Комиссиясының хатшысы: Архабаева Д. А


с. 1
ӘОЖ 374.32:37.014.255:377.36 Қолжазба құқығында

МУХАНОВА МАРИНА ЖУМАБАЕВНА

Колледж оқушыларын тәрбиелеудегі жастар

ұйымдарының қызметі

6М010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша

білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертация жұмысының

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012ж


Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты,

профессор А.Б.Табулова

Ресми оппоненті: педагогика ғылымдарының

кандидаты, Р.А. Набуова

Диссертация 2012 жылдың «__ » маусымында сағат ______ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі №36 А, №7 оқу ғимараты, Музыка-педагогикалық факультеті, №411 дәрісхана) қорғалады.

Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы: Архабаева Д.А.



Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестлігі. Жастар - біздің болашағымыз. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев жастар саясатына әрқашанда үлкен маңыз беріп келеді. Пре­зиденттің халыққа жолдаған әрбір Жолдауында келешегіміз жас ұрпақты білімді, мәдениетті, денсаулығы мықты, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеудің жолдары көрсетіледі. 2004 жылы Елбасының тапсырмасымен «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Заң қабылданды.

Бүгінде елімізде жастар саны 4,3 млн. немесе халқымыздың 27,8%-ын құрайды. Республикада ресми түрде тіркелген 672 жастар ұйымы бар. Қазіргі таңдағы Қазақстан жастарының қалыптасуы елімізде жүргізілген саяси-экономикалық реформалар кезеңіне тура келді. Еліміздегі тарихи өзгерістер жастарға өз тағдырын өздерінің шешуіне, жас Қазақстан мемлекетінің іргетасын қалап, оны өркендетуге өз үлестерін қосып, өздерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Жастарды тәрбиелеуде қоғамның бар күш-жігері жас ұрпақты отансүйгіштікке, иманды­лық­қа, адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталуы керек. Тәрбиелі де білімді, сапалы да мәде­ниет­ті ұрпақ - мемлекеттің берік тірегі. Сон­дықтан да, халқымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген.

Жастардың көкейкесті мәселелерін зерттеп, талдап, көрсетіп отыратын, оларды адамгер­ші­лік­ке, отансүйгіштікке, имандылыққа, қазақ­стандық патриотизмге тәрбиелейтін ұйымдар керек. Әрине, нарықтық эко­номи­ка кезінде әрбір адам өзінің келешегін, өзінің жағдайын өзі жасауға әрекеттенуі қажет. Дегенмен, мемлекеттің қатысуынсыз жастар проблемасын шешу мүмкін емес.

Осы уақытқа дейiнгі тәрбие мәселесімен байланысты зерттелген еңбектерді төмендегiдей сараптама бойынша жіктедік:


  • тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Ж.Б.Қоянбаев, Н.И.Болдырев, Қ.Бержанов, Ж.Мусин, А.Х.Мұхамбаева,  И.П.Подласый, К.Сейталиев);

  • қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, З.Ә.Әбiлова);

  • ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Қ.Бөлеев, Ш.К.Беркімбаева, К.А Оразбекова);

  • оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (К.Қ.Құнантаева, Е.О.Омаров, М.К Садықова);

  • оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары  (Р.Д.Пржанова, В.В.Лебединский, Н.Б.Абаева, Б.Ы.Мұқанова).

Айтылған мәселе бойынша бүгінгі күн талабы тұрғысынан жан-жақты зерттеген ғылыми-педагогикалық еңбектерді зерделей отырып зерттеу тақырыбын  «Колледж оқушыларын тәрбиелеудегі жастар ұйымдарының қызметі» деп алуымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Жастар ұйымдарының тәрбиелік мәнін тарихи -педагогикалық тұрғыдан талдап, колледж оқушыларына ұлттық демократиялық тәрбие беру.

Зерттеу нысаны: Жастар ұйымдарының бағыттары.

Зерттеу пәнi: Жастар ұйымдарының тәжірибелері.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, жастар ұйымдарының тәрбиелік мәні тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдау жасалынып жүйеленсе, олардың тәжірибелерін колледж ұжымы басшылыққа алып жұмыс жасалынса, олардың тәлімдік деңгейлері көтеріледі. Өйткені, жастар ұйымдары жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани - адамгершілікке, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге ықпалын тигізеді.

Зерттеудің мiндеттерi:

1. Жастар ұйымдарының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерделеу;

2. Жастар ұйымдарының тарихи-танымдық, саяси арналарын ашу және олардың ұрпақ тәрбиелеудегі мәнін айқындау;

3. Колледж оқушыларын тәрбиелеуде жастар ұйымдарының озық тәжірибелерін зерттеп зерделеу және әдістемелік ұсыныстар жасау.



Зерттеудің жаңалығы мен теориялық маңызы:

  • жастар ұйымдарының тәрбиелік мәні тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдау жасалынып жүйеленді;

  • колледж оқушыларының тәжірибелері зерделеніп жастар ұйымдарының тәлім-тәрбиелік мәні дәлелденді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- зерттеу нәтижелерін арнаулы оқу орындарында, жалпы орта білім беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде пайдалануға болады;

- зерттеу материалдарын жоғары және арнаулы орта оқу орындарында педагогика тарихы курсын оқу кезінде, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру курстарындағы лекцияларда кәдеге жаратуға болады.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:

1.Жастар ұйымдары және оның тәрбиелік мәні // Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына орай шығарылған магистранттардың ғылыми мақалалар жинағы, 2012 жыл.

2.Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін жастар ұйымдарының рөлі // Қарағанды, Болашақ университеті халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 2012 жыл.

Диссертацияның құрылымы:

Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.



Кіріспеде таңдап алу себептері, оның өзектілігі мен қоғамға қажеттілігі дәлелденіп, тақырыптың зерттелу жайы, зерттеу мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні, әдіснамалық және теориялық негіздері, оның ғылыми болжамы мен жаңалығы, зерттеу әдістері айқындалады және қорғауға ұсынылатын қағидалар тұжырымдалады. Сондай-ақ зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі, диссертацияның құрылымын келтірілді.

І бөлім. «Жастар ұйымдарының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздері» деп аталады. Онда жастардың әлеуметтік қазіргі жағдайы мен перспективасы жарияланады. Жастар ұйымдарының әртүрлі тарихи кезеңдері мен даму жолдарына, тәлім-тәрбиелік мәніне назар аударылады.

ІІ бөлім. «Жастар ұйымдарының тәжірибесін зерттеу» деп аталады, облыстағы жастар ұйымдары туралы мәлімет, қалалық жастар саясатын жүзеге асыру тәжірибесі зерделенеді.

ІІІ бөлім. «Колледж оқушыларының жастар ұйымдарының іс-әрекеттерінің ұйымдастыру ерекшеліктері» деп аталады. Бұл бөлімде жастар қоғамдық бірлестіктерінің іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуы, жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беру орталықтарының атқарылған жұмыстар жүйесі іске асырылу жолдары жарияланып, олардың тәрбиелік мәнін айқындайды.

Қорытынды. Жастар ұйымдарының тарихын зерттеп, қазіргі заманғы колледж оқушыларының ұйымдарының тәжірибелері жинақталып қорытынды жасалынып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Негізгі бөлім
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі - еліміздің егемендік алуы - көптеген құндылықтарға жол ашты. Қоғамның бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы жасалды.

Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан, әлеуметтік топтан тысқары өмір сүре алмайды. Сондыктан да жастар мәселесі барлық қоғамға қозғау салатын кең көлемдегі әлеуметтік проблемалардан да ауқымды және күрделі.

X.Шельски XX ғ. жастарының тарихи үш толқынын даралап көрсетеді. Оның ойынша, біріншісі - романтикалық. Бар болмысы идеалистік философияға негізделген бұл ұрпақта ең әуелден адамға тән ақыл-парасат, ізгілік және түсіністік қасиеттер басым болды. Екіншісі - уайымшыл деген шартты атқа ие болған ұрпақ. Жастардың бұл толқыны әр түрлі саяси бірлестіктерде, қозғалыстарда, партияларда өздерінің құқықтарын қорғау үшін саналы түрде бірігіп, алға қойған мұраттарын жүзеге асыруға ұмтылды. Соңғы, үшінші ұрпақ - қоғамдық мұраттар мен құндылықтарға деген сенімсіздікті бойына сіңіріп өскен күдікшіл ұрпақ.

Жастар проблематикасының стратегиялық маңыздылығы ескерілген «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының І съезінде Елбасы бастамасымен Қазақстан Республикасы Президент жанынан Жастар саясаты жөніндегі Кеңес құрылды. Кеңес жастар саясатын үйлестіріп, жастар ортасында қалыптасқан ахуалды талдайтын және ел басшылығына нақты ұсынымдар әзірлейтін саяси орган болмақ. Сонымен қатар осы бағытта саясаттанушы, экономист, педагог-ғалымдарды қатыстырып олардың да терең зерттеулерін пайдаланған жөн.

Елдегі жастар саясатын жүзеге асыруда жастар ұйымдары баршылық. Мәселен, «Жас Отан» жастар қанаты, «Студенттер Альянсы», «Жастар конгресі», «Жасыл ел», «Болашақ» тағы да басқа жастар мәселесімен айналысатын 700-ге жуық жастар ұйымы ресми түрде тіркелген. Қазіргі таңда республикадағы мақсаты мен міндеті айқындалған, жастар мәселесімен айналысатын бірегей ұйым – «Жас Отан» жастар қанаты. Әлеуметтік жұмыс пен жастардың тәжірибе алмасуы, жастар жағдайы туралы ақпарат алмасу, мәдени және экономикалық мәселелерге қатысты жергілікті семинарлар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізіп, өзекті мәселелер жөнінде бір мәмілеге келу, бағдарламаларына қатысу жас отандықтардың дәстүрге айналдырған ісі. Мәселен олар жастардың болашағына қатысты «Дипломмен ауылға», «Есірткісіз болашақ», сол сияқты бүгінгі күні өте актуальды болып отырған «Қазақша сөйлесейік» сияқты тағы да басқа бағдарламаларды жүзеге асыруда. Жастар мен жасөспірімдердің сапалы білім алуы, салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің әлеуметтік мәселелерін шешу сияқты іс-шараларды қалай атқарып жатқанын БАҚ арқылы қанықпыз. Ең бастысы, республика бойынша барлық аймақтарда филиалдары ашылып, мүшелікке өткен жастар жергілікті жердің жастар саясатын жүзеге асыруда.

Өз өміріңнің өткенінен бас тартуға болмайды, онсыз бүгінің, ертеңің жоқ. Ұрпақтар арасындағы түсінбестіктің көптеген себебі сол жылдардың әлеуметтік жағдайын терең білмеуден туындайды. Өмір тарихын және оны осы заман ілімі мен тәжірибесінің деңгейін баяндауда, біз сол дәуірге оның замандастары қандай көзбен карады деген психологияны жиі назардан тыс қалдырамыз. Сол себептен біз келесі бөлімде жастар ұйымдарының әртүрлі тарихи кезеңдерімен танысып талдау жасап бағасын беруіміз керек.

Жастар ұйымы қазақ жерінде ХІХ ғасырдың аяғында құрыла бастаған. Алғашқы жастар ұйымын құруға ұйытқы болған қазақ азаматтары кейіннен Алашорда партиясының белді мүшесі болды. Олар ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Санкт-Петерборда түрлі мамандық бойынша білім алып жатқан Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Мәмбетәлі Сердалин, Бақтыгерей Құлманов, Абдолла Теміров сынды бір топ қазақ жігіттері. Көкірегі ояу, көзі қарақты қазақ жастарының құрған ұйымы - «Жерлестер» деп аталды. Университет қабырғасындағы бір-бірінен ажырамас қазақ жігіттерінің ұйым құрудағы басты мақсаты өзге жұртта жүрген қандастардың қамы еді. «Жерлестер» ұйымының атқарған қызметі бастан асады. Қазақ жастары үйірмеге мүше болған студенттерге қаражатпен көмектесу, ауырған жағдайда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешті. 1880 жылдары Санкт-Петерборда студенттер арасында 20-ға жуық «Жерлестер» үйірмесі болған және олардың мүшелігіне 1500-ге тарта студент кірген. Сол кезде студенттердің Сібір, Поволжье, Кубань, Дон, Польская касса, Таврия, Новгород, Украина, Грузия, Армения сияқты «Жерлестер» үйірмелері мен одақтары тұрақты түрде қалыптасқан болатын.

Ал, өз еліміздегі Қазақстан комсомол және пионер жастар ұйымының тарихына тоқталатын болсақ.

РСДР(б)П-ның 1917 жылдың тамызында Петроградта өткен ІІ съезінде жұмысшы жастардың коммунистік ұйымын құру мәселесі қаралды. Ал Қазақстан аумағында бұл әрекет азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында басталған болатын.

Қазақстандағы алғашқы комсомол ұйымдары бірінші кезекте темір жол желісі бойындағы поселкелерде құрылды. Елде азамат соғысы жүріп жатты. Өз ықпалын күшейте түсу үшін Кеңес өкіметі жақтастары қатарын көбейтуге ұмтылды. Бұл жолда оған Қызыл Армияның партия ұялары мен саяси бөлімдері көмек көрсетті.

Жергілікті партия органдары жаңа құрылған комсомол ұяларының қызметін бағыттап отырды. Бұл ұялар құрамына орташа 3-тен 10 адамға дейін кірді. Негізгі өзегі майдангерлер мен жұмысшы жастар болды. 1918-1919 жылдары комсомолдың қоғамдық жұмысы әрбір әкімшілік аудандағы жастарға комсомолдың әсерін таратуға бағытталды.

Түркістан жастарының аса көрнекті ұйымдастырушысы Ғани Мұратбаев есімі комсомол тарихында мәңгі қалды. Кеңес өкіметін орнату кезінде Ғани Қазалы депутаттар кеңесінің жұмысына белсене қатысқан. 1920 жылы ол Түркістан комсомолының съезі жұмысына қатысып, Орталық комитет мүшелігіне сайланды. Ол қазақ жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы болып бекітіледі. 1922 жылдан бастап ол Түркістан Орталық атқару комитетінің мүшесі болып және РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросының мүшелігіне сайланады.

1921 жылдың 7-13 шілдесінде РКЖО-ның І Бүкілқырғыздық (Қазақстандық) облыстық съезі өтті. Съезге қатысқандардың 20 шақтысы қазақ жастары болды. Осы съезден кейін комсомол ұйымдары Коммунистік партияға бағынышты бірыңғай жүйе болып құрылды. Партия тапсырмасын орындай отырып, комсомол саяси ағарту, жетім балаларға қамқорлық жасау және дінге қарсы насихатпен айналысты.

1937 жылы құрамында 136 мыңнан астам ұл мен қыздары бар Қазақстан өлкелік комсомол ұйымы Қазақстан лениншіл коммунистік жастар одағы болып қайта құрылды. Комсомол өкілдері бірінші ретте ауыл-село жастарын комсомол қатарына тартуға, ФЗО ұйымдастыруға, екпінді құрылыстарға жастарды көбірек жіберуге күш салды.

Ал, Қазақстандағы В.И.Ленин атындағы пионер ұйымына келетін болсақ, бұл балалар ұйымы өз қарамағына Кеңестер Одағының барлық мектеп оқушыларын қамтитын көпшілік саяси ұйым есебінде тарих сахнасына шықты. Партияның тапсыруы бойынша балалар коммунистік ұйымын құрумен комсомол айналысты. 1922 жылдың 19 мамырында өткен комсомолдың ІІ Бүкілресейлік конференциясында елдің барлық қалалары мен селоларында пионер отрядтарын ұйымдастыру туралы қаулы қабылданды. 1922 жылдың желтоқсанында өткен комсомолдың V съезінде жекелеген пионер отрядтары бір ұйымға топтастырылып, алғашқыда «Спартак» атын иемденді. Қазақстанда мұндай отрядтар алғаш Петропавлда, Перовскіде ұйымдастырылды.

Пионер ұйымдарының жұмысы жас ұрпақты коммунизм ісіне берілгендік рухта тәрбиелеуге, Отанды сүюге, өзге ұлт-ұлыстарды құрмет тұтуға бағытталды. 1925 жылдың қаңтар айында Орынборда «Пионер» журналының алғашқы саны жарық көрді.

1926 жылы республиканың барлық мектептерінде дерлік пионер отрядтары құрылып, жұмыс істей бастады.

Күні кеше желтоқсанда жанын жалау етіп, тұғырлы тәуелсіздік туын ұстатқан да жастар екенін ұмытпаған жөн. Жастар саясатының ертеңіне мән бермеген үкіметтің келешегі күңгірт, оппозицияның күні қараң. Үкімет 2004 жылы «Жастар саясаты туралы» Заң қабылдады. Алайда бұл заң шашыраңқы және барлық мәселені қамти алмағандықтан, 2007 жылы ішінара өзгертілді, толықтырылды.

1991 жылы бұрынғы КСРО-ның ыдырауына байланысты оның құрамындағы барлық одақтас республикалар егеменді мемлекеттерге айналды. Олар бостандық алып, жастардың қоғамдық ұйымдарын жаңа демократиялық талаптарға сай ұйымдастыру қажет деп тапты.

Зерттеу барысында біз облыс көлеміндегі жастар арасындағы жұмыс жасайтын ұйымдар туралы мәлімет жинақтадық. Негізгі мақсатымыз әр ұйымның ерекшелігін ескеріп, тәжірибесімен танысып, оның әлеуметтік, тәрбиелік мәнін анықтау.

Қызылорда облысының статистика департаментінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2011 жылдың 1 шілдесінде облыста Байқоңыр қаласы жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 205057 азамат тіркелген, оның ішінде -39,7% қала жастары , ауыл жастары -60,3% құрайды екен. Кез келген мемлекетте қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға ерекше мән беріліп келеді. Сондықтан да, мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар жасалып, ол еліміздің жастарымен, студенттердің қатысуымен жүзеге асырылуда. Мәселен, «Дипломмен - ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту - 2020» секілді бағдарламалар жастарды мемлекет тарапынан қолдаудың айқын бір көрінісі. Облыс жастары өңіріміздің өсіп - өркендеуіне, қоғамның дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді.

Аймақ жастарының азаматтық белсенділігінің артқандығын жастар қоғамдық бірлестіктері санының өсуінен байқауға болады. Мәселен, тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары өңірдегі жастар ұйымдарының саны оннан аспайтын болса, қазіргі таңда олардың саны бірнеше есеге артып, 55-ті құрап, олардың 27-сі белсенді жұмыс жасауда. Бүгінде жастар қоғамдық бірлестік қызметіне 20286 адам тартылған.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының І съезінде сөйлеген сөзінде:

«Ата-бабамыз соңғы екі жарым ғасырда ірілі-кішілі 300-ге жуық көтерілісті, майдангершілікті бастан кешкен. Соның дені ұлт-азаттық шайқас еді. Найзасы Айға шағылысқан сол бостаншыл бабалардың рухы алдында біз мың мәрте тағзым етуге тиіспіз. Аталардан қалған арманды, тәуелсіздікке деген аңсарды жүзеге асыруды тағдыр біздің маңдайға жазды. Тәуелсіздік атты киелі ұғымның төрт аяғын тең басып келмегенін сендер жақсы білесіңдер. Барында баптайтын, жоғыңда таптайтын нарық экономикасының алғашқы жылдарындағы елге түскен ауыртпалықты сендердің ата-аналарың қайыспай көтерді. Сол тұлғалы азаматтарға, «Елім үшін - еліммен бірге!» деген отандастарыма алғыстан басқа айтарым жоқ. Осының бәрі сендердің болашақтарың үшін жасалған игілік. Ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады» деген. Ұлы сөз! Егемен еліміздің тұлымды ұлы, бұрымды қызы деп сендер үшін барлық жағдай жасалды. Ертеңгі күні қадірлі Қазақстаным деген қасиетті ұғым әрқайсыңның кеуделеріңде атой салып жатуы тиіс. Тәуелсіздіктің қыран қанат көк туын әлемнің әр түкпірінде жүрсеңдер де шырқау биікте ұстап өтулерің парыз. Қанмен - жазылған, арманмен - әдіптелген, күреспен - көмкерілген, болашақпен - баянын табар тәуелсіздік шежіресін сендердің қуатты қолдарыңа табыстамақпыз.

Бұл - ұлы сенім! Бұл - аталардың аманаты! Бұл - туған жердің мәртебесі, мерейі!» - деген болатын.

ХХІ ғасырды дарынды және еңбекшіл жастардың ғасыры деп еш күмәнсіз айта аламыз. Жастар ғана белсенді өмірге қадам баса отырып, өз елін, жанұясын қорғауды үлкен жауапкершілікке алады. Жаңа қоғамдағы тенденциялар, жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиесіне қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау табу жастар саясатын құруда сапалы қадамдарды талап етеді. Сондықтан жастарды қолдау - болашақты қолдау деп түсінгеніміз жөн.

Осындай облыс көлеміндегі жастар арасындағы ұйымдар жастарды заман талабында тәрбиелеуде өз үлесін қосуда.

Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен мақұлданып, Қызылорда қалалық мәслихатының сессиясында бекітілді.

Бағдарламаның негізгі міндеттеріне сәйкес, қалалық жастар саясаты негізгі 7 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бағдарламаның іс-шара жоспарына сәйкес жастар саясаты саласындағы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін 2011 жылы қалалық бюджеттен 4 млн. 582 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, жастар саясаты саласындағы 6 әлеуметтік маңызы бар жобалар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес веб портал жүйесіне орналастырылған.

Жалпы қалада белсенді 22-дан астам жастар ұйымдары жұмыс жасаса, оның 11-і мен Қазақстан студенттерінің Альянсы, «Жастар мәселелерінің орталығы», «Сыр ұландары», «Ұлағат ұландары», «Студент жастар одағы», «Болашақ жастары», «Қызылорда жігерлі жастары» жастар қоғамдық бірлестіктері, «Жас ұрпақ» жасөспірімдер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің «Қызылорда КВН» филиалы, «Жас ғалымдар Альянсы» қоғамдық бірлестіктерімен ішкі саясат бөлімі тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Аталған жастар ұйымдары үшін 2006 жылдың сәуір айынан бастап «Қала әкімдігі жанындағы жастар орталығы» жұмыс жасайды.

Қызылорда қалалық Қазақстан студенттерінің Альянсы 2005 жылы Тараз қаласында құрылған. Қазіргі кезде Республика бойынша 30 мыңға жуық белсенді студенттері бар. Қызылорда қаласында жоғары және орта арнаулы оқу орындарында филиалдары жұмыс жасайды.

М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі Қазақстан студенттерінің Альянсының құрамында 2005 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі «Қазақстан студенттерінің Альянсы» қоғамдық бірлестігінің 40-тан астам белсенді мүшелері бар. Олар қазіргі таңда көптеген жарыстарға, семинар- тренингтерге, сондай-ақ түрлі акциялар мен сайыстарға белсене араласады.
Студенттер Альянсы мүшелерінің колледждегі жұмысының жоспарлы мониторингі



Жылдар

2006-2007

2007-2008

2008-2009

2009-2010

2010-2011

Өткізілген іс-шаралар саны

9

13

21

24

26

Белсенділердің жалпы саны

18

27

33

39

44

«Жас Отан» жастар қанаты 2005 жылы қоғамдық бірлестік ретінде тіркелді. Осы жылдан бастап ол барлық Қазақстан жастарын тіркеуге алды. Республикалық желілік кесте негізінде жұмыстар жүргізіп келді.

Барлық оқу орындарында бөлімшелері ашылды. М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде 2006 жылы ашылды. Республикалық желілік кестеге сәйкес 1 жыл ішінде жұмыс жасап келді. Акциялар, дөңгелек үстелдер, пікір-таластар ұйымдастырылды.

2007 жылы қараша айында колледж ішінде «Жас Отан» жастар қанатының сайлауы өтт. Қазіргі таңда Республика бойынша 160000 астам мүшелері бар.

Облыстық және Республикалық тұрғыда өткізіліп отырған жұмыстарға колледж студенттері қатысып келеді. Қазіргі уақытта колледж бойынша 263 «Жас Отандықтар» белсенді жұмыс атқарып келеді.



Жылдар

2006-2007

2007-2008

2008-2009

2009-2010

2010-2011

Өткізілген іс шаралар саны

8

12

19

25

31

Белсенділердің жалпы саны

24

51

82

142

156

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде 2000-дай студент бар. Колледжде «Жігер» жастар ұйымы құрылған. Жастар ұйымында өзін-өзі басқаратын өз үкіметі бар. Олар колледж президенті, премьер министрі, әділет министрі, спорт министрі, ішкі істер министрлері құрылған. Олардың нақты колледждің өзін-өзі басқару саясаты жақсы жолға қойылған.

Колледж ішінде «Жас Отан «Студенттер Альянсы» филиалдары құрылып жұмыс жасап жатыр. Олардың атқаратын қызметі президент жолдауларымен насихаттау барысында дөңгелек стол мен тренингтер ұйымдастырып отыр.

Батыс мәдениетімен, біліммен бәсекеге түсе алатындай ХХІ ғасырда рухы биік мәденитеімізді қалыптастыруды қолға алу маңызды. Ондай ұлттың да, мемлекеттің де болашағы жарқын. Бүгінде медицина колледжі тәрбие мәселесіне, оның ішінде ұлттық тәрбие проблемасына бірінші кезекте ден қойылған. Өйткені, ұлттық тәрбие бастауларынан нәр алған мәдениетті, парасатты жастар оқу-білімді өзінің өмірлік мұратына айналдырып, жан-жақты ізденетіні, ғылыммен шұғылданатыны сөзсіз. Білім мен ғылым шындығында, аса зор өндіргіш күш, үлкен байлық. Сондықтан да әлемдік жаңа идеология білім күшіне сүйенеді. Сондай-ақ қазіргі замандағы білім беру жүйесінің міндеті қазіргі жастарымыздың білім алып қана қоймай, тәрбиелі, әдепті, ұлтжанды, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету.

Қызылорда медицина колледжінің жастар сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру бағытында тәрбиелеу жұмыстары жемісті өтуде және өз тәжірибелерін жыл сайын арттыруда.

Сонымен,жастар ұйымдарынының теорисы мен тарихын зерттеп-зерделеу нәтижесі төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Жастар жаңа ғасырдағы жаңа қоғамның қозғаушы күші. Білімді жас, білікті маман болашақтың кепілі екені даусыз. Қазақстандағы жастар саясатының негізгі мақсаты жастарға қоғамдық және мемлекеттік қолдау көрсету арқылы әлеуметтік жағдай жасау, жастарды әлеуметтік қорғау, оның шығармашылық белсенділігін, қабілетін, бейімділігін, сонымен қатар өзін-өзі дамытуын қалыптастыру болмақ. Сондықтан да әлеуметтену процесі барысындағы жастардың жиі кездесетін қиындықтарын болдырмас үшін жастар саясатын жүйелі өткізу қажет.

Зерттеу жұмысымызда облысымыздағы жастар ұйымдарының жұмыстарының жүзеге асырылуы зерттеліп, талданып, сараланып, жастар тәрбиесінің маңыздылығы көрсетілді. Заман талабына сай жастар ұйымдарының жұмысын жандандыру, олардың белсенділігін арттыру, жастарды ұйымдар арқылы өз елінің патриоты болуға, ел байлығын игеруге,ұлттық құндылықтарымызды жастар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыру, елімізді жастар арқылы әлемге таныту, өнер, білім, спорт арқылы ұлт мақтанышына айналдыруда жастар ұйымдарының ықпалы зор екендігін көрсету. Жұмыстың теориялық негізі Ж.Б.Қоянбаев, Н.И.Болдырев, Ж.Мусин, Қ.Б.Қалиев, Қ.Б.Жарықбаев, Т.Ә.Қоңыратбаева, Ш.К.Беркімбаева, Қ.Бөлеев, Қ.Қ.Құнантаева, Н.Б.Абаева, Б.Ы.Мұқанова, Л.В.Алиева, Т.Н.Искандирова, С.С.Байсарина, И.И.Фришман сынды ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып нақтыланып қарастырылды.

Жұмыстың мақсаты - жастар ұйымдарының тәрбиелік мәнін тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдап, колледж оқушыларына ұлттық-демократиялық тәрбие беру. Ол үшін еліміздегі жастар ұйымдары патриоттық рухты көтеру мақсатында құрылып, жастар проблематикасының стратегиялық маңыздылығын ескеріп отыратын, жастар саясатын үйлестіре білетін, жастар ортасындағы ахуалды талдайтын және елбасшылығына нақты ұстанымдар әзірлейтін негізгі ұйымдардың бірі болуы керек. Жұмыстың нақты міндеттерінің қатарына жастар ұйымдарының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздеріне ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерделеу және жастар ұйымдарын тарихи танымдық, саяси арналарын ашу, олардың ұрпақ тәрбиелеудегі мәніне сараптамалар жасалды. Облысымыздағы іргелі бірнеше орта оқу орындарындағы жастар ұйымдарының нәтижелеріне сүйеніп дәлелденді. Жұмыс нәтижелеріне сүйенсек, түрлі жастар ұйымдарының қазіргі жағдайы, перспективасы, қоғамдық бірлестіктердің жастарға тәлім-тәрбие берудегі атқарған жұмыстары, олардың тәрбиелік мәні, жастардың қоғамдағы алатын орны осы ұйымдар арқылы бағаланады.

Қорыта айтқанда зерттеу жұмысының нәтижесі бізге төмендегідей тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.



  1. Облысымыздың жастар ұйымдарының тәжірибелерін зерттеп көрсеттік. Бұл жағынан әлде де Қазақстан көлеміндегі жастар ұйымдарының көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізгені дұрыс дер едік.

  2. Жастар ұйымдарының тәжірибелері жастарды

- өз Отанына пайдалы және сәтті жұмыстарды атқаруға біріктіреді, жасөспірім балалардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады;

- елін сүюге және өз елінің нағыз азаматы болуға дайындайды;

- жастарға Қазақстанның бүгінгі жастарының қоғамда алатын орнын түсіндіре отырып, саяси белсенділіктерін арттырады;

- жастар ұйымдарында қалыптасқан жұмыс жүйесін дамытады, жаңа істерге жұмылдыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелейді;

- жастар ұйымдарының қоғамдағы белсенділігін арттырып, өзге қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер мен байланыстарды нығайтып, тәлімгерлердің жұмыстарын жаңғыртады.

Біз өз зерттеуімізде жастар ұйымдарының тәжірибелерін және ұйымдастыру жұмыстарының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, зерделеп шешімін толық таптық деп айта алмаймыз. Біздің ойымызша Қазақстан көлеміндегі жастар ұйымдарының жұмысы заман талабына сай әлі де болса өзгеріп, жаңарып, толықтырылып отыруы керек деп есептейміз.

Резюме
Муханова Марина Жумабаевна
Роль молодежных организаций в воспитании учащихся колледжей
6М010300 – Педагогика и психология
Актуальность исследования. Молодежь – наше будущее. Президент нашей страны Н.А.Назарбаев всегда уделяет большое внимание политике

молодежи. В каждом Обращении Президента к народу показываются пути воспитания образованного, культурного, здорового конкурентоспособного будущего молодого поколения. В 2004 году по указу Президента был принят закон о «Государственной молодежной политике».

Молодежь в Казахстане формируется именно в то время, когда в стране проводятся политико-экономические реформы.

Те исторические события, которые происходят в нашей стране, позволяют молодежи самостоятельно принимать решения, желая независимости Казахстана, они могут внести вклад в его процветание и совершенствование. Нужны такие организации, которые будут исследовать и показывать актуальные проблемы молодежи, анализировать и воспитывать в них любовь к Родине, милосердие, казахстанский патриотизм. Во время рыночной экономики каждый человек должен сам создавать себе условия и строить будущее. Но без поддержки государства невозможно решить проблему молодежи.

Мы должны воспитать молодежь, которая будет любить и защищать свою Родину, уважать и ценить традиции и обычаи, знать истоки и историю, литературу и культуру, знать свой родной язык и гордиться им. Наши молодые люди должны быть конкурентоспособными с гражданами других стран, глубоко образованными, культурными, здоровыми, умеющими пользоваться современными инновационными технологиями.

Цель исследования. Выбрать из историко-педагогических источников суть воспитания молодежных организаций, дать национально-демократическое воспитание учащимся колледжей.

Объект исследования. Направление молодежных организаций.

Предмет исследования. Опыт молодежных организаций.

Научная гипотеза исследования. Изучив историко-педагогические источники, воспитание молодежных организаций будет успешным и уровень их образования повысится, если коллектив колледжа будет работать, взяв за основу их опыт. Молодежные организации вносят вклад в воспитание молодого поколения, любви к Родине, духовности и человечности, учат патриотизму.

Задачи исследования:

1. Исторические и теоретические основы становления молодежных организаций, проанализированных из научно-педагогических источников.

2. Совершенствовать исторические и политические взгляды, а также суть воспитания молодого поколения.

3. Для воспитания учащихся колледжа, использования опыта молодежных организаций, внести предложения.



Новизна и теоретическая значимость исследования:

- суть воспитания молодежных организаций выбраны из историко-педагогических источников.

- суть воспитания молодежных организаций и учащихся колледжей была доказана.



Практическая значимость исследования.

- результаты исследования можно использовать в специальных учебных заведениях, средне-образовательных школах, профессиональных школах.

- материалы исследования можно использовать в высших и средних учебных заведениях при прохождении курса педагогики и истории, а также можно использовать в лекциях на курсах усовершенствования учителей.

SUMMARY

Mukhanova Marina Zhumabayevna



The youth organizations role in bringing up students of colleges

is submitted for the academic master’s degree on education



of 6М010300 – Pedagogic and psychology speciality
Actuality of the theme. Youth is our future. The president of our country N.A.Nazarbayev always pays much attention to policy youth. In each Address of the President to the people ways of education of the educated, cultural, healthy competitive future young generation are shown. In 2004 under the decree of the President the law on "A state policy of youth" was adopted. The youth in Kazakhstan is formed when in our country political-economical reforms are carried out. Those historical events which occur in our country, allow youth to make independently decisions, wishing independence of Kazakhstan, they can make a contribution to its prosperity and improvement. Societies which will investigate and show actual problems of society are necessary, to analyze, and to bring up in them love for the country, mercy, the Kazakhstan patriotism. Certainly, during market economy each person should create itself to itself conditions and build the future. But nevertheless, without intervention of the state it is impossible to solve a youth problem. We should bring up youth who will love and protect the Homeland, to respect and appreciate traditions and customs, to know sources and history, literature and culture, to know the Native language and to be proud of it, Our young people must be competitive with citizens of other countries, deeply educated, cultural, healthy, who can use modern innovative technologies.

Aim of the research: To choose from historical and pedagogical sources an essence of education of the youth organizations, to give national and democratic education to pupils of colleges.

The object of research: Direction of the youth organizations.

The subject of research: Experience of the youth organizations.

Scientific hypothesis of the research. An essence of the education of the youth organizations chosen from historical and pedagogical sources will be successfully carried out, if the staff of college will work by having taken under the management their experience, then the level of their erudition will raise. Because the youth organizations make a contribution to education of young generation, to love the country, spirituality and humanity, to teach patriotism.

Objectives of the research:
1. Development young the organizations to choose historical and theoretical bases from scientific and pedagogical sources.

2. To improve historical and political views, and also an essence of education of young generation.

3. For education of pupils of college, for use of the chosen experience of the youth organizations to make the program and offers.
Novelty and theoretical significance of the study:

  • an essence of education of the youth organizations are chosen from historical and pedagogical sources.

  • the essence of education of the youth organizations and pupils of colleges was proved.

The practical importance of research:

  • results of research can be used in special educational institutions, comprehensive schools, vocational schools.

  • materials of research can be used in the highest and average educational institutions when passing a course of pedagogic and history, and also it is possible to use in lectures on advanced training courses of teachers.












с. 1

скачать файл

Смотрите также: