Жоспар Кіріспе і-тарау. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын


с. 1



Жоспар
Кіріспе
І-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері
1.1 Туристік қызметті лицензиялау ережесі

1.2 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау…

1.3 Туристтік қызметтің экономикалық көрсеткіштері

және тиімділігі


II-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
2.1 Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және дамуболашағы

2.3 Туризмды дамытудың негізгі бағыттары


ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиеттер тізімі


Кіріспе
"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиьангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мүның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік (индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынменкірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.

Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.

ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.

Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. . Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту — ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының қүйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Туризм жеке және үжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттерінің арқасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.

Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде бел-гіледі.

Осы тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері қалыптастыруды көздейді.

І-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын

дамыту міндеттері


    1. Туристік қызметті лицензиялау ережесі

Осы ереже «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (бұдан әрі -«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заң), «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі - «Лицензиялау туралы» Заң), өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және уәкілетті органның-лицензиардың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді.

-Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы ережемен белгіленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке жаңа заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы беріледі.

-Шетелдік заңды тұлғалар және олардың Қазақстан Республикасы аумағында құрылған әрі турагенттік қызметті жүзеге асырушы филиалдары мен өкілдіктері Қазақстан Республикасының туристік ұйымдарына арналған сондай шарттарымен және тәртіппен лицензиялануы тиіс.

-Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылады.

-Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді.

6. Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.

2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары

7.Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:

-туроператорлық;

-турагенттік;

-экскурсиялық;

-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.

8.3аңды тұлға- өтінушінің филиалдары мен өкілдіктері құрамында лицензияланады.Филиал немесе өкілдік туралы ереже мен тіркеу құжаттары лицензиарға көрсетілуі тиіс.

9. Заңды тұлға-өтінуші филиал немесе өкілдік ашқан жағдайда, 30 күн ішінде лицензиарды хабардар етеді.

1О.Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі.

11.Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым ( бұдан әрі-лицензиялық алым) төлейді.

12.Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.

1З.Лицензия «Лицензия туралы» Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.

14.Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады.

15.Туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығына лицензия өтінушіге осы ережені 3-бөлімінде көрсетілген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда беріледі.

16.Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

-белгіленген нысан бойынша өтініш;

-лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

-жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

-кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

-меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

-білімі және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

-туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

-туристік жолдаманың және туристік жарнамасының көшірмесі;

-экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар, экскурсия жүргізушілер тізімі;

-жарнамалық-ақпараттық материалдар ;

-туристік бағыттардың тізілімі;

-туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;

-«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17-ші бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

-туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.

17. Турагенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

белгіленген нысан бойынша өтініш;

лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдык-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

білімі және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтык жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

туристік жолдаманың және туристік жарнамасының көшірмесі;

экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар, экскурсия жүргізушілер тізімі;

жарнамалық-ақпараттық материалдар ;

«Қазақстан Республикасындағы туралы» Заңның 17-ші бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

туристерге арналған кёлетін және баратын елі туралы ақпарат.

18. Экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға лицензиялау үшін мынадай құжаттар қажет:

белгіленген нысан бойынша өтініш;

лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адамдар оқу орнын бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы және медициналық анықтамасы бар жолбасшылар экскурсия жүргізушілер тізімі;

жарнамалық-ақпараттық материалдар ;

туристік бағыттардың тізілімі;

туристерге қызмет көрсету бағдарламасы.

19.Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

белгіленген нысан бойынша өтініш;

лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;тиісті кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристік бағыттармен жүріп өту тәжірибесін растайтын құжаттар;

әзірленген туристік бағыттардың карта - сызбалары және сипаттамалары;

денсаулығының психикалық жай-күйі туралы және медициналық анықтама.

20.Өтінуші ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен бірге белгіленген жауаптылықта болады.

21.Өтінушінің өткізген құжаттарында қамтылған мәліметтерді тексеру қажет болған ретте, лицензия беру туралы шешім тексеруден соң қабылданады.Тексерудің нәтижелері бойынша туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді," сондай-ақ туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы қортынды шығарылады.

З.Біліктілік талаптары

22.Туроператорлық қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту;

кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орыыдарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

білімі және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

туристік жолдаманың және туристік жарнамасының көшірмесі;

экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық аньтқтамасы бар жолбасшылар, экскурсия жүргізушілер тізімі;

жарнамалық-ақпараттық материалдар;

туристік бағыттардың тізілімі;

туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17-ші бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.

23.Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту;кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

білімі және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17-ші бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарты;

тасымалдаушымен шарттар;

туристік жолдама, турист жарнамасы;

туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;

жарнамалық ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бөктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).

24.Экскурсиялық қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адамдар оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы және медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;

әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;

туристерге қызмет көрсету үшін меншікті немесе жалға алынған көлік.

25.Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристік бағыттармен жүріп өту тәжірибесі;

әзірленген туристік бағыттар;

денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама.



4.Лицензия беруден бас тарту, лицензияны тоқтату, қайтарып aлy және оның колданылуын тоқта тұру

26.Лицензия беруден мьша жағдайларда бас тартылады, егер:туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық кесімдер мен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;

лицензия алу үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себебтерді өтінуші жойған ретте, өтініш оны алу үшін көзделген жалпы негіздерде қаралады;

лицензиялық алым енгізілмесе;

өтінуші біліктілік талаптарына сай келмесе;

өтінушіге қатысты оның осы қызмет түрімен тиым салынған сот шешімі бар болса.

27.Турагенттік, туроператорлық, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға лицензия берген бас тартылған жағдайда, өтінушіге бас тарту себебтері көрсетілген жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

28.Егер заңнамамен белгіленген мерзімде лицензия берілмеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартуды өтінуші негізсіз деп тапса, ол бір ай мерзімде лицензиардың іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

29.Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе өтінушінің құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

3О.Лизцензияны басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады.

31 .Лицензия өз күшін мына жағдайларда тоқтатады:

лицензияның қайтарып алынуы;

азаматтың кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.

32.Лицензияны қайтарып алу және оның күшін тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген тәртіпте және негіздерде жүзеге асырылады.

ЗЗ.Лицензияның күшін тоқтату туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

34.Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себебтері жойылғаннан кейін лицензияның күші қалпына келеді.



5. Есепке алу және бацылау

35.Лицензиар берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізеді.

36.Осы ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.

Лицензиар осы Ереженің сақталуын тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізеді.

1.2 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау
2001 жыл ішінде саяхат қызметін жүзеге асыратын 690 кәсіпорын (оның ішінде туристік фирмалар саны 531) есеп берді. Олар жыл бойы 146,9мың туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсеткен (1999 жылы сәйкесінше 425 кәсіпорын есеп берді және олар 228,3 мың адамға қызмет көрсетті)

Саяхатшылар жалпы саны 1999 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1.6 есеге қысқарды, соның ішінде жекелеген турист категориялары бойынша қысқару мөлшері әртүрлі болды: бізге келген туристердің саны 2,1 есеге шетке шыққан туристер саны 1,6 есеге, ел ішінде демалғандар саны 1,3 есеге қысқарды. Төменде туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген туристердің саны туралы диаграмма келтірілген.

1 -123047 Ұлттықтуризм 2000жыл. 2- 178166 Ұлтық туризм 1999 жыл.

3- 91228 Халықаралық туризм 2000 жыл.

4- 156232 Халықаралық туризм 1999 жыл.

5- 55687 Ішкі туризм 2000 жыл. 6-72088 Ішкі туризм 1999 жыл.

Жұмыс істеп тұрған туристік фирмалардың ең көбі Алматы қаласында (356), Қарағанды облысында (56), Астана қаласында (48) және Шығыс Қазақстан облысында (42) орналасқан. Бұл облыстардың кәсіпорындары барлық туристер мен экскурсанттардың 86 пайызына қызмет көрсетті.

2000-шы жылы туристердің көп бөлігіне жұмыс істейтіндер саны 50 адамнан төмен фирмалар қызмет көрсетті. Олардың жалпы кәсіпорындар санындағы үлесі 92,6 пайызды құрады, бұл 1999 жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда 4,1 пайызға аз.

Ірі кәсіпорындар санының үлесі артқанымен де, олардың қызмет көрсеткен туристер саны азайып келеді.

Ірі фирмалардың есептік жылдағы негізгі атқарған қызметі- алыс және таяу шетелдерге шығу визасын дайындау болды.

Қазақстан Республикасының туристік фирмалар мен агенттіктер қызметінен түскен табысы 2000 жылы 1340,3 млн.теңгені және 277000 АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда сәйкесінше 1,4 және 2,9 есеге аз.

Халықаралық туризм адамдардың елдер арасындағы қозғалысын білдіреді. Оның дамуын талдау кезінде оның транспорт индустриясымен өзара байланысын анықтаудың маңызы зор.

Бей резидент туристердің көпшілігі сапарға шығу кезінде әуе транспортын пайдаланады, оның үлесі 85,4 пайыз, темір жол транспорты мен туристердің 7,2 пайызы, халықаралық автобустарымен- 3,3 пайыз және тағы басқалары құрлық транспорт құралдарымен-4,1-і сапар шеккен.

Резидент- туристер де көбінесе әуе транспортын таңдайды. Халықаралық автобустарды олардың 21,9 пайызы, темір жол транспортын -6,8 пайызы, басқа да құрлық транспорт құралдарын- 1,1 пайызы қолданған.

Жыл ішінде бейрезидент-туристердің негізгі бөлігі республикаға Германиядан -11194 адам (46,9 пайыз), Ресейден -1628 адам (6,8 пайыз),АҚШ-тан -1730 адам (7,2 пайыз), Ұлыбританиядан-1659 адам (70 пайыз) және Қытайдан -309 адам (1,3 пайыз) келді.

Келген туристердің республикада саяхатта болуының орташа ұзақтығы 16 күнді құрады( ТМД-дан келгендер үшін-3-4 күн, ал ТМД-дан тыс елдерден келгендер үшін - 17 күнге дейін). Бұл негізінен іскерлік мақсатпен-89,9 пайыз , дем алу үшін -4,8 пайыз, таныстарымен туыстарын көру үшін-1,4 пайыз және тағы басқа мақсаттармен-3,9 келген адамдар.

Республикаға келген туристердің (23868 адам) ТМД-дан тыс елдерден келгендер саны 86,3 пайызды, бұл 1999 жылдың (88,4 пайыз) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға төмен. Есептік жыл ішінде 67360 адам туристік жолдама алды. Олардың 8027-сі ТМД елдеріне сапар шекті, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2 есе артық шама.

Қазақстандық туристердің ТМД елдерінде сапарда болу ұзақтығы орта есеппен 4-5 күнді құрайды. Біздің жерлестеріміз көбінесе Қырғызстанға-4950 адам (61,7пайыз), Ресейге-3039 адам (37,9 пайыз) жол жүрген. 2000-шы жылы ТМД-дан басқа елдерге шыққан Қазақстандық туристердің жалпы саны 59333 адамды құрады, олардың саны өткен жылға қарағанда (102174 адам) 1,7 есе азайды.

2000 жылы ТМД-дан тыс елдерде болу ұзақтығы 5-6 күнге созылды. Туристердің неғұрлым көп бөлігі Туркияға - 20462 адам (30,4 пайыз), Қытайға-12913 адам (19,2 пайыз), Германияға - 13110 адам (19,5 пайыз) және Біріккен Араб Эмираттарына - 4595 адам (6,8 пайыз) жол жүрген. Қалған елдердің алатын үлесі елеусіз. Есеп берген 159 мейманхананың 1/3 бөлігінен астамы облыс орталықтарында орналасқан. Олардың ең көп бөлігі Алматы және Астана қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған.

Есеп берген мейманханалардың көпшілігі -138(87 пайыз) жекеменшік формасында. Мемлекеттік меншікте мейманханалардың 14-і (9 пайыз).

Қонақүйлердің 2\3 бөлігі кәсіпорындар болып табылады, жұмысшылардың саны 0-50 ге дейін, олардың үштен бір бөлігінде 50-ден 250 ге дейін жұмысшылар қызмет етеді, тек 5пайызында ғана 250 ден жоғары жұмысшылар бар.

2000-шы жылы қонақүйлерге бір уақытта орналасу орны 16389, ал барлық номерлер саны 9124 болды. Бір номерге орташа сыйымдылығы екі адам.

2000-шы жылы туристерге қызмет көрсету бойынша қонақ- үйлер мен басқа кәсіпорындардағы қосымша қызмет пен эксплуатациядан түскен табыстар төменгі кестеде келтірілген.

Кесте 3





Эксплуатациядан түскен табыс млн.теңге

Қосымша қызметтерден түскен табыс млн.теңге

Барлығы млн.теңге

Бейрези-

денттерден түскен табыс



Барлығы млн.теңге

Бейр- езидент-тер ден түскен табыс

Барлығы :

6976,5

3991,1

1474,4

885,1

Мейманхана-лары бар қонақүй

6532

3950,3

1377,6

884,3

Мейманханасы жоқ қонақүйлер

378,1

33,9

96

0,8

Студенттік жатақхана және таулардағы турбазалар

19,8

0

0

0

Кемпингтер

6,9

6,9

0,6

0

Басқа да тұратын орындар

39,7

0

0,2

0

Республика бойынша қонақүйлік кешендегі эксплуатациядан түскен табыс 6976,5 млн. теңге. негізінен мына облыстардағы кешендерден табыс алынған: Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан. Ең көп кері сальдо мына облыстарда қалыптасты: Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда.

1.3 Туристтік қызметтің экономикалық көрсеткіштері

және тиімділігі
Туризмнің қалыптасуы мен дамуында оны сала ретінде анықтаушы нақты экономикалық көрсеткіштері болады. Ол сапасы жағымен бірге туристік қызмет көрсетудің сандық көлемін көрсетеді. Туризмнің дамуының көрсеткіштері әр аймақ (мемлекет) үшін төмендегідей:


1.

Туристік ағымның көлемі.

2.

Тэуліктік туристік төлемнің орташа көлемі

3.

Материалдық-техникалық базаның даму жағдайы.

4.

Туристік фирмалар қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштері

5.

Халықаралық туризм дамуының көрсеткіштері.

Туризмнің материалдық-техникалық базасының жағдайы және дамуын сипаттайтын көрсеткіштер елдердегі туризмнің күшін анықтайды.

Оларға жататындар:

мейманхана қорындағы төсек орны және басқада орналастыру құралдары;

тамақтану кәсіпорындарындағы орын саны;

ойын-сауық орындарының саны т.б. Төсек орын қорының күші төмендегідей анықталады.


KT = CTx365 + Ccxt
Кт - төсек-орын қорының күші; Ст - қолданылатын төсек-орынның жылдық саны; t-сезондық қолданылатын күндер.

Алматы мен Алматы облысы аймағында 2000 жылы туристік 142 объект 38,2 мың орын орналастыруға мүмкіндігі болды. Мамандардың есебі бойынша, жылдық қолданудағы төсек саны 15,1 мың, сезондық қолданудағы төсек саны 36,9 мың, ал "жоғарғы сезондық" күндер саны 60. Осыған қарап Алматы мен Алматы облысы аймағында төсек-орын қоры 332904 мыңға тең деп айтуға болады. Ал, 2001 жылы туристік орналасу объектісі 159 объектіге көбейген, яғни 42,8 мың орын болған. 2001 жылы туристік орналасу объектісі 159 объектіге көбейген, яғни 42,8 мың орын болған. 2001 жылы Алматы мен Алматы облысында төсек-орын саны 403146 мың орынға артқан. Туристік ағымға келетін болсақ бұл елге келетін туристердің тұрақты келуі деп түсінеміз. Туристік ағымның көлемі келесі көрсеткіштермен сипатталады: туристердің жалпы саны;

туристік күндердің саны;

елде болатын туристердің күнінің орташа мерзімі.

Туристік күндерді есептеу үшін келушілер санын, елге келетін әр туристің орташа мерзіміне (күніне) көбейту қажет. Туристік күндер туралы ақпарат қоғамдық инфрақұрылым жоспарлауда және материалдық-техникалық базаны дамытуда мамандар үшін қажет дерек болып табылады.
KT = CT x Кор
Кт - туристік күндер; Ст - туристердің саны; Кор - күндердің орташа саны.

Қазақстан Республикасының статистикасы бойынша туристердің болу мерзімінің орташа мерзімі 2000 ж. 16 күн, сондай-ақ 2001 жылыда 16 күн болған, ал туристердің келу саны 2000 жылы 228,3 мың, 2001 жылы 146,9 мың адам. Осыған байланысты туристердің күні

2000 ж.= 228,3 х 16-3652,8

2001 ж. = 146,9 х 16= 2350,4

Бұл есептеуден көрінгендей 2001 жылы туристердің күні төмен, ал туристердің орташа болу мерзімінің төмендеуіне байланысты. Тағы дасебептерінің бірі фирмалардың ішкі туризммен айналысуының көбеюінен деп санаймыз. Оған төмендегі көрсеткіш дәлел: 2000 ж. 31,6% болса 2001 жылы 37,9% ке өскен.

Осы есептеулерге байланысты әр туристің бір тәулікте қанша қаржы шығаратыны белгілі болады. 2000 жылы туризмнен түскен табыс 1876,42 млн тенге, ал 2001 жылы 1340,3 млн тенге, (2001 жылы төмендеу себебі туристік күндер азайған). Егерде осы көрсеткіштерді шет елдік туристер санына бөлсек 2000 жылы - 228,3, 2001 жылы 146,8 ал шыққан санды туристердің орташа болған күніне көбейтсек (орташа күн 10,5) онда

К2000 = 1876,42/228,3 х 10,5 = 86,3 мың теңге

K2001 = 1340,3/146,9 х-10,5 = 65,8 мың теңге

Ал туристтердің қаржы шығару соммасын төмендегідей шығаруға болады.
Кжалпы сомасы= Кт х Кор (тәулікте)
Онда 2000 ж. Қж. сом = 863 х 3652,8 = 315236,64 мың теңге 2001 ж. Қ Қж. сом = 95,8 х 2350,4 = 225168,32 мың теңге
Шығаратын қортынды туристердің бір тәулікте шығаратын қаржысының орташа көлемі өссе, туристердің жылдық шығаратын қаржының көлемі азаяды.

Төмендегі кестеде Қазақстан Республикасының туристік қызметінің экономикалық көрсеткішін көруге болады.

Кесте 1





Көрсеткіштер аты

Өлшем бірлігі

2000 ж.

2001 ж.

Ауытқу

(+-)

%

1.

Төсек-орын қорының қуаты

мың

332304

403146

70242

1,2

2.

Туристік күндер саны

Тур/күн

3652,8

2350,4

-1302,4

0,4

3.

Туристердің шығаратын қаржысының көлемі

мың теңге

315236,64

225168,32

90068,32

0,7

Соңғы 10 жылдықта әлемдегі туризм саласы көп өзгерістерге ұшырады.

Мысалы: 1950 жылы әлемде 25,3 млн туристер болса, 2001 жылы 700 млн -ға артты. Қазіргі кезде туризм бүкіл әлемде кеңірек тарауда. Бірақта олардың өсу деңгейі әо аймақта әр түрлі оны 2-ші кестеден көруге болады.

Кесте 2

Әлемдік туризмнің даму деңгейі
1999-2001жж.


региондар

Туристердің келуі млн. адам

%-тік

өзгерісі


Туризм түсімі АҚШ млрд. долл.

%-тік өзгерісі

1999

2000

2001

99/0 0

00/01

1999

2000

2001

99/00

00/01

Африка

21,5

23,2

24,9

7,4

7,5

8,3

9,0

9,6

4,5

5,9

Америка

115,4

118,5

120,2

5,4

1,4

112,7

118,8

121,2

5,8

2,1

Шығыс Азия және тынық мұхит регионы

87,5

88,0

86,9

1,0

-1,2

81,3

76,6

73,7

1,1

-3,8

Европа

350,2

361,5

'372,5

3,6

3,0

216,5

218,2

226,1

5,8

3,6

Таяу Шығыс

14,1

14,8

15,6

6,1

5,3

7,7

9,1

9,7

10,5

6,4

Оңтүстік Азия

4,3

4,8

5,1

5,1

5,0

3,9

4,3

4,4

6,5

2,8

Барлық әлем

594,1

610,7

652,2

3,8

2,4

435,1

435,9

444,7

1,0

2,0

Туризм, болып жатқан дағдарыстарға қарамастан тұрақты дамуда. Әлемдік туризмде 2 бағыт көрініс тапқан. Біріншісі сыртқы экономикалық және саяси факторларға әсері, екіншісі соған қарамастан қиындық жағдайында өз көлемін тез арада қалпына келтіру.

2001 жылғы көрсеткіштерге қарасақ АҚШ-тағы және Таяу Шығыстағы күшті экономикалық дағдарысқа байланысты туризм 1,2 % төмендеген, табыс 4% ке қысқарды. Туризмнің Африкада дамуы 7,5% өсті, оның себебі Оңтүстік Африканың табиғатына қызығушылықтың артуынан болды. Европадағы туризм индустриясы жалпы аймақтағы экономикалық өсу бағытына байланысты. Туристік көрсеткіштерге ықпал еткен жағдай әлемдік көрмелердің, әр түрлі спортты глористардың әсерінен болды. Қорыта айтқанда әлемдік туризмнің қазіргі жағдайына талдау жасап төмендегідей қорытындыға келуге болады.

- саяси және экономикалық дағдарыстарға қарамастан, туристтік секторда туризм қызметінің екендігі көрінеді;

- Аймақтар арасында бәсекелесудің күшейгені байқалады.;

- Жекелеген туристік компаниялардың капиталдарының шет елдік нарықка шығу белсенділігі көрінеді;

- Туризм өндірісіне қызмет көрсетудің бірігуі жүріп жатыр.

Осы жағдайларға байланысты жаңа мыңжылдықтың алғашқы 10 жылдығы туризмнің дамуының негізгі белгілері айқындалады.

- Халықаралық туризм қызметінің көрсеткіштерінің өсуі.

- Әлемдегі экономикалық және саяси жағдайлардың туризмге тигізетін әсері.

- Туризмнің анықтаушы факторлары әлеуметтік-демографиялық өзгерістер, электрондық хабар, коммуникациялық жүйе болады.

- Аймақтардағы туризм қызметінің дамуы Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне ауысады деген болжам бар.

Сонымен көптеген елдердегі туризмнің дамуына талдау жасай келе, түсінгеніміз ішкі туризмнің дамуына көңіл бөлу қажет.

Тиімділік - түсінігі қандайда бір болмасын нақты тиімділік, яғни нәтижеге жету .

Экономикалық тиімділік - ол шаруашылық процессі белгілі бір мөлшерде ақшалай, материалды, хабарлау ресурстары, жұмысшы күші шығындарынан нақты табыс табу нәтижесі.

Ал, туризмнің экономикалық тиімділігі ұтыс табу. Ол:

- мемлекеттік масштабта туризмді ұйымдастыру;

- аймақтың халқына туристік қызмет көрсету;

- туристік фирмалардың өндірістік-қызмет көрсету процессі.

Туризмнің экономикалық тиімділігі қоғамдық еңбекті жалпы тиімділігі және нақты көрсеткіштерімен, критерияларымен белгіленеді.

Критериялар алға қойған мақсатқа жету, оның дұрыс шешім екенін түсіну. Критериялардың қажеттілігі өндірістік қызмет көрсету процессінің тиімділігі есептеуде қандай позициядан қарастыру қажет екенін көрсетеді.

Қоғамдық өндіріс бүкіл қоғамның мүддесін қорғайтын болғандықтан, жалпы қоғамның көздеген мақсаты орындалғандығымен бағалануы тиіс.

Туризмдегі тиімділік проблемасын қарастырғанда жүйелі түрде қарау керек. Туризмді ұйымдастыру құрылымы негізінен үш буыннан тұрады:

- әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылымның салаарылық кешенді жүйесі;

- аймақ көлемінде жеке шаруашылық салалары;

- туристік шаруашылық субъектісі (туристік фирмалар).

Сондықтан да, туризмнің тиімділігін үш аспекте қарастырамыз: қоғамдық деңгейде (халық шаруашылығы саласында, жеке туристік фирмада). Барлық критериялардың комплексті тиімділігін жинақтау үшін, қоғамдық деңгейде қойған мақсаттар жүйесі және жеке мақсаттарды көрсету қажет . Бұл үшін «критериялар мен мақсаттар ағашы» әдісін қарастырамыз. Әдістің бұл көрсеткішінде әр мақсатқа нақты критериялардың сай келуі мақсатқа қол жеткізудің дұрыстығын көрсетеді.

Елдің экономикасына туризмнің жағымды ықпалы, туризм елде жан-жақты дамыған кезде болады.

Туризмнің экономикалық тиімділігі туризм елде халық шаруашылық кешенінің салалары мен қатар дамығанда ғана көрінеді. Туризм елдің ұлттық табысын құруда қатысады .

Туризмде ұлттық табыстың үлесі Германияда 4,6%, Швейцарияда 10%. Туризмнің елдің экономикасына тікелей ықпалы-ол туристердің туризмнің қызметі мен тауарларына шығарған қаржысы.

Туристердің келген жерінде шығарған ақшасы табыс алып келеді, әрі қарай тізбектеліп кете береді: шығын-табыс-шығын. Осы процес туризмнің, елдің экономикасына жанама ықпалы болып саналады. Туризм қызмет көрсету мен тауарға екінші сұраныс тудырады. Елдің экономикасына туризмнің жанама салуы туристердің нақты бір уақытта және орында қызмет пен тауарға шығарған шығынның қайталану әсері көрінеді. Бұл әсер «мультипликация әсері» немесе «мультипликатор» деп аталады.

Мультипликатор - таза ұлттық өнімнің тепе-теңдігінің ауытқуының арақатынасы, шынайы таза ұлттық табыстың осы өзгерісін туындатқан инвестицияға қажетті шығындардың бастапқы өзгерісі:

М=Δ4ҰӨ/ΔТҰӨ ,

М - мультипликатор;

ΔТҰӨ - таза ұлттық өнім;

ΔИ - инвестициядағы бастапқы өзгеріс.

Осыдан шығады: ΔТҰӨ =М* ΔИ

Туризмнің мультипликаторлық табысының қызметін төмендегідей мысал арқылы түсіндіруге болады.

Табыс - ол фирмалармен кәсіпорындардың туристік қызмет пен тауарларды сатудан түскен түсім. Аймақтың табысы - ол осы түсімнен алған салық. Туристік фирмалар жергілікті қызмет пен тауарларды сатып ала бастағанда, туристердің ақшасы аймақтың экономикасына толық жұмыс істей бастайды. Осы тауар мен қызмет көрсетудің сатушылары туристерден ақша алып, оны жұмыскерлеріне жалақы ретінде төлейді, олар оны тағы да тауар мен қызмет көрсетуге жұмсайды. Осылай қайталана береді.

Туристерден түскен ақшаның жартысы салыққа, жинақтау қорын құруға, импорттық тауарлар сатып алуға, яғни басқа аймақтарда шығарған тауарларға кетеді. Швейцарияның ғалымдарының бағалауы бойынша туризмнің қызмет көрсету өндірісінен түскен табыстың мультипликаторы елдер мен аймаққа байланысты өзгеріп отырады. Ол 1,2-ден 4,0-ке жетеді. Мысалы, аймақтағы мультипликатор 2,5-ке тең. Туристік индустрияның инвестициясының алғашқы өсуі 40 млн. теңге; сонда туристік қызмет көрсетудің таза ұлттық өнімінің өсуі 100 млн. теңге (2,5*40).

Туризм әлемдік нарықта көзге көрінбейтін экспорт болып саналады. Ол елдің төлем балансына ықпал етеді.

II-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
2.1 Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму болашағы
Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.

Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді.

Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:

- кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;

-туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;

- сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;

- аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;

- алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы; -халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын

бизнестің дамуы;

- қызмет көрсету секторының өсуі;

- елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.

Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары -Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Полыпа және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. «Эйр-Казахстан»-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.

Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде «Сайран» автовокзалы үлкен қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз.

Теміржол көлігі «Қазақстан Теміржолы» 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын көтермейді.

Ал орналастыру құралдарына келсек, көпшілігінің кабылдау мүмкіншілігі төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда жабылып жатыр.

Қазақстан туризмнің дамуына түрткі болған Президенттің бұл салаға басымды сала ретінде көңіл бөлуі. Үкімет тарапынан Қазақстан туризмінің және елдің бет-бейнесін жасауға ( 2000-2003) байланысты шаралар болды.

2001 жылы туристік бизнестегі ерекше жыл болды, туризмге 26млн. теңге бөлінді. Қазақстан экономикасы 2-3 жүлдызды орта, шағын мейманхана салуға мүмкіндігі бар.

Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалы жоғары. Олардың ішінде маңыздысы: мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыт, урбанизацияның өсуі, білім және мәдениеттің, орташа өмір сүрудің деңгейі, жылдық демалыс күндері мөлшері, халықтың өмір сүруінің деңгейі, табысы, туристік белсенділік жатады.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қазіргі кезде туризмнің жаппай дамуын тежеп отыр. Қазақстандағы туризмнің даму бағыты шоп-туризмді ұйымдастырумен байланысты, яғни материалдық қажеттіліктен туындап отыр. Қазіргі кезде ТМД елдерінде туристерді тарту үлкен бәсекеге ие болып отыр. Көрші елдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызыстан, Монголия туризмді дамытуға барлық күшін салуда, және қазір Қазақстанды басып алуда.

Туризмнің дамуын тежейтін факторлар төмендегі суретте көрсетілген.Сурет 1



Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар.

Бірқатар кедергілерден соң Қазақстан үлкен туристік биржаларға қатысты. Берлин, Лондон, Мэскеу қалаларында. Қазақстан Республикасы бәсекеге түсе алатын және рентабельді туризм индустриясын дамытуға толық мүмкіншілігі бар .

Оған ықпал ететіндер:

- еліміздің қолайлы геосаяси жағдайы. Батыс пен Шығыс аралығындағы халықаралық туристік және коммерциялық ағымдардың өсуі;

- саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформаның өтуі және инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы мен ашықтығы;

- еліміздің тарихи- мәдениет мұрасының ерекшелігі;

- мұсылман, христиан, будда ескерткіштерінің болуы;

-Қазақстанның көп мәдениеттілігі, музей, мәдениет ошақтарының, фольклорлы- этнографиялық және ұлттық кәсіпқой өнерпаздардың көп болуы;-Туристік- рекреациялық аймақтардың болуы, табиғи ландшафтар, өсімдік, жануарлар дүниесінің ерекшелігі, экзотикалық тур, балық аулау, аң аулау, өсімдіктер жинау т.б.;

- бос еңбек ресурстарының болуы (мамандар).

Туризмнің даму барысына Қазақстанның 1993 жылы ӘТҰ- на кіруінің маңызы зор болды. Елімізде туризмнің дамуына көңіл бөлінуде және туризмнің ролін түсінуде. Айта кететін бір жағдай, Республикада туризм дамуының улкен концепциясы құрылуы « Ұлы Жібек Жолының» жаңғыруы. Қазақстанда туризмнің дамуын дұрыс жолға қою тек табыс алып келу ғана емес, еліміздің басқа елдермен байланысы нығайып, бет бейнесі қалыптасады.

Қазақстандағы туризмнің тарихи алғы шарттары біздің д.д.үшінші мың жылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуымен дамуы болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқада экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО - ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен, бірге, Қазақстанның бірқатар сэулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесі әлементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.

Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемелекттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мүрасын қайта өркендету үшін негіз каланды.

Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту "Туризм туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі №1508-ХІІ Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру» туралы, «Ұлы Жібек жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобасы» туралы 1997 жылғы 10 сәуірдегі N3476 және Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы» 1998 жылғы 27 ақпандағы №3859 Жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.Осы құжаттарды қабылдау туризмнің Қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер етті.

Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі - Қазақстанның 1993 жылы толығымен ДТҰ - ға толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер жасауы болды. Бірқатар келісімдердің шет мемлекеттердің Қазақстанды туристік әлеуеті мол перспективалы серіктес ретінде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек.

Қазақстан Республикасынының Статистика жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы дерегі бойынша елде 425 туристтік ұйым болды, оның ішінде 6 мемлекеттік кәсіпорын, 405 жеке меншік нысанында және 14 шетелдік туристтік агенттік жұмыс істеді. Қазақстандық кәсіпорындар 80 елдің туристтік фирмалармен шарттық қатынастар орнатқан. 4 Алматылық және 13 облыстық турфирма 8 мемдакетке чартерлік әуе рейстерін жүзеге асырады.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарьшдағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар желісі неғұрлым дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристік ұйымдары жыл сайын туристердің. және экскурсанттардың 88 пайызына дейін қызмет көрсетеді.

Тұтастай алғанда, 1999 жылы барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар 2410.5 млн тенге сомасында өнім сатты, жұмыстар орындады, қызметтер көрсетті.

Республика бюджетінен түсетін жалпы түсімдердегі туристік қызметтен түскен салық пен алымдардың үлесі 1998 жылы 0,1 % - ды құрады. 1999 жылы статистикалық есеп беру үлгісі бұл мәліметтерді жинауды көздейді. 1999 жылы 1998 жылымен салыстырғанда елдегі ЖІӨ-нің туризмдегі үлес салмағының өсу үрдісі байқалады, ол 1,1 % - ты құрады.

Туристік ұйымдармен 1999 жылы барлығы 228,3 мың туристке қызмет көрсетілді, Қазақстанның туристік фирмаларының қызметін 55,9 мың шетелдік азамат пайдаланды, бұл 1998 жылымен салыстырғанда 20,9 мыңға немесе 60% - қа көп. 1998 жылы қызмет көрсетілген туристердің жалпы көлемінен шетелге туристерді жіберу 45% -ті құрады, ішкі туризм 30%, шетелдік турист қабылдау 24%, экскурсиялық қызмет көрсету 1% құрады.

Қазақстандық туристердің неғұрлым көп баратын жерлері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Түркия, БАЭ. Біздің елімізге Ресейдің, Қытайдың, Германияның, Кореяның, Польшаның, Пакистанның, Түркияның азаматтары жиірек келеді.

Туристік қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмімен айналысатындығын көрсетті, ал бұл, бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына экеп соғады. Тек қана 1999 жылы 57,1 млн АҚШ доллары ресцубликадан тыс шетке шығарылған. Республика азаматарының шетелге тауарлар сатып алу, оны кейіннен сату мақсатында баратын жол сапарлары бүрынғысынша бүқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристік қызмет көрсету рыногының жай-күйін анықкөрсетеді. Ол экономикалық дағдарыс кезеңінде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбінесе туристік фирмалардың тиісті тәжірибесінің және білікті мамандарының жетіспеушілігіне бйланысты туристер мен «чартер ұстаушылар» арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулі көмек көрсетті. Қазақстанның түтыну рыногының төрттен бірін «қапшықтау» бизнесі тауарлармен толтырады және, тұтастай алғанда, бір мезгілде тауар өткізу мен сату жүйесіндегі 150 мынға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанның ішкі сауда айналымындағы жыл сайынғы «қапшықтау» саудасының көлемі шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Сонымен бір мезгілде, шоп-туризм, ең алдымен, еліміздің бюджетіне кері әсер етеді. Туристік бизнестің секторларының бірі ретінде шоп-туризмнің өсуі туристік қызмет көрсетудің деңгейін котеруге елеулі әсер ете қойған жоқ.

Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер ағынын өздеріне тартуға ұмтылуда, себебі туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдік туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін, мұның өзі бірінші кезекте, көлік құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық камтамасыз етудің жай - күйіне байланысты, келуші туризмді дамытуға қайта бағдарлау қажет.

Көлік. Бүгінгі таңда Қазақстанның халық аралық авиажелілерінің Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Корея Республикасына, Түркияға, Италияға, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Тайландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Ішкі және халықаралық рыноктарда жұмыс істейтін «Эйр Қазақстан» ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар авиа тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жаынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиа рейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді, мүның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсіз. Оның үстіне, авиабилеттер қүнының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнімнің қүнын өсіреді және тиісінше оны халықаралық рыноктағы бәсекелесу қабілетін төмендетеді.

Автомобиль көлігі шекаралас мемлекеттерге шоп — туризмді ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Алайда, оны дамыту,тұтасымен алғанда жолдардың жай-күйіне және туристік көлік құралдарына тиісті техникалық қызмет көрсетілуіне де байланысты болады. Республиканың автобус паркі қараусыз қалған, сонымен бірге қазіргі заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы, бұл туристерге қызмет көрсетуді жоғары денгейде ұстауға мүмкіндік бермейді.

Негізгі темір жол тасымалдаушысы «Қазақстан теміржолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 14 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темір жолдарымен транзитпен Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Туркіменстанның және Тәжікстанның жолаушылар поездары өтеді.

Келешекте экологиялық жағынан таза қоғамдық туристік көлікті дамытуға назар аудару қажет.

Орналастыру құралы. Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың бірі туризм индустриясы материалдық базасының мүмкіндіктерінің төмендегі болып табылады. Қазіргі уақытта, республиканың қонақ үйлерінде, турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру обьектілеріндегі сыйымдылық жүктеменің 35%-ін құрайды. Сондай-ақ, елдегі қонақ үйлердің саны 1997 жылмен салыстырғанда, 40%, ал біржолғы кереует-орынға сыйымдылық тиісінше 30%-ке төмендеді.

Соңғы бес жылда 605 қонақ үй жабылды,1999 жылы республикада 205 қонақ үй жұмыс істеді, номер қоры 15%-ке ғана толтырылды.

Облыс орталықтарында шетелдік келушілерге сапасыз туристік өнім берудің басты себебі тиісті сыныптағы қонақ үйлердің болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескірген, қонақ үйлердің бір бөлігінің жай-күйі мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебі олар 60-шы жылдары салынған.

Талдау көрсеткендей, туристік сыныптағы қонақ үйлердің

(2-3 жүлдызды немесе шағын және орташа мейманханалар) рентабельділігі неғұрлым жоғары.

Кадрлармен қамтамасшз ету. Туризм дамуындағы түйінді мәселенің бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстандағы мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қосқанда, туризм менеджрлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар. Қазақстанда мұндай кадрлар даярлаудың негізі 1992 жылы қаланғандығына қарамастан, туристік саланы мамандармен қамтамасыз ету элі күнге дейін қанағаттанғысыз жағдайда қалып отыр. Көптеген жоғары оқу орындарында мүның басты себебі Қазақстанда туристік әлеует туралы оқытушылар құрамының білім және туристік саладағы жұмыс тәжірибесі, деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр. Соның нәтижесінде, мамандарды даярлау отандық туристік-рекреациялық ресурстарды ұстау, туристерді қабылдау үшін оларды пайдалану технологияларымен ықтимал клиенттер арасында туристік қызмет көрсетулерді атаулы жарнамалаудың әдістемесі жеткілікті түрде ескерусіз жүргізілуде. Сондықтан, жоғары оқу орындары түлектерінің едәуір бөлігінің туроператорлық қызметті толық атқаруға шамасы жетпейді.

2.2 Туризмды дамытудың негізгі багыттары
Мақсаттарымен міндеттерге сәйкес туристік саланы дамытудың мынадай негізгі бағыттары белгіленеді:

Туристік қызметті мемлекеттік реттеу.

Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік—экономикалық жағдайларға толықжауап беретін мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік органдарымен туризм саласында әрекет ететін ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды реттеудегі мемлекеттің ролін арттыру қажет. Саланы орталықтандырып басқару Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне жүктеледі.

Туризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта, саланы мемлекеттік реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс:

Республикалық және аймақтық деңгейлерде туризмді дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру;

Туристік индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтірумен жетілдіруге бағытталған заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету;

Сапалы туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Статистиканы және зерттеу қызметін жетілдіру;

Білім және оқу стандарттарын қоса алғанда, туризмге арналған кадрларды кәсіптік даярлау;

Туризм саласында мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасында жоғары деңгейдегі үйлестіруді қамтамасыз ету;

Туризмді дамытудың нақты аудандарында жерді пайдалануды және құрылыс салу нормаларын қолдануды бақылау;

Тарифтерді, туристік ұйымдардың, тасымалдау-шылардың қызметін лицензиялауды, туристік обьектлердің сапасын және қызмет көрсетудің стандарттарын бақылау;

Ел беделін қалыптастыру, қазақстандық туристік өнімнің маркетинг және жылжытылуы жөніндегі басым шараларды белгілеу, оның ішінде туристік көрмелерді және басқа іс-шараларды ұйымдастыру;

Халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;

Халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық санаттарымен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;

Визалық және кедендік рәсімдерді барынша оңайлату:

Мемлекеттің туристік көрнекті орындарын құру және қорғау;

Туризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерін жасау.



Туризм инфрацүрылымын дамытпу

Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік- экономикалық өмірді реформалау туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнің материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристік салаға күрделі қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тартуды қажет етеді.

Ұлттық туристік өнім ерекшелігін ескеріп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабілетті елдің туризм инфрақұрылымын дамыту үшін:

Жалпы пайдалану және туристік мүқтажды қанағаттандыру үшін жол-көлік инфрақұрылымын дамыту;

Ілеспе инфрақұрылымды: қолданыстағы және ықтимал туристік аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау, кәріздер және катты қалдықтарды жою жүйесін, телекоммуникацияларды дамыту;

Туристік кешендерді, этнографиялық мүражай-ларды және демалыс аймақтарын құру;

Тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткіштерді қалпына келтіру және мүражайға айналдыру;

Жыл бойы пайдаланылуын ескере отырып, туристік обьектілер жобаларын, оның ішінде орташа және шағын орналастыру құралдарын жасау және оларды салу қажет.



Маркетинг стратегиясын әзірлеу

Ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуметіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.

Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:

Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;

Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

Қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;

Жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;

Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және тағы басқа туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;

Рыноктың жаңа сегментерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;

Ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен обьектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;

Ғылыми негізделген өткізу элеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;

Жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін камтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және базалық тэсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;

Ұлттық, туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттык технологияларын пайдалану;.

Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.



Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру

Жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік бағыт ретінде әлемге танымал бола қойған жоқ.

Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді.

Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмаларымен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени қүбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызы бар.

Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ-ның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеумен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көп жақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады.

Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік элеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.

Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет. Қазақстанға туристерді таруға өлкетану жарияланымдары, жарнама баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технолгияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмаларының WEB-сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.

Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.

Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар өткізу ықпал етеді.

Қазақстанның туристік беделін қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.

Сондай-ақ, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарға қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қосаберілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септігін тигізеді.

Елде халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру, мемлекеттің туристік элеуетінің әлемдік туристік рыноктағы түсау кесерін өткізу жөніндегі жұмысты күшейту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазандағы №1604 қаулысымен бекітілген Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтиды. Оған Қазақстанға туристер тарту жөніндегі көпжақты қызмет және халықаралық туристік рынок жүйесіндегі елді интеграциялау кіреді.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қаіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.

Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты.

Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды әлемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде үғынуға көмектеседі.

Мемлекеттік органдардуристік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар саяхатшылардың денсаулығы үшін қауіп тудыратын табиғи апаттар, әлеуметік тәртіпсіздіктер, террорлық әрекеттер, көлік жұмысындағы елеулі іркілістер, індет және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауіптер туралы ақпарат береді.

Кадрлар даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету

Қызмет көрсетумен байланысты және табыстылығы едәуір дәрежеде осы салада жұмыс істейтін кадрлардың сапасына байланысты болатын қызмет - туризмде адамдар ресурсын жоспарлау айрықша мәнге ие.

Қазақстандағы тиімді туристік салаға сәйкес кадрлар элеуетін қалыптастыру үшін:

Жаңа буындағы «Туризм» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік стандартын әзірлеу;

Туристік кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристік қызметтің әртүрлі қажетілігі мен даму деңгейін ескере отырып, мамандануын анықтау;

Мамандарды оқытуда олардың отандық туристік ресурстарды игеруіне, оларды пайдалану әдістеріне, жаңа ақпараттык технологияларды, білуіне тілдік дайындауға негізінен иек арту;

Орта арнаулы оқу орындарында бірінші деңгейдегі туристік қызметшілерді даярлауды ұйымдастыру;

Жалпы білім беретін оқу орындарында туристік сыныптар, секциялар мен үйірмелер құруға көмектесу;

Бүдан бүрын таратылған балалар мен жас өспірімдер туризмінің республикалық және аймақтық станцияларын қайта қалпына келтіру;

Ұлы Жібек жолының (1700км) қазақстандық учаскесіндегі туристік-рекреациялық қорларды қайта жаңғыртуға және тугендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет.

Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрамайынша мүмкін болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшін әлі күнге игерілмеген «тың» күйінде қалып отыр.

Әлі күнге дейін ұлттық экономика теориясына туризм халық шаруашылығының толыққанды саласы және ғылыми жағынан талданатын пән ретінде қарастырылмайды. Сол себепті республикада аталған тақырып бойынша ғылыми әдебиет аз шығарылады. Бүған қоса, Қазақстанда Кеңес кезеңінен бері «туризм» деген үғым елеулі табыс түсіретін экономика саласынан гөрі спортпен және денсаулықты нығайтумен жиі байланыстырылады.

Ең алдымен, Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстарын түгендеу және олардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Экономиканың саласы ретінде туризмді ғылыми қамтамасыз ету үшін оны болжауды және дамытуды тиісті ғылыми құрылымдар қажет. Проблеманы шешудің ықтимал шешімі ретінде туризмнің ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің (ЖАҚ) ғылыми мамандықтары тізбесіне "Туризмнің құқықтық нргіздері", «Туризм географиясы», «Туризмнің педагогикасы мен психологиясы» жаңа ғылыми бағыттарды енгізудің қажетгілігі пісіп жетілді. Бұл республикада ғалымдар контингентін қүрүға және туризмді дамытудың ұйымдастыру мен басқарудың, дамытудың мәселелері мен проблемаларының бүкіл кешенін ғылыми зертеумен қамтуға мүмкіндік береді.

ЖАК-тың номенклатурасындағы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жіктемесіндегі мамандықтар атауын біріздендіру қажет, бұл ғылыми зерттеулер жүргізу және осындай зерттеулер үшін кадрлар даярлаудағы бірізділікті күшейтуге ықпал ететін болады. Сондай-ақ, туристік мамандық пен мамандандыруды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарифтендіру аныктамаларымен сәйкестендіру қажет.

Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың негізгі мақсаттарын, міндеттЬрін және басымдықты бағыттарын айқындайды. Алға қойылған міндеттерді іске асыру және көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасында Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет.



ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезде Қазақстанда 270 лицензия алған туристік фирмалар жұмыс істейді. Оның 83 % халықаралық туризммен шүғылданады. Соған қарамастан Қазақстан кәсйжерлері туризмді қазірше жоғарғы табысты кызмет сферасы деп карамайды. Олар қаржы шығаруға жүрексінеді. Себебі өндіріс саласындағы салық салудың жеңілдіктеріне, жоғарғы табысқа қызығыды.

Қазақстан әлемде туристік бағытта элі де болса белгісіз ел. Сондықтанда Қазақстанның туристік бейнесін көтеру үшін бірқатар кең көлемде шаралар қажет. Негізгі шаралардың бірі туристік негізгі шаралардың бірі туристік фирмалар мен агентсволардың халықаралық туристік жәрмеңке, көрме конференция т.б. әлемдік деңгейдегі шараларға қатысуы және Қазақстан жерінде де өткізу.

Қазақстанда Еуразияның қоғамдық және мәдениет орталығын жасау үшін конгрестік туризмді дамыту маңызды. Туризм саласында халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын жүргізудің ЮНЕСКО және БЭСҰ бағдарламаларына қатысу, екі сондай-ақ көп жақты шет елдік мемлекеттермен келісім жасау.

Туристік бет-бейнені қалыптастыру үшін туристік хабарлама орталықтарын ұйымдастыру, сондай-ақ шет елдердегі Қазақстан елшілігіндегі өкілетті тұлғаларды араластыру жұмыстарына көңіл бөлуі керек. Еліміздің туристік қуатын жарнамалауда ұлттық әуе қатынасын және басқа да транспорттық кәсіпорындарда пайдалана білу.

Шет елдерде Қазақстан туралы жоғары сапалы полиграфиялық үнтаспаларды уағыздау жұмысына көңіл бөлуі.

Сонымен бірге Қазақстанда әлемдік деңгейде әр түрлі мәдениет, спорт, туристік шараларды өткізу қажет.

Қазақстаннның туристік бет-бейнесін көтеруде Республика территориясына келіп кету тәртібін жеңілдетуі, кедендік шараларды бір тұтас компьютерлендіру жүйесін енгізу. 2002-2003 жылдар аралығындағы Қазақстанның туристік бет-бейнесін көтеруде қабылданған үкімет қаулысы 2000 жыл 26 қазанында (16-04) Қазақстанға туристерді тартудың қызметін және елдердің халықаралық туристік нарыққа қатысуын қарастырған. Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсаты:

- туризмді экономиканың табысты салаларының біріне айналдыру.

- Республиканың туристік потенциалын дамыту.

-Мәдениет тарихын және табиғи байлықтарымызды сақтау және үтымды пайдалану.

-Туристік ресурстарды барлық халықтық қол жеткізу мүмкіншілігіне көңіл бөлу, тұтынушыларды максималды қанағаттандыру.

- Халықты ынталандыру

- Мемлекеттік және жеке меншіктік туризм сферасының тиімділігін арттыру.

- Орта және шағын кәсіпкерлерді дамыту.



Әдебиеттер тізімі


  1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения: Учеб. Пособие.-М.: ИВЦ Маркетинг, 1996.

  2. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы -Алматы: Санат, 1998.-1926.

  3. Бабин Э.П. Основы внешнеэкономической политики.-Учеб. Пособие.-М: ОАО Экономика, АОЗТ МИКО, 1997.

  4. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения -Учеб. Пособие.-М: Финансы и статистика, 1996.

  5. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика : Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2000. - 886.

  6. Друкер, Питер Ф. Нарық: топжарып, алға шығу: Практика мен принциптер. / Орыс тілінен аударғандар Р.Шаймерденов, Н. Бөлекбаев.-Алматы: Білім, 1994-3206.

  7. Кекенова А.Т. Сыртқы қарыз мәселелері және дамушы елдерде сыртқы қарызды басқару: 08.00. И- Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған дис. авторефераты

  8. Кешенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2000-328б.

  9. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы

  10. Үкіметінің Актілер жинағы.-2000.- №12.-38-396.

  11. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы

  12. Үкіметінің Актілер жинағы,- 2001.-№3.- 10-33

  13. Нормативтік құқықтық актілер бюллетені 2000, 2

  14. Алрисаков М.Б.Введение в туризм 1999ж

  15. Азар В.И.'Экономика и организация туризма' М.,1972ж

  16. Азар В.И.,Туманов С.Ю. Экономика туристского рынка. М.,1998ж

  17. Гуляев В.Г.'Туристские перевозки' М.,1998ж

  18. Дурович А.П.,Копанев А.С Маркетинг в туризме: Учебное пособие Минск:1998ж

  19. Долматов Г.М.ТТравовые основы туристского бизнеса:Учебное пособие М.;1997ж

  20. Ердавлетов С.Р. Теография туризма:история,теория,практика

  21. А.;2000ж

  22. Исмаев Д.К. Основы стратегии и планирования маркетинга в

  23. иностранном туризме'-'Высшая школа по туризму и гостиночному

  24. хозяйству М.; 1994ж


Қосымшалар:
Қазақстан туризмнің даму деңгейі

Кесте 1

Жылдар

Барлық

туристер


Туристердің

келуi



Туристердің шығуы

Ішкі

туризм


Экскурсиялық,қызмет көрсету

1996

195,3

10,1

87,9

97,3

30,7

1997

63,5

6,8

42,1

14,6

2,8

1998

477,8

23,5

418,0

30,3

9,5

1999

251,7

27,5

147,1

49,9

8,7

2000

228,3

50,1

145,7

53,7

7,2

2001

146,9

31,4

106,1

72,1

6,9


Қазақстаннан әлемнің мемлекеттеріне шығатын туристер саны (2002)

Кесте 2


Мемлекеттер

Резиденттердің көрсеткіші

және үлес салмағы



Резиденттердегі түскен құралдардың үлесі %

Қытай Республикасы

12913 (19,2%)

15,8 %

Чех республикасы

220 (8,7 %)

5,9 %

Қырғызстан

221 (4,4%)

4,5 %

БАЭ

4595 (6,8 %)

19,7%

Турция

20162(30,4%)

36,6 %

Германия

13110(19,5%)

14%

Барлығы 19 мемлекет

59333(100%)

100 %




с. 1

скачать файл

Смотрите также:


Жоспар кіріспе 3
261.96kb. 1 стр.