сублингвальдық, трансбукальдық, ректальдық енгізу тәсілдері.



Межелік бақылауға арналған бағдарлама №2


  1. Инсулин мөлшерін есептеу. Инсулинді шприцке жинау.

  2. Тері ішіне, тері астына, бұлшықетке инъекция салу орны, орындау техникасы .

  3. Венаішілік инъекция жасау техникасы. Венадан қан алу. Вена ішіне тамшылап дәрі құю техникасы.

  4. Мейірбикелік үрдіс. Мейірбикелік үрдістің I, II, III, IV, V кезеңдері.

  5. Асқазанды жуу: жабдықтар, жүргізу техникасы, асқынулары.

  6. Тазарту және сифон клизмалары: жабдықтар, жүргізу әдістемесі, асқынулар, көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.

  7. Ішті босататын және дәрілік клизмалар: жабдықтар, жүргізу әдістемесі.

  8. Газ шығаратын түтік: жабдықтар, жүргізу әдістемесі, асқынулар, көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.

  9. Қуықты катетерлеу: жабдықтар, жүргізу әдістемесі, асқынулар, көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.

  10. Пункциялар. Түрлері, мақсаты, көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер. Пункция жүргізу кезінде мейірбикенің қатысуы.

  11. Қуықты жуу және қуыққа дәрілік заттарды енгізу: жабдықтар, енгізу әдістемесі, асқынулар, көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер.

  12. Рентгенологиялық зерттеу әдісі туралы түсінік.Көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер Зерттеу әдістері.

  13. Электрокардиография.Спирография, спирометрия.

  14. Жоғарғы тыныс алу жолдары (Геймлих тәсілі) тығындау кезінде пациентке көмектесу.

  15. Реанимация туралы түсінік,қарапайым жүрек-өкпе реанимациясының көлемі мен кезеңділігі, тиімділік критерийі.

  16. Пациенттің термиялық жағдайы туралы түсінік, сатылары, бақылау және күтім жасау.

  17. Рентгенологиялық зерттеу әдістері. Зерттеу жүргізу кезінде мейірбикенің қатысуы.

  18. Эндоскопиялық зерттеу әдістері. Зерттеу жүргізу кезінде мейірбикенің қатысуы.

  19. Ультрадыбыстық зерттеу. Зерттеу жүргізу кезінде мейірбикенің қатысуы.

  20. Жүрек-өкпе реанимациясын өткізу техникасы. Тиімділік критериі.


Ескерту: әрбір межелік бақылауға оны өткізудің толық бағдарламасы енгізіледі және осы межелік бақылауға енгізілген барлық пәндердің тақырыбы қамтылады.
Қорытынды бақылау бағдарламасы: пән бойынша қорытынды бақылауды жүргізу үшін пәндер бойынша қорытынды бақылауға енгізілген және барлық бағдарламаны қамтитын толық бағдарлама кіреді.
с. 1

скачать файл

Смотрите также: