Профессор О. С


с. 1


ӘОЖ 37.016:51(574) Қолжазба құқығында

ЗАУРБЕКОВ ТАЛҒАТ ТАЛАПБЕКҰЛЫ

Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік

даярлығын арттыру

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі математика)


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Шымкент, 2010

Жұмыс М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалған




Ғылыми жетекшілері:

педагогика ғылымдарының докторы,

доцент Б.Д.Сыдықов


педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Ә.Кенеш





Ресми оппоненттері:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор О.С.Сатыбалдиев


педагогика ғылымдарының кандидаты

Р.И.Кенжебекова



Жетекші ұйым:



Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті




Қорғау 2010 жылы «____» _____________ сағат ____ М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14.20.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5, 342 ауд.

Диссертациямен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (160012, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5 үй, 2-қабат).

Автореферат 2010 жылы «____» _____________ таратылды.


Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы С.А.Жолдасбекова




КIРIСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты» бойынша жасалынған жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында: «Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсаты түбегейлі өзгеруі керек: бірінші кезекке бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады» - делінген.

Осыған байланысты, бiлiм беру жүйесiнің бастауыш буыны мұғалiмін математика пәнінен әдістемелік дайындау кезек күттiрмейтiн мәселе болып тұр. Орта арнаулы педагогикалық бiлiм беру жүйесiнде болып жатқан күрделi өзгерiстер, болашақ бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан әдістемелік дайындауды практика жүзiнде қомақты ғылыми зерттеулерсiз жүзеге асыру мүмкiн еместiгiн көрсетедi. Сондықтан бұл жұмыста педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан әдiстемелiк дайындау педагогикалық бiлiм беру жүйесiнiң жаңа элементi ретiнде қарастырылады.

Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне білім берудің негiзi болып студенттердің математикадан әдiстемелiк дайындығы есептеледi. Әдiстемелiк дайындық мақсат, мазмұн, әдiс, құрал және студенттердi оқытуды ұйымдастыруды қамтыған жүйе ретiнде қарастырылады. Қазiргi кезеңде педагогикалық колледждерде жүзеге асырылып жатқан мұғалiмдердi әдiстемелiк дайындау жүйесi жаңа сапалы өзерiстердiң болуын талап етедi. Ал, әдістемелік дайындық ғылыми зерттеудің жаңа әдістері мен құралдарын қолдануға бағытталған арнайы іс-әрекет. Орта арнаулы білім беру жүйесінде қоғам сұранысына сай әдістемелік жұмыстардың жаңа бағыттары, түрлері және мазмұны өзгеріп, жаңа вариативтік, әртүрлі деңгейлік беталыстары пайда болуда. Сондықтан, бұл зерттеу педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдістемелік дайындау жүйесiн дамыту мәселесiне арналады.

Педагогикалық колледждерде бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдiстемелiк дайындау жүйесiнiң қазiргi жағдайларына талдау жасау нәтижесi, бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң тарапынан қанағаттанбаушылық тудыратындығы, сол сияқты бұл мәселемен айналысатын ғалым-әдіскерлер де оларды жақтайтындықтары анықталды. Әдiстемелiк дайындықтың сапасы мен сипатына студенттердiң өздерi де толық қанағаттанбайды. Нәтижесiнде колледж студенттері мен түлектері пәндерді оқыту әдiстемесiн мектеп тәжiрибесiнде (дербес жағдайда оқушыларды дамыта отырып оқытуға, математикалық қабілеттерін дер кезінде арттыруға) жүзеге асыруға жеткілікті дәрежеде дайын емес екенін көрсетуде.

Бастауыш сынып мұғалімінің математикадан әдістемелік дайындығы – бастауыш сыныптарда қазіргі технологияларды пайдаланып, математиканы оқытуға теориялық және практикалық дайындығының үйлесімділігі, тұлғалық кәсіби қасиеттерін үздіксіз дамыта білу қабілеттері болып табылады. Сондықтан қазіргі жағдайда бастауыш сыныптарда білім беретін әдістемелік дайындығы жоғары мұғалімдердің қажеттігі, бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда жаңа педагогикалық технологияларды қолдана білуін қалыптастыратын арнайы курстардың жеткіліксіздігі, әдістемелік дайындықты қалыптастыруға бағытталған әдістемелік оқу құралдарын пайдалану зәрулігі және математиканы дамыта оқытуға бағытталған әдістемелік дайындықтың тиімділігін анықтайтын тәжірибенің жоқтығы зерттеудің көкейкестілігін анықтайды.

Зерттеудiң ғылыми-теориялық негіздері ретінде мына бағыттағы еңбектерді басшылыққа алдық:



  • қазiргi педагогикалық бiлiм беру жүйесiн құрудың әдiснамалық негiздерiн ажыратқан педагогтар мен психологтардың жұмыстары (В.П.Беспалько, Б.С.Гершунский, В.В.Давыдов, В.В.Краевский, Н.В.Кузьмина және т.б.);

  • мұғалiмнiң кәсiби қалыптасуының жалпы психологиялық ерекшелiктерi (Н.Ф.Менчинская, Л.М.Фридман және т.б.); мектеп оқушыларын оқытудың жаңа технологиясын дамыту (А.Г.Мордкович, В.М.Монахов, П.М.Эрдниев және т.б.);

  • педагогикалық оқу орындарында болашақ мұғалiмдерді математикадан әдiстемелiк дайындау жүйелерi (А.А.Столяр, З.И.Слепкань, О.Сатыбалдиев, Б.Қасқатаева және т.б.).

Соңғы жылдары студенттерді математикалық-әдістемелік және дидактикалық білім көздерімен қаруландырудың ғылыми негіздері мен кәсіптік-педагогикалық бағыттары бірқатар зерттеу еңбектерінде (И.Н.Нұғыманов, А.Е.Әбілқасымова, Ж.Икрамов, Д.Рахымбек, А.А. Абдукадыров, О.Сатыбалдиев. Ә.К.Қағазбаева, Қ.Ғ.Қожабаев, С.Тыныбекова, Л.Т.Искакова, және т.б.) айқындалғанын атап айтқан жөн. Аталмыш жұмыстарда студенттерді болашақ кәсіптік іс-әрекеттеріне даярлау, математика мұғалімдерінің кәсіби ізденімпаздығын қалыптастырып, жетілдіру т.б. мәселелер қарастырылады. Сондай-ақ қазақ этнопедагогикасы материалдарын жоғары және арнайы педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану проблемасы бойынша А.А.Қалыбекова, С.А.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, Қ.А.Сарбасова, С.Қ.Әбілдинаның және т.б. еңбектері орындалды.

Алайда, бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан әдістемелік даярлықтары жайы арнайы зерттеу нысанына айналмай отыр. Жарық көрген еңбектерде математикалық білім беру тарихы және оның материалдарын педагогикалық үдерісте пайдалану, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту жөніндегі ғылыми-әдістемелік ой-пікірлердің қалыптасуы мен дамуы, математиканы оқытуда ұлттық ерекшеліктерді ескеру және т.б. мәселелер сөз болады (А.Көбесов, Қ.Нұрсұлтанов, К.А.Өтеева, Б.М.Қосанов, Т.К.Оспанов, Р. Кенжебекова, Ж.Қайыңбаев, Г.Жетпісбаева, Ә.С. Кенеш және т.б.).

Бұл келтiрiлген зерттеулер бойынша мұғалiмге кәсiби бiлiм беру жүйесiн дамытудың жалпы мәселелерiне немесе әдiстемелiк дайындық жүйесiн дамытуға ықпал ететiн мәселелерге қатысты бiрақ зерттеліп отырған мәселенің ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда әлі де өз шешімін таппағандығына көз жеткіземіз.

Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдiстемелiк дайындау жүйесi туралы алынған эмпирикалық деректер, педагогикалық колледждердегі бiлiм беру жүйесiндегi математикадан әдістемелік дайындау тәжiрибесiн зерттеу, онымен қоса көптеген ғылыми әдебиеттерге (монографиялар, мақалалар, бiлiм жүйесiнiң жұмысын реттейтiн құжаттар және т.б.) жасалған теориялық талдаулар, шешуiн iздейтiн бiрнеше қайшылықтарды ажыратуға мүмкiншiлiк туғызды. Олардың маңыздыларын жалпылама түрде былай баяндауға болады:



  • педагогикалық колледждерде пәндерді оқып үйренуге бағытталған әдiстемелiк даярлық жүйесi мен қазiргi бастауыш сыныптарда мұғалімдердің математикадан жүзеге асыруға тиiстi көпнұсқалы оқыту әдiстемесiнiң арасындағы қайшылық;

  • әдiстемелiк дайындық жүйесiндегi математикалық мазмұнды берудiң көп жағдайда тек пәндiк ерекшелiктерiн ескеретiн дәстүрлi әдiсi мен осы мазмұнның жалпы бiлiмдiк дамытушы мүмкiндiктерiн қолдана отырып, әртүрлi бiлiм беру жүйесiнiң мазмұнды сұраныстарының арасындағы қайшылық;

  • педагогикалық колледждер тәжiрибесiнде орын алған оқу үдерісi мазмұнының ерекшелiктерiн ескерудi нысана ететiн әдiстемелiк даярлық пен бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызметiнiң ерекшелiктерiн және олардың даму болашағын ескеретiн математиканы дамыта оқыту үдерiсiн жүзеге асырудың жаңа әдiстерiнiң арасындағы қайшылық.

Көрсетiлген қайшылықтар педагогикалық колледждерде бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдiстемелiк дайындық жүйесiнiң мақсаттары мен мазмұнына қозғау салады және осы бағыттағы зерттеулердің көкейкестілігін көрсетеді. Ол студенттердiң болашақ кәсiби қызметiн, даму бағытындағы бастауыш математикалық бiлiм беру жүйесiмен сәйкестендiру негiзiнде анықталады.

Олардың барлығы педагогикалық колледждерде кәсiптiк бiлiм беру мен әдiстемелiк дайындықты жүзеге асыру iс-тәжiрибелерiн зерттеу және арнайы орта педагогикалық бiлiм беру жүйесiн дамыту мәселелерi бойынша басылымдарды талдау негізінде айқындалды.

Көрсетiлген қайшылықтар бойынша педагогикалық колледждерде мұғалiмдi математикадан әдiстемелiк дайындау жүйесiн дамыту жолдарын зерттеу өзекті бір мәселе болып тұр.

Орта арнаулы математикалық бiлiм беру жүйесiндегi беталыстарды бейнелейтiн педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалiмiн математикалық әдiстемелiк дайындау жүйесiн дамыту мәселелерiнiң теориялық зерттеу жағдайы, бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқыту барысында барлық кешендi мiндеттердi шешуге дайын мұғалiмге деген сұраныстар бiздiң зерттеу тақырыбымызды «Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру» деп таңдауымызға себеп болды.



Зерттеудiң мақсаты - педагогикалық колледж студенттерінің математика пәні бойынша әдiстемелiк даярлық жүйесiн арттырудың негiзгi бағыттарын теориялық тұрғыдан негiздеу және оларды жүзеге асырудың әдістемесін әзірлеу.

Зерттеудiң нысаны педагогикалық колледж студенттерін математикадан әдістемелік дайындау үдерісі.

Зерттеудiң пәнi болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бастауыш мектепте математиканы дамыта оқытуға даярлығын арттыру.

Зерттеудiң ғылыми болжамы:

- егер педагогикалық колледж студенттерінің математика пәні бойынша әдiстемелiк даярлық жүйесiн арттырудың негiзгi бағыттары ғылыми тұрғыда негiзделіп, оларды жүзеге асырудың әдістемесі ұсынылса;



  • педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан әдiстемелiк даярлау жүйесі бiртұтас бөлiнбейтiн үдерiс ретiнде қарастырылса;

- болашақ бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан әдiстемелiк даярлау жүйесiнің мазмұны өзгерiстерге түсетiн болса, яғни студенттердің математикадан оқушыларды дамыта оқыту әдістемесінің мүмкіншіліктері ескеріле отырып құрылса, онда болашақ бастауыш сынып мұғалiмiн оқыту үдерісі тұлғаға бағдарлы түрде жүргізіледі, өйткені олардың әдістемелік біліктілігі жоғары деңгейде қалыптасады.

Зерттеудiң мiндеттерi:

1. Педагогикалық колледж студенттерін математикадан әдістемелік даярлаудың қазiргi жағдайын және оны жетілдіруге ықпал ететiн негiзгi деректерді анықтау.

2. Педагогикалық колледж студенттерін математикадан әдістемелік даярлау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын анықтау.

3. Педагогикалық колледждерде студенттердің математикадан оқушыларды дамыта оқыту әдістемесінің мүмкіншіліктерін айқындау.

4. Педагогикалық колледж студенттеріне және бастауыш сынып мұғалiмдерiне арналған математикадан дамыта оқыту әдiстемесін әзірлеу.

Жетекші идея: педагогикалық колледждердің оқу үдерісінде болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін математикадан дамыта оқыту олардың әдістемелік даярлығының артуына ықпал етеді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: бiлiм беру жүйесiндегi ғылыми зерттеу әдiсi ретiндегi жүйелiлiк пен модельдеуге арналған психология мен педагогика саласындағы жұмыстар; педагогикалық технологияның негiзiн ашатын ғалым-педагогтардың жұмыстары; әдiскер-математик ғалымдардың ғылымды дамыту проблемалары бойынша жұмыстары және iзденушiнiң педагогикалық колледжде математиканы оқытудың әдiстемесi пәнінің оқытушысы ретiндегi педагогикалық және зерттеу жұмыстарының жеке іс-тәжiрибесi болып табылады.

Ұсынылған зерттеудің нәтижелері ретінде педагогикалық колледждерде математика мұғалiмiнiң әдiстемелiк дайындау жүйесiн дамыту жолдары туралы жалпы түсiнiктер мен әдiстер; даму бағытын анықтайтын ұстанымдар мен қағидалар. Мiне, осылар математиканы бастауыш мектепте дамыта оқытуға студенттерді даярлау жүйесін жетілдірудің теориялық негiзiн құрайды.



Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің және т.б. ғалымдардың еңбектері, ҚР білім беру саласына арналған ресми құжаттары, оқу-әдістемелік кешендер (оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.), сонымен бірге автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектептер мен арнайы орта оқу орындарының құжаттары мен іс-тәжірибелерін жинақтап, оқып-үйрену; колледж студенттері мен бастауыш мектеп мұғалімдері арасында сауалнамалар жүргізіп, олармен әңгімелесу; студенттер мен мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын бақылап, қорытындылау; тәжірибелік-эксперимент жұмысын жүргізу, іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру, оларды математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу.

Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті колледжі, Ақсукент көпсалалы колледжі, Мұрагер колледжі, Мырзакент колледжі.

Зерттеудiң негiзгi кезеңдерi және оны ұйымдастыру.

Бiрiншi кезеңде (2003-2005 жж.) зерттеудің теориялық негіздері анықталды; философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік зерттеулер мен әдебиеттер оқып-үйренілді, теориялық тұрғыдан негізделді. Әдiстемелiк қойылым мазмұнын дамыту мәселелерi зерттелiндi, осы жүйенi құрудың ерекшелiктерi туралы колледж студенттерiн әдiстемелiк даярлаудың сипаты және деңгейi туралы деректер жинастырылды.

Басты көңiл әдiстемелiк даярлау жүйесi мазмұнының түрлi үйлесiмдiлiгiн, теориялық оқыту мен студенттердiң мектептегi педагогикалық практикасының өзара байланыстарын, әдiстемелiк даярлық жүйесi шеңберiнде оқу үдерiсiн ұйымдастырудың тиiмдi формаларын анықтауға бөлiндi. Осыларды сараптау, зерделеу барысы нәтижесiнде математиканы оқыту әдiстемесi мен психология және педагогиканың ауқымында жатқан сұрақтарды ендiру есебiнен әдiстемелiк даярлық мазмұнын арттыру қажеттелiгi туралы болжам жасалынды.



Зерттеудiң екiншi кезеңiнде (2005-2007 жж.) бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан әдiстемелiк даярлау жүйесiн дамытудың тиiмдi жолдарын iздестiру жалғастырылды. Әдiстемелiк дайындық екi негiзгi бағытта жүргiзiлдi: бастауыш мектеп математикасы мазмұнын дамыта отырып оқыту әдiстерiне және әдiстемелiк даярлық жүйесi шеңберiндегi студенттердiң оқу қызметiн ұйымдастырудың түрлi формалары сынақтан өттi. Мақсаттық қойылымдар, мектептегi, дайындықтың түрлi кезеңдерiндегi студенттердiң практикалық қызметiнiң мазмұны және оны ұйымдастыру мәселелері айқындалды. Оның мазмұны мен формаларының мақсаттарына барабар таңдалған, студенттердi оқыту нәтижелерiн бақылау жүйесi қалыптасты.

Әдiстемелiк дайындық жүйесiн жалпы бастауыш математикалық бiлiм беру жүйесi және кәсiптiк бiлiм беру жүйелерімен үйлестiруге байланысты дамыту бағыттары зерттеліндi.

Педагогикалық колледждердегі әдiстемелiк даярлық үдерiсiне және оның нәтижелерiне қатыстарын бiлу мақсатында студенттер, мұғалiмдер, мектеп басшылары және әдiскерлердің жұмыстарына талдаулар жүргiзiлдi.

Осы кезеңде жоғарыда баяндаған өзгертулер нәтижесiн және жалпы бiлiм беру жүйесiндегi өзгерiстер беталысын есепке алатын, педагогикалық колледждердегі математика мұғалiмiн даярлау жүйесiн дамытудың ұстанымдары тиянақталды.



Үшiншi кезеңде (2007-2009 жж.) оқытудың тұлғаға бағдарлану қағидасын негізге ала отырып, педагогикалық колледж студенттеріне арналған математиканы дамыта отырып оқытудың қағидалары мен мүмкіндіктері анықталды және оны жүзеге асыру әдістемесі әзірленді. Ұсынылған әдістеме тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда тексерілді, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

1. Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалiмiнiң математикадан әдістемелік дайындау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау арқылы, оны жетілдірудің мазмұнды сипаттамасы ұсынылды.

2. Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш мектеп мұғалiмiн математикадан әдістемелік дайындау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары анықталды, оның өзіндік ерекшеліктері айқындалды.

3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларға математиканы дамыта отырып оқытудың мүмкіндіктері анықталды және әдістемесі әзірленді.

Сонымен қатар бастауыш мектеп мұғалімдерінің математиканы оқытуда қолданатын әдістемесін дамыту мәселелерінің тиянақталуы және педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш мектеп мұғалiмiнiң математикадан әдістемелік дайындау жүйесін дамытудың мәні, бағыттары және мүмкіндіктері анықталғандығы зерттеудің теориялық маңыздылығын құрайды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған: «Бастауыш сыныптарда математика сабақтарын дамыта оқыту» әдістемесі және «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» курсына қосымшалар ұсынылуымен сипатталады.

Педагогикалық колледждерде мұғалiмдердi дайындау мәселелерi бойынша бұрыннан жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерi, педагогикалық арнайы орта оқу орындарында бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан әдістемелік дайындау тәжiрибесiнде болып жатқан өзгерiстер бiздiң зерттеуiмiздiң бағыты болып табылады.

Педагогикалық колледждердегі қазіргі кәсіби дайындық жүйесінде іске асыруға болатын студенттер үшін «Педагогикалық колледж студенттеріне математиканы дамыта оқыту» деп аталатын арнайы курстың жоспары ұсынылды және оның негізінде студенттер мен оқытушылар игеруге арналған «Бастауыш сыныптарда математиканы дамыта оқыту негіздері» атты әдістемелік оқу құралы дайындалды.

Ұсынылған әдістемені педагогикалық колледждердің бастауыш сынып мұғалiмiн математикадан дайындау практикасында тікелей қолдануға болады.

Зерттеудің нәтижелері мен эксперимент барысында дәлелденген қағидаларды жоғары және арнайы орта оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың оқу-тәрбие жұмыстарында, мұғалімдердің біліктілігін арттыру ісінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсыналатын қағидалар:

1. Даму үстiндегi арнайы орта педагогикалық бiлiм беру жүйесiнде болашақ бастауыш сынып мұғалiмiнiң математикадан әдiстемелiк даярлығының мазмұндық сипаттамасының теориялық негiздемесі.

2. Болашақ бастауыш сынып мұғалiмiнiң математикадан әдiстемелiк дайындаудың жаңа дамытылған жүйесiнiң мазмұны және құрылымы туралы ғылыми негiзделген түсiнiк.

3. Педагогикалық колледждерде бастауыш сынып мұғалiмiнiң математикадан әдiстемелiк даярлау жүйесiнiң даму бағыттарын анықтайтын жалпы және арнайы қағидалар.

4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін әдістемелік даярлау жүйесіндегі дамыта оқыту әдістемесін қалыптастыру жолдары.

5. Осы жүйеге сәйкес біртұтас білімдік-кәсіптік бағдарлама негізінде студенттерді математикадан дамыта оқытуға арналған әдістеме мазмұны.



Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: мәдени-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, дербес-әдістемелік практикалық дәстүрлерді, білімдік жүйенің дамуының ғылыми негізделген болашақ беталыстарын жан-жақты талдау негiзiнде қалыптасқан әдіснамалық ұстанымдардың дәлдігімен; мәселеге теориялық талдау барысында жүзеге асырылған логикалық пайымдаулардың қайшылықсыздығымен; зерттеу міндеттеріне барабар түрлі әдістердің таңдап алынуымен; практикалық нәтижелер мен нұсқаулардың жалпы дидактикалық қағидалардың үйлесімділігімен; зерттеудің алынған нәтижелерінің бастауыш сынып мұғалiмiнiң математикадан дайындау жүйесін жетілдіруге байланысты өзінің және басқа педагогикалық колледждердегі әріптестерінің оқу тәжірибелерінің сәйкестілігiмен көрінеді.

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу экспериментті жүргізу барысында жүзеге асырылды, сондай-ақ халықаралық конференцияларда (Шымкент, 2009, 2010, Қарағанды, 2008), республикалық конференцияларда (Шымкент, 2008, Көкшетау, 2008), қалалық және облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында баяндалды, басылымдарда (мақалалар, әдістемелік оқу құралында) көрініс тапты. «Педагогикалық колледж студенттеріне математиканы дамыта оқыту» атты курс басқа әдіскер-математиктер, педагогтар және психологтармен кеңесе отырып құрастырылды және 2005 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысындағы колледждерінің «Бастауыш білім» мамандығы студенттерінің оқыту үдерісіне енгізілді.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде - зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, практикалық мәні, ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.

«Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан әдістемелік даярлығының теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде көтерілген проблема бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалып, «әдістемелік даярлық», «әдістемелік даярлық жүйесі», «болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математиканы оқытуға әдістемелік біліктілігі» ұғымдарының мәні анықталып, әдістемелік даярлықтың мазмұны, құрылымы ашылып көрсетіледі, бастауыш сыныптарда математиканы дамыта отырып оқыту қағидалары мен мүмкіндіктері қарастырылды.

«Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдістемелік дайындау бойынша жүргізілген эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижелері» атты екінші тарауда «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» курсын оқыту, дәрісханадан тыс жұмыстар және педагогикалық практика барысында, бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісінде студенттердің дамыта оқытуға даярлығын және бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттерін, логикалық ойлауын қалыптастыру жолдары қарастырылады, эксперимент жұмысының нәтижелеріне талдау жасалады.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыс нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың бай тәжірибесі жинақталып, даярлықтың мақсаты мен жолдары анықталған. Ал арнайы орта педагогикалық білім беретін оқу орындарында аталған мәселе әлі де толық шешімін таппағандығына біз зерттеу барысында көз жеткіздік.

Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға қоғамның әлеуметтік сұранысы - осы жастағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерінен туындайды. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына қойылатын талаптар мұғалімдерді даярлауға қойылатын талаптар деңгейіне байланысты айқындалады.

Педагогикалық колледждерде бастауыш сынып мұғалімінің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы даярлығы маңызды әлеуметтік міндет атқара отырып, студенттерде жалпы педагогикалық және әдістемелік білім мен біліктіліктерді қалыптастыруды көздейді. Себебі, ондай дайындық біріншіден, педагогикалық колледждерде бастауыш сынып мұғалімінің маман ретінде қалыптасу ерекшеліктерін анықтайды, оны басқа мамандарды даярлау саласынан ажыратып тұрады; екіншіден, ол кәсіптік даярлықтың барлық құраушыларын қамтитын жүйелі сала болып табылады; үшіншіден, педагогикалық колледждердегі оқу-тәрбие үдерісінің кәсіптік-педагогикалық бағыттылығын, жан-жақты дамыған мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыру бағытын айқындайды.

Мұғалімнің әдістемелік дайындығы деп теориялық негіздерді, нақты білімді игеруге және бастауыш мектепте оқушыларға математиканы оқыту үдерісін жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған оқытуды түсінеміз.

Колледждерде бастауыш сынып мұғалiмдерiн математикадан әдістемелік дайындау арнайы ұйымдастырылған білім беру жүйесi арқылы жүзеге асырылады.

Педагогикалық колледждерде болашақ мұғалімдердің математикадан әдістемелік дайындау жүйесін және ұйымдастыруын талдау арқылы біз студенттердің бұрыннан қол жеткізген білімділік деңгейі және олардың танымдық бағыты ескеріле отырып, кәсіптік білім беру жүйесінің тұлғалық бағдар беруге бейімделуін басты сұрақтардың бірі деп есептейміз.

Тұлғаға бағдарлану қағидасы бастауыш сынып оқушыларының математикаға қызғушылығын арттыру, математикалық қабілеттерін қалыптастыру, логикалық ойлауларын дамыту арқылы орындалады. Бұл аталған міндеттердің оң шешімін табу, педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан әдістемелік дайындығын арттыру, атап айтқанда олар оқушыларды дамыта оқыту әдістемесін ұтымды игергенде ғана мүмкін болады.



Сондықтан педагогикалық колледж студентерінің дамыта оқытудың теориясы мен оны жүзеге асырудың негізгі бағыттарын білуі - олардың әдістемелік біліктілігінің жоғары деңгейде болуының басты шарттарының бірі болып саналады.

Психологияда оқыту мен дамудың өзара байланысы туралы мәселе өте ертеден зерттеле бастаған. Көрнекті психолог Л.С.Выготский өз кезегінде осы проблеманы шешу жолдарын талдай келе, баланы оқыту мен дамытудың өзара байланысының негізгі үш бағытын көрсете келе, дамыту оқытуға, ал оқыту өз кезегінде дамытуға ықпал етеді деген қорытынды жасайды. Бұл жерде оқыту жаңа құрылымдардың ескі құрылымдарға бойлай енуі ретінде түсініледі, сондықтан оқыту дамытудың соңына ілесіп қана қоймай, жаңа туындылар аша отырып, оның алдында болуы керек.

«Дамыта оқыту» терминіне әдіскерлер сақтықпен, үлкен жауапкершілікпен қарайды. Баланы дамыту психикалық, ал оны оқыту әдістемелік үдеріс. Демек, баланың психикалық дамуын психология ғылымы зерттейді, ал дамыта оқытуды ұйымдастырумен математика әдістемесі айналысады және ол міндетті түрде психологиялық зерттеулер нәтижесіне сүйенеді.

Баланың психикалық ерекшеліктерін білмей, зерттемей оны дамыту мүмкін емес. Сондықтан біз белсенді ойлау қызметінсіз білімді саналы және берік меңгеру, біліктілікті толыққанды игеру және дағды дарыту мүмкін емес деген қорытындыға келеміз.

Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдістемелік даярлық жүйесін дамыту қағидаларын жалпы және арнайы деп бөлуге болады.

Арнайы қағидалар жүйенің жекелеген элементтерімен қатысты болады. Олар математика мұғалімінің әдістемелік даярлық жүйесін құрғанда, немесе тек оның қызмет етуінiң тетiктерiн жасағанда ғана қолданылады.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдістемелік даярлығын дамытудың жалпы қағидаларының біріншісі - әдістемелік даярлық жүйесінің тұлғалық бағдар қағидасы. Бұл қағидада бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытудың жаңа әдістемелік тәсілдері мен технологиясын меңгерген, жаңа заманның мұғалімі ретіндегі студентті кәсіби дамытуға бағытталады.

Осыған байланысты, студенттерді әдістемелік дайындау кәсіби-тұлғалық білім беруді дамыту болып табылады. Қазіргі бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан әдістемелік дайындығы студенттерден екі түрлі: бiлiмдiк және іс-әрекеттік білім жүйесін талап етедi. Біз бiрiншiсіне әдiстемелік-білімділік және әдістемелік - ой-өріс, ал екiншiсiне - әдістемелік ойлау мен әдістемелік - тәжірибені жатқызамыз.

Оқытушының әдістемелік білімділігі дегеніміз - математиканы оқыту үдерісін қазіргі ізгіліктілік бағдарға сай жүргізу. Ал әдістемелік ой-өріске – мұғалімнің математиканы оқушыларға оқытудың тұлғаға бағдарлануы және оны шешу жолының дамыта оқыту әдістемесін білуі жатады.

Әдістемелік ойлау - оқушыларға математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдістерін табуға және оны дамытуға бағытталған ойлау стилінің қалыптасуы.

Әдістемелік тәжірибе - әдістемелік сауатты шешім қабылдай білу тәжірибесінің болуы.

Сонымен, қазіргі бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан әдістемелік даярлылығының мазмұны, екі бөліктен: білім жүйесі және іс-әрекет жасау құраушыларынан тұрады (Сурет 1).



Бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан әдістемелік даярлығы




Іс-әрекет

Білім




Әдістемелік тәжірибе

Әдістемелік білімділік


Әдістемелік

ой-өріс


Әдістемелік ойлау

Сурет 1 - Бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан әдістемелік даярлығы


Қазіргі математикалық білім беру жүйесіндегі математикалық материалдардың ролі өзгеретіндігін айта кеткен жөн. Ол оқып-үйренудің басты нысанынан, оқушыларды дамытудың құралына айналып отыр. Осыған байланысты педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің математикадан әдістемелік дайындау кезінде математикалық оқу материалына деген көзқарасын өзгерту қажет болады. Ол үшін келесі қағидаларды басшылыққа алған жөн:

Бірінші қағида - математикалық мазмұн құндылығының басымдылығы. Ол математикалық оқу материалын қарастырудың нақты бағытын анықтайды.

Екінші қағида - әдіснамалық бағдар қағидасы. Ол болашақ бастауыш сынып мұғалімінің математиканың әдістемелік жүйесіндегі математикалық мазмұнды қарастырғанда пайдалы.

Математикалық мазмұн бiр жағынан, математикалық шындықты бейнелеудің ерекшеліктері туралы ғылым ретінде математикалық дерексіздендіру, математикалық жаңа білімді алу жолдары, математиканың тілі және т.б. мәселелерден тұрады, яғни ол математикалық әдістер мәселесі болып табылады.

Аталған мәселердің барлығы да практикалық және теориялық есептерді шығару үшін математикалық білімді қолдануға бағдарланған, ал бұл олардың жалпы білім берушілік құндылығының мол екендiгiн көрсетедi.

Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің математикадан әдістемелік дайындығы жүйесін қарастырудың бөліп алынған қағидалары, қазіргі бастауыш мектептерде дамытылған математикалық білім берудің сұраныстарына сәйкес келеді.

Педагогикалық колледж студенттерін математикадан дамыта оқыту әдістемесін даярлауға қатысты тағы бірнеше қағидалар бар: мақсаттылық қағидасы, дамыту қағидасы, проблемалық қағида, әдіснамалық қағидасы, кеңейту қағидасы, модельдеу қағидасы, біртұтастық және бірлік қағидасы, бейімделу және даралау қағидасы.

Педагогикалық колледж студенттерін математикадан дамыта оқыту бойынша әдістемелік даярлығын жетілдіруге келесі білім топтары жатқызылуы тиіс: бастауыш математикалық білім беру жүйесінің ерекшеліктері (оның тарихы, қазіргі жағдайы, даму келешегі); математикалық білімді игеру тетіктері (жалпы жас және жеке бас ерекшеліктері); мектепте математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі (математикалық оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары); математиканы оқыту үдерісі кезеңдері (мативациялық кезең, мазмұнды игеру кезеңі, бекіту, бақылау және түзету кезеңдері); мұғалімнің математиканы дамыта оқыту бағытындағы кәсіптік қызметін жүзеге асырудың тәсілдері және құрамы.

Оқушыларды дамытудың бір мүмкіншілігі - оның ойлау қабілетін дамыту болып табылады, ал ол мұғалімнен оқушыларды логикалық ойлау тәсілдеріне (анализ, синтез, жалпылау, дерексіздендіру (абстракциялау), салыстыру, жіктеу т.б.) үйрету біліктілігін қажет етеді.

Педагогикалық колледждің студенттері - болашақ мұғалімдер, математикалық ойлау қабілетінің құраушыларын жақсы білуі тиіс: 1) форманы мазмұннан ажырата білу қабілеттілігі; 2) математикалық материалды жалпылай білу, бастыны ажырата білу, әртүрліліктен ортақ қасиетті аңғару қабілеттілігі; 3) сандық және белгілік символикалармен амалдар жүргізе білу қабілеттілігі; 4) тізбектелген логикалық пайымдау қабілеттілігі; 5) түйіндеу үдерісін қысқарту, ықшамдалған құрылымдармен ойлау қабілеттілігі; 6) ойлау үдерісінің қайтымдылық үдерісі (тіке ойдан кері ойға өте білу); 7) ойлаудың икемділігі, яғни бір ойлау операциясынан келесісіне ауысу, жаттанды ой мен үлгінің құрсауынан шыға білу қабілеттілігі; 8) математикалық жады (еске сақтау); 9) кеңістікті елестету қасиеті.

Біздің ойымызша, педагогикалық колледждерде студенттерді таңдамалы курстарда даралап оқытуға байланысты мынадай сұрақтар қаралуы керек: бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері; мектепте қарастырылатын негізгі математикалық ұғымдарды дамыта отырып түрліше баяндаудың мүмкіншіліктері; сәйкес математикалық мазмұнмен жұмыс істегенде қолданылатын алғашқы логикалық тәсілдер, оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін арттыру жолдары; даралап оқыту мүмкіншіліктері және т.б.

Оқытудың тұлғалық-бағдарлық ыңғайы жағдайында оқушыларды жекелей оқытуды ұйымдастыра білу педагогикалық колледж студенттерінен тиянақты дайындықты қажет етеді. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде, әр түрлі дидактикалық міндеттерді шешуде; жаңа білімдерді игеруде және біліктері мен дағдыларын бекітуде; өткенді қайталауға және қорытындылауға, жалпылауға, бақылауға, логикалық тәсілдерді иемденуде және т.б. пайдаланған орынды болады. Ал, мазмұнды тапсырмаларды дайындау технологиясына болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық колледж қабырғасында дайындау ерекше міндет. Зерттеу барысында біз құрастыраған «Нысанды тапсырмалар жүйесі» педагогикалық колледж студенттерінің дамыта оқу бойынша әдістемелік даярлығына қосылған қомақты үлес деп есептейміз.

Біз зерттеу барысында педагогикалық колледж студенттерін бастауыш математика курсы бойынша дамыта оқыту сабақтарына дайындау мәселесіне жан-жақты сараптама жүргіздік. Педагогикалық колледж студентінің математика сабағына дамыта оқыту бойынша дайындауда бастапқы берілгендерге талдау жүргізу (біздің қолымызда не бар? сұрағына жауап ізделінеді), мақсатты немесе соңғы нәтижені анықтау (біз неге қол жеткізгіміз келеді?), сонан соң осы нәтижеге жету тәсілін анықтау (біздің қолымызда бардан, бізге керектіні қалай аламыз?) керектігі айтылады.

Дамыта оқыту әдістемесін әзірлеуге арналған психологиялық-педагогикалық қағидаларын құрудың түрлі ыңғайларын басшылыққа алып, біз педагогикалық колледж студенттеріне «Бастауыш математика курсының әдістемесі» пәнінен «Сабақ, құрылымы және оны ұйымдастыру» тақырыбына дәріс оқығанда, қосымша ретінде Л.В.Занков тұжырымдағын қазіргі кездегі дамыта оқытудың дидактикалық қағидаларына тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеттік: қиындықтың жоғары деңгейіндегі оқыту қағидасы, тез қарқынмен оқыту қағидасы, оқытуда теориялық білімнің жетекші рөлі қағидасы, білім алу үдерісін жете түсіну қағидасы, барлық балаларды дамытуда, әлсіздерді қоса алғанда мақсатты және жүйелі түрде жұмыс істеу қағидасы.

Математика сабағының ішкі құрылымын тапсырмалар (жаттығулар) жүйесі анықтайды. Оларды орындау барысында бала математикалық нысандардың елеулі қасиеттерімен, олардың өзара байланыстары және өзара қатынастарымен, жаңа ұғымдармен танысады, өз дамуында алға жылжи отырып біліктілік пен дағдылар иеленеді. Оқу тапсырмалары арқылы дамыта оқытудың түрлі міндеттері шешіледі: мативациялық, дамытушылық, танымдық, дидактикалық, бақылаушы.

Біз педагогикалық колледж студенті меңгеруі тиісті тағы бір әдістемелік біліктілікті көрсетеміз – дамыта оқыту сабағының мақсатына қол жеткізуді ескере отырып, тапсырмаларды жете түсінушілікпен құру және бір жүйеге біріктіру. Бұл біліктілікті дамыта оқыту қағидаларының аналогиясы бойынша «сабақтағы әдістемелік үдерісті жете түсіну және басқару біліктілігі» деп атауға болады. Осылайша жете түсіну негізінде студент сабақтың ішкі құрылымының тапсырмалар жүйесін дұрыс құрастыра алады.

Педагогикалық колледж студенттерін дамыта оқытуға бағдарланған оқу тапсырмаларын (жаттығуларды) жіктей білуге үйретудің маңызы зор.

Дидактикада оқу тапсырмалары әртүрлі негіз бойынша жіктеледі: білім, біліктілік және дағдыны қайта жаңғыртуға; жаңа материалды оқып үйренумен байланысты; білім және білікті бекіту мен қолдануға; қайталауға; бақылауға.

Баланың танымдық қызметінің сипатына орай тапсырмалар келесідегі түрлерге бөлінеді: көшірмешілік, машықтанушылық; шығармашылық.

Тапсырманың әдістемелік мақсатының ең бастысы, оның математикалық мазмұнын анықтауында. Ол мазмұн сол сыныпқа сәйкес оқыту бағдарламасына тәуелді болады. Мысалы, 1-сыныптағы математикалық тапсырмалардың мазмұндық жіктелуін қарастырайық.



І. Дайындық кезеңіндегі нысанның белгісін көрсетуге арналған жаттығулар.

1. Түс, оның әр алуан реңдері.

2. Шама: үлкен-кіші, ұзын-қысқа, ауыр-жеңіл, төмен-жоғары.

3. Форма: бірдей-әртүрлі

Жиындардың жай сандық сапасын көрсететін жаттығулар.


1. «Бір-көп». 2. «Дәл сонша» (өзара бірмәндік сәйкестік). 3. «Көп-аз» (артық - жетіспейді) 4. «Санын тексеру» (қосу-алу). 5. «Қолда бар санды арттыру немесе азайту» (...арттыр, ...азайт). 6. «Санды орайластыру» (қаншаға үлкен, қаншаға кіші). 7. Жиынның немесе шаманың сандық сипаттаманың өзгеруі және оның символының жазылымы (арифметикалық амалдар). 8. Сандық сипаттаманы және белгілеулерді орайластыру (санау әрекеттері)

II. Заттардың кеңістікте орналасуына арналған жаттығулар.

1. Сызық бойында орналасу (соңында, алдында, бірге ізімен, арасында).

2. Тұйықталған сызыққа қатысты орналасу (ішінде және сыртында).

3. Кеңістіктегі орналасу (үстінде, алдында, астында т.б.).

4. Жазықтықтағы орналасу (жоғары, төмен, ортада, қатарында т.б.).

5. 10 көлеміндегі нумерацияны оқып-үйренуге арналған жаттығулар.

1. Әрбір келесі санның алдыңғысына бірлікті қоса отырып, пайда болу тәсіліне берілген тапсырмалар.

3 санынан 4-ті қалай алуға болады? ( Үшке бірді қосу керек).

2. Саның қатардағы орнын анықтауға берілген тапсырмалар.

5 саны қай саннан кейін тұрады? ( 4 санынан).

8 санының орнын көрсет (7 және 9 сандарының арасы)

3. Көршілес екі санды, сондай-ақ көршіліс емес сандарды салыстыруға берілген тапсырмалар.

Салыстыр: 5...4

4. Санның құрамына берілген тапсырмалар

5. Қатардағы сандардың кері ретін еске сақтауға берілген тапсырмалар:

5-тен 1-ге дейінгі сандарды ата, қалыс қалған сандарды орнына қой:

     

5 санының алдында жүретін санды ата.



III. 20 көлеміндегі нумерацияларды оқып-үйрену жаттығулары.

1. Екінші ондықтағы сандардың құруға берілген тапсырмалар

Он үш таяқшаны көрсет. Ол қанша ондықтан және тағы қанша жеке таяқшалардан тұрады?

2. Сандардың натурал қатарының құралу қағидасына (ережесіне) берілген тапсырмалар

Есепке сәйкес сурет сал және оны ауызша шығар. Қалада 10 саябақ бар еді, тағы бір саябақ салды. Қалада барлығы неше саябақ болды?

1-ге кеміт: 16,11,14,20

1-ге арттыр: 19,18,14,17

Өрнектің мәнін тап: 10+1; 14+1; 18+1; 20-1.

Барлық жағдайда 1-ді қосу келесі санды алуға, ал 1-ді азайту санның алдындағы санды алуға әкелетіндігіне жүгіну керек.

3. Сан жазылуындағы цифрлардың орнының мәнін анықтауға арналған тапсырмалар.

15;13;18;11;10;20; сандарының жазылуындағы әрбір цифр нені білдіреді? (15 санының жазылымындағы 1 цифры ондықтар санын, ал 5 цифры - бірліктер санын, ал 20 санының жазылуындағы 2, санда 2 ондық барын, ал 0 цифры, бірінші разрядта бірлік жоқ екендігін білдіреді).


  1. Сан қатарындағы санның орнын табуға берілген тапсырмалар

Қалып қойған сандарды орнына қой: 12...16 17...19 20

Қалып қойған сандарды орнына қой: 20...18 17...13...11

Тапсырмаларды орындағанда санау кезінде санның ретіне жүгінеді.

5. Разрядтың (ондық) құрамға берілген тапсырмалар

Толтыр:

10+3=... 13-3=... 13-10=...



12=10+... 15=...+5

Тапсырманы орындағанда ондықтан (таяқшалар тобы) және бірліктен (жеке таяқшалар) тұратын санның разрядтық (ондық) моделіне сүйенеді.

6. Екінші ондықтағы сандарды салыстыруға берілген тапсырмалар

Қай сан үлкен: 13 немесе 15? 14 немесе17?

18 немесе 14? 20 немесе 12?

Тапсырмаларды орындағанда сандардың таяқшалардан (сандық модель) тұратын екі моделін; немесе санау кезіндегі сандардың ретімен жүруіне (санағанда кіші сан ертерек айтылады) сүйеніп немесе қосып есептеу және шығарып тастап есептеу (13-ке екі бірлікті қосып есептеп 15-ті аламыз, яғни 15 саны 13-тен артық) үдерістеріне сүйеніп салыстыруға болады.

Екінші ондықтағы сандарды бір орынды сандармен салыстырғанда, барлық бір орынды сандардың екі орынды сандардан кем екендігіне сүйенеді:

Келесі сандардың арасынан ең үлкенін және ең кішісін ата:

12; 6; 18; 10; 7; 20.

7. Арифметикалық амалдардың мағынасын түсіну және есептеу дағдыларының қалыптасуы

1. Жағдай және өрнектің арақатынасын белгілеуге берілген тапсырмалар

2. Жағдай бойынша өрнек құруға берілген тапсырмалар

3. Жағдай компоненттерінің (құраушыларының) аттарын игеруге берілген тапсырмалар.

4. Есептеу дағдыларының қалыптасуына берілген тапсырмалар

Олар келесідей болуы мүмкін: есептеу тәсілдерімен танысуға даярлық; есептеу тәсілдерімен танысуға; есептеу тәсілдерін үйренуге; есептеу тәсілдерін бекітуге; есептеу тәсілдерін сандардың басқа аймағына жалпылауға.

5. Арифметикалық амалдардың ережелерімен (заңдарымен) танысуға және оларды есептеу әрекетінде, есептер шығарғанда қолдануға берілген тапсырмалар.

6. Шамалар және олардың өлшем бірліктерімен танысу

7. Есеппен танысу.

Студент осы аталған жіктеулерді қолдана отырып тапсырманың түрін дәл анықтай алады, демек, оның сабақтағы тапсырмалар жүйесіндегі орны мен рөлін дөп басып айта алады.

Егер студент тапсырмалар жүйесін:



  • баланы оқу міндетін жете түсінуге және қабылдауда басты рөл атқаратындай етіп құрса;

  • одан соң сол тапсырмалар жүйесі балалардың оқу міндетіне қол жеткізу бойынша ұйымдастырушы ретінде көрінсе;

  • іс-әрекет барысында өзін-өзі бақылау, балалар мен мұғалім арасында ынтымақтастық (түсінушілік) орнаса;

- оның дамытушылық аспектісі бой көтерсе, онда ол сабақта әр баланың мазмұнды танымдық қызметін қамтамасыз ететін болғандықтан, тәрбиелік аспект жүзеге асырылады.

Осы тұста шебер педагогтардың әдістемелік біліктілігі ретінде аяқ астынан шешім қабылдай алуы туралы студенттерге үйретудің берері мол.

Дамыта оқыту сабақтарын игеру үшін педколледж студенті өзіне-өзі талдау жүргізуді іс жүзінде тұрақты түрде жүзеге асыру керек. Әр сабақта өзіне талдау жүргізбеген мұғалім, әрі қарай кәсіби шебер болып қалыптаспайды. Өздік талдау жүргізу үшін жоспарланған сабақ логикасын (сабақ конспектісі) нақты жүргізілген сабақ логикасымен салыстыру қажет. Қазіргі кезде жүргізген сабақты видеоға түсіріп алып қарастырған да пайдалы.

Біз эксперимент жұмысын зерттеу әдістері кешені қолданылған біртұтас үдеріс ретінде қарастырамыз. Ол тұжырымдалған зерттеу болжамының дұрыстығын ғылыми және дәлелді түрде тексеруді қамтамасыз етті. Эксперимент жұмысының міндеттері мынадай болатын:

1. Алға қойылған проблеманың практикадағы жағдайын зерттеу;

2. Бастауыш сыныптарда математиканы дамыта оқыту бойынша педагогикалық колледж студенттері үшін ғылыми-практикалық нұсқаулар құрастыру, сынақтан өткізу және оны іс - тәжірибеге енгізу.

Педагогикалық экспериментке Ақсукент көпсалалы колледжі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі, Мұрагер колледжі, Мырзакент колледждерінің студенттері қамтылды. Эксперимент үш кезеңде жүргізілді. Барлық кезең бір ғана мақсатпен жүргізіліп, өзара байланыста болып және бірін-бірі толықтырып отырды. Эксперимент жұмысын жүргізудің кезеңдері № 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1 - Эксперимент жұмысын өткізудің негізгі кезеңдері, оның мақсаттары, мазмұны


Эксперимент жұмысының кезеңдері

Диагностикалық мақсаттар

Міндеттер

Диагностика әдістері

I кезең: анықтаушы

Проблеманың педагогикалық колледждердегі жағдайын зерттеу

Педагогикалық колледж студенттерінің әдістемелік біліктілігінің

деңгейін анықтау



Колледж оқытушыларымен, студенттермен сауалнамалар жүргізу; оқу үдерісін бақылау; тәжірибелік бағалау; үйретуші жағдайлар құру; үлгілеу

II кезең: ізденіс

Педколледж студенттерінің әдістемелік біліктілігі -нің мазмұнын, педагогикалық шарттар кешенін құрастыру

Педколледж студенттеріне арналған дамыта оқыту

әдістемелік жүйесін әзірлеу



Сұрақтар; бақылау; Білім беру жүйесі қызметкерлерімен әңгімелесу; сауалнамалар; статистикалық өңдеу әдістері

III кезең: қалыптастырушы

Қойылған мақсаттарды тәжірибе жүзінде тексеру: ғылыми зерттеу материалдарын сынақтан өткізу және жалпылау; тәжірибе нәтижелерін безендіру; Дамыта оқыту әдістемесінің соңғы нұсқасын жасау (тиянақтау);

Ұсынылған әдістеменің тиімділігін анықтау

Жүргізілген істердің нәтижелерін талдау; бақылау; математикалық өңдеу әдістері; графиктік тәсіл; жалпылау; алынған нәтижелерді жүйелеу және баяндау

Зерттеу мақсатына педагогикалық колледж студенттерінің әдістемелік біліктілігінің жағдайына көз жеткізу үшін анықтау эксперименті (2003-2005) жүргізілді. Онда педагогикалық колледж студенттерінің дамыта оқыту әдістемесін меңгеруі (сұраныс, қажеттілік, студенттердің дайындығы) зерттелді.

Зерттеу сауалнамалық сұрақтар беру арқылы жүргізілді. Сауалнамалық сұрақтар жартылай ашық түрде болды, сұрақтардың басым көпшілігіне жауаптар ұсынылды және ешқандай шектеу қойылған жоқ. Егер ұсынылған сұрақтардың жауаптары жауап берушіні қанағаттандырмаса, онда студентке өз нұсқасын қосып тіркеп жазуға мүмкіндік берілді.

Педагогикалық колледждердегі оқыту үдерісін ұйымдастыру мынаны байқатты: студенттердің әдістемелік дайындық деңгейі, атап айтқанда бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытуға бағдарланған әдістемелік даярлық жеткіліксіз деңгейде; педагогикалық практика кезінде әрбір студентке математикадан 3-4 сабақ қана береді, ал ол өте жеткіліксіз. Сондықтан дәрістер мен практикалық сабақтарда сабақ өткізу технологиясы, дамыта оқыту әдістемесі туралы тек кейбір алғашқы мағлұматтар алады.

Біздің анықтағанымыз студенттермен бастауыш сынып математикасын оқытудың өзекті мәселелері, әдістемелік біліктілікті жетілдіру бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілмейді, колледж қабырғасында қажетті іс-шаралар толыққанды өтпейді, студенттер “құлықсыз” тыңдаушылар рөлінде болады да, өздеріне қажетті толық білімдік және әдістемелік ақпарат ала алмайды.

Педагогикалық колледж студенттерімен өткізілген сауалнамада “Сіздің әдістемелік қызметке көзқарасыңыз қандай? ”, “Әдістемелік мәдениетті жүйелі жетілдіру мақсатында ағымдағы баспасөзді үзбей оқып отырасың ба?”, “Болашақ кәсіби біліктілікті арттыру бойынша жаңа озық ойлармен таныс болу үшін қандай әдістемелік газет немесе журналдарды оқисыз?”, “Өзіңіздің болашақ кітапханаңызды жаңа әдістемелік әдебиеттермен толықтырып отырасыз ба?”, “Болашақ бастауыш мектеп мұғалімі үшін әдістемелік даярлықты арттырудың қай сұрақтары өзекті деп ойлайсыз?”, “Сіздің ойыңызша педагогикалық колледждерде студенттердің әдістемелік біліктілігін арттырудың қандай тиімді жолдарын айтар едіңіз?”, “Әдістемелік біліктілігіңізді жүйелі түрде толықтырасыз ба?” деген сұрақтар ұсынылды.

Жүргізілген сауалнамалардан педагогикалық колледж студенттерінің барлығы дерлік қазіргі әдістемелік біліктіліктің маңыздылығын терең түсінетіндігіне куә болдық. Дегенмен, студенттердің басым бөлігі әдістемелік шеберлікті шыңдау жолдарын, әсіресе, математика сабақтарын дамыта оқыту, оқушылардың логикалық ойлауын арттыруға байланысты туындалған мәселелерге жауап табуға қиналды. Сонымен, сауалнама, педагогикалық колледж студенттерінің кәсіби біліктілігін арттыру қызметтеріндегі қарама-қайшылықты: олар бұл істің маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді, бірақ оны әдістемелік тұрғыдан сауатты және тиімді жүргізуге әруақытта дайын еместігін көрсетті.

Математиканы дамыта оқытудың іс жүзінде қалай жүзеге асырылатындығын айқындау үшін, біз оқу үдерістеріне бақылау жүргіздік. Бақылау дамыта оқыту сабақтарына жеткіліксіз көңіл бөлінетіндігін көрсетті. Қатысқан сабақтарда дамыта оқыту бойынша құндылық жүгін көтеретін, ұғымдар мен идеяларға жеткіліксіз назар аударатындықтарын байқадық. Оқушылардың жас және жеке бас ерекшеліктері, дамыта оқытудың мүмкіншіліктері мен қағидалары ескеріле бермейді, әдіс-тәсілдер мақсатқа сай таңдалмайды.

Сонымен, педагогикалық колледждерде студенттердің әдістемелік біліктіліктерін жетілдіру бойынша бай тәжірибе жинақталғанмен, студенттермен және кейбір колледж түлектерімен жүргізілген сауалнамалар, өткізілген ауызекі әңгімелер және сабақтарға қойылған бақылаулар студенттердің әдістемелік дайындықтарының жеткіліксіз екендігіне куә етті.

Анықтау кезеңінде біз педагогикалық колледж студенттерінің әдістемелік біліктіліктерін жетілдіру бойынша дамыта оқыту сабақтарына қатыстарын анықтау мақсатында тесттер өткіздік. Тесттер нәтижелерін қорытындылау арқылы студенттердің дамыта оқыту сабақтарын өткізу біліктіліктері анықталды

Анықтау эксперименті кезеңінде жинақталған материалдарды жалпылай келе, келесідей қорытынды жасалды:

- педагогикалық колледж студенттерінің әдістемелік теориялық дайындықтары жеткіліксіз. Соның салдарынан олар өз мүмкіншіліктерін толық жүзеге асыра алмайды, бастауыш сынып оқушыларын тұлғалық-даралық дамыту бойынша істер мақсатты түрде дұрыс жолға қойылмаған;



  • студенттер қазіргі кездегі бастауыш математика курсын оқушыларға оқытудың технологиясы мен әдістемесін педколледж қабырғасында толыққанда игермеген;

- бастауыш сынып математикасының әдістемесін оқыту бойынша студенттерді дайындайтын курстар олардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге жеткіліксіз. Аталған уақыт ішінде пән мұғалімі қажетті біліктілікті меңгермейді. Оқыту үдерісі студенттердің тұлғалық-қызметтік қызығушылықтарын тудырмайды, дамудың таяу аймағын құра алмайды, нәтижесінде мұғалімдер болашақта өздері жүзеге асыра алатын мүмкіншіліктерін көре алмайды;

- арнайы курстардың беделі жоғары, студенттер олардың маңыздылығын мойындайды;

- оқушылар дамыта оқыту идеясын толық қолдайды.

Сондықтан эскперимент, барысында бірнеше болжамдар пайымдалып, оларды жүзеге асыру міндеттері алға тартылды. Олардың негізгілерін атап көрсетейік:



  • педагогикалық колледж студенттерінің әдістемелік дайындықтарын жетілдіру мақсатында арнайы курстар даярлау қажеттілігі;

  • педколледж студенттерін бастауыш сынып математикасын оқып-үйрету әдістемесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен қамту қажеттілігі;

  • бастауыш математикасын оқушыларға дамыта оқытуды тәжірибеде жүзеге асырудың жолдарын айқындау;

  • бастауыш сынып оқушыларын математикаға оқып-үйретуге даралап оқыту проблемасының оқу мазмұнын өзгертпей, оның мазмұнын құрылымдық түрлендірулер арқылы шешу. Басқаша айтқанда, оқыту мазмұнын елеулі түрде өзгертпей-ақ оның құрылымын бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктеріне сәйкес реттеу.

Эксперименттік жұмыстардың екінші кезеңі - ізденіс эксперименті (2005-2007) педагогикалық колледждерде келесі бағыттарда жүргізілді:

1.Үздіксіз білім беру аясында педагогикалық колледж студенттерінің әдістемелік даярлығын арттыру жүйесін құру;

2. Педагогикалық колледж оқытушыларына және студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар құрастыру.

3. Студенттердің әдістемелік біліктілік деңгейінің өздік болжау мен өздік баға беру алгоритмін құрастыру.

Ізденіс эксперименті кезеңіндегі педагогикалық колледждердегі «Бастауыш сынып математикасын оқыту әдістемесі» курсының сабақтарының мазмұнын өзгертпеу және ол мазмұнды дамыта оқытудың теориялық қағидаларымен, сонымен қатар практикалық мысалдармен толықтыру жан-жақты қарастырылды.

Ізденіс эксперименті, педагогикалық эксперименттің үшінші кезеңі болып табылатын қалыптастыру кезеңінде (2007-2009) өз жалғасын тапты. Бұл кезеңнің басты мақсаты педагогикалық колледж студенттерінің бастауыш сынып оқушаларын дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арнайы даярланған курстар негізінде жетілдіру болып табылады. Қалыптастыру экспериментіне барлығы 124 студент қатысты.

Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру әдістемесі бойынша жүргізілген қалыптастыру эксперименттік жұмыстары кезінде оқытушылар мен студенттер арасында тығыз қарым-қатынас орнығуы қадағаланды, бір-бірімен өзара пікір алмасуын ұйымдастыру да жан-жақты ойластырылды. Эксперимент барысында студенттердің дамыта оқыту бойынша кездестірген әдістемелік ахуалдар болжанатын жағдайлар да қарастырылды.

Біз құрастырған дамыта оқыту сабақтарын өткізудің әдістемесі студентердің теориялық білімі мен практикалық кәсіби біліктіліктерінің артуына ықпал жасады.

Эксперименттік жұмыстар жүргізуде басты көңіл студенттердің дамыта оқытуды қолдану бойынша біліктіліктерінің бастапқы және қол жеткізілген деңгейін анықтауға бөлінді. Бастапқы деңгей дамыта оқытуды қолданудың психологиялық-педагогикалық жалпы сұрақтары әдістемелік сауаттылықтың негіздерін оқып-үйренгеннен соң анықталды. Студенттер арнайы ойластырылған практикалық жұмыстар мен тапсырмалар орындаған соң, сауалнамалар жүргізілді. Бұл істер студенттердің дайындық деңгейлерін анықтауға мүмкіндік туғызды.

Арнайы курс негізіне педагогикалық колледж студенттерінің оқушыларды дамыта оқыту бойынша әдістемелік біліктілігін арттыруды көздеген, шығармашылық қызметке қабілеттерін арттыруды ұйғаратын тұлғалық-қызметтік ыңғай алынды. Студенттер семинар сабақтарында баяндамалар жасаумен қатар, өз мамандықтары бойынша дамыта оқыту сабақтарын өткізу бағдарындағы үйретуші бағдарламалар құрастырды, дәстүрлі емес сабақтар өткізу жоспарын немесе олардың жекелеген бөліктерін әзірледі.

Эксперимент жұмыстарының соңында алынған нәтижелер келесі бағыттар бойынша атқарылған істерге негізделді: оқытудың мазмұнына ішінара өзгертулер енгізу; педколледждердегі оқыту үдерісін мектептердегі оқыту үдерісіне жақындатуды мақсат тұтқан арнайы курстар, оқыту үдерісінде оқушыларды дамыта оқытуды қолдану әдістері мен әдістемесі. Жүргізілген жұмыстар педагогикалық колледж студенттерінің әдістемелік біліктілігін дамыта оқыту арқылы арттырудың тек теориялық тұстарын ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби біліктілігін көтеру жүйесіне тиімді әсер ету заңдылығын анықтады.

Сонымен, біз құрастырған арнайы курстың тиімділігіне көз жеткіздік онымен қоса, эксперимент жұмысын қорытындылау студенттердің сабақтардағы іс-шараларын талдау арқылы жүзеге асырылды: пікірсайысқа араласу, дайындық бойынша тапсырмалар орындау; сабақтар өткізу және талдау; талқыға педагогикалық ахуалдар құрастыру және т.б. Сауалнамалық сұрақтар, әңгімелесу, жазба жұмыстарын талқылау, сараптамалық баға беруде де қолданылды.

Осындай түрдегі игі істердің міндеті студенттер дамыта оқыту туралы теориялық білім жүйесін меңгеру ғана емес, сонымен қатар оларды сабақтарда, іс-тәжірибелерінде іс-жүзінде пайдалану болып табылады.

Эксперимент барысында педагогикалық колледж түлектерінің, бір және екі жыл өткеннен кейін дамыта оқыту бойынша жинақтаған біліктілігі мен дағдыларын қалай пайдалатындықтарын жіті қадағалап отырдық. Қадағалау белгілері ретінде: дамыта оқыту туралы білімдері, бастауыш математикасы курсынан дамыта оқыту сабақтарын жүргізу, үйретуші бағдарламалар мен дәстүрлі емес технологиялар негізінде сабақтарды әрлендіру және т.б. алынды.

Әсіресе, бізді эксперименттік топтарға зерттеу нәтижелері негізінде құрастырған әдістеме бойынша жүргізілген арнайы курс сабақтарының әсері зерделенді. Студенттердің әдістемелік біліктіліктерінің артуы туралы деректі, олардың біз берген тапсырма бойынша өткізген сабақтарына талдау жасай отырып алдық.

Сабақ өткізу жайында студенттер келесі пікірлерін жасырмады:

- студенттердің өздері әлдеқайда аз сөйлейді, ал оқушылар белсенділік танытты, бұрынғы сабақтарға қарағанда оқушылардың өзіндік жұмыс істеуі арта түсті.

- студенттер өздерін арнайы курс тыңдағанға дейінгімен салыстырғанда сенімді және еркін ұстады.

- оқушылар тапсырмалар орындау барысында көптеген сұрақтар қойды және өз ұсыныстарын айта білді.

- дамыта оқыту сабақтары оқушылардың танымдық ізденімпаздығын арттырады, өздік жұмыс істеуін дамытады, оқылатын математикаға қызығушылығын қалыптастырады.

Эскперименттік топтағы толық курсты аяқтаушы 124 түлекпен жүргізілген сауалнама нәтижесінде: «оқушылар байқампаз бола бастады», «сабақ үстінде өз бетімен жұмыс істеулері артты», «сабаққа қызығушылықтары артты», «біз өзіміздің қызметімізге басқа көзқараспен қарай бастадық», «іс-қимылымызда шығармашылықпен жұмыс істеуге құштарлық пайда болды» және т.б. деген жауаптар алдық.

Педагогикалық колледж студенттерінің дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын тексеру мақсатында жыл сайын қорытынды бақылау жұмысын алып отырдық. Бұл бақылау жұмыстарының нәтижелері келесі кестеде берілген.


Кесте 2 - Студенттердің математиканы дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын тексеру бойынша алынған бақылау жұмыстарының нәтижелері


Топтар

Студент

саны


Бақылау жұмыс бағалары

«2»

«3»

«4»

«5»

Эксперименттік

124

0

4

26

94

Бақылау

126

1

78

33

14



Сурет 2 - Математиканы дамыта оқыту бойынша нәтижелердің диаграммасы
Біз тәжірибелік топтардың жүргізген сабақтарын бағалағанда олардың 94-і «бестік», 26-сы «төрттік», ал 4-і «үштік» баға алды. Алдымызға қойған ғылыми болжамға толығымен қол жеткіздік.

Эксперименттік жұмыс нәтижесінде педагогикалық колледж студенттерінің әдістемелік біліктіліктерін дамыта оқыту сабақтарын өткізу арқылы арттыруды көздеген әдістемелік ұсыныстар дайындалды:



  • педагогикалық колледж түлектерінің әдістемелік біліктілігін дамыта оқыту бойынша арттыру колледж бітіргеннен соң жалғасын табуы керек;

  • педагогикалық колледж курстарында дамыта оқыту технологиясы теориялық білім мен практикалық біліктің ажырамас бірлігін қамтамасыз ету керек;

  • «Бастауыш сынып математикасын оқыту әдістемесі» курсының оқу жоспарына дәстүрлі емес оқытудың қыр-сырын жан-жақты қамтитын тақырыптарға сағатты көбірек бөлу қажет және студенттердің дамыта оқыту біліктілігін жетілдіруге ықпал ететін арнайы курстар оқытылуы керек.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қоғамымыздың әлеуметтік-саяси, экономикалық және рухани дамуы болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне білім беру сапасын түпкілікті өзгертіп, жақсартуды талап етеді. Сондықтан дамыта оқыту проблемаларының психологиялық және педагогикалық, дидактикалық негізі бар болғанымен, заман ағымы, уақыт талабы бұл мәселені шешудің, оны зерттеудің жаңа сатысына көтерілуін қажет деп санайды.

Педагогикалық колледж студенттерінің әдістемелік біліктілігін арттыру оқытудың дәстүрлі емес формаларын, атап айтқанда дамыта оқытуды тиімді қолданудың тәсілдері мен әдістемесін толыққанды меңгергенде ғана мүмкін болатындығы анықталды.

Студенттер түрлі әдістемелік тәсілдерді дәстүрлі емес сабақтарда психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ұтымды пайдалануға үйретілсе, ол игі істің бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін арттыруға тигізетін әсері көп екендігіне, оқыту-тәрбиелеу үдерісінің басты формасы - сабақты жетілдіру арқылы оқушылардың ой-өрiсiн, қиялын, адамгершілік сезімдерін шыңдауға және дамытуға қол жеткізілді. Демек, оқу материалдарын сабақ мазмұнына сай етіп, оқытудың жаңа инновациялық әдістерін енгізу - балалардың алған білімдерінің жоғары деңгейде болып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етті.

Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер бізге төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

- педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалiмiнiң математикадан әдістемелік дайындау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау арқылы, оны жетілдірудің мазмұнды сипаттамасы ұсынылды және тәжірибелік эксперимент арқылы тексерілді;

- педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш мектеп мұғалiмiн математикадан әдістемелік дайындау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары анықталып, оның өзіндік ерекшеліктері айқындалды;

- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларға математиканы дамыта отырып оқытудың анықталған мүмкіндіктері негізінде оның әдістемесі әзірленді.

- педагогикалық колледж студенттерінің әдістемелік даярлығын жетілдіру мәселесін кешенді сипатта, сатылы түрде дамыта отырып әрбір студенттің осы даярлығы мен шығармашылығының оқушылардың тұлғалық дамуына тигізетін әсері анықталды;

- студенттердің әдістемелік даярлығын дамыту арқылы болашақ мұғалімдердің қоғам талабына сай жеке тұлғасын қалыптастыру мүмкіндігі анықталды;

- студенттердің әдістемелік даярлығын дамыту мақсатындағы арнайы ұйымдастырылған жұмыстар, дәрісханада және одан тыс уақыттарда өзіндік жұмыстарын басқару, дәрістер мен семинарлар практикалық сабақтарды дамытушылық сипатта өткізу, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану-педагогикалық колледждерде оқыту үдерісінің тиімділігін арттырады.

- бастауыш курс математикасын оқытуда дәстүрлі емес оқыту формаларын қолдану, яғни оның бір көрінісі дамыта оқытуды қолдану арқылы жүзеге асырылды;

- педагогикалық колледж студенттеріне оқу материалдарын таңдаудың және оларды қолданудың тиімді тәсілдерін, яғни дамыта оқытуды дәстүрлі тәсілдермен қатар жүргізу ұсынылды;

Келешекте, педагогикалық колледж студенттерінің әдістемелік даярлығын жетілдіру көптеген арнаулы зерттеулерді талап етеді және мына бағыттарда зерттеуді жалғастыру қажет:

- педагогикалық колледждерде математиканы оқытудың жаңа технологияларына арналған арнайы курстар ұйымдастыру негізінде әдістемелік даярлықты жетілдіру;

- бағдарламаға сәйкес даралап оқыту мен сыныптардағы сабақтар сапасына ықпал ету үшін, оқушыларды дамыта оқытуды үйлесімді пайдалану әдістемесі;

- колледж студенттеріне оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану біліктілігін жетілдіру бағытында іргелі істер жүзеге асырылуы керек деп есептейміз.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:

1 Педагогикалық колледждерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдістемелік даярлау жүйесінің қайшылықтары. //«Қазіргі заманғы маңызды мәселелер»: Халықаралық ғылыми журнал. «Педагогика» сериясы. №5(22), Қарағанды, 2008. -27-33б. (Ә.Кенешпен авторлық бірлестікте)

2 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік даярлығын қалыптастырудың проблемалары. //«Қазіргі заманғы маңызды мәселелер»: Халықаралық ғылыми журнал. «Педагогика» сериясы. №5(22), Қарағанды, 2008. -33-38б. (Ә.Кенешпен авторлық бірлестікте)

3 Педагогикалық колледж студенттерін оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетін дамытуға дайындау. //«XXI ғасырдағы тәрбиелеу, оқыту, дамыту»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. (20-21 шілде) - Көкшетау, 2008. -159-162б. (Д.Рахымбекпен авторлық бірлестікте)

4 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үдерістерін дамытуға арналған жаттығулар. //«Мұғалім құзыреттілігін қалыптастыру негізінде шығармашыл тұлға тәрбиелеу жолдары»: Республикалық ғылыми - әдістемелік конференцияның материалдары. (19-20 қазан 2008 жыл). -Шымкент, 2008. -468-471б.

5 Бастауыш сыныптарда математиканы дамыта оқыту негіздері. Әдістемелік оқу құралы. -Шымкент, 2009. -120 б. (Б.Д.Сыдықовпен авторлық бірлестікте)

6 Педагогикалық колледж студенттерінің математика сабағын дамыта оқыту әдістемесіне дайындығының кейбір теориялық қағидалары. //«Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі»: Республикалық ғылыми журнал. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. - № 4 (77), Шымкент, 2009. -9-13б.

7 Бастауыш мектепте математиканы дамыта оқыту тапсырмаларының құрылымы. //«Әуезов оқулары – 8: Ғылыми жетістіктер-өркениеттің мәдени және экономикалық дамуының негіздері»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері. -Шымкент, 2009. -Т.3. -259-262б. (Н.Ж.Айтбаевамен авторлық бірлестікте)

8 Педагогикалық колледж студентерін математиканы дамыта оқытуға дайындаудың мәселелері. //«Қазақстанның ғылыми журналы»: Халықаралық ғылыми журнал. №1, 2010. -33-37 б. (Б.Д.Сыдықовпен авторлық бірлестікте)

9 Студенттердің математикадан 1-сынып тапсырмаларын орындауға дайындығы. //«Бастауыш мектеп», № 2, 2010. -71-73 б.

10 Математикалық есептерді шешуге проблемалық жанасудың кейбір мысалдары. //«Сапалы білім беруді арттыру мен ғылымдағы инновациялық технологиялар - 2010»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектер жинағы. -Шымкент, 2010. -305-307 б. (А.А.Юнусов, И.Исмаилов, Г.Сүлейменова мен авторлық бірлестікте )

11 Қызықты есептер және олардың оқушылардың танымдық қызығушылығын және ойлауын дамытудағы ролі. //«Сапалы білім беруді арттыру мен ғылымдағы инновациялық технологиялар - 2010»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектер жинағы. -Шымкент, 2010. -310-311б. (Л.Исмаилова, Г.Қ.Қарабаева, Д.Эргашева мен авторлық бірлестікте)



РЕЗЮМЕ
Заурбеков Талгат Талапбекулы
Повышение методической подготовки к развивающему обучению математике учителей начальных школ педагогических колледжей
13.00.02 – Теория и методика обучения и воспитания (математика в системе начального, среднего и высшего образования)
Актуальность исследования. Основной частью подготовки учителей начальных классов в педагогических колледжах считается методическая подготовка по математике. Методическая подготовка рассматривается как система, охватывающая цель, содержание, методы, средства и организацию обучения студентов. В настоящее время система методической подготовки будущих учителей, которая проводится в педагогических колледжах, требует новых вессомых изменений. Поэтому данное исследование посвящается вопросу развития системы методической подготовки будущих учителей начальных классов в педагогических колледжах по математике.

Теоретические исследования состояния повышения методической подготовки к развивающему обучению математике учителей начальных школ педагогических колледжей, отражающие связь и направления изменений между образованием и общесредним математическим образованием, а также потребность в учителях, готовых решать все комплексные задачи в условиях нынешней развивающей школы, определяют актуальность нашего исследования.



Цель исследования: теоретическое обоснование основных направлений развития системы методической подготовки студентов педагогических колледжей по математике и разработка методики её реализации.

Обьект исследования: процесс методической подготовки студентов педагогических колледжей по математике.

Предмет исследования: повышения подготовленности будущих учителей начальных классов к развивающему обучению математике в начальной школе.

Задачи исследования:

- определение реального состояния методической подготовленности студентов педагогических колледжей по математике и основных условий, влияющих на их повышение;

- определение основных направлений развития системы методической подготовки студентов педагогических колледжей по математике;

- выявление возможностей методики развивающего обучения математике учащихся педагогических колледжей;

- разработка методики развивающего обучения по математике для студентов педагогических колледжей и учителей начальных классов.

Научная новизна и теоретическая значимость исследования:


  1. Предложена содержательная характеристика системы методической подготовки по математике будущих учителей начальных классов педагогических колледжей посредством анализа реального её состояния;

  2. Определены основные направление развития методической системы подготовки будущих учителей начальных школ педагогических колледжей и ее особенности;

  3. Выявлены возможности развивающего обучения по математике будущих учителей начальных школ и разработана её методика.

Практическая значимость исследования: разработаны: учебно-методическое пособие для будущих учителей начальных классов: «Бастауыш сыныптарда математиканы дамыта оқыту негіздері» и дополнения к курсу «Методика преподавания математики в начальной школе»; спецкурс «Педагогикалық колледж студенттеріне математиканы дамыта оқыту» для студентов педагогических колледжей и методическое пособие для его усвоения.

Предлагаемую методику можно применять в практике методической подготовки по математике будущего учителя начальных классов педагогических колледжей.



Результаты исследования и положения, полученные в ходе эксперимента, можно использовать в учебно-воспитательной работе высших и средне-специальных учебных заведениях, общеобразовательных школах, лицеях и гимназиях, в системе повышения квалификации и переподготовки педагогических кадров.

Основные положения, выносимые на защиту.

  1. Теоретическое обоснование сущности методической подготовки будущего учителя начальных классов по математике в развивающей системе средне-специального педагогического образования.

  2. Научно - обоснованное понятие о структуре и содержании новой системы методической подготовки по математике будущего учителя начальных классов.

  3. Общие и специальные положения, определяющие направления развития системы методической подготовки будущего учителя начальных классов по математике в педагогических колледжах.

  4. Пути формирования технологии развивающего обучения в системе методической подготовки студентов колледжей.

  5. Примерное содержание методической подготовки, состоящее из обучения студентов по единой профессиональной программе, соответствующей данной системе.

Апробация результатов исследования и внедрение в практику осуществлялись в ходе опытно-экспериментальной работы в форме научных докладов на международном, республиканском, областном уровнях на научно-практических конференциях, публикаций в журналах «Болашақ» (Международный научный журнал), «Наука и образование Южного Казахстана», «Бастауыш мектеп», «Қазақстанның ғылыми журналы», в материалах международной научно-практической конференции «Воспитание, обучение, развитие в XXI веке» (Кокшетау, 2008г.), материалах международной научно-методической конференции «Пути воспитания творческой личности на основе формирования компетентности учителя» (Шымкент, 2008г), «Бастауыш сыныптарда математиканы дамыта оқыту негіздері» (учебно-методическое пособие), трудах Международной научно-практической конференции «Ауезовские чтения - 8: Научные достижения - основа культурного и экономического развития цивилизации» (Шымкент, 2009г.), а также в колледжах ЮКГУ имени М. Ауезова, Мурагер, Аксукентский многопрофильный колледж, (с. Аксукент, Сайрамский район, Южно-Казахстанский область).

SUMMARY
Zaurbekov Talgat Talapbekuly
Increasing methodical preparation of developmental education mathematics teachers in primary school teacher training colleges
13.00.02-Theory and Methods of Teaching (mathematics in primary, secondary and higher education)
Relevance of the study. The main part of the training of primary school teachers in colleges of education is the methodical training of students in mathematics. Methodical preparation is regarded as a system, covering the purpose, content, methods, tools and training for students. Currently, the system of methodical preparation of future teachers, which are held in teachers' colleges, requires new tangible changes. Therefore, this study is devoted to the issue of development of the methodical preparation of future elementary school teachers in teacher training colleges in mathematics.

Theoretical studies of the state increase of methodical preparation of developmental education math teachers in primary schools reflects the relationship between teacher training colleges and the direction of change between education and general average mathematics education, as teachers need ready to solve all complex problems in today's developing the school determine the relevance of our research.



The aim of research: to scientifically substantiate the main directions of development of the methodical training of students of teacher training colleges on the subject of mathematics and the training methods of implementation.

The object of research: the process of methodical training of students of teacher training colleges in mathematics.

Subject of research: the formation of preparedness of primary school teachers in developing teaching mathematics in grade school.

Research objectives:

- define the current state of methodological preparedness of students in mathematics teacher training colleges and the main condition affecting their improvement;

- identify the main lines of development of methodical training of students of teacher training colleges in mathematics;

- Identifying opportunities waving technique training mathematics students of teacher training colleges;

- develop a methodology waving learning of mathematics for students of teacher training colleges and primary school teachers.

Scientific novelty and theoretical significance of the study:

1. Offered meaningful description of the system of methodical preparation in mathematics for future teachers of elementary school teacher training colleges through an analysis of their current status;

2. Defined main direction of development of the methodical system of training future teachers of elementary school teachers' colleges, and its features;

3. Proved waving learning opportunities in mathematics for future elementary school teachers and prepared her technique.



The practical significance of the study: prepared a teaching aid for primary school teachers: "The basics of developing teaching in mathematics in primary school” and additions to the course" Methods of teaching mathematics in grade school. "Compiled program" Methodical preparation of mathematics teachers in primary schools for student teachers colleges, and prepared manual for its assimilation.

Proposed methodology can be applied in practice, methodical preparation in mathematics primary school teachers of teacher training colleges.

Results of the study should be, proved in the course of the experiment can be used in the educational activities of higher and secondary spetsialnogo schools, secondary schools, high school and gymnasium in the training and retraining of teachers.

The main provisions for the defense:

1.Teoretical study the essence of the methodical preparation of future elementary school teacher in mathematics at wave systems in special secondary teacher education.

2.Research support the concept of the structure and content of the new system of methodical preparation of future elementary school teacher.

3.General and special provisions that guide the development of methodical preparation of future elementary school teacher of mathematics in teacher training colleges.

4.The ways of forming technology of developing education in the methodical preparation of college students.

5. Content of methodical preparation, consisting of training students for a single professional programs that meet the system.



Approbation of research results and implementation in practice to log on experimental work in the form of scientific papers at international, national, regional levels of scientific and practical conferences, journals Bolashak (International Research), "Science and Education in Southern Kazakhstan," "Primary School "," Science of Kazakhstan magazine”, the content international scientific-practical conference "Education, training, development XXІ century" (Kokshetau, 2008.) Proceedings of International Scientific methodical conference "Ways of education of the creative person on the basis of the formation of competence of the teacher" (Shymkent, 2008). " The basics of developing teaching in mathematics in primary school (methodical, textbook), Proceedings of the International Scientific and Practical Conference" Auezov Readings - 8. Scientific advances - the foundation of cultural and economic development of civilization "(Shymkent, 2009.), As well as in colleges SKSU the M. Auezov, Murager, multi-college Aksukent, Sairam district of South - Kazakhstan region.

ЗАУРБЕКОВ ТАЛҒАТ ТАЛАПБЕКҰЛЫ
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік

даярлығын арттыру

Басуға 15 қазан 2010 ж. қол қойылды

Пішіні 60х84 1/16 көлемі 1,5 баспа табақ

Таратылымы 100 дана

Тапсырыс № 2508

160012, Шымкент қаласы,

Байтұрсынова көшесі, 15Б

«Нұрлы бейне» баспа орталығы




с. 1

скачать файл

Смотрите также: