Жарылысқа қатысатын заттар салмағының


с. 1




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы «4» қарашадағы

№ 392 бұйрығымен бекітілген

Жарылыс өрт қауіпті өндірістерге

арналған өнеркәсіптік қауіпсіздіктің

жалпы талаптарына

2 - қосымша



Жарылысқа қатысатын заттар салмағының

және бұзылу аумағы радиусының есебі
Есеп объектілер мен персоналды жарылуға қабілетті булы газ ортасының, қатты және сұйық химиялық тұрақсыз қосылыстар (тотықты қосылыстар, ацетилен, әр түрлі сыныптардың нитро қосылыстары, шайырлану өнімдері, трихлорлы азот және басқалар) жарылысынан қорғау бойынша техникалық шаралардың негізгі бағыттарын таңдау кезінде пайдаланылады.

Есеп жарылысқа қатынасатын заттар салмағының ұйғарымды мәнін береді.

1. Өндірістік объектілерде ірі масштабты жарылыстарды және экспериментті жарылыстарды зерттеу нәтижесі бойынша осы есепте келесі шарттар мен жол берулер қабылданды.

1.1. Есепте булы газ ортасының жалпы келтірілген салмақтары m және 1 - қосымшаға сәйкес технологиялық блоктар жарылыс қауіптілігінің сандық бағасы кезінде алынған, оған сәйкес энергетикалық потенциал E қабылданады.



m және E мәндері нақты шарттары үшін жанатын сұйықтың атмосферада сыртқы және ішкі энергия әсерімен диспергирлену әсерін, технологиялық жүйе сипатын ашумен, жанатын өнімнің атмосфераға ағу жылдамдығы мен басқа да мүмкін факторларды есепке алумен басқа әдістермен анықталады.

Қатты және сұйық химиялық тұрақсыз қосылыстар Wk салмағы олардың технологиялық жүйеде, блокта, аппаратта болуы бойынша анықталады.

1.2. Жарылысқа қатысатын булы газ заттардың салмағы

m' = zm, (1)

жүргізумен анықталады,

мұнда z - жарылысқа қатынасатын булы газ заттардың келтірілген салмағының үлесі.

Жалпы жағдайда ұйымдастырылмаған булы газ бұлттары үшін жанатын заттардың үлкен салмағымен тұйықталмаған кеңістікте жарылысқа қатысу үлесі 0,1 тең болып қабылданады. Жекелеген негізді жағдайларда жарылысқа заттардың қатысу үлесі төмендеуі мүмкін, бірақ 0,02-ден төмен емес.

Өндірістік үй-жайлар (ғимараттар) және басқа да тұйық көлемдер үшін z мәні 1 - кестеге сәйкес қабылданады.
1 - кесте
Тұйық көлемдер (үй-жайлар) үшін z мәні


Жанатын зат түрі

z

Сутегі

1,0

Жанатын газдар

0,5

Жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтар булары

0,3

1.3. Тұтану көздері тұрақты (пештер, факельдер, жарылыстан қорғалмаған электр аппаратура және тағы басқалар) немесе ол таралған кезде булы газ бұлтының жарылысына соқтыруы мүмкін кездейсоқ (уақытша оттық жұмыстар, көлік құралдары және тағы басқалар) болуы мүмкін.

1.4. Жарылыс әсері деңгейін бағалау үшін тротилді эквивалент пайдаланылуы мүмкін. Булы газ ортасы жарылысының барабарлық сипаты мен булы газ бұлттарының жарылысы кезінде бұзылу деңгейі, сондай-ақ қатты және сұйық тұрақсыз химиялық қосылыстар бойынша анықталатын тротилді эквивалент WT (кг), мына формула бойынша анықталады:

1.4.1. Булы газ орта үшін



, (2)

мұнда 0,4 - соққылы толқынды қалыптастыруға шығындалған булы газ ортасы жарылысы энергиясының үлесі;

0,9 – соққылы толқынды қалыптастыруға шығындалатын тринитротолуол (ТНТ) жарылысы энергиясының үлесі;

q ' – булы газ ортасы жануының үлесті жылылығы, кДж/кг;

qТ – ТНТ жарылысының үлесті энергиясы, кДж/кг.

1.4.2. Қатты және сұйық химиялық тұрақсыз қосылыстар үшін:



, (3)

мұнда Wk - қатты және сұйық химиялық тұрақсыз қосылыстар салмағы;



qk - қатты және сұйық химиялық тұрақсыз қосылыстар жарылысының үлесті энергиясы.

2. Бұзылу аймағы болып R радиусымен анықталатын, орталығы қаралатын технологиялық блок немесе технологиялық жүйенің барынша герметизациялануын жоюдың анағұрлым анық орны болып табылатын шекаралы алаңы саналады.

Әр аймақтың шекарасы соққылы толқын соғысы Р және сәйкес К өлшемсіз коэффициенті бойынша артық қысым мәнімен сипатталады.

Бұзылу аймағының классификациясы 2 - кестеде келтіріледі.


2 - кесте
Бұзылу аймағының классификациясы


Бұзылу аймағының сыныбы

К

Р, кПа

1

3,8

100

2

5,6

70

3

9,6

28

4

28

14

5

56

2

2.1. Бұзылу аймағының радиусы (м) жалпы түрде анықталады:



, (4)

мұнда K – жарылыстың объектіге әсерін сипаттайтын өлшемсіз коэффициент.

2.2. Инженерлік есептерді орындау кезінде бұзылу аймағы радиусы төмендегідей анықталады:

R = KR0, (5)

мұнда m  5000 кг кезінде



,

немесе m  5000 кг кезінде



.

Терминдер мен анықтамалар


р/с№

Термин

Анықтама

1

2

3

1

Жарылыс

1. Заттар жағдайының кенет өзгеруімен байланысты және қысымның секіруімен немесе соққылы толқынмен ілесетін потенциалды энергияны жылдам ағынмен шығару процесі.







2. Артық қысым түзетін ішкі энергияны қысқа уақытқа шығару. Жарылыс жанумен (тотығу процесімен) немесе олсыз болуы мүмкін.

2

Детонационды жарылыс

Жанудың таралу жылдамдығы соққылы толқынның жылдамдығымен анықталатын булы газ қоспасының жарылуы.

3

Дефлаграционды жарылыс

Жанудың таралу жылдамдығы ортаның жылу өткізгіштігімен анықталатын булы газ қоспасының жарылуы.

4

Жарылыс өрт қауіптілік

Ортаның, процесстің, блоктың және басқалардың жарылыс және (немесе) от қауіпті шартты анықтамасы.

5

Жарылыс қауіпті заттар

Жеке немесе тотықпен қоспада жарылыс қауіпті орта түзуге қабілетті заттар (материалдар).

6

Өлшемнің ескерту мәндері

Технологиялық процесс өлшемдерінің регламенттелген (рұқсат берілген) мәндері шекарасындағы өлшем мәні.

7

Өлшемнің қауіпті мәндері

Регламенттелген шегінен шыққан және барынша рұқсат берілген мәнге жақындайтын өлшем мәні.

8

Өлшемдердің барынша рұқсат берілген мәндері

Өлшемнің критикалық мәнінен үлкендікке, оның экспериментальды немесе есепті анықтамасы және өлшеу, бақылау, технологиялық процесс пен АҚАҚ өлшемдерді реттеу құралдары қателігі сомасына тең ажыратылатын жарылыс өрт қауіпті ортаның докритикалық мәні.

9

Өлшемдердің критикалық мәндері

Технологиялық жүйеде жарылыстың болуы мүмкін немесе технологиялық аппаратураның герметизацияның жойылуы және жұмыс ортасының атмосфераға лақтырылуы кезінде бір немесе бірнеше өзара байланысты өлшемдер (материалды орта құрамы, қысымы, температура, қозғалыс жылдамдығы, аймақта берілген тәртіппен келу уақыты, араласатын компоненттер қатынасы, қоспаны бөлу және тағы басқа) мәні.

10

Технологиялық жүйе

Технологиялық ағындармен өзара байланысты және технологиялық операциялардың белгіленген кезеңділігі жүзеге асырылатын бір бүтін секілді әрекет ететін аппараттар жиынтығы.

11

Технологиялық объект

Аумақтық және технологиялық ағындармен байланысты топқа біріккен аппараттардан тұратын технологиялық жүйе бөлігі.

12

Технологиялық процесс

Заттардың физика-химиялық және физика-механикалық айналу жиынтығы және аппаратта мақсатты жүргізілетін материалды орта параметрлері мәнінің өзгеруі (өзара байланысты аппараттар жүйесінде, агрегатта, машинада және басқа).

13

Жарылыс қауіпті технологиялық процесс

Технологиялық аппаратурада процесстің берілген мәндерінен ауытқыған кезде немесе жабдық жағдайы жарылыс туғызуға қабілетті материалдық орта болған кезде жүргізілген технологиялық процесс.

14

Технологиялық орта

Шикізат материалдары. Технологиялық аппаратурада (технологиялық жүйеде) бар және тасымалданатын реакциялық салмақ, жартылай өнімдер.

15

Технологиялық блок

Аппарат немесе аппаратар тобы (барынша аз санмен) белгіленген уақытта технологиялық жүйеден аралас аппаратурада немесе жүйеде аварияның дамуына соқтыратын тәртіптің қауіпсіз өзгеруінсіз (технологиялық схемадан шығарылады) ажыратылады (оқшауланады).

16

Технологиялық орта өлшемдерінің регламенттелген мәндері

Технологиялық орта өлшемдерінің оның жағдайын сипаттайтын, технологиялық процесс берілген бағытта қауіпсіз жылжитын, белгіленген мәндерінің жиынтығы.

17

Авариялық герметизацияның жойылуы

Аппаратурада жарылыстың пайда болуына немесе жанатын өнімдердің ауаға лақтырылуына соқтыратын технологиялық жүйе жабдығы элементтері бүтіндігінің және (немесе) герметикалықтың бақыланбайтын бұзылуы.

18

Дүркіндік лақтыру

Жанатын және (немесе) жарылыс қауіпті және (немесе) улы заттардың жабдықтың авариялық герметизациялануы жойылған немесе басқа себептер бойынша атмосфераға үлкен мөлшерінің қысқа мерзімде лақтырылуы.

19

Технологиялық блоктың жалпы энергетикалық потенциалы

Булы газ ортасының адиабатикалық кеңею энергиясының жиынтығы, технологиялық блоктың кенет авариялық ашылуы кезінде сұйық будан (газдан) ішкі және сыртқы энергия есебінен пайда болған және бар энергияның толық жануы.

20

Қатысты энергетикалық потенциал

Ортақ энергетикалық потенциалды шығындау шартында соққылы толқынның пайда болуына тікелей шығыны шартында технологиялық блокта булы газ ортасының (БГО) жарылысынан туындаған болуы мүмкін бұзылулар масштабы мен деңгейінің көрсеткіші.

21

Булы газ ортасының келтірілген ортасы

Толық жану энергиясы жанудың үлесті жылулығымен анықталатын жарылыс қауіпті булы газ ортасында жанатын заттар салмағы, 4,6104 кДж/кг.

22

Жарылыс қауіптілік деңгейі бойынша технологиялық блоктар классификациясы

Технологиялық блоктардағы тұрпатты авария кезінде атмосфераға лақтырылуы және технологиялық жүйелердің жабық көлемдері мен өндірістік үй-жайларда булы газ бұлттардың жарылыстарына қатысуы мүмкін қатысты энергетикалық потенциалдар мәні және келтірілген жанатын булы газ ортасы салмағы бойынша технологиялық блоктар градациясы.

23

Авария алды дабылдама

Технологиялық процесс өлшемінің ескерту мәніне жеткен кезде іске қосылатын дабылдама.

24

АҚАҚ

БӨАжА құралдары мен элементтерінде, есептеу техникасы және онымен басқарылатын атқару құрылғыларымен базаланатын аварияға қарсы автоматты қорғаныс.

25

Автоматты басқару

Технологиялық процессті немесе оның бөлігін (сатымен, сатылармен) басқару немесе микропроцессорлық техниканы, берілген бағдарлама бойынша есептеу техникасын және олармен басқарылатын атқару механизмдерін пайдалану және оның жекелеген қызметтерін жүзеге асыру.

26

Автоматтандырылған жүйелер

Оларға берілген қызметтерді автоматты басқару құралдарымен байланыста немесе оларсыз жүзеге асыратын Есептеу техникасымен жарақталған жүйелер (АСУ, АСУП, АСУ ТП).

27

Технологиялық блоктың энергетикалық тұрақтылығы

Нақты технологиялық блоктардың жарылыс қауіптілігінің жиынтық талдауы кезінде анықталатын энергиямен жабдықтау кенет тоқтаған кезде тұрпатты авариялардың туындау және даму мүмкіндігінің (анықтығының) сипаттамасы.

28

Штаттан тыс жағдай

Технологиялық процесс немесе жабдық жағдайы қалыпты жұмыс істеу шегінен шығып аварияға соқтыруы мүмкін жағдай.

29

Авариялық жағдай

Авария болған және одан әрі оның дамуы мүмкін жағдай.

310

«Әдеттегідей»

Талап басымды болып табылады, одан ауытқу негізді болуы тиіс.

31

«Рұқсат беріледі»

Осы шешім амалсыздан ретінде пайдаланылады.

32

«Ұсынылады»

Осы шешім ең жақсыларының бірі болып табылады, бірақ міндетті емес.

33

Сақтандырғыш құрылымдар

Үй-жайы ішіндегі жарылыста ғимараттың негізгі элементтерін бұзылудан сақтай отырып, жарылыс энергиясын шығаруды қамтамасыз ететін ғимараттың құрылымдық элементтері.

34

Процессті өңдеуші

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарға негізделген технологиялық процессті жобалауға шығыс деректерді өңдеуді жүзеге асыратын ұйым.

____________________




с. 1

скачать файл

Смотрите также: