Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда


с. 1
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда заем шарттарын жасасқанда қаржылық қызметті тұтынушылар үшін қажетті қысқаша жадынама
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда (ипотекалық ұйымда, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге ұйымда) (бұдан әрі - Ұйым) кредитті ресімдеу алдында заемшының мыналарға назарын аударуы қажет.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) Ұйыммен оның клиенттері арасындағы қарым қатынас, егер өзгеше Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, шарттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, сыйақы (мүддесінің) мен комиссиялардың ставкасын және банктік қызметті көрсеткені үшін тарифтерді Ұйым дербес белгілейді.

Осыған орай, әр жағдайда заемшы кредиттеу бойынша мәмілені жүзеге асыруға ілесетін көптеген факторларды ескеріп, Ұйымды жеке таңдауы қажет.

1. Ұйымда заемдарды беруге уәкілетті органның лицензиясы болуы тиіс.

2. Заңнамаға сәйкес Ұйымда операцияларды жүргізудің жалпы талаптарын айқындайтын ереже мен ішкі ереже бар болғанда ғана ол банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы.

3. Ұйымның директорларының кеңесі бекiткен Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережесімен (бұдан әрі - Ереже) танысу қажет.

Операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережеде мыналар айқындалуы тиісті:

а) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң шектi сомасы мен мерзiмi;

б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы ставкасының шектiк мөлшерi;

в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеудiң шарттары;

г) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

д) банк операцияларын жүргiзу ставкалары мен тарифтерi;

е) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;

ж) банктің директорларының кеңесі банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн басқа шарттар, талаптар мен шектеулер.

Ұйым клиенттің бірінші талабы бойынша Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережені беруі тиіс.

Ұйымның кредитті беруінің шектi сомасының мөлшерімен, сыйақы ставкасымен, Ұйымның сыйақы төлеуінің шарттарымен, кредитті қамтамасыз ету талаптарымен Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережеде танысуға болады.

4. Кредиттеудің талаптарымен мұқият танысу және алдағы шығыстардың шамасын бағалау қажет.

Кредиттеу шарттары кредитті қолдану мерзімін, кредиттің мөлшерін, валютасын, кредитті қолданғаны үшін сыйақы ставкасының мөлшерін (белгіленген, өзгермелі), бастапқы жарнаның мөлшерін (қажеттілігіне қарай), кредитті мерзімінен бұрын өтеуге мораторийді, кредитті қамтамасыз етуге, кредит сатып алынуына арналған объектіні сақтандыруға, өмірді және заемшының жұмыс мүмкіншілігін және басқа тәуекелдерді сақтандыруға қойылатын талаптарды және т.б. қамтуы мүмкін.

5. Ұйым клиенттерден заемды берумен байланысты әр түрлі ілеспе қызмет көрсетуге қосымша төлемді алады, мысалы, кредиттік өтінімді қарағаны үшін, кеңес бергені, несие және өзге шоттарды ашқаны және жүргізгені үшін, кредитті бергені үшін банктік алым алды, кредиттік қаражатты қолма-қол ақша ретінде алғаны үшін, кепіл құнын бағалағаны үшін (мысалы, ипотекалық кредиттеуде тұрғын-үйді) және т.б қосымша төлемдерді алады.

6. Іс-жүзінде, Ұйым заемдарды бергенде, заемшыға ілеспе қызметті көрсететін тұрақты серіктестерімен, оның ішінде аффилиирленген сақтандыру ұйымдарымен жұмыс істеуге тырысады және заемшыдан олардың қызметін қолдануды талап етеді.

Осыған орай, Азаматтық кодекстің 380-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi.

7. Оң шешім қабылданғанда, Ұйыммен банктік заем шарты мен барлық ілеспе шарттар (кепіл, сақтандыру және т.б.) жасалады. Егер шартқа кредиттік мәміленің екі тарапы да қол қойса, онда шарт тараптардың өзара келісім бойынша жасалған деп саналады.

Заңға сәйкес заемды беру туралы шартты жасасудың міндетті талабы болып банктің, ипотекалық ұйымның немесе мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның заемшы туралы және жасалатын мәміле (заем операциясы) туралы мәліметтерді және тараптардың өз міндеттерін орындаумен байланысты ақпаратты кредиттік бюроның деректер базасына беруге заемшының жазбаша келісімі бар болуы табылады.

8. Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын кредитті өтеу кестесімен мұқият танысу және оны уақтылы өтеу бойынша барлық шараларды қабылдау қажет. Заемды уақтылы өтеумен байланысты проблемалар туындаған жағдайда, Ұйымнан одан әрі жасайтын шұғыл ықтимал іс-әрекеттер жөнінде кеңес алу қажетті.

9. Кепіл шартында және заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, Ұйым кепілде тұрған мүлікті сауда-саттықты (аукционды) жүргізу жолымен мәжбүрлеп соттан тыс тәртіпте дербес өткізуге құқылы екендігін тұтынушының міндетті түрде білуі қажет.



10. Банктік заем шарттары бойынша даулы жағдайлар туындағанда, заемшы Ұйымға, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне немесе сотқа Ұйымның орналасқан орны бойынша Ұйымға қатысты жазбаша түрде талап-шағым беруге құқылы.
с. 1

скачать файл

Смотрите также: