Диплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту»


с. 1 с. 2 ... с. 4 с. 5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Шымкент Университеті

«Педагогика және психология»

кафедрасы


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту».

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. Д.Муталиев


Орындаған: 13-314 тобының студенті С.Жаңбырша

ШЫМКЕНТ -2007



Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................3-5
I – тарау. Көркем жазу пәнінің теориялық негіздері
1.1. Көркем жазуға үйретудің тарихынан ...........................................................6-10
1.2.Көркем жазуға үйретудің мақсат – міндеттері, принциптері...................... 11-13
1.3. Жазудың графикалық дағдыларын қалыптастырудағы психо физиологиялық ерекшеліктері......................................................................14-21
II – тарау. Жазудағы каллиграфиялық дағдыларды үйретудің әдістемелік жолдары.
2.1. Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары.............................22-32
2.2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды жазуға үйретудің жолдары..................33-44
2.3. Бастауыш мектеп көркем жазу пәні негізінде жүргізілген эксперимент нәтижелері......................................................................................................45-48
Қорытынды....................................................................................................49-52

Әдебиеттер тізімі...............................................................................................53

Қосымша.........................................................................................................54-57


Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі.

Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.

Көркем жазудың әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Көркем жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден пікір – талас туғызып келеді.

Американдық психолог Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла десе, 20 – жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан көркем жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Көркем жазудың әдістемесіне басқа елдердің тәжірибесінің де әсері мол.Мәселен,Германияда торкөз арқылы оқыту. ХIХ ғасырдың аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану аясы кеңейді. Алайда, гигиеналық талап пен көркем жазуға кері әсерін тигізетіні дәлелденгенде алынып тасталынды.

Сол сияқты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады.

Мұндай көркем жазу әдістемесіне әсерін тигізген, оның өзгеруіне мынадай себептер болды.

1. Өзінің зерттеулер немесе басқа мұғалімдердің тәжірибиесі негізінде жасалынған қорытындылар немесе әдістемелік нұсқаулар. Бұл көркемжазуды байытуға әсерін тигізеді. Мәселен, ХХ ғасырдың басында Е.Евсеев көркем жазудың әдістемесін жасаса, Е.В.Гурьянова, Е.Н.Соколова методикалық нұсқаулар жазды.

2. Көркем жазудың тәжірибесінің басқа елдермен ауысуы.

3. Жасалған іс – тәжірибиелер арқылы әдістердің өзгеруі.

Осындай іс – тәжірибиелер негізінде жазуға оқытудың алғашқы әдістерін Гурьянов енгізді. Жеке мектепте және сыныпта жүргізілген эксперимент негізінде графикалық дағдыларын үйретудің әдістемесін жасады.

Көркем жазу саласында көптеген сұрақтар пікірталас тудырып, ауқымды мәселеге айналды.

Олар:


а) 5 – 6 жасар баланы қалай жазуға оқытамыз?

ә ) үзіліссіз және үзіліспен жазуды қалай қолданамыз?

б) тік және көлбеу жазуды қалай қолданамыз?

в) қай қолмен жазған дұрыс?

г) әріптің көлемі қандай болу керек?

Осындай мәселелерді шешу барысында басқа елдермен тәжірибе алмасып отырды.

Англия, Америка, Германия, Швеция т.б. елдерде жазуға үйретудің алғашқы кезінде курсивті жазу емес, құрамында көптеген элементтері бар шрифтпен жазды. Бұл жазуды монускрипт деп атады.Бірақ бұл проблемены шеше алмады. Жазудың жылдамдығы мен сапасы жақсармады.

Чехословския елінде оқушыға жазу оңай болу үшін ең алдымен әріпті үлкен, кейін кіші етіп жазуды үйретті.

АҚШ елінің кей мектептерінде жазудың алғашқы кезінде машинамен басып үйренді.

Болгарияда жазу дағдысы оқытуға үйретуден дамып отырды.Бірінші оқытып үйренуден осы кезде элементті, қолдың қозғалысын жазуға даярлайды. Сонымен қатар, дәптердегі сызықтардың орналасу үлкен мәселе тудырған. Дәптердегі сызықтардың орналасуымен М.Ричердеон айналасты.[1./12- 16 б./,2/7 – 9 б./]

Оның ойынша жазуға оқытудың алғашқы кезінде оқушыны таза параққа жазып үйрету керек деп есептеді. Қазіргі кезде бұл мәселелер шешілген.

Дегенмен, мынадай жағдайды елестетіп көрейікші: техника жоғарғы деңгейде дамып, тіпті адам қолымен емес арнайы машинкамен жазғанда,жазуға үйретудің қажеті бар ма? Менің ойымша, қай уақытта болса да жазуға үйрету міндетті түрде қажет.Себебі, қазіргі кезде өз ойын еркін жаза алатын,сауатты адамдардың қоғамда маңызы зор.

Міне осыдан келіп зерттеу мақсаты туындайды.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына көркем жазу пәнін оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді анықтау.

Көркем жазу пәнін зерттей келе, бастауыш мектепте көркем жазу сабақтарының жаңаша жүргізілу мүмкіндігін қарастыру білім беру саласында өте маңызды, әрі өзекті.



Зерттеу обьектісі - Бастауыш сыныпта көркем жазу пәнінің маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.

Зерттеу пәні – Бастауыш сыныптағы тіл сабақтары: қазақ тілі, ана тілі.

Зерттеудің өзімізше ғылыми жаңалығы – Бастауыш мектептің бірінші сыныбына арналған жазу үлгілерін санақ бойынша үйрету кезтесі, жазуға үйрету тарихының классификациялық кестес, көркем жазуда қолданылатын дидактикалық материалдар түрлері.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы – бастауыш мектепте тіл сабағындағы көркем жазуды оқыту мен жүргізілу мүмкіндіктерін ашып, қолдану жолдарын білімгер өзі әдістерін құру арқылы ұсынады.

Зерттеудің теориялық мәні – көркем жазудың жалпы даму тарихына, жазуды зерттеген әдіскерлер, гигиенистердің, физиологтардың еңбектеріне шолу жасалынды.

Зерттеудің методологиялық негізі - бастауыш мектептің 1,2, 3,4 –ші сыныптарындағы көркем жазу сабағын жүргізудің қажеттілігімен пайдасын анықтап көрсетті.

Дипломдық жұмысымызда қолданылған зерттеу әдістері – оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ – синтез, бақылау – байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым.

Зерттеудің өміршеңдігі – оқу мен жазуды байланыстыра жүргізген жеке тұлға, сауатты да жан – жақты болып дами алады.

Зерттеу кезеңдері – 1. Кезеңде ғалым - әдіскерлер, физиолог – гигиенистер еңбектеріне шолу және талдау жасалып (реферат, баяндама, жаттығу) теориялық негіздері қарастырылды.

2. кезеңде білімгерлер арасындағы ғылыми – практикалық конференцияда « Көркем жазу сабақтарын жүргізудің жаңаша жолдары» деген тақырыппен баяндама жасалынды. Ғылыми жұмыс негізінде « Білімгер - зерттеуші» атағы берілді

3. кезеңде жүргізілген жұмыстар негізінде диплом жұмысын жалғастырылды.

Зерттеудің базасы – Тараз қаласындағы № 36 қазақ орта мектебі .

Диплом жұмысының құрылымы – кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,қосымша және әдебиеттер тізімінен қосымшадан тұрады.

I- тарау. Көркем жазудың теориялық негіздері.

1.1.Көркем жазудың тарихынан.

Ерте кезде адамдар тасқа, ағашқа т.б. заттарға жазуды бастаған. Заман дами келе түрлі жұмсақ материалдар: папирус, қағаз, перо, қаламсап пайда болды.

Өте ерте кезде адамдар тасқа сурет салу арқылы өз ойын білдірді. Бұл жазудың қалыптасу тарихының алғашқы кезеңі еді.

Мәселен, бес жүз мың жыл бұрын өмір сүрген Египет фараоны Наршер өзінің жеңістерін тасқа суреттер арқылы дамып қалдырғысы келеді.Алайда, бұл жеткіліксіз еді. Осы кезде жазудың бір түрі – иероглиф пайда болды.

Иероглиф сөзі « киелі таңба» деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі кезде иероглифпен Қытай мен Япония елдері жазады. Қытай иероглифтері өте ерте кезде пайда болған.

Қытайлықтар үшін иероглиф тек белгі емес, сонымен қатар сурет болып табылады. Олар жазуды оқи отырып, оның бейнесін көре алады. Екі мың жыл бұрын өмір сүрген Финикиндіктер тек дауыссыз дыбыстарды ойлап тапқан. Олардың тілінде сол әріптермен сөйлеуге болатын еді. Финикин елінің жазуымен басқа да елдер танысып, соның негізінде ертедегі грек елі алфавит ойлап табады. Бұл алфавитте дауысты және дауыссыз дыбыста болды. Әр елдіңоң алфавитінің пайда болуы ұзаққа созылды. Ерте кезде Грек елінің ғалымы Пеламед алғаш 16 әріп жасаса, уақыт өте жазу дамыту үшін 3,6 т.б. әріп қосып осылайша грек елінің алфавиті пайда болды.

Славян халықтарына келетін болсақ, қазіргі кезде олардың өз алфавиті бар. Алайда ерте кезде Славян елінің өз жазуы болған жоқ. Х ғасырдың екінші жартысында Греция елінен шыққан ағайынды Кирим және Мефодий ұлы Моравия ( қазіргі Чехословякия елінің территориясы ) еліне келіп славян елінің жазуын қалыптастыруымен айналысты. Олар славян тілін жақсы білгендіктер, славян алфавитін жасау қиынға соққан жоқ. Бұл славян елдерінің оқуы мен жазуына мүмкіндік берді. [1. / 18 – 23 б./ ]

Қазақ алфавитінің шығу тарихына тоқталсақ Қазан төңкерісіне дейінгі оқулықтарды екі түрге бөліп қарастыру қолға алынып келеді.

1. Ы.Алтынсарин құрастырған орыс алфавитіне негізделген оқулықтар.

2. Араб алфавитіне негізделген оқулықтар.

Ы.Алтынсарин жаңа оқулық жасау мәселесімн 60 –жылдардың басында – ақ шұғылданды. 1879 жылы басылып шыққан « Қазақ хрестоматиясының» негізін К.Д.Ушинский сияқты озық ағартушылардың оқулықтары негізінде жасаудың мақсат етіп қойды және қазақ дыбыстарын орыс әріптермен таңбадау мүмкіншілігін қарастырып, сол ойын осы «Христоматияда» жүзеге асырды.

Білімін көтеретін, тақырыбы оларды ызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығаруды ұсынды.

Ал А.Е. Алекторовтың, А.В. Василевтің әліппелері орыс алфавитін қазақ қауымына ұсыну, соның негізінде жұртшылықтың сауатын ашу ниетінен жазылған еңбектер болатын.

А.Е.Алекторовтың өзінің «К мудрости ступенька» атты еңбегінде: « В этих школах совсем непримимы учебные книги щвестиых нашых педагогов Бунакова, Ушинского, Водовозова, Пехомирова и Корфа: материалы их обращается в совершенно неудобоваримую пищу там, где учатся дети киргизов»

Бұл әліппелерде қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарына ұқсастарын береді де, тек қазақ тіліне ғана тән ң, і, ұ, ү, тәрісдес дыбыстарды әліппенің сонына қояды. Екі тілде бірдей кездесетін, ашық естілетін жуан дауыстылар мен созып айтуға келетін с, ш тәрізді дауыссыздар алдымен беріледі. Шұғыл дауыссыздар кейінге қалдырылады. Осыдан кейін араб алфавитіне негізделген әліппелер де шыға бастады. Соның бірі – Нұрбаевтың « Қазақша әліппе» оқулығы. Мұнда автор талдау жинақтауда негізделген дыбыстың ұсынғанымен араб, әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтіні анық болатын.Сонымен бірге әліппедегі жаттықтырулардың кейбірі татар әдістерімен берілді.

А.Байтұрсынов ағарту, сауат ашу төңірегінде атқарған қызыметі айрықша. 1912 жылы Орынборда басылған «Оқу құралдарына» А.Байтұрсынов қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың негізделген әріптермен меңгертуді көздеген. Әлипбиді қазақтың төл дыбыстық артикуляциясына дәл келтіре отырып, меңгертуді нысана еткен. Әліппеде бірті – бірте жеңілден күрделіге қарай меңгерту принципін ұстанған.

Мысалы: алғашқы сабақта а, р, з, дыбыстарын өтуді ұсынса да оқыту барысында базалық үш әріпті бірден көрсетуді қолдамайды. Әуелі жеке дыбыстарды қайталап айттырып, содан соң әріпті көрсетіп ғана оқытуды ұсынады.

Алғашқы сабақта бір – екі буынды сөздерденаспайды.Екінші сабақта л – таңбасы да осы әдіспен меңгертемін .Әрбір сабақта А.Байтұрсынов көрнекілік, жүйелілік, ғылымилық, түсінуде қолайлылық қағидаларын ұсынған. Бұл принциптер әлі күнге маңызын жойған жоқ.

З.Ерғалиұлының 1910 жылы шыққан « Қазақ әліппесі» - ол жалпылама оқуды уағыздамай жаңаша оқытуды насихаттайды.Мұның құрылым ерекшелігі, автор әріпті белгілі жоспармен жеке – жеке сабақтарға бөлген. Бір бетте 4 сабақтың жоспары берілген. Қазақ оқулықтарында әліппені дыбыстық жүйеде клтіруге бағытталған алғашқы оқулық – Қ.Серғалиннің « Қазақша әліппе» кітабы болды. Мұнда дыбыс әріпті, буынды, үйрету күнделікті сөйлеу тәжірибесіне байланыстырылды.

Сол сияқты тағы бір оқулық А.Байділдиннің « Жаңа әліппе» туралы еңбегі. Мұнда алдымен а, т, н, әріптері, одан соң тиісінше р,о, қ әріптеу өтілуге тиіс болды. Бұл әліппеге де тән нәрсе – оқу – жазуға үйрету, оқушыларға таныс, жеңіл сөздерден басталған. Мысалы: ат, ата, ана, атан, тана , аттан т.б. 1929 жылы латын әліпбиін қабылданғаннан кейін ана тілінде оқулықтар шығару ісі біршама ілгеріледі. Соның бірі Ғ. Мүсірепов пен А.Байділдиннің 1929 жылы шыққан « Қызыл әскер әліппесі». Мұнда алдымен а және ш әріптері таныстырылып, содан кейін осы әріптерден құралған ат, ата,атта, тат буындары өтіледі. Бір ерекшелігі – мұнда әрбірсабақта жеке бір дыбыс, таңбалары ғана емес, белгі бір үйретілетін сөздерді құрайтын екі немесе бірнеше дыбыс таңбалары бар мезгілде өтіледі. Жоғарыда аталған әліппелердің ортақ кемшілігі – буын түрлерінің ауыр – жеілдігі ескерілмеуі және дыбыстардың орын тәртібі түбегейлі шешілмегендігі болды. Мысалы: А. Байділдиннің « Әліппесінде» әріптердің реті а, т, н, р, о, қ, д, ж, л, м болып келсе, Ғ. Мүсірепов пен А.Байділдиннің « Қызық әскер әліппесінде» а, т, б, л, с, н, ж, у, д, о, г болып келеді. Мұнда үйретілетін күнделікті сөздерге қатысты әріптерге көңіл бөлінген сияқты. Шыққан Ғ.Мүсіреповтің (1930), Ө. Тұрманжанов пен Ш. Сарыбаевтың (1931), Б.Майлиннің (1931), А.Әлібаевтың (1934)т.б. әліппелерінде дыбыстық әдістің қайтадан күш ала бастағаны байқалады. Бұл әліппелерде дыбыстардың орын тәртібі түбегейлі шешілмегенмен, авторлардың бірқатары дидактикалық қағидаларды ескеріп отырғаны көзге түседі.

Басқа ғылымдар сияқты көркем жазуды оқытуда да ғалымдар арасында талас - тартыс болды. XIX ғасырдың басында пайда болған темір перомен тек XIX ғасырдың екінші жартысында мектепке қолданысқа түсті.XIX ғасырдың аяғында үйректің қанатынан жасалған қаламсапты пайдалануды тиімді деп санады.

Алғашқы кезде жазуға үйрету көптеген қиындықтар туғызды. Көркем жазуға үйрету барысында көшіру әдісі, механикалық жаттығулар арқылы үйретілді. Бірнеше айлар бойы оқушылар алфавит бойынша әріптерді, буын, сөйлемдерді көшірді. Бірақ бұл әдістің еш нәтижесі болмады.Яғни, графикалық сауаттылық ескерілмей, тіпті өз жазғандарын оқи алмайтын жағдайлар да болды. Тек Петр I жазудың шрифтіне назар аударды.Орыс халқы Европалық шрифпен, яғни латын әріптерінің үлгісімен жаза бастады. Жазу оңайырақ болғанымен, көркем жазуға үйрету ұзаққа созылды.

Уақыт өте келе көркем жазу пән ретінде бастауыш мектепке енгізілді. XIX ғасырда көркем жазу өнер пәндерінің циклінде оқытылды. Бұл пәннен дәріс берген сурет, сызу пәндерінің мұғалімдері еді. Бұл кезде әдемі және тез жазу маңызды болды.XIX ғасырдың ортасында көркем жазуға байланысты бірнеше әдістемелер шыға бастады: В.Половцев « Шапшан жазу курстары», П.Е.Баранцевич « Шапшан жазуға жетелеу», П.Е.Традобоев қызмет іс – қағаздарын әдемі жазудың үлгісін шығарды.Осыған қарамастан, XIX ғасырдың ортасына дейін жазу мен оқудың арасында байланыс болмады.Яғни, алфавиттік ретпен оқытылды. К.Д.Ушинский оқи отырып жазуды ұсынды.Яғни, алфавиттік ретпен емес, оқу ретімен жазып үйренді. Оқи отырып жазу нәтиже берді және оқушылардың қызығушылығын арттырды. Бұл әдіс қазіргі кезде де мектептерде қолданылады.

Көркем жазу пәні педагогика, гигиена, физиология,психология т.б. пәндермен байланысты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында көркем жазу пәні бойынша түрлі әдістемелер жарық көрді . Соның ішінде И.Е.Евсеевтің еңбегінің маңызы зор.Оның « Көркем жазуды оқытудың әдістемесі» атты еңбегінде: көркем жазудың тарихы, әр әдістің қолдану реті т.б. жазылған.Сонымен қатар В.Гербача және Ф.В.Грекованың әдістемелері де үлкен қызығушылығын тудырды.

Көркем жазуды тек әдіскерлер ғана емес, гигиенистер – А.С.Вирениус, В.И.Бывалкевич те зерттеді. Өткен жүз жылдық аяғында профессор Ф.Эрисман мектеп партасын жасады.

Көркем жазуға үйретуде: тік жазу керек пе, әлде көлбеу жазу керек пе? Деген сұрақтар пікірталас тудырды.Бір кездері көптеген елдерде соның қатарында Ресей елінде де тіке жазу енгізілді. Алайда бұлай жазу ұзаққа созылған жоқ. Себебі тіке жазу оқушының денсаулығына ( қабырғаның қисық болуы т.б. )әсер ететіндігі дәлелденді.Көлбеу жазу тез әрі қолайлы болғандықтан енгізілді. [ 2. / 3 – 8 б./ ]

1969 жылдан бастап республика мектептері оңайлатылған жаңа жазу шрифтісіне көшірілді.

Оңайлатылған алфавиттегі әріптердің басым көпшілігі өзінің сызылуы жағынан байланыстырып жазуға ыңғайластырылған.

Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін мұғалім мына төмендегілерді ескеруге тиіс:

а) қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1 қатысына сай болу керек ( үш негізгі элементтентұратын ж, м, т,ф, ш, щ, ы, ю әріптерінен басқасы).

ә) жазу оң жаққа қарай 65° көлбеу болуға тиіс, әріптер мен әріп элементтерінің көлбеулігі бірдей болу керек.

б) дөңгелек немесе жартылай дөңгелек элементтері бар әріптерді сөз ішінде басқа әріптермен байланыстырудың негізгі екі әдісі бар: үстіңгі және астыңғы. [3. / 105 – 106 / ]

Жазуға үйрету жүйесінде әр түрлі әдістер: көшіре жазу әдісі, сызықтық әдіс,ритмикалық әдіс, генетикалық әдіс, Карстер әдісі кеңінен қолданылды.



Көшіріп жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді.Ал, оқушылар оның үстінен басып жазады.XIX ғасырда бұл әдіс мектептерге енгізілді.Бірақ бұл әдістің қолданылуы ұзаққа созылған жоқ.XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында алдынғы қатарлы И.Е.Евсеев, Ф.В.Греков т.б. әдіскерлер сын айтты. Олардың айтуы бойынша бұл әдіс түсіне отырып жазуға емес, механикалық жазуға әкеп соғады деді. Бұған қарамастан Д.А.Писаревский,И.Н. Боголюбов сияқты әдіскерлер көркем жазуға үйретудің алғашқы кезінде немесе оқушылармен жеке жұмыс жасағанда пайдалы екендігін мойындады.Д.А.Писаревский бұл әдістің жазуды қайта қалыпқа келтірген кезде пайдалану керектігін айтты. Көшіру әдісінің кемшіліктерін ескере отырып, оны әрқашан қолдануға шек қойылды

Сызықтық әдіс арқылы оқушы әріптің көлемін, пішінін, арақашықтығын, көлбеулігін дұрыс жазуды үйренеді.Әріптің біркелкілігін сақтау үшін арнай торкөздер пайдаланылды.

1857 жылы Германияда графикалық торкөздер пайда болды. XIX ғасырдың аяғында Германияда бұл торкөзді пайдалануды алып тастады.Себебі, бұл көздің жанарына және оқушылардың өздігінен жұмыс істей алмауына әкеліп соқтырды.

Ресейде суретші мұғалімдер көркем жазу пәнінен дәріс бергендіктен олар жазуды сурет пәніндегідей көмекші торкөздер арқылы қалыптастыруға тырысты.Революцияға дейінгі Е.В.Гурьянов, Ф.Г.Голованов,Е.Н.Соколова бұл әдістің тек нашар жақтарын айтты. Мұндай торкөздерге әріпті жазу дәптерді тік қою арқылы жүзеге асады. Ал, бұл қолдың дұрыс емес қозғалуына әкеп соғады.

Генетикалық әдіс көркем жазуда әріп элементтерін жазып үйренуді талап етеді. Балалар әріп таңбаларын алфавит ретімен жазып үйренбейді, алдымен оңай әріптерді жазып үйренеді, соңынан біртіндеп жазылуы күрделі әріптерді таңбалауға үйретеді. Генетикалық әдіс өте ерте кезде пайда болды.И.Е.Евсеев бұл әдісті XVI ғасырда неміс суретшісі Дюрер қолданғанын жазды. Көркем жазуға үйретуде Песталоцци қолданған. XIX ғасырда бұл әдіс Европа елдерінің мектептерінде қолданысқа түсті.Бұл әдісті орыс елінің мектептерінде пайдаланудың нәтижесі зор болды. И.Е.Евсеев, Ф.В.Греков т.б. бұл әдістің механикалық жаттығулардан әлде қайда тиімді екенін айтты. Алайда, әдіскерлер әріпті оқудан бөліп жазуға болмайтындығын түсінді.Сондықтан генетикалық әдіс оқудың ретімен әріпті жазып оқудан кейін пайдаланылды.Соңғы кездері бұл әдісті әдістемелерде әліппе кезеңінен кейін және әріпті қалыпқа келтіруде пайдалануды ұсынған.

Тактикалық немесе ритмикалық әдіс. Ритм – бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал. Тактылау (санау) – қозғалысты бір қалыпты жетілдіріп, оқушылардың жазу қарқының жеделдетуге әсер етеді, жазу процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Алайда, бұл әдістің бірнеше кемшіліктері бар екендігі дәлелденді.Үнемі қолдану арқылы оқушыларды жалықтыратындығы, жұмысқа қызығушылығын төмендететіндігі айтылды.

Карстер әдісі қолдың қозғалысын дамыту үшін дамыту үшін жасалынатын жаттығулар жатады.XIX ғасырдың басында ағылшын Карстер енгізген. Бұл әдіс бойынша ең алдымен 19 элементті, одан кейін жазылуы қиын штрихтары бар әріптерді, сөздерді жазуға үйретеді.Бұл әдісті ересектерге ( каллиграфиясын түзеу үшін) пайданылған тиімді. [ 2./ 8 – 9б./,4./ 3 – 6б./,3 / 99-112 / ]

Міне, бұл көркем жазудың дәстүрлі әдісі болып табылады. Бұл әдістерді жекеше қолдану нәтиже бермейтіндігін байқап отырмыз. Нәтиже барлық әдісті қолдану ретімен пайдаланғанда ғана болады.



1.2.Көркем жазудың мақсаты, міндеті,принциптері.

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмыстың негізгі мақсаты – балаға хат таныту, оқу мен жазуды үйрету.Сауат ашу – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс.Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементтерін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу жаза,оның жазуға машықтандыру міндеті де тұр.Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.

Көркем жазу пәнінде әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы болуға тиіс. Мектепке алғашқы келген күнней бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез – құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Бірақ бұл үрдіс баяу қалыптасады.Мұндай мақсатқа жету көптеген талаптарды орындаумен тікелей байланысты.

Көркем жазу пәнінің алғашқы сабақтарында оқушылардың жеке басына және мектепке қойылатын гигиеналық талаптар мен сынып жиһаздарының дұрыс орналасуы, тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дұрыс түсуі, партаның оқушы бойына сәйкес болуы немесе оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт.

Осыдан кейін осы талаптардың сабақта орындалуы, әріп формалары мен арақашықтығы біркелкі болуы ескерілуі.

Әріптің көлемі біркелкі болуы I, II сыныптарда аса назар аударылады Мәселен, 1 сыныпта кіші әріптің биіктігі 4 мм, жұмыс жолының көлемі және жоғарғы сызығынан аспау керек. Бос әріптің биіктігі 8 мм, жоғарғы жағы---- жұмыс жолының сызығына жетпеу керек.

2 – 3 сыныптарға арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен сызылған.Кіші әріптің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі 7 мм. [3./107 - 108/ ]

Көркем жазуға үйренудің принциптері жалпы дидактикалық принциптерге сүйенеді.



Көрнекілік принципі жазуға, әсіресе көркемжазуға үйренудің негізі Яғни, сабақта түрлі таблицалар тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне т.б. жазуды сабақта пайдалану.

Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А. Коменский, К.Д.Ушинский т.б.

Осы принцип негізінде Я.А.Коменский алғашқы оқытудың методикасын жазды.

К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалардың заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.

Оқыту мен тәрбие процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілік қолданудың нәтижесінде сабақ және сабақтан тыс тәрбие жұмыстары әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныпта сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеру әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта кинофильмді пайдаланып түсіндіру жақсы нәтиже береді. Көрнекіліктің тәрбие процесінде де маңызы өте зор. Мысалы, бұған дәлел, біріншіден, мұғалімнің, ата – ананың, ересек адамдардың мінез –құлқы, жүріс – тұрысы, іс - әрекеттері балалар үшін үлкен өнеге. Олардың өнегесін, әдет – ғұрпын балалар тікелей бақылайды, көреді, өзінің бойындағы қасиеттерімен салыстырып, үлгі алуға тырысады; екіншіден, тәрбие жұмыстарының барысында ғылым, мәдениет, халық шаруашылығы салдасындағы белгілі жаңашыл адамдармен, Ұлы Отан соғысының батырларымен, совет барлаушыларымен олардың адамгершілік, патриоттық, интернационалдық істерімен оқушылардың экранды – динамикалық, дыбысты техникалық құралдар арқылы таныстыру жеңіл де және түсінікті де болады.

Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту мен тәрбие материалдарын, әсіресе теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше. [ 5. / 302 – 303б. /,6 /93 – 94 / ]

Көркем жазуда оқушы ғана түсіндіру, тапсырма беру көп қиындық тудырады. Бұған қоса мұғалімнің жазу үлгілеріне жазып көрсетуі қолтаңбаның дұрыс қалыптасуына әсерің тигізеді.

Оқушылар түсіне отырып жазуының маңызы зор.Мәселен, оқушылар көлбеу жазудың не үшін керектігін түсіне отырып жазу керек. Сонымен қатар көркем жазудан алған оқушылардың білімдерінің кейбіріне ереже ретінде қарау керек. Мысалға, оқушылар гигиеналық талаптарды, әріп элементтеріне қойылатын талаптарды білу керек. Ережелерді оқушыларға біртіндеп үйретіледі. Ең бірінші ереже – гигиеналық және әріптің солдан оңға қарайкөлбеу жазуы.

Екінші ереже – элемент, әріп, сөз арасындағы қашықтықтың сақталуы. I, II сыныпта оқушылар бұл ережелерді қайталап, өз айтқандарын көрсете білуі керек.

Түсіне отырып жазу оқушылардың өзінің немесе өзгенің қатесін түзетуге үлесі зор.



Қайталау принципі бойынша жаттығулар жазу арқылы жазу дағдылары автоматтандырылады. Барлық дағдылар жаттығу жасау барысында жалдам орындалады немесе беки түседі.

Бірақ барлық жаттығуларды орындау барысында дағдылар қалыптаса бермейді.Орындалатын жаттығуда көзделген мақсатқа сай іс - әрекеттер жасалыну тиіс.

Жаттығу немесе қайталау – дағдысы қалыптастырудың ең ескі түрі жаттығуды қайталап орындату нәтиже бермейді. Ол үшін жасалған жаттығуға анализ жасау, салыстыру арқылы қорытындылып отыру керек. Қайталау принципін демалыстан келген кезде қолданған пайдалы. Ол арқылы оқушылар ұмытып қалған дағдыларын қалыпқа келтіреді.

Көркем жазу дағдыларын игерту оқушылардың ерекшеліктерін ескеруді талап етеді: қолдың қимылы, нерв жүйесі т.б. 6 жасар баланың жазу дағдыларын игеру қиынға түседі.Себебі, олар баяу қимылдайды.



Қарапайымнан күрделіге қарай жүру принципі немесе бірте – бірте күрделену.Мәселен, 6 жасар бала әріп элементтерін әріпті, содан кейін сөз жаза бастайды. Бірақ біз олардан бір сөзді үзіліссіз жазуын талап ете алмаймыз.Бұл 6 жасар балаға қиындықтуындайды.

II сыныпта оқушының үзіліссіз жазуды үйренеді.

Онайдан қиынға қарай жүру әріптің формасымен жұмыс істеу барысында қалыптасады. Әріптерді бірнеше топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топқа – жазылуы оңай әріптер кірсе, екінші топқа қиын әріптер жатады.Әріптерді бұлай топтау арқылы жазу гигиеналық принцип болып табылады.

Оқушыларды көркем жазуға үйрете отырып, олардың жеке дара ерекшелігін ескеру керек: оқушылардың жазу қабілеттерін білу, көзінің көру қабілетін ескеру, қимыл – қозғалыстарын ескеру қажет.[ 7. / 22 – 36 б./ ]

Мұғалім оқушының дұрыс отыруын, дәптерді орналастыруын, қаламсапты ұстауын, әріптің формасын , тез немесе баяу жазуын байқап отыру керек. Мұның бәрі мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істеріне, ата – анасына кеңес беруге,үйге тапсырманы дұрыс беруге көмектеседі.

Көркем жазуда оқу мен жазуды байланыстыра алу маңызы К.Д. Ушинскийдің оқу мен жазуды байланыстыра жүргізу принципі мектеп тәжірибесінде өз нәтижесін көрсете білуі.

Жалпы баланың коллиграфиялық дағдысын қалыптастыруда көркем жазу пәні тек жазуға үйретумен ғана шектелмейді, жалпы педагогикалық – саяси тәжірибелік маңызы, мағынасы бар пән болып табылады.

1.3. Психофизиологиялық ерекшеліктерді ескере отырып көркем жазу дағдысын қалыптастыру.

Оқушыларды дұрыс әрі көркем жазуға үйрету үшін оның қалыптастыру жолдарын білу керек.Яғни, психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Жазу дағдыларын қалыптастыру және оны дамытып отырудағы негізгі шарттардың бірі әрі бастысы оқушылардың жазба жұмыстарын орындау кездегі психологиялық ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Сынып оқушылары – ның біреуінде немесе әрбір оқушыда жазба жұмыстарын орындау барысында әр тірлі психологиялық өзгерістер болып отыруы мүмкін. Ондай психо- логиялық өзгерістерді байқамау салдарынан орындалған жазба жұмыстарының нәтижесі де әр деңгейде болады.

Жазба жұмыстарын орындау, жазу дағдыларын қалыптастыру, дамыту мақсатында психологиялық анализ жасауды көпшілік педагогтар қолдап отырса да, психологтар да, методистер де жазу жұмыстарына арналған шын мәніндегі методологиялық сипаттаманы бере алмай отыр.Осыдан келіп оқушылардың көркем әрі сауатты жазудағы кемшіліктері мен жазу жылдамдығын арттыру барысындағы жазу айқындығының төмендеуінің себебтері ашылмай отыр.

Жазу өте күрделі процесс. Ол адамның ми іс - әрекетімен және антомия – физиологиялық құрылымымен байланысты. Мәселен, Р.Е.Ленвиной,Ж.И.Шиф, С.М.Блинкова, А.Р. Лурия т.б. еңбектерінде адамның ми қыртыстарының бұзылуы оның жазу және сөйлеу тіліне кері әсерін тигізетіні дәлелденген.

Көркем жазуға үйрету кезінде саусақтың қазғалысының маңызы зор. Яғни, оқушы қаламсапты ұстай білу керек.Бұл қозғалыстар мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың шар, төртбұрыш т.б. заттарды ұстай білу қабілеті 15 айлығында дамыса, қаламсап ұстай білу қабілеті кешірек қалыптасады. Т.С.Коморова « Бала 3 жасында қол қимылы қалыптасқанымен қаламсапты ұстай алмайды ». Бұл қабілеттерді арнайы жаттуғулар арқылы: сурет салу, жабыстыру т.б. негізінде қалыптастыруға болады. Е.Н.Соколованың зерттеу жұмысында 4 – 7 жасар баланың саусақ сүйектері онша дамымаған, олар жазған кезде ерні қоса қимылдайтыны байқалған. Яғгни, сөйлеу және қол қозғалысы бір – бірімен байланысты болады.

4 – 5 жасар баланың салған түзу сызықтары қисық және ирелек болып келеді. 6 жасар баланың жазуы бір шама түзеледі. Алайда, тік сызықты элементтерден дөңгелек элементтерге көшкенде біршама ауытқулар болуы мүмкін.

Д.Б.Эльконина, Л.Ф.Ткачевой, Л.В.Журовой т.б. зерттеулері бойынша 6 жасар баланың жазуы мен қатар дауыстап оқу қабілеті дамыған. Сондықтан бұл екеуін бірге алып жүрудің маңызы зор.

Жазудың графикалық дағдысы мектепке дейін қалыптасады. Мысалға, мектепке дейінгі ( 3 жасар) балалар қолына қаламсап алып сурет және сызықтар сыза басьайды. Кешірек мектепке дейінгі салған суреттерін көзбен бақылап, жеке әріптер сала бастайды.Баланың сурет сала бастауы қолын, саусақтарын, көзін дамытып жазуға дайындайды.Осылайша бала біршама жазуға дайындықпен мектепке келеді.Бірақ, мұндай дайындықтың кері әсері бар. Мәселен, сурет салу кезіндегі қаламсапты ұстау қалыптасып қалады да, ал бұл жазу кезіндегі қаламсап ұстау гигиенасымен сәйкес келе бермейді. Мысалға, үй, ағаш, шарбақ салғандағы тік сызық көлбеу жазуға кері әсерін тигізеді.Яғни, оқушылар көлбеу жазудың орнына тік жазады.Мұндай дағдыларды жою үшін жазу дағдыларын дұрыс орындау керек.

Жазуға үйренудің басында 6 жасар баланың жазу жылдамдығы баяу қар – қынмен дамып, аяқ жағында 7 жасар баланың жазу жылдамдығымен тең болады. Әрине алғашқы кезеңін 7 жасар баламен теңестіре алмаймыз. Себебе, олардың бұлшықеті әлі дамымаған және кішірек келеді. Жазуға үйрету барлық әріпті салып біткенде аяқталады деуге болмайды. Келесі кезекте оқушылар орфографиялық, графикалық дағдының әдістерімен танысады.[8. / 62 – 98 б./ ]

Жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының ( қаламсап, қарындаш, бор) көмегі керек. Бұл заттардың қолдануылу жолдарын білу міндетті.

Ережесі:

1. Жазудың құралдарын пайдалана білу;

2. Дәптердің дұрыс орналасуы;

3. Дұрыс отыра білу;

4. Қолдың дұрыс қозғалысы;

Дұрыс жазу үшін:

1. Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу;

2. Баспа әріпті жазбаша түрде жаза білу;

3. Әріптің дұрыс жазылуын білу;

4. Әріпті байланыстыра білу ( үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан );

5. Әріптің біркелкілігін сақтау;

6. Сызықтар арасында және бір сызықта жаза білу;

7. Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу;

8. Жазудың бағытының дұрыстығы;

Бұл ережелерді оқушылар бірден емес 2 - 3 жылда қалыптасады. Жазу барысыында оқушы көптеген талаптарды орындау қажет. Көп жағдайда оқушы жазуды үйрене бастағанда дәптердің дұрыс орналасуы, дұрыс отыру, қаламсапты дұрыс ұстау ситяқты ережелерді ұмытып кетеді: қаламсапты бар күшімен ұстайды, жазуы түзу болу үшін өзіне қарай тік сызуға тырысады, бірақ көлбеу жазу керек екендігін ұмытып кетеді. Мұндай қателіктерден қашу мүмкін емес. Қатені түзеу яғни, әр оқушыға ескерту ұзақ уақытқа созылады. Тек берілген жаттығуларды орындау оқушыға жеңіл болға кезде ғана түзетеді. Оқушылардан орфаграфиялық жазуды талап ете бастағанда оқушылар тақтадан немесе мұғалім айтуы бойынша жазады да, жазудың графикалық сауаттылығын бақылау баяулайды. Тіпті мұғалім айтқан дыбыс таңбаларының формасын ұмытып кетеді.

Оқушы жазуының айқын болмау себебін көбінесе, оның жазуға жете мән бермеуіне, дыбыс таңбаларының нақты формасын ұмытуынан немесе жазу жылдамдығының өт жоғары деңгейде болуынан деп жүрміз. Сондықтан аталған кемшілікті қайталамауға, айқын, көркем жаза алмаған жағдайда баяу, асықпай жазуға кеңес берумен шектеліп келеміз. Бірақ бұндай түсініктемелер мен кеңестер оқушының жазу дағдыларын дамытуға аздық етеді.Оқушының жазу жұмыстарына жете мән бермеуі, дыбыс таңбаларының жазылу формасын ұмытып қалуы ғана жазу айқындығы мен көркемдігін төмендетпейді.Сонымен қатар, оның әдемі, айқын жазуға деген шамадан тыс ұмтылысы да жазу айқындығының төмендеуіне әсерін тигізеді. Яғни, оқушының жазу жылдамдығын бірден емес бірте – бірте дымытып отыруы тиімді. Оқушы дыбыс таңбаларыныың дұрыс жазылуын ұмытып қалады ду де бір жақты пікір. Өйткені оқушы баяу жазу кезінде дыбыс таңбаларын дұрыс жаза біледі де, тек жазу жылдамдығы артқан кезде ғана асығыстыққа жол беріп, кемшілікке ұрынады. Әсірсе, оқушылардың жылдам жазу кезіндегі н, п, и, к әріптері мен м, ш, т әріптерін бір – бірінен ажырату көп қиындық келтіреді.Оның себебі оқушылар бұл дыбыс таңбаларын үзіліссіз, бір бағыттағы қозғалыспен жазады да, дыбыстардың өзіндік жазылу формасын сақтамайды. Әйтсе де жазу айқындығын сақтап жаза алады. [9./№ 5 – 6 / ]

Жазу дағдыларын игеру үшін оқушы әрбір дыбыс таңбаларың жазылу формасын, олардың бір – бірімен қалай жалғанатынын, жазу кезіндегі гигиеналық талаптарды, әсіресе, жазу жылдамдығы артқан кезде де жазу айқындығын сақтауды меңгеруі шарт. Бұл шарттардың барлығы да балалар бойында жазу кезінде нақты, тұрақты дағдыларды қалыптастыру және оны дамыту барысында жүзеге асады.

Жазуды үйренудің бірінші кезеңінде көптеген артық қозғалыс жаасалып,энергия көп кетеді. Бала қаламсапты қатты ұстайды,беттің бұлшық еттері мен бүкіл дененің бұлшықеттеріне күш түседі.Қолдың қозғалысы жазу үрдісінің алғашқы кезінде жай қимылдайды, дегенмен мектепке дйігі баланың қозғалысынан әлде қайда жоғары болады. Т.С.Коморова мен Е.Н.Соколованың зерттеуі бойынша 4 және 6 жасар баланың қимылының жылдамдығы бірнеше айлар бойы арнай жаттығулар барысында бақыланады. 7 – 8 жасар балаға берілетін жаттығулердың өзі оның жылдамдығын арттыруға әсерін тигізетін күрделірек болып келеді. Алайда 6 жасар балаға мұндай жаттығуларды тапсыра алмайды. Яғни, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет.

Жазуға үйренудің алғашқы кезеңінде қолдың қозғалысы көздің бақылауымен жазылып отырады.Яғни, қолын жазу барысында қайда бағыттайды, көзін де әріпті жазу бағытымен бірге қозғалтады. Соған қарамастан оқушылар көптеген кемшіліктер жібереді. Олардың жазған әріптер формасын үлгімен салыстырсақ үлкен айырмашылық бар.

Әріптің үлгісі мен оқушының өзі жазған әріптерді салыстыра алмаудың негізгі себептері:



  1. Үлгімен салыстыра келе қате жазғаның көре тұра оқушы қайта түзеп жаза алмайды. Себебі, әріптің жазылу бағытын білмейді. Яғни, көзбен қозғала отырып жазу қабілеті дамымаған. Оқушыға дұрыс жазуға көмектесу үшін мұғалім қолын ұстап бағыттап отыру керек.

  2. Мұғалім тақтаға әріптің жазылу әдісін көрсеткенде оның жазылу ерекшеліктеріе назр аудармайды.

Жазу дағдыларын игеру үшін оқушы әрбір дыбыс таңбаларын жазылу формасын, бір – бірімен байланысу тәсілін, гигиеналық талаптарды, әсіресе жазу жылдамдығы артқан кезде жазу айқындылығын сақтауды меңгруі шарт. Бұл шарттардың барлығы да балалар бойында жазу кезінде нақты, тұрақты дағдыларды және дамыту барысында қалыптастырылады.

с. 1 с. 2 ... с. 4 с. 5

скачать файл

Смотрите также: