Basic тілінің интерпретаторы және оның командалары


с. 1
BASIC тілінің интерпретаторы және

оның командалары

Шын мәнінде компьютерге машина тіліндегі программаларды ғана түсінеді және орындайды. Ал осы BASIC, PASCAL т.б. программалау тілдерін түсінбейді. Бірақ осы аталған тілдерді компьютерге машина тіліне аударып беретін программалар болады. Мұндай программалар компьютердің программаның қамсыздандыруының құрамына енеді және компьютерлер зауытта алғаш жасалғанда оның тұрақты жадына жазылып жіберіледі. BASIC тілінде жазылған программаны аударуға арналған программаны жоғарыда айтқанымыздай BASIC тілінің интерпретаторы деп атайды.

Интерпретатор компьютердің белгілі бір түріне арналған болады және әр түрлі компьютерлерге арналған интерпретаторларының бірінен – бірінің мүмкіндіктері жағынан ғана айырмашылығы болуы мүмкін. Интерпретатор пайдаланушыға мына төмендегідей мүмкіндіктер жасайды.


  • BASIC тілінде жазылған бастапқы программаның қателіктерін хабарлай отырып ендіреді және жөндейді;

  • Бастапқы программаның құрылғысына шығарады;

  • BASIC тілінің операторын таңдайды, тексереді және орындайды. Жұмыс программасы бойынша есептеу кезінде интерпретатор есептелу процесін бақылауды ұйымдастырады және кездескен қателіктер туралы хабарды экранға шығарады;

  • Бастапқы информацияларды сыртқы тасмалдаушыларда сақтайды.

Компьютер операторды мынадай екі режімнің бірінде орындайды:

  • Программалау режімі;

  • Тікелей есептеу режімі.

Программалау режімінде программаның әрбір қатары оператордың орындалу реттілігін көрсететін нөмірден басталады.

10 К=1


  • PRINT K

  • K=K+1

  • PRINT K

Бұл режімде оператордың орындалуы арнайы нұсқау бергеннен кейін басталады. Тікелей есептеу режімінде операторлар нөмірсіз теріледі. Мысалы,

К=1


PRINT K

K=K+1


PRINT K

Операторлар <ЕП> пернесін басқаннан кейін бірден орындалады. Бұл режім кәдімгі калькуляторлық режімге ұқсас болғандықтан оны кейде калькуляторлық режім деп де атайды. BASIC тілінің интерпретаторларының жұмыс істеуде жеңілдететін өзінің арнайы жүйелік командалары бар.



Жүйелік команда - әр түрлі әркеттерді орындау үшін интерпретаторға берілетін нұсқауды айтамыз. Мұндай командалар нөмірсіз жазылады.

Қажетті программаны компьютерге теріп енгізбес бұрын алдымен компьютердің оперативті жадын NEW командасының көмегімен тазартып алу керек. Ол үшін мынадай команда береміз: NEW <ЕП>

Сонда компьютер жаңа программаны енгізуге дайын тұрады, экранға интерпретатордың жұмысқа дайындық белгісі <ОК> шығады. Осыдан кейін программаның қатарларының нөмірлері мен операторларын пернетақтадан тере отырып программаны енгізуге болады.

BASIC тілінің интерпретаторында қатар нөмірлерін автоматты түрде нөмірлеуге мүмкіндік беретін арнайы AUTO командасы бар. Оның жазылу пішімі: AUTO N1, N2, N3.

Мұнда AUTO – команданың аты; N1, N2 - N1 нөмірінен бастап N2 қадаммен нөмірлеу. Мысалы, AUTO 10,5 командасын ендірсек компьютер программа нөмірлерін 10 – қатардан бастап әр қатардың арасына 5 қадам қалдырып нөмірлей бастайды.

Интерпретатор бұрын ендіріліп қойылған программа қатарларының нөмірлерін қайтадан өзгертіп нөмірлей алады, ол RENUM командсы арқылы жүзеге асырылады. Жазылу пішімі: RENUM N1, N2, N3.

Мұнда RENUM – команданың аты; N2 – нөмірден бастап, N3 қадаммен жаңа N1 – нөмірге алмастырылады. Интерпретатор программаның барлық қатарларын немесе кейбір қажетсіз деп есептелген қатарларын өшіріп тастай алады, ол DELETE командасы арқылы орындалады. Мысалы, DELETE N1 – N3 командасы программаларын N1 – нөмірлі көрсетілмеген болса, онда қатарлар программаның басынан бастап N3 нөмірге дейін, ал егер N3 нөмірі көрсетілмеген болса, онда N1 – ден бастап программа соңына дейін өшіріледі.

Программаны толық ендіріп болғаннан кейін оны орындау үшін жұмысқа қосуға болады. Ол командасы арқылы жүзеге асырылады, нәтижеде программаны орындау жұмысы ең бастапқы нөмірден басталады. Егер бұл команда RUN N пішінінде берілетін болса, онда программаны орындау жұмысы N – нөмірден басталады.

Қатардың саны өте көп үлкен программаны компьютерге енгізгенде бүкіл экран толғаннан кейін оның ең жоғарғы қатары экраннан шығып, көрінбей кетеді, бірақ одан ол жойылып кетті деген ой тумауы тиіс, өйткені жадында сақтайды.

командасын беру арқылы енгізілген программаның мәтінін экранға шығаруға және қателіктердің бар немесе жоқ екендігін тексеруге болады. Команданың жазылу пішімі: LIST N1-N4

Мұнда LIST – команданың аты; N1 және N4 экранға шығарылатын қатарлардың бастапқы және соңғы нөмірлері. Мысалы, LIST 10-40 командасын беру арқылы экранда нөмірлері 10-нан 40-қа дейінгі қатарларды шығаруға болады.



BASIC тілінің операторларын екі топқа бөлуге болады:

  • орындалатын операторларбұл программалар интерпретаторға қандай әркеттің орындалуы қажеттігін көрсетіп программаларда жасалатын әркеттерді анықтайды.

  • орындалмайтын операторларбұл деркетердің ерекшеліктерінің жаңа бір тәртіпке келуін сипаттайды, программаға түсініктеме түріндегі ерекшеліктер мен хабарларды ендіруге мүмкіндік береді.

Түсінік беру операторы

Мектептің информатика курсындағы алгоритм тақырыбында келесі деректер келтірілген;



  • алгоритмнің аты;

  • типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелердің тізімі;

BASIC тілінде алгоритмнің аты REM деп аталатын түсініктеме беру операторы арқылы сипатталады. Алгоритмдегі аргументтерді BASIC тілінде IUT операторының көмегімен енгізу қолайлы. Программаны толығымен құрып, компьютерге ендіріп орындалғаннан кейін, оның орындалу нәтижелерін экранға шығару қажет болады. Ол BASIC тілінде PRINT операторының көмегімен жүзеге асырылады.

Мысалы,


алг Мысал (нақ а, в, лит к )

берілгені а,в алгоритмнің

керек к тақырыбы

басы

командалар тобы алгоритмнің



денесі

соңы

Осы алгоритмнің BASIC тіліндегі жазылуы:

10 REM Мысал

20 INPUT A!, B!





100 PRINT K

110 END



REM операторы программаға түсініктеме беру арқылы оның көрнектілігін арттыру үшін қолданылады.Түсініктеме – беру пернетақтадан енгізілген кез келген символдар тізбегінен тұрады.

REM операторы программаның орындалуына ешқандай әсер етпейді, өйткені програманы трансляциялау барысында ескерілмейді.
с. 1

скачать файл

Смотрите также: