Баспасөз-релизі Астана қ. 2012 ж


с. 1

Баспасөз-релизі
Астана қ. 2012 ж. 16 қазан

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 2012 жылдың 9 айы үшін

қызметінің қорытындылары туралы
Ү.ж. қаңтар-қыркүйек айларында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-тың («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді) магистральдық газ құбырларымен жалпы газ тасымалдау көлемі 72,4 млрд. м3 құрды.

Магистральдық газ құбырлары желісін тиімді пайдалану Компанияға ү.ж. 9 айында газ тасымалдау жоспарын 101%-ға орындауға мүмкіндік берді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбырларымен газды тасымалдаудың жалпы көлеміндегі салыстырмалы салмағы: ішкі газ тасымалы 9% (6,8 млрд. м3), халықаралық газ транзиті – 78% (56,6 млрд. м3), газды экспортқа тасымалдау – 13% (9 млрд. м3) құрды.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ табиғи газды халықаралық транзиттеуді қамтамасыз ету және құбырлық жүйенің қолда бар активтерін неғұрлым тиімді пайдалану үшін отандық магистральдық газ құбырлары желісін жөндеу мен жаңарту бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады.

2012 жылдың 9 айында «Интергаз Орталық Азия» АҚ өз қаражаты есебінен күрделі салымдары 28 679 млн. теңгені, оның ішінде өндіріске 28 121 млн. теңгені құрды. 2012 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-тың өз қаражаты есебінен күрделі салымдар көлемі 38 343 млн. теңге мөлшерінде көзделген.  

Ү.ж. қаңтар-қыркүйек айларында компания республика бюджетіне 5 570 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жасады.



«Интергаз Орталық Азия» АҚ жұмысының негізгі қағидалары газды тасымалдау саласында озық технологияларды пайдалану, технологиялық процестің барынша қауіпсіздігін, тиімділігін және мүлтіксіздігін, компания қызметінде менеджменттің жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 1997 жылдың шілде айында құрылған. Компания Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді. Компания жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейінгі, ұзындығы 14 мың километрден асатын магистральдық газ құбырлары желісін пайдаланады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Тел: +7(7172) 977211
с. 1

скачать файл

Смотрите также: