Жоба шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің


с. 1


ЖОБА


Шығыс Қазақстан облысының

Зырян қаласындағы жер үсті су

объектілерінің су қорғау аймағы

мен су қорғау белдеуін және

оларды шаруашылыққа пайдалану

режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Белгіленсін:

1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Қ. Қ. Сапарғалиев) «Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Зырян ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В. Л. Кошелевке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»


Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігі

Су ресурстары жөніндегі Комитетінің

су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік

инспекциясының бастығы

______________ Д. Тілеубаев

2013 жылғы «___»_______________

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрлігі Мемлекеттік санитарлық-

эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Департаментінің директоры

______________ Т. Ерубаев

2013 жылғы «___»_______________

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің 2013 жылғы

«___» ________________

№ __________ қаулысына

қосымша



Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің

су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі


р/с



Су объектісі, оның учаскесі



Су қорғау аймағы

Соның ішінде

су қорғау белдеуі



Шекара-сының ұзын-дығы, (шақы-рым)

Алаңы, (га)

Орта-ша

ені, (метр)



Шекара-сының ұзын-дығы, (шақы-рым)

Ала-ңы, (га)

Орта-ша

ені, (метр)



1

Березовка өзені - Бұқтырма өзенінің сол саласы

11,0

952,0


500-1350

19,0

193,0

50-55

2

Магистралды (Маслянский) канал

5,6


148,2

130-500

13,0


26,0

20


3

Маслянка бұлағы

11,2

279,5

65-425

15,0

58,8

35-122

4

Аты жоқ бұлақ Маслянка бұлағының

№ 1-сол саласы мен № 2-оң саласы



3,3

86,4

100-340

3,6


12,6

35

5

Аты жоқ бұлақ Маслянка бұлағының

№ 3-сол саласы



0,6

8,4


65-170


0,9


3,0

35

6

Аты жоқ бұлақ Маслянка бұлағының

№ 4-оң саласы



2,3

47,4

130 - 300

2,5


8,8

35

7

Аты жоқ бұлақ Маслянка бұлағының

№ 5-оң саласы



0,95


19,6



100-350


1,2

4,2

35

8

Заводская бұлағы - Маслянка бұлағының сол саласы

0,7


19,0

70-

425


1,5

5,3

35

9

№ 6 аты жоқ бұлақ

2,8

43,0

80-200

2,9

10,2

35

10

№ 7 аты жоқ бұлақ (Чернышевский қалтарысы)

0,5

10,0

100-150

1,2

4,2

35

11

Көзінен бастап айналма автожолдың тұсына дейінгі

Вторушка өзені (батпақты жерлер учаскесі, 170 га)



14,0

1011,0

200-500

22,6


104,8



35-55

12

Айналма автожолдың тұсына бастап нөсер каналына

дейінгі Вторушка өзені



4,1


189,9

75-700

7,65

37,4

35-150

13

Земляной ключ бұлағы –Вторушка өзенінің сол сағасы

15,3

389,2

60-500

14,6

51,1

35-75

14

Вторушка өзеніндегі су қоймасы (алаңы - 11,0 га)

1,0


29,0

200-380

1,35

12,4

50-120

15

Вторушка каналы

1,0

27,3

75-230

3,4

6,7

20

16

№ 8 аты жоқ бұлақ - Вторушка өзенінің оң саласы

1,65

68,5

100-275

2,7

9,5

35

17

Земляной ключ бұлағының ағынын

Вторушка өзеніне қосатын канал



1,3

30,0

60-275

1,9

3,8

20

19

Красный ключ бұлағы

8,2

355,8

100-680

11,4

46,0

35-100

20

Кәріз қарағы

0,45

19,4

100-200

1,25

4,4

35

21

№ 9 аты жоқ бұлақ (оңтүстік айналма автожол мен Маяк кентіне апаратын автожол ауданында)

4,3

158,5

100-450

4,4

15,4

35

22

Нөсер (кәріздік - аулағыш) каналы

1,6

163,7

200-450

9,6

75,3

35

23

Карьерлік көл

2,6

90,0

220-400

-

-

-

Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.




с. 1

скачать файл

Смотрите также: