Іі тарау. Трилогиядағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқылы


с. 1



Ф – ОБ - 001/033

М а з м ұ н ы

Кіріспе..........................................................................................................................3
І тарау. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы көріністері мен жасалу жолдары.

1.1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың зерттеулердегі сипаттамасы...............................................................................................................11

1.2. Ә. Нұрпейсовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласының жасалу жолдары...........................20
ІІ тарау. Трилогиядағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқылы және басыңқы компонентерінің мезгілдік жағынан өзара қарым – қатынастары

2.1. Трилогиядағы бір мезгілдес сабақтас құрмаластар...................35

2.2. Трилогиядағы әр мезгілдес сабақтас құрмаластар.........................42
Қорытынды..............................................................................................................49

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................55

Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Диплом жұмысының маңыздылығы.
Синтаксистің үлкен бір саласы - құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романында жасалу жолдары мен қолданыстағы көріністері , бағыныңқы , басыңқы компонентерінің мезгілдік жағынан өзара - қатынастары теориялық тұрғыдан жаңаша қарауға ықпал етеді. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жетіліп отыруы әдеби тіліміздің баю, даму жолымен тығызы байланысты. Сол көріністердің мазмұн -сыры осы жұмысымызға негізгі арқау болды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:

Диплом жұмысын жазудағы мақсат – қазақ тіліндегі мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердерің табиғаты мен мәнін, оның сөйлемде алатын орынын айқындау.



Диплом жұмысының міндетттері.

Диплом жұмысының көрсетілген мақсатына орай жұмыста мынадай нақты міндеттер қойылды:



  • романда кездесетін мезгіл бағыныңқылы сабақтастарға талдау жасап, жасалу жолдарын анықтау;

  • мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың мағыналық жағынан қарым – қатынастарын көрсету;

  • оларды өзіндік ерекшеліктері бойынша біртұтас жүйеге жинақтау;

  • мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың қазақ тілінің тіл – сөйлеу жүйесінде алатын орны мен атқарылатын қызметтерін сипаттап анықтау.

Диплом жұмысында пайдаланылған әдістер.

Дағдылы лингвистикалық сипаттама, салыстыру, топтау, талдау әдістері қолданылады.

Диплом жұмысының құрылымы.

Орындалған жұмыс кіріспеден, екі тараудан , қорытынды мен пайдаланылған әдбиеттер тізімінен тұрады.



Кіріспе

Қазақ тіл білімі саласындағы ең көп қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі - құрмалас сөйлем синтаксисі.

Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау - құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құрамды категория.

Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі -сөз, екіншісінің мүшесі - сөйлем. Бұл жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен қүрылысы, қүрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешілігі - олардың бірінің жеке бір ғана ойды біілдіріп, екшшісінің күрделі ойды білдіруінде.

Осы айтылған структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда, құрмалас сөйлемге екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін сөйлемдер жатады. Сөйлем құрмалас болу үшін өз ішінен сөйлемдік бөлшектерге бөлінуі шарт.

Құрмалас сөйлем синтаксисіндегі күні бүгінге дейін кездесіп жүрген күрделі мәселелердің көбі оның сабақтас түрінен болады.

Сабақтас құрмалас сөйлем мәселесі тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркология бойынша күрделі проблемалардың бірінен саналады.

Сабақтас құрмалас сөйлемді дұрыс тану деген сөз мұның өзіне тән айырым белгілерін ғылыми жүйеде саралау болып шығады. Ал бұл жағдайдың өзі қазақ тіл білімі былай тұрсын, түркологиялық ілімде де басы ашылмаған мәселе. Құрмалас сөйлемді зерттеушілердің көбі сабақтасты айқындауда өзіндік түсінік, тұжырым мен әр түрлі критерийлер үсынады. Бұл ретте көптеген түркологтар сабақтас құрмалас сөйлемнің әрбір компонентінің айырым бастауышы болсын деген талапты бірінші орынға қойса, енді қайсыбіреулері басыңқы бөлшектен бөлек бағыныңқыда арнайы бастауыштың болуын басты меже тұтпайды. Сондай-ақ соңғы кездерде танылып жүрген интонациялық белгіні бір топ ғалымдар қолдаса, енді біреулері бүны бағыныңқыға тән айырым белгі ретінде қарамайды. Міне, осы жағдайларды ескере келіп, сабақтас сөйлемнің грамматикалық сипатын дұрыс тани білу үшін, оған тән айырым белгілерді саралап алу қажет. Ондай белгілерді Қ.Есенов мынадай деп саралайды:

1. Сабақтастағы әрбір сөйлемнің өзіне тән бастауышы мен баяндауышы болып, соған орай олардың субъект-предикаттық қатынасқа түсіп отыруы;

2. Бағыныңқы сөйлем баяндауышын басыңқымен байланыстыратын түрліше амал-тәсілдердің болуы. Олар - шартты рай, есімше, көсемше, қимыл есім формалары және осылармен қосыла айтылатын түрліше жалғаулықтар мен шылау сөздер.

3.Бағыныңқы сөйлемнің біршама да болса айырым ойға ие болып, басыңқыдағы ойдың мазмүнын түрлі жақтан айқындап тұруы.

4.Бағыныңқы компоненттің басыңқымен ұласпалы интонация арқылы айтылуы [1,175]

1. Тіл білімінде сөйлемнің сөйлем екендігін айқындайтын ең басты меже-предикаттық қатынастың болатындығы айтылады. Осыған орай түркологиялық ілімде де бағыныңқы сөйлемді айқындауда бұл белгі (предикаттық қатынас) соңғы кездерде таныла бастады.

Предикаттық қатынас - бастауыш пен баяндауыштың қатынасы. Олай болса, бұл байланысу бағыныңқы сөйлемдерден осындай бас мүшелердің болуын талап етіп отырады. Сөйлем ішінде болатын бастауыш кейде арнайы аййтыла бермейді, алайда оның барлығы баяндауыштың жіктік жалғау формасы арқылы белгілі болып тұрады. Мұндай заңдылық сабақтаста шартты рай тұлғасы арқылы жасалған бағыныңқыларда болады. Сондықтан мұндай сөйлемдердің баяндауышы арқылы әрі қимыл иесін біліп тұрамыз. Ал есімше, көсемше тұлғасы арқылы жасалған бағыныңқылар жайында мұны айтуға болмайды. Өйткені бұл сөйлемдерде предикаттық қатынастың орын алуы, шартты рай тұлғалы бағыныңқылардағыдай, баяндауыштың сөздің жалаң өзімен ғана емес, арнайы бастауыштың айтылуымен тығыз байланысты болады.

Бұл жай қазақ тілі бағыныңқыларын саралауда «предикаттық қатынас» болсын деген тұжырымның тым әлсіздеу де бір жақты екендігін аңғарта түседі. Сондықтан да есімше, көсемше тұлғалы сөйлемдердің де бағыныңқы болудағы қызметін ескере отырып, жалаң «предикаттық қатынас» деуден гөрі «субъект-предикаттық қатынас»деп айтқан дұрыс болар еді [1,176].

Сабақтас құрмалас сөйлемді айқындауда бүл критерий ең басты меже болып саналады. Өйткені кез келген конструкцияның сөйлем екендігін оның бойында субъект-предикаттық қатынастың бар-жоқтығы айқындап тұрады. Егер сөйлемнің бойынан мұндай қасиет табылса, онда оның сөйлемдік қүрылыста келгені де, ал табылмаса, ондай конструкцияның сөйлемдік дәрежеге жете алмағандығы белгілі болады.

Құрмалас сөйлемдегі бастауыш жайындағы ілімді одан әрі дамытқан және осы жайында кейбір толықтырулар енгізген адам профессор Н.К.Дмитриев болды. Автордың мүндай пікірі оның бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілерін айқындаумен тығыз байланысты еді [2, 245].

Профессор Н.К.Дмитриевше, сөйлемнің бағыныңқы бола алуы ондағы бастауыш пен баяндауыштың бар-жоқтығына қатысты келеді. Егер

де бағыныңқының өз бойында басыңқы сөйлемнен бөлек өз алдына бастауышы мен баяндауышы болса, автор мұндайды сабақтас құрмалас деп атайды. Кейінгі кездерде жарық көрген түркі тілдерінің еңбектеріндегі сөз болатын предикаттық қатынас осы Н.К.Дмитриевтің ілімімен ұштасып жатады. Автор мұндай предикаттық қатынасты сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының қиысып келуі негізінде түсіндіреді де, бұл қасиетке ие бола алмағандарын бағыныңқы сөйлемнің ауыспалы түрі деп қарайды.

Бағыныңқы сөйлемге тән болатын субъект-предикаттық қатынас жалпы сөйлем атаулыға қатысты ортақ заңдылықтардан шығады. Өйткені сабақтас құрмаластың компоненттерін (бағыныңқы, басыңқы) сөйлем дәрежесінде қарастыратын болсақ, олардан талап етілетін заңдылықтар жалпы сөйлем синтаксисінің нормасынан алынады.

Сабақтас құрмаластың бастауышы жайында ілімді саралай талдасақ, оның мазмүны толығырақ ашылады:

1) Бастауыштың қажеттілігін барлық бағыныңқы сөйлем түрлерінде бірдей қарау. Мұндай көзқарасты әсіресе профессор Ғ.Абдурахманов қолдайды.

Профессор Қ.Сартбаев бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілерін айта келіп, ондағы болатын грамматикалық тұтастықты орынды көрсетеді. Мұндай грамматикалық тұтастық бағыныңқының бойында болатын бас мүшелермен айқындалады. [3,102]

Ал профессор Ғ.А.Абдурахманов сабақтас құрмаластағы бас мүшелердің қатынасын бағыныңқылардың барлық түрлерінен бірдей қажет етеді. Сөйтіп күні бүгінге дейін көптеген түркі тілдерінде сабақтас құрмалас деп танылып келген конструкцияны жай сөйлем деп түсіндіреді. [4,84]

Сол сияқты профессор Ч.Б.Алиев те сөйлемнің құрамында бастауыш біреу-ақ болса, мұндайды жай сөйлем деп қарайды. [5,131]

Қазақ тіл білімінің тұңғыш филолог-профессоры Қ.Жұбанов құрмалас сөйлемнің бас мүшелердің негізінде құралуын талап етіп еді:

«Күрделі сөйлем болу үшін күрделі мүшенің бастауышы да, баяндауышы да болуы шарт» [6,230]. Күрделі мүше деп бүл жерде қүрмалас сөйлемді айтып отыр.

2) Бастауышты бағыныңқы сөйлем түрлерінде саралай қолдану. Бұлар бастауыштың әрбір бағыныңқыда бірдей бола беруін талап етпейді, оны міндетті деп санамайды. Бастауышты саралай қолданудағы мұндай ғалымдардың қатарына Г.Саибатталов, М.Гаджиев, Н.Сауранбаев. Ғ. Бегалиев т.б. жатқызуға болады.

Башқұрт тілінің құрмалас сөйлем синтаксисін арнайы қарастырған профессор Г.Саибатталов бастауыш сөзінің бағыныңқыларда әрдайым бола бермейтінін, соған орай олар қүрылысы жағынан екі құрылымды болуымен қатар бір құрылымды да болып келетінін және осы бір құрылымды құрылыстың түркі тілдерінде басым екендігін айтады. Автор бастауыштың болуын есімшелі, көсемшелі бағыныңқы сөйлемдермен ғана байланыстыра қарайды [7,19].

Профессор М.З.Закиев сабақтас құрмалас сөйлемнің әрдайым екі құрылымды болып келуін айта отыра, кейде оның бір құрылымды да болуын теріске шығармайды [8,278].

Сабақтас құрмаластағы бастауыштың қажеттілігі, сонымен қатар кейде оның әрбір компонентте бола бермейтіндігін қазақ тіл ғалымдары да (С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев) айтқан еді.

Доцент С.Жиенбаев өзінің «Синтаксис мәселелері» атты еңбегінде құрмалас сөйлем компоненттерінен бастауыштарды талап ете отырса да, шартты рай тұлғасында келген бағыныңқылардың бір ғана бастауышқа ортақтасуын да айтады. Бұл жайды автордың осы бағыныңқыларға берген мысалдарынан көруге болады: Барсам да, таба алмадым [9,19].

Доцент Ғ.Бегалиев «Құрмалас сөйлем» атты еңбегінде шартты және қарсылықты бағыныңқылардың бір бастауышқа да ортақтасып келе беретіндігін ескертеді.

Профессор Н.Сауранбаев та бастауыштың ортақ болып келуін теріске шығармайды. Профессор Т.Қордабаев бағыныңқы сөйлемдердің бас мүшелердің негізінде құрылуын қолдайды [24,267].

3) Бағыныңқы сөйлемді айқындауда бастауыш меже бола алмайды.

Бұлар сөйлемнің сабақтас екендігін ажыратуда бастауышты негізгі тірек қылмай, баяндауышқа арқа сүйейді, сондықтан баяндауыштың болуын басшылыққа алады. Мұндай ілімді жақтаушылардың қатарына Н.П.Дыренкова, М.Ш.Ширалиев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. жатқызуға болады.

Сөйтіп бір топ ғалымдар бағыныңқы сөйлемнің критерийін айқындауда баяндауыш мүшені ең негізгі басты меже ретінде ұсынды. Бұл ретте бастауыштың әр компонентте де бола бермей, оның ортақтаса айтылуына мүмкіндік беріледі. Осы турасындағы ілімнің әлі де болса тұрақталмағанын байқауға болады.

2. Баяндауыш - сөйлем сабақтастырудағы негізгі орталық. Сабақтас қүрмаластағы синтаксистік компоненттер субъект предикаттық қатынастың негізінде белгілі бір форма арқылы өзара тығыз байланысқа түседі. Бүл ретте жай сөйлемдердің арасын құрмаластырып, оларды бір бүтіннің қарамағына түсіруде бағыныңқының баяндауышы елеулі қызмет атқарады. Сондықтан да ол сабақтас сөйлемдегі негізгі орталық, аралық баспалдақ болып саналады. Олай болса, бағыныңқының баяндауышы - жалпы сабақтас құрмалас сөйлемнің типтерін жасаудағы негізгі көрсеткіш, ең қажетті байланыстырғыш элемент ретінде танылады.

3. Бағыныңқы сөйлемнің дербес ойға ие бола алуы.

Сабақтас құрмалас сөйлемге тән болып келетін бүл белгі ондағы оқиға желісінің субъект-предикаттық қатынастың негізінде құралуымен тығыз байланысты. Осындай байланыстың қарамағына түскен әрбір синтаксистік компоненттер өзіндік айырым ойға ие болып түрады. Мұндай әрбір жеке ойлар бірін-бірі толықтырады, айқындайды, біріншідегі ой арқылы екіншісінің мазмұны ашылады. Бұл ретте әсіресе бағыныңқы компонент айрықша мәнге ие болады. Өйткені негізгі сөйлемде баяндалған түпкі ойдың мазмұны бағыныңқыдағы дербес оймен байланысты келеді. Сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компоненті басыңқыда хабарланған ойдың шартын, мезгілін, себебін т.б. мағыналық белгілерін білдіріп тұрады деуіміз де осыдан.

Бағыныңқы сөйлемде дербес ойдың болуы жайында ең алғаш пікір айтқан адамдардың бірі - профессор Н.К.Дмитриев еді: [2,192-бет]. Кейіннен бұл пікір әр зерттеушілер тарапынан қолдау тапты. Бұлардың қатарына М.Ш.Ширалиев, Н.Сауранбаев т.б. жатқызуға болады.

4. Бағыныңқы сөйлемнің өз басыңқысымен ұласпалы интонацияда айтылуы.

Кез – келген сабақтас құрмалас сөйлем өз құрамындағы синтаксистік компоненттердің ыңғайына қарай айтылу барысында интонациялық жікке ие болып тұрады. Мұндай интонациялық құбылыс жеке сөйлемдер арасын селбестіруде елеулі қызмет атқарады. Бағыныңқы сөйлемде болатын дауыс екпіні оның баяндауыш тұлғасымен тығыз байланыстырыла қаралады. Өйткені интонациялық жік бағыныңқыдағы осы баяндауыш сөзінің басыңқымен байланысқа түскен жерінде болып отырады.

Құрмалас сөйлемдегі интонация ұластырушы мәнге ие болып, екі жай сөйлемнің басын бір жерге қосуда елеулі қызмет атқарады. Сабақтас құрмаластағы интонация жөнінде профессор М.Балақаевтың пікірі назар аударарлықтай. Автор өзінің «Сабақтас сөйлемнің ерекшеліктері» атты мақаласында сөйлем атаулыда болатын интонациялық құбылыстың барлығын бірдей тең дәрежеде қарауға болмайтынын, олардың әр сөйлемде өзіндік қызметі барлығын ескертеді: «Сөйлемнің айтылу интонациясы ұластырушы болса, онда ол сөйлемнің бағыныңқы болғаны. Сөйлемдегі сөздер тобы ырғақты үнмен, түрлі әуенмен және кідіріс жасалып айтылса, олар сөйлем ішіндегі сөйлем болмай, жай сөйлемнің бөлшектері» болғаны.

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі интонациялық белгіні әңгіме қылғанымызда, оның сөйлемдер арасын байланыстыратын тәсілдік қызметін де ескергеніміз жөн.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің бойынан осы аталған төрт критерийдің де орын алуы қажет. Егер де олардың біреуі сөйлем бойынан табылмаса, оның сабақтас та бола алмағандығы. Олай болса, бағыныңқы сөйлемге тән болып келетін басты белгілерді талап етіп отыр - жалпы сабақтас құрмаластың грамматикалық құрылысын дұрыс тани білуге мүмкіндік жасайды.



І тарау.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласының қоланыстағы көрісітері мен жасалу жолдары.

1.1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың зертеулердегі сипаттамасы

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі аумақты да күрделі мәселенің бірі – оның бағыныңқы түрлерін өзара саралау мәселесі. Өйткені бұл тіл – тілдердің қайсысында болмасын зерттеушілердің назарын әрдайым өзіне аударып отырады. Қазақ тілі бағыныңқыларының ең алғашқы зерттелу барысында олардың саралану жолы орыс тіліндегі еңбектер мен граматикаларға негізделген болатын. Осы орайда бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуы жағынан жалпы тіл білімінде орын алған кейбір ілімдерге тоқтала кеткен жөн. Өйткені ол ілімдер қазақ тіл біліміндегі сөз болғалы отырған мәселеге өзіндік әсер етпей қойған жоқ.

Ертеректе тіл білімінде сабақтас сөйлемдерді бағыныңқылық жақтан өзара саралауда белгілі бір принцип меже болып отырмады. Өйткені бағыныңқы сөйлемдердің ғылыми жүйеде топтастырылу, белгілі бір қалықа түсуі әр ілімнің негізінде болды. Бұл ол кездерде қай тілге болса да тән құбылыс еді. Граматикалық заңдылықтар мен тілдік құбылыстардың жетіліп, дамып отыру процесі сабақтас сөйлемнен де орын алды.

Қазақ тілі бағыныңқы сөйлемдерін топтастыруда функционалды, тұлғалық және құрылыс - семантикалық принциптер басшылыққа алынды. Соның ең алғашында үстем болған түрлі - функционалды классификация. Қазақ тіл білімінде бұл тәсілді қолданушылар профессор Қ. Жұбанов , доцент С. Жиенбаев және процессор Н. Сауранбаев болды. Бұл аталған ғалымдар өздерінің еңбектерінде орыс тілінің ізімен бағыныңқы компанентті басыңқының бір мүшесі есебінде қарап , оны сол мүшенің атымен атады.

Сөйтіп бағыныңқының қызметі сөйлем мүшесінің қызметімен бірдей ұғынылды. С. Жиенбаев осы жайында «Бағыныңқы сөйлемді басыңқы сөйлемнің бір мүшесі қатарында есептеу керек», - деді [9,17].

Қазақ тілі бағыныңқыларын осылайша сөйлем мүшелерінің ыңғайында саралау 1940 жылдарға дейін орын алып келеді.

Профессор Қ. Жұбанов 1936 жылы 5 – 6 кластарға арнап жазған «Қазақ тілінің програмасында» бағыныңқы сөйлемді басыңқының белгілі бір мүшесіне тели отырып саралайды. Бұл ретте тек шартты рай тұлғалы сабақтастар ғана негізге алынған. Сөйлемдер бағыныңқылық жақтан жеті түрге жіктеледі.

1) бастауыш бағыныңқы; 2) баяндауыш бағыныңқы; 3) септес бағыныңқы; 4) іліктес бағыныңқы; 5)шақтас бағыныңқы; 6) жанас бағыныңқы; 7) қабыс бағыныңқы [10,23].

Доцент С. Жиенбаев өзінің «Синтаксис мәселелері» атты еңбегінде бағыныңқы сөйлемдердің топтастыру принципін, негізінен алынғанда, профессор Қ. Жұбановтың үлгісімен жүргізеді. Бұл оның өзі атағындай, «нақтылы бағыныңқылар» түрінде айқыын байқалады. Автордың нақтылы бағыныңқылар деп отырғаны - қатынастық сөздерімен жұмсалған шартты рай тұлғалы сөйлемдер. Мұндай бағыныңқылар сөйлем мүшелерінің атымен аталып отырады. Бағыныңқы сөйлемдерді жіктеуде С.Жиенбаев шартты, қарсылықты бағыныңқылардың да бар екендігін көрсетіп, кәдімгі нақтылы бағыныңқылардың өзі де осылар дейді және үйірлі мүшелерді бағыныңқы сөйлемнің қатарына жатқызады.

Бағыныңқы сөйлемдерді фунционалды принципті негізінде саралау профессор Н. Сауранбаевтың еңбектерінен орын алды. Ол мезгіл , себеп, амал, шарт қарсылықты бағыныңқы түрлеріне жіктейді.

Бағыныңқы сөйлемдерді топтастыруда жоғарыда аталған ғалымдардың арасында өзара айырмашылықтар болды. Мысалы, Қ. Жұбанов пен С. Жиненбаев өз еңбектерінде бастауыш, баяндауыш бағыныңқыларды атаса, Н. Сауранбаевтың зерттеулерінде бұл аталған бағыныңқылар сөз болмайды.

Қазақ тілі бағыныңқы сөйлемдерін топтастыруда соңғы кездерінде мағыналық принцип орын алды. Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлем сөйлемдік мәнінде кең ұғымда түсініліп, оның басыңқымен тығыз қарым – қатынасқа түсудегі екі арадағы мағыналық мазмұны басшылыққа алынады.

Сабақтас сөйлемдерді мағыналық белгісіне қарай жіктеу профессор С. Аманжоловтың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты еңбегінен орын алды. Онда сабақтас құрмалас сөйлемдер он сегіз түрге жіктелген: 1) себеп - салдар, 2) мезгіл, 3)шарты, 4) ұқсасты, 5) мақсатты, 6) қарсылықты, 7) дағдылы, 8) нұсқаулы, 9)үлестес, 10)аяулы, 11) баяндауыш, 12) қыстырмалы, 13) мекен, 14) арналас, 15) сілтеу, 16) ыңғайлас, 17) үдетпелі, 18) тақырыпты [11,201] .

Бағыныңқы сөйлемдерді топтастыруда қазақ тіл білімінде мағыналық – тұлғалық принцип те басшылыққа алынады. Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлемдердің басыңқыны айқындаудағы мағыналық белгілері мен олардың жолдары тығыз байланыстырыла қаралады.

Түркі тілдеріндегі бағыныңқы сөйлемдер әр түрлі принциті негізге алып отырады. Мәселен, М. Ш. Ширалиев , А, Абдуллаев сөйлемнің синтаксистік функциясын басшылыққа алса, Қ. Сартбаев, Т. Санбатталов бағыныңқы сөйлемдердің құрылысы мен семантикасын қарайды.

Тіліміздегі бағыныңқы сөйлемдердің жасалу жолдарын саралай талдасақ, олардың көпшілік жағдайда басқаша амалдар арқылы құрмаласатын байқауға болады. Бұл ретте бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы елеушілі қызмет атқарады. Егер қатыстық бағыныңқыларда сөйлемдер арасын байланыстырушы дәнекер әр уақытта да шартты рай тұлғалы баяндауыш болса, өзге бағыныңқы түрлерінде осы қызметке баяндауыштың басқа грамматикалық тұлғалары қатынаса алады. Мұндай баяндауыш етістіктің есімше, көсемше т.б. түрлерінде жұмсалып, бағыныңқы мен басыңқы компонентерді әр алуан мағыналық байланысқа түсіріп отырады. Сөйлемдер арасындағы осындай әр алуан мағыналық байланыстардың тоғысар арнасы да біреу – ақ. Ол бағыныңқы компоненттің басыңқыға пысықтауыштық ыңғайда жұмсалыумен тығыз байланысты келеді. Ал, мұның өзі, салып келгенде, бағыныңқы баяндауышының есімше, көсемше тұлғаларында келуімен айқындалады. Өйткені осындай амалдар арқылы жасалған бағыныңқы сөйлемдер өз басыңқысымен шарттастық , мезгілдік , амалдық, себептік т.б. мәндерде жұмсала айтылып , пысықтауышқа тән заңдылықтардың негізінде құралады. Тіл білімінде осындай мәндегілер адвебиалды сөйлемдер деп те аталып жүр. Мұндай атау пысықтауыштың бойына тән мағыналарын қамтиды.

Адвебиалды бағыныңқы сөйлемдерді құрылыс - сенмантикалық принцике сүйене отырып , оларды өзара былайша жіктеуге болады

1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3)мезгіл бағыныңқы; 4)себеп бағыныңқы; 5) амал бағыныңқы; 6) мақсат бағыныңқы.

Дүниедегі заттар мен құбылыстардың қимыл - әрекеті белгілі бір уақыт мерзімінде болып жатады. Уақыт – өмірде болып жататын оқиғаларға тән заңдылық. Өйткені уақыттан тысқары, мезгілсіз ешбір оқиғалардың орындалуы да мүмкін емес. Алайда осындай процестердің біздің санамыз бен түйсігімізге, тәуелсіз сөз беттерімен орындалып жататындығын ескерте кеткен жөн. Мұның өзі мезгілдік ұғымның мөлшері «біреудің тарапынан» айқындалмайтынын аңғартса керек. Мезгілдік ұғым белгілі бір іс – әрекет, объектімен тығыз байланысты. Сондықтан да ол – өмірде үзбей болып тұратын заңды да табиғи процесс.

Мезгілдік ұғымның мұндай көрінісі өз сипатын мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнен де таба алады. Бұл ретте бағыныңқы компонент басыңқыда айтылған ойдың мезгілін білдіріп , ондағы орындалған немесе орындалатын оқиға - әрекетінің уақыт мөлшерін көрсетіп тұрады. Ал, бүтіндей сөйлем бойындағы мезгілдік қарым – қатынас ондағы бағыныңқы және басыңқы баяндауыштардың берілу жолдарымен байланысып жатады. Мұндай баяндауыш формаларының өзгеріп отыруы мезгілдік қатынастың құбылуына да әсерін тигізеді.

Сонымен қатар бағыныңқының осы түрінде қолданылатын кейбір үстеу сөздер де сөйлемнің мезгілдік дәрежесін айқындауға қатынасып отырады. Бұл айтылған жайдан мезгіл бағыныңқылы сабақтаста мезгілдік ұғымды жалаң бағыныңқы компаненттен , оның баяндауышынан іздестіре бермей бүтін сөйлем бойынан , синтаксистік компанентердің тығыз қарым – қатынасындағы бірлігінен танудың жөн екендігі аңғарылады.

Бағыныңқы сөйлемнің табиғаты әр түрлі түсінілетін не, болмаса оған тән критерилер дұрыс сараланбағандықтан , түркі тілдері жайында жазылған кейбір еңбектерде мезгіл бағыныңқылы сабақтасын дұрыс тани алмаушылық кездесіп қалады. Бұл мәселе жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара жігін ажыратудағы кейбір кезедесетін қиыншылықтармен де астарласып жатады. Соның салдарынан зерттеушілердің біреуі әдеттегі кейбір жайылма жай сөйлемдерді мезгіл бағыныңқыны сабақтас деп таныса, кейбіреулері басы ашық мезгіл бағыныңқылы жай сөйлем деп қарайды. Мәселен, Т.М. Ахтямова өзбек тіліндегі Илгари давлатимиз борида эрим билан театрға борар эдік деген жай сөйлемін мезгіл бағыныңқылы сабақтас деп талдайды [12,10].

Ал М. Дәулетов қарақалпақ тіліндегі мына тәрізді мезгіл бағыныңқыларды жай сөйлем қатарында түсіндіреді: Мектептен шыққанда ызғырық самал есіп тур еди. Пуу жіберилген уақта матор тоқтады [13,75].

Қарашай - балқар тіліне арналған кейбір еңбектер де мезгіл бағыныңқы болатын сабақтас жай сөйлем ретінде қаралады. Кюн чыкьгынчы бииз таугьа чыкьган эдик [14,230].

Мезгіл бағыныңқылы сөйлем - сабақтастардың ішіндегі әдеби тілімізде ең аумақты да кең қолданылатын түрі. Бұл заңдылық тіл – тілдердің көпшілігіне ортақ болып келеді. Мезгіл бағыныңқылардың тілімізде көп қолданылуы олардың жасалу жолдарының жан - жақты келетіндігімен айқындалады.

Түркі тілдерінде, сонымен қатар қазақ тілінде сабақтас құрмалстың құрылымдағы бағыныңқы компоненттер өздерінің орналасуы жағынан көбінесе тұрақты болып келеді: бағыныңқы бұрын , басыңқы кейін жұмсалады. Осыған орай да бағыныңқы сөйлемдердің орын тәртібі арнайы әңгіме бола бермейді.

Сабақтас құрмаласта бағыныңқы сөйлемдердің өз басыңқысынан бұрын орналасуы түркі тілдерінің табиғатына тән құбылыс. Солай бола тұрсада да айтушы адамның көзқарасы, мақсат – тілегі не нәрсеге боса назар аударуына байланысты кейде бағыныңқы сөйлемдердің тәртібі алмасып отырады. Осындай заңдылыққа сай олар сөйлемнің бас шенінде ғана жұмсалып қоймай, бағыныңқы компоненттің аралығына түсіп те не болмаса одан кейін де қолданылып қалады.

Бағыныңқы компаненттің өз басыңқысынан бұрын орналасуы қалайша түсіндіруге болады? Біріншіден, түрлі тілдерінің заңдылығы бойынша бағыныңқы сөйлемдер өз басыңқыларының түрліше амалдық сипатын білдіру үшін жұмсалады. Мұндай амалдық сипат басыңқыда айтылған ойдың (мезгіл басыңқыда айтылған ойдың) мезгіл, амал, мақсат, шарт, себебін білдіру ыңғайында келеді.

Бағыныңқы сөйлемнің өз басыңқысынан бұрын орналасыуы, екеншіден, қазақ тілінде, сондай – ақ түрлі түрлерінде оның өз басыңқысымен жалғаулық арқылы емес, көбінесе баяндауыш формалары арқылы құрмаласуымен де тікелей байланысты. Өйткені сабақтас құрмалас сөйлемдегі байланысу амалы жалғаулықтар арқылы жүзеге асса, бағыныңқы компоненттің орналасуы екінші орынға шығады. Демек, бағыныңқыларды байланыстыратын амал – тәслердің түрлері де олардың орын тәртібіне әсер етпей қоймайды.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің орыс тілінде жалғаулықтар арқылы жасалуларына орай олардың бағыныңқы сыңары көбінесе өз басыңқысынан кейін орналасады дедік. Солай бола тұрса да, мұнда да кейде қазақ тіліндегідей бағыныңқылардың сөйлем басында қолданылып қалулары кездеседі. Бұл жайды орыс тілінің бағыныңқы сөйлемдерін зерттеуші ғалымдар көрсеткен болатын: Что Ноздрев лгун отъявленный , это было известно всем (Гоголь) [15,107].

Сөйтіп бағыныңқы сөйлемдердің орын тәртібі қай тілде болса да белгілі тәртіппен қалыптасқан болса, кейде қолданылу барысына қарай олардың орны алмасып та келе береді. Қазақ тілі заңдылығында бағыныңқы компанент көбінесе сөйлем басында қоланылатын болса, сонымен қатар оның сөйлемнің ортасы мен соңында да орналасып қалатыны байқалады. Бағыныңқы сөйлемнің қоланысындағы осындай заңдылыққа өз кезінде профессор А. Ысқақов назар аударған болатын. Ендігі сөзіміз осылар жайында болмақшы.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы компоненті қолданылу барысына қарай кейде сөйлемнің ортасында, дәлірек айтсақ, басыңқы қанаттың ортасында жұмсалады. Бұл ретте сөйлемнің басыңқы компоненті екіге жарылады да (сөйлемнің басы және соңына), бағыныңқы бөлшек солардың екі аралығына түседі. Басыңқының бұлайша жарылысқа түсуі көбінесе оның бастауыш сөзінің сөйлем басында оқшаулануы арқылы жүзеге асады. Басыңқы бастауышының сөйлем басында даралануы оған ерекше мән туғызады, айрықша көңіл аудартады. Сонымен қатар ол өзінен кейін іле -шала қолданылатын бағыныңқы сөйлемдегі оқиға желісімен тығыз байланыстылықты да күшейтеді.

Мұндай тәртіпте орналасқан сөйлемдер Ә. Нұрпейсовтің «Қан мен тер» трилогиясында жақтың қасы. Мәселен бағыныңқылықты сабақтастың жасалу жолдары бойынша трилогиядан терілген сөйлемдердің дені дағыныңқы сөйлем өз басыңқысынан бұрын орналасқан сөйлемдер. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы компоненті сөйлем ортасында, дәлірек айтсақ,басыңқы сөйлемнің ортасында келуі тек бірлі – жарым мынадай сөйлемдерде кездесті.

Судыр Ахмет, буы бұрқыраған от алдарына келе бергенде , қасында отырған қонақтың біріне «құда» деп айтып та салды (546 – бет).

Бұрын да аз сөзді жігіт , інісі алгеннен кейін, тіпті үндемей, ыза – кек тілін байлап тастағандай боп жүр (282 – бет). Осындай қайратты жігіттер , ертеңгі күні дружина құрғанда да, керек қой (288 – бек).

Сөйлемдерді осындай құрылысты айтуда басыңқының Судыр Ахмет, жігіт, жігіттер өзіне айрықша назар сударылып, ол ерекшелене жеке интонациялық құбылысқа да ие болып тұр. Ал егер осы сөйлемдегі бастауыш сөзінің орын өзгертіп, оны өз басыңқысымен қосып айтсақ, жоғарыда айтылған қасиеттер бастауыштың бойынан аластағы болар еді, ол басыңқыдан аластағы болар еді, ол басыңқыдағы басқа сөздермен бірге жай ғана әдеттегі қалпында айтылады қараңыз.

Бұл бұрқыраған ет алдарына келе бергенде, Судыр Ахмет қасында отырған қонақтың біріне «құда» деп айтып та салды.

Демек, басыңқы сөйлемнің екіге жарылуы, бағыныңқының солардың екі аралығына түсуі осылайша бір сөздің айрықша даралана , көңіл бөліне айтылуымен де тығыз байланысты. Негізгі ой көптілік жағдайда басыңқы жай сөйлемде беріледі де, бағыныңқы компонент сол басыңқыдағы ойды түрлі жағынан айқындап, дәлелдеп түсіндіру үшін қолданылатын қосымша бір мүше ретінде тұрады.



1.2. Ә. Нұрпейсовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың жасалу жолдары
Синтаксистік категориялардың толық мазмұны ондағы жеке сөздер мен сөйлемдердің аралық байланысын, өзара қарым – қатынасын, құрылымдық жолдары мен бір бүтіннің қарамағына түсудегі құрылыс ерекшелігін жан – жақтың талдағанда ғана ашыла түседі.

Бағыныңқының баядауышы сөйлемдер арасын жалғастырып байланыстырғыш қызметке ие болу үшін белгілі бір формада келесі басқа да көмекші сөздермен бірге қоланылады. Сондықтан де сабақтас сөйлемдігі баяндауыштың толық мазмұнының ашылуы оның осындай құрылымдық жолын аралай талдаумен айқындалады. Ал бұл жай, сайып келгенде, сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын зерттеу болып табылады.

Өйткені сабақтас сөйлемнің қан түрінің болмасын құрылуы, белгілі қалыпқа түсуі осы бағыныңқының баяндауышы арқылы жүзеге асады. Мұндай баяндауышты жетекшісі келесі бөлшекпен ұластырушы - түрліше граматикалық амал тәсілдер. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарында, міне, осындай формалық құбылыстар сөз болмақшы.

Кез – келген етістікті сөз бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бола бермейді. Мұндай қасиетке сабақтас құрмаласты жасай алатын амалдар мен үйлесе келген баяндауыш қана ие болады. Осыған орай да, ең алдымен, етістіктің қандай формалық түрлері бағыныңқының баяндауышын жасай алатындығы анықталуы қажет. Себебі бұл мәселе күні бүгінге дейін түркологияда әлі толық айқындалмай, әр зерттеушілер оны әр түрлі түсіндіріп келеді. Мұның өзі түркі тілдеріндегі сабақтас сөйлемге жалпылама болса да бір өлшемнің жоқтығын байқатады.

Сабақтас құрмалас, соның ішінде мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалуына байланысты ең алдымен айтарымыз – көпшілік түр кологтар бағыныңқының өсімше , көсемше формалары арқылы да жасалатынын теріске шығармайды. Біздің мұны айтып отырған себебіміз: кейбір ғалымдар (профессор Н.А. Баскаков , М.Ш. Ширалиев т.б.) бұл аталған жолдарда бағыныңқы сөйлемге тән деп қарамайды да, осы ретте тек шартты рай тұрғысынан ғана айтады.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі синтаксистік компоненттердің бір – бірімен байланысы басқа да сабақтас құрмаластардың түрлері сияқты бағыныңқының баяндауышы арқылы жүзеге асады.

Сонымен қатар екі жай сөйлемдерді бір бүтіннің қарамағына түсіруде басқа да амалдар, атап айтсақ, шылаулар да өзіндік қызмет атқарады. Сөйлемдер арасын байланыстыратын осындай амал - тәсілдерді бір жерге жинақталғанда , оларды өзара былайша саралауға болады.

1. Баяндауыш формасы арқылы. Мұнда мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер етістіктің есімше , көсемше және шартты рай тұлғалары арқылы жасалады.

Есімше жолының соңғы көсемше, шартты рай тұлғалық етістіктерден өзіндік айырмашылығы бар .

Есімшенің барлық формалары бір дәрежеде бағыныңқы сөйлемді жасалуға қатынаса бермейді. Мұндай функцияға көбінесе есімшенің ған формантты түрі ие болады. Сондықтан да сабақтас сөйлемнің есімше арқылы жасалған жолын айтқанымызда, оның осы ған формантты түрін түсінетін боламыз.

Есімшенің бұл түрі сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай алуан қызмет атқарады. Бірде күрделенген сөйлемнің түрінде анықтауыш мәнінде жұмсалса , енді бірде екі жай сөйлемдерді байланыстырғыш баяндауыш қызметінде келеді. Мұның барлығы ған формантты есімшенің сөйлем ішінде қолданылу ыңғайымен тығыз байланысы.

Өйткені есімшенің бұл түрі сөйлем ішіндегі басқа да сөздермен қарым – қатынасқа түсуде басыңқы қалпын өзгертіп , өзіне қажетті элементтердің қысыла айтылуын талап етіп тұрады. Мұндай көмекшелілер түрінше афинкстер мен шылаулар.

Есімшелердің осылайша қолданылуы сөйлем ішіндегі қызметін айқындауға көп жағдайда қиындық туғызады.

Есімшенің сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауыштық қызметі оның тұлғалық өзгерістерін саралай талдағанда ғана ашылады. Ал тұлғалық өзгерістер деп отырғанымыз есімшені бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштық қызметіне түсіре алатын түрліше амал – тәсілдер. Бұл айтылғаннан есімшенің жеке қалпындағы түрлі уақытта бағыныңқының баяндауышы бола алмайтындығы белгілі болады. Ал мұның өзі ған формасының сабақтас сөйлемде тек көмекшілік қызмет атқарып, негізгі басым салмақты осындай тұлғалы сөзбен тіркесе айтылған басқа амалдардың бойынша екендігін аңғарта түседі.

Олай болса, есімшенің ған формантты түрі бағыныңқының баяндауышы болу үшін аффиксация жолына түсуі қажет. Бұл ретте ған форматты есімше белгілі септік жалғауларында қолданылады.

Кейбір ғалымдар (Н.З. Гаджиева, Ч. Б. Алиев) есімшенің барлық септік жалғаулы түрі де бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бола алады десе, кейбіреулері (Н.А. Баскаков, М.Ш. Ширалиев) тіпті есімшемен келген сөйлемдерді сабақтас құрмалас деп танымайды. Есімшелі сөйлемге байланысты бұлайша әр түрлі көзқарастардың орын алуына , біріншіден, осы конструцияның қайсыбіреулерімен әрдайымда жай сөйлем деп танылуынан болса, екіншіден, оның септік жалғаулы қоланысындағы қызметінің өзара жекелей сараланбауынан болып отыр.

Профессор Н. К. Дмитриев есімшені бағыныңқы сөйлем жасаудың бір жолы деп атай тұрса да, қолданылу аясын жекелей саралап көрсетпеді. Есімше қатынасқан сөйлемдердің өзіндік арнайы бастауышы болса, мұндайлардың барлығын да тең дәрежеде сабақтас құрмалас деп түсіндіреді. 16, 201.

Профессор Н. сауранбаев есімшелі сөйлемдердің арнайы бастауышы болса болады.

Олардың барлық септіктегі түрі де бағыныңқының баяндауышы болады деген пікірінен соңғы зертеулеріне дейін арыла алмады. Автор 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» турсында есімшемен келген сөйлемдерді бұрынғысынша анықтауыш, толықтауыш бағыныңқылар деп атай тұрмаса да, оларды үйірлі мүшелі сабақтас деп қарастырды.

Барыс жалғаулары есімше дейін , шейін септелулік шылауларымен тіркесе айтылса, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болуға мүмкіндік алады. Ал ілік, табыс септік жалғаулы есімшелердің бойында мұндай қасиет болмайды, яғни бұл септіктегі есімшелер көмекші шылау мәнді сөздермен тіркесіп айтыла алмайды. Барыс септікті есімшенің бойындағы осындай қасиет оны атау түріндегі есімшелі сөйлемдермен бірдей тарауға мүмкіндік береді.

Есімшенің атау қалпы да күрделенген сөйлемде қабыспалы аралымды жасауға қатынасса (баласы жақсы оқыған әкесі қуанып жүр), барыс септіктегісі де (Баласы жақсы оқығанға әкесі қуанып жүр) осындай қызметке ие болады.

Тек алғашқысы атрибуттіқ мәнде болса, екіншісі объектілік қалтыныста жұмсалады. Мұндай конструкиялы күрделенген сөйлемдер шылаулардың қатынасымен ғана мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласқа айнала алады. (Баласы жақсы оқынғанға дейін, әкесі әбіржеумен болады.) 17,15.

Демек, барыс септікті есімшенің бағыныңқы сөйлем баяндауышы болудағы сипаты осындай өзін меңгере жұмсалған шылау сөздердің қатынасымен тығыз байланысты келеді.

Мезгіл бағыныңқылардың ішінде ғанда тұлғасы әдебие тілімізде өте аумақты да кең қолданылады.

Бұл аңдылық тіл тілдердің көпшілігіне ортақ болып келеді. Мезгіл бағыныңқылар дың тілімізде көп қолданылуы олардың жасалу жолдарының жан – жақты келетіндігімен айқындалады. Мезгіл бағыныңқылы сөйлемде бағыныңқының баяндауышы етістіктің шартты рай тұлғасы , есімше , көсемше және қимыл есім формаларында жұмсалып, өз басыңқылармен тікелей байланысып тұруын бір сөзбен топтастырып, синтетикалық мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем деуге балады. Енде Ә. Нұрпейсовтің «Қан мен тер» триологиясындағы синтетикалық мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге тоқталайық.



1. - ған формантты есімше жатыс септігінде келеді. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің осы жолмен келген түрлі бағыныңқыларына қарағанда жиі қолданылады дедік.Мұндай жиі қолданыс осы тұлғалы бағыныңқының ең көне түр екендігі байланысты жатады. Бұл жайды ескі көне жазбаларыайқын алады. Орхон Енесей ескерткіштеріне үңіле қарасақ, мезгіл бағыныңқылы көбінесе тек осы жолмен беріліп отырған.

Мұның өзі есімше тұлғалы мезгіл бағыныңқының тіптен көне түр өткендігін айқындай алады.

Ұза көк тәңрі асра зір қылынтукда екін ара кісі оғлы қылынмыс. Мұндай тұлғадағы мезгіл бағыныңқы сөйлемдер қазірде де тілімізде кеңінен өріс алып отыр. Мысалы:

Қыз енді жылт бұрылып жүгіре жөнелмек болғанда , Еламен оның нәзік білегінен ұстай алды (58 – бет).

Әне бір кезде артынан іздеп бармақ боп әзірленіп отырғанда , жағаға суық хабар тарады. (65 - бет).

Алып денелі бұжыр қара кісі шыққанда, олар жетістігіндегі малды тастай - тастай сала аттарына ұмтылды (74 – бет).

Қонақ жігіт шыққан кезде , сыртта ат оқыранды (13 – бет).

Осы жай қинап жүргенде, бай ауылдың жас мырзасы ат басының тыныштығын бұзып кетті. (15 – бет).

Құла ат асқырынып жолдан шыға жалт бергенде , Федоров ер үстінен ұшып кете жаздады (44 – бет).

Судыр Ахмет шра өте қалғанда, есікке жақын тұрған рай сыртқа ытқып шықты (132 – бет).

Осындай құрылыста келген сөйлемдерді трилогиядан көптеген кездестіруге болады. Олардың бағыныңқы сөйлемнің баяндауышына назар аударсақ, күрделі түрмен жұмсалатынанда байқаймыз. ол кезде есімшелі баяндауыш көсемше сөзімен тіркесе қолданылады. Мұндай мезгілдік қатынастың болуына белгілі дәрежеде көсемше сөзінің де әсері тиеді десек те болады. Мәселен:

Шеткі бір үйдің жанынан өте бергенде жылаған әйел дауысын есітті (139 – бет).

Қалың қол қаптап шыға келгенде , көше бойындағы қатын балалар у – шу болды (164 – бет).

Есікті ашып қалғанда , ішкі лап берген желмен терезеге кірген қарын «уф – ф!» деп үрген қуықтай тарсиып кетеді (53 – бет).

Трилогиядан бағыныңқының баяндауышы тек күрделі түрде ғана еме, дара түрде келетіндігіне де мысал келтіруге болады. Мысалы:

Рай аттарында, Ақбала да кінәсіз жанша көзін төмен салып, монтиып жүрді (104 – бет).

Төлек сайып тастамақ боп кіжінгенде , анасы тоқтатыпты (214 – бет).

Әзірге Сүйеу қартқа жіберген кісіні көргенде, түсі бұзылып кетті (217 – бет). - ғанда құрылыстындағы сабақтас сөйлем кейде шарттылық мәнде жұмсалады. Мұндайда бағыныңқының баяндауышы көбінесе болымсыз түрде қолданылады. Оны мезгіл бағыныңқылы сабақтаспен шатастыруға болмайды.



2. Есімшенің ар – ер формантты түрі де мезгіл бағыныңқылы сөйлемді жасауға қатынаса алды. Мұндайда осы тұлғаны есімше де жатыс септік формасында келеді. Мезгіл бағыныңқының бұл жасалу жолы «қан мен тер» трилогиясында өте сирек ұшырасады. Бұл жайды осындай сөйлемдердің көбінесе - ғанда құрылысында айтылуымен түсіндіруге болады. Екі түрлі құрылыстағы мезгілді сабақтастың айырмашылығы тек мезгілдік меннің әр сапада айтылуымен ажыратылы. Егер - ғанда тұлғалы бағыныңқыда көбінесе орындалған іс – әрекет баяндалып отырса, - арда түрінде орындалатын, енді орындала берген оқиға хабарланады. Мысалы,

Сері жегіт келерде аяқ – аяғына тимей кеткені қайда? (17 – бет).

Ол ән салаларда, көршілес балықшылар көтеріле сыртқа шықты (77 – бет).

Кейбір түркі тілдерінде осындай жолдың (ар – формантты) есімше Мезгіл бағыныңқыда актив роль атқаратындығы байқалады. Алайда бұл ретті есімшелі баяндауыш жатыс септік тұлғасында жұмсалмай, бастапқы атау қалпын сақтап қалады. Оның өзінде де мұндай құрылыстың қолданылу заңдылығы болады. Мәселен, өзбек тілінде - ар тұлғалы есімше мезгіл бағыныңқының баяндауышы болуда өзі жалғанған сөзімен болымды және болымсыз түрде қабаттаса қолданылады: Коля үйге кирар- кирмас, буылси гапира кетди.

Профессор А.Н. Кононов мезгіл бағыныңқылардың осындай есімшелі сөздердің қосарлануы арқылы келгенін редупликациялық жолымен жасалынған деп қарайды [18,521].

Бағыныңқы сөйлем баяндауышының осындай түрде қолданылуы қарыз тілінде де кездеседі: атасы үйүна жетер – жетпес, үйдон кичине уулы чуркап чықты [19,115].

Синтетикалық мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің жасалуында көсемше де елеулі қызмет атқарады, бұл ретте көсемшенің барлық формалары да қатынаса алады.



3) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы - ғанша формасындағы көсемшемен беріледі.

«Ә, Алдекең ауыз ашуға отыр екен», - деп ойлағанша , шұнақ құлақ құж қара төбет аттың мінер жағынан арс етті (24 – бет).

Ол киінем дегенше, жанжалдан қорыққан Жамал сырқы жүгіріп шықты (74 – бет).

Балықшылар ес жиям дегенше , атшабар «әзірлене берңдер»! деп әмір етті (132 – бет).

Кемпір кеткенше, ол үйге кіремеді (143 – бет)

Еламан жеткенше , Маңке де жүгіріп келді (146 – бет)

Бұлар жеткенше , Мөңкенің аласа тар үйіне кісі қара толып кетіпті (29 – бет).

Профессор Т. Санбатталов осындай құрылыста келген сөйлемде мезгілдік дәреженің мөлшерін айқындауда дауыс екпіннің белгілі дәрежеде роль атқаратындығын ескертеді. Автордың айтуынша,егер дауыс екпіні бағыныңқы баяндауышының соңғы буынына түссе , сөйлем бойындағы мезгілдік ұғымның ұзақтығы көрсетіледі де, алғашқы буынына түссе, мезгіл шегі айқындалады.

Ул, мин хат язып бөткөнсе , китап уқып ултырзы [20,25].

4) - а, -е, - (ма) + й тұлғалы көсемше де мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді жасай алады.

Ел жата, Тәңірберген Ақбаланың қойнына келеді екен деп есітті (105 – бет).

Командирлер сыртқа ұмтыла бере , ілгері жақтан бірнеше снаряд жарылды (505 – бет).

Тайқазанның ыстық буы бұқырай бере, жауынгерлер құтылары даңғырлап суға жүгірді (511 – бет).

Лазарет көл жағасындағы селдір ағаштың көлеңкесіне орналасып болмай , жауынгерлер суға шомылып алды (511 – бет).

Осындай құрылыста келген мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлмнің бағыныңқы компоненті басыңқыда орындалған оқиға , әрекеттің жаңада болғанын көрсетіп тұрады.



Мезгіл сабақтастың бағыныңқы баяндауышы болымсыз

- ма ( й ) түрлерімен келгенде, ол көбінесе өзінен бұрын жұмсалатын - п формантты көсемшемен тіркесе қолданылады. Мысалы:

Сүйеу қарттың аулына барып келмей , қаңқу сөз құлағын сарсылтып болды (526 – бет).



- ма ( й ) тұлғалы мезгіл бағыныңқымен сабақтас құрмалас өзге де түркі тілдерінде кездеседі:

Пулемет жим булмай , жангчилар қишлоқнинг нариги бурчига қарай югуршиди (Айбек).



Осы жолмен келген бағыныңқының баяндауышы кейде - ақ

демеуліктерімен де айтылады. Мысалы:

Дьяков оған назар аудармай - ақ, окоп бойынан ыңырсыған дауыстарды ести бастады (561 – бет).

5) – п форманты көсемше арқылы жасалған мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы мен басыңқы компанентеріндегі оқиғалар бір мезгілде қатарласа орындалғаны көрінеді. Мысалы: Осының ертеңінде ауа райы өзгеше бұзылып , қыс ызғары біліміне бастады (319 – бет).

- п форманты көсемшелі сөйлмнің мезгіл бағыныңқы болуында оның құрамында қолданылатын мезгіл мәндес сөздер де елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Қызба жігіттер көтеріліп , енді бәрі еліріп бара жатыр еді (133 – бет).

Көсемшелі мезгіл бағыныңқының осы жасалу жолы басқа да түркологиялық еңбектерде баяндалады.

Қырғыз тілінде: Кеден дос ыйлап, көзүнөн аккан жас сакалыны жууп кетти.

Өзбек тілінде: Лекция тугаб, правдение биносининг коридори адамлар билан тулди.

Азербайжан тілінде : Ат олуб, итләрин байрамыдыр.

Түркімен тілінде: Хованың кузүне булут гелип, ягыш ягмага баишлады.



6) - ғалы тұлғалы көсімше де мезгіл бағыныңқы сөйлемді жасауға қатынасады.

Мысалы:


Сүйеу қарттың келетін хабарын есіткелі, ерлі – зайыпты екеуінің арасы жақындай түсті (9 – бет).

Рай мен Кәлен кезектесіп ән айтқалы, Ақбала өзгеріп кетті (78 – бет).

Еламан ұсталып кеткелі , әкесі жалғыз қалған қызына жиі қатынап жүр (92 – бет).

Болыс ағасы өлгелі, бұрынғы мінезінің бәрі қалды (217 – бет).

Көсемше тұлғалы мезгіл бағыныңқылардың тілімізде қолданылу аясы бірдей емес. Жұмсалу сферасы жағынан

- ғанша тұлғалы түрі көсемшенің өзге жасалу жолдарынан жиі қолданылады. Ал, трилогияда - п, - а, - е, - ма (й) тұлғалы көсемше мезгіл бағыныңқылар оған қарағанда сирек кездеседі.

7) Синтетикалық мезгіл бағыныңқылы сөйлем қимыл есімдері арқылы да жасалады. Бұл ретте бағыныңқының баяндауышы - ісімен, - ысымен тұлғалы етістіктерімен беріледі:

Жұмыс аяқталысымен , жөнін айтпастан Мюлгаузен зым- зия жоқ болып кетеді (284 – бет).

Кәлен көрінбей кетісімен , Ақбаланың көңілін үрей қайта биледі (90 – бет).

Бір қырдың астына түсісімен , даланы басына көтере зарлаған дауыс естілді (210 – бет).

Осынау бір аласапыран аяқталысымен , жас мырзаға ояздан келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алды (183 – бет).

Мезгіл бағыныңқының бұл жасалу жолын өзбек тіліне арналған әдебиеттерден де кездестіреміз:

Біз поезддан тушшимиз билан, Кодиров кутиб олишди.

8) Шартты рай тұлғалы етістік бағыныңқының осы түрін жасауда да актив роль атқарады:

Ақбала қайтып келсе, үйдің іші көк ала түтін екен (39 – бет).

Көзіне сары інген түссе , жүзі жылып қоя беретін (40 – бет)

Бір кезде көзін ашса, екі баласы қасынан кетпей дірдектеп жылап жүр (75 – бет).

Жаны қинала бастаса, Қарақатын үй ішінен жанжал іздейтін (86 – бет).

Қонақ келсе, үй іші көңілденіп қаңғыр – күңгірге толып қалады (94 – бет).

Әне бір қырқаға шауып шықса, оның арғы жағында бай ауылдың қыстауы тиіп тұр екен (244 – бет).

Енді мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің басқаша жасалу жолдарын аналитико - синтетикалық мезгіл бағыныңқылар деп атап, солардың жасалу жолдарына тоқталайық.

Аналитикалық тәсілдің бір түрі - жалғаулық шылаулар. Алайда қазақ тілінде жалаң жалғаулықтар арқылы мезгіл бағыныңқы сөйлемдер жасалмайды. Жалғаулықтар тек қана есімше сөзімен (- ған формантты түрімен) тіркескенде ғана мезгіл бағыныңқының баяндауышы бола алады. Бұл жайдың өзі қазақ тілі бағыныңқыларының дені баяндауыш формасының ыңғайында келетінін тағы да айқындай түседі. Осыған орай мезгіл бағыныңқылардың енді бірқатары есімше мен жалғаулықтардың қатынасысуы арқылы жасалатындықтан, бұл жолды аналитико - синтетикалық тәсілдің аясында қарайтын боламыз.

Өйткені мұнда әрі баяндауыш формасы (синетикалық тәсіл), әрі жалғаулық (аналитикалық тәсіл) қабаттаса қолданылады. Тек екеуінің үйлесе жұмсалуы , шылау сөздердің есімшені меңгере байланысуы бағыныңқы компоненттің өз басыңқысымен мезгілдік қарым – қатынасқа түсуіне мүмкіндік жасайды. Мезгіл бағыныңқылы сөйлемді осындай байланыс тәсіліне түсіретін де түрліше жалғаулықтар.

Ал жалғаулықтардың мұндай қызметке түсуі үшін оларға меңгеріле жұмсалатын есімшелердің болуы шарт. Сондықтан мезгіл бағыныңқының осы жолының баяндауыш жасауда екеуі де бір - бірінсіз қолданылмайды. Осындай фунциядағы шылау сөздердің өзінен бұрынғы есімшелерді меңгеру икемділігін саралай талдасақ, «Қан мен тер» трилогиясынан баяндауыштардың мынадай құрылысын байқаймыз:

1) Кезде, шақта, сайын сөздері атау формасындағы есімшелерді меңгере жұмсалып, мезгіл бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын жасауға қатынасады:

Сұр балықтың исі шыққан кезде , ол шыдамынан айырылды (209 - бет).

Өзі жаңа – жаңа шаршысына келе бастаған кезде , патша тақтан құлады (273 – бет).

Күні толған сайын, аяғы ауырлай береді ғой (16 – бет).

Темірке жалынған сайын, онау шалқайып, жиған - терген ақшасына сатып алды (88 – бет).

Еламан жайын ойлаған сайын, қабағы түйіліп тұнжырай түседі (167 – бет).

Кенжекей Ақбаламен сырласқан сайын, көңіл шері тарқап бара жатты (215 – бет).

2) Соң, кейін, бұрын, бері, былай жалғаулықтары өздерінен бұрынғы есімшенің шығыс септік жалғауында тұруын талап етіп, мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы бола алады. Мысалы:

Мөңке кеткен соң , үй ішін тағы үнсіздік басты (13 – бет).

Теңізге шыққан соң , жұқа мұз быт – шыт болды. (45 – бет).

Мына келген қонақтар Құдаймен де болыстың інісі болған соң, қақаған суықта қондырмай, қуып жіберудің ыңғайсыз екенін біледі(51 – бет).

Ертең сен кеткенен кейін , сорлы бала тағы да жүдеп қалатын болды (73 – бет).

Сен ынжық болғаннан бері , бізді ит те, құс та басынады (223 бет).

Иә, иә, секпіл солдат сабағынан кейін, Рай кәдімгідей әлсіреді (280 – бет).

- ған соң түріндегі мезгіл бағыныңқының баяндауышы кейде шектік мәніндегі - ғана демеушілігімен тіркесе қолданылады:

Келіншектер қазанға ас салған соң ғана, бұл көңілдене бастады (53 – бет).

Үй ішіне жарық түскен соң ғана , Ақбала түрегелді (301 – бет).

3) Дейін, шейін септеулік шылаулары барыс септікті есімшені меңгере жұмсалады. Мысалы:

Тәңірберегн келіп кеткенге дейін , бұған ешкім ас берген жоқ (250 – бет).

Кейбір түркі тілдерінде шығыс септік формасындағы есімшелер жалғаулықтарға меңгерлімей - ақ, жалаң түрінде бағыныңқының баяндауышы бола алады. Мысалы қарақалпақ тілінен:

Бұлар теңгиликти алғаннан, аналар шықты қамаудан (21,119).

Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы мезгіл бағыныңқы сөйлемнің жасалу жолдары осы жоғарыда көрсетілген үлгілер бойынша кезедседі.

Қолданылу аясы жағынан синтетикалық та, аналитико – синтетикалық та мезгіл бағыныңқылар жиі ұшырасады. Бұл бағыныңқы баяндаушының етістіктің грамматикалық формалары мен түрлі шылау сөздердің қатынасуы арқылы жасалуымен тығыз астарласып жатады.



ІІ тарау.

Трилогиядығы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы және басыңқы компонеттерінің мезгілідік жағынан өзара қарым – қатынастары

2.1. Трилогиядығы бір мезгілдес сабақтас құрмаластар

Сабақтас сөйлем компонентеріндегі синтаксистік қатынастардың айқындалған түрі жалпылама түрі, оның белгілі қалыптағы жолдарынан айтқан байқалады. Біздің белгілі қалыптағы деп отырғанымыз – бағыныңқысы бұрын, басыңқысы кейін жұмсалатын әдеттегі сабақтас сөйлемдер және мұндайларда олардың баяндауыш сөздері арнайы айтылатын болады.

Сөйлемдердің өзара синтаксистік қатынасқа түсуі ондағы компоненттердің белгілі құрылыста болуымен тығыз байланысты келеді. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы , басңықы сөйлемдердің мағыналық, тұлғалық жатқарынан үйлесе айтылуы да жүйеленген синтаксистік байланыстың заңдылығынан шығып жатады.

Көптеген түркі тілдерінде, сонмен қатар қазақ тілінде басыңқыдан бағыныңқы компонненттің бұрын орналасуы сабақтас сөйлемдер үшін төл заңдылық. Осыған байланысты бағыныңқылы сөйлемдердің түрі ажыратылады, олардың басыңқы компонентпен байланысудағы аралық дәнекер жолдары да айқындалады. Мұндай дәнекер жолдар бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш формалары арқылы жүзеге асады.

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі синтаксистік қатынас тек бағыныңқының баяндауышына ғана негізделіп қоймай, компоненттердің аралық байланысына , ондағы басқа да сөздердің байланыстырғыш қызметіне де сүйеніп отырады. Осы себептен де мезгіл бағыныңқылы сабақтас компоненттері арасында синтаксистік қатынастар алуан түрлі болып келеді. Солардың ең басты түрі – бір жақты қатынас.

Бір жақты қатынас – сабақтас құрмалас сөйлемдегі ең көп қолданылатын кең тараған қатынас. Өйткені сабақтас сөйлем компоненттерінің өзаралық байланысы, негізінен алғанда, бағыныңқының баяндауыш сөздері арқылы болса, бір жақты қатынаста осындай жолға негізделеді. Осыдан келіп бір жақты қатынастың мынадай анықтамасы туындайды:

Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттеріндегі бір жақты қатынас деп – бағыныңқылардың баяндауыш формалары арқылы өз басыңқыларымен байланысып, оларды түрлі жақтан айқындайтын жолын айамыз. Сонда синтаксистік қатынастың беталысы тұлғалық , мағыналық жақтарынан бағыныңқыдан басыңқыға болады да, қайта керісінше қайтарылмайды. Мысалы,

Үкімнің жүріп тұрғанда , халық ішінде бұғалығыңнан шығып жүрген ана Кәлен , Еламан, Сүйеу шалдарды шеңгелеңде сығып ұста (50 – бет).

Қыз енді жалт бұрылып жүгіре жөнелмек болғанда, Еламан оның нәзік білегінен ұстай алды (58 – бет ).

Мезгіл бағыныңқы сабақтастағы бір жақты қатынас негізінен алғанда , адвербиалды мәндегі бағыныңқыны сөйлемдерден орын алады. Өйткені мұндай сөйлемдерде синтаксистік қатынастың бір жақтылығына сай басыңқы компонент бағыныңқымен әр түрлі мағыналық жақтан айқындалып отырады.

Синтаксистік қатынастың бір жақтылығына орай сабақтас сөйлемдрдің байланысу амалы синтетикалық және аналитико – синтетикалық жолдармен беріледі. Мұның өзі осындай қатынастағы сөйлемдердің сабақтас құрмаласта елеулі орын алатындығын тағы да бір айқындай түседі. Осыған байланысты бір жақты қатынастағы сабақтас сөйлемдер шартты рай, есімше және көсемше тұлғалары , есімшелердің көмекші сөздермен тіркесе қоланулары арқылы жасалады. Бұл аталған грамматикалық тұлғалар бағыныңқының баяндауышын басыңқы сөйлеммен жалғастырады, басқаша айтқанда, синтаксистік байланыстың түрі бағыныңқыдан басыңқы жаққа қарай болады.

Сонымен бір жақты қатынасты детерминациялық байланыс деп атауға болады. Мұның мәнісі тұрақты және тұрақсыз элементтердің өзіндік қызметін қамтиды. Осы ілімді мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге сәйкестендіре айтсақ, басыңқы компонент әрдайым тұрақтылық қалпын сақтайды да, бағыныңқы компонент бұлай болмай, тұрақсыздық сипатта болып отырады. Тұрақсыздық сипат деп отырғанымыз – бағыныңқы баяндауышының алуан түрлі грамматикалық формалары. Міне бұдан бағыныңқы сөйлемнің өз басыңқысымен бір ғана тұрақты амал арқылы байланыспай , әр түрлі формалар арқылы құрамаласатынын аңғарамыз. Оны жоғарыда айтылған синтетикалық және аналитико - синтетикалық тәсілдер арқылы жасалған мезгіл бағыныңқылы сабақтастың трилогиядағы жасалу жолдарынан көруге болады.

Демек, бір жақтылық қатынасты тұрақсыздан тұрақтыға бой ұру деп те түсіндіруге болады. Мұның өзі бағыныңқы және басыңқы сөйлемдердің мағыналық ерекшеліктерін де көрсете алады. Әдетте бағыныңқы сөйлемдерді аяқталмаған тиянақсыз компонент, басыңқыларды тиянақты компонент деп қарайтын болсақ , мұндай түсініктің түп тамыры да осы тұрақсыз және тұрақты деген ілімге келіп саяды. Әрине, бұл жерде тұрақсыз және тұрақты деген ұғымдарды өзара тығыз байланыста қарауымыз керек. Өйткені тұрақсыздық ұғым тұрақтымен салыстырғанда ғана тұрақсыздана түседі де, тұрақтылық тұрақсызбен салыстарғанда ашыла түседі. Әйтпесе бағыныңқы мен басыңқы компоненттер де тек мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың емес, бүкіл сабақтас құрмалас сөйлемнің тең бөлшегі болып есептеледі.

Бір жақты қатынасты айқындауда, негізінен, тұлғалық көрсеткіштің сипатынан шығатын боламыз. Ал мағыналық қатынасқа келетін болсақ, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы, басыңқы компонентері өзара бір – бірімен тығыз байланысып жатады. Басыңқы компоненттің тұлғалық жағынан тиянақтылығына қарап, оны мағыналық жақтан да тиянақты деп түсіну бір жақты ұғым болады. Сабақтас сөйлемнің табиғатына үңіле қарасақ , ондағы бағыныңқы компонент тұлғалық жағынан басыңқыға тәуелді болса, мағыналық жағынан басыңқы бағыныңқы компонентке тәуелді болып отырады. Өйткені басыңқы компоненттің мән – мағынасы, мазмұны желісі бағыныңқы бөлшек арқылы ашылады, сол арқылы ғана айқындалып толықтырылады.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттері арасындағы синтаксистік қатынастың екінші бір түрі – екі жақты қатынас мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемге тән емес. Синтаксистік қатынастың бұл түрі қатынастық бағыныңқы сөйлемдерден ( құрамында сілтеу, сұрау есімдіктері қатынасқан шартты рай тұлғалы сабақтас сөйлемдер) орын алады, жасалу жолына қарай аналитико – синтетикалық тәсілдермен беріліп отырады. Сабақтас құрмалас сөйлемдегі синтаксистік қатынастың үшінші бір түрі кері қатынас, теңдестік қатынас түрлері мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрамастың бойынан табылмайды.

Бағыныңқы баяндауышының әр түрлі формалық құбылыста келіп отыруы жалпы сөйем мазмұнына, ондағы мезгіл дәрежесінің шегіне әсер етпей қоймайды. Осыған орай бағыныңқы , басыңқы компонентердегі оқиға , әрекеттердің орындалу мерзімі бір уақыттың шеңберінде не болмаса әр кезеңде болып отырады.

Сабақтас сөйлемдерде болатын мезгілдік ұғым ондағы бағыныңқы , басыңқы компоненттердің қарым – қатынасынан шығып жатады. Бағыныңқы компонент өз баяндауышының берілу ыңғайына қарай басыңқыдағы қимыл – әрекеттің мезгіл мөлшерін білдіре жұмсалады. Сабақтастың бұл түріндегі синтаксистік компанентердің мезгілідік қатынасын саралай талдасақ, мына бір жайды байқаймыз.

Бір сөйлемдердің бағыныңқы , басыңқы құрамдарында баяндалған оқиға барысы бір мезгілде орындалып жатса, енді біреулерінде олар бір кезеңде болмай , әр уақытта жүзеге асырылып жатады.

Атап айтсақ, бағыныңқыда хабарланған оқиғадан басыңқыдағы ойдың немесе керісінше басыңқыдағы ойдан бағыныңқыдағы хабардың бұрын орындалған сөйлем желісінен айқын байқалып тұрады. Енді бірде сөйлемнің екі жақ компонентінде де қимылдың орындалып жатқандығы баяндалады, алайда соның өзінде де біреуінде сол қимыл бұрын не соң орындалатын болады. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдегі осындай заңдылықты дұрыс саралай білсек, ондағы синтаксистік компоненттердің өзаралық қарым – қатынасын да дұрыс түсінген боламыз. Мұндай қарым - қатынас бағыныңқы, басыңқы компонент баяндауыштарының берілу жолдарына негізделеді. Олай болса, сөйлемдер арасындағы мезгілдік қатынасты айқындау барысы тек қана бағыныңқы компанент , оның баяндауышымен шектелмей басыңқының компанент, оның баяндауышымен шектелмей басыңқының да синтакситік құрылысымен ескерілуі қажет. Бұл ретте әсіресе басыңқы баяндауышының берілу жолдары сөйлемннің мезгілдік ұғымын саралауға қатынасып отырады. Сабақтас сөйлемдегі мезгілдік қатынастың көріну жолдарын осы негізде сараласақ, мезгіл бағыныңқылары жалпы екі үлкен топқа жіктеуге болады:


  1. Бір мезгілдес сабақтас құрмалас сөйлемдер.

  2. Әр мезгілдес сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Бір мезгілдес сабақтас сөйлемнің ситнаксистік компоненттерінде баяндалған қимыл - әрекет бір мезгілде , бірінен соң бірі іле орындалып жататын болады. Осыған орай олардың баяндауыш формалары да өзара үйлесіп түрленіп отырады. Бұл мәндегі сөйлемнің бағыныңқысының баяндауышы көбінесе - ған формантты есімшенің жатыс септігінде, атау түрімен мезгіл мәнді сөздердің тіркесе айтылуы, шартты райдың - са жұрнағы арқылы келеді. Бағыныңқыдағы орындалып жатқан не орындалған оқиға барысына сәйкес басыңқы баяндауышы да соған сай мезгілдестік тұлғалармен жұмсалады. Осыдан келіп өзара желілестік, баяндалған оқиғалар орындалуының бір мезгілдес кезеңі айқындалынады. Бұл жай әсіресе - ған формантты мезгіл бағыныңқыдан өз көрінісін тауып тұрады. Мысалы:

Әкесінен қалған мұраның сиқын көргенде жас Федоровтың өңі суып сала берді (72 – бет).

Судыр Ахмет шар ете қалғанда , есікке жақын тұрған Рай сыртқа ытқып шықты (132 – бет).

Куриос Иван қатынды шашынан алып сүйрей жөнелмек болғанда, бір топ кісі есік алдына кеп қалды (137 – бет).

Сабақтас сөйлемнің бір мезгілдестік мәнге құрылуында етістіктің шартты рай тұлғасыда үлкен рөл атқарады. Мұндайда да басыңқы компонеттің баяндауышы тұлғалық өзгерістерге түсіп отырады. Ондай формалық құбылыстар әсіресе етістіктің нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ, өткен шақ түрлерінің бірінде қолданылады. Басыңқы баяндауышының бұлайша құбылуы синтаксистік компоненттердегі хабарланған оқиғалардың бір мезгіл мөлшерінде орындалып жатқанын не орындалғанын көрсетеді. Мысалы:

Еламан тура алдына қараса, бағана көз ұшында көрінген қобдидай ақ үйі бар разъезге келіпті (258 – бет).

Бір кезде көзін ашса, екі баласы қасынан кетпей дірдектеп жылап жүр (75 – бет).

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бойындағы бір мезгілдестік ұғым - п формантты көсемшелі сөйлемнен де орын алып тұрады.

Мысалы: Және тыныш жүрегі лүпілдеп қатты – қатты соғып кеткеніне қарап, ол мынау үйді, мұнда тұратын кісілерді де біле қойды (785 – бет).

Сонымен бір мезгілдес сабақтас сөйлемдер бағыныңқы компонент баяндауышының көбінесе есімше шартты рай тұлғалары арқылы жасалады. Бұл ретте мезгіл бағыныңқының бір мезгіліестік мәні ондағы басыңқы баяндауышының өзара үйлесе қолданылуымен бекітіліп отырылады.


2.2. Әр мезгілдес сабақтас сөйлемдер

Мезгіл бағыныңқының осындай мәнде жұмсалынуында оның синтаксистік компоненттерінде баяндалған оқиғалардың әр мезгіл мөлшерінде құралуы себеп болады. Сабақтас сөйлемдегі мұндай мезгілдік қатынастың көрінісі әр дәрежеде келеді. Мәселен, бағыныңқы компоненттегі хабарланған қимыл әлі орындалмаса да, басыңқыда ол орындалып жатады, не орындалып қояды. Кейде екі жақ компонентте де баяндалған оқиға желісінің мазмұны осы не өткен шақта хабарланады, алайда осыған қарамастан олардағы мезгілдік дәреже де біркелкі болмайды: бірінде сәл де болса бұрын не ерте орындалып қойылады да, екіншісінде кейін болғаны байқалады. Сөйтіп, осы топтағы сөйлем компоненттерінің өнбойындағы оқиға желісінің мезгіл дәрежесі әр кезеңнің төңірегінде болады да, уақыт жағынан бірін – бірі айқындап тұрады. Мезгіл бағынныңқыдағы осындай мезгілдес кезеңге сай бұл мәнді сөйлемнің өзі ішей бірнеше түрге ажыратылады. Олар төмендегідей болып кездеседі:

1. Әр мезгілдес сабақтас сөйлемнің бағыныңқысында істің әлі орындалмағаны көрсетіледі де, басыңқысында керісінше болғандығы хабарланады. Мұндайда бағыныңқының баяндауышы келер шақтық синтетикалық, анаметико – синтетикалық мәселелерімен келеді де, басыңқы сөйлем өткен шақтық не ауыспалы осы шақтық тұлғаларымен беріледі. Мысалы:

Үй ішіндегі жандарға ол енді назар аударам дегенше , Ақбала сырт айналып жүре берді (299 – бет).

Ертең жол жүрем деп отырған кезде, күзгі жол кешке қарай шұғыл суыты (374 – бет).

2. Бағыныңқыдағы іс жаңадан басталып келе жатады, оның аяқталуына қарамастан басыңқыдағы қимыл орындалып қояды. Сондықтан да бағыныңқының баяндауышы осындай мәндік кезеңге сай ала берем дегенде, тұрайын деп ұмтылғанда , алғалы жатқанда тәріздес синтаксистік конструкциялармен келіп отырады. Ал басыңқының саяндауышы өткен шақ формаларының бірінде келеді. Мысалы: Курнос Иван қатынды шашынан алып сүйрей жөнелмек болғанда, бір топ кісі есік алдына кеп қалды (137 – бет).

Федоров ұзап барып қайта ораламақ болғанда, жағаға кеп қалған кеме үстіндегі зеңбіректер күркіреді (583 – бет).



Бағыныңқы компоненттегі істің әлі аяқталмағандығы , жүріп жатқандығы кейбір - ғанша тұлғалы сөйлемдерден де байқалады.

Бұл аяғын үзеңгіден енді алам дегенше, жирен сары құлақ шекеден құлаштап қойып жіберді (599 – бет).

Олар сұраймын дегенше, қара кемпір қай ортасында қанша қара қой, қанша үйір жылқы болғанын есіне алды (200 – бет).

Кенжекей есін жиям дегенше , жеңгесі шамды сөндіріп шығып кетті (212 – бет).

Тәңірберген бұрылам дегенше, ақ отаудан қара көзі ерекше бір нұрлы қңанышпен күлімдеп, аппақ сұлу келіншек шыға келеді (606 – бет).

Сатушы санаймын дегенше , бұл сырғаны қойнына тығып алды. (141 – бет).



3. Енді бір мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы басыңқы компоненттерінде де істің орындалғаны баяндалады. Алайда мұнда бағыныңқыда орындалған қимылдан басыңқыдағы істің бұрын болғандығы аңғарылады. Мұндай аралық қатынас әсіресе басыңқы баяндауышының құрамында еді, екен көмекші етістігінің келуімен айқын байқалып тұрады. Мысалы:

Еламан енді ыңғайланам дегенше , кіжініп ұмтылған кісілер бір – бірімен айқаса кеткен екен (502 – бет).



4. Бір топ мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің ара қатынасы жоғарыдағы үшінші түрден керісінше болады. Мұнда енді басыңқы компоненттегі амалдан бағыныңқыдағы істің бұрын орындалғаны байқалады. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бойында осындай қасиеттің орын алуына әсіресе оның бағыныңқы баяндауышының құрамына соң, кейін тәріздес жалғаулық шылаулардың жұмсалуы себеп болады. Өйткені бұл жалғаулықтар өзі тіркескен есімше сөздерімен бағыныңқы компоненттегі оқиғаның бұрын орындалғанын көрсетіп, басыңқыдағы амалдың да орындалуына жол ашады. Мысалы:

Сен кеткен соң , Қаратаздың жігіттері қайта айналып соқты ғой (79 – бет).

Өзі жұмсықа кеткен соң, баланы бір жан жұбатпаған (225 – бет).

Рай қайтыс болған соң , Еламан өз қайғысымен оңашаланып меңіреуленіп алған – ды. (297 – бет).

Төрт - бес күн өткенен кейін , Еламан Федоровқа барды (33 – бет).

Әр мезгілдес сабақтас сөйлемдегі осындай мәндік құбылыс (бағыныңқыдағы істің бұрын орындалуы) бағыныңқы компонент баяндауышының - ысы, - ісі қосымшалы етістігінің көмектес жалғаулы түрі арқылы да келуімен болады. Мысалы: Кәлен көрінбей кетісімен, Ақбаланың көңілін үрей қайта биледі (90 – бет).

Трилогияда мезгіл сабақтастардың синтаксистік компоненттері арасында болатын осындай мағыналық қарым – қатынасты саралай талдасақ, тілімізде әрі мезгілдес түрінің жиі қолданылатынын байқаймыз. Мұның өзі бағыныңқы компоненттің басыңқыны әр түрлі мезгілдестік ыңғайда айқындай айтылудағы заңдылығынан шығып жатады. Ал мезгіл бағынңқылы сабақтас сөйлемдегі осындай заңдылық ондағы синтаксистік құрылыстың табиғатымен астарласады. Сабақас сөйлемдегі грамматикалық формалар мен мағыналық мазмұндардың өзара тығыз байланыстылығы осындай жеке бағыныңқы түрлерінен айқын байқалады.

Тіліміздегі сөйлемдер құрылысы жағынан әр қилы болып келеді. Мұның өзі де ондағы сөздердің немесе жеке сөз топтарының қандай байланыста болып келуімен тығыз астар жасалып жатады.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің пайда болуының екі жолы бар екендігі белгілі. Бірінші жолы бойынша екі жай сөйлем мағына жақындықтарына қарай іргелесе айтылып, одан салалас құрмалас сөйлем пайда болады. Кейін келе алдыңғы сыңардың етістік баяндауышы грамматикалық трансформацияға түсіп, нәтижесінде сабақтас құрмалас сөйлемдер пайда болған. Бұл көзқарасты С. Жиенбаев , Қ. Есенов , Т. Қордабаев секілді ғалымдар қолдады. Бұл бағыт қазақ тіл білімінде негізгі бағыт болып есептеледі және құрмалас сөйлемдер жөніндегі оқулықтар осы теория негізінде жазылып жүр.

Енді бір топ ғалымдар сабақтас құрмаластың пайда болуының жоғарыда аталған жолына қоса екінші жолын ұсынып , ғылыми тұрғыда өз тұжырымдарын берді. Бұл жол бойынша жай сөйлемнің өз ішінен бір мүшесі күрделене келе, предикативтік единицаға ие болу арқылы қалыптасқан . Бұл пікір А. Ысқақов , А. Ағыламов секілді қазақ тілшілерінің тарапынан , А.В. Севортян, М. З. Закиев және т.б. түріктанушы ғалымдардың тарапынан қолану тапты. Алайда бұл айтылған пікір қазақ синтаксисінде өміршең бола алмады.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді ажыратуда қиындық тудыратын мәселелер аз емес. Соның бірі - ғанда тұлғасында келетін етістіктер. Мысалы:


  1. Енді келгенде Тәңірберген өз ойын ашық айтты (419 – бет)

  2. Бала қасына келген шалды көргенде дәл бір жылан шаққандай шар етті (241 – бет).

  3. Тәңірберген амандасқысы көп ақталғанда, Айғанша жігіт тұсынан тезірек жүріп кетті (224 – бет).

Үш құрылым да негізігі құрылыммен мезгілдік мағынада жұмсалған : біріншісі – мезгіл пысықтауыш, екіншісі - мезгілдік қатынастағы есімше аралым , үшіншісі - мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлем.

Екінші сөйлем – оралымды күрделенген сөйлем ортақ бастауышты сабақтас құрмалас сөйлем деп қаралып келді. Қ. Есенов 1974 жылы «Ғылыми» баспасынан шыққан «Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер» еңбегінде осы жөнінде кеңірек тоқталды.

2002 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының Астанадан басылып шыққан «Қазақ грамматикасында» да соңғы жылдардағы зерттеулердің нәтижесінде жай сөйлем түрлерінің қатары күрделенген сөйлемдермен толықтырылғаны атап көрсетілген. Т. Жукеевтің «Қазақ тілінгеді пысықтауыш мүшеге қатысты синкретикалық құбылылыстар» (2005) авторефератында да ортақ бастауышты сабақтас құрмалас сөйлемдер есімше және және көсемше оралымды күрделенген сөйлемдер деп қарастырылады. Сондықтан мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластардың жасалу жолдары және мағыналары туралы сөз болғанда, мезгіл пысықтауыш пен мезгілдік қатынастағы есімше , көсемше оралымды күрделенген сөйлемдер туралы да сөз ете кетуді жөн көрдік.

Күрделенген сөйлемнің оралымды бөлшегі сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінен ерекшеленбейді. Екеуі де ұласпалы интонациямен айтылады. Бұл айтылғандар оралымдардың бағыныңқы сыңарға жақын тұрған құрылым екенін дәлелдей түседі. Айырмашылық : ол сөйлемдер бір субъектілі ме, әлде сыңарында өзіндік дербес бастауыштары бар ма - сол жағынан ерекшеленеді.

Жоғарыда келтірілген үш құрылымды есімше тұлғасындағы сөйлемдерді көсемше тұлғасында да келтіруге болады. Бірақ көсемше тұлғасындағы жай сөйлемдер (күрделенген сөйлем емес) сөйлемде көбінесе амал пысықтауыш болады. Ал күрделенген сөйлемдер көсемше тұлғасында мезгіл мағынада келе береді. Оралымды сөйлемдерде сөйлем бастауышының орны жылжымалы болады: Ол кейде оралым құрамында, ал кейде негізгі бөлшектен орын алады. Мәселен, Сәбидің құрақ көрпе арасында қыбырлаған болымсыз тірлігін көргенде, Рай бір түрлі боп кетті (77 – бет) сөйлемінде бастауыш негізгі бөлшекте орналасса , Рай сәбидің құрғақ көрпе арасында қыбырлаған болымсыз тірлігін көргенде , бір түрлі болып кетті деп бастауышты оралым құрамында да орналастыруға болады. Ал сабақтас құрмаластарда әрбір бағыныңқы сөйлемнің басыңқыдан бөлек өз алдына айырым дербес бастауышы мен дербес баяндауышы болуы қажет.

Сонымен мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың әр мезгілді және бір мезгілді мағыналық қарым - қатынастарын саралай талдасақ трилогияда әр мезгілдес түрінің жиі қолданылатынын байқаймыз. Мұның өзі бағыныңқы компоненттің басыңқы компонент әр түрлі мезгілдестік ыңғайда айқындай айтылудағы заңдылығынан шығып жатады. Ал, мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдегі осындай заңдылық ондағы синтаксистік құрылыстың табиғатымен астарласады. Сабақтас сөйлемдегі грамматикалық формалар мен мағыналық мазмұдардың өзара тығыз байланыстылығы осындай жеке бағыныңқы түрлерінен айқын байқалады.



Қорытынды

Синтаксистік категориялардың толық мазмұны ондағы жеке сөздер мен сөйлемдердің аралық байланысын, өзара қарым – қатынасын, құрылымдық жолдары мен бір бүтіннің қарамағына түсудегі құрылыс ерекшелігін жан – жақты талдағанда ғана ашыла түседі.

Қай тілдің құрмалас сөйлемі болмасын, оның ең өзекті арнасы сабақтас тұрі болып саналады. Өйткені құрмалас сөйлемдегі айқындалмаған мәселелердің көпшілігі осы сабақтас түрімен байланысты келеді. Сондықтан да сабақтас сөйлем мәселесін тереңірек зерттеу жалпы құрмалас сөйлемнің табиғатын кеңінен түсінуге мүмкіндік туғызады.

Сабақтас құрмаластың қарамағына түскен жеке синтаксистік компоненттердің өзара байланысу жолдары, олардың бір - біріне деген мағыналық қарым – қатынасы қазіргі уақытта бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ұлғая, кеңи түсті. Осыған орай бұл синтаксистік катеорияның заңдылықтары да жетілді, ондағы жеке сөйлем байланыстарының жолы да сараланды. Сабақтас сөйлемнің алуан түрі жазушы ойын бейнелер беруге бейім тұрады.

Сабақтас сөйлемнің құрамы айқындаушы, айқындалушы бөлшектерден тұрса, мұның өзі ондағы жеке сөйлемдердің бір - біріне тәуелді, тұлғалық және мағыналық жақтарынан өзара тығыз байланысты айтылатындығын көрсетеді. Бұл сөйлемге тән болып келетін осындай байланыс бағыныңқының сан қилы формалық өзгерістерін және оның басыңқымен қарым қатынасын жан – жақты зерттеуді қажет етеді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің зерттеу объектілері мұнымен ғана тынбайды.

Осы категорияның сырын жан – жақты толық тани білу үшін оның өзіндік құрылысын айқындау керек. Құрмаластың осы түрі сонда ғана бар қыр – сырымен толық ашылатын болады. Сөйлем құрылысын тани білу, сайып келгенде, ойын табиғаты мен жаратылысын түсіндіру болып табылдаы.

Сабақтастың құрылысы жай сөйлем табиғатынан күрделі де аумақты келеді. Өйткені мұның құрамындағы құрылыс материалы жеке сөйлемдер болып табылады. Сол жеке сөйлемдер өзара сабақтаста байланысып, бір бүтін құрмаласқан конструкция құрайды. Жеке сөйлемдердің осылайша бірігуі олардың тұлғалық әрі мағыналық жақтарынан үйлесе айтылуы негізінде болады. Сондықтан да құрмаластың құрамындағы әрбір жеке синтаксистік бөлшектерді әдеттегі сөйлемдермен тепе – тең дәрежеде қарастыруға болмайды. Өйткені сабақтас құрмаластағы синтаксистік компоненттер жекелеп өз алдарында бөліп алғанда , толық мағыналық біршама аяқталған ойды білдіре алмайды. Тек олардың бір - бірімен мағыналық үйлесімде жұмсалуы, өзара тығыз синтаксистік қарым – қатынаста болуы ғана сондай сипатқа түсіре алады.

Демек, сабақтас құрмалас сөйлемдер құрамына енген жеке сөйлемдер жаңа бір сипат алып, бір бүтін жаңа конструция құрастыруға қатысады. Мұндайда сол жеке сөйлемдер өз көрінісінен ажыратылып қалмай, жаңа мәндегі сабақтас құрмаластың айырым компонентіне айналады. Айрым компонент дегеніміз - бір бүтін құрмаластағы жеке сөйлемдер. Әәдеттегі жай сөйлемдерден мұндай сөйлемдердің айырмашылығы - бұлар тұлғалық, мағыналық жақтарынан тығыз байланысқа түсіп , бүтін конструкия ретінде ұласқан ойды білдіріп тұрады.

Сөйлем құрылысын ондағы жеке сөздердің өзара байланысу қабілетіне қарай зерттейміз. Байланысқа түскен әрбір сөздер, негізінен алғанда, грамматикалық негіздің төңірегіне жинақталы. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді талдағанда да осы бас мүшелер негізде алынады. Өйткені сабақтас құрмаластың құрамындағы әрбір синтаксистік компоненттерді сөйлем дәрежесінде түсінетін болсақ, сол сөйлемнің негізін қалайтындар да осы бас мүшелер, әрбір компонентте бастауыш пен баяндауыш қатынаспаған конструкция сөйлем дәрежесінде танылмайды, демек, мұндай синтаксистік компонент сабақтас құрмаластың тең құрамды бөлшегі де бола алмайды. Олай болса, сабақтас құрмалас сөйлем мәселесін айқындаудағы ең басты критерий субъект- предикаттық қатынаспен тығыз байланыстырыла қаралады.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем проблемасын айқындау ең алдымен оның бағыныңқы компонентінің сипатын ашу жайына негізделеді.

Бағыныңқы компоненттің сипатын ашу дегеніміз – оның табиғи жаратылысын, құрылымдық ерекшелігін , жасалу жолдарын білу деген сөз. Бұлардың балрығы бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілерін танытынп тұрады.

Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің жасалу жолары әңгіме болғанда, бағыныңқының баяндауышы еске алынады. Ол аралық діңгек байланыстырғыш орталық деп те аталады. Сонымен қатар мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу құрылысына басқа кейбір тілдік элементтер қатынаса алады. Олар - шылау не шылау мәндес сөздер.

Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемдерді жасалу жолдарына қарай 2 – ге бөлдік:


  1. Синтетикалық мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас;

  2. аналитико – синтетикалық мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас.

Трилогияда синтетикалық мезгіл бағыныңқылардың ішінде - ғанда тұлғалы сөйлемдер , ал аналитико – синтетикалық мезгіл бағыныңқылардың ішінде барған сайын , барған соң тұлғасындағы сөйлемдер көп кездесетіндігін мысалдар жинау арқылы байқадық.

Статистикасына баратын болсақ, мезгіл бағыныңқылы сабақтасының жалпы саны 750 болды. Олардың 400 – ге жуығы әр мезгілдес түрі - ғанда тұлғасында келетін сөйлем саны – 221, - ғанша тұлғасында - 150, - қалы , келі тұлғасында - 72,

- ған кезде, шақта, сайын тұлғасында - 65, - са тұлғасында - 53, - ған соң, - ғаннан кейін тұлғасында - 48, - а , - е, - й және дейін , шейін тұлғасында - 35, - п тұлғасында - 28, - ысымен , тұлғасында - 2, - арда , тұлғасында - 16 сөйлем кездесті. Трилогиядағы бір мезгілдес түріне қарағанда әр мезгілдес түрінің жиі қолданылатындығын байқадық Мұның өзі бағыныңқы компоненттің басыңқыны әр түрлі мезгілестік ыңғайда айқындай айтылудағы заңдылығынан шығып жатады.

Мезігіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары мен мағыналық қарым қатынастары әр түрлі болғандықтан да, олар бағыныңқылық ыңғайда бірнеше топқа жіктеледі. Бұл ретте ең алдымен белгілі бір принциптің басшылыққа алынғаны жөн. Осы жағдайларды ескере отырып, құрылыс - семантикалық принципті негізге алдық, яғни трилогияда мезгіл бағыныңқылының жасалу жолдары мен мағыналық белгілері ескерілді.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың ромнда орын тәртібіне де назар аудардық. Трилогияда бағыныңқы компонент көбінесе сөйлем басында қолданылатын болса , сонымен қатар оның сөйлемнің ортасында да орналасып қалатыны байқалады.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары, соған лайық белгілі бір түрге саралануы олардың арасында синтаксистік қатынастарды туғызады. Синтаксистік қатынас сөйлем басын үйлестіре құрастыруда айрықша қызмет атқарады. Өйткені сөйлемдегі жеке сөзде, сөз тіркестері өзара тығыз байланыста болып , қолданысына әсерін тигізеді.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем категориясының жетіліп отыруы әдеби тіліміздің баю, даму жолдарымен тығыз байланысты. Әдеби тіліміздің стильдік тармақтары жетілген сайын тілдік шаралар да белгілі бір жүйеге түсіп қалыптасып отырады. Мұндай заңдылық тілімізден орын алатын мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің бойынан да өз көрінісін тауып отырады. Сол көріністердің Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы мазмұн – сыры осы жұмысымызға негізгі арқау болды.

Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы синтаксистік құрылысы жағынан күрделі болып келетіндігін байқадық. Әсіресе мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің трилогия тілінің құрылысын сомдауда орны ерекше.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Есенов Қ. «Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер». - Алматы, 1974 ж.

  2. Дмитриев Н. К. «Грамматика башкирского языка». - Москва – Ленинград , 1948 г.

  3. Сартбаев К.К. «Некоторые спорные вопросы сложноподчиненного предложения киргизского языка»// «Труды института языка и литературы» .Фрунзе 1965 г.

  4. Абдурахманов Т.А. «Основы синтаксиса сложного предложения современого узбекского литературного языка». Автореферат докт. дисс – Ташкент, 1962 г.

  5. Алиев Ч. Б. «Проблема придаточного предложения в карачаево – балкарском языком языке» // «Вопросы опистательных грамматик языков Современого Кавказа и Дагестана» - Москва , 1984.

  6. Жубанов К. «Исследования по казахскому языку». Алматы, 1966

  7. Санбатталов Т.Т. «Синтаксис сложного предложения башкирского языка». Автореферат докт. дисс. Уфа, 1972.

  8. Закиев М.З. «Синтаксический строй тамарского языка». Уфа, 1969.

  9. Жиенбаев С. «Синтаксис мәселелері», Алматы, 1939.

  10. Жұбанов Қ. «Қазақ тілінің програмы». Алматы, 1936

  11. Аманжолов С. «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы». Алматы, 1994.

  12. Ахтямова Т.М. «Вопросы изучения русских сложно подчиненных придложений с придаточными обстоятельство в узбекских группах вузов» . - Ташкент, 1966.

  13. Дәулетов М. «Хәзирги заман қарақалпақ тилинде кеңейтілген пысықтауыш» . - Нукус, 1966

  14. Хавичев М.А. «Карачаево – балкарский язык» – Москва 1966

  15. Чередниченко И. Т. «Особые случаи придаточности в современном русском языке». - Львов, 1948.

  16. Дмитриев Н.К. «Граммантика кумыкского языка». - Москва - Ленинград, 1940

  17. Есенов Қ. «Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы» . Алматы, 1982

  18. Кононов А.Н. «Грамматика современного турецкого литературного языка». Москва- Ленинград, 1956.

  19. Сартабаев Қ. «Қыргыз тилиндеги кошмо сүйломдүн синтаксиси». Фрунзе ,1966

  20. Санбатталов Т.Т. «Синтаксис сложного предложения башкирского языка». - Баку, 1963

  21. Бердымуратов К. «Придаточные предложения в каракалпакском языке и их структура». - Нукус. 1957

  22. Ағманов Е. «Қазақ тілінің тарихи синтаксисі». - Алматы , 1991

  23. Балақаев М. Қордабаев Т. «Қазіргі қазақ тілі». Алматы, 1966

  24. «Қазақ тілінің граматикасы» І, ІІ. Алматы, 1967.

  25. Жукеев Т. «Қазақ тіліндегі пысықтауыш мүшеге қатысты синкретикалық құбылыстар». Филология ғылымдарының кондидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. - Астана, 2005.

  26. Қордабаев Т. «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі» . - Алматы , 1995.

  27. Шәукенұлы Қ. «Синтаксис» Алматы, 2004 ж.

с. 1

скачать файл

Смотрите также: