Информационно-справочный материал


с. 1



Информационно-справочный материал




«Өңірлердегі этноәлеуметтік және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару» тақырыбындағы семинар-тренинг
















2013 жылғы 13 наурыз сағ. 11.00-де Қостанай қаласында, «Достық үйі» ғимаратында (Ы. Алтынсарин көшесі, 115 үй) «Өңірлердегі этноәлеуметтік және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару» тақырыбындағы 3 күндік аймақтық семинар-тренинг өз жұмысын бастайды.

Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Қостанай облысы әкімдігі ұйымдастырып отыр. Семинар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының білім беру және ғылыми ұйымдастыру іс-шаралар жоспар-кестесіне сәйкес өтеді.

Іс-шара жұмысына Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Садвокасованың қатысады.

Семинар-тренингке Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының этносаралық қатынастар мәселесімен айналысушы мемлекеттік қызметшілері, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, этномәдени, жастар және басқа да қоғамдық бірлестік жетекшілері, конфессиялардың, ҚХА ғылыми-сарапшылық топтарының, жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысады.

Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы
Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында этноәлеуметтік және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.

* * *


Іс-шара барысында этномәдени отралықтар тәжірибелерімен алмасу, қоғамдық келісім және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған міндеттер мен қажетті шаралар қарастырылып, нәтижесінде этносаралық және конфессияаралық қатынастар мен этностық әралуандықты басқару салаларындағы саясатты іске асыру жөнінде құнды ұсынымдар айтылады деп күтілуде.

Анықтама үшін телефондар:

8 (7142) 57-50-49, 57-50-45, 8 701 703 83 17


frame2


с. 1

скачать файл

Смотрите также: