ОӘК Қр мббс сай 050106 мамандығының 1 курс студенттері үшін жасалған


с. 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Мәдениет және спорт институты

Музыка теориясы мен

орындаушылық шеберлігі кафедрасы
050106 «Музыкалық білім беру» мамандығына арналған

«Музыка өнеріне кіріспе» пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Өскемен, 2005






Құрастырушы ОӘК кафедраның отырысында

Нұрхатова талқыланған

Майра Сапақызы 2005 жылдың

«__»


№ __ хаттама
Аға оқытушы ОӘК МжС институтының

әдістемелік кеңесінің

отырысында мақұлданған

2005 жылдың

«__»

№ __ хаттама



ОӘК аннотациясы

ОӘК ҚР МББС сай 050106 мамандығының 1 курс студенттері үшін жасалған. «Музыка өнеріне кіріспе» пәні студенттерге музыка және оның құрамдас бөліктері туралы бастапқы түсінік алуға көмектеседі. Музыка өнерінің түрлі салаларынан кәсіби мәліметтер алып, оларды тереңірек, толық игеруге мүмкіндік туғызады.


050106 «Музыкалық білім беру» мамандығы студенттеріне арналған «Музыка өнеріне кіріспе» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен / Құраст. Нұрхатова М.С. Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, 2005

«МУЗЫКА ӨНЕРІНЕ КІРІСПЕ» ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)



  1. Жалпы мағлұматтар:




    1. Пән атауы – «Музыка өнеріне кіріспе»




    1. Кафедра - Музыка теориясы мен орындаушылық шеберлігі кафедрасы




    1. Оқытушының аты-жөні – Нұрхатова Майра Сапақызы



    1. Байланыс телефоны – 47-27-97 (музыка теориясы мен орындаушылық шеберлігі кафедрасының телефоны), 50-28-21 (үй телефоны)

1.5. Сабақтардың уақыты мен өткізілетін орны – Бажов к. 7 үй, ШҚМУ екінші корпусы, 42 каб, сабақ кестесі бойынша.




    1. Несие саны – 1




    1. Оқу жоспарынан көшірме




Курс

Семестр

Кредиттер

Лекциялар

Семинар, практ.,зерт.,жұмыстары

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

1

1

1

7

8

15

15

45

емтихан




    1. Курс пререквизиттері

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінде қазіргі басты мақсаттың бірі – жоғары дәрежелі білікті ұстаз дайындау, жеткіншектеріміздің рухани дүниесін кеңейтіп, ойлы да парасатты азамат тәрбиелеу.

«Музыкалық өнерге кіріспе» пәні студенттерге, оның ішінде базалық музыка дайындығы жоқ студенттер үшін маңызы өте көп.

Бұл пән мазмұны студенттердің болашақ мамандығы туралы түсінігін кеңейтеді, музыка өнерінің түрлі салаларынан кәсіби мәлімет алып, оларды терең, толық игеруге мұмкіндік туғызады. Музыканың жалпы тарихы, адам өміріндегі ролі, музыкалық түрлер, жанрлар туралы түсінік, музыкалық мәнерлеу құралдары, дауыс түрлері, хор өнері, аспаптар, оркестрлер т.б. туралы кәсіби білім алуына көмектеседі.


ГЛОССАРИЙ

АКАПЕЛЛА – сүйемелдеусіз айтылатын хор.

АККОМПАНЕМЕНТ – французша «accompagnement» - сүйемелдеу.

Әншіні, хорды немесе жеке музыка аспаптарында орындалатын музыканы рояль, баян, гитара, домбыра немесе бүкіл оркестрмен сүйемелдеу.

АППЛИКАТУРА - итальян тілінен аударғанда «applico» - басу, орналастыру деген мағынаны білдіреді.

Музыка аспабын тартқан кезде перне басатын сол қол саусақтарының орналасу, алмасу тәртібі және олардың нотадағы жазылу белгісі.

БАЛЛАДА – поэзия мен музыкада қалыптасқан жанр, негізінен баяндау сипатында болып келетін вокалды немесе аспаптық шығарманың түрі.

ВАРИАЦИЯ – латын тілінің «variatio» (құбылту, өзгерту, түрлендіру) сөзінен шыққан. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отырады. Мысалы: Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Елім-ай» әнінің тақырыбына жазған вариациясы мен Ғ. Жұбанованың скрипкамен ойнауға арналған «Қор болды жаным» вариацияларын атап айтуға болады.

ВОКАЛДЫҚ МУЗЫКА - ән айтуға арналған музыка. Бұл ұғымға капелла айтуға немесе музыкалық сүйемелдеу үшін арналған кез келген музыкалық шығарма жатады. Вокалдық музыканың жанрлары: ән, романс, кантата, оратория, опера.

ГАРМОНИЯ – дыбыстарды құлаққа жағымды үндестіктерге біріктіру және осы үндестіктердің ізбасарлық қозғалысындағы өзара байланысына негізделетін музыкадағы ең мәнерлі құралдардың бірі.

ЖАНР - өзінің ерекше сюжеттік, стильдік қасиетімен ерекшеленетін өнер шығармаларының тарихи қалыптасқан түрі.

ИМИТАЦИЯ – көп дауысты шығармалардың негізгі тақырыптарының әуелі бір дауысты, кейіннен басқа дауыстарда кезекпен қайталануы.

ИМПРОВИЗАЦИЯ- музыканың орындалу кезінде шығарылуы. Импровизация халық музыкалық шығармашылығында үлкен орын алады: халық ақындары мен орындаушылары, әдетте, музыка орындау кезінде жаңа әуендер шығарып, оларды әсемдеп, дамытады.

ИНТОНАЦИЯ – музыкалық ойдың дыбыс көмегімен іске асырылуды білдіретін көп мағыналы түсінік. Интонация – музыка мазмұнының арқалауы.

КОМПОЗИЦИЯ – 1. музыкалық шығармашылықтың процессі. 2. Аяқталған музыкалық шығарма. 3. музыкалық шығарманың құрылымы.

ЛАД – музыкалық дыбыстардың өзара қатынасуы, биіктігі жағынан құлаққа жағымды болып үйлесуі.

МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА – 1. операның ертедегі атауларының бірі. 2. 19 ғасырдың 2 жартысында қолданылып жүрген термин, ол операға драмалық театрдың принциптерін еңгізуін бейнелеген болатын. 3. айтарлықтай орнын музыка (вокалды және аспапты) алатын драмалық шығарма.

МУЗЫКАЛЫҚ ҚАЛЫП (ФОРМА) – музыкалық шығарманың құрылымы, оны қң құрамадса бөліктерінің өзара қатынасы.

МУЗЫКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП – қайталанбас бейнесін және мән-мағынысын анықтайтын музыкалық шығарманың негіз салушы бөлігі.

МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР – жалпы айтқанда әрбір музыкалық пьеса, соның ішінде халық әні немесе аспапты импрвизация.

ОПЕРА – сөз, сахналық көрініс пен музыка синтезіне негізделетін музыкалық-драмалық шығарма, музыкалық-театралды өнердің түрі. 16-17 ғасырлар шеңінде Италияда пайда болған. Түрлері: опера-балет, опера –буффа, опера-водевиль, опера-комик, опера-семисериа, опера-сериа.

ПЕРИОД – аяқталған музыкалық ойды білдірітін ең кішкентай гомофонды қалып. Екі бөлімнен тұрады: біреуі каданспен аяқталса, екіншісі, әдетте, тоникамен аяқталады.

ПОЛИФОНИЯ – музыканың ең басты мәнерлі құралдарының бірі; құрамдас әуендері өз алдына бір мәнге және сазды-ырғақты дамуына ие болатын, көп дауыстылықтың бір түрі.

РИТМ – музыкадағы дыбыстардың әртүрлі ұзақтықтарының алмастырылуы. Әуеннің негізгі мәнерлеу элементтерінің бірі.

СИМФОНИЗМ – музыкалық-эстетикалық дәреже, музыкада көркем бейнелеудің әдісі және осы әдіспен анықталатын музыкалық драматургия және ойлау мінездемесі.

СИМФОНИЯ – сонаттық айналым түріндегі оркестрге арналған көлемді шығарма. Өзінің классикалық келбетін симфония веналық мектептің өкілдері Й. Гайдн, В.А. Моцарт, Л. Бетховен шығармашылығында қалыптастырды.

ТЕМБР – дыбыс бояуы; музыкалық дыбыс белгілерінің бірі. Тембрмен биіктігі және қаттылығы бірдей, бірақ әртүрлі аспаптарда не әртүрлі дауыспен орындалған дыбыстарды айырады.

ТЕМП – уақыт бірлігіндегі метрлік бөлшек санымен анықталатын музыка орындалу жылдамдығы. Шығарма темпі оның мазмұнына, құрылымыны байланысты болады. Музыкада темп итальянша терминдермен белгіленеді.

ФАКТУРА - музыкалық материалды мазмұндау әдісі. Сондай-ақ технологиялық құралдар жиыны.. Фактураның 3 негізгі түрі бар:


  1. гомофонды- гармониялық құрылым;

  2. аккордтық құрылым;

3)полифониялық құрылым.


    1. Курс постреквизиттері

«Музыка өнеріне кіріспе» пән сабақтарында алынған білім барлық музыкалық тәртіптерде, әсіресе «Музыка тарихы», «Музыкалық шығармалардың анализі» курстарында, «Музыкалық білім беру әдістемесі» сабақтарында курстық және дипломдық жұмыстар жазуда қолданылуы мүмкін.


  1. Курстың қысқаша сипаттамасы

«Музыка өнеріне кіріспе» курсы оқу жоспарына Қазақстан Республикасының білім беру Мемлекеттік стандартына (Астана, 2004) сай еңгізілді.

    1. Курс мақсаты

«Музыка өнеріне кіріспе» пәнінің мақсаты – стденттердің музыка өнері жайлы түсінігін қалыптастыру, музыканың әр түрлі жақтары туралы мәлімет беру.

    1. Мамандыққа орай курс міндеттері

А) музыканың тарихи және қазіргі заманғы анықтамаларын зерттеу;

Ә) музыка және музыка өнерінің пайда болу мәселесін, адам өміріндегі музыка алатын орнын зерттеу;

Б) музыкалық шығарма, оның мазмұны мен түрі жайлы түсініктеме беру;

В) студенттерді негізгі музыкалық жанрлармен және музыка түрлерімен таныстыру.



    1. Курс мазмұны

Курстың өзекті сұрақтары: адам өміріндегі және басқа өнер түрлері арасындағы музыка орны, музыка ерекшеліктері; музыкалық шығарманың мазмұны, функциялары; музыкалық жанрлар, стильдер, музыка түрлері.

Курсты тәмамдағаннан кейін студент музыка мәні, оның құрамдас бөліктері туралы теориялық білім алуы тиіс; шығарманың жанрын, түрін, стилін анықтап, оған көркемдік-эстетикалық баға бере алатындай дәрежеге жетуі керек; клавир, партитура, анықтамалық музыкалық әдебиетпен жұмыс істей алуы және әр түрлі хабар көздерінен алған мәліметтерді жинақтап, аудитория алдында баяндама жасай алуы міндетті.




  1. Тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі

    1. Тапсырмалардың түрлері мен тізімі



Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылған әдебиеттер

Орындалу уақыты

баллдар

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

Музыкалық сөздік жасау

Музыкалық терминологияны игеру, берілген музыкалық терминдерді сөздікке жазып алу

1, 6, 13, 26

1-15

10

коллоквиум

3 апта

2

Музыканың түрлері жайлы семинар сабаққа дайындалу

Музыканың түрлері жайлы әдебиетпен танысу. Жоспар құрастырып, керекті материалдарды жинақтау

2, 11, 16, 18, 20

1-14

10

баяндама

5 апта

3

«Музыка жанрлар жүйесі» тақырыбындағы семинарға дайындық

Негізгі музыкалық жанрларды игеру. әдебиеттерді зерттеу және конспектілеу, әр түрлі жанрдағы музыканы тыңдау

4, 5, 6, 13, 17, 20, 22

1-8

10

баяндама

7 апта

4

«Музыкалық стильдер» тақырыбындағы сұрақтардың біреуіне реферат жазу

Музыканың әр түрлі стильдерін игеру

Тыңдалған шығарманың стилін, түрін анықтау



13, 15, 20

1-14

5

реферат

9 апта

5

Үй жұмысы

Музыкалық –мәнерлі құралдарды игеру. Музыкалық шығармалардың мазмұнын және мәнерлі құралдарды анықтау

6, 13, 15

1-11

10

сұрастыру

11 апта

6

Аудио және бейне жазбалармен жұмыс

Дауыс түрлерін анықтауды үйрену, әр дауыстың диапазон көлемін білу, хор және оркестр түрлерін ажыратуды үйрену

4, 5, 7, 8, 9, 16, 24

1-7

10

сұрастыру

12 апта

7

Теоретикалық әдебиетті зерттеу

Қазіргі заманғы музыка жайлы мағлұматтарды іздестіру және зерттеу

5, 27

1-7

5

Конспектіні тексеру

15 апта

8

Курстың негізгі түсініктері мен мәселелерін жайлы тестке дайындалу

«Музыка өнеріне кіріспе» курсында алынған білімді тексеру. Лекция, әдебиеттерден конспектіленген, музыкалық сөздіктегі материалдарды тексеру




1-15

10

Тестілеу,

15 апта




    1. Әдебиет тізімі




  1. Алиев Ю.Б. Настольная книга школьного учителя-музыканта. – М.: Владос, 2000.

  2. Аманов Б.Ж., Мухамбетова А.И. Казахская традиционная музыка и 20 век. – Алматы: Дайк-пресс, 2002.

  3. Асафьев Б.В. Избранные статьи о музыкальном просвещении и образовании. – М.: Музыка, 1973.

  4. Аравин П.В. Жанры казахской инструментальной музыки. Алма-Ата, 1970.

  5. Ахметова М., Ерзакович Б., Жұбанов А. Советтік қазақ музыкасы. Тарихи очерк. (1917-1970)

  6. Әбдікәрімов Ә.Ә. Музыка теориясының негіздері. – Алматы, 1996.

  7. Әсімбекова К. Хор жүргізу негіздері. – Алматы, РБК, 1994

  8. Барсова И.А. Книга об оркестре. – Москва: «Музыка», 1978.

  9. Бейсенбекұлы О. Сазды аспаптар сыры. – Алматы: Ана тілі, 1994.

  10. Байжігітов Б.Д. Көркемөнер терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі. – Алматы: РБК, 1993.

  11. Байқадамова К., Темірбекова А. Қазақтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндері (оқу құралы). – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2001

  12. Балтабаев М.Х. Қазақ халық музыкасы және студент жастар. – Алматы: Ана тілі, 1991

  13. Бонфельд М.Ш. Введение в музыкознание:Учебное пособие для студентов ВУЗа. – М.: Владос, 2001.

  14. Брусиловский Е.Г. Дүйім дүлдүлдер. – Алматы: Ана тілі, 1995.

  15. Джансеитова С.С., Мусина К.К. Орысша-қазақша музыкалық терминдердің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 1991.

  16. Ерзакович Б.Г. Песенная культура казахского народа. – Алма-Ата, 1966.

  17. Жумасеитова Г. Страницы казахского балета. – Астана: Елорда, 2001.

  18. История казахской музыки: В 2 томах (Алматы, Консерватория им. Курмангазы). Т.1: Традиционная музыка казахского народа: песенная и инструментальная. – Алматы: Ғылым, 2000.

  19. Музыкальная энциклопедия.

  20. Розеншильд К. История зарубежной музыки. – М., т. 1, 1965.

  21. Радлов В.В. Алтын сандық. – Алматы: Ана тілі, 1993.

  22. Сарыбаев Б.С. Казахские музыкальные инструменты. – Алма-Ата, Жалын, 1978.

  23. Сарыбаев Б.С. Казахские музыкальные инструменты. Альбом – Алма-Ата, Жалын, 1978.

  24. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. – Астана: Күлтегін, 2002

  25. Сохор А.Н. Вопросы социологии и эстетики музыки. – Л., 1983.

  26. Сохор А.Н. Музыка как вид искусства. – М., 1972.

  27. Сығай Әшірбек. Сахна саңлақтары. – Алматы: Жалын, 1998

  28. Турсунов Е.Д. Возникновение баксы, акынов, сэри и жырау. – Астана: Фолиант, 1999.




    1. Бағалау жайлы мәліметтер

Рейтинг- шкала



Бақылау түрі

Балдар

Ағымдық

50

Аралық

10

Қорытынды

40

Барлығы

100




    1. Әр түрлі жұмыстарды бағалау

Осы курс бойынша қорытынды баға мына бағыттардағы көрсеткіштер бойынша жинақталады:

Үй тапсырмасы (ең жоғарғы балл – 10)

Күнделікті бақылау (ең жоғарғы балл – 20)

Шекаралық бақылау (ең жоғарғы балл – 30)

Қорытынды емтихан (ең жоғарғы балл – 40)


Әр түрлі жұмыстарды бағалаудың шкаласы.

Баяндама – 10 балл (хаттауы (оформление)– 2 балл, сөз сөйлеу – 8 балл)

Семинарлық сабақ – 10 балл (дайындалу – 5 балл, сөз сөйлеу – 5 балл)

Конспект – 10 балл (әрбір деректеме үшін – 1 балл)

Шығармашылық тапсырма (дайындалу – 7 балл, шығу – 3 балл)

Бақылау жұмысы – 10 балл (деректемемен жұмыс – 8 балл, деректеме бойынша сұрастыру – 2 балл)




  1. Курс саясаты:

Студенттердің сабаққа қатысуы қатал түрде бақыланып отырады. Студент қатыспаған сабақ саны қорытынды баға қойылар кезде міндетті түрде ескеріледі. Сабаққа қатысып, үнемі белсенділік көрсету жақсы баға алуға өз септігін тигізеді.

- Сабақты себепсіз босатпауға тырысу керек.

- Сабаққа кешігіп келуге болмайды.

- Сабақ үстінде сөйлесуге тыйым салынады.

- Ұялы телефондарды өшіру қажет.

- Барлық тапсырмаларды уақытында орындау керек.

- Босатылған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру

- Берілген тапсырманы уақытында орындамаған жағдайда баға төмендетіледі

- әр түрлі себеппен әрбір екі сабаққа кешігу не/немесе сабақ аяқталмай кету бір босатылған күн деп есептеледі.

- әрбір сабаққа дайындалу міндетті.

- емтихан кезінде біреуден көшіруге қатаң тыйым салынады.


ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


    1. Курстың тақырыптық жоспары

Барлық кредит саны – 1




Тақырып атауы

лекция

семинар

зертхана

СОӨЖ

СӨЖ

Музыка - өнердің бір түрі. Оның мазмұндық аспектілері. Көркемдік бейне.

1







2

2

Музыка түрлері: эпос, лирика, драма.

1

1




2

2

Музыкалық жанрлар жүйесі.

1

2




2

1

Музыкалық стильдер.

1

2




1

2

Музыкалық интонация және мәнерлеу құралдары системасы (жүйесі).

1

2




2

2

Дауыстар түрлері, хор өнері.

1







2

2

Оркестрлер, музыкалық аспаптар.

1







2

2

Қазіргі заманғы өнердің синтетикалық жанрларындағы музыка

1















8

7




15

15



    1. Лекциялық сабақтардың тезистері

1 ТАҚЫРЫП: Музыка - өнердің бір түрі. Оның мазмұндық аспектілері. Көркемдік бейне.


- Музыка өнерінің басқа өнер түрлерінің арасында алатын орны; олармен ортақ сипаттары және ерекшеліктері.

- Музыканың қоғам және жеке адам өміріндегі маңызы.


Музыка өмір көріністерін дыбыстық көркем образдар арқылы суреттейді. Өзінің эмоциялық бағыты арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және ұйымдастырушылық роль атқарады. Музыканың тарихи дамуы қоғамдық дамудың жалпы заңына бағынады. Музыканың адам сезімін, ойын, іс-әрекетін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде маңызы зор. Музыкада дыбыстық, биіктік және уақыттық (ритмдік) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген.

Философиялық және әлеуметтік идеялар әлемін кеңінен қамту үшін композиторлар таза музыканың (программасыз аспаптық) шеңберінен шығып, нақтылы мазмұнды білдіретін сөзге (программалық-вокалдық және аспаптық), сонымен қатар сахналық іс-әрекетке бой бұрады.

Музыка мазмұнында бір нәрсені әшкерелеу емес, қайта мақұлдау, дәріптеу басым болады. Сондықтан, гуманистік бастаманы таратушы ретінде музыканың өнегелік-тәрбиелік мәні өте зор.

Музыка алғашқы қауымда синкреттік өнердің құрамында болды (би, поэзия аралас). Ол (синкреттік өнер) көпшілікке қажетті салтжора ретінде, сонымен қатар бірігіп еңбек ету кезінде адамдардың рухани санасын тәрбиелеу әрі қатынас құралы мақсатын атқарған. Музыка дыбыстары тәртіпке келтіріліп, логикалық жағынан тұрақты және тұрақсыз бірнеше тондардан ғана тұратын әуен саздарымен алмасты. Сөйтіп, музыкалық дыбыс жүйесінде өлшеммен ладтың ең қарапайым түрлері туды.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 13, 26

Қосымша әдебиеттер: 19.


2 ТАҚЫРЫП: Музыка түрлері: эпос, лирика, драма.
Музыка мазмұны жағынан эпикалық, лирикалық және драмалық болып бөлінеді.

Эпикалық музыка. Кең мағынада қолданылатын эпос атауының құрамына миф, болмыш, әңгіме, ертегі, аңыз, хикая, жыр т.б. жанрлық түрлер кіреді. Эпикалық жанрларды жіктеулер ішінен кең тарағандары синхрониялық және диахрониялық принципке негізделген жіктеулер. Эпостық жанрлар құрамындағы ара қатынастар динамикалық сипатқа ие болғандықтан, әр тарихи дәуірде әр түрлі қалыпқа түсіп отырады. Эпикалық шығармалар- жыр, яғни белгілі тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын баяндайтын кең көлемді батырлық, ғашықтық және авантюралық поэзиялық шығармалар. Халық дәстүрінде алғашқыларын жыр, дастан, ал кейінгілерін қисса деп атаған. Қазақ дәстүрінде сақталып қалған батырлық жырлардың ең көне үлгілері («Алпамыс»т.б.) түркі қағанаты дәуірімен байланысты. Орта ғасырлар дәуірінде «Тахир мен Зухра», «Ләйлі-Мәжнүн», «Юсуф-Злиха» эпостары кеңінен тараған болатын.

Эпикалық шығармаларды орындау ерекшеліктері орындаушыға қойылатын талаптар, оның әншілік қабілеті, жеке импровизаторлық (суырып-салма) шеберлігі және тәжірибесіне байланысты.

Эпосты алғашқы орындау түрі синкретикалық болып табылады. Эпостың орындаудың әдістері:



  1. әншілік-речитативтік;

  2. музыкалы-иллюстративтік;

  3. музыкалық формасы аяқталып, қалыптасқан.

Лирика –көркем әдебиет тегінің (эпос, драма, лирика) бірі. Лирикада автордың дүниеге қатысы, көзқарасы, оның сезімін, ойын, көңіл-күйін суреттеу арқылы көрсетіледі. Бірақ кез-келген сезініс пен әсер лирикалық шығарма тудыра алмайды.

Әлеуметтік, моральдык, философиялық, қоғамдық мәні бар толғаныстар лириканы тудырады.

Ұлы лириктер: Сафо (Греция), Петрарка (Италия), Хафиз (Иран), Байрон (Англия), Гете, Гейне (Германия), Пушкин, Блок (Россия) және Абай шағармалары бұған дәлел.

Музыка: романтик-композиторлар (Х1Х ғ.) сонымен қатар П.И. Чайковский, С.В. Рахманинов шығармашылығы.

Лирикалық трагедия-ХУ11 ғасырда қалыптасқан опералық жанр. Оның авторы - Ж.Б. Люлли. Сюжеттері антикалық, мифтік аңыздарға негізделген. Бүл сюжеттерде композитор героика, патетикамен қатар табиғатты, лирикалық образдарды суреттеді.

Лирикалық опера – Францияда Х1Х ғасырда қалыптасқан жанр. Бұл операларда қарапайым адамдардың күнделікті тұрмысы, сезімдері суреттелді. Лирикалық опера жанрында опера-комик және үлкен операның белгілері біріккен.

Лирикалық операның музыкалық тілі демократиялық сипатта болды. Ән, романс, би, марш жанрлары кеңінен орын алды.

Лирикалық опералар: Ш. Гуно «Фауст», «Ромео и Джульетта» опералары, Ж.Бизе «Искатели жемчуга», Ж. Массиенің «Вертер», «Манон» опералары.

Драма-өмір болмысын кейіпкер арқылы бейнелейтін жанр. Драмадағы кейіпкерлер тартысы диалог пен драмалық әрекет арқылы ашылады. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, пантомимамен аралас түрде дамыды. Кейін драма бұлардан бөлінді. Драманың қалыптасқан түрлері: трагедия, драма, комедия. Драма көне Грецияда пайда болып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. Феодалдық қоғамда драма шіркеуге бағынды. Қайта өрлеу дәуірінде Англия, Испанияда дамудың шарқау биігіне жетті.

Музыка драма операның алғашқы атауларының бірі. Италияда ХУ1-ХУ11 ғасырлардан ХУ111 ғасырға дейін опера атауымен қатар қолданылды.

Х1Х ғасырда композиторлар опера тек қана концерттік номерлердең тұратын шығарма емес, күрделі, драмалық сюжеті бар шығарма болуы үшін күресті. Мысалы, неміс композиторы Р. Вагнер: «Драма –мақсат, ал музыка оны көрсететін құрал болуы керек» - деп жазды өзінің еңбектерінде. Операда тек жеке номерлер ғана емес, біртұстас дамыған сюжет, музыкалық дуэттер басым болу керек делінді.

Музыкалы-сахналық жанрлар (опера, балет, оперетта) драманың заңдылықтарына бағынады. Оларда міндетті түрде экспозиция, шиеленісу, даму, кульминация және шешілу бар.


Негізгі әдебиеттер: 2, 11, 16, 18, 20

Қосымша әдебиеттер: 28


3 ТАҚЫРЫП: Музыкалық жанрлар жүйесі
Жанр- өнер шығармаларының тарихи қалыптасқан түрлері. Белгілі бір тарихи жағдайдың әсерімен пайда болып, мазмүны мен түр жағынан үздіксіз дамып отырған жанр өзіне тән кейбір түрақты белгілерін сақтап келеді. Өнердің әрбір тегі іштей тағы да жанрлық түрлерге бөлінеді.

Музыкалық жанр-көркемдік қорытындылаудың аса маңызды құрамы. Алғашқы кезенде музыкалық жанр дәстүрлі көркемдік канон ретінде орын алды. Бұл жағдайда композитордың стильдік жеке ерекшелігі көрінбеді.

ХУ111-Х1Х ғасырларда жанр түсінігі кең мағынада қолданыла басталды.

Музыка өнерінде сан алуан жанрлар бар. Оларды мынадай үлкен топтарға жіктеуге болады:

а) Халық музыкасы (әншілік және аспаптык);

ә) эстрадалық музыка;

б) камералық музыка;

в)симфониялық музыка;

г) хорға арналған музыка;

д)сахнада орындауға арналған театралдық-драмалық шығармалар.

Сонымен қатар, музыкалық жанрларды екі ірі топқа бөлуге болады: вокалдық (таза немесе аспаптық сүйемеледеумен) және аспаптық.

Музыкалық образды топтастыру ретінде (обобщение через жанр) жанрдың көркемдік образды бейнелеуде маңызы үлкен. Мысалы, Бетховен шығармашылығында революциямен байланысты марш жанры аса үлкен мағынаға ие болады.

Симфониялық музыканың ең ірі жанрларының бірі – симфония жанры. Симфониялық оркестрде орындауға арналған негізінен сонаталық циклді формадағы музыкалық шығарма. Кейбір симфонияға хор мен жеке әншілер де қатысады. Әдетте ол 4 болімнен түрады. Бірінші бөлім-сонаталық аллегро, екінші-баяу лирикалық, үшінші –менуэт немесе скуцо, ториінші-көбіне рондаға үқсас финал. Симфония –аспантық музыканың идея мен ойды барынша жетік бейнелейтін түрі.

Симфонияның жетілген аса дамыған түрлері Вена классикалық мектебі композиторлары (Гайди, Моцарт, Бетховен) шығармашылығында қалыптасты.


Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 13, 17, 20, 22

Қосымша әдебиеттер: 14, 19


4 ТАҚЫРЫП: Музыкалық стильдер.
Музыкалық стиль-көркемдік әдіс пен тәсілдер жиынтығы. Көркем шығармада образ жүйелерін құру әдістері. Стиль композитордың өзіндік дара ерекшелігін, қолтаңбасын анықтаумен бірге, өткен дәуір мен қазірлі замандағы көркемдік әдіс-тәсілдер мен бағыт-бағдарламасын да анықтады.

Музыкалық эстетикада стиль категориясы ХУ1 ғасырдың соңында кәсіби музыкалық шығармаларадың мазмүндық ерекшеленуіне байланысты қалыптасты.

ХУ1-ХУ11 ғасырларда стиль деп жанр ерекшелігі мен әр түрлі бағыттарды атады. ХУ111 ғасырда стиль мағынасы одан әрі кеңіді. Тарихи кезең стилі, олар- гомофонды-гармониялық стиль, полифонияда қатаң жазу стилі арасындағы ерекшеліктер; Х1Х ғасырда – жеке композиторлардың өзіндік айырыкша стилі деген мағынада қолданылды. ХХ ғасырда композитордың өмірінің белгілі бір кезең, тіпті, жеке шығарманың стилі деген түсінік туды.

Полифониялық стиль Батыс Европада ХУ-ХУ1 ғасырларда кең тараған стиль – қатал жазу стилі (стиль строгого письма). Шығармалар шіркеуде, хордың а капелла түрінде орындауына арнап жазылды аса байсалды, кездейсоқ оқиғаларға бой ұрмайтын, тек діни мазмұнда болды.

ХУ111 ғасыр –полифонияда жана «еркін» стиль дамыды. Бұл шығармаларда жеке адамның ішкі жан дүниесі суреттелді. Жаңа жанрлар, аспаптық музыка кеңінен дамып6 тарады. Органдық музыка, полифониялық вариациялар, фантазия, токката, канцона, ричеркар, ал ХУ11 ғасырда фуга жанры қалыптасты. Еркін стильдік музыкада ладтың негізгі түрлері болып классикалық мажор және минор системасы түрақтады.

Венаның классикалық мектебі – Венада қалыптасқан музыкалық бағыт (ХУ111 ғасырдың екінші жартысы мен Х1Х ғасырдың бірінші ширегі). Венаның классикалық мектебінің негізін салушы композиторлар – И. Гайдн, В.А. Моцарт, Л.В. Бетховен шығармашылығында бұл стиль өзінің шарықтау биігіне жетті. Вена классикалық мектебінің музыкасына көркемдік ойдың әмбебаптығы, форманың логикалық айқындығы тән. Шығармаларда өмір құбылыстарын динамикалық түрде көрсетуге байланысты жаңа сонаталық форма қалыптасып, дамыды.

Романтизм –ХУ111 ғасырдың соңы мен Х1Х ғасырдың алғашқы жартысында Европада әдебиетте, музыкада, философияда, эстетикада т.б. ғылымдарда тараған идеялық көркемдік бағыт. Музыкадағы романтизм бағыты 1820-шы жылдары қалыптаса бастады. Романтизм алғашында Австрия (Ф. Шуберт), Германия (К.Вебер; Ф. Мендельсон, Р. Шуман, Р. Вагнер т.б.) және Италияда (Н. Паганини, В. Беллини, Дж. Верди т.б.), кейінірек Франция (Г. Берлиоз, Д. Обер), Польша (Ф. Шопен) мен Венгрияда (Ф. Лист) пайда болды. Музыкада романтизм антирационализм, сондай-ақ адамның ішкі жан-дүниесіне үңілу сияқты жалпы романтизмге тән қасиеттерді бойына сініре отырып дамыды. Романтикалық музыканың бейнелілігі артты. Жаңарған синтетикалық жанрлардың романтизм дәуірінде мәні зор болды. Төрт бөлімді симфония жанрының жаңа түрлері пайда болды (Шуберт, Берлиоз, Лист). Әң баллада, опера жанрлары жаңа романтикалық сипат алды.

Сонымен қатар музыкада импрессионизм, веризм, неоромантизм, экспрессионизм т.б. сияқты ағымдар және олардың стильдері қалыптасты.


Негізгі әдебиеттер: 13, 15, 20

Қосымша әдебиеттер: 19


5 ТАҚЫРЫП: Музыкалық интонация және мәнерлеу құралдары системасы (жүйесі).
Өнердің кез-келген түрінің өзіне ғана тән образдарды мәнерлеп суреттейтін құрамдары бар. Музыкада негізгі құрамдар – мелодия (әуен), ырғақ (метроритм), гармония, тембр (бояу), полиграфия т.б.

Мелодия (әуен) – белгілі бір көркем ойды бейнелейтін, ырғақ пен ладтық-интонациялық жағынан жүйеге келтірілген түрліше жоғарылықтағы дыбыстар тізбегі. Әуен – музыкалық шығарманың негізі болып табылады. Ол жеке өзі көркем бейнені терең де жанжақты көрсете алады. Бірынғай түтас басқыштар бойымен қозғалып құрылған әуендар аз. Әуендік қозғалыс бағытының түрлері:

1)толықтырылған кішігірім аралық интервалдық секірістерден тұратын әуендер, оларда ұзақ жоғарылау мен төмендеу жоқ;

2) Әуендік толқынымен айқын көрінген әуендер, мұндай әуендер үзақ мерзімді жоғарылау мен төмендеудің бірігіп үйлесуінен құрылады;

3)Әдетте бір қалыпты бейнелейтін бір ғана дыбысқа қайтып оралатын әуендер.

Әуендер қашанда өзінің ішкі құрылымы мен нақтылық логикасы арқылы аяқталған белгілі бір түсінікті білдіреді. Әуеннің бөлшектену дәрежесі түрлі тарихи стильдерде әр қалай болады. Мысалы, полифониялық стильде үздіксіз даму басым түседі. Ал, гомофондық-гармониядық тұрғыдағы әуендерге керісінше, әуеннің формасын бөлшектеуге, яғни кезеңді (периодты) сөйлемге, сөйлемді – фразаларға, фразаны – мотивтерге бөлу тән қасиет, әуен дамуының ең жоғарғы сатысы – оның шиенленісу шыңы, кульминация деп аталады.

Метроритм (ырғақ). Метр – музыкалық ритмнің байланыс жүйесін, тепе-тең ұзақтықтағы уақыт үлесін өзара алмасу тәсілін реттейтін өлшем. Ритмде дыбыстардың уақыттық ара-қатынасы анықталады. Метрлік өлшемсіз дыбыстардың жүйелі түрде алмасуы мүмкін емес.

Кейбір музыкалық жанрлар белгілі бір өлшемді талап естеді, мысалы, вальс –үш үлесті, марш екі немесе төрт үлесті өлшеуде жазылады. Өлшем музыкадағы жүйенің негізі ретінде оның кәсіби сипат алу барысында қалыптасты.

Тембр – дыбыстың сапасы («бояуы»). Ол әр түрлі аспаптарда немесе түрлі дауыстарда орындалған белгілі бір биіктікегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндік туғызады. Тембр арқылы дауыс ырғағын өзгерте отырып, сезім-күйді білдіруге болады. Тембр дыбыс тербелісінің формасына байланысты болады. Тембрге музыкалық аспаптың материалы, формасы, дыбыс шағару тәсілі т.б. әсер етеді.

Гармония – үндеу деген мағынада музыка теориясының аккордтардың құрылымын және олардың жалпы музыкалық даму барысында ара қатынасын зерттейтін бөлімі. Гармония – музыкалық форма тудырудың негізгі факторы. Музыкалық шығармада тональдық, модуляция, каденция сияқты гармониялық ладтық құрамдар ерекше роль атқарады. Гармония мелодия (әуен), ритм (ырғақ) және басқа музыкалық компоненттермен бірге көркем ойды жүзеге асыруға қатысады.

Полифония –бір уақытта естілетін көп дауысты музыка. Мұнда көптеген дауыстардың әр-қайсысы жеке-жеке, мәнерлі, анық естіліп тұрады. Полифония заңы бір-біріне ұқсамайтын әуендерді біріктіріп, бір музыкалық арнаға әкеліп құяды. Полифониялық музыканың аса көрнекті өкілдері -немістің ұлы композиторлары И.С. Бах және Г.Ф. Гендель.
Негізгі әдебиеттер: 6, 13, 15

Қосымша әдебиеттер: 19


6 ТАҚЫРЫП: Дауыстар түрлері, хор өнері.
Дауыстар өзінің тембрлік және биіктігі жағынан опералық, яғни академиялық, халық әндерін айтатын, эстрада музыкасын айту үшін арналған дауыстар болып бөлінеді. Сопрано - әнші әйелдің ең жоғарғы дауысы. Диапазоны – бірінші октаваның до нотасынан үшінші октаваның до нотасына дейін (кейде ми, соль ноталарына дейін). Сопраноның негізгі түрлері: драматикалық, лирикалық және колоратуралық; меццо-сопрано – орта регистрде шығатын әйел дауысы, диапазоны – кіші октаваның ля нотасы мен екінші октаваның ля нотасы дейін. Бұл дауыс үшін Марфаның («Хованщина»), Любашаның («Царская невеста»), Амнерис, Кармен партиялары жазылған. Контральто – тембрі төмен мәнді және анық шығатын әйел дауысы, диапазоны – кіші октаваның соль нотасы арасында (шамамен). Тенор – ер адамның жоғары дауысы, диапазоны – кіші октаваның до нотасынан екінші октаваның до нотасына дейін. Лирикалық және драматикалық болып бөлінеді. Баритон –ер адамның тенор мен бастың аралығындағы регистрде шығатын қоңыр дауысы, диапазоны – үлкен октаваның ля нотасы мен бірінші октаваның фа нотасы. Бас дауысы ер адамның ең төмен регистрде шығатын жуан дауысы. Жоғары, төмен сонымен қатар, буффондық (комикалық) бас болып бөлінеді.

Хорға арналған музыка.

Хор – вокалдық музыка орындаушылар коллективі (ұжымы). Хор дауыс құрамына байланысты біртектес (әйелдер, ерлер, балалар хоры) немесе аралас болып келеді. Аралас хор сопрано, альт (әйел дауыстары), тенор, бас (ерлер дауыстары) партияларын орындайтын төрт топтан құралады. Егер хор құрамында аталған партиялардың бірі болса, онда ол жартылай аралас хор делінеді. Әрбір хорлық партия хор шығармаларының ыңғайына қарай бірнеше дара партияға бөліне алады. Аралас хор құрамында ең кемінде 12 адам, ал кәсіби хор құрамында 40-тан 160 адамға дейін болады. Шағын хор ұжымы камералық хор делінеді.

Басқа өнер түрлері сияқты хор өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы. Хор – сөз өнері, музыка, орындаушылық шеберлігі, көркемдік бейнелеу, сахна т.б. өнердің амал-тәсілдерін бойына жинаған синтездік өнер. Хормен ән салу өнері еліміздегі жалпы музыка мәдениетінің өсу саласында аса маңызды орын алады.

Хор музыкасы тарихи кезеңдерде әр түрлі функция атқарды. Х1У-ХУ ғасырларда көпдауыстылықтың дамуына байланысты хорға арналған шығармалар хор партияларына бөлінді. Негізгі дауыс тенор дауысы болды. Хор партияларының саны әр заманның музыкалық стиліне байланысты өзгерді. Хорға арналған шығармалар Х1У-ХУ ғасырларда 3-4 дауыстан, қайта өрлеу дәуірінде 6-8 және одан да көп дауыстардан тұрды.

Гомофонды-гармониялық стильге байланысты хордың, дауысты түрі қалыптасты, олар (дауыстар) – сопрано, альт, тенор, бас.

Қайта өрлеу дәуірі көп дауысты хор өнерінің аса дамыған кезеңі болып табылады. Алғашқы жанрлар – лютет, баллада, лауда, мадригал. Хор музыкасының аса дамыған түрі –месса. Нидерлан мектебінің композиторлары Дюфаи, Окегем, Обрехт, Ж.Депре Вилларт, Орландо Лассо шығармашылығында дамыды.

Хор ХУ11 ғасырда пайда болған опера жанрының негізгі компоненттерінің бірі болды. Көптеген операларда хор үлкен драматургиялық роль атқара бастады. Хор каппелалары дамыды. Осы кезенде оратория, кантата жанрлары қалыптасты. И.С. Бах, Г.Ф. Гендель шығармашылығында хор музыкасы пассион оратория, месса, магнификат, хорал сияқты жанрлар түрінде орын алған.

Глюк опера реформасында хордың драматургиялық мағынасын жоғары бағалады. Вена классикатерінің шығармашылығында хордың ролі орасан зор.

Романтик-композиторлардың хорға арналған шығармалары (Мендельсон, Шуман, Брамс, Малер, Верди т.б.). Орыс композиторлары М.Березовский, Д. Бортянский (ХУ111 ғасыр) орыстың классикалық хор музыкасының негізін қалаушылар. Орыстың хор музыкасының жаңа дәуірі М. Глинкамен байланысты. Хордың М. Мусоргский, А. Даргомыжский, П.И. Чайковский шығармаларындағы маңызы. С.И. Танеев шығармашылығы.
Негізгі әдебиеттер: 5, 7, 16

Қосымша әдебиеттер: 21, 27


7 ТАҚЫРЫП: Оркестрлер, музыкалық аспаптар.
Оркестр – музыкалық шығарманы әр түрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыкантар коллективі (ұжымы). Оркестр мен аспаптық ансамбльдің арасында өзіндік айырмашылық бар. Ансамбльде әрбір партияны жеке музыкант орындайтвн болса оркестрде бір партияның өзін бірнеше бір тексті аспаптар қосылып орындайды. Оркестрдің жоғарғы формасы – симфониялық оркестр. Оның құрамында ішекті, ағаш және жез, сондай-ақ соқпалы музыкалық аспаптар кіреді. Оркестрдің бұдан басқа ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, камералық оркестр деп аталатын түрлері бар. Оркестрді орындаушы коллективтің өзінде ерекшеліктеріне орай әскери оркестр, эстрадалық оркестр т.б. болып бөлінеді. Ұлт аспаптар оркестрінің сан алуан түрі бар оның ішінде Қазақстанда атағы шыққан Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрі, «Отырар сазы» т.б.

Симфониялық оркестрдің пайда болуы ХУ1-ХУ11 ғасырларға жатады. ХУ111 ғасырдың аяғында симфониялық оркестрдің классикалық түрі қалыптасты. Оның Х1Х ғасырда қанат жаюы үлкен симфониялық оркестрдің пайда болуымен байланысты. Оркестрдің қазіргі заман түсінігінде пайда болуы негізінен гомофондық музыканың жаңа жанрлары опера, ораторияның шығуына байланысты. Оркестр сүйемелдеуші ролін атқарды.

Оркестрдің дамуы көптеген әлеуметтік және көркемдік факторлармен байланысты. Біріншісі – жаңа аспаптардың пайда болуы, ескірген түрлерінің қолданылмауы немесе жаңартылуы (реконструкция). Екінші фактор – оркестрдің орындаушылығының дамуы, аспаптардың орналасуын өзгерту, оркестрді басқару өнерінің дамуы т.б. Үшінші фактор – композиторлардың оркестрге арнаған шығармаларының мазмұндық, көркемдік сипатының дамуы.

Оркестрдің тарихын жалпы үш кезеңге болады. Бірінші кезең – 1600-1750-ші жылдар, екінші кезең –ХУ111 ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы, үшінші кезең – оркестрдің ХХ ғасырдағы сипаты.

ХУ1-ХУ11 ғасырлар арасында шыққан гомофонды-полифониялық стильдің оркестрінің (Бах, Гендель шағармашылығы) негізгі ерекшелігі – бас дауысы орындайтын аспаптардың болуы – олар орган, чембало, лютня, арфа аспаптары. ХУ11 ғасырдың біріші жартысында оркестр құрамы тұрақты болмады. Лютня, виола орнына скрипка аспабы келді. Фагот, гобой аспаптары шықты, дауысының күштілігіне байланысты флейта т.б. аспаптар қолданыла бастады. Бұл процесс ХУ111 ғасырға дейін созылды.

Шекті аспаптар тобының құрамында виола мен лютня жоқ, жаңа түрінің (скрипка, альт, виолончель, контрабастан тұратын) қалыптасуы ХУ11 ғасырдағы оркестрдің аса үлкен жетістігі болды.

ХУ111 ғасырдың бірінші жартысында оркестрдің түрлері музыканың қоғамдық функциясына байланысты шіркеулік, опералық, камералық болып бөлінді.

Оркестрдің құрамы орындайтын жеріне байланысты (опера театры немесе маскарад, фейерверк кезінде ашық ауада) өзгеріп отырды. ХУ111 ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында оркестр аппараты гомофондық-гармониялық стильге байланысты вертикаль бойынша құрылды. Бетховеннің симфониялық шығармашылығында оркестрдің классикалық немесе Бетховендік түрі толық қалыптасты: шекті аспаптар, үрмелі ағаш аспаптардың қосарланған құрамы (2 флейта, 2 гобой, 2 кларнет, 2 фагот т.б..). тоғызыншы симфониясында (1824 ж.) Бетховен үлкен симфониялық оркестрдің түрін алғаш рет қолданды.

Романтизм дәуірі оркестрдің дамуының тағы бір белесі болып табылады. Романтик-композиторлар оркестрдің тембрлік байлығын дамытуды іздестрірді. Р. Вагнер оркестрдің үш-төрт еселенген құрамын пайдаланды.

Орыс композиторлары Н. Римский-Корсаков, П.И. Чайковский оркестрдің бай мүмкіншілігін одан әрі дамытты. Малер, Стравинский, Скрябин оркестрдің аса үлғайтылған түрін қолданды (Сверхоркестр). Малердің 8 симфониясында хордың бірнеше түрі, солистердің қатысуымен 5 еселенген оркестр қолданылған. ХХ ғасырдағы оркестрлерге соқпалы аспаптар – барабан, бубен, тарелкалар, үшбұрыштар (треугольники), кастаньета, челеста сияқты аспаптар, сонымен қатар там-там, қоңырау, электроаспаптар қосылды.


Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 8, 9, 24

Қосымша әдебиеттер: 12, 22


8 ТАҚЫРЫП: Қазіргі заманғы өнердің синтетикалық жанрларындағы музыка.
Музыка жанрының бір түрі – көркемсуретті фильмдерге арналған музыка. Алғашқы үлгілері 1920-шы жылдарының соңында А. Онеггер, Ж. Орик, Д. Мийо, Б. Бриттен, П. Хиндемит т.б. жазды. Осы жылдары музыкалық фильмдердің негізгі түрлері қалыптасты, олар – музыкалық кинокомедия, фильм-ревю, кинооперетта, киноопера, кинобалет. Олар кейін теледидардан кеңінен орын алды.

Музыкалық фильмдердің тамаша үлгілері: «Веселые ребята» (1934), «Цирк» (1936), «Волга-Волга» (1938, «Кубанские казаки»(1949), музыкасын жазған И. Дунаевский. Киноға арнап музыка жазған композиторлар: Т. Хренников, А. Пахмутова, А. Петров т.б. Д. Шостакович «Золотые горы»(1931), «Встречный» (1932), «Гамлет» (1964), С. Прокофьев С. Эйзенштейның «Александр Невский» (1936), «Иван Грозный» (1945) атты фильмдеріне жазған музыкасы симфониялық деңгейге көтерілді. Қазақстан көркем фильмдерге музыка жазған композиторлар: М. Төлебаев, Ғ. Жубанова, А. Бычков, Н. Тілендиев, С. Мұхамеджанов, Е. Рахмадиев т.б.


Негізгі әдебиеттер: 5, 27

Қосымша әдебиеттер: 19


2.3.Семинар сабақтарының жоспары
ТАҚЫРЫП:

1. «Музыка түрлері: эпос, лирика, драма.»

СҰРАҚТАРЫ:

1. Музыканың қандай түрлері бар?

2. Эпос пен музыканың байланысы.

3. Синкреттік өнер деген не?

4. Лириканың музыкадағы ролі.

5. Лирикалық жанрлар.

6. Драма және музыканың байланысы қандай?

7. Драманың заңдылықтарына негізінен қай жанрлар бағынады?

ТАПСЫРМА: берілген сұрақтардың біреуіне баяндама жасау.


Негізгі әдебиеттер: 2, 11, 16, 18, 20

Қосымша әдебиеттер: 28


ТАҚЫРЫП:

2. «Музыкалық жанрлар жүйесі.»

СҰРАҚТАРЫ:

1. Музыкалық жанр деген не?

2. Музыкалық жанрлардың бөліну принциптері қандай?

3. Симфония деген не, оның құрылымы қандай?

4. Сифонияның классикалық түрі неше бөлімнен тұрады?

5. Сонатолық аллегро деген не?

6. Опера жанрының құрылымы қандай, онда қандай жанрлар кездеседі.

7. Би жанрларын атаңыз.

ТАПСЫРМА:

Негізгі музыкалық жанрларды игеру. әдебиеттерді зерттеу және конспектілеу, әр түрлі жанрдағы музыканы тыңдау. Берілген сұрақтардың біреуіне баяндама жасау.
Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 13, 17, 20, 22

Қосымша әдебиеттер: 14, 19


ТАҚЫРЫП:

3. «Музыкалық стильдер.»

СҰРАҚТАРЫ:

1. Музыкалық стиль түсініктемесі.

2. Полифониялық стильдің сипаты.

3.Гомофонды-гармониялық стильдің негізін қалаушы композиторлар.

4. Романтизм стилі.

5. Импрессионизм, веризм, неоромантизм, экспрессионизм.

ТАПСЫРМА:

Берілген сұрақтардың біреуіне реферат жазып, семинар сабағында қорғау.
Негізгі әдебиеттер: 13, 15, 20

Қосымша әдебиеттер: 19


ТАҚЫРЫП:

4. «Музыкалық интонация және мәнерлеу құралдары системасы (жүйесі).»

СҰРАҚТАРЫ:

1. Музыканың мәнерлеу құралдары.

2. Мелодия (әуен) түсінігіне анықтама беріңіз.

3. Әуендік қозғалыс бағытының түрлері.

4.Ырғақ (метроритм) дегеніміз не?

5. Гармония дегеніміз не?

6. Тембр түсінігіне анықтама беріңіз.

7. Полифония.

ТАПСЫРМА: Музыкалық –мәнерлі құралдарды игеру. Музыкалық шығармалардың мазмұнын және мәнерлі құралдарды анықтау. Осы тақырыптан сұрастыруға дайындалу


Негізгі әдебиеттер: 6, 13, 15

Қосымша әдебиеттер: 19


«Музыкалық интонация және мәнерлеу құралдары системасы (жүйесі)» сабағына дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар
1. Берілген тақырыптағы бірінші сабаққа ұсынылып отырған әдебиетпен танысу керек.

2. Әрбір студент сұралатын екінші сабаққа әртүрлі екі шығарманы таңдап, оларды талдау керек. Талдаудың мақсаты – шығарманың мазмұнын анықтау және музыкалық бейнені жасаудағы музыкалық-мәнерлі құралдардың ролін ашу. Ол үшін шығарманы бірнеше рет ойнап не тыңдап, оның эмоционалдық сипатын анықтау керек. Одан кейін шығарманың мелодиясының ерекшеліктерін, сүйемелдеуін, ырғағын, қарқынын, динамикасын және фактурасын қарастыру қажет.


Семинарлық сабақтарға дайындалуға арналған әдістік ұсыныстар
1. Баяндама жасауға қойылатын талаптар:

А) баяндама оқуға 10-15 минут беріледі.

Б) баяндаманың құрамында міндетті түрде музыкалық үлгілер болу керек: керекті шығармаларға сілтеме, оларды аспаппен орындау, үзінділерін дыбыс жазбасында тыңдату.

В) баяндаманың жазбасын оқуға рұқсат етіледі; тексті кітаптан, немесе басқа деректемеден оқуға тыйым салынады.

2. Жұмысты орындау реті

А) ұсынылған деректемелермен және тақырып лекциясымен танысып, көшірме жасау.

Б) баяндаманың жоспарын құрастыру.

В) музыкалық мысалдарды таңдап, оларды жаттау немесе курс оқытушысынан көмек сұрау (баяндама жасайтын күнге кемінде бір апта қалғанда), аудиожазбамен тыңдатқызатын мысалдарды таңдау (консультация және алдын ала тыңдап алу үшін кафедра лаборантынан көмек сұрау қажет).

Г) жиналған материалды біртұтас текстке топтастыру.
2.4. Зертханалық сабақтар жоспары: бағдарламада қарастырмаған.
Берілген курстың жұмыс жоспарында зертханалық жұмыстар жоқ.
2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өздік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
Тақырып: «Музыкалық жанрлар жүйесі.»

Тапсырмалар:

1. М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсын, А.Хачатурянның «Спартак» балетін, С. Мұхамеджановтың «ғасырлар үні» ораториясын тыңдау және көру.

2. Берілген әдебиеттерді талдау және конспектілеу


СОӨЖ өткізу түрі

Сабақ мына үлгімен өтеді:

1. Оқытушының алғы сөзі.

2. Шығарманы күйтабақта, аудиокассетада тыңдау, бейнекасетадан көру, үзінділерін аспапта орындап көрсету, шығарманы бірігіп талдау.

3. Бірігіп шығармалар жайында қорытынды жасау.

4. Теориялық құралдарды оқып, талдау, негізгі жерлерін анықтау.


СОӨЖ орындаудың әдістемелік нұсқаулар

1. Шығарманы көңіл қойып тыңдап, керек болса, қайта тыңдау

жанрын,

тақырыбын, идеясын,



негізгі мазмұнын,

ортақ құрылымын

түйінді жерлерін анықтау.

2. Әдебиетті конспектілеу үшін:

А) тексті оқу

Б) онда қаралатын негізгі сұрақтарды анықтап, оларды жазып алу

В) осы сұрақтардың қысқаша мазмұнын жазып алу және беттерін көрсету

С) белгісіз терминдердің мағынасын анықтамалық әдебиеттерден қарап, музыкалық терминдердің сөздігіне жазып алу.

2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары

Тақырып: «Музыкалық стильдер»

Тапсырмалар:

1. Викторинаға дайындалу

2. Реферат жазу

3. Екі музыкалық шығарманы талдау

4. Әдебиеттерді конспектілеу

5. Тестілеуге дайындалу

6. Тақырып бойынша терминдардің анықтамаларын сөздікке жазу.
СӨЖ жасауға арналған әлістемелік нұсқаулар

СӨЖ ең маңызды түрлерінің бірі -реферат жазу. Рефератқа мынадай талаптар қойылады:

1. Жұмыс пәнге байланысты әдебиеттерді қолдану негізінде жазылады.

2. Тақырып студент өз бетімен жазған жоспар бойынша ашылады. Жоспарға:

А) тақырыптың өзектілігін көрсететін, мақсаты мен міндеттерін ашатын кіріспе

Б) негізгі бөлім және 3-4 бөлімше

В) қорытынды

Г) әдебиеттер тізімі кіреді

3. Дәйексөз бен анықтамалар(ссылка) дұрыс жазылуы керек.

4. Жұмыс көлемі – А4 форматындағы 15-20 бет. Компьютермен терілуі керек.


Әдебиеттер: 1- 28
2.7. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
Рефераттардың тақырыптары

1. Музыкалық стиль түсініктемесі.

2. Полифониялық стильдің сипаты.

3.Гомофонды-гармониялық стильдің негізін қалаушы композиторлар.

4. Романтизм стилі.

5. Импрессионизм, веризм, неоромантизм, экспрессионизм

Әдебиеттер: 1-28.
2.8. Өзіндікбақылау үшін тест тапсырмалары


  1. Барокко стилі қай композитор атымен байланысты?

А) Рамо; Б) Гендель; В) Верди.

2. Эпикалық жанрларға жатады:

А) элегия; Б) марш; В) рапсодия

3. Лирикалық жанрларға жатпайды:

А) ноктюрн; Б) баллада; В) поэма

4. Көне сюитаға тиісті түрде енетін билерге жатпайды:

А) жига; Б) бурре; В) сарабанда

5. Масштабты-тақырыптық құрылымға жатады:

А) каденция; Б) куплет; В) суммирование

6. Тартыс дегеніміз:

А) әншілердің жарысы

Б) аспапта орындаушылардың жарысы

В) вокалды-аспаптық музыканың жанры

7. Фактураның түрлеріне жатпайды:

А) гомофония; Б) монодия; В) имитация

8. Рефрен дегеніміз – мына қалыптың бөлігі:

А) вариация; Б) рондо; В) күрделі 3-бөлімдік қалып

9. Еліктеулік даму (имитационное развитие) негізінде құрастырылған аспапты пьеса:

А) хорал; Б) инвенция; В) баркарола

10. Соло дауысы мен сүйемелдеудің үйлестірілуіне негізделген фактура:

А) монодия; Б) гомофония; В) полифония

11. Үздіксіз жүргізілетін имитация:

А) интонация; Б) канон; В) импрвизация

12. Аяқталмаған фуга дегеніміз:

А) фугетта; Б) инвенция; В) фугато

13. Операның негізінде жатады:

А) гомофондық стиль

Б) полифониялық стиль

В) монодиялық стиль

14. Опера отаны:

А) Германия; Б) Франция; В) Италия

15. Оратория пайда болған уақыт:

А) опера пайда болған уақытта;

Б) опера пайда болғаннан кейін, 2 ғасырдан соң;

В) орта ғасырларда

16. Көлемі шағын, еркін түрде жазылған пьеса:

А) экспромт; Б) куранта; В) скерцо

17. Сонатолық қалыптың бөлімдеріне жатпайды:

А) реприза; Б) эпизод; В) трио

18. Опера пайда болған уақыт:

А) антика дәуірінде

Б) орта ғасырлар дәуірінде

В) ағарту дәуірінде

19. 16 ғасыр аяғы-18 ғасырдың екінші жартысындағы еуропалық өнердегі көркем, салтанатты стиль:

А) веризм; Б) импрессионизм; В) барокко

20. Галантты стильді ұстанған композиторлар:

А) Ф.Куперен, Ж.Ф.Ромо;

Б) И.Ф.Стравинский, Б.Барток

В) К. Дебюсси, М.И. Глинка.
Тестілік тапсырманың кілті


Сұрақ нөмірі

Дұрыс жауабы

Сұрақ нөмірі

Дұрыс жауабы

1

Б

11

Б

2

В

12

В

3

Б

13

А

4

Б

14

В

5

В

15

В

6

В

16

А

7

В

17

В

8

Б

18

В

9

Б

19

В

10

Б

20

А

2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары.


1. Музыканың қоғам өмірі мен жеке адамның өміріндегі ролі қандай?

2. Музыканың басқа өнер түрлерімен ортақ қасиеттері қандай?

3. Музыканың басқа өнер түрлерінен айырмашылығы қандай?

4. Музыканың қандай түрлері бар?



  1. Эпос пен музыканың байланысы.

  2. Синкреттік өнер деген не ?

  3. Лириканың музыкадағы ролі.

  4. Лирикалық жанрлар.

  5. Драма және музыканың байланысы қандай?

  6. Драманың зандылықтарына негізінен қай жанрлар бағынады?

  7. Опера драматургиясының реформасын қандай композитор жасады? Қай кезенде?

  8. Музыкалық жанр деген не?

  9. Музыкалық жанрдың бөліну принциптері қандай?

  10. Симфония деген не, оның құрылымы қандай?

  11. Симфонияның классикалық түрі неше бөлімнен түрады?

  12. Сонаталық аллегро деген не?

  13. Опера жанрының құрылымы қандай, онда қандай жанрлар кездеседі?

  14. Би жанрларын атаңыз?

  15. Музыкалық стильдің түсінігін айтыңыз.

  16. Полиграфиялық стильдің сипаты.

  17. Гомофонды-гармониялық стильдің негізін қалаушы композиторлар.

  18. Романтизм стилінің өқілдері.

  19. Импрессионизм деген қандай стиль?

  20. Музыканың мәнерлеу құралдарын атаңыз.

  21. Дауыстар түрлері кандай?

  22. Сопрано дауырының диапазоны қандай?

  23. Альт дауысының диапазоны қандай?

  24. Тенор, баритон, бас дауыстарының диапазондары қандай?

  25. Хор ұжымдарының қандай түрлері бар?

  26. Аралас хордың құрылымы қандай?

  27. Оркестрдің түрлері.

  28. Симфониялық оркестрдің классикалық түрінің құрылымы қандай?

  29. Ансамбль деген не?

  30. Халық аспаптары оркестрі.

  31. Кино музыкасының жанрлары.






с. 1

скачать файл

Смотрите также: