Бүгінде қазақ тілін өзге тілді дәрісханаларда меңгертудің көптеген


с. 1
Әділханова Жанна,

ҚазҰУ-ң аға оқытушысы.


Өзге тілді дәрісханаларда грамматикалық заңдылықтарды меңгерте отырып тілді үйретудің тиімділігі
Бүгінде қазақ тілін өзге тілді дәрісханаларда меңгертудің көптеген әдіс-тәсілдері белгіленіп, нәтижелі жетістіктерге қол жеткізгеніміздің куәсі болып жүрміз. Тіл меңгеруге келген кез-келген өзге ұлт өкілі ең алдымен сөз мағынасын меңгеруді өз тіліндегі ұқсастық немесе айырмашылықтардан іздейді. Әңгімелесе келе олар «бізде бұл былай аталады» «ал бізде былай» деген сияқты салыстыру, қатар қоя сипаттау арқылы тілдің табиғатын зерттей бастағанынан аңғарасың. Демек, барлық тілде сөздің мағынасы бар, яғни оның тілдік заңдылықтары бар. Біздің міндет – сол тілді қалай түсіндіруде, оны тез әрі сауатты қабылдатуда. Оқытудың біз білетін қаншама әдіс-тәсілдері бар.Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнына сай жүреді. Педагогикада оқытудың тиімді әдістері бүге-шегесіне дейін талданып, сұрыпталған уақытқа жеттік. Солардың ішінен әр дәрісханаға тиімдісін таңдап алу оқытушының шеберлігін қажет етеді. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдістемесі соңғы он шақты жылдар көлемінде зерттеліп, жүйеге келген сала. Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ЖОО дейінгі білім беру факультетінде ширек ғасырдан астам уақыт шетел азаматтарына қазақ және орыс тілдерін екінші тіл ретінде үйретіп, бастапқы деңгейден сөйлесу деңгейіне дейінгі аралықта оқу бағдарламалары жинақталып, біршама оқулықтар жазылғаны белгілі. Онда Л. Екшембиева, Г. Мұсаева, Р. Дүйсенбаева, т.б. сынды авторлардың зерттеу еңбектері мен әдістемелік оқулықтары шетелдіктердің қазақ тілін алғаш үйренулері үшін пайдаланып жүрген тиімді материалдар. Ондағы тілдік минимумдар да айтарлықтай қамтылған. Дыбыстық ерекшеліктерге де ерекше мән беріп, жаттығу тапсырмалары, сөйлесу диалогтары құрастырылған. Дей тұрғанмен де, қазақ тілінің бай тіл екенін ескерсек, оның қыр-сырын тереңірек түсінуге, сөз қолданысын молынан пайдалануға, ойды тиянақты да түсінікті жеткізе білуге қазақ тілінің грамматикасын жақсы дәрежеде білу қажет. Тіл үйренушілер сөздіктер арқылы сөз мағынасын ұққанымен, оны пайдаланудың жолдарын білмейді. Ол үшін нақты бір заңдылықтарға сүйену қажет. Мәселен, зат есімдірді етістіктермен байланыстыратын септік жалғаулары, басқа сөз таптарына жалғана алмайтыны сияқты қарапайым ережелердің өзі тіл үйренуші үшін маңызды.

Мәселен, тілдің ішкі заңдалақтарын білуде мына сызбаны қолданып, білетін сөздерді осы формулаға қоя білу арқылы ойды жүйелі құруға, жеткізуге болатынын байқадық.


КІМ Не істеді ?
Асан келді.
КІМ зат есім+(септік) Не істеді?
Сәуле жатақхана+ға кірді.
Студент тақта+ны сүртті.
Мен әкем+мен сөйлестім.
Ал зат есімге септік жалғауларын жалғау арқылы объектінің тек етістікпен байланысатынын тіл үйренуші жадында ұстау керек.Мұндай схеманы ұсына отырып, тіл үйренушіге әр септіктің мағынасын түсіндіре отырып, сол мағынаға сай етістіктердің ғана қолданысқа түсе алатынын ескерту қажет. Мәселен, барыс септігінің қосымшасынан кейін келді, барды, қарады, кірді, қайтты, айтты, түсіндірді, қойды сияқты етістіктер ғана тіркесе алатынын білуі тиіс. Ал, табыс септігінен соң ал, оқы, тазала, жаз, сүрт, жап, бер, тыңда, сағын, т.б. етістіктері тіркеседі. Сол сияқты Ілік септігінен кейін тәуелдік формасындағы зат есім қолданысқа түсетін ерекшелігін есте ұстаған жөн. Басқа септіктердің етістікпен тіркескен жағдайда мағыналық байланысын ескеріп, сөздіктің көмегімен оларды дұрыс қолдануын түсіндіреміз. Осындай заңдылықтарды ескеру барысында меңгерген сөздерді дұрыс құруға, қоғамда өз қажетіне дұрыс пайдалана алатынына ықпал етеміз. Грамматикалық заңдылықтар – тіл меңгерудің басты алғышарты болып табылады. Диалог, сұхбат, жаттығу түрлері, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер жаттату арқылы тіл сындырып, әріптерді дұрыс айта алу, дұрыс сөйлей алу үлгісін беруіміз мүмкін. Алайда, білген сөздерді дұрыс қолданысқа түсіре алуы үшін тілдік грамматиканы дұрыс түсінуі маңызды. Бір ғана қазақ тілінде етісітіктердің сөйлемнің соңында тұратынын білудің өзі тіл үйренуші үшін маңызды ақпар. Орыс тілінде олай емес, етістіктер сөйлемнің соңында ғана тұрақталмайды. Сол сияқты:
КІМ қандай?
Ұстаз мейірімді.

КІМ қашан НЕ ІСТЕДІ?

Досым кеше келді.

Бұл қарапайым үлгіден күрделіге біртіндеп ауысамыз. Мәселен, етістіктің шақтарын білу, іс-әрекеттің мезгілін, оқиғаның қашан болғанын ауту үшін аса қажет.











ЕТ++/-а,е-й,/-/ар,-ер,-р/, /





ЕТ++/-а,е-й,/-/ар,-ер,-р/, /

Ет+(-ды,-ді/ты-ті/

-ған,-ген/қан,-кен/)

ЕТ +/ып,-іп,п/+/ отыр,тұр, жатыр, жүр/



Бар+ар, кел+ер, сөйле+р/

Бар+мақ,кел+мек,жаз+бақ, айт+пақ, өт+пек/




Бар+ар, кел+ер, сөйле+р/

Бар+мақ,кел+мек,жаз+бақ, айт+пақ, өт+пек/



Бар+ды/, бар+ған/,айт+қан кел+ді/,кел+ген/ кет+кен



Бар+а жатыр, кел+е жатыр,

Бар+ып тұр, кел+іп тұр.



Осы формада мысалдар жазу арқылы сөзді дұрыс қолдануды, жалғаларды дұрыс қолдануды, сауаларды дұрыс қоюды меңгереді. Сол арқалы тіл меңгеруде сауаттылыққа қол жеткіземіз. Әр тақырыпты өткен кезде грамматикалық сөздікті қоса ұсынамыз. Яғни, зат есімдер, сын есімдер, етістіктер т.б. тақырыптарға байланысты сөздіктер ұсынамыз да, оларды байланысқа түсіру үшін грамматикалық заңдылықтарға сүйенеміз. Дәрісханада осындай сызбаны әр дәрісте 5 минуттық бақылау тапсырмасы ретінде ұсына отырып, тіл үйренушінің сөздік қорын молайту ғана емес, грамматикалық білімін де зерттеуге мүмкіндік туады. Берген сабақ дәрісханада ғана қалып қоймайды, оның өміріне қажеттілікке айналады. Біз қажеттілікті тудыру арқылы тілге деген қызуғышылығын арттыра аламыз.

.
с. 1

скачать файл

Смотрите также: