Ұлттық бірыңғай тест тапсырудың қорытындысы туралы ақпарат ҚР «Білім


с. 1
Ұлттық бірыңғай тест тапсырудың қорытындысы туралы ақпарат

ҚР «Білім туралы» заңы негізінде 2010 жылы жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып бітіруші түлектері 5 маусымнан 7 маусым аралықта жарма ауданының Қалбатау ауылында ҰБТ тапсырды.

2010 жылы аудан бойынша 376 түлек мектеп бітірді. ҰБТ тапсыруға 290 оқушы қатысты, ол мектеп бітірушілердің 77% құрайды. Солардың ішінде қазақ тілінде - 156, орыс тілінде -134 мектеп бітіруші. 82 түлек қорытынды мемлекеттік аттестаттау негізінде емтихан тапсырды. 4 мектеп бітіруші түлек денсаулығына байланысты облыстық білім басқармасының бұйрығымен қорытынды аттестаттаудан босатылды.

ҰБТ тапсыру барысында 10 «Алтын белгі» үміткерінің 6 –ауы «Алтын белгі» иегері болды. Ол-Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектептің түлегі Баянды Гүлшат(119 балл), Ж.Болганбаев атындағы орта мектептің түлектері Карменова Дина-(117балл), Мамбетова Баян(122 балл), Көкжыра ауылындағы Амангелді атындағы орта мектептің түлегі Зейнолланова Фариза(116 балл), Тлебалдинова Асем (117 балл), Үлгілі-Малшы ауылындағы Абай атындағы орта мектептің түлегі Қабдолланова Жадыра (116 балл). 2 «Алтын белгі» үміткері (Казнаковка о.м., Көкпекті о.м.) бір пәннен «4» алып қалды.

Ең жоғары балл-122.

4 «Үздік аттестат» үміткерден № 1 Самар орта мектебінің түлегі Тобықпаева Жібек ( 109 балл) өз білімін ақтап шықты.

ҰБТ нәтижесі бойынша ауданның мектеп бітірушілерінің 37 түлегі 100–ден жоғары балл жинады.

ҰБТ-тің бес пәннен орташа балл 80- ге жетті ( облыс көрсеткіші 84). ҰБТ қорытындысы бойынша, былтырғы жылмен салыстырғанда 13 балға жоғарлады. Жоғары көрсеткіштер көрсеткен мектептер: Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектебі (99,3 б.), Үлкенбөкен орта мектебі (91,3), Миролюбовка орта мектебі (89,2), Ж. Болганбаев атындағы орта мектеп (88,5), Аухадиев атындағы орта мектеп (87,8), Көкжайық орта мектебі (84,1), Преображенка орта мектебі (82,3), Көкжыра ауылындағы Амангелді атындағы орта мектебі (82).

Былтырғы жылмен салыстырғанда орташа баллды 12 ден 34 балға дейін көтерген мектептер: Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектеп ( 34,4 балға), Көкжайық орта мектебі (23 балға), Аухадиев атындағы орта мектеп (27 б.), Болғанбаев атындағы орта мектеп (20 балға), Казнаковка орта мектебі (15,2 балға), Үлкенбөкен орта мектебі (11,9 балға), Амангелді (Көк-жыра) (13,7 балға), Октябрь орта мектебі (13,5 балға), Миролюбовка орта мектебі (12,6 балға), Преображенка мектебі (12 б.).

Оқыту тіліне қарай қазақ сыныптары бойынша орташа балл 80,83 құрайды, орыс тілінде оқытатын мектептердің орташа балы – 79 балл.

Бастаушы ауылындағы Абай атындағы, Преображенка, Үлкенбөкен, Палатцы орта мектептерінде барлық оқушылар шекті деңгейлік 50 балды алды.

Сонымен қатар, білім мекемелерінде ҰБТ тапсыру нәтижесінде кемшіліктер бар.

Кейбір мектептерде былтырғы жылдармен салыстырғанда төмен көрсеткіштер көрсеткен мектептер де бар. Амангелді (Мамай) орта мектебінде, Пушкин атындағы орта мектебінде орташа балл көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген.

5 пән бойынша 8 түлек 50 балдан төмен ғана балл алды, ал 4 пән бойынша 48 мектеп бітіруші түлектер (16%) 50-ден төмен балл жинады. Оның 15 оқушысы Көкпекті орта мектебінен, 8 оқушы Шайжүнісов атындағы орта мектебінен, 6 оқушы № 1 Самар орта мектебінен, ал Болганбаев, Мариногорка, Амангелді (М), Ауэзов орта мектептен 2 оқушыдан.

7 мектеп бітірүші бір пәннен «2» алды. Ол Ауэзов атындағы орта мектеп, № 1 Самар, Амангелді (К-Ж), Көкпекті орта мектеп, Шайжунусов атындағы орта мектеп түлектері.

Пәндер бойынша талдау жасасақ, негізгі міндетті пәндер ол математика, қазақ тілі, Қазақстан тарихі және орыс тілі.

Ана тілінен білім сапасын талдап, төменгі жағдайды анықтадық. Білім сапасы жоғары мектептер ол Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектебі (22,3 б.), Аухадиев атындағы орта мектеп (21,3б.), Үлкенбөкен орта мектебі (22,5 б), Болганбаев атындағы орта мектебі (20 б), Октябрь орта мектебі (18,3 б), Ново-Тимофеевка орта мектебі (19 б), Преображенка орта мектебі (18б), төмен мектептер Көкпекті орта мектебі (14,4б), Мариногорка орта мектебі (14б), Пушкин атындағы мектебі (12,5б)

Математика пәнінен орташа балл – 11. Жақсы нәтиже көрсеткен мектептер : Абай ат. ом (Б), Миролюбовка Ом, Октябрь ОМ, Көкжота ОМ, Амангельді ОМ (Ү), Казнаковка Ом, Аухадиев ат.ОМ. Нашар білім көрсеткендер Преображенка, Амангельды ат., Әуезов ат., Пушкин ат. және Шайжунусов ат. ОМ- тер. 0,8 балға орыс сыныптарының білімі төмен. Сол сияқты орыс сыныптарында қазақ тілінен жоғары көрсеткішке жеткен мектептер: Үлкенбөкен орта мектебі (20,4 б), Мариногор ом (20,44б) Миролюбовка ом (20,1б) Преображенка ом (19,9б), №1 Самар ом-19,6б) Абай(Ү-М) ом-(19б), Көкжайық ом (18,8б), ал төменгі сатыда Көкпекті ом (16,9 б), Новотимофеевка (16 б) ОМ-тері. Қазақстан тарихінан түлектерінің білімі жақсы деңгейде Абай ат. ом (Б)-(22,1б), Үлкенбөкен ОМ-(21,95 б), Болганбаев ОМ-(20,1б), Аухадиев, Новотимофеевка ОМ-тері (19,5б) төмен деңгейде Көкпекті ОМ-(15,7б), Шайжүнісов ОМ-(14,8б), Маяковский ОМ (14,5б), ал орыс тілінен қазақ мектептерінде 103 түлектерінің білімдері «үздік» және «жақсы» бағамен бағаланды.

Мектеп түлектерінің 68 ғана, 23,4 пайызы физика пәнің таңдаған. Ол нашар қөрсеткіш. Ең көп таңдаған Болғанбаев ат.мектептен -13 бала, орташа балы 18,2, өте жақсы және Көкпекті ОМ – 9 бала, орташа балы-14,7. Физикадан жалпы орташа балл- 14. 112 түлек биология пәнің таңдаған, барлық түлектердің 38,6 пайызын құрайды.Ең көп таңдаған Көкпекті ОМ – 24 бала, Болғанбаев ат. -11, Шайжунусов ат.-10, Абай ат. (Ү) -12 түлек.Жақсы білім көрсеткен мектептер : Преображенка, Абай ат. (Б), Болғанбаев ат., Үлкенбөкен, Көкжайық Аухадиев ат.ОМ –тері.

Жалпы ҰБТ өткеннен соң АББ-нің мониторинг қызметі әр мектеп,әр пән бойынша талдау жасап, кемшіліктерді анықтауда. Жалпы бірнеше жылдың тәжірибесіне жүгінсек төмендегі проблемаларды айтуға болады:



  • Мектеп мұғалімдерінің барлық оқушыларды дайындықпен бірдей қамтуы, яғни деңгейлік оқыту әдісін қолданбауы;

  • Мектеп мұғалімдерінің оқушыларды тапсырмаларды орындауда логикаға сүйенуге үйретпеуі;

  • Әрбір алдын- ала сынақтан соң тақырыптық элементтік талдаудың жоқтығы;

  • Мектеп әкімшілігінің ҰБТ –ге дайындықты 9-10 сыныптан бастамауы, яғни оқушылардың бастауыш пен негізгі сатыда алған білімдерінің олқылықтарын жою жүйесі жоқ.

Осы кемшіліктерді жою мақсатында аудандық білім бөлімі мектептерге білім сапасын көтерудің кіші жобаларын ( минипроекты) жасауға және 22-23 маусымда аудандық әдістемелік кеңес отырысында қорғауға тапсырма берді. Ал өз тарапымыздан аудан көлемінде білім сапасын көтеру, соның ішінде ҰБТ-ге жүйелі дайындық іс – шара жоспарларын әзірлеп жатырмыз, соңғы Білім бөлімінің кеңес отырысында бекітеміз.
с. 1

скачать файл

Смотрите также: