Рудалы кен орындарында тау жыныстарының жер бетінің жылжу процесінің


с. 1


Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға

1-қосымша


Рудалы кен орындарында тау жыныстарының жер бетінің жылжу процесінің негізгі ұғымдары және анықтамалары


Тау жынысы қыртысының және жер бетінің жылжуын белсенділендіру

Шоғыр учаскесін қазымдау немесе алғашқы кеулеу кезіндегі жылжулармен және деформациялармен салыстырғанда қайта кеулеу барысында тау жынысы қыртысының, жер бетінің жылжулары мен деформацияларының шамаларының және таралу сипатының өзгеруі.

Қазу тереңдігінің қауіпсіздігі

Қорғалатын объектілерде мүмкін деформациялардан асатын деформацияларды жер асты жұмыстары қоздырмайтын тереңдік.

Жылжу векторы

Массив нүктесінің немесе жер бетінің кеулеу кезіндегі орын ауыстыру векторы. Жылжудың толық векторы келесі құрамды бөліктер бойынша алынуы мүмкін: вертикаль және горизонталь (кескінді сызықтың тұстамасының бойымен горизонталь жылжуы, жылжу ординатасы бойынша).

Вертикаль жылжу

Массив нүктесінің немесе жер бетінің нүктесінің орын ауыстыруының вертикаль құрамды бөлігі. Шөгу мен көтерілуді ажыратады.

Көмекші қада белгі

Тура өлшемдер мүмкін болмаған кезде тіреуіш немесе жұмыстық қада белгілердің арасында салынатын қада белгі.

Вертикаль деформациялар (еңістер, қисықтық)

Нүктелердің вертикаль жылжуының бір қалыпсыздығынан пайда болған жер бетінің немесе тау қыртысының деформациялары.

Көзбен шолып бақылау

Жер бетіне, ғимараттарға, үймереттерге және басқа да объектілерге тау-кен жұмыстарының әсер етуін бағалауға арналған жыныстардың көрініп тұрған деформацияларына тән белгілердің орындары мен шекараларын анықтау үшін орындалатын көз мөлшерімен және қарапайым аспаптық (сызғыш, компас, маяк) бақылаулар кешені.

Екінші құйғы

Бұрын опырылған жыныстардың қазылған кеңістігіне қайта жіберудің нәтижесінде опырылу аймағында пайда болған құйғы.

Терең қада белгі

Жыныстар массивінің жылжуын және деформацияларын өлшеуге арналған және ұңғымада орнатылған қада белгі.

Горизонталь жылжу

Кескінді сызықтың бойында массив нүктесінің немесе жер бетінің нүктесінің орын ауыстыруының горизонталь құрамды бөлігі.

Горизонталь деформациялар (созылу, қысылу)

Кеулеу кезінде оның бастапқы ұзындығына қатынасы бойынша горизонталь жазықтықта интервал ұзындығының өзгеруі.

Жер бетінде жылжу мульдасының негізгі қималары

Жер бетінің ең үлкен шөгу нүктесі арқылы өтетін рудалы шоғырдың созылымы бойынша және созылымға қиғаш жылжу мульдасының вертикаль қималары.

Жер асты кен қазба-ларының-жылжу мульдасының әсер ету жалпы аймағының шекаралары

Жер бетінде немесе массивте құрылған контур: шекаралық бұрыштар бойынша; созылымның горизонталь деформациялары 0,5х10-3, қада белгілердің арасындағы орташа 15-20 м интервалы кезінде 0,5х10-3 тең еңістері бар нүктелер бойынша; 15 мм тең нүктелердің шөгулері бойынша.

Қауіпті жылжулар аймағының шекарасы

Жылжу бұрыштары немесе сындарлы деформациялары бар нүктелер бойынша массивте немесе жер бетінде құрылған контур.

Жер бетінде жарықшақтар аймағының шекарасы

Үзілу бұрыштары немесе жылжу мульдасының шекараларына жақын жарықшақтар бойынша жер бетінде құрылған контур.

Жылжулар мен дефор-мациялардың графигі (қисықтар)

Кескінді сызықта жыныс қыртысының немесе жер бетінің жылжуларының немесе деформацияларының шамаларының таралуын белгілі бір масштабта көрсететін сызықтар.

Жер бетінің (ғимараттың негізделуінің) мүмкін деформациялары

Кейін пайдалану кезінде тікелей тағайындалуы бойынша ағымдағы жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргізу жеткілікті болатын бұзылуларға әкелетін ғимараттардағы деформациялар.

Жер бетінің опырылу аймағы

Жер беті шеттерінің 0,25 м ашылуымен немесе ығысуымен ойылымдардың шұңқырларының, террассаларының және ірі жарықшақтардың пайда болуымен жылжуға шалдыққан жылжу мульдасының бөлігі.

Жер бетіндегі жарықшақтар аймағы

Жер беті көрінетін жарықшақтардың пайда болуымен жылжуға шалдыққан жылжу мульдасының бөлігі.

Жер бетінің бір қа-лыпты жылжулары-ның аймағы.

Жер бетінің тегістіктің үзілуінсіз жылжуға ұшыраған жылжу мульдасының бөлігі.

Жер асты қазбаларының қауіпті әсер ету аймағы

Ғимараттар, үймереттер мен табиғи объектілер үшін қауіпті деформациялардың пайда болатын жер бетінің жылжу мульдасының бөлігі.

Негізгі қада белгі

Тау-кен жұмыстарының әсер ету аймағынан тыс орналасқан маркшейдерлік тірек желісінің пункті. Кескінді сызықтардың тірек қада белгілерінің пландық және биіктік қосымша жүктемелері үшін қызмет етеді.

Бақылау қада белгісі

Ұңғыма сағасының маңында қазба жынысында (жер бетінде) салынған терең қада белгілер станцияларының қада белгісі.

Тіркейтін құрылғының жылжымалы емес индексінің абсолюттік немесе салыстырмалы ығысуын анықтау үшін қызмет етеді.



Кешенді бақылау станциясы

Жылжудың сипаты мен параметрлері туралы толық деректер алу мақсатымен салынған жер бетінде, тау-кен қазбаларында және үймереттерде кескінді сызықтардан тұратын бақылау станциясы.

Қауіпсіздік коэффициенті

Алынатын (тиімді) қуаттылыққа ең төмен қазу тереңдігінің қатынасы.

Осы қатынастың көмегімен кейбір объектілер үшін қазудың қауіпсіз тереңдігін анықтайды.



Қисықтық

Мульданың екі интервалы еңістерінің айырымдарының осы интервалдар ұзындығының жартылай сомасына қатынасы.

Жер бетінің сындарлы деформациялары

Жер асты қазбаларының және жылжу бұрыштарының қауіпті әсер ету аймағының шекараларын анықтау үшін қабылданған жер беті деформацияларының шамалары: қисықтығы - 0,2х10-3 (1/м); еңістігі 4,0х10-3; горизонталь созылымы - 2,0х10-3.

Қорғау шаралары

Қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін объектілерді қалыпты пайдаланудың бұзылуын болдырмау мақсатымен ғимараттарға, үймереттер мен табиғи объектілеріне зиянды әсер етуді азайту үшін қолданылатын тау-кен немесе құрылыстық (конструкциялық) шаралар.

Тиімді қуаттылық

Қазылған кеңістіктің толтырымымен шоғырларды қазымдау кезінде тау жыныстарының, жер бетінің жылжулары мен деформацияларын есептеуге алынатын және бүйір жыныстардың конфергенциясын, толтырыммен қазылған кеңістіктің толық толтырылуын және толтырым материалының шөгу коэффициентін ескерумен анықталатын шоғырдың қуаттылығы.

Жылжу мульдасы (жер асты қазбаларының әсер етуінің жалпы аймағы)

Жер асты тау-кен қазбаларының әсер етуімен жылжуға шалдыққан тау жыныстарының массивіндегі горизонттың немесе жер бетінің учаскесі.

Бақылау станциясы

Жер асты қазбаларында немесе жер бетінде, ғимараттар мен үймереттерде тау жынысы қыртыстарының, жер бетінің жылжу процесін немесе кеуленетін объектілердің деформациясын бақылау мақсатымен белгілі бір жүйеде салынған қада белгілердің жиынтығы. Типтік және арнайы бақылау станцияларын ажыратады.

Терең қада белгілердің бақылау станциялары

Массивтің жылжуын бақылау мақсатымен бір немесе бірнеше ұңғымаларда салынған құрылғылар мен бақылау қада белгілерінің, байланыстардың, терең қада белгілердің жиынтығы.

Еңістер

Екі көршілес қада белгілердің (нүктелердің) айырымы олардың арасындағы ара қашықтыққа қатынасы.

Бастапқы (негізгі) бақылау сериясы

Қада белгілердің бастапқы (негізгі) орнын анықтау үшін бақылау станциясының кеуленуі басталғанға дейін бір біріне тәуелсіз орындалған бақылаулардың екі толық сериясынан тұратын алғашқы бақылаулар.

Жер бетінің толымсыз кеуленуі

Қазу тереңдігі созылымы және құлауы бойынша қазылған кеңістіктің өлшемдерінен артатын, сонымен қатар қазылған кеңістіктің дұрыс емес күрделі контурлары және онда бұзылмаған кентіректердің немесе рудасыз учаскелердің (15-20 % астам) бар болуы кезінде жер бетін кеулеу.

Бақылаулардың толымсыз сериясы

Горизонталь немесе вертикаль жазықтықтарда барлық қада белгілердің немесе олардың бөліктерінің жылжуын анықтауға арналған өлшемдер кешені. Жарықшақтар орнының анықтамасын қосуға да қоспауға да болады.

Тау жыныстарының опырылуы

Жер асты кен қазбаларының әсерімен табиғи құрылымның жоғалымымен тау жыныстарының ретсіз орын ауыстыру.

Жылжу процесінің жалпы ұзақтылығы

Қазылған кеңістікте жыныс қыртысы мен жер бетінің жылжу күйінде болатын уақыт кезеңі. Жылжу процесінің басталу уақыты деп жылжу мульдасындағы жер беті нүктелерінің ең көп шөгуі 15 мм жеткен күнді санайды. Аяқталу мерзімі жылына сомалық шөгу шөгу жылдамдықтарының төмендеуіне қарай анық көрсетілген тенденция кезінде 50 мм аспаған кез болып табылады.

Тау жыныстарының жылжу облысы

Жер асты тау-кен қазбаларының әсерімен жылжуға шалдыққан тау массивінің бөлігі.

Тау жыныстарының опырылу облысы

Опырылысқа жалдыққан тау жыныстарының жылжу облысының бөлігі.

Тау жыныстары жарықшақтарының облысы

Жарықшақтардың пайда болуымен жылжуға шалдыққан тау жыныстарының жылжу облысының бөлігі.

Тау жыныстарының бір қалыпты жылжу облысы

Қабаттардың бір қалыпты ойыстарының немесе тау жыныстарының икемді ағымының пішінінде жылжуға шалдыққан тау жыныстарының жылжу облысының бөлігі.

Қорғауға жататын объектілер

Жер асты қазудың қауіпті әсер ету аймағында орналасқан өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар, үймереттер, табиғи объектілер мен кен қазбалары, оларды кеулеу тікелей бағыты бойынша оларды кейін пайдалану мүмкіндігін, адам өміріне қауіптілікті, өндіру технологиясының бұзылуын жібермейтін деформациялардың ішінде пайда болуына әкелуі ықтимал. Қорғауға жататын объектілердің тізімін осы кен орнында қорғаудың ережелеріне сәйкес немесе ТЖ жөніндегі Комитетінің сәйкес органының келісімімен әрбір нақты жағдай үшін құрастырылады.

Тіреуіш қада белгі

Жер асты тау-кен жұмыстарының әсер ету аймағынан тыс кескінді сызықтың соңында салынған қада белгі. Жұмыстық қада белгілердің пландық және биіктік қосымша жүктемелері үшін қызмет етеді.

Қада белгінің жылжу ординатасы

Массив нүктесінің немесе жер бетінің нүктелерінің кескінді сызықтың тұстамасына перпендикуляр бағытта орын ауыстыруының горизонталь құрамасы.

Жер бетінің жылжуының негізгі параметрлері (элементтері)

Жер бетінің жылжу процесін сипаттайтын шамалар:

1. Ойылымдар бар болған кезде бір қалыпты жылжулардың аймағында немесе мульдада жер бетінің жылжулары мен деформацияларының ең үлкен шамалары:

вертикаль жылжу;

горизонталь жылжу;

вертикаль деформациялар (еңіс, қисықтық);

горизонталь деформациялар (созылым және қысу).

2. Шекаралық бұрыштар, жылжу бұрыштары, үзілу бұрыштары, опырылыс бұрыштары, ойыңқы тәрізді бұрыштар.

3. Ең үлкен шөгу бұрышы.



4. Жылжу процесінің жалпы ұзақтылығы және қауіпті жылжулар кезеңінің ұзақтылығы.

Бірінші ойыңқы

Көмескі шоғырлардың жоғары қабаттарын өңдеу кезінде пайда болған опырылыс ойыңқысы.

Толық бақылаулар сериясы

Вертикаль және горизонталь жазықтықтарда жылжуларды анықтауға арналған аспаптық бақылаулар кешені (қада белгілердің нивелирленуі, қада белгілердің арасындағы ара қашықтықты өлшеу).

Жер бетін толық кеулеу

Рудалы дененің құлауы және созылымы бойынша қазылған кеңістіктің өлшемдері тең немесе қазу тереңдігінен артатын кезде жер бетін кеулеу, қазылған кеңістікте кентіректер мен көп өлшемді рудасыз учаскелер жоқ, ал жылжу бұрыштары ең төмен мәндерге ие.

Сақтандырғыш аймағы

Қорғалатын объектіде орналасқан кен массивінің бөлігі, ондағы рудалы денелерді қазу тау-кен, конструкциялық немесе бір уақытта қорғауды басқа да түрлерін қолданумен мүмкін.

Сақтандырғыш кентірек

Қорғалатын объектіде орналасқан және жер асты кен қазбаларының қауіпті әсерінен қорғау үшін тағайындалған, рудалы денелері (рудалы денелердің бөлігі) бар кен массивінің бөлігі. Сақтандырғыш кентіректің шеңберінде рудалы денелерді қазымдау, әдеттегідей мүмкін емес.

Сақтандырғыш берма

Ішкі шекарасы сақтандырғыш кентіректі немесе сақтандырғыш зонаны құру үшін бастапқы болып табылатын қорғау объектісінің контурына іргелес жолақ.

Жер бетінің шекті деформациялары (үймереттің негізі)

Деформациялардың шамалары, олардың биік айырымы адамдардың өмірін апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін.

Тау жыныстарының ойысы

Қыртыстан тау жынысы қабаттарының жүйелі бөлінуі, олардың қазылған кеңістіктің жағына қарай бір қалыпты орын ауыстыруы.

Ойылым

Кен қазбаларының әсерімен опырылысқа шалдыққан жер бетінің учаскесі. Ойылым контуры планда дұрыс емес созылыңқы пішінге ие.

Кескінді сызық

Бақылау станцияларының қада белгілер бойында орналасатын түзу немесе сынық сызық.

Жұмыстық қада белгі

Жер бетінің және жыныс қыртысының жылжу шамаларын анықтауға арналған қада белгі.

Қада белгі

Грунтта, жер бетінде, тау жынысы қыртысында (тау-кен қазбаларында) немесе белгіленген, алдын ала үйлестірілген нүкте – центрі бар үймеретте тіркелген белгі.

Тау жыныстарының жылжуы

Жер асты тау-кен қазбаларының әсерімен табиғи тепе-теңдіктерінің бұзылуының салдарынан тау жыныстары массивінің деформациялануы және орын ауыстыруы.

Жер бетінің жылжуы

Жер асты кен қазбаларының әсерімен тау жыныстары массивінің жылжу салдарынан жер бетінің деформациялануы және орын ауыстыруы.

Тау жыныстарының жылжуы

Ойыстары болған кезде бос жазықтықтары (қатталу, тектоникалық жарықшақтар) бойынша тау жыныстарының орын ауыстыруы.

Арнайы бақылау станциясы

Тау жыныстарының және жер бетінің жылжудың жеке сұрақтарын толық меңгеру мақсатында орнатылған бақылау станциясы.

Күзеттік бақылаулар

Жылжу процесінің басын анықтау мақсатымен бастапқы бақылаулар сериясын жүргізгеннен кейін орындалатын бақылау станциялары қада белгілерінің бөлігін соңғы рет нивелирлеу.

Типтік бақылау станциясы

Жылжу процесінің негізгі параметрлерін алу үшін салынған жер бетіндегі бақылау станциясы. Бірден бастап бірнеше жылдарға дейін станциялардың тұру ұзақтылығы.

Шекаралық бұрыштар

Жылжу мульдасының шекарасымен қазылған кеңістіктің шекарасын біріктіріп тұратын сызықтармен және горизонталь сызықтармен рудалы шоғырдың (жылжу мульдасының басты қималары бойынша) созылымы бойынша, созылымға қиғаш пайда болған қазылған кеңістікке қатынасты сыртқы бұрыштар.

Жылжу бұрыштары

Қазылған кеңістіктің шекарасын жер бетіндегі қауіпті жылжулар аймағының шекарасымен біріктіретін тау жыныстары мен сорғыларда жүргізілген сызықтармен және горизонталь сызықтармен рудалы шоғырдың (жылжу мульдасының негізгі қималары бойынша) созылымы бойынша, созылымға қиғаш вертикаль қималарда пайда болған қазылған кеңістікке қатынасты сыртқы бұрыштар. Жер бетінің толық және толымсыз кеуленуі кезінде сорғылар мен тау жыныстарында жылжу бұрыштарын ажыратады.

Үзіліс бұрыштары

Қазылған кеңістіктің шекарасын жер бетіндегі сыртқы шеткі жарықшақтармен біріктіретін тау жыныстары мен сорғыларда жүргізілген сызықтармен және горизонталь сызықтармен рудалы шоғырдың (жылжу мульдасының негізгі қималары бойынша) созылымы бойынша, созылымға қиғаш вертикаль қималарда пайда болған қазылған кеңістікке қатынасты сыртқы бұрыштар.

Опырылыс бұрыштары

Қазылған кеңістіктің шекарасын жер бетіндегі опырылыс аймағының шекарасымен біріктіретін тау жыныстары мен сорғыларда жүргізілген сызықтармен және горизонталь сызықтармен рудалы шоғырдың (жылжу мульдасының негізгі қималары бойынша) созылымы бойынша, созылымға қиғаш вертикаль қималарда пайда болған қазылған кеңістікке қатынасты сыртқы бұрыштар.

Ең көп шөгу бұрышы

Қазылған кеңістіктің ортасын ең көп шөгу нүктесімен біріктіретін сызықпен және горизонталь сызықпен шоғырдың созылымына қиғаш вертикаль қимада (жер бетінің жылжу мульдасының негізгі қимасы бойынша) пайда болған шоғырдың құлау жағындағы бұрыш.

Ойыңқы тәрізді бұрыш

Жер бетінде ойыңқылардың аймағының шекарасымен қазылған кеңістіктің шекарасын біріктіретін сызықпен және горизонталь сызықпен кез келген бағытта вертикаль қимада пайда болған қазылған кеңістікке қатынасты сыртқы бұрыш.

Ескертулер:

Сорғылардағы жылжу бұрыштарын барлық бағыттарда тең қылып қабылдайды.

Үзіліс бұрыштары, шекаралық бұрыштар мен ең көп шөгу бұрыштары сорғылар мен тау жыныстарына қыртыстың бөлінуінсіз анықтайды.

Сорғылардың астында морыған түпкілікті тау жыныстарының болуы барысында сорғылардың төменгі шекарасы ретінде морыған (дезинтегралданған) тау жыныстары аймағының шекарасын алады.

Рудалы шоғырдың күрделі контуры кезінде қазылған кеңістіктің шекарасы ретінде оның ең шығыңқы нүктесін алады.

Қозғалыс процесінің бұрыштық және басқа да параметрлерінің шартты белгілері 1-кестеде келтірілген.

1-кесте


р/р №


Атауы

Белгіленуі

1

2

3

1.

Шөгу (вертикаль жылжу)

η, мм

2.

Горизонталь жылжу

ξ, мм

3.

Еңіс

і

4.

Қисықтық

k, 1/м

5.

Горизонталь деформациялар

ε

6.

Шөгу жылдамдығы

υ, мм/мес

7.

Жер бетінің жылжу процесінің жалпы ұзақтылығы

Т, мес

8.

Жылжу мульдасының өлшемдері:

созылым бойынша

созылымға қиғаш



L, м

L', м

9.

Сорғылардағы жылжу бұрышы

φ, градус

10.

Шекаралық бұрыштар: қазымдаудың төменгі шекарасында:

төнбе бүйірдің

сұлама бүйірдің жағынан

қазымдаудың жоғарғы шекарасында

созылым бойынша қазымдаудың шекарасында


βо, градус

β01, градус

γо, градус

δо, градус


11

Түпкілікті тау жыныстарындағы жылжулар бұрыштары:

Қазымдаудың төменгі шекарасында:

төнбе бүйірде

сұлама бүйірде

қазымдаудың жоғарғы шекарасында

созылым бойынша қазымдаудың шекарасында

перпендикулярлар тәсілімен кентіректі құру кезінде:

жоғарғы шекара

төменгі шекара


β, градус

β1, градус

γ, градус

δ, градус
β', градус

γ', градус



12.

Қималардың бұрышы:

Қазымдаудың төменгі шекарасында:

төнбе бүйірде

сұлама бүйірде

қазымдаудың жоғарғы шекарасында

созылым бойынша қазымдаудың шекарасында



β", градус

β"1, градус

γ", градус

δ", градус


13.

Опырылыс бұрыштары:

қазымдаудың төменгі шекарасында:

төнбе бүйірде

сұлама бүйірде

қазымдаудың жоғарғы шекарасында

созылым бойынша қазымдаудың шекарасында



β''', градус

β'''1, градус

γ''', градус

δ''', градус


14.

Ең көп шөгулердің бұрышы

θ, градус

15.

Қауіпсіз қазу тереңдігі

Нб, м

16.

Ойыңқы тәрізді бұрыш

V, градус

17.

Тиімді қуаттылық

mэ, м

18.

Толымсыз кеулеу кезіндегі жылжу бұрышы:

төнбе бүйірде

сұлама бүйірде

өрлеу жағынан

созылым бойынша

βu, градус

β1u, градус

γu, градус

δu, градус


19.

Қауіпсіздік коэффициенті

kб

20.

Шығыңқы объекті үшін планда сақтандырғыш бермадан сақтандырғыш кентіректің шекарасына дейін салынатын перпендикулярдың ұзындығы:

шоғырдың құлау жағына қарай

шоғырдың өрлеу жағына қарай



l, м

q, м

Ескерту. 1-5-тармақтарда ең үлкен, сындарлы және ықтимал шамалар өзіндік индекстермен (η0, ηк, ηд) белгіленеді.



_______________


с. 1

скачать файл

Смотрите также: