Патент алу үшін бойынша салық есептілігін (есебін) жасау ережесі


с. 1




Патент алу үшін бойынша есебін (911.00 – нысан) қосымша


Патент алу үшін бойынша салық есептілігін (есебін) жасау ережесі

(911.00 – нысан)

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және патент құнын есептеуге арналған салық есептілігі нысанын – Патент алу үшін есепті (бұдан әрі – Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Патент құнына жеке табыс және әлеуметтік салықтары кіреді. Есепті патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жасайды.



2. Есеп Есептің өзінен (911.00–нысан) және патентті алу үшін қажетті ақпаратты көрсетуге арналған оған қосымшадан (911.01–нысан) тұрады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, тазартуға және өшіруге жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Есепке қосымша Есепте тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдар толтырылған кезде міндетті тәптіпте жасалады.

6. Есепке қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

7. Осы Ережеде мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «–» – алу; «х» – көбейту.

8. Соманың теріс мәні Есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

9. Есеп жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып толтырылады;

2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 68–бабына сәйкес толтырылады.

10. Есепке Салық кодексінің 61–бабы 3–тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және салық төлеушінің не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

11. Есепті тапсырған кезде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

12. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

13. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Есепті табыс ету кезінде:

СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2012 жылдың 1 қантарына дейін толтырылуы тиіс.

ЖСН/БСН –жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) 2012 жылдың 1 қантарынан бастап толтырылуы тиіс.

2. Есепті жасау (911.00 – нысан)

 

14. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:



1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) ЖСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі. Болған жағдайда көрсетіледі;

3) сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының СТН –салық төлеушінің – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе Салық кодексінің 35–бабына сәйкес сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тіркеу нөмірі.

Жолды сенімгерлікпен басқарушы толтырады;

4) сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының ЖСН/БСН–мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе Салық кодексінің 35–бабына сәйкес сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Болған жағдайда көрсетіледі.

Жолды сенімгерлікпен басқарушы толтырады;

5) дара кәсіпкердің аты–жөні;

Дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;

6) салық кезеңі: Есеп тапсырылатын жыл – есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі);

7) Есептің түрі.

Тиісті торкөздер Есептің Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;

8) хабарламаның нөмірі мен күні.

Торкөздер Салық кодексінің 63–бабының 3–тармағы 4)–тармақшасында көзделген хабарлама бойынша Есепті тапсырған жағдайда толтырылады;

9) валюта коды.

«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

10) Есепті электронды түрде тапсыру.

Есеп электронды түрде табыс етілген кезде белгіленеді;

11) Есеп қызмет бойынша жасалды:

11 А торкөзі салық төлеуші өз қызметінің нәтижелері бойынша Есеп толтырған жағдайда белгіленеді;

11 В торкөзі салық төлеуші мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүдделеріне жүзеге асырылған қызмет нәтижелері бойынша Есеп толтырған жағдайда белгіленеді;

11 А және 11 В торкөздері салық төлеуші өз қызметінің нәтижелері бойынша және мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүдделеріне жүзеге асырылған қызмет нәтижелері бойынша Есеп толтырған жағдайда белгіленеді;

12) оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі мен күні.

Оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

Жол Салық кодексінің 35–бабымен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, сенімгерлікпен басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүдделері үшін жүзеге асырылатын қызмет нәтижелері бойынша Есеп тапсырған жағдайда толтырылады;

13) қосымшалардың саны.

Табыс етілген қосымшалардың саны көрсетіледі.

15. «Патент құнын есептеу үшін мәліметтер» бөлімінде:

1) 911.00.001 жолында табыс сомасы көрсетіледі.

2) 911.00.002 жолында 911.00.001 жолы мен Салық кодексінің 432–бабы 1–тармағында белгіленген ставкасының туындысы (911.00.001 х 2%) ретінде айқындалатын бюджетке төленуге тиіс есептелген салық сомасы көрсетіледі;

3) 911.00.003 жолында есептелген салықтардың бір бөлігінің 1/2 мөлшерінде айқындалатын (911.00.002 х 0,5) бюджетке төленуге тиіс жеке табыс салығы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте есептелген салық сомасын 1 теңгеге дейін дөңгелектенуі тиіс: 50 және одан көп тиындағы сома бір теңге ретінде қабылданады, 50 тиыннан төмен сома Есепке қабылданбайды;

4) 911.00.004 жолында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар алына отырып, есептелген салықтардың бір бөлігінің ½ мөлшерінде айқындалатын бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі ((911.00.002 х 0,5) – 911.00.005). Бұл ретте есептелген салық сомасын 1 теңгеге дейін дөңгелектенуі тиіс: 50 және одан көп тиындағы сома бір теңге ретінде қабылданады, 50 тиыннан төмен сома Есепке қабылданбайды.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен жағдайда бұл жолда нөлге тең әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі;

5) 911.00.005 жолында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы көрсетіледі.

16. «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін мәліметтер» бөлімінде:

1) 911.00.006 жолында Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте айқындалатын жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін мәлімделген табыс көрсетіледі;

2) 911.00.007 жолында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіпте айқындалатын жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

17. Есеп электронды түрде берілген кезде «Патент құнының, әлеуметтік аударымдардың және міндетті зейнетақы жарналарының төленгені туралы мәліметтер» бөлімінде 911.00.008 А, 911.00.008 В, 911.00.008 С, 911.00.008 D, 911.00.008 Е жолдарында Салық кодексінің 431–бабы 1–тармағына сәйкес патент алынғанға дейін төленген жеке табыс және әлеуметтік салықтар, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналары бойынша мәліметтер (төлемнің атауы, БЖК (бюджет жіктемесінің коды), төлем құжатының нөмірі, төленген күні, сомасы) көрсетіледі.

18. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің аты–жөні» жолында жеке басын куәландыратын құжаттарға дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) сәйкес көрсетіледі;

2) Есепті беру күні.

Есептің салық органына берілген күн көрсетіледі;

3) орналасқан орны бойынша салық органының коды.

Дара кәсіпкер ретінде салық органында тіркеу есебіне тұрған кезде жеке кәсіпкер мәлімдеген.

Бұл ретте салық органында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген жеке кәсіпкердің қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны жеке кәсіпкердің орналасқан орны болып танылады;

4) тұрғылықты жері бойынша салық органының коды.

Бұл ретте азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны жеке тұлғаның тұрғылықты жері болып танылады;

5) «Есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның аты–жөні» жолында Есепті қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;

6) Есепті қабылдау күні.

Салық кодексінің 584–бабы 2–тармағына сәйкес Декларация табыс етілген күн көрсетіледі;

7) Есептің кіріс нөмірі.

Салық органы берген Есептің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

8) почта штемпелінің күні.

Почта немесе өзге байланыс ұйымы қойған почта штемпелінің күні көрсетіледі.



2. Есепке– 911.01– нысанын жасау
19. 911.00 нысаны патентті алу үшін қажетті ақпаратты көрсетуге арналған және жеке кәсіпкердің міндетті тәртіпте толтыруға жатады.

20. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) ЖСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі. Болған жағдайда көрсетіледі;

3) сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының СТН – Салық кодексінің 35–бабына сәйкес салық төлеушінің – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тіркеу нөмірі.

Жолды сенімгерлікпен басқарушы толтырады;

4) сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының ЖСН/БСН – Салық кодексінің 35–бабына сәйкес мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Болған жағдайда көрсетіледі.

Жолды сенімгерлікпен басқарушы толтырады;

5) салық кезеңі – Есеп табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі);

21. «Патент алу үшін мәліметттер» бөлімінде:

1) 911.01.001 жолында алынып жатқан патент бойынша қызметті жүзеге асыру мерзімі көрсетіледі;

2) 911.01.002 жолында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің түрі көрсетіледі;

3) 911.01.003 А, 911.01.003 В, 911.01.003 С, 911.01.003 D, 911.01.003 Е, 911.01.003 F жолдарында алынып жатқан патент бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны (облыс, қала немесе аудан т.б.атаулары) көрсетіледі.

911.01.03 G жолында әмбебап дүкені, супермаркет және т.б. атаулары және әмбебап дүкендерінде, супермаркеттерде және т.б. кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде бөлімнің нөмірі немесе атауы көсетіледі. Кәсіпкерлік қызметті автомобильмен жолаушылар және жүк тасымалдау саласында жүзеге асырған жағдайда 911.01.03 G жолында нөмір және жүру бағыты көрсетіледі;

4) әр–түрлі елді мекендерде мүлікті жалға беру бойынша қызметті жүзеге асыратын жағдайда мына жолдар толтырылады:

911.01.004 – жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет түрі;



911.01.005 – дара кәсіпкердің орналасқан (тіркелген) жерінен бөлек жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің өзге орны.
______________________________________
с. 1

скачать файл

Смотрите также: