ДӘужанова лаззат мұратқызы


с. 1


ӘОЖ 37.013.43:372.8:5 Қолжазба құқығында


ДӘУЖАНОВА ЛАЗЗАТ МҰРАТҚЫЗЫ

ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ (ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

6М010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның


Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қызылорда, 2012 ж

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында орындалған

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

кандидаты Л.Д.Жамансариева

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының

кандидаты Ә.А.Досмаханова

Диссертация 2012 жылдың «___» маусымында сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Музыка-педагогикалық факультетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 А, №7 оқу ғимараты, №____ дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі жеделдету, демокрияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру. «Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады» (Ы. Алтынсарин). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясының кеңеюі, қазақ мектептері санының көбеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзіндік бағыт-бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың қажеттігін мойындап отыр. Себебі, адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни, педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық үдерістерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.

Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді.

Соңғы жылдары ТМД мен Қазақстанда орындалған ғылыми еңбектерге жасаған талдау оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті бағыттарының (Б.Баймұқанов, А.Е.Әбілқасымова, Ж.Икрамов, К.К.Жампейсова және т.б.), болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасының (В.Л. Бенин, Т.Е.Исаева, В.В.Краевский, В.А.Сластенин, Л.Б.Соколова, В.Кузьмина, Н.А.Павелко, Р.М.Фатыхова, Н.Д.Хмель, Ш.Таубаева, А.П.Сейтешев, Г.Ж.Меңлібекова, М.С.Молдабекова, С.С.Маусымбаев, А.А.Жайтапова, Г.Т.Хайрулин, О.У.Мұсабеков, К.М.Беркимбаев, С.М.Кеңесбаев т.б.), жеке тұлғаның қазақ этнопедагогикасы негізінде жан-жақты дамуының (С.А.Ұзақбаева, Р.К.Төлеубекова, Қ.Б.Жарықбаев, Қ.Б.Бөлеев және т.б.) педагогикалық мәдениетпен байланыстырыла отырып, қарастырылғанын көрсетеді.

Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау жоғары білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселесінің бірқатар бағыттарының (қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер жеке тұлғаның педагогикалық мәдениетті болуын талап еткенімен, оқу үдерісінде бұл мәселені заманауи тұрғыда шешудің ғылыми-педагогикалық негізі жасалмағандығы; болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауға бағытталған арнайы даярлық жұмыстарының ұйымдастырылмауы, мұғалімдердің қарастырылып отырған мәселе бойынша біліктіліктерінің жеткілікті болмауы негізінде, мектеп бітірушілер білімдерінің төмен көрсеткіштері, қазіргі кезде оқушы жастардың басым көпшілігінің білім алуға деген ынталарының азаюы, тұлғаға бағытталған білім берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы және т.б.) әлі де болса шешімін таппай отырғанын дәлелдейді.

Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемасын анықтауға және тақырыпты «Оқу үдерісінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру (жаратылыстану пәндері негізінде)» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы мен даму үдерісін ашу және оның теориялық негіздерін анықтап, қазіргі жоғары педагогикалық оқу орындары жүйесінде қалыптастыру жолдарын айқындау.

Зерттеу нысаны: мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті.

Зерттеу пәні: мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы және даму үдерісі.

Зерттеудің болжамы:  Егер мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы мен даму үдерісі жүйеге келтіріліп, теориялық негіздері анықталса және оны қазіргі жоғары педагогикалық оқу орындарында пайдалануға байланысты тұжырымдама жасалып, арнайы оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыздандырылса, онда болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениеті қалыптасады, ал, бұл болса оған осы проблеманы кәсіби іс-әрекеттерде тиімді шешуде септігін тигізеді.

Зерттеудің жетекші идеясы: Мұғалімнің педагогикалық мәдениетін болашақ мұғалімдерге арнайы тұжырымдама мен оқу-әдістемелік кешендер арқылы меңгерту олардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыруда септігін тигізеді.

Зерттеу міндеттері:

1. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің мәнін, мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін теориялық тұрғыда негіздеу.

2. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын негіздеу және оған ықпал еткен шарттарды анықтау.

3. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетін жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде қалыптастыру тұжырымдамасын жасау.

4. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделін жасау және педагогикалық шарттарын анықтау.

5. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесін жасау және оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.



Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері болып, білім беру мен тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас; педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелілік, тұтастық, тарихи-салыстырмалылық, кешенділік тұжырымдамалары, жеткіншектер мен жастарға қоғам талабына сай жан-жақты тәрбие берудегі философиялық, педагогикалық, психологиялық, этнопедагогикалық қағидалар; қазақ халқының ұлттық мәдениетінде, соның ішінде рухани мәдениетінде көрініс алған құнды идеялар, озық дәстүрлері, тәжірибесі саналады.

Зерттеудің көздері болып Қазақстан үкіметінің ұлттық рухани құндылықтарды жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану және мәдени-этникалық білім беруге байланысты ресми құжаттары (ҚР-ның Конституциясы, Заңдары, тұжырымдамалар, этномәдениет баяндамалары), зерттеу проблемасы бойынша басылым көрген отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының (философ, тарихшы, этнограф, филолог, өнертанушы, педагогтар мен психологтардың), қазақ ғұлама ойшылдарының еңбектері; қазақ халқының мәдени мұралары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқушылар мен жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беру тұжырымдамалары, оқу құжаттары, оқу орындарының озық тәжірибелері, сондай-ақ диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі болып табылады.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерге (педагогикалық, философиялық, мәдениеттану, тарихи-этнографиялық, әлеуметтану, психологиялық-педагогикалық, филологиялық) тарихи-теориялық талдау; деректі материалдарға салыстырмалы талдау, қазақ халқының озық мәдени педагогикалық дәстүрлерін зерделеу; жоғары оқу орындарына арналған оқу-әдістемелік құралдарға, озық тәжірибелерге, студенттердің зерттеу проблемасына қатысты жазба жұмыстарына талдау жасау, жүйелеу, қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, педагогикалық эксперимент, алынған нәтижелерді өңдеу, диссертацияны талапқа сай рәсімдеу.

Зерттеудің тәжірибе – эксперименталдық базасы ретінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және Ғ.Мұратбаев атындағы №171 қазақ орта мектебі алынды. Экспериментке «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 17 оқытушы, 108 студент және 20 мектеп мұғалімдері қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы негізделді және оған ықпал еткен әлеуметтік-педагогикалык шарттар анықталды.

2. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің мәні, мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері теориялық тұрғыда негізделді.

3. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетін жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы жасалды.

4. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделі жасалды және оны жүзеге асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар анықталды.

5. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде дәлелденді.



Зерттеудің теориялық маңызы:

- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделді;

- студенттердің педагогикалық мәдениетін қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;

- студенттердің педагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды;

- студенттердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.

Зерттеудің практикалық маңызы:

Зерттеу нәтижелері негізінде жоғарғы оқу орны студеттерін болашак бастауыш сыныпта жаратылыстану пәніне дайындау бағдарламасын жетілдіруге мүмкіндік береді. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін арнайы тұжырымдама мен оқу-әдістемелік кешендер арқылы меңгерту олардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыруда септігін тигізеді. Зерттеу нәтижелерін жоғары, арнайы орта педагогикалық оқу орындарында және жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін институттарда пайдалануға болады.



Күтілетін нәтижелер:

Зерттеу проблемасын жан-жақты әдіснамалық және теориялық талдаумен, педагогикалық зерттеудің логикасымен, зерттеу барысында педагогика әдіснамасының талаптарының сақталуымен, зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде нақты қолдануымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестігімен, олардың тиімділігінің эксперимент жүзінде тексерілуімен қамтамасыз етіледі.



Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің мәнін, мазмұны мен ерекшеліктерін теориялық тұрғыда дәлелдеу оның студенттердің қазіргі білім беру мен тәрбиелеу үдерісін жетілдірудегі потенциалды мүмкіндіктері туралы айтуға негіз болады.

2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделі мақсатын, даярлық элементтерін, мазмұнды, компоненттерді, өлшемдер мен көрсеткіштерді және деңгейлерді қарастырады. Педагогикалық шарттар (мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыздандырады.

3. Студенттердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі оларды кәсіби білімді меңгеруге байланысты өздігімен дербес, шығармашылықпен орындалатын кәсіби іс-әрекетке бағыттайды.

4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі эксперимент барысында дәлелденген тәжірибеге негізделеді және олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға бағытталады.

Зерттеу жұмысының құрылымы.  Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, мақсаты, зерттеудің нысаны, пәні, ғылыми болжамы, зерттеудің жетекші идеясы, міндеттері, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, зерттеудің тәжірибе – эксперименталдық базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, зерттеудің теориялық маңызы, зерттеудің практикалық маңызы, күтілетін нәтижелер, қорғауға ұсынылатын қағидалар беріледі.

Бірінші тарауда  «Мұғалімнің педагогикалық мәдениетін зерттеудің теориялық негіздері»: мәдениет түсінігі (философиялық, социологиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда); мәдениеттің педагогикалық іс-әрекетте қалыптасуының әлеуметтік негізі; педагогикалық мәдениет түсінігінің мәні; педагогикалық мәдениеттің компоненттері; болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру үрдісінің педагогикалық, психологиялық негіздері баяндалады.

«Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздері»: жоғары мектеп теориясы мен практикасында педагогикалық мәдениетін қалыптастыру мәселелері; мұғалімдердің және педагогикалық мамандық студенттерінің қалыптасқан педагогикалық мәдениетінің жай – күйі; болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастырудағы ғылыми – жаратылыстану цикліндегі пәндердің мүмкіндіктері қарастырылады.



Екінші тарауда «Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде қалыптастыру» тұжырымдамасының мазмұны және  болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтау, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастырудың жағдайы, тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесі және зерттеліп отырған проблеманың перспективасы беріледі.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында қарастырылған философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттер қамтылды.

Негізгі бөлім

Бүгінгі жоғары білім берудің көп деңгейлі құрылымы, жоғары оқу орнының халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы және оларды қоғамның талаптарына сай басқару мәселелері білім беру саласына жаңа тәсілдерді енгізуді талап етуде. Білім саласына ендірілетін жаңалықтың қайсыбірі болмасын арнайы даярлықты талап етеді. Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіби даярлығына, педагогикалық мәдениетінің дамуына және олардың жаңа педагогикалық технологияларға терең түсіністікпен бейімделуіне жағдай жасау қажет. Білім берудің мазмұнын модернизациялау, педагог мамандарды даярлаудың мазмұны мен құрылымын саралап қайта ой-елегінен өткізу оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатуды, болашақ мамандардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді.

Мәдениеттану теориясының проблемасы саласындағы еңбектерге талдау жасау арқылы біз «мәдениет» ұғымының қазіргі қоғамтануда іргелі зерттеулердің қатарына жататынын анықтап, оны ұғымдық түсінігінің ерекшелігіне қарай танымның әрқилы саласында пайдалануға болатынын айғақтаймыз.

Мәдениет арабша «маданият» – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты.

Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды алътерінативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтканда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы «тереңнен жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдедиет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «кұрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманның сөздіктерінде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).

Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі - мәдени әрекет. Әрекеттену - жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.

Ал осы ұғымдардың ішіндегі мәдениеттану пәніне алғашқы
екі ұғымды, тікелей қатысуы екендігін аңғаруға болады. Мәдниет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір модельденген термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала адамдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар Гелилік эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз — шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халық, жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жұмыстарына жәие т.б. қатысуы мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өндеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл үдерісті «пайдейя» (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға ие. Адамзат мәдениеті үздіксіз дамып өркендей отырып, революция мен прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз бағынады. Бірақ біз қарастырған мәдениеттің материалдық негізіне мән берілмей, мәдениетті тек құдайдың шапағатымен ғана байланыстырып, бұл ұғымға мәдениеттің ғылым, адамгершілік, өмір, философия, құқық және т.б. сияқты салаларын ғана енгізген.

Әлемдік және отандық мәдениеттің теориясы мен тарихын зерттеген Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева болса, қазақтың төл мәдениетін батыстық мәдениетпен салыстыра отырып, оның өзіне тән ерекшеліктеріне тоқталады, қазақтың әлем туралы түсінігін алып бәйтерекке салыстыра отырып, мәдениеттің әлемдегі орнын қоршаған орта мен өркениет аясында қарастырады. Қоршаған ортаны әлем мәдениетінің өрістеу аймағы деп түсіндіреді және ұлттық мәдениетті бос кеңістікте емес, ол - адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді және тарихи ағымның өрісі болып табылады деген пікірді ұстанады. Табиғи ортаға халықтың санасында киелі мекені болып қалыптасқан тауларды, өзен-көлдерді, аңғарлар мен төбелерді, тіпті аруақтар жатқан молаларды да жатқызады. Демек, олар қазақ халқының ұлттық мәдениетіне айрықша экологиялық мазмұн беріп, адам мен табиғаттың арасында нәзік үндестік болатындығын дәлелдейді. Мәдениет мәселесін қазақ халқының дүниетанымында этиканың «жақсылық» пен «жамандық» ұғымдары аясында түсіндіреді, сонымен бірге әртүрлі халықтардың көне мәдениеттен алғашқы өркениеттерге өтуі – мәдениеттегі дамудың заңды құбылысы деген қорытындыға келеді.

Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау бүгінгі таңда «мәдениет» ұғымына берілген анықтамалар бар екенін, олардың жылма жыл жаңа анықтамалармен толықтырылып отыратынын көрсетеді. Бұл анықтамаларды былайша жүйелеуге болады: «Мәдениет дегеніміз – тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағыттаушы және жүзеге асырушы әмбебап механизмі (В.Момов, А.Здравомыслов, А.Ядов, О.Дробинцкий және т.б); заттық және рухани құндылықтардың жиынтығы (В.Тугаринов, Ю.Ефимов, И.Громаов, А.Арнольдов, Н.Чавчавадзе және т.б); іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі (М.Коган, В.Давыдович, Ю.Жданов, О.Хванова және т.б.); қоғамның әртүрлі әлеуметтік және рухани саласында тұлғаның өзін-өзі шығармашылықпен жетілдіру әдісі (В.Библер, Н.Злобин, А.Леонтьев, И.Ильяева және т.б.); адамның табиғи биологиялық табиғаты, ондағы рухани бастаманың дамуын асқақтату дәрежесі (В.Розов, Д.Лихачев және т.б.).

Жоғарыда айтылғанның бәрі «мәдениет» ұғымы аясының кең әрі күрделі екендігін көрсетеді. Егер, оны кең көлемде қарастырсақ, онда қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруда адамның қолымен жасалған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы қалыптасқанын байқаймыз. Мұндай түсінік Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңында да кездеседі. Онда «Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы» - деп түсіндіріледі.



1 – сурет. Мәдениеттің функциясы (қызметі)


Аксиологиялық






Ақпараттық (коммуникативті)




Танымдық (гносеологиялық)



Мағыналы құрастырушы

(смыслообразующий





нормативті



Ақпараттық (информационная)






Іс-әрекеттік (праксиологическая)



Адамдық шығармашылық (социализация)




Мәдени идентификация функциясы

Материалдық мәдениетте адамдардың өндірістік қызметінің барлық салалары қамтылады: өндіріс, өндіріс құрал-жабдықтары, өндіріс тауарлары, сәулет өнерінің мұралары, тұрмысқа қажетті бұйымдар және т.б. Ал, рухани мәдениетте – тіл, ғылым, білім, өнер, әдебиет, дін, салт-дәстүрлер, мерекелер, ауызекі шығармалары және т.б. құндылықтар ретінде қарастырылады. Мәдениет қандай түр алса да, ол адамдық құндылықта болады. Өйткені мәдениет қоғаммен диалектикалық байланыста болғанымен, ол тек адамға ғана тән қасиет.

Әйтсе де «мәдениет» ұғымына осылайша анықтама беру, сыңаржақтылық сипатқа ие болуы да мүмкін. Өйткені мәдениет туралы айтқанда оған ешбір өзгеріске түспейтін, ешбір ықпалға берілмейтін нәрсе деп қарауға болмайды. Адамдардың қолымен жасалынып жатқан жаңа құндылықтар, адамдардың құндылықтармен өзара байланысы және оны игеруі мәдениеттің аса маңызды бөлігінің бірі болып табылады.

Осы факторларды ескере отырып біз, «мәдениет» дегеніміз - адамдардың бірлескен түрде ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы. Мәдениеттің мәні адамның ақыл-ойымен, еңбегімен байланысты туындайтын құндылықтар және іс-әрекет тәсілдері. Мәдениеттің ең жоғары нәтижесі - адамдардың қоршаған ортаға шынайы көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін және қарым-қатынасын соған сәйкестендіре бағыттап отыруымен анықталады. Ал, мәдениеттің көрсеткіші: ой-өрістің даму дәрежесіне; дүниетанымның қалыптасқан бағытына; әлеуметтік белсенділікке; жекелеген мінез-құлық нормаларының қоғамдық маңызына; іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруге; мінездің эмоциялық қабылдауына және интуицияға тепе-тең келуіне байланысты айқындалады», деп ой тұжырымдаймыз.

Әлбетте, мәдениеттің қай түрі болмасын бірлікте, тұтастықта, тарихтың бір бөлшегі ретінде тарихи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді, өндірістік қатынастарды, адамдардың өмір сүру салты мен рухани дүниесінің қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткізілді. Экспериментке 108 студент, 20 бастауыш мектеп мұғалімдері және жоғары оқу орнының мұғалімдері қатысты.

Анықтау эксперименті барысында  болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі анықталды.

Теориялық талдау негізінде мұғалімнің педагогикалық мәдениетінде көрініс алатын мынадай компоненттерді негізге аламыз: эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, бағалаушылық, іс-әрекеттік . 



Эмоционалдық-мотивациялық компонент тұлғаның бағыттылығын (рухани, әлеуметтік қажеттіліктегі, көзқарастағы, мінез-құлқындағы, тәртібіндегі, қызығушылығындағы, мотивіндегі және т.б.) анықтайды, мазмұндық компонент тікелей эмоционалдық-мотивациялық компоненттің қалыптасуына байланысты болады және болашақ мұғалімнің білім деңгейін көрсетеді, бағалаушылық компонент студенттің педагогика әлеуетін қабылдап, оны пайдаланудағы өз іс-әрекетін талдап, бағалай білуін анықтайды, іс-әрекеттік компонент мұғалімнің іс-әрекетімен анықталады және оның білім деңгейін көрсетеді, өйткені іскерлік пен дағды білімнің жүзеге асырылуы болып табылады. Біз осы аталған компоненттерді негізге ала отырып анықтау және бақылау эксперименті барысындағы болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейін байқау мақсатында құрылымдық модель жасадық (сурет 1) және өлшемдер мен көрсеткіштерді айқындап, деңгейлерін (жоғары, жеткілікті, орта, төмен) анықтадық (кесте 3).

3-кесте. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері.



Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Деңгейлері

1. Эмоцио

налдық-


мотивация-

лық


Педагогикаға және жаратылыстану ғылымына қызығушылығының болуы

-Педагогиканың кәсіби-әрекетте қажеттілігін түсінуі;

-педагогиканы меңгеруге, пайдалануға жағымды көзқарасы;

-педагогикадан жүйелі даярлықты қажетсінуі;

-педагогикадан үздіксіз өздігімен жетілуге талпынысы;

-педагогика арқылы шығармашылық әлеуетін дәріптеу сұранысы



Жоғары: педагогикаға, жаратылыстануға ерекше қызығады, қажетсінеді, үздіксіз өздігімен жетілуге талпынады, шығармашылық ізденіс танытады; педагогикадан, жаратылыстанудан
білімі терең, ұғымдық аппаратты жетік меңгерген; педагогикалық, табиғи құбылыстарды, дәстүрлерді оқу-тәрбие үдерісінде еркін пайдаланады; педагогикалық ақпаратты шығармашылықпен пайдаланады.

Жеткілікті: педагогикаға, жаратылстануға қызығады, өздігімен жетілуге талпынады, өздігімен ізденеді, педагогикадан, жаратылстанудан білімі бар, ұғымдық аппаратты түсінеді, педагогикалық, табиғи құбылыстарды, педагогикалық ақпаратты қабылдай біледі.

Орта: педагогикаға, жаратылыстануға ішінара қызығады, өздігімен жетілуге талпынысы тұрақты емес, мұғалімнің бағдарлауы бойынша ізденеді, педагогикадан, жаратылстанудан ұғымдық аппараттан білімі толық емес, педагогикалық, табиғи құбылыстарды, педагогикалық ақпаратты іс-әрекетте мұғалімнің көмегімен қолданады.

Төмен: педагогикаға, жаратылыстануға қызықпайды, қажетсінбейді, өздігімен жетілуге талпынбайды, педагогиканы жетік меңгермеген, оның ұғымдық аппаратын түсінбейді, мәдени дәстүрлерді қабылдамайды, онша түсінбейді, педагогикалық ақпаратты қажетсінбейді.

2. Мазмұн

дық


Педагогикадан, жаратылыстанудан іргелі білімінің болуы

-педагогиканы ғылым ретінде қабылдауы;

-педагогиканың және жаратылыстанудың ұғымдық аппараты туралы білімі;

-педагогиканың, жаратылыстанудың басқа ғылымдармен байланысы;

-педагогиканы, жаратылыстану саласындағы білімді пайдаланудың негізгі тәсілдерін білуі



3. Бағалау

шылық


Педагогика, жараталыстану әлеуетін қабылдауы, бағалауы

-Педагогика және жаратылыстану материалдарын тұтас қабылдап, дәлелді бағалауы;

-педагогика мазмұнына талдау беруі;

-педагогиканы пайдаланудағы өзінің іс-әрекетін бағалауы;

-педагогиканы және жаратылыстануды пайдалану формаларына талдау беруі;

-оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларды педагогика және жаратылыстану материалдарына бейімдеудегі мұғалім-дердің іс-әрекетіне баға беруі


4. Іс-

әрекеттік



Педагогикалық құбылыстарды практикада пайдалана білуі

-Педагогикалық құбылыстарды байқауы жүйелеуі, талдауы;

педагогикадан меңгерген білім, іскерлігін практикада пайдалана білуі;

-дәстүрлерді оқу-тәрбие үдерісінде пайдалана білуі;

-педагогикалық ақпаратты қабылдай, өңдей білуі; педагогика, жаратылыстану үлгілерін тақырып бойынша сұрыптай білуі.


Анықтау эксперименті барысында  болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі анықтауда анкета сұрақтарын жасадық. Экспериментке 108 студент, 20 бастауыш мектеп мұғалімдері және жоғары оқу орнының мұғалімдері қатысты.

1-Гистограмма

Студенттернің педагогикалық мәдениетінің деңгейі (эксперимент басы)




Сауалнама нәтижесі студенттердің бұл саладан білімінің төмен екендігін, педагогика пәндеріне бөлінген сағаттардың шектеп берілуіне байланысты педагогиканың көптеген бағыттары қамтылмай қалатынын көрсетті.

Эксперименттің қорытынды нәтижесінен мынаны көруге болады: егер эксперимент басында бірде бір студент эмоционалдық-мотивациялық компонентте жоғары деңгейді көрсетпесе, эксперимент соңында ол 32,4%-ға жоғарылады; жеткілікті деңгейді 10,18 % көрсетсе, соңында 46,29% -ға жетті; орта деңгейді эксперимент басында 35,18% көрсетсе, эксперимент соңында 21,29%-ға азайды; ал төмен деңгейді басында 54,62% көрсетсе, соңында бұл көрсеткіш 0%-ға төмендеді.

Егер эксперимент басында бірде бір студент мазмұндық компонентте жоғары деңгейді көрсетпесе, эксперимент соңында ол 33,3%-ға жоғарылады; жеткілікті деңгейді 12,96 % көрсетсе, соңында 50,92% -ға жетті; орта деңгейді эксперимент басында 37,03% көрсетсе, эксперимент соңында 15,74%-ға азайды; ал төмен деңгейді басында 50% көрсетсе, соңында бұл көрсеткіш байқалмады.

2-гистограмма

Болашақ мұғалімнің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейлерінің көрсеткіштері мен қалыптастыру деңгейлері


Сонымен тәжірибелі-эксперимент жұмысы болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениеті қалыптасуының құрылымдық моделінің, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерінің дұрыстығын, біздің ұсынған әдістемеміздің тиімділігін дәлелдеді.
Қорытынды
Жаңа ғасырда жаңа Қазақстанның мұғаліміне қойылатын талап та жоғары болмақ. Жаңа әлемнің жаңа мұғалімі ең бірінші кезекте инновациялық технологиямен қаруланған, оқушының жан дүниесін жете түсінетін, оның дара қабілеті мен шығармашылығының ашылуына ат салысатын, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына бар мүмкіндіктер жасайтын, өзінің инновациялық іс-әрекетіне жүйелі талдау мен сараптама жүргізе алатын және біртұтас педагогикалық үдеріс сапасының инновациялық жетілдіру жолдарын білетін мұғалім-инноватор болуы тиіс.

Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. Біз, дүниені жай ғана пайымдаушы ғана емес, оны өз қажеттіліктерімізге байланысты өзгертуші тұлғамыз. 


Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет - адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби мәдениеті - әлеуметтік сұранысқа сай заңды құбылыс, өйткені тұтынушылар жоғары деңгейде сапалы білім беру мектептерін таңдауға мүмкіндік алады, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі – сол мектептің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші, түлектердің білім сапасында, тәрбиесінде, жаңа ақпараттық технологияны меңгеруінде, олардың бойынан пәндік және түйінді құзыреттіліктердің көрініс табуында бір мектеп пен екінші мектеп арасында бәсекелестік болады.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін анықтауда тұлғаға бағдарлы, әрекеттік, жүйелілік, ақпараттық, мәдениетнамалық және құзыреттілік тұғырлар басшылыққа алынды. Тұлғаға бағдарлы тұғыр студенттің кәсіби мәдениетін қалыптасуында оларды өз ісінің субъектісі ретінде сезінуіне, өзіндік әлеуетін, сапаларын аша білуге және дамытуға ықпал етеді. Іс-әрекеттік тұғыр болашақ мұғалімнің іскерлігінің, жасампаздығының, қайраткерлігінің қалыптасуына түрткі болады. Жүйелілік тұғыр студенттің білім мазмұнын сапалы меңгеруін, білім, білік, дағды және тәжірибесін, тұлғалық даму деңгейін сипаттайды және өз ісін жүйелі де сапалы ұйымдастыра білуіне үйретеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби мәдениетін қалыптастыруда жекетұлғалық тұрғыдан келу дайындықтың мазмұнын таңдауға және мақсатын белгілеуге, нәтижелі білім беруде пәндік және түйінді құзыреттіліктерді айқындауға себеп болды. Мәдениетнамалық тұғыр болашақ мұғалімнің қоғаммен, адамдармен қарым-қатынастағы мәдени қатынастардың негізі ретінде олардың адамилық, өркениеттік сапаларын дамытуға ықпал етеді. Қазіргі заман талабына орай болашақ мұғалімнің кәсіби мәдениетін қалыптастыруда ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық телекоммуникативтік технологияларды қолдана білу қабілетін дамытуға себепші болады.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін қалыптастырудың жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында көрсетілген жалпы білім, базалық, кәсіптендіру пәндері, педагогикалық тәжірибелермен қатар арнайы ұйымдастырылған оқу курстары болашақ мұғалімдерді дайындауға тікелей қатысты профессор-оқытушылардың жұмысын осы бағытқа бағдарлау, факультет, кафедра жұмыстарының бірлігі арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін біртұтас ғылыми-әдістемелік жүйесі жоғары педагогикалық оқу орнындарының оқу-тәрбие үдерісін жаңа мазмұнмен толықтырады.

Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі эксперимент барысында дәлелденген тәжірибеге негізделеді және олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға бағытталады.

Педагогикалық мәдениетінің мәнін, мазмұны мен ерекшеліктерін теориялық тұрғыда дәлелдеу оның болашақ мұғалімдердің қазіргі білім беру мен тәрбиелеу үдерісін жетілдірудегі потенциалды мүмкіндіктерін ашып көрсетуге септігін тигізеді.

Жүргізілген зерттеулер бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

1. Педагогикалық мәдениет мазмұнын болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлайтын жоғары педагогикалық оқу орындарында оқытылатын педагогикалық пәндердің оқу бағдарламаларының мазмұнына енгізу қажет.

2. Болашақ мұғалімдерге арнап жасалған элективті курс бағдарламаларын жоғары оқу орындарында (сабақта, практикада, сабақтан тыс) студенттердің педагогикалық мәдениеті мен сана-сезімін қалыптастыру мақсатында пайдалану қажет.

Зерттеу проблемасы күрделі де көпсалалы проблеманы толығымен шешуді мақсат тұтпайды. Оның шешімі педагогикалық мәдениеттің студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесінде пайдаланудан; жоғары оқу орны студенттерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастырудан көрінеді.

Жүргізілген зерттеу нәтижелерін саралай келе, мұғалімнің педагогикалық мәдениетін қалыптастыруды акмеология, аксиология, синергетика ғылымдарының құндылықтары мен жетістіктері бағытында да зерттеуді қажет етеді деп есептейміз.
Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

1. Жамансариева Л.Д.., Дәужанова Л.М. «Болашақ мамандардың педагогикалық шеберлігін қалыптастыру» // Профессор Б.С.Сейсеновтың 70 жасқа толуына арналған «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік-саяси, инновациялық аспектілері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция – Қызылорда, 2011.25 қараша, 523-526 б.;

2. Жамансариева Л.Д.., Дәужанова Л.М. «Педагогикалық мәдениеттің мәні мен компоненттері» «ҚМУ Хабаршысы» №33, 2012.;

3. Жамансариева Л.Д.., Дәужанова Л.М. «Педагогикалық мәдениет ұғымының мәні» «Жас ғалымдар» жинағы 2011.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бенин В.Л. Педагогическая культура: философско-социологический анализ. – Уфа, 1997. – 131 с.

2. Беркімбаев К.М., Садуов Б.Н.Бүгінгі студент- келешек білікті маман // Білім-Образование.- 2006. - №3.- 61-64 б

3. Беркімбаев К.М. Жаңа формациядағы мұғалімдерді дайындаудағы психология және педагогика пәндерінің рөлі: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материлдары.- Көкшетау, 2007.- І том.- 75-80 б.

4. Таубаева Ш.Т. ,Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововеденй в системе образования. Алматы, «Ғылым»,2001

5. Станкин М.И. Профессиональное способности педагога. Акмеология воспитания и обучения. Москва, 1998

6. Соколова Л.Б. Методологическая культура как фактор становления педагогической деятельности. Оренбург, 1995

7. Хмель Н.Д. Педагогическая культура и педагогическое мастерство. 
-Алма-Ата, 1974.

8. Бенин В.Л. Педагогическое культура: ее содержание и специфика. –Уфа, 1994.

9. Бенин В.Л. Сущность понятия “педагогическая культура” // Понятийный аппарат педагогики и образования. Вып.2. - Екатеринбург, 1996.

10. Соколов Э.В. Культура и личность. -Л., 1972.
Түйін сөздер: Мәдениет, материалдық мәдениет, рухани мәдениет, әлеуеттік-нормативтік мәдениет, педагогикалық мәдениет, дәстүрлі мәдениет, педагогикалық шеберлік, кәсіби мәдениет, педагогикалық рефлекция, педагогикалық мораль, педагогикалық техника, педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық қабілет, конструктивті қабілет, перцептивті қабілет, дидактикалық қабілет, комуникативті қабілет,  ұйымдастырушылық қабілет, қолданбалы қабілет, педагогикалық құзіреттілік, кәсіби құзыреттілік, ақпараттық-коммуникациялық құзырлық , педагогикалық технология, эмоционалдық-мотивациялық компонент, мазмұндық компонент, бағалаушылық компонент, іс-әрекеттік компонент.

РЕЗЮМЕ

Даужанова Ляззат Муратовна

«Формирование педагогической культуры будущих преподавателей (на основе естественных наук)»
на соискание академической степени магистра педагогических наук по специальности 6М010200 – Педагогика и методика начального обучения
Актуальность исследования: в условиях современной демократизации одна из основных задач Республики Казахстан - развитие и усовершенствование качества образования и воспитания молодого поколения на основе национальных особенностей. "Казахские школы - основной инструмент получения образования казахов ... все наши надежды и будущее казахской нации связано с этими школами. Поэтому качественное обучение в этих школах просто необходимо. Большое количество вооруженных наукой и имеющих правильную позицию люди могут повлиять на весь народ" На фоне получение независимости нашего государства, расширения области использования языка, увеличения количества казахских школ встает необходимость подготовки соответствующих требованиям кадров, освещения молодых педагогов собственным своеобразным направлением идей. Поэтому, современная школа в ожидании высококвалифицированных профессиональных педагогов. В настоящее время весь мир признает необходимость самых образованных, талантливых и ответственных педагогов-специалистов в сфере образования и воспитания. Потому что, школьный период очень важен в жизни человека. Невозможно будет рассчитать убытки, если при жизненных начинаниях ребенка в руководстве будет неграмотный педагог. Для профессионализма педагог должен уметь объективно расценивать свои возможности в качестве преподавателя новой формации, обучиться необходимым профессиональным навыкам, необходимы этикет, интеллектуальная деятельность, культура поведения, умение направляться на интенсивность интеграционного развития в сфере образования всего мира.

Педагог - талантливый и опытный, идущий в ногу со временем, быстро вступающий в контакт с учащимися, обладающий организаторскими способностями, знающий свой предмет на высоком уровне, участвующий в политической жизни общества, являющийся примером посредством своего патриотизма и любви к родине.

«Будущее в сегодняшних учащихся, какое будут воспитание учителей, на таком же уровне будет и Казахстан. Поэтому на учителя ложится тяжелая миссия» отметил глава государства Н.Назарбаев. Современный мир требует от учителя не только знания своего предмета, но и историко-познавательной, психолого-педагогической, политико-экономической и информационной грамотности. Учителя, увлеченного новыми современными методами обучения, творчески относящегося к обучению и воспитанию детей, умело владеющего новыми технологиями можно считать профессионалом.

Анализ научной литературы доказывает, что еще не решены проблемы по подготовке будущих преподавателей высших учебных заведении (еще не сформировались основы научно-педагогического решения проблем, хотя изменения в сфере образования требуют педагогической культуры; недостаточная организация специальных работ по профессиональной подготовке педагогов; низкие показатели выпускников школ, незаинтересованность учащихся в получении образования, недостаток специальных методик и т.д.). Поиски решение таких парадоксальных задач явились причиной выбора нами темы исследования - «Формирование педагогической культуры будущих преподавателей (на основе естественных наук)»



Цель исследования: раскрыть процесс формирования и развития педагогической культуры преподавателя и определить его теоретические основы, а также пути его формирования в системе педагогических высших учебных заведении.

Предмет исследования: процесс формирования и развития педагогической культуры преподавателя.

Методы исследования: историко-теоретический анализ литературы по проблеме исследования (педагогики, философии, культурологии, истории и этнографии, социологии, психологии, филологии); сравнительный анализ материалов и фактов, осмысление передовых педагогических традиции казахского народа; анализ и систематизирование учебных пособии высших учебных заведении, письменных работ студентов, касающихся проблемы исследования; а также проведение опросов, беседы, наблюдения, педагогический эксперимент, обработка полученных результатов, оформление диссертации согласно требованиям.

В качестве подопытной - экспериментальной базы исследования использовались Кызылординский Государственный университет и школа имени Г.Муратбаева №171. В эксперименте участвовали 17 преподавателей, 108 студентов и 20 учителей школ по специальности «Педагогика и методика начального обучения».



Научная новизна и теоретический смысл исследования:

1.Обосновалось формирование педагогической культуры преподавателя, и были определены влияющие на него социально-педагогические условия. 2. Теоретически были обоснованы смысл, содержание и особенности педагогической культуры преподавателя. 3. Был сформулирован тезис использования педагогической культуры преподавателя в высшем педагогическом образовании. 4. Была разработана модель формирования педагогической культуры будущих преподавателей и определены влияющие на него педагогические условия. 5. Разработана методика формирования педагогической культуры будущих преподавателей и была экспериментально доказана ее эффективность.



Строение исследовательского проекта: работа состоит из введения, двух разделов, вывода, списка использованной литературы, дополнения.
SUMMARY

Dauzhanova Lazzat Muratovna

Forming the pedagogical culture of the future teachers (on base of the natural sciences)

on acquiring for the scientific degree of the magistr of phedagogical sciences speciality 6М010200 – Phedagogics and methods of elementary classes training

Urgency of the research: in terms of the Modern democratization of one of the primary tasks of the Republic Kazakhstan - a development and improvement quality of education and upbringing the young generation on base of the national particularities. "Kazakh schools - a main instrument of the reception of the education of the Kazakhs... all are our hopes and future of Kazakh nation is connected with these schools. So qualitative education in these schools is necessary. The Large amount of owner by science and having correct position people be able influence upon the whole folk." On background reception to independence of our state, expansions of the range of usage of the language, increase number Kazakh schools stand up need of preparation being up to quality personnel, illuminations young teacher by own direction.

Subject of the research: process of the shaping and developments of the pedagogical culture of the teacher.

The purpose of the research: reveal the process of the shaping and developments of the pedagogical culture of the teacher and define its theoretical bases, also the way of its shaping in system of the high pedagogical educational institutions.

The methods of the research: historian-theoretical analysis of the literature among problem of the research (the pedagogical, philosophical, culturological, historic and ethnography, sociological, psychological, philological); the comparative analysis of the materials and facts, comprehension to leading pedagogical traditions of Kazakh folk; the analysis and systematize of the scholastic allowance of high educational institutions, written works of students, concerning problems of the research; as well as undertaking questioning, conversations, observations, pedagogical experiment, processing got result, registration to thesis according to requirements.

Scientific newness and theoretical sense of the research:

1. Were motivated a shaping of the pedagogical culture of the teacher and were determined influencing upon it social-pedagogical terms.

2. Theoretically, were motivated the sense, contents and particularities of the pedagogical culture of the teacher.

3. The thesis of the use the pedagogical culture of the teacher was worded in high pedagogical education.

4. The model of the shaping of the pedagogical culture of the future teachers was designed and defined influencing upon it pedagogical conditions.

5. The designed principles of the shaping of the pedagogical culture of the future teachers and was experimental proved its efficiency.



The Construction of the research project: work consists of introduction, two sections, conclusion, list of the used literature, additions.


с. 1

скачать файл

Смотрите также: