Ұлттық тәлім-тәрбие әдіс-тәсілдері һәм методикалық нұсқаулар


с. 1 с. 2 ... с. 8 с. 9
Қазақстан Республикасы

Көкшетау университеті қазақ этнопедагогикасы һәм этнопсихологиясы зертханасы

Қазақстан балалар ұйымдары Одағы

Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі







(Ұлттық тәлім-тәрбие әдіс-тәсілдері һәм методикалық нұсқаулар)

Көкшетау, 2007 жыл

ББК 74.213 (ҮІІ)

Қ 77

Методикалық нұсқау Көкшетау университеті этнопедагогика зертханасында дайындалып КУ Ғылыми кеңесі шешімі негізінде баспаға ұсынылған.

Редакция алқасы:

Бөлеев Қ.Б .,педагогика ғылымдарының докторы (Жамбыл)

Әмірғазин Қ.Ж .,- педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, Омбы)

Конурбаев Т.А .,- психология ғылымдарының кандидаты, профессор (Қырғызстан, Бішкек)

Дүйсембінова Р.Қ.,- педагогика ғылымдарының докторы (Талдықорған)

С.Т.Сеңкібаев., педагогика ғылымдарының кандидаты (Көкшетау)

Қ.Қабди.,- техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Садуақасов Ә.С.,- педагогика ғылымдарының кандидаты (Алматы)

Загайнова В.И.,- педагогика ғылымдарының кандидаты (Алматы)

Құрсабаев М.Қ. - КУ доценті, ғалым-педагог, редактор

Сүйеубаева Б.О.,- ұстаз-тәлімгер (Қызылорда)

Өскенбаева Қ.Е., - ардагер ұстаз (Астана)

Хамитқызы Ұ.,- ұстаз-тәлімгер (Қызылорда)

Сағындыққызы Б.,- ұстаз-тәлімгер (Солтүстік Қазақстан)

Омарова А.Қ.,- Астана қаласы, №21 мектептің директоры

Хасенова Г.О.,- ұстаз-тәлімгер (Шығыс Қазақстан)

Аппазова Л.С.,- ұстаз-тәлімгер (Қостанай)

Нағыманова Қ.Н.,- ұстаз-тәлімгер (Қарағанды)

Қ 77


Алтын ұрпақ.,- Ұлттық тәлім-тәрбие әдіс-тәсілдері һәм методикалық нұсқаулар: Құрастырған М.Қыдырбайұлы, Әдістемелік нұсқау.– Көкшетау, 2006 жыл, 77 бет.
Көпшіліктің назарына ұсынылып отырған аталмыш жинақта 12 жылдық білім беру жағдайындағы мектеп, мектептен тыс мекемелер практикасындағы тәлім-тәрбие жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар енгізілген. Жинақтың негізгі мақсаты бүгінгі жаһандану жағдайындағы білім жүйесіндегі оқу-тәрбие жетістіктері һәм рухани-мәдени мұраларды сақтай отырып ұлттық тәрбие жұмыстарын сынып ұжымтоп лидерлері, оқушылардың өзін-өзі басқару және педагогикалық ұжым һәм ата-аналар қауымдастықтары арқылы жүйелі әрі мақсатты пайдалануды көздейді.

Әдістемелік нұсқау ұстаз-тәлімгерлерге, ғылыми ізденушілер һәм ата-аналарға арналған.


4306000000

Қ ——————


00(05)-04
ISBN 9965 – 721 – 05 – ХББК 74. 213

«АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ҺАҚЫНДА
Мұхамедрахим Қыдырбайұлы


Атамекен, айналайын – асыл кітап
Біреуге бар, біреуге жоқ, маған жұмбақ
Танымыңнан талпынысым тынбас мәңгі
Қалың ойлар жүрегімді жатыр тырнап
Бағытыңнан - жаңа өмірге аяқ бастым
Түсіне алмай арасын дос пен қастың
Сан сынаған, сан құлаған өткелдерден
Мың күн іздеп, бір күнде жауап таптым
Сенен көрдім, жұлдызды, ақ таңды да
Бала кезде жете алмаған сағымды да
Қиындық пен қызықтың соқпақтарын
Құдай берген қыс, көктем, жазымды да
Іздеп едім Қарақолдың төскейінен
Малдан басқа халқына бақ келмеген
Азды-көпті еңбегіне қанағат қып
Жерінен домбыра үні, ән кетпеген
Сені көрдім балалардан жәудіреген
От шашқан қой көздері мөлдіреген
Көрдім жыртық қараша үйдің иесінен
Қара нан мен ақ сүтінен нұр төгілген
Көріндің сен, анамның мейірінен
Әкемнің теңдесі жоқ пейілінен
Кеме тосқан қария мен әжелерден
Жүздерінен сырлар мен мұң төгілген
Сені іздедім ата-баба жырларынан
Ұрпағына талай ғасыр болған алаң
Таным – тарих, дін, мәдениет, күй – аңыздан
Теңдесі бұл жалғанда табылмаған
Сияр саған, тарихым да, арманым да
Өзім жайлы, өмір жайлы жазғаным да
Шерлерім мен тебіренген мұңдарым да
Теңеуге сөз жетпейтін жырларым да
Ал, енді тыңда мені, асыл ұрпақ
Тебірендім мен бүгін бабама ұқсап
Алла, тәңір, әруақтар қолдауымен
Таным нәрі шұғыласын шашсын тарап

Қаншама асыл мұра жатыр жұртта


Арманы ед, бабалардың игілік қылса
Керегі аз, ескі деген кітаптардың
Оқымай жатып құлыным, бетін жыртпа
Таным, тәлім – түбі жоқ шексіз қайраң
Десе де талай бабам, дүние жалған
Қандай күйде болса да – ата дәстүр
Тең келмейтін дүниеде – асыл мұраң
Ұлттық тәлім-тәрбие – іргетасың
Тамырланған тарихыңмен қара тасың
От пенен бұғаулардың арасынан
Болашаққа ұрпақ қалай жаратасың
Өркениет тәрбиесіз өркендемес
Тәлімсіз бөлек ұрпақ өскен емес
Ұлы Дала төсіндегі ағаштарды
Рұхсатсыз ата-бабам кескен емес
Ғылымсыз – мәдениет өркендемес
Ғұламалар өмірге қайта келмес
Ашып ғылым жұмбағының жаңалығын
Мен аштым деп, мақтанып көрген емес
Өткенді білмегенге болашақ жоқ
Бар мақсатың болмау керек көңілім тоқ
Ата тарих – ана тілді ұмытқаның
Кеудемізді тесіп өткен қатерлі оқ
Жұмыр жердің тарихы сырға толы
Күн тесіне апарар оның жолы
Таңдануға тоймаған пенде бабам
Үйренер де, жиренер өмір бойы
Таным-тәлім – Жер Ананың нәтижесі
Кешірімді бәрімізге бар қатесі
Тарих пенен мәдениет - жемісі оның
Ұлы дала, асқар тау мен бетегесі
Тал бесіктен тәрбие басталған – ды
Әр ұрпақтың жүрегінде сақталған – ды
Өмір соңы өкініш болғанымен
Салт – дәстүр боп, ел ішінде жатталған – ды
Жер бесікке жеткен жерің әлі жұмбақ
Болса да, бірде қатты, бірде жұмсақ
Көзді ашып-жұмғанша өтер ғұмыр
Керемет тәрбие ғой - ұғын ұрпақ
Тәрбие талай дүние байланысы
Қиналған пенделердің толғанысы
Мың қиналып, мың әрекет жасасаң да
Орындалар Алланың қылған ісі
Бабаларым – көк аспанмен тілдескен
Жүгірген аң, ұшқан құспен сөйлескен
Адамзаттың ұшқыр ойы жетпеген
Ғұмырнама әлемімен кеңескен
Тәңіртау мен Ұлытау аңғарында
Қаратау мен Тарбағатай сайларында
Ең алғашқы адамдар ғұмыр кешті
Көктегі Тәңіріне жалбарына
Таным нәрі басталды Тәңіртаудан
Аса алмаған қиясын ешбір адам
Тал бесіктен жер бесікке жеткен бабам
Айтар талай ұрпағым дүние жалған
Тәрбиенің күшімен ұрпақ өсті
Тас балтамен арыстанның басын кесті
Кесіп өтпей үлкендердің алдарынан
Көктегі тылсым күшке тағзым етті
Тамғалы, Семізбұғы, Арпаөзен
Алғашқы ұрпақтардың көзін көрген
Тәңірқазан, Құдайкөл, Арыстанды
Мекендеген көне бабам жер ежелден
АллаТәңір – Жаратушы болғаны анық
Қасиетті Құран-Кәрім – алтын қазық
Әулие –әруақ, періштеге тағзым етіп
Талай уақыт келеді сеніп халық
Тал бесіктен тәрбие басталған – ды
Әр ұрпақтың жүрегінде сақталған – ды
Өмір соңы өкініш болғанымен
Салт – дәстүр боп, ел ішінде жатталған – ды
Жер бесікке жеткен жерің әлі жұмбақ
Болса да, бірде қатты, бірде жұмсақ
Көзді ашып-жұмғанша өтер ғұмыр
Керемет тәрбие ғой - ұғын ұрпақ

Тәрбие талай дүние байланысы


Қиналған пенделердің толғанысы
Мың қиналып, мың әрекет жасасаң да
Орындалар Алланың қылған ісі
Бабаларым – көк аспанмен тілдескен
Жүгірген аң, ұшқан құспен сөйлескен
Адамзаттың ұшқыр ойы жетпеген
Ғұмырнама әлемімен кеңескен
Тәңіртау мен Ұлытау аңғарында
Қаратау мен Тарбағатай сайларында
Ең алғашқы адамдар ғұмыр кешті
Көктегі Тәңіріне жалбарына
Таным нәрі басталды Тәңіртаудан
Аса алмаған қиясын ешбір адам
Тал бесіктен жер бесікке жеткен бабам
Айтар талай ұрпағым дүние жалған
Тәрбиенің күшімен ұрпақ өсті
Тас балтамен арыстанның басын кесті
Кесіп өтпей үлкендердің алдарынан
Көктегі тылсым күшке тағзым етті
Тамғалы, Семізбұғы, Арпаөзен
Алғашқы ұрпақтардың көзін көрген
Тәңірқазан, Құдайкөл, Арыстанды
Мекендеген көне бабам жер ежелден
АллаТәңір – Жаратушы болғаны анық
Қасиетті Құран-Кәрім – алтын қазық
Әулие –әруақ, періштеге тағзым етіп
Талай уақыт келеді сеніп халық
Нұх Пайғамбар – Құтқарушы ғаламның
Қыдыр Ата – жебеушісі адамның
Күн нұрынан жаратылған - Ұмай Ана
Тірегі мен тілекшісі баланың
Мұхаммед пайғамбардың болғаны анық
Ілімі мен иманына пенде зарық
Халқын сүйген қасиетті азаматтың
Құдіретінен алған талай адам жарық
Таным нәрі басталды Алла – Тәңірден
Күн мен түнді жаратқан бір – ақ сөзімен
Қуанса Құдірет – жарқыраған ай-күндей
Түнерсе бұлттай, төгілген жасы жаңбырмен
Көне таным Құдіреттен басталды
Себеп қылып Ай, Күн, Жер мен Аспанды
«Неге» деген мәңгілік адам сұрақтары
Бабалардың жұрттарында сақталады
Сенім тағлым, ұрпақ үшін әлі жұмбақ
Тамыры қалып, кетсе де бұтақ қурап
Қос қайшылық ақиқатын тани алмай
Талай ұрпақ көрінгеннен жүрер сұрап
Таным кілті – Адам Ата, Хауа Ана
Нұх пайғамбар, Анақарыс, Құдыс баба
Бірде адам, бірде надан ұрпағына
Қорғай жүріп, беріп келед әлі бата
Көшпенділер дүниесі әлі жұмбақ
Қаһары мен ұлылығы болған сабақ
Алтын адам алқасы - жұмбақ болып
Ғасырлардан шақырады қолын бұлғап
Түркі еліне сан жәмиғат таң қалады
Жауларының шаңырағы шайқалады
Әруақты бабалардың есімдері
Тас жазуда мәңгілік сақталады
Көнетүркі сынатас жазбалары
Мұра болып мәңгі бақи жаңғырады
Аманатын бабалардың жалғастырар
Ұрпақтардан ұрпақтарға ғасырларды

Дін - тәрбие діңгегі деп айтқан бабам


Өтсе де, талай таудан, талай жолдан
Тани алмай, жеткізе алмай ғылым ойын
Жер – Көктің Құдыретіне тағзым қылған
Жер-Су Ана, Аспан Ата, Көк Құдырет
Тәлім менен таным нәрін сеуіп келед
Бірде қырлы, бірде сырлы бұл өмірге
Таңданудың өзі ұрпағым бір керемет
Дастарханда достасқан талай адам
Ассадағы, қашсадағы бұл жалғаннан
Айтылған талай ғасыр бата – тілек
Үлкен – кіші ұрпағын келед жебеп
Әр ұлттың тарихы мен мәдениеті
Тәлім менен танымның жан дүниесі
Пәлсапа, Әлемтану, Ғұмыртану
Шаңырағы, тұғыр, уық керегесі
Тәрбие жайлы айта берсең әңгіме көп
Мақал-мәтел, жұмбақ, аңыз, айтыс, ертек
Талап, тілек, ақыл – ой, әдіс-тәсіл
Көнеден бізге жеткен мұра асыл
Түсіндіру, ұғындыру, зеку, баулу
Алдырған Отан үшін қолға қару
Ой мен істен туындаған нәтижелер
Мақсат, мұрат, табандылық өрге жүзер
Нағыз адам – Ел намысын биік қойған
Көпке пана, һас жауына болған қорған
Баю үшін елін-арын сатқан ұрпақ
Күйік болып кеудемізде мәңгі қалмақ
Жалқаулық, мақтаншақ пен қатыгездік
Масылдықтан талай ғасыр азап шектік
Арамза мен аңқау қалай жарылқасын
Жазықсыз сөккен елдің қабырғасын
Тәрбиенің түпнамасы – ащы шындық
Шындықты биік ұста - ұрпақ ту ғып
Еңбегіңмен танылсаң ел таңырқар
Ұрпақ айтар ұрпағына, сені жыр ғып
Көпшіл болсаң шарықтар абыройың
Халқын саған өзі-ақ жасар асыр-тойын
Тәуба менен қанағат шын еңбекте
Көтеретін сені шексіз зеңгір көкке
Орман-дала, өзен-көл, тау мен далаң
Бабалардан қалған саған асыл мұраң
Кетпеген қарапайым қасиеті
Халқыма әлі күнге қайран қалам
Бабаларым білген аспан, жұлдыздарды
Шешкен талай ақыл-оймен жер жұмбағын
Жер-су, ит- құс, өскен орта, тау мен мұздар
Бабам қойған атаумен мәңгі қалар
Балқытып алтын, көне сақтар алқа тақты
Кен ашып, Вавилонды таңырқатты
Қалың қол мен атты әскерді көрген дұшпан
Үлкен қауіп төнетіндей қатты састы
Тәрбиесі- сақтардың қатал тәртіп
Жастайынан атқа отырған садақ тартып
Кіші сыйлап, үлкендерден бата алған
Көрмеген жауларынан ешбір жасып
Есіктегі - Алтын адам қорғанында
Сенбейді әлі кейбіреулер болғанына
Сырға толы Ұлы тарих беті ашылды
Мәдениеті кемелденген заманында
Сақ сауыты – көне Әлемді өрнектейді
Ұрпағыма тарихым керек дейді
Алтын табақ көмкерген сақ жазуы
Көне ғасыр құпиясына жетектейді
Сақ абызы – данышпан Анақарыс
Парсы, Грек, Мысырға болған таныс
Пәлсапалық таным-білім мұралары
Көне баба тағлымының арналары
Әйел патша атанды - Тұмар Ана
Жауынгерлер ішінен шыққан дара
Қаймықпай қарсы шапты жауларына
Әкесінің найзасын қолға ала

Ғұн Патшасы – Еділ, Мәди, Адакер


Аты шулы болды әлемге жаһангер
Рұм ел бұғып, Қара қытай қаймығып
Қорғандарын қорыққаннан салған кез
Сақ еліне Ескендір шапқан талай
Үстемдігін орнатуға терең бойлай
Үндістанға бұрылуға мәжбүр болды
Сырдария өзенінен өте алмай
Сақ-Ғұндардың – мұрагері батыр Түрік
Қаһарынан қалған әлем талай үркіп
Тасқа қашап көне түркі әріптерін
Қалдырған мәңгілікке мұра етіп
Қыдыр Ата, Ұмай Ана, Қорқыт ата
Ұрпағына мәңгілік берген бата
Қапаған мен Күлтегін есімдерін
Өмір – бақи ұрпағым есте сақта
Түркі елінен ғылым, білім, бастау алды
Талай жұрт басын шайқап, қайран қалды
Византия, Халифат, Үнді, Қытайға
Жолбарысы Тұранның ойран салды
Китаб-Қорқыт, Оғыз- нама, Құтты білік
Түпсіз терең, тұңғиық, тұнық мұхит
Диуани лұғат, һәм Хикмат, Қабус-нама
Теңдесі жоқ, баға жетпес, мұра дара
Әл-Фараби, Бируни, Баласағұн
Әлі күнге бермей келед, дала тағын
Әзірет Сұлтан, Қашқари, Әз-Қайқауыс
Жазбалары ғибратлы, шексіз таным
Әбу Әли, Иүгінеки, Әбу-Райхан
Ілімдері жаратылған асыл тастан
Көрғұлы, Майқы бидің жазып кеткен
Кітаптары орны толмас мәңгі дастан
Қорқыт Ата қобызы – күңіренді
Үніменен бүкіл әлем гүлге енді
Домбырасы - Кетбұғанның шалқығанда
Жер құлпырып, жан дүние тебіренді
Түркі елі – Тәңір дінін тұтынады
Тәңіртаудан Күн көзіне ұмтылады
Көк аспан мен От анаға тағзым етіп
Түркі халқы көп пәледен құтылады
Ислам діні Тәңірдің орнын басты
Ғылымымен шындықтың бетін ашты
Екі діннің басын қосқан Құран-Кәрім
Ұлы Рухтың мұсылмандық нұрын шашты
Араб-Түркі медресесі таным нәрі
Бас иген құдыретіне жасы-кәрі
Көне менен жаңа өмірді жалғастырып
Жол көрсетіп болашаққа келеді әлі
Ғылымға жол басталды – медреседен
Жаңалықтар бастау алды сол дәуірден
Ғұламалар дәріс оқып шәкірттерге
Атақ- даңқы тарап жатты жерден – жерге
Ұлы дала шаңырағы шайқалғанмен
Хандық үшін ала ауыздық байқалғанмен
Ұлттық таным-тәлімінің дүниесі
Өзінің қасиетінен танған емен
Қазақ деген атпен хандық құрылады
Кең даланы құдай бізге бұйырады
Ұлттық ойлау, сөйлеу, таным мәдениеті
Әкелді жаңа заман кереметін
Асанқайғы, Қайқауыс, Баян жырау
Қалдырған өсиетін мың жылдарға – ау
Қазтуған, Шал, Жиембет, Ақтамберді
Даласына қазақтың бақ әкелді
Марғасқа, Үмбетей мен Доспамбеттер
Дүниенің жалғанын айтып кеткен
Өтейбойдақ, Жиренше шешендерім
Тарихымда қайталанбас кемеңгерім
Төле, Қазыбек, Әйтеке, Бұхарларым
Өткір тілмен талай бұзған жау қамалын
Әз-Жәнібек, Есім, Қасым, Абылайхан
Сақтай білген, ел іргесін әккі жаудан
Бабыр, Хайдар, Қадырғали жазбалары
Ұлттық білім атақ-даңқын асырады
Абай, Шоқан, Ыбырай, Құрманғазы
Танымдары - болашаққа шақырады
Мақал-мәтел қазақтың жан-дүниесі
Ой танымы, жыр пернесі, сыр жүйесі
Ырым- тыйым, ұлағатты нақыл сөздер
Қазағымның сарқылмас қасиеті
Ахмет, Сәкен, Ілияс, әз-Шәкәрім
Шашқан бізге ғылымның ұлттық нәрін
Әлихан, Міржақып, Мағжан, ер Мұстафа
Таным менен тәлімге берген бата
Ғабит, Мұхтар, Жүсіпбек, Мұхамеджан
Ұлттық Рух пен танымның нұрын шашқан
Қаныш, Әлкей, Бауыржан, Жаяу Мұса
Сырларыңды ұрпаққа айтар, кімдер ұққан?
Ата-ана – тұңғыш таным баспалдағы
Медресе- білім арна шатқалдағы
Бекет, Ыбырай, Маман, Сейтен мектебінен
Ұлттық тәлім-тәрбие басталады
Ұлттық тәлім-тәрбие – асыл мұра
Ұласқан дәуірлерден ғасырларға
Бүркіт сынды жетелеген қырандарын
Қол жетпес, арман асу сапарларға
Тәрбие түрі- қазақта бөлінбеген
Оқытудан баланы ешкім ерінбеген
Кең даладай – кең болған ұлы бабам
Өмір бойы өмірден үйрен деген
Ұлы дала заңдылығы болды міндет
Ат үстінде домбыра ойнап, жаумен күрес
Ән айтып, киіз басып, бұйым жасап
Бүркіт сал, тоқым қағып, бесік түзет
Дала заңы – тәрбиенің бесігі еді
Тәубә, шүкір деп аталар десіп еді
Болашаққа жол тартқан таным көші
Бабалардың берген бізге несібесі

Бабыр, Хайдар, Қадырғали жазбалары


Ұлттық білім атақ-даңқын асырады
Абай, Шоқан, Ыбырай, Құрманғазы
Танымдары - болашаққа шақырады
Мақал-мәтел қазақтың жан-дүниесі
Ой танымы, жыр пернесі, сыр жүйесі
Ырым- тыйым, ұлағатты нақыл сөздер
Қазағымның сарқылмас қасиеті
Ахмет, Сәкен, Ілияс, әз-Шәкәрім
Шашқан бізге ғылымның ұлттық нәрін
Әлихан, Міржақып, Мағжан, ер Мұстафа
Таным менен тәлімге берген бата
Ғабит, Мұхтар, Жүсіпбек, Мұхамеджан
Ұлттық Рух пен танымның нұрын шашқан
Қаныш, Әлкей, Бауыржан, Жаяу Мұса
Сырларыңды ұрпаққа айтар, кімдер ұққан?
Ата-ана – тұңғыш таным баспалдағы
Медресе- білім арна шатқалдағы
Бекет, Ыбырай, Маман, Сейтен мектебінен
Ұлттық тәлім-тәрбие басталады
Ұлттық тәлім-тәрбие – асыл мұра
Ұласқан дәуірлерден ғасырларға
Бүркіт сынды жетелеген қырандарын
Қол жетпес, арман асу сапарларға
Тәрбие түрі- қазақта бөлінбеген
Оқытудан баланы ешкім ерінбеген
Кең даладай – кең болған ұлы бабам
Өмір бойы өмірден үйрен деген
Ұлы дала заңдылығы болды міндет
Ат үстінде домбыра ойнап, жаумен күрес
Ән айтып, киіз басып, бұйым жасап
Бүркіт сал, тоқым қағып, бесік түзет
Дала заңы – тәрбиенің бесігі еді
Тәубә, шүкір деп аталар десіп еді
Болашаққа жол тартқан таным көші
Бабалардың берген бізге несібесі
Үлкендердің алдын бала кескен емес
Қарт адамды ешкім мазақ еткен емес
Ақымақ, сүйкімсіз боп елді тонап
Ата-ананың абыройын төккен емес
Қариялар болған абыз, дана шешен
Әже деген ертек айтып, мейір төккен
Он саусақтан қыздардың өнер тамып
Күн туғанда, ер жігіттер суды кешкен
Қонақ күту – дара дәстүр, дала салты
Құрметтеген қонағын дала халқы
Талай ғасыр тарихымда өтсе дағы
Өзгермеген қасиетті, тұр сол қалпы
Әкенің айтқан сөзі атқан оқтай
Арқаңа таңба салған қызыл шоқтай
Шешенің нұрын шашқан ақ жүзінен
Жұлдыз, күліп, Ай туып, Күн төгілген
Ата-баба аманаты – шексіз таным
Күрес деген – болса да құрбан жаның
Жас пенен әжім басқан әже көзі
Ұрпағымды сақтай гөр деп, егіледі
Білсең ұрпақ, ұлттық тәлім тарихы осы
Талма, танба, көп ізден, оқы-тоқы
Алтынды сала берсең қазан толмас
Өткенді білмей өскен - ұрпақ оңбас
Қанша қорлық – қазағым көріп келді
Ел-жер үшін қасық қанын төгіп келді
Талай ғасыр өткелінен өтіп келген
Мұраң үшін ұрпақ күрес кезі келді
Жоспар еді ұлтымызды мешеу қылу
Бұғаулап қызын-ұлын күң,құл қылу,
Білімменен ар-намысың бойда тұрса
Қатер менен қауіптерді оңай -жығу
Өткен тарих – жадымызда жатталды
Ұлттық таным атажұрттан басталды
Жас ұрпаққа – аманатты жеткізу
«Атамекен» – атауымен аталды
Сексен алты желтоқсанның ызғары
Есіме алсам жаралы жүрек сыздайды
Сана менен ар – намысты шыңдады
Тұңғыш ұлттық идеяны шығарды
Желтоқсаннан ызғар алған ұлттық ой
Талай жанның жүрегіне салды жол
Бүкіл әлем өзгергендей көрінді
Ақ ордаға жиналғандай қалың қол
Бозбалалар бірінші болып жиналды
Қолдарына «Атамекен» ту алды
Тегеурінінен ағын судай тасыған
Тәрбиесі – коммунистік құлады
Шолаққорған – Созақ жері еңбекші
Көмбеге алтын, ұрпағы жетті бірінші
Ту ұстаған – Сыр мен Торғай ұланы
Қалың қолмен жасағы жетті, екінші
Болады деп, бұлай ешкім ойламады
Жоғарыдан – бастаманы қолдамады
Ұлтшылдыққа апаратын теріс жол деп
Маңайына жаңа ағымның жоламады
Мектеп біткен, балабақша, оқу орны

«Атамекен» Ісіне қолын созды


Ұлттық таным нәрінен қуат алған
Әр күні мол істерге толы еді
Тоқсан бірде келді елге - тәуелсіздік
Шықты ауылдың даласына егін бітік
Талай ғасыр тосқан, солғын қазақ жүзі
Бәйшешектей құлпырды реңі кіріп
Ұлттық тәлім-тәрбие күшіне енді
Ата-бабам ойлағаны енді келді
Талай уақыт әділетсіз жапа шеккен
Айналайын, әруақ қолдап, шындық жеңді
Ел басқару – жаңа өмірде өзгермеді
Өртейді әлі әділетсіздік өзегіңді
Шындық пенен ана тілді түсінбеген
Жаңа ұрпақтың бағы жанып өрге жүзді
«Атамекен» идеясын тұншықтырды
Бұрмалап, пайдаланып, былықтырды
Өркендеген қазақты көре алмаған
Жауларын, оңай жерден қарық қылды
«Атамекен» жүректен орын алып еді
Ұрпақ үшін – мәңгілік жалын еді
Ұрпағым деп еңіреген тәлімгердің
Жүрегінде алау болып жанып еді
Амал қанша, түсінбей келед әлі Үкімет
Бұйрықсыз – «Атамекен» болушы ма ед
Бәйтеректің, бүршік жарып шөлде өскен
Тамырларын балталап шауып келед
Қайталаған «Атамекен» шықты қаулап
Тамыры жоқ, өңкей шірік саңырауқұлақ
Аты да көп, заты да көп, ұғымы тар
Бағдарлама - бүгінде кетті тарап
«Атамекен» – нағыз мектеп ашсам дейді
Білімімен барша жұрттан ассам дейді
Іші күйген санасыз кейбір надан
Қол-аяғын «кісендеп» қойсам дейді
Деп айтад «Атамекен» - жаман әдет
Билігіміз бір тиын боп қала ма деп
Тоқтатқанмен «Атамекен» қозғалысын
Орнына басқа идея таппай әлек
Қазақ тілі- қалды тағы жетімсіреп
Ботадай екі көзден жас мөлдіреп
Тепкісіне, түсіп жаңа заманның
Қайран тілім, тағы да сен алдандың

Ағылшын мен орыс тілі – арыстан


Қазақ тілі – сәл-ақ кіші балықтан
Қысымменен амалсыздан ығысқан
Арашала, ана тілді – апаттан
Оқу менен тәрбие жайы осылай
Шыңда білім, бекер қарап отырмай
Жас ұрпақтың тағдыры үшін күреске
Кіріс бала, атыңды сал атойлай.

Зердеңді сал, заман қатты өзгерген


Жалшыларды бай алдына өңгерген
Жалшы байғұс болмау үшін ұмтылғын
Жол табуға аласапыран өмірден.
Тыңда балам - компьютер деген пәле бар
Игере алсаң, бәлкім бағың ашылар
Ұстаз бабаң Ыбырай атаң айтқандай
Іздегенің – іздемей-ақ табылар
Төрт тіл бар – аса қажет қазақ үшін
Ағылшын, орыс, қытай, ана тілің
Жанұшыра күш салайық , үйренейік
Ел жетпеген биіктерге – біз жетейік!
Бар байлығы қазағыңның тоналуда
Бұл байлықтың індеті – жоғарыда
Қаруланып білімменен майданға шық
Айдаһардай қомағай жауыңды жық!
Атамекен алғышарты - өскен қазақ
Ата тарих өкініші – үлкен сабақ
Медресесін «Атамекен» тәмәмдасаң
Талап қой, мұратқа жет, жаңалық аш
Мақсатқа жету үшін – медресе аш
Іріктелсін әр ауылдан дарынды жас
Сыпайы бол, зерек бол, тыңда үлкенді
Жалқаулықпен көпшілікке болма мазақ
Өзегінен - қырық бір бұлақ бастау алар
Ұрпақтың қанып ішер астауы бар
Білім менен танымның майданына
Бастайтын, аспандатқан ақ Туы бар
Шежіреден бастау алар «Атамекен»
Ғибратымен ұрпағына нұрын сепкен
«Салт-дәстүр» – қазағымның қайнар көзі
Теңеуге жетпеген еш адам сөзі
«Шаһарым» – жұртта қалған алтын ошақ
Тарихқа апаратын бізді бастап
«Жібек жолы» – әлем халқын табыстырған
Адамзаттың салған тұңғыш – алтын соқпақ
«Сөнбес жұлдыз» – кемеңгер даналарым
Ғибратына мәңгілік табынамын
«Толғау» деген – көнеден бізге жеткен
Ата-бабам жолдаған дастандарым
«Асыл мұра» – сарқылмас ұлт байлығы
Мәңгілікке, қағылды алтын қазығы
Бар әлемнің әуені – «Домбыра-Дастан»
Мың бір түрлі сиқырлы үннен құралған
«Наурызым» – жаңа өмірдің дәнекері
Халқына, қарсы алған бақ әкелді
Бағыт бар, заты ерекше – «Зергер» деген
Өмірді - өмірменен өрнектеген.
«Төрт түлік» – молшылық пен ел іргесі
Құт кетпеген халқымның берекесі
Ұлттық ойын – «Көкпар» тарту, бір қазына
Құдайдың еншілеген – қазағына.
«Дулыға» – батырлардан қалған мұра
Жеткен бізге ғасырлардан – ғасырларға
Қазағымның бойы толған мол – «Қасиет»
Қасиетіне ұрпағым, мың тағзым ет.
«Ас» бағыты – дастарханның ажары
Табылмайтын көңілді адам, дастарханнан табады
Бабалардың айтқан бізге - «Өсиеті»
Тілеген шын көңілмен ақ ниеті
«Зерде» бағыт – ақыл-ойдың асқар шыңы
Парасаттың маржандары ақтарылды
«Құсбегі» – далаға тән аңшы салты
Ерекше қастерлеген қазақ халқы
«Қыз бен Жігіт» ежелден елдің көркі
Бұлжытпай орындаған бата сертін
«Заман – ай», жерім-ай, деп қорғап келген
Табиғатын, өзен-көлін ел ертеден
«Алыстағы бауырлар» – сағынышым
Айырылған туыстарын кімдер қисын
«Достықты» – талай адам жүр ту ғып
Орнатып жер-әлемге бейбітшілік
«Ардагер» – арыстарым, қаһармандар
Ұмытпайды сендерді ешкім, жер – жаһанда
«Ою -Өрнек» - ұлттық таным құпиясы
Болмыс пенен болмастың құбыласы
«Бейнелер Сыры» - өнердің бәйтерегі
Жас ұрпаққа бүгінде ең керегі
Тәрбиенің негізі – «Ата-Ана»
Ұлы көшті жалғастырған ғасырларға
«Шариғат-Құран» – адамзаттың тірегі
Имандылық барша жұртқа тілегі
«Қайырымдылық» жасасаң сен – «Сәбиге»
Нұр мен бақыт толар сенің үйіне
«Сауда» бағыт – жаңа заман талабы
Үйрен-жирен болса да, көп азабы
Дүнияның – «Ғұмыры мен Ғаламы»
Адамзатқа терең ойлар салады
«Ана Тілі» – ар-намысы адамның
Тірегі де, жүрегі де, санаңның
Жыл он екі ай, мүшел жас, жыл қайыру
Көнемұра – «Күнтізбегі Тұранның»
«Жақсылық» болсын – бәрібір – жамандық та
Қос қайшылық ортақ болған бар халыққа
«Жас Қыранын» - баулыған шыңға бүркіттей
Талмай қанат, ұрпағым биік қалықта
Дүниенің тұтқасы – «Әлем діні»
Адамзаттың татулығы – ең керегі
Игілікке айналса – «Ілім – Білім»
Қызғалдақтай құлпырар жердің жүзі
«Атамекен қоғамы» – Орда құру
Медреседен – нағыз ғалым болып шығу
«Тәңір-нама» – көнетүркі танымы
Көк аспанға мәңгілікке жазылды
Тәуелсіз Қазақстан – «Қазақ Елі»
Аман бол деп, саған Алла, бата берді
Ұлы Тұран – астанасы «Түркістан»
Баршамызға бақыт-байлық ала келді
Атыңнан айналайын – алтын ұрпақ!
Толғауымды Атамекен – жаздым арнап
Ата-бабаң айтқандары – енді аманат
Әкетерсің өзің енді, әрмен жалғап
Жаңа бағыт «Неоқұлық-Неотәлім»
Жаһандану ұрпағының жайы мәлім
Техногенез заманында ғұмыр кешер
«Постхомо» тұлғасы бөлек таным
Жалғасы бол - сен, бабалар жазбалары
Ашылмаған алтын сандық қазбалары
Әр дәуірдің қилы өмірін елестетер
Шын жырлар – ғасырларға жалғасады
Нұрыңнан – жан өзегім ақтарылды
Ұрпағым - бүгін қайта атқа отырды
Қорамсақ пен сүңгі орнына – кітап ұстап
Қақ жарып, шауып келед - қара қылды
Құр Ауылдан – Атамекен Ордасын
Ақсақалдар – ақ батасын жолдасын
Ұрпақ үшін - арнаған адал ақ ісіңе
Алла жар боп, әруақтар қолдасын

«АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
"Атамекен" Бағдарламасы - әр халықтың сан ғасырлар бойы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде қалыптасқан озық тәжірибелерге негізделген - адамгершілік, парасаттылық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бүгінгі жас өркеннің сана-сезіміне тәлім-тәрбиелік әдістер арқылы жүзеге асыруға бағытталған ғылыми-тәлімнамалық тұжырымдама

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР МЕН МАҚСАТТАР

Өз Отаны мен туған жеріне пайда келтіретін, Елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын, білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, өз мемлекетінің Рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, басқа заңдары мен халықтар достығын құрметтейтін, өз халқының тарихы мен мәдениетін , тілін дінін, ділін, салт-дәстүрлерін қастерлейтін, бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу ісіне ғылыми -әдістемелік тұтқа болу. Қазақстан Үкіметінің білім мен тәрбие саласындағы күрделі іс-шараларына ұйытқы болу, қолдау көрсету.

Әлемдік озық тәжірибелерге негізделген білім беру жүйесінің қалыптасуына ат салысу. Халық педагогикасының озық үлгілері мен өркениетті идеяларын насихаттау және нәтижелеу.

Бағдарлама 1985 жылдан бері мектептегі бұрынғы пионе-комсомол ұйымдарының тәрбие жұмыстарына халықтық педагогика идеяларын енгізу мақсатында бірқатар оқушылар мен ұстаздардың бастамасы негізінде бастау алды. Аталмыш үрдіске, Тұжырымдама авторының - ауыл мектебінде тәлімгер-мұғалім, бертін келе Халықаралық "Артек" лагеріндегі практикалық тәжірибелері арқау болған "Атамекен" атты Республикалық оқушылар операциясы (Қазақстан мектебі, № 5, 19916 38-41 бет) ұйытқы болды. Кейін бұл бастама республика және одан тысқары жерлерде қолдау тауып, бүгінге дейін нәтижелі жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама көптеген ғылыми мақалаларда, диссертациялық эерттеулерде, дипломдық жұмыстарда, бірқатар тезистерде көрніс тауып, практика негізінде көптеген мектептердегі тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда.

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР

САЛТ-ДӘСТҮР

Халық тұрмысындағы бесікке салу , тұсау кесу, құдаласу дәстүрлері,. Тоқым қағар һәм бата-тілек. Сәлем салты һәм көшпенділер этикасы. Қаза салты. Қоғам һәм отбасы ғұрыптары. Халықтық һәм діни мейрам-жоралар. Жаңа заман дәстүрлері .

« Ата Салты» іс-шарасы.

ШАҺАР-.

Көне шығыс һәм Орта Азия құрлықтарында орналасқан көне қалалар. Шаһарлар архитектурасы, құрылысы әлеуметтік маңызы. Көнетұрғындардың географиялық орны және топономикасы. Қала-шаһарлардың топономикалық атаулары. Мемлекеттер Астаналары һәм саяси жағдайлары. «Астана» ойын-сайысы



ЖІБЕК ЖОЛЫ-.

Жер планетасының шығысы һәм батысының дәнекері - Ұлы Жібек жолының мыңғасырлық тарихнамасы. Ежелгі сауда-керуен жолдары һәм тарихы маңызы бар жер-су атаулары. Этнотопономикалық шығыс картографиясы. Қиелі жерлер мен ата-бабалар жұрттарына этножорық. Халықаралық “Атажұрт” керуені.

СӨНБЕС ЖҰЛДЫЗДАР

Ұлы Дала төсіндегі адамзат өркениетінде айырықша із қалдырған алып тұлғалардың ғұмырнамалары. Шығыс ғұламалары һәм данышпан-абыздары. Баһадүрлер, Қағандар һәм жыраулар дәстүрлері. Қазақ батырлары һәм шешендері. Өнер, мемлекет, қоғам, ғылым һәм білім қайраткерлері. “Сөнбес жұлдыздар” атты ойын-сайыс.

ТОЛҒАУ.

Далалық ауызша тарихнама. Ел арасындағы данышпандық, жыраулық һәм салгерлік дәстүр. Ел ауызынан. Қазақ халқының айтыс өнері. Ұлттық қисыннама, тұспалдау һәм зерделеу. Жоқтау һәм зарнама. Батырлар жыры. Этнофольклористика һәм елтану. “Қорқыт-нама” іс-шарасы.



АСЫЛ МҰРА

Ұлттық болмысыздың жұмбақ дүниесімен ұштасқан этнокөріністер: мазар, мүрде, зират, құлыптас, таңбалы тастар. Көне обалар мен мүсіндер құпиясы. Тас таңбалар мен жазулар. «Қозы Баян» этножорығы.

ДОМБЫРА – ДАСТАН

Жаратылыстың биотикалық һәм абиотикалық құдыретін жалғастырушы дәнекер киелі домбыра һәм қобыз һақындағы этномузыкалық аспаптар тарихнамасы. Ән мен күйдің құпия әсем дыбысы. Саз бен әуен өлшемі һәм таралу жиіліктерінің ареалы. Қазақ күйінің эфсанналары Әлем этностарының музыкалық мұралары. «Тәнір күбірі» этномузыкалық саз кеші.

НАУРЫЗ

Жаратылыстану тарихнамасында ерекше орны бар шығыс халықтарының жаңа жылды тойлау мерекесі. Күн мен түннің теңелу өрісіндегі Наурыз рәсімі. Табиғи өліара фәлсафасы. Тасаттық, құрбандық шалу рәсімдері. Көктеу, жайлау, күздеу һәм қыстау дәстурлері. Халықтық мереке – думандар мен әлем этностарының мейрамдары. «Наурыз - нама» ойын – сайысы.



ЗЕРГЕР

Кең жаһан жәмиғатының құпия көрінісі сәндік – қолданбалы халық өнері. Киіз үй һәм шанырақ белгілерінің ғарышнамалық құпиясы. Жиһаздар мен әшекей – бұйымдар. Көшпенді бабаларымыздың аң бейнелі һәм полихромдық өнерлері. Көрмелер ұйымдастыру. «Алтын Адам» іс – шарасы.

ТӨРТ ТҮЛІК

Ұлы Дала перзенттерінің ерекше салты: төрт түлік малды күтіп – баптау дәстурлері. Мал атауласының Пірлері: Ойсыл қара, Қамбар ата, Шопан ата, Сексек ата танымдық-мифологиялық құндылықтар. Мал шаруашылығы жөніндегі халық білімі. «Төрт түлік» іс – шарасы.


КӨКПАР

Ұлттық ойындардың тарихнамасы. Тұрмыс-салт, танымдық, әскери – спорттық, есеп – қисап, қозғалыс ойындары. Көкпар, ақ сүйек, алтыбақан, асық, аламан бәйге, теңге алу, бүркіт салу, қазақша күрес және басқа ойындар. Әлем халықтарының ойындары. Халықаралық «Алтын Сақа» ойын – сайысы.

ДУЛЫҒА

Ел қорғаны болған батырлар мен баһадүрлердің ақ сауаттары һәм қару – жарақтары. Ұлттық киім – кешектер мен ер – тұрман әбзелдердің .этнотарихнамасы. «Қырық батыр һәм Манас» атты іс – шаралар.



ҚАСИЕТ

Жаратқан Ие һәм киелі рухтардың - ғарыш жиеліктерімен ұштасқан адамзат перзенттерінің ғажайып биоэнергетикалық қуаты. Қазақ және басқа халықтардың көріпкелдік һәм болжамнамалық қасиеттері. Емші, тәуіп, бақсы-балгерлердің ем-домдық дәстүрлері. Құмалақ ашу, дұға салу. Тіл-көз һәм қарғыс қасиеттері. Ұшықтау. Чакра һәм астралдық қуат дүниесі. «Авиценна» ем-дом шарасы.

АС

Ата-бабаларымыздың салтанатты ас беру рәсімі. Дастархан мәзірі һәм этикеті. Қонақ күту дәстүрі мен сөз беру. Табақ тарату және оның түрлері. Сәлемдесу, көрісу һәм қоштасу салты. Мал еті және оны мүшелеу өнері. Сусын һәм шарап. Қазақстан және әлем халықтарының ұлттық тағамдары. «Ас» іс-шарасы



БАБАЛАР ӨСИЕТІ

Ата-бабалар Аманаты. Өсиет һәм бата-тілек. Мақал-мәтелдер мен көсемсөздер. Ырым-сырым һәм тыйьм сөздер. Ақыл-нақыл һәм шешендік сөздер. Сыннама һәм ғибрат. Ұлттық сөздік қор ойлау һәм сөйлеу мәдениеті. «Балалар» Өсиеті Іс-шарасы.

ЗЕРДЕ

Адамзат өркениеті мен мұсылман Ренессансының өкілдері. Ұлы Дала ғұламаларының ғылыми жетістіктері. Ғылыми жаңалықтар һәм ғақлиятты ойлар әфсаналары. Мұсылман һәм Тұран Ренессансы. Орта ғасырлардағы арифметикалық, жаһаннамалық, медициналық һәм фәлсафалық ғылыми жаңалықтар. «Зерде» іс-шарасы.



ҚҰСБЕГІ

Ұлы Дала перзенттерінің тамаша дәстүрлері: аңшылық, құсбегілік һәм саятшылық өнер. Казақ халқының қыран құс - Бүркітті баулау дәстүрі. Табиғат пен адам байланысындағы антропогендік көріністер. Номадтар турмысындағы жүйірік ат, қүмай тазмы һәм қыран бүркіт үйлесімдігінің этнокөріністері. «Бүркітші» ойын-сайысы.

ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ

Қазақ қызы мен жігітінің сегіз қырлы бір сырлы һэм оң қолынан өнер тамған этноерекшеліктері. Тәккәпарлық - пен кісілік. Ұлтжандылық қасиет һәм сенім мен намыс эфсанналары . Беріктік дәстүрі мен неке салты Мәнгілік махаббат фәлсафасы.Ғашықтық сезім һәм жыныстық тәрбие. Гигиеналық һәм тазалық дәстүр, «Қыз сыны» һәм «Жігіт султаны» іс-шаралары.

ЗАМАН-АЙ

Жалпыпланетарлық глобальды экология қасыреттері Антропогендік ықпалдар тафихнамасы. Жертану һәм мухит экожүйесі. Атмосфералық һәм ноосфералық қабаттар. Эндогендік, экзогендік, тектоникалық һәм техногендік күштер мен факторлар. Адамның экологиялық мәдениеті мен психологиясы. Катастрофалар мен зұлматтар. Зооэкологиялық, неоэкологиялық, ихтиоэкологиялық, антропоэкологиялық, палеоэкологиялық, фитоэкологиялық, биоәкологиялың, аугэкологиялық, техноэкологиялық, гилроэкологиялық һәм геоэкологиялық ауқымды проблемалар,Этноэкологиялық білім мен тәрбие негіздері. Арал-Балқаш экологиялықіс-шарасы.

АЛЫСТАҒЫ БАУЬРЛАР

Шет елдердегі. қазақ диаспоралары. Миграция, эммиграция, демография, депортация, этноцид, геноцид, резервация мәселелері. Халықтық дипломатия, Дүниежүзі қазақтарының Қурылтайы. "Алыстағы бауырлар" іс-шарасы,

ДОСТЫҚ

Қазақ-түркі тарихнамасы һақында зерттеулер жүргізген араб, парсы, қытай, орыс һәм европалық ғылымдардың ғұмырнамасы. Қазақстан халықтары және ТМД мемлекеттеріндегі әтностар арасындағы достық байланыс. Бейбітпілік үшін күрес, Бірлікті, татулықты һәм ынтымақтастықты көксеуге бағытталған іс-шаралар. Халықтар достығын нығайту. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. "Достық" іс-шарасы.



АРДАГЕР

Ежелгі дәуірден жаңа заман тарихына дейінгі үлтазаттық соғыстарға: грек,қытай, рим, парсы, орыс, моңғол, ойрат,қалмақ, шүршіт, таңғұт, араб, өзбек, түрікпен, казачество, нөміс,француз, фашистер мем ваххабистерге карсы соғысқан ардагер ата-бабаларымиздың ғумырнамасы. Отаршылыққа қарсы және І9І2, 1916, 1932,1941, 1979 және 1986 жылғы Өқиғаларға қатысқан ардагерлер мөн Қаһармандар, "Ардагер" іс-шарасы.

ОЮ-ӨРНЕК - ЭТНОУЗОРЫ.

Ұлттық таным мүхитының қайшылық қағидасымен ұштасқан ою-өрнектің ғарыштық, эооморфтық, геометриялық, ихтиологиялық танымдық – фәлсафалық түрлерімен танысу. Ою-өрнектің киізде,текеметте, алашада, кілемде, көрпеде орналасу көрністері. Көрмелер ұйымдастыру. "Ою-Өрнек" іс-шарасы.

БЕЙНЕЛЕР СЫРЫ

Тылсым дүниемен байланысқан көне: руналық, мифологиялық, тотемдік, геральдикалық, петроглифтік, иероглифтік таңбалар мен кескіндер сыры. Еліміздегі киелі жерлер: Арпаөзендегі, Тамғалыдағы, Тәңірқазғандағы, Ботайдағы, Берелдегі, Бесшатырдағы, Таскескендегі үңгір бейнелері мен сызба-шимайлары. «Ескінің көзі» атты этножорық.

АТА-АНА

Ұлттық таным һәм тәлімнің қайнар бастауы ата бабаларымыздың ұрпақ тәрбиесі жөніндегі мыңғасырлық тәжірибелері мен рухани – мәдени мұралары. Туыс, ағайын, отбасы, әке-шеше, бауыр-қарындас, балдыз-бажа дәстүрлері һәм жұрт салттары. Ата салты һәм ана шапағаты. «Ата-ана» іс-шарасы.

ШАРИҒАТ-ҚҰРАН

Мыңдаған ғасырлар бойы адамзат перзентіне Аллаһ тағаланың шапағат - нұрьн шашып келген қасиетті Құран шариғаттарының тәлімдік-танымдық әфсанналары. Мұсылман пайғамбарлары мен ғұламаларының ғұмырнамасы. Діни - танымдық һәм мұсылмандық дәстүрлер. Киелі Рухтар әлемі. Ораза, рамазан, Қыдыр түні, садақа беру рәсімдері: Сенім мен парыз. Қажылық фәлсафасы һәм намаз тағылымы. «Мұсылман Әлемі» іс-шарасы.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҺӘМ СӘБИ

Қатал тағдырдың мәңгілік құрбандары: мүгедек, кемтар, зағип жандарға, қарттар мен жетім балаларға қол ұшын беру. Қолдан келгенше жақсылық жасау. Балалар мен қарттар үйіне сапар шегу. Бүкілқазақстандық "Қайырымдылық" және «Ауыл» операциясын ұйымдастыру .

САУДА - ЭКОНОМИКА.

Тәуелсіз Қазақ Елінің мәдениетін өркендетуде жаңа инфоқұрылымдық жуйеге негізделген менеджмент, маркетинг, аудиторлық және қаржы-банк мамандықтарын игеру мәселесі. Әлемдік һәм еуроазиялық экономикалық кеңістік пен интеграция. Жалпыадамзаттық экономикалық даму Стратегиясы. Интернет жүйесін пайдалану. Ауыл экономикасының даму стратегиясы. «Сауда» іс-шарасы.

ҒҰМЫР ҺӘМ ҒАЛАМ

Аспаннама һәм жаратылыстану негіздері. Планеталар һәм жұлдыздар шеруі. Уақыт пен кеністік, Адамтану әфсаналары. Нүктелер, толқындар һәм ғарыш денелері, Қатты, сұйық, ыстық - суық құбылыстар фәлсафасы. Ғылыми - зерттеу жұмыстары.

АНА ТІЛІ

Көнетүркі, соғды, сақ-гұн һәм Орхон-Енисей руналық жазбалары. Есік және Пазырық қорғандарындағы протоэтнолингвистикалық мұралар. Тоныкөк, Мойыншор, Күлтеген тас -.сына жазба ескерткіштері. Көнетүркі иеороглифтері. «Ұмай Ана» іс-шарасы.

ТҰРАН КҮНТІЗБЕГІ

Халықтық астрология. Көне болжамгер даналар, жұлдызшылар мен көріпкелдер. Жьл кайыру әфсаналары. Мүшел жас кағидасы. Ай, апта, сағат һәм өлшем қағидалары. Сары – Арқадағы «Мұртты обалар» - Ұлы Дала обсерваториясы . Этножұлдыз жорамал. Тұран этноастралогиялық картасының сүлбесін жасау. «Тұран Күнтізбегі» іс-шаралары.

ЖАҚСЫЛЫҚ ҺӘМ ЖАМАНДЫҚ

Ұлы Жаратылыстың қайшылық нысандарынан жасанды – табиғи тұрғыда реттелген болмыс һәм болмас ұғымдары . Антропогендік кезеңдер мен тәжірибелер жиегінде қалыптасып келген адамзат перзентінің қарама – қайшылық: жақсы – жаман , мейірімділік – қатығез, парасатты – қанішер, ақылсыз – ақымақтық: және басқа әрекеттерінің әфсанналары Салыстырмалы зерделеу һәм пайымдау . Адамтану негіздері .

ЖАС КЫРАН

Еуразия даласын мыңдаған ғасырлар мекендеген көпшенді – номадтардың ұрыс – соғыс һәм ел қорғау дәстурлері . Ата бабаларымыздың әскери өнері . Әскери тактика һәм стратегия . Ұлттық әскери Доктрина . Әскери – жауынгерлік тәртіп, білім һәм тәрбие негіздері . Соғыснама саясатының шежіресі . Мыңбасы , түменбасы жүзбасы һәм елубасы онбасы әскери саптары мен жауынгерлік дәстүрлері . «Мың бала» әскери жауынгерлік ойын – сайысы .

ӘЛЕМ ДІҢДЕРІ ТАРИХНАМАСЫ

Дүниежүзі адамзат пезенттерінің ең асыл рухани - мәдени мұралары Ұлы Діндер: Ислам , Христиан , Будда және басқа діни конфессиялар мен қауымдастықтардың тарихнамасы . Ұлы діндердің көсемдері , данышпан – пайғамбарлары һәм ғұмалары және олардың фәлсафалық – теологиялық , діни-гносеологиялық әфсаналары . Ұлы Діндер ықпалы , тәрбиесі , мәдениет және қоғамдағы рөлі . «Ұлы Діндер тарихнамасы » атты оқулық жазу , тұжырымдамалар түзеу.

АТАМЕКЕН ҚОҒАМЫ ҺӘМ МЕДРЕСЕСІ

Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар ұйымын құру. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бірлестік-топтар құру. Тәрбие жұмысының орталығы «Атамекен Ордасын» ашу. «Атамекен» Бағдарламасын балалар, оқушылар және жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстарына пайдаланудың жолдарын көрсету .Аса дарынды оқушылардың басын біріктіріп арнайы оқу орны - Атамекен Медресесін ашу. Арнайы оқулықтар жазу. Қазақстан оқушылар Ассамблеясын құру. Республикалық «Жұлдыз», «Балдәурен» мектеп оқушылары лидерлерін дайындайтын оқу-сауықтыру кешені. «Болашақ», «Жұлдыз», «Мың бала» оқушылар ұйымдары. «Менің елім - Қазақстан» ойын-сайысын өткізу. Барша ұрпаққа ортақ Ант беру рәсімі.

ТӘНІР-НАМА

Ата-бабаларымыздың тарихында аса маңызды діни-фәлсафалық, рухани-мәдени рөл атқарған исламға дейінгі дәуірде қалыптасқан Тәңірлік діннің адамгершілік әфсанналары. Тәңір дінінен қалған отпен аластау, әруақка сыйыну, ала жіпті аттамау және басқа діни дәстүрлер. Тәңір мен Ислам дінінің ұқсасқан тұстары. Хан Тәңірі шыңына тәу ету рәсімі. «Хан Тәңірі» іс - шарасы.

ҚАЗАҚ ЕЛІ

Тәуелсіз Қазақ Елінің жаңа геосаясаты һәм менталитеті. Мемлекеттік һәм ұлттық идеология және генофонд, Әлемдіқ макроэкономикалық кеңістікке ену барысындағы жаңа Қазақстан келбеті. Президент Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Стратегиялық Идеясы. Ата Заң һәм ҚР Заңдары, Президент Жарлықтары мен Үкімет Қаулылары. Қазақтану мәселелері. Дипломатиялық қарым-қатынас. Халық һәм Ауыл Академиясы. Қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар. Саясаттану һәм әлеуметтану негтздері. Орыс һәм қытай саясаттары және оларды зерттеу. Ұлттық Ғарыш Агенттігі. Ұлттық қауіпсіздік, ішкі және сырткы саясат. Жастар мәселесі. Сайлау заңы.

ТҰРАН ҺӘМ ТҮРКІСТАН

Ата тегі, тарихы мен мәдениеті бір түріктілдес этностардың бүгінгі тағдыры һәм болашағы. Әлемдегі отызға жуық түркітектес халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастық. Түркі даналары және олардың ғұмырнамасы. Ұлы Тұран империясының тарихы мен мәдениеті. Тарихи оқиғалар күнтізбегі. Түркі халықтарының әдебиеті, өнері, медицинасы, тәлім-тәрбиесі һақында оқулықтар шығару. Көнетүркі руналық жазбаларды қастерлеу. «Тұран Әлемі» атты ауқымды іс-шаралар.

НЕОПЕДАГОГИКА ҺӘМ НЕОПСИХОЛОГИЯ

Әлемдік жаһандану үрдісіндегі жаңаша білімтану проблемалары. Техногенез дәуіріндегі жас ұрпақтың (хомоэлектроникус, постхомо, хомоинформатикус, хомотехникус т.б.) танымдық-интеллектуалдық ерекшеліктері. Жаңа дәуір талабына сай неопедагогикалық һәм неопсихологиялық қағидаларды зерделеу.



«АТАМЕКЕН» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОЙ-ПІКІРЛЕР
«Атамекен – 1990 жылдардың басындағы қазақ педагогика тарихындағы сенсация...» (Сарыбеков Н.Қ,п.ғ.д, профессор)

«..мектеп, мектептен тыс мекемелер, балабақшалар мен арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында ескі педагогикалық тәжірибелердің орнына жаңаша, ұлттық тәлім-тәрбиенің қағидаларына негізделіп жазылған «Қазақтың салт-дәстүрлері» (С.Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев), «Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы» (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев), «Атамекен» (М.Құрсабаев), «Кәусар бұлақ» (З.Ахметова), «Балбөбек» (Б.Баймұратова, М.Сәтімбекова) және басқа да көптеген ғылыми-тәлімдік бағдарламалар басылып шығып, оқу-тәрбие жұмыстарына енгізіле бастады» ( Қалиев С.Қ, п.ғ.д, профессор)

«..халықтық педагогика - ұлттық тәлім-тәрбиенің негізі. Ұлттық тәлім-тәрбие қазақ халқында ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және ол дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптармен салт-дәстүрлері негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер және қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылған. Ұлттық тәрбиенің мақсаты - ұлттық сана мен ұлттық намысын тудыру, дамыту және қалыптастыру. М-Р.Құрсағидың «Атамекен» бағдарламасы осы мақсатты жүзеге асыратын бірден-бір ғылыми-тәлімдік және рухани-танымдық этнокешенді жүйе болып табылады..». (Бөлеев Қ., п.ғ.д, профессор)

”..Авторская программа «Атамекен» (М.Курсабаев), в отличие от названных выше программ, расчитана на организацию внеклассной и внешкольной воспитательной работы с 1 по 11 классы и состоит из 30 направлений. Цель программы – воспитание детей на прогрессивных традициях народа, ознокомление с его духовной культурой. Программа широко распространилась по республике, нашла единомышленников в лице педагогов и педагогических коллективов республики..» (Қожахметова К.Ж, д.п.н, профессор).

“..осының барлығы қазіргі таңдағы білім мен тәрбие бастауларының негізі болып табылатын халықтық педагогика мұраларын насихаттауға бағытталған «Атамекен», «Кәусар бұлақ», «Елім-ай» атты альтернативті бағдарламаларда айтылған. Аталмыш бағдарламалар жеке тұлғаның адами-құндылық бағыттамасының, парасаттылық, эстетикалық және танымдық қасиеттерінің кеңінен ашылуына, оқушының қоғамға пайдалы қызмет етуіне заман талабына сай мүмкіндік беретін жол ашпақ..” (Мұхамбетова С.К, п.ғ.к, доцент)

“..республика пионерлерi iс-әрекетi бағдарламасының өзектi компонентi Атамекен операциясы. Бұл балалар мен үлкендердiң творчестволық iздену-этнографиялық жұмысы. Осы мақсатқа сәйкес iздену-этнографиялық, экологиялық штабтар, ұлттық-мәдени орталықтары құрылады..” (Ж.Қоянбаев, п.ғ.к, профессор)

“..республика көлемiндегi мектептердiң тәжiрибесiне жасаған талдау қазақ халқының салт-дәстүрi, әдет-ғұрпы, ауызекi-поэтикалық шығармашылығы, ән-күй, сәндiк-қолданбалы өнерi туындылары, тәлiм-тәрбиелiк идеялары, көзқарастары, әдiс-тәсiлдерi негiзiнен тәрбие жұмысында “Атамекен” бағдарламасының басты бағыттары негiзiнде жүзеге асырылатынын көрсетедi..” (Дүйсембінова Р.Қ, п.ғ.д, доцент)

«..Атамекен – мемлекеттік, ұлттық деңгейге көтерілуге тұратын, мемлекет тарапынан арнайы қамқорлыққа алынатын ауқымды дүние. Өйткені Атамекеннің әрбір саласына көптеген кітаптар, оқулықтар жазылуға тиіс, ұзақ жылдарға арналған кең тынысты бағдарлама..» (З.Ахметова, жазушы)


Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігі

480091, Алматы, Республика алаңы 4, Телефон: 69-53-80, Факс: 63-57-27№ 03-517 3 наурыз 1998 жыл

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Аймақтық даму мәселелері және өзін-өзі басқару жөніндегі комитетінің Төрағасы Ө.ОЗҒАНБАЕВҚА.Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты. ЖАЛПЫ БӨЛІМ. № 329, 4 наурыз 1998 жыл
Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі өзіңізге жолдаған бұрынғы Торғай облыстық «Атамекен» қозғалысының төрайымы Қ.Өскенбаеваның хатымен мұқият танысты. Бүгінгі күні «Атамекен» бағдарламасы білім мекемелерінде кеңінен насихатталып, оқу-тәрбие процесінде халықтық педагогика идеяларын ендіру ісінде негізгі тұтқалардың бірі болып отыр. Бағдарлама авторы М.Құрсабаев республикамыздың педагогикалық қауымымен жиі жүздесіп отырады. (Вице-Министр Е.М.Арын)


НАУЧНО-ЭТНОПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ПРОГРАММА «АТАМЕКЕН»

“АТАМЕКЕН” - это научно-этнопедагогическая концепция, основанная на прогрессивных идеях воспитания и образования, накопленного веками опыта народов, этносов, способствует формированию общечеловеческих ценностей, духовно-материальной и национальной культуры в сознании подрастающего поколения путем комплексного, планомерного и системного воспитательного воздействия.



ОСНОВНЫЕ ЦЕЛИ И ЗАДАЧИ

Воспитание всесторонне развитой личности приносящей пользу обществу, вносящей вклад в процветание родной земли, уважающей историю, культуру, народа и государства, национальные традиции, государственные символы и атрибуты, Президента РК, Конституцию и Законы РК и другие общечеловеческие ценности;

Формирование чувства казахстанского патриотизма через воспитательные возможности посредством этнопедагогики и этнопсихологии. Определить основные методические направления. комплексной воспитательной работы с применением современных когнитолого-эдукологических технологий.


ОСНОВНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ


с. 1 с. 2 ... с. 8 с. 9

скачать файл

Смотрите также: