«Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың


с. 1 с. 2 ... с. 6 с. 7


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «12» мамырдағы

№ 501 қаулысымен

бекітілген

«Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер


  1. «Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық бөлімшелері (Салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттері) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық бөлімшелерінің мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің мекенжайы: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.

  1. Мемлекеттік қызмет ішінара автоматтандырылған.

  2. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 9) және 21) тармақшаларының, 599, 601–602, 605–606-баптарының негізінде көрсетіледі.

  3. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсынан www.salyk.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталығына 8 (7172) 58-09-09 телефоны бойынша өтініш жасай отырып алуға болады.

Мемлекеттік қызмет стандарты:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Салық комитеті» бөлімінің «Салықтық қызметтерді көрсету стандарттары» кіші бөлімінде;

  2. салық органдарының ақпараттық стенділерінде орналастырылған.

  1. Мыналар көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады:

артық немесе қате төленген сомаларды тиісті бюджет сыныптамасының кодына және (немесе) салық төлеушiнiң дербес шотының карточкасында тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізу не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту;

қатенің расталмауы туралы жазбаша хабарлама – қателердің бар екендігі расталмаған жағдайда қате төленген салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару бойынша;

салық төлеушінің дербес шотының карточкасында көрсете отырып төленген сомаларды салық төлеушінің банктік шотына қайтару – төленген салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімақы, айыппұл сомаларын қайтару бойынша не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту;

салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалғаны туралы хабарлама – мемлекеттік баж сомасын қайтару бойынша;

Артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы – бұл бюджетке төленген (есепке алынған және қайтарылған сомалар есебімен) және бюджетке төленген салық, төлемақының, өсімпұлдың есептелген сомаларының (азайтылғандардың есебімен) алдындағы салық кезеңдері үшін салықтың, төлемақының, өсімпұлдың осы түрі бойынша есеп айырысу есебімен салық кезеңі үшін бюджетке төленетін салық, төлем, өсімпұл сомалары арасындағы оң айырмасы.

Осы стандартта төлемақы түсінігі ретінде жер учаскелерін, жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаға эмиссия үшін, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыстарды бергені үшін төлемақы танылады.


Cалықтардың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің қате төленген сомалары - бұл аудару кезінде мынадай қателер жіберілген түсімдер:

  1. төлем құжатында:

салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу нөмірі, 2012 жылдың
1 қаңтарынан бастап – салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі қате көрсетілген;

салық органының тіркеу нөмірі, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап – салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі қате көрсетілген;

төлемнің мәтіндік мәні төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеуі;


  1. салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қате орындауы;

  2. ақша жіберуші салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмайтын салық органына төлем жүргізуі;

  3. ақша жіберуші салық төлеуші салықтың осы түрі бойынша немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша төлеуші болып табылмауы.

Бюджетке төленген басқа да міндетті төлемдерді қайтару мынадай себептер болған кезде жүзеге асырылады:

  1. тіркеуді жүргізуден (есепке қоюдан) немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төменде аталған түрлері бойынша тіркеуші органдарга тиісті құжаттарды бергенге дейін құжаттарды алудан бас тарту:

мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркеу (есепке қою) үшін алым;

қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым;

телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергені үшiн алым;

заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу үшін, сонымен қатар оларды қайта тіркеу үшін алым;

дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым;

жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілілерді мемлекеттік тіркеу үшін алым;

жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым;

радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым;

көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ оларды қайта тiркеу үшiн алым;

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ оларды қайта тiркеу үшiн алым;


  1. аукционнан алынатын алымды қайтару кезінде соттың аукцион заттарын сатып алу-сату мәмілелерін жарамсыз деп тануы;

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi органның өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес орманның тозу немесе жойылу қаупі туындаған кезде ағаш ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы – орманды пайдаланғаны үшін төлемақыны қайтару кезінде шешім қабылдауы;

  3. мемлекеттiк бажды iшiнара немесе толық қайтару кезінде:

мемлекеттiк бажды талап етiлген мөлшерден көбiрек енгiзiлуі;

арызды (шағымды) қайтару немесе оны қабылдаудан бас тарту, сондай-ақ нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан нотариустардың немесе уәкiлеттi тұлғалардың  бас тартуы;

iс жүргiзудің тоқтатылуы немесе iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не талапты әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қоюдың қараусыз қалдырылуы;

мемлекеттiк баж төлеген тұлғалардың заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасайтын органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартуы;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.

Төленген айыпұл сомасын қайтару оны жою немесе өзгерту себептерінен болады.

Қайтару ұлттық валютада жүргізіледі.


  1. Мемлекеттік қызмет салық төлеуші ретінде тіркелген жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

      1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

  1. қажетті құжаттар қабылданған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі:

салықтың, бюджетке төленетін басқа да төлемнің артық немесе қате төленген сомасын есепке жатқызу/есепке жатқызудан бас тарту бойынша – 10 (он) жұмыс күні;

артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасын қайтару/қайтару жүргізуден бас тарту бойынша – 15 (он бес) жұмыс күні;

қате төленген салық, бюджетке төленетін басқа да төлем сомасын қайтару/қайтару жүргізуден бас тарту бойынша – 10 (он) жұмыс күні;

төленген айыппұл сомасын қайтару/ қайтару жүргізуден бас тарту бойынша – 30 (отыз) жұмыс күні;



  1. қайтаруға құжаттарды тапсыру мерзімі:

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары – салық кезеңі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жылдан кеш емес;

салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін айыппұл сомалары – айыппұл сомасы бюджетке есепке жатқызылған күннен бастап 5 (бес) жылдан кеш емес;

өзге себептермен салынған айыппұл сомалары – айыппұл сомасы бюджетке есепке жатқызылған күннен бастап бір жылдан кеш емес;

төленген мемлекеттік баж сомалары – мемлекеттік баж сомасы бюджетке есепке жатқызылған күннен бастап 3 жылдық мерзім өткенге дейін;



  1. құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 20 (жиырма) минут.

  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығының (бұдан әрі – Орталық) жұмыс режимі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.

Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттерінің жұмыс режимі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті кеңсесінің (кіру өткізу бюросы жағынан) жұмыс режимі: демалыс пен мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Жеделдетілген қызмет көрсету режимі көзделмеген.

10. Орталық салық төлеушілерге қызмет көрсетуге бөлінген операциялық залды немесе бірнеше бөлек кабинеттерді білдіреді, оларда күту орындары, құжаттарды толтыру мен құруға арналған үстелдер, анықтамалық, консультациялық қызметтерді көрсетуге арналған «терезелер», ақпараттық стенділер, дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған.

Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттерінің үй-жайларында күту орындары, құжаттарды толтыру мен қалыптастыруға арналған столдар, ақпараттық стенділер, дене мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің өткізу бюросында ақпараттық стенділер және күту орындары, дене мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға жағдайлар қарастырылған, өртке қарсы қаупсіздік шаралары қабылданған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін белгіленген нысан бойынша салық төлеуші (салық агенті) салықтарды, бюджетке төлентін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге салықтық өтініш (бұдан әрі – салықтық өтініш) беруі қажет.

Салықтық өтініш:

салықтардың, төлемақылардың, өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызуды жүргізу кезінде – осындай салық, төлемақы, өсімпұл бойынша салық төлеушінің дербес шоттары жүргізілетін;

салықтардың, төлемақылардың, өсімпұлдардың артық төленген сомаларын қайтару кезінде – осындай салық, төлемақы, өсімпұл бойынша салық төлеушілердің дербес шоттары жүргізілетін;

айыппұлдың төленген сомаларын қайтару кезінде – айыппұлды төлеу орны бойынша;

қате төленген салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомаларын есепке жатқызу/қайтару кезінде – қате төлем жүргізілген салық органына беріледі.

Салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) таңдауы бойынша:

1) салық төлеушінің (өкілінің) қолымен және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің (өкілінің) мөрімен куәландырылған қағаз жеткізгіште өзі келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы. Өзі келу тәсілін таңдаған кезде салықтық өтініш екі данада тапсырылады;

2) «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы мынадай тәсілдермен:

салық органынан. Салық органдарының телекоммуникациялары мен компьютерлік жабдықтарын пайдалану мүмкіндігі тегін ұсынылады;

интернет желісіне қолжетімділігі бар салық төлеушінің (салық агентінің) жұмыс немесе үй компьютерінен салық органдарының бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана отырып, салық органы берген электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды түрде табыс етіледі.

Салықтық өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

бюджетке артық (қате) төленген кеден төлемдері мен салықтардың, өсімпұлдардың сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растауы. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде кеден органдары өндіріп алатын бюджетке артық төленген кеден төлемдері мен салықтарды есепке жатқызу жүргізген кезде – салықтық өтінішті электронды түрде ұсынған кезде бюджетке артық (қате) төленген кеден төлемдері мен салықтардың, өсімпұлдардың сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растауы өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады;

қайтару жүргізу кезінде – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу туралы төлем құжатының түпнұсқасын немесе көшірмелері;

сондай-ақ қайтарудың түріне байланысты мынадай құжаттар:

кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде кеден органдары өндіріп алатын бюджетке артық төленген кеден төлемдері мен салықтарды қайтару кезінде:

кеден төлемдері мен салықтарды, өсімпұлдарды бюджетке төлеу туралы төлем құжатының көшірмесі;

бюджетке артық (қате) төленген кеден төлемдері мен салықтар, өсімпұлдар сомаларының бар екендігі туралы кеден органдарының растауы;

айыппұлдың төленген сомаларын қайтару кезінде:

әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы;

айыппұлдың төленгенін растайтын құжат;

айыппұл сомасының өзгергені немесе соның негізінде заңсыз айыппұл салынған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының күшін жою туралы сот немесе жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) актісі;

айыппұлдың заңсыз салынғандығын растайтын өзге де құжаттар;

айыппұл сомасының есебі бойынша бюджет жіктеуішінің кодтарына келіп түскен қате төленген сомаларды қайтару кезінде – айыппұл сомасын қайтаруға келіп түскен өтініш шеңберінде тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тарту фактісінің жоқ екенін растайтын әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алуды жүзеге асыратын органның құжаты;

бюджетке төленген алымдар сомаларын қайтару кезінде – өтініш беруші лицензия, рұқсат алу үшін тіркеу әрекеттерін жасауға құжаттарды ұсынбағандығын растайтын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берілген құжат;

орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару кезінде – орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иесі берген құжат;

мемлекеттік мекеменің үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғау жағдайларын қоспағанда, пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан салық төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтару кезінде – мемлекеттік бажды төлеу туралы төлем құжатын, оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті органның құжаты, сот органының шешімі қоса беріледі.


  1. Салықтық өтініштердің бланкілері салық төлеушіге салық органдарында тегін беріледі. Сондай-ақ салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша («Ұсынылған сілтемелер» бөлімінің «Салықтық өтініштер» кіші бөлімінде) орналасқан салықтық өтініштердің нысандарын өзі дербес қағазға басып шығара алады.

  2. Салықтық өтініштер тапсырылатын облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттерінің мекенжайлары осы Стандартқа
    1-қосымшада келтірілген, кабинеттердің нөмірлері салық органдарының стенділеріне орналастырылады, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің мекенжайы: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.

  3. Мыналар салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару үшін қажетті құжаттардың тапсырылғандығын растау болып табылады:

      1. өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште тапсырған кезде:

салық төлеушіде қалатын салықтық өтініштің екінші данасына қызметкердің тегін, аты-жөнін, қолын және салықтық өтініштің қабылданған күнін қоюды білдіретін салықтық өтініштің қабылданғандығы туралы салық органы қызметкерінің белгісі;

кіріс құжатын қабылдау және шығыс құжатын беру туралы мәліметтер көрсетілген талон;



  1. пошта арқылы тапсырған кезде – пошта хабарламасында салық органы белгісінің болуы;

  2. электронды түрде берген кезде – «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасының «Сервис» бөлімінің «Салықтық өтініштер» кіші бөлімінде салықтық өтініштің «Өңделуде» мәртебесінде болуы.

  1. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару жүргізу немесе есепке жатқызудан және қайтару жүргізуден бас тарту туралы ақпаратты салық төлеуші:

1) құжаттарды тапсырған орны бойынша Орталықтың тиісті «терезесінен» – есепке жатқызуды жүргізу үшін қажетті мерзім өткеннен кейін салыстыру актісін жасап немесе салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы немесе дербес шотынан көшірме жазба алып, сондай-ақ қатенің расталмауы туралы жазбаша хабарды, салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімін орындалғаны туралы хабарландыруды немесе есепке жатқызу немесе қайтару жүргізуден бас тартуды ала отырып;

      1. «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында – дербес шоттар жүргізілетін салықтар және төлемақылар бойынша дербес шоттың карточкасын қарай отырып;

      2. салық төлеушінің ашық банк шоттары бар банктен – қайтаруды жүргізу үшін қажетті мерзім өткеннен кейін салық төлеушінің банк шоттарының жағдайлары туралы мәліметтерді қарай отырып алады.

    1. Мынадай жағдайларда есепке жатқызудан бас тартылады:

  1. осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакеті табыс етілмесе;

  2. басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуға салықтық өтініш берілген;

  3. салық есептілігін тапсыру мерзімі ұзартылған жағдайда оларды тапсырғанға дейін есепке жатқызуға салықтық өтініш берілген;

  4. есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларөндіру бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтаған жағдайды қоспағанда, осындай тауарларға артық төленген акциз сомаларын есепке жатқызуға салықтық өтініш берілген;

  5. қарау нәтижесінде артық/қате төленген сомалардың бар екендігі расталмайтын салықтық өтінішті табыс етсе.

Мынадай жағдайларда қайтару жүргізуден бас тартылады:

  1. осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакеті табыс етілмесе;

  2. қате төленгендерді қоспағанда, төленген басқа да міндетті төлемдердің бюджеттен қайтаруға жатпайтын мынадай түрлерін қайтаруға салықтық өтінішті табыс етсе:

алым төлеген адам тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін тіркеу жасаудан (есепке тұрудан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, тіркеу алымы;

алым төлеген адам лицензиарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін алым;

алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым;

жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

орманды пайдаланғаны үшін төлемақы, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде орманның тозу немесе жойылу қаупі туындаған кезде ағаш ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

консулдық алым;



  1. салық берешегі бар салық төлеуші қайтаруға салықтық өтініш табыс еткен;

  2. құрылымдық бөлімшелерінде салық берешегі бар заңды тұлға қайтаруға салықтық өтініш берсе;

  3. есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларға артық төленген акциз сомаларына, салық төлеушінің аталған тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, қайтару жүргізуге салықтық өтініш берілсе;

  4. қарау нәтижесінде артық/қате төленген сомалардың бар екендігі расталмайтын салықтық өтінішті табыс етсе.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Салық қызметі органдарының жұмыс қағидаттары:

  1. салықтық қызмет көрсету рәсімі туралы толық ақпарат беру;

  2. қызмет көрсету кезінде салық төлеушілердің құқықтарын сақтау;

  3. салықтық қызметтерді тегін көрсету;

  4. салық қызметі органдарының қызметкерлері тарапынан сыпайы қарым-қатынас;

  5. салық төлеуші ұсынған ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялығы болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде салық қызметі органдарының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі

 


  1. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін салық органдарында лауазымды адамдар түсіндіреді, олардың байланыс деректері осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген, сондай-ақ 8 (7172) 58-09-09 телефон нөмірі бойынша салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталықта беріледі.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда берілетін шағымдар таңдауы бойынша:

    1. мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасалатын салық органына қатысты жоғары тұрған салық органының басшысына тікелей. Салық органдары басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген, сондай-ақ салық органдарының ақпараттық стенділерінде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша орналастырылған;

    2. мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасалатын салық органына қатысты жоғары тұрған салық органының «сенім» телефонына және (немесе) 8 (7172) 717963 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «сенім» телефонына. Республика салық органдарының «сенім телефондарының» тізбесі осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген;

    3. call-e-tax@mgd.kz мекенжайы бойынша электрондық шағым кітабына;

    4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Төрағаның блогы» бетінде);

    5. салық органдарында немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы;

    6. жазбаша шағыммен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасалатын шағымдалып жатқан салық органынына қатысты жоғары тұрған салық органының немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің кеңсесіне жүгіну жолымен жіберіледі.

  1. Дөрекі қызмет көрсетуге шағымдар таңдауы бойынша:

  1. тікелей Орталықтың басшысына. Орталықтардың басшыларының байланыс деректері осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген;

  2. қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органының немесе жоғары тұрған салық органының басшысына басшысына тікелей. Салық органдары басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген, сондай-ақ салық органдарының ақпараттық стенділерінде және www.salyk.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған;

  3. қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органының «сенім телефонына», қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органына қатысты жоғарғы салық органының «сенім телефонына» және (немесе) 8 (7172) 717963 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «сенім телефонына». Республика салық органдарының «сенім телефондарының» тізбесі осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген;

  4. call-e-tax@mgd.kz мекенжайы бойынша электрондық шағым кітабына;

  5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына (www.salyk.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті интернет-ресурсының «Төрағаның блогы» бетінде);

  6. салық органдарында немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы;

  7. жазбаша шағыммен қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органдарының, қызметкерлерінің дұрыс емес қызмет көрсетуі шағымдалып жатқан салық органдарына қатысты жоғары тұрған салық органының немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кеңсесіне жіберіледі.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

  2. Салық қызметі органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ерікті түрде мынадай мәліметтерді көрсете отырып беріледі:

    1. шағым берілетін салық қызметі органының атауы;

    2. шағым беретін адаиның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан орны);

    3. шағымның мәні;

    4. шағым жасалатын салық қызметі органы қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

    5. салық төлеушінің (салық агентінің) шағымға қол қойған күні.

  1. Салық қызметі органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымның қабылданғанын мыналар растау қызметін атқарады:

1) «сенім телефонына» жүгінген кезде – «сенім телефонына» қоңырау шалу және салық қызметі органы қызметкерінің жауабы;

2) call-e-tax@mgd.kz мекенжайы бойынша электрондық шағым кітабына жүгінген кезде – электрондық хабарламаның жеткізілгендігі туралы хабарлама;

3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына жүгінген кезде – интернет-ресурста жариялау;

4) келу тәртібімен қағаз жеткізгіште берген кезде – талон. Талонда күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетіледі.



Шағымды қарау барысы және қарау нәтижелері туралы:

1) «сенім телефонына» жүгінген кезде – «сенім телефонына» қоңырау шала отырып;

2) егер шағым электрондық шағым кітабына берілген болса – электрондық хабарлама жібере отырып;

3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына жүгінген кезде – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Төрағаның блогы» бетінен;

4) егер шағым келу тәртібімен қағаз жеткізгіште берілген болса – шағымды қабылдаған тұлғадан білуге болады.

Салық қызметі органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым мынадай мерзімдерде қаралады:

1) егер шағымды қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін болса – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;

2) егер шағымды қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін болса – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде шағым берушіге хабарланады.

Егер шағымда жазылған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда шағым түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

Қаралған шағымның нәтижесі:

1) егер шағым қағаз жеткізгіште келу тәртібімен, пошта немесе шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы берілген болса – салық төлеушіге беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі;

2) «сенім телефонына» жүгінген кезде – пошта арқылы жіберіледі және телефон арқылы хабарланады;

3) егер шағым электрондық шағым кітабына берілген болса – шағым жіберілген электронды мекенжайға электронды хабарлама түрінде жіберіледі.



  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша салық төлеуші:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жүргізетін іс-шаралар туралы ақпарат, салық органдарының байланыс деректерін, жаңалықтар мен басқа да анықтамалық ақпараттарды ала алады;

  2. нормативтік құқықтық актілерді және салық салу мәселелері бойынша түсіндірме сипаттағы хаттарды қарай алады;

  3. салық салудың және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйелерінің әртүрлі мәселелерін талқылау бойынша форумға, сондай-ақ салық төлеушілерге жүргізілетін сауалнамаға қатыса алады;

  4. салық қызметі органдары ұсынатын электрондық қызметтерді пайдалана алады, сондай-ақ салықтық қызмет көрсету бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді көшіріп ала алады.

_____________________

«Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша


с. 1 с. 2 ... с. 6 с. 7

скачать файл

Смотрите также: