«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі


с. 1
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы»
екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы шілде

Ұлттық Банк 2009 жылғы шілдеде жүргізген «Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» тұрақты зерттеу нәтижесі бойынша жоғары жалпы экономикалық, салалық және заем алушылардың жеке тәуекелдерін сақтай отырып басымдық берілетін баға банктердің қатаң кредит саясатының сақтауын айқындайтынын куәландырады, бұл өз кезегінде, ішкі кредит нарығының сыйымдылығын төмендетеді. Екінші жағынан, респонденттердің бағасы өнеркәсіптің негізгі салаларының тәуекелдерінің одан әрі өсуін көрсетпейді, банктердің жеке тұлғалармен жұмыс жасауға ниеттерінің басымдығы байқалады. Кредиттеуді одан әрі жандандыруды шектеуші фактор орташа банктер тарапынан оң қатынастың көрінуі факт болады, ал ірі банктер кредит нарығының сапалық сипаттамаларына қатысты консервативті. Бұл ретте қорландыру ресурстары үшін жоғары бәсекелестік, тәуекелдің жоғары деңгейінде кредит операцияларының шектеулі кірістілігі орташа банктерді тәуекелді кредиттеу, оның ішінде тұтынушылық кредиттеу бөліктерінде анағұрлым өктемді стратегияға басымдық береді.


  1. Корпоративтік секторға заемдар нарығы


1. Ірі және орташа банктер соңғы 3-тоқсанның үрдісі айтарлықтай өзгеріссіз корпоративтік секторы тарапынан кредит ресурстарына біркелкі сұранысты көрсетіп отыр (шектеулі сұраныс) (11диаграмма). Сұраныстың өзгермегендігі туралы жариялаған респонденттердің үлесі 2009 жылғы 1-тоқсандағы 44%-дан 2-тоқсанда 52% дейін өскен. Сұраныстың қысқарғанын көрсеткен респонденттердің үлесінің өткен тоқсан нәтижесі бойынша 24%-дан 18%-ға дейін біршама төмендегені байқалады.

Қаржылық емес ұйымдар, бұрынғысынша, бар борыштарды қайта құрылымдау және айналым капиталын қаржыландыру үшін басымды түрде кредит ресурстарын тартады.




1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға

сұраныстың өзгерісі





2. Банктер ең алдымен ұзақ мерзімді сипаттағы ұлттық валютамен кредиттерге басым сұранысын және шетел валютасымен кредиттерге сұраныстың төмендегенін атап отыр.
Осы үрдіс банктердің клиенттері шетел валютасымен заемдар тарту есебінен өз валюта тәуекелін ұлғайтпау ниетіне себеп болды. Валюталық заемға сұранысқа жанама түрде мемлекеттік бағдарлама бойынша ұлттық валюта теңгемен берілетін қаражатты игеру де ықпал етеді. Банктердің клиенттерінің күтулері бойынша сақталып отырған құнсыздану ерекше ақылға сыйымсыз сипатта.

3. Нарықта бұрынғы консервативтік-қатаң кредит саясатының сақталуы байқалып отыр (2-диаграмма) респонденттердің 76% кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды, ал 18% жуығы оны шамалы қатаңдатты. Негізгі себебі – респонденттердің 80% 2009 жылғы 2-тоқсанда ұлғайғанын көрсеткен кредит тәуекелін басқару қажеттілігі. 2009 жылғы 2-тоқсанда кредиттеу талаптарына орай кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаның едәуір ұлғаюы (респонденттердің 47%) және кредиттерді кепілдік қамтамасыз етуге талаптардың қатаңдануы (респонденттердің 46%) орын алады.
Б
2-диаграмма. Кредит саясатының өзгерісі


анктер кредит портфелі сапасының одан әрі нашарлауына жол бермеуге тырыса отырып, уақытша қиындыққа тап болған адал заем алушылардың жағдайымен санасады. Банктер қатаң кредит саясатын жүргізу қажеттілігін экономиканың негізгі салаларына кредиттер бойынша тәуекелдің ұлғаюына және заемшылардың қаржылық жағдайының нашарлауына алып келетін экономикалық даму үрдісімен түсіндіреді. Әлі де құрылысқа байланысты салаларда, жылжымайтын мүлікпен операцияларда, сондай-ақ саудада және қызметтерде шиеленіс сақталып отыр. Сонымен қатар, зерттеліп отырған кезеңде тау-кен өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп тәуекелдерінің өсуін атап өткен респонденттер пайызының қысқаруын байқалған. Тұтастай алғанда, көптеген банктер заем алушылардың тәуекелдері негізінен шындыққа ұласты және кредит портфелінің жіктемесінде ең жоғары деңгейде көрсетілгендігін – тиісінше кредит портфелі сапасының одан әрі нашарлау әлуеті аз ғана екендігін атап отыр.
4. Банктердің кредиттік нарық бойынша болжамдарында 2009 жылғы 3-тоқсанда кредит саясатына қатысты консерватизм және заемшылар тарапынан қалыпты сұранысты күтуі сақталып отыр, атап айтқанда:

  • респонденттердің көпшілігі (58%) кредиттік ресурстарға сұраныс 2009 жылғы 3-тоқсанда өзгеріссіз қалады деп болжамдайды;

  • банктердің кредит саясатын қайта қарауға ынтасы жоқ: респонденттердің 70%-ға жуығы оны өзгертуді жоспарламайды;

  • кредиттеудің баға талаптарының айтарлықтай өзгеруі жоспарланбайды. Стандарттық кредиттер бойынша маржа талаптарының сақталуын респонденттердің 82%-ға жуығы атап көрсетті, банктердің 58%-ы кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаны арттыруды жоспарламайды.


II. Жеке тұлғаларға заемдар нарығы
1. 2009 жылғы 1-тоқсандағы деңгейде жеке тұлғалардың тарапынан кредитік ресурстарға сұраныстың сақталуын басым бағалауға қарамастан сұраныстың өзгеруін белгілеген респонденттердің балансы тұтынушылық кредиттеу бөлігіндегі сұраныстың өсу жағына қарай өзгереді.

Тұтастай алғанда, респонденттердің 55%-ға жуығы тұтынушылық кредиттеу нарығында, 44% – ипотекалық нарықта сұраныстың бұрынғы деңгейде сақталып отырғандығын атап өтті (3, 4-диаграммалар).. Әсіресе сұраныстың едәуір төмендеуі шетел валютасындағы кредиттеу бөліктерінде бағаланып отыр



Тұтынушылық кредиттеуге сұраныстың аздап өсуі кейбір ұсақ және орташа банктердің нарықтың осы бөлігін кредиттеуге ықылас білдіруіне байланысты, себебі тұтынушылық кредиттеу нарығы салынған капиталдың тез айналымдылығымен және барынша жоғары кірістілік алу мүмкінділігімен сипатталады. Ипотекалық кредиттеудегі шектеулі сұратуға жылжымайтын мүлік нарығын дамытудың белгісіздік факторлары және халықтың борышқа қызмет көрсету сенімсіздігі ықпал етіп отыр.

3-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгерісі (ипотека)



4-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгерісі (тұтынушылық кред-теу)




2. Респонденттердің басым көпшілігі (75%) 2-тоқсанда жеке тұлғаларға қатысты кредит саясатын өзгеріссіз қалдыруды жөн көріп отыр (5 және 6-диаграммалар).

Банктердің заем алушылардың дефолттары сананың өсуін алдын алу бойынша теңдестірілген әдісі және берілген заемдарды қайтару бойынша қолданылатын шаралар кредиттеудің ағымдағы талаптарының сақталуына ықпал етуін жалғастыруда: орташа алғанда 73% банк кредиттеудің негізгі бағалы және бағалы емес талаптарының келесі тоқсанда сақталады деген ойларын айтты.


6-диаграмма. Кредит саясатының өзгерісі (тұтынушылық кред-теу)



5-диаграмма. Кредит саясатының өзгерісі (ипотека)





3. Банктердің жеке тұлғалардың тарапынан сұранысқа қатысты жақын арадағы 3 айға арналған күтулері алдыңғы тоқсандағымен бара-бар үрдістерді көрсетеді: ағымдағы кредиттік саясат сақталған кезде тұтынушылық кредиттеу бойынша сұраныстың өсуін бағалау неғұрлым оптимистік тұрғыдан көрінді, мәселен респонденттердің ипотека бойынша 22% салыстырғанда тұтынушылық кредиттеу бойынша сұраныс - 37%, бұған қарағанда сұраныстың аз ғана өсуі күтілуде. Кредит саясатын респонденттердің 22%-ы ипотека бөлігінде және 19%-ы тұтынушылық кредиттеу бөлігінде қатаңдатуды жоспарлауда.
4. Респонденттер заем алушыларға қатысты тәуекелдер деңгейіне қатысты алдағы 3 айға мынадай күтулері туралы куәландырады:

  • 52% респондент заем алушылар қаржылық жағдайдың аз ғана нашарлауын бастан өткереді деп санауға бейім;

  • 58% респондент мерзімін кешіктіру деңгейінің өсуін күтуде;

  • 57% респондент мерзімі ұзартылатын заемдар санының өсуін күтуде;

  • 3
    7-диаграмма. Жылжымайтын мүлікке

    күтілетін орташа баға


    7% респондент қамтамасыз ету сапасының одан әрі нашарлауын күтуде.


6. Жылжымайтын мүлікке бағаның аз ғана төмендеуі күтілеуі сақталып отыр (7-диаграмма), бұл сондай-ақ банктердің қатаң кредит саясатын ұстануының негізгі себептерінің бірі болып табылады.
III. Тәуекелдер картасы
Банктер кредит тәуекелі (80% респондент), валюта тәуекелі (28% респондент), өтімділік тәуекелі (37% респондент) және операциялық тәуекел (17% респондент) бөлігінде өсуін атап өтті, бұл ретте операциялық тәуекелдің өсуі банктердің қызметкерлері тарапынан алаяқтық жағдайларына байланысты.
Пікіртерім нәтижелері бойынша банктер несие портфелі сапасының аз ғана нашарлауын атап өтті. Несие портфелінің сапасын жақсарту бойынша негізгі шаралар екінші тоқсанда да өзінің маңыздылығын сақтады. Бұл ретте неғұрлым белсенді пайдаланыла бастаған шаралардың, атап айтқанда, кезеңдегі жеңілдікті кредиттерді (кредиттік каникулдар) пайдаланудың және салалық лимиттер мен бір заемшыға арналған лимиттерді пайдаланудың болғандығын атап айту қажет.

Банктер жуық арадағы 3 айда несие портфелі сапасының аз ғана нашарлауын күтуде - респонденттердің 46%-ы бұдан әрі аз ғана нашарлауын күтуде және респонденттердің 43%-ы көрсеткіштің өзгеріссіз қалатынын болжауда. Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеу бөліктері бойынша тиісінше 30% және 43% портфель сапасының нашарлауы күтілуде, 50% және 52%-ы портфель сапасының бұрынғы деңгейде қалатынын күтуде.


Банктер үшін өткен кезеңдердегідей қаржыландырудың жоғары басымды көздері болып заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін тарту болып табылады. (76% және 72% қорландырудың осы көзінің жоғары басымдылығын атап өтті). Банктер капиталдың жұмыс істейтін акционерлердің (57% респондент) қаражаты есебінен ұлғаюына және алынған пайданы қайта инвестициялауға (41% респондент) жоғары мән беріп отыр.
|Банктердің сыртқы міндеттемелерін өтеу (1-кесте), екінші тоқсанда орташа алғанда2 мына көздер есебінен болды:

- банктер ішкі міндеттемелер есебінен шамамен 82% жапты;



  • қайта құрылымдау есебінен 8%;

  • резиденттерге активтерді және талаптарды қысқарту есебінен – 5%;

  • сыртқы активтердің төмендеуі есебінен (3%)

  • резидент еместер алдында сыртқы нарықтағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру (1%) және капиталды ұлғайту (1%) есебінен.

1-кесте. 2009 жылғы 2-тоқсанда резидент еместер алдындағы

міндеттемелерді өтеудің көздерін бөлу



Көздер

10

10

20

30

40

50

60

70

80

90<

Резидент еместерден қаржыландыру тарту (міндеттемелерді ұлғайту)

3*

(24,8%)**



2

(2,4%)





1

(8,5%)














1

(0,04%)


1

(2,64%)


Ішкі қаржыландыру (міндеттемелерді ұлғайту)




1

(0,04%)


2

(9,8%)








1

(15,8%)





3

(12,7%)


1

(1,2%)


6

(23,8%)


Капиталдың ұлғаюы

3

(24,8%)


2

(8,7)


1

(21,5)





















Активтерді сату/резидент еместерге талаптарды қысқаруы

2

(9%)


4

(26,7%)





1

(2,5%)











1

(21,6%)





1

(0,09%)


Активтерді сату/резиденттерге талаптарды қысқаруы

1

(1,2%)


3

(10,2%)


2

(24,3%)

















1

(1,8%)


1

(0,32%)


Екінші тоқсандағы қайта құрылымдаудың (тоқтатылған төлемдердің) нақты көлемі***




























1

(5,4)


* міндеттемелерді сауалнама жүргізілгендердің ішінен көрсетілген диапазонда жоғарыда аталған көздер есебінен өтеуді атап өткен банктердің саны

** міндеттемелерді көрсетілген диапазонда жоғарыда аталған көздер есебінен өтеуді атап өткен банктер активтерінің үлесі

*** өтеудің бастапқы кестесін басшылыққа ала отырып (тоқтата тұрғанға дейін)

Банктер алдағы 12 ай ішінде сыртқы борышты қайта құрылымдау (81%)3 және ішкі қаржыландыру (8%) есебінен (2-кесте) өтеуді жоспарлап отыр. Бұл ретте туындаған қаржыландыру дефициті активтерді сату есебінен белсенді түрде жабылады деп жоспарланып отыр (резиденттерге талаптардың қысқаруы) – өтеу жоспарланып отырған сыртқы міндеттемелер шамамен 6%.



2-кесте. Резидент еместер алдындағы міндеттемелерді алдағы

12 айда (2009 шілде – 2010 шілде) өтеу көздерін бөлу


Көздер

10

10

20

30

40

50

60

70

80

90<

Резидент еместерден қаржыландыруды тарту (міндеттемелердің ұлғаюы)

3

(24,8%)





2

(11%)

















1

(0,04%)


1

(0,6%)


Ішкі қаржыландыру (міндеттемелердің ұлғаюы)




1

(0,6%)


2

(9,7%)





1

(15,8%)


1

(2,5)





1

(7,8%)


2

(1,2%)

2

(3,6%)



Капиталдың ұлғаюы, оның ішінде мемлекеттің қатысуы есебінен

2

(9%)


2

(11%)







1

(15,8%)















1

(0,06%)


Активтерді сату / резидент еместерге талаптардың қысқаруы

4

(27,3%)


3

(18,3)


2

(30,1%)




















2

(0,21%)


Активтерді сату / резиденттерге талаптардың қысқаруы

2

(19,5%)


2

(17,0%)


1

(8,5)














1

(21,6%)


1

(1,2%)


1

(0,32%)


Алдағы 12 айға қайта құрылымдаудың болжамды (жоспарланып отырған) көлемі




























2

(27,3%)


IV. Проблемалық кредиттермен жұмыс бойынша кейбір шаралар
Қайта құрылымданатын заемдардың ұлғаюы және кепіл мүлкін өндіріп алу жағдайлары байқалуда, бұл ретте кепілдердің өз құны төмендейді.

Корпоративтік сектор бойынша кепілді мүлікті өндіріп алынған жағдай санының өсуі туралы 37% банк айтып отыр, 48% банк берілген заемдарды қайта құрылымдау көлемінің өсуін атап өтті. 2009 жылғы 3-тоқсанға банктердің күтуі мынадай тәртіппен бөлінді: кепілді өндіріп алу бойынша 56%, заемдарды қайта құрылымдау бойынша 55% операциялардың өсуін күтіп отыр.

Сондай-ақ бөлшек кредиттеу бөлігінде кепілді мүлікті өндіріп алу сапасының өсуі байқалуда (ипотекалық және тұтынушылық бөліктер бойынша өндіріп алу санының тиісінше 45% және 35% өсуі атап өтілді). Оның үстіне, банктердің көпшілігі осы көрсеткіштің 3-тоқсанда өсуін күтіп отыр (ипотекалық және тұтынушылық кредиттеу бойынша 52%). Кредиттеудің ипотекалық және тұтынушылық бөлігі бойынша заемдарды қайта құрылымдаудың өсуі сақталып отыр (ипотекалық кредиттеу бойынша 45% респондент және тұтынушылық кредиттеу бойынша 48% респондент), алдағы кезеңде қайта құрылымдау көлемінің өсуі болжанып отыр (ипотекалық кредиттеу бойынша 52% респондент және тұтынушылық кредит бойынша 55% респондент).

Банктер негізгі проблемалардың бірі - кепіл мүлкінің құнсыздануы, оның ішінде жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі деп тауып отыр. Осы проблеманың өткірлігін ескере отырып, бірқатар банктер кепілдердің құнсыздануының кредиттік портфельдің сапасына ықпалын азайту жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді бастады, оның ішінде бұрын берілген заемдар бойынша қосымша кепілдер тарту рәсімдері әзірленуде.

Жеңілдік кредиттік кезеңдер (кредиттік каникулдар) негізінен қаржы жағдайының сауықтырылуына үміт беретін заем алушыларға берілетіндігін атап өту қажет. Мысалы, егер бұл заңды тұлға болса, онда ақша ағыны сияқты көрсеткіштерді, өнімнің айналымдылығын және басқа да негізгі қаржы көрсеткіштерін бағалайды. Жеке тұлғаларға қатысты кіріс көзін, жұмыс беруші жағдайының тұрақтылығын және жеке тұлғаның жұмыспен қамтылу тұрақтылығын бағалау мәні болып табылады.

Кредиттеу валютасын таңдау кезінде банктердің басымдық беретін валютасы бірдей емес. Бір жағынан, банктер ең төменгі шығындарымен өз валюталық ұстанымын сақтауға және нарық тәуекелінің деңгейін төмендетуге тырысады. Екінші жағынан, шетел валютасымен заем беру нақты сектордың теңдестірілмеген валюта ұстанымына байланысты жанама валюталық тәуекелінің өсуін білдіреді (жанама валюталық тәуекелді кредиттікке материалдандыру теңгенің ағымдағы жылдың ақпандағы құнсыздануынан кейін байқалды. Банктерді шетел валютасымен заем беруге итермелейтін басқа себеп банктердің куәландырулары бойынша теңгелік өтімділіктің дефициті болып табылады.



Банктердің көпшілігі проблемасы бар заем алушылармен жұмыс жүргізу кезінде коллекторлық агенттіктерге емес, өздерінің мамандандырылған бөлімшелеріне басымдық береді, себебі олардың жұмысын анағұрлым тиімді деп санайды. Сондай-ақ банктер нарықта жұмыс істейтін коллекторлық агенттіктер санының бірден өсуін атап отыр, алайда олардың қызметіне ақы төлеу айтарлықтай жоғары деңгейде (сатып алынатын заемдар бойынша дисконттың жоғары ставкасы) қалып отыр.



1 Осында және одан әрі диаграммаларда нәтижелер респонденттердің жауаптарының таза пайыздық өзгерісі түрінде көрсетілген, олар осы немесе басқа өлшемнің ұлғаюы/төмендеуін атап өткен % респонденттердің және осы немесе басқа өлшемнің төмендеуін/қатаңдауын атап өткен % респонденттердің айырмасы ретінде саналады. Осы жағдайда диаграммада нақты сұраныстың өзгерістері және сұраныстың күтулері көрсетілген.

2 Орташа баға банктердің жауаптарын басшылыққа ала отырып қалыптастырылды – банктердің сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер кестесі негізінде есептелген үлес салмағын ескере отырып, көрсетілген диапазонның орташа мәні. Іріктеу – 11 банк – сыртқы нарықтағы негізгі заем алушылар.

3 Орташа баға банктердің жауаптарын басшылыққа ала отырып қалыптастырылды – 31.03.09 ж. жағдай бойынша бағалау негізінде банктердің сыртқы борышының негізгі сомаларын алда болатын өтеуі негізінде есептелген үлес салмағын ескере отырып, көрсетілген диапазонның орташа мәні. Іріктеу – 11 банк – сыртқы нарықтағы негізгі заем алушылар.





с. 1

скачать файл

Смотрите также: