Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі


с. 1
МАЗМҰНЫ

І Кіріспе

Жаңа технологиямен оқыту идеясын жүзеге асыру 3 бет

І Тарау 1.1. Проблемалы оқытуды оқу үрдісіне енгізудің кейбір мәселелері 8 бет
1.2. Дамыта оқыту белсенділікті арттырады 22 бет
ІІ Тарау

2.1. Деңгейлік саралап оқыту 29 бет

2.2. Тіл үйретудің тиімді тәсілі 33 бет
Қорытынды 45 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 48 бет

КІРІСПЕ

Жаңа технологиямен оқыту идеясын жүзеге асыру

Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.


Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.


Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде.

Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л.С.Высоцкийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ, жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған әдістемеліктер мен технологтялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез-келген мектепте әр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.

Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыта оқытудың мақсаты ма, әлде мақсатқа жетудің амалы ма деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлға дамытудың өзіне тән түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері және көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсатын оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуна қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Бұдан шығар түйін, дамыта оқыту – білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашаққа болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне, оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне позитивті өзгерістер енеді.

Даму дегеніміз материалдық және идеялық объектілердің қайтымсыз, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсек, регрестік түрі кельетінде тұрады деп тұжырымдайды З.Кариев.

Біздің ізденісіміз прогрестік дамуды көздейді, оған жетелейтін - өнімді іс-әрекет. Өнімді іс-әрекет жан-жақты ізденудің нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Мұндай жағдайда екінші бір жаңа, бұрынғыдан өзгеше мағлұматтар туындайды. Дамыта оқыту идеясы өнімді іс-әрекет арқылы іске асатындығын талай ғалымдар дәлелдеген.

Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мәліметті өз бетінше оқып-танып, әр түрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап және дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, әр түрлі іс-әрекет жасайды. Мұндай оқу танымдық әрекет – репродуктивтік іс-әрекет деп аталады. Бұл іс-әрекет алдын-ала дайындалған белгілі ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.

Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептеуір қолданыс атуып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде Дамыта оқыту халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті – академик В.П.Зинченко.

Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі бойынша Мәскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі – дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Эльконин Даниил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Данилович.

Бұл ғылыми бастама 1959 жылдан бері ғалымдар назарында. Содан бері түрлі талқы ойлар, пікірлер айтылуда. Қазіргі кезеңдегі ғалымдар пікірлеріне назар аударайық.

Академик В.П.Зинченко осы ізденісті жүйенің негізгі көңіл аударар бағыты – теориялық ойластыру деп санайды және бұл құрғақ дәмсіз білімдер болмау керек. Керісінше, ол қоршаған әлемнің көрінісі болып, сана-сезіммен түбегейлі қабылданып, түп-түбіріне дейін дейін танып-білінуі тиіс.

Профессор Б.Д.Эльконин пікірі бойынша: дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендер көзге түседі, яғни, дүние және адам тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шұғылдануы және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі – дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни, дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы ағартудың жүйесін қалыптастыру.

В.С.Лазарев ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, сондықтан педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.

Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю.В.Громыков қолдайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теорисын толық қолдануға мүмкіндік бар.

А.Б.Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да өзгереді. Оның сөйлеген сөзі, келбеті, белсенділігі, жауапкершілігі жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.

Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер-жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Харьков т.б. қалаларда Давыдов пен Элькониннің, Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып жүр. Бірақ, біздің елде, әсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс айтарлықтай әлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін осылай істе деген ұстаным бойынша танымал және тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес.

1.1. Проблемалы оқытуды оқу процесіне енгізудің кейбір мәселелері
Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық, әрбіреуінің ұтымдылығы әр түрлі. Мысалы, дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік дейгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген еркін тәрбие мектептерінде білім беру үрдісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық есте сақтау қызметі жөнді дамымайды және кейбір қажетті дағдылар мен ебдейліктер деген астарлы пікір бар. Сондықтан, болашағы мол болып көрінетін дәстүрлі оқыту мен балама оқыту әдістемеліктерінің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырмайтын мәселе – қайсысынан қандай элементтер , қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы.

Оқушы тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп іргесінде іске асыру – қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Яғни, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқыту жоспарына негізделген, сыныпты-сабақты ұстанымын сақтайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесі және психологиялық-педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.



Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан. Соның ішінен сабақ беруде басшылыққа алып, қолдануға ыңғайлысын келтіре кетейік.

  1. Оқыту үрдісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.

  2. Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жақын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үрдісі оқушының өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілеті, білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі керек.

  3. Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының жеңістік жағдаятын алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.

  4. Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.

  5. Сырттағы білімді іштегі білімге алиастыруға арналған іс-әрекеттер тізбектерін алдын-ала болжау қажет. Бұл нәтижеге топтық талдау, пікірталастар және т.б. жеткізеді.

  6. Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім терңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында өзі жетуі керек.


Дәстүрлі және дамытушы оқытуды салыстыру кестесі








Дәстүрлі педагогика

Дамытушы педагогика

Мәні

Білім,ептілік, дағдыны меңгерту

Баланың өзін-өзі субъект ретінде өзгертуі

Мақсаты

Білім,ептілік, дағдыны игерту

Әрбір оқушыға оқып -тану үрдісінің өзіндік өзгеретін субъектісі ретінде дамуға жағдай жасау, қасиет-қабілеттерін дамыту

Дамытудың негізгі факторы

Білім,ептілік, дағдының дәрежелері

Соған қоса маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі

Мұғалімнің рөлі

Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихатшысы


Танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырушы, ұжымдық істердің ұйытқысы, кеңесшісі

Педагогтің негізгі талабы

Мен сияқты істе

Ойлап істе

Әрекеттестік стилі

Авторитарлы

Демократиялы

Педагог қызметі

Білім беру

Адамды өсіруші

Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастық стилі

Монологты(мұғалім жағынан)

Диалогты

Оқытудың басым әдісі

Мәліметтілік

Ізденісті-зерттеушілік

Сабақты ұйымдастыру түрі(формасы)

Фронтальды, топтық

Жекебастық, топтық

Мазмұнының негізі

Адамның кейбір саладағы іс-әрекеттерін құрастырудың жалпылама ұстанымдарына сүйеніп, анықталған мәселелерді шешудің дайын әдістері

Дамыту үрдісіндегі оқушылардың игеретін іс-әрекеттерді қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер

Әдіс-тәсілдер

Көрсету – түсіндіру – жаттықтыру – бақылау – бағалау

Оқу мақсаттарының қойылуы, ізденушілік-зерттеушілік әрекеті, табылған шешімді дәлелдеу, шешімді тексеру

Әрекеттестік түрі

Басқарушы мен бағынушы

Іскерлік-серіктестік, ынтымақтастық

Педагогтің материалды түсіндіруге кеткен уақытымен салыстырғандағы оқушының өздік жұмысының уақыты

Өте аз

Салыстырмалы

Әректтестіктегі қызметтер

Мұғалім – жетектеуші, оқушы – орындаушы

Қызметтер бөлінбейді, бірлескен ізденіс

Оқушы поэзиясы

Қызығу аз, пассивті

Қызығу бар, ынталы, шабытты

Сабақтағы жанға жайлы сәттер

Кей кезде пайда болады

Әрдайым және мақсатты бағытталған

Оқуға деген мотив

Эпизодты түрде туындайды

Әрқашан және мақсатты туындайды

Оқушыларға жүйелі білім беру және алған білімі негізінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру сияқты оқу процесінің негізгі мәселелері сабақ беру арқылы жүзеге асады. Сондықтан да сабақ беру әдістеріне әрқашан да ерекше көңіл бөліп, оны жетілдіру күн тәртібінен түспей келеді.

Педагогикалық тәжірибеде аралас сабақ кең орын алған. Аралас сабақ негізінен төрт кезеңнен тұрады: сұрақ-жауап аоқушылардың өткен материалдарын игеру деңгейін тексеру, жаңа материалдарды түсіндіру, хабаоланған білімді бекіту, үйде орындауға тапсырма беру. Бұнда сабақтың әр кезеңіне шектеулі уақыт беріліп, бүкіл сабақ жүрісіне кесте жасалынып отырады. Аралас сабақтың осылайша бір үлгіде жүргізілуі көп жағдайда оқытудың маңызын түсіріп, оқушылардың белсенділігін төмендетеді. Аралас сабақтың негізгі кемшіліктерін проблемалы оқытуды зерттеушілердің бірі М.И.Махмудов ашып көрсетті.

Аралас сабақтарға кеңінен қолданылып жүрген оқыту әдісіне түсіндіру-көрсету арқылы мәлімет беру жатады. Бұл әдісті қолдану кезінде оқытушы қажетті білімді дайын түрде береді де, оқушылардың іс-әрекетін белгілі бір шеңберде тежей отырып, оларды берілген материалды және оған байланысты іскерлікті жаңғыртуға жетелейді. Оқушылар оқу материалын жадына сақтап, ойлау арқылы ғана меңгереді де, бағдарлама материалдарын игеруде белсенділік көрсетпейді: оқу кезінде шешу жолы қарастырылған мәселелерді шешуге ғана үйренеді де, келешекте мәселені өз бетімен шешуге қабілеті нашар болады.



Дәстүрлі аралас сабақтың құрылымы





Рет саны

Сабақ кезеңдері

Қойылған мақсаты

Негізгі кемшіліктер

1

Сұрақ-жауап

Үйге берілген тапсырманың орындалуы және өткен сабақ материалдарының игерілуі туралы ақпарат алу

3-4 оқушыдан ауызша жауап алу кезінде көп уақыт жұмсалады. Қалған 20-25 оқушы әрекетсіз қалып жалығады.

2 Түсіндіру

Жаңа білімді баяндап беру

Оқытушының жаңа материалды түгелдей дайын күйінде жеткізуге тырысуы оқушылардың өз бетімен ізденуге деген құштарлығын тежейді.




3

Білімді бекіту

Түсіндірген материалдарды қайталап айтуға қабілеті жететіндігі туралы ақпарат алу

Оқытушының жаңа ғана баяндаған материалын қайталап айтып шығу оқушылардың ойлау қабілетін белсендірмейді.

Бұлай оқыту әдісі оқушылардың белгілі бір мөлшердегі біліммен қамтамассыз етеді, бірақ олар алған білімін кең мөлшерде қолдануға қабілетсіз болады.

Проблемалық оқытудың жоғарыда көрсетілген оқыту әдісінен негізгі айырмашылығы оқушының дайын мәліметтерді қолданудан сол мәселелерді қажет ететін, ізденуші адамға айналуында.

Оқытушы проблемеалық мәселені қою арқылы оқытушыларды проблемалық жағдайға алып келеді. Бұл жерде бұрынғы меңгерілген білім мен жаңадан пайда болған мәселе арасында қарама-қайшылық пайда болады да, оқушы оқытушының көмегімен осы мәселеге байланысты пайда болатын құбылыс немесе процеске талдау жасау арқылы оны түсінуге, игеруге тырысады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау қабілетінің белсенділігші артады. Сондықтан да проблемелы оқытудың дүниетанымдық маңызы зор, Өйткені, ол құбылыстар мен процестердің бір-бірімен байланысын көре білуге үйретеді, жеке тұлғада диалектикалық ойлау қабілетінің қалыптасуынна әсер етеді. Солай дегенмен де, проблемалы оқыту білім беру мен тәрбиелеудің барлық мәселелерін шешіп бере алмайды. Оқу жүйесінде білім беру мен тәрбиелеудің әр түрлі әдістері мен қалыптары болуға тиіс. Проблемелы оқыту әдісін біртұтас дамыта оқыту жүйесінің қажетті бір бөлімі есебінде қарастырған жөн және оны проблемалық жағдайды жасаудың әр түрлі арнайы әдістері мен тәсілдерін кең қолдана отырып, сонымен бірге оқушылардың есте сақтағыштық, шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып дамыту қажет.

Проблемалы оқытудың теориялық мәселелерін М.И.Махмудов, А.М:Матющкин, И.Я.Лернер, Ю.Н.Бабанский және т.б. енң зерттеген еді. Проблемалы оқытуға арнап жазылған жұмыстардың саны біршама баршылық. Бірақ, соңғы кезде, елімізде бұл әдісті оқу процесінде қолданудың жағдайы қанағаттанрлықтай болмай отыр. Бұған негізгі себептердің бірі әдебиетте проблемалы оқыту жайында біртұтас оң пікірдің болиауында және оның мән жайын жақсы білетін оқытушылардың аздығында.

Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап алға басқан кезеңінде проблемалы оқытуды игеріп, оқу-тәрбие жұиыстарында қолданбаса болмайды. Проблемалы оқытуды игеруге бағышталған біз ұйымдастырған ізденіс жұмыстары проблемалы оқыту сабағының дәстүрлі аралас сабаққа қарағанда біршама артықшылықтары барлығына көз жеткізеді.



Проблемалы оқыту сабағының құрылымы мен артықшылықтары

Рет саны

Сабақ кезеңдері

Қойылған мақсаты

Жұмсалған уақыт мөлшері

Іске асырудың жолдары

Байқалған артықшылықтар

1

Өткен материалдарды пысықтау

Меңгерілген білімді реттеей отырып, оны қолдана білуге үйрету. Кезекті сабаққа қажетті білімді жинақтап дайындау

10-15

Барлық оқушыларға қысқа ғана жұмыс жаздыру

Оқушылар түгелдей өз білімін көрсетеді

2

Пысықтауды қорытындылау

Өтілген материалдардың қажеттілерін жинақтап, оларды байланыстыра отырып келесі тақырыпқа көшу

12-15

Оқушылардың жеке жұмыстарына қысқаша шолу жасау

Оқушылар өз жұмысының нәтижесін көре отырып, келесі тақырыпқа ынталы болады

3

Проблемалы жағдай туғызып, оның негізгі мәселелерін көрсету

Оқушыларды ойлауға, талдауға, ізденіске ынталандыру

15-20

Проблемалы мәселені баяндап беру

Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады

4

Порблеманы шешу жолдарын қарастырып, болжам жасау

Бұрынғы білімдерді пысықтай отырып, жаңа материалды баяндау және оны талдауға үйрету

15-20

Оқушылармен эвристикалы түрде әңгімелесу

Оқушылардың ойлау қабілетін қоздырады

5

Болжамды дәлелдеу

Жаңа материалды талдауды тереңдете түсу

10-12

Әңгімелесу, мысал келтіру және оны оқушылар көмегімен шешу

Мәселеге сын көзбен қарауға, талдау жасай білуге үйретеді

6

Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру

Алынған білімді бекіту және іскерлікті қалыптастыру

8-10

Қателіктерді пысықтау, шешімді қорытындылау, есептер шығару

Оқушылардың өз біліміне, іскерлігіне деген сенімін нығайтады

Ізденіс жұмыстары Ақтау гуманитарлы-экономикалықколледж оқытушыларын қатыстыра отырып жүргізілген болатын. Колледжде әр сабақтың ұзақтығы 90 минут болатынын ескерсек, мұнда проблемалы оқытуды енгізуде мектептерге қарағанда мүмкіндігі мол. Өйткені, проблемалы оқыту сабағын өткізуде уақыт тапшылығы болмағаны жақсы.

Проблемалы оқытуға арналған ізденіс жұмыстары проблемалы сабақты аралас сабаққа ұқсатып, бірнеше бөлімге нақпа-нақтап бөлуге болмайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар, қойылған мақсат пен сабақтың мазмұнына байланысты оқытушы мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың белгілі бір реттігін жасауға да болмайды. Сол себепті проблемалық сабақты ұйымдастырудың сан-алуан жолы болуы мүмкін.

Проблемалы сабақты жүргізу негізінде дәстүрлі аралас сабақта қолданылып жүрген материалды бекіту бөлімінің қажеттілігі болмайды, өйткені жаңаң білімді игерудің өзі оқушылардың өнімді қызметі арқылы атқарылады, ол өз кезегінде, оқушылардан бұрынғы меңгерілген білімді қолдана отырып жаңаны қабылдауды қажет етеді.

Проблемалы сабақ барысында жіберілген қателіктерді анықтап, талдау жасауға ерекше көңіл бөлінуге тиіс және бұндай жұмысты оқушылармен бірлесіп жұмыс жасаудың барлық кезеңінде жүргізіп отырған жөн.

Ізденіс жұмыстарын өткізу кезеңінде оқушылардың жіберген қателіктерін талдаудың мынадай бағыты белгіленді:



  • оқушылар жіберген қателіктерді анықтап алу;

  • қателіктер кеткендігіне оқушылардың көздерін жеткізу;

  • қателіктердің жіберілу себептерін оқушылар күшімен анықтау;

  • оқушылар қателіктердің жіберілу себептерін өз күшімен анықтай алмаған жағдайда, оларға көмек көрсету;

  • оқушылармен бірлесе отырып қателіктерді түзету;

Ізденіс жұмыстары мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

  • проблемалы оқыту сабақтары дәстүрлі аралас сабақтармен салыстырғанда, біріншіден, көп дайындықты қажет етеді, екіншіден, сабақтың жүрісі көп уақытқа созылады;

  • белгілі бір пәнді бөлінген сағатына сай игеру үшін пән программасында көрсетілген тақырыптарды негізгі және қосалқы материалдарды бөліп алу қажет;

  • қосалқы материалдарға бөлінген сағаттарды азайту арқылы негізгі материалдарға арналған сағаттарды көбейтуді ойластыру қажет;

  • негізгі материалдарды оқытуды проблемалы сабақтарды ұйымдастыру арқылы өткізуге тырысып, қалғандарын дәстүрлі аралас сабақтармен өткізу пән тақырыптарын үйлесімді игерудің ең тиімді жолы екендігі анықталады.

Оқушылардың әр түрлі есептерін шығару, қойылған мәселелерді шешу кезінде өз білімдерін қолдана білуіне, маңыздысын іріктей білуіне, терең ойлай білуіне жасалынған талдау, проблемалық оқытудың арқасында оқушыларда жоғары дәрежеде өз бетімен жұмыс істеу қасиеті қалыптасатынын көрсетеді. Оқушылар талдаудың, іріктеудің, жіктеудің логикалық операцияларын ойдағыдай игере отырып, өз білімдерін жан-жақты қолдана білуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларда ойлап-толғаудың биік деңгейі мен ақпараттарды өз күшімен игеруге қасиеттері пайда болады.


1.2. Дамыта оқыту белсенділікті арттырады

Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің етене жақын буыны. Мұның өзі аталмыш өнердің көркем бейнелеуінің ерекше түрі екендігінен туындайды. Бейнелеу өнерінің кез келген түрі адамның танымдық мүмкіндігіне және әдемілікті сезінуіне әсер етеді. Адамның өмірдегі эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқушыларға бейнелеу өнері сабақтарында қоршаған заттар мен құбылыстардың көріністерін нақты бейнелеуге үйретуіміз қажет.

Кеңістік пен зат өте тығыз болғандықтан, оқушылардың өмір шындығын бейнелеген әрбір суреттерінде кеңістік ұғымын қалыптастырудың маңызы зор. Уақыт сияқты кеңістік те материяның өмір сүру формасы. Өмірдегі қандай зат пен құбылыс болсын белгілі кеңістіктен табылады.

Заттың кеңістіктегі орны оның алыс-жақындығына байланысты. Мысалы, бізге бір топ адамдар жақындап келе жатыр делік, онан алыста ауыл, өте алыста тау көрінеді. Бұл заттардың көлемдерін бір- біріне салыстырып айқындауға болады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру үшін бейнелеу сабағын мынадай жолдармен өткізуге болады.



  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану

  2. Сабақты түрдендіріп өткізу

  3. Сабаққа оқушылардың өздері салған суреттерді пайдалану

  4. Техникалық құралдарды тиімді пайдалану

  5. Бейнелеу өнері туралы кинотаспаларды көрсету.

Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың тиянақты білім алуына қолданылатынг көрнекі құралдардың маңызы зор. Оқушыларға белгілі бір тақырыпқа байланысты көрнекі құралдар дайындалады. Көріністері әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетумен қатар, суреттердің салыну жолындағы оқушының алғашқы ізденістерін салған суреттерінен көрсеткені дұрыс. Мұның өзі оқушыларға сол тақырып жөнінде бағыт-бағдарлар береді.

Сабақ барысында мұғалім әр оқушының сурет салуын бақылайды, қажет болғанда көмек көрсетеді. Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты сурет салуды дұрыс бастауы үшін мұғалім алдымен оны сызба түрінде көрсеткені жөн. Мұндай ізденіс жолдары оқушылардың заттардың суретін қағаз бетіне орналастыру, композициялық заңдылықтарын игеру дағдыларын қалыптастырады.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта оқыту мен белсенділігін арттыруда көрнекі құралдардың тағы бір түрі – заттардың муляжын көрсету. Мысалы, оқушылар алманың суретін алатын болса, мұғалім сол дененің сыртқы пішінін оқушыға толық жеткізу үшін муляжды көрсетеді де, оның түрлі-түсті бояумен боялғанын, сонымен қатар оның шар тәріздес екенін де ұғындырады.

Оқушылардың сабаққа ынтасын, шығармашылық белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана өткізудің де маңызы зор. Оқушылар затқа қарап сурет салуды қаласа, заттардан натюрморт құрастырып, суреть салғызған дұрыс. Өзім сабақты натюрморттағы заттардың атауларымен таныстырудан бастаймын. Сосын сурет сабағында қолданылатын сәкіге натюрморт салуға қойылатын заттарды орналастырамыз. Заттардың орналасуына қарай олардың орындарының ерекшеліктерін ескереміз. Мұндайда бір зат екінші заттың қалқасында қалып, сурет өз мәнінде шықпауы мүмкін. Сондықтан натюрморт қойылған сәкіні оқушылардың көз деңгейінен сәл жоғары тұратындай орналастыру керек. Осыдан кейін сурет салу қысқаша түсіндіріліп, заттардың орналасуына байланысты олардың перспективалық қысқаруы жөнінде мағлұмат беріледі. Оқушылар түсінбеген жағдайда тақтаны пайдаланған абзал. Сурет салкдың екінші бір тәсілі – жеке-жеке салынған заттардан натюрморт құрастыру.

Дамыта оқыту арқылы белсенділігін арттырудың тағы бір жолы: оқушылардың суреті салынатын заттардың сыртқы пішінін, түрін, түсін естеріне ұзақ сақтауы. Бұл әдісті қолданғанда 1-2 жеңіл затты алып, оқушылар алдына 5-10 минут қойған тиімді. Оқушылардың осы уақыт ішінде затты мүмкіндігінше естеріне сақтап қалулары керек, содан кейін зат орнынан алынады немесе матамен жабылады. Осыдан кейін оқушылар естеріне сақталған заттың бейнесін салады.

Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда акварельмен сурет салудың да маңызы үлкен. Оқушылардың бояуларды бір-бірімен қосып, олардың қасиеттерімен танысады және оның үшінші түрін табу жолдарын үйренеді.

Дамыта оқыту арқылы белсенділікті арттыру өмір шындығы көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгертеді, ал белсенді шығармашылық жұмыс оқушыларды еңбекке тәрбиелейді, қарапайым заттарға эстетикалық биік талғам тұрғысынан қарауға және табиғат пен адам жасаған қайталанбас сұлулықты қорғай білуге баулиды. Сондай-ақ көркем мәдениет туындылары мен олардың қоғам өміріндегі мәні туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастырады.

Оқушылардың көру мен есте сақтауын, байқампаздықи қабілетін, бояу түстерін сезіне, ажырата білу дағдыларын қалыптастыру қажет. Ал бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарын меңгеру арқылы оқушылар шығармашылық қиял: кеңістікті елестету, бейнелеу ерекшеліктерін түсіне білу, композиция құру, т.б. дағдыларын дамытады.

Дамыта оқыту арқылы оқушы белсенділігін арттыруда кабинеттік жүйемен оқытудың рөлі үлкен мәнге ие. Яғни, сабаққа көрнекіліктер мен техникалық құралдарды тиімді пайдалануға қолайлы жағдай туады. Мұғалім материалдарды алдын ала дайындап, уақытты ұтымды пайдаланады. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артады.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда жоғарыда айтылған мәселелерден басқа мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері үйірмесінің де әсері мол. Онда оқушылар бейнелеу өнері сабағынан алған білімдерін толықтырып, кеңейтеді. Сонымен қатар, оқушылар жұмыстарынан көрмелер ұйымдастыру олардың шығармашылық қабілеттерін арттыра түсуге септігін тигізеді.

Қорыта келгенде, О.Бальзактің «Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы» дегеніндей, дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру мұғалімге үнемі ізденуді, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үрдісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару.

Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттакшы қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа ынталанған мектептер бар (В.А.Карковский, Е.А.Ямбург, А.Н.Тубельский т.б. мектептері).



Сонымен жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:

  • оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;

  • оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;

  • оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;

  • оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;

  • белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;

  • көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;

  • оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;

  • оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;

  • оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;

  • дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;

  • жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау және т.б. жаттығулар).

Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:

  • мектепте және әрбір сыныпта, оқу тоьында мұғалімдер мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;

  • оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы әрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде жүзеге асырылуы;

  • оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;

  • оқыту деңгейінің анықталған бір ізділікті-біртіндеушіліктің болуы;

  • оқу материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы;

  • оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінең кең қолданылуы;

  • оқушылар әжептәуір уақыт аралығында, мысалы, белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;

  • балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;

  • үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;

  • оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;

  • оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;

  • оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.

Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т.б.

Балама мектеп идеяларын дәстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дәлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза әеуметтік бағытталған мақсаттан тұлғалық бағытталған мақсатқа ауысуында.

Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни деонтологиялық әлеуеті жете дамыған мұғалім қажет. Бала ұрпақты баулу, тәрбиелеу – аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа – деп, ақылшы ақын М.Әлімбаев айтқандай, әрбір ересек адамның сана-сезімінде салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғышарт деп ойлаймыз.


2.1. Деңгейлік саралай оқыту

Саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б.Ананьев, Л.Выготский, А.Леонтьев, т.б. ғалымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті В.Давыдов, Л.Занков, т.б. зерттеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсінуі керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес нәтижеге жетеді.

Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен, олардың ықылас-жігерін, ынтасын, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, жалпы білім деңгейін зерттеуі керек. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасау, ата-аналармен әңгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды, т.б. тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгерімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу-тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.

Өзіндік әдісті жізеге асыруда мына мәселелер көзделеді:



  1. Оқушылардың жеке еркшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.

  2. Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау.

  3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.

  4. Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.

Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішнде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа және төмен деп үш топқа бөлуге болады.

Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы.

Сондықтан сынып оқушыларының жеке бас еркшелігін және жалпы ой-өрістерінің даму деңгейін анықтау үшін Р.Аметхауердің интеллектік құрылымға раналған тестілердің әдістері негізінде педагогикалық-психологиялық тест жүргіземін. Бұл тест төрт топтан тұрады:

1-тест. Сынаушыдағы мәнді, маңызды заттар мен құбылыстарды екінші дәрежелі маңызсыз заттар мен құбылыстардан жіктеп алу.

2-тест. Бұл бесінші артық деп алып тастайтын сөздік варианттар түрінде құрылған тапсырмалардан тұрады. Осы әдіс арқылы зерттеулерден алынған нәтижелер тексерілушінің жалпылау немесе жекешелеу операцияларын іріктеу мүмкіндіктерін көрсетеді.

3-тест. Мұнда тапсырмада аналог бойынша ой қорыту. Бұларды орындау үшін тексерілушіге логикалық байланысты және түсініктер арасындаға қатынастықты таба білу керек.

4-тест. Бұл жалпылай білу мүмкіндігіне бағытталған. Оқушы тест тапсырмасына кірген қос ортақ біріктіретін түсінікті айта білуі тиіс.

Бұл алынған тестер нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілеттерінің даму деңгейі белгілі ұпайлар арқылы анықталып, жоғары, орта, төменгі деңгей болып үш топқа бөлінеді. Сөйтіп, сыныпта, жоғары деңгейде – 9 оқушы, орта деңгейде – 14 оқушы, төменгі деңгейде – 2 оқушы қалды. Мұның нәтижесінде оқушылардың ойларының ұшқырлығы, таным қабілеттерінің жоғарылылығы байқалады. Ал келесі тапсырма оқу бағдарламасы бойынша құралды, яғни білім сапасының көрсеткіші анықталды. Бұл мынадай нәтиже берді: жоғары деңгейде – 8 оқушы, орта деңгейде – 14 оқушы, төменгі деңгейде – 6 оқушы.

Жыл бойғы алған білім көрсеткішін анықтау барысында оқушылардың білім сапасы көтерілгендері байқалды.

Күнделікті сабақ жоспарын жазуда сынып оқушыларының ерекшелігін ескере отырып, берілген оқу материалдарының ауыр, жеңілдігіне қарай топтап түрлендіремін. Өйткені оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті. Бірыңғай тапсырмалар оқушыны жалықтырып жіберуі де мүмкін. Сондықтан оқушыны жалықтырмай, оған қажеттілік туғызатындай тапсырманы деңгейіне қарай саралап күрделендіріп отырамын.

Оқушылардың жеке басының ерекшелігін ескере отырып таным белсенділігін арттыру, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың дүниеге өзіндік көзқарасын қалыптастыруға жол ашу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұмыс істеймін. Менің мәселелік тақырыбым «Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру» болғандықтан әр түрлі шығармашылық іс- әрекетті ұйымдастыру, мысалға: көріністі сурет бойынша, тірек сөздер арқылы, жоспар бойынша мазмұндама, шығарма жазу, мәтінді өңдеу, ертегі құрау, мәтіндегі берілген әңгіме басы, ортасы немесе соңы бойынша әңгіме құрау, мәтінді жалғастыру, т.б. тапсырмалар беремін. Мұндай жұмыстарды да топтардың ерекшелігіне сәйкес ыңғайлаймын. Жұптық әдіс арқылы мықты мен әлсіз оқушы бірге отырып, жұмысты орындайды. Мұнда әлсіз оқушы өзіне деген сенімсіздіктен арылып, мықтысы өзінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекітеді. Мысалы, өлең мазмұнын қарА сөзбен әңгімелеп беруде немесе жазуда оқушы ерекшелігі ескеріледі. Бірінші топ өлең мазмұнын әңгімелеп жазып берсе, екінші топ ондағы тірек сөздер бойынша сөйлем құрайды.

Деңгейлік саралай оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.

Оқушы білімі мен білгендегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді. Сонымен қатар деңгейлік саралай оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады.

Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады.



2.2. Тіл үйретудің тиімді тәсілі

Қоғамның дамуы жас ұрпақтың иеңгерген білімі мен машықтық қалыпқа түскен іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниезүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды, талантты ұрпағы. Ал білімді ұрпақ, болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын – ұстаздар екені аян. Ендеше заман талабына сай оқыту, білім беру, модернизация деңгейіне жеткізу – біздің міндетіміз. Сондықтан балаға білімді қалай игертсем, олардың сабаққа деген қызығуын қалай арттыра түссем деген мәселе қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда сабақтың көптеген типі мен әр түрлі технологиялары белгілі. Бірнеше технологияларды сабағымызға салып, қолданып көрдік. Педагогикалық технологияға әріптестеріміздің тарапынан көзқарастар әр түрлі. Әрине, пәннің ішкі заңдылықтары мен өзіне тән қисынын терең дәрежеде меңгерген ұстаз ғана технологияның сыртқы пішінін дәйектілікпен дұрыс құрастыратыны сөзсіз.

Ұжымдық оқытуда оқу жаппай ұжым деңгейінде жүргізілсе, жеке жұмыстан гөрі оқытудың көпшілікке бағдарлануы басым болады. Әрине, уақыт пен кеңістік мүддесіне сәйкес әр технология өз міндеттерін атқарады. Әрине, сол технологиялардың негізінде жаңа технологиялар туып отырады. Соның бірі – бүгінгі таңда белгілі болып отырған профессор, педагогика ғылымының докторы Қараев Жауынбай Амантұрлыұлының дамытпалы оқыту жайлы педагогикалық технологиясы. Ол оқушылардың ойлау өрісін дербестікте танып, іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеруін талап етеді. Демек, бұл технологияның ұстаздардың күнделікті жұмыста пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар.

Ж. Қараевтың технологиясы «оқушы- мұғалім» деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты қарастырады. Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның дербестік қалпын сақтай отырып білім алудағы белсенділігіне назар аударылады.

Мәселен, 6-сыныпта қазақ тілі сабағынан «Зат есім» тақырыбын алайық. Бұрынғы дәстүрлі сабағымызда зат есім дегеніміз не, оның сұрақтары қандай, оның дара, күрделі түрі бар екеніне, жасалуына, деректі, дерексіз түріне мысал келтіріп, анықтамасын өзіміз айтып түсіндіретін едік. Оқушылар бейжай отырып тыңдайды. Содан соң кітаптағы жаттығуларды орындатумен шектелеміз. Қабілеті мол, шапшаң, талантты балалар оны тез орындайды да әрі қарай бос отырады, ал үлгерімі төмен балалар кейбір жаттығуды жасап, кейбіріне шамасы жетпей отырады. Мұғалім қабылдауды тез, талантты оқушыға әрі қарай іздендіретін, ойландыратын жұмыс беріп талпындыру жағдайын қарастырмайды. Ал профессор Ж. Қараев технологиясында Л. Выготскийдің «Оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы», «өзекті даму аймағынан», «жақын арадағы даму аймағына ауысуы» туралы теориясы басты негізге алынған. Мұнда, ең алдымен, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты тапсырмалар берілді. Олар «сұрақ-жауап»диалогі түрінде беріліп, оқушылардың дербестік қалпы мен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталаған. Бұл оқушыларды жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді өздігінен қорытуға және анықтамаларды қарастыруға жетелейді.

Мен өз тәжірибемнен осы жаңа технология негізінде құралған жаңка сабағымның үлгісін ұсынып отырмын.

Сабақ тақырыбы: Зат есім


  1. Мәтіннен зат есімді тауып, сұрақ қойып теріп жаз.

Жер шарының бірсыпыра жерлерінде сыңсып өлең айтып, ұмтылып күркірейтін, шақырлап дыбыс беретін құмдар кездеседі. Дыбыс беретін құмдар Кольск түбегінде, Рижек теңіз жағалауында, Алматы болысының Іле өзнеі бойында кездеседі. Ғылым бұл құмдардың сырын әлі тапқан жоқ.

  1. Төменде берілген зат есімдерге сұрақ қойып, мағынасына қарай топтастыр.

Текемет, жер, әдебиет, биші, мінез, құмырысқа, қала, денсаулық. Мойылды, Астана, саяхатшы, жылқы, найзағай, түлкі, Кемпірқосақ, Маралды, жаз.

Зат аты

Мекен аты

Мезгіл аты

Құбылыс аты

Мамандық аты

Кітап

Баянауыл

Көктем

Жаңбыр

Дәрігер

Сағат

Ақтөбе

Жаз

Қар

Мұғалім

Ыдыс

Шу

Қыс

Боран

Шофер

Сақина

Алматы

Күз

Жел

Заңгер

Зат есім…………., ……………….., …………., …………..,

атауларын білдіріп, -------------------------------------------------

деген сұрақтарға жауап береді.


  1. Төмендегі зат есімдер бір ғана ұғым атаулары. Осы зат есімдердің құрамына назар аудар. Қанша сөзден түр? Қалай жасалған? Тізбекті толтыр.

Таба нан, қымыз, сүт, қуырдақ, жал-жая, ірімшік, балқаймақ, шибауырсақ.


Бір сөзден

Бірнеше сөзден

Бірігуі арқылы

Қосарлану арқылы

Тіркесу арқылы

4.Сұрақтарға жауап жаз.

  1. Аты-жөнің кім?___________________________________

  2. Отаның:_________________________________________

  3. Туған жерің:_____________________________________

  4. Қай көшеде тұрасың?______________________________

  5. Қандай мектепте оқисың?__________________________

  6. Қандай театрға бардың?___________________________

  7. Қандай қойылым көрдің?__________________________

  8. Сүйікті жазушың кім?_____________________________

  9. Қандай шығармасын оқыдың?______________________

Ендеше адамның аты-жөні, көше, қала, мемлекет, ел, көркем шығарма, кітап, т.б. атаулары күрделі зат есімге жатады.

Дара зат есім бір сөзден, күрделі зат есім екі немесе одан көп сөзден болады.

5. Төменде берілген мақал-мәтелдерден зат есімді тап, зат есімдер қолмен ұстап, көзбен көрінетін деректі ұғым атаулары ма, әлде ой арқылы іске асатын дерексіз ұғымдар ма?


  1. Ашу – дұшпан, ақыл – дос,

Ақылыңа ақыл қос.

  1. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

  1. Өнерлі жігіт өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

Ендеше деректі зат есімдер мен дерексіз зат есімнің анықтамасын жаз.

Есіңе сақта!


Зат есім

Құрамына қарай

Мағынасына қарай

Дара зат есім

Күрделі зат есім

Деректі зат есім

Дерексіз зат есім

Бір ғана сөзден болатын зат есімдер

Бірігуі арқылы

Қосарлануы арқылы

Тіркесуі арқылы

Күрделі сөз

Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын зат тауларыа

Тек қана ойлау арқылы айтылатын зат есімдер

Ана

Көкжиек










Тарақ

Қайрат

Одан кейін жаңа меңгерген тақырыпты бекіту үшін қарапайым мысалдар келтіріледі, әрі қарай деғгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Бұл тапсырмалар оның жаңа тақырып бойынша меңгерген білімдерін өз бетімен жетілдіріп, біліктілігі мен дағдысын дамытуға арналады. Бұл тапсырмалар осы тақырыпты меңгеруге бөлінген уақытқа толық сиятындай шамадағы материалды қамтиды және ең дарынды деген оқушының қабылдау деңгейіне лайықтылап құрастырылады.


Деңгейлік тапсырмалар


1 деңгей

  1. Мәтіннен дара зат есімдерді бір бөлек, күрделі зат есімдерді бір бөлек көшір.

Халқымызда «тұсау кесер» ырымы бар. Тұсауы кесілмеген баланың сүріншек болатындығы, сол сияқты мінез-құлқының кіндік шешесіне тартатындығы өмірлік тәжірибе. Бала аяғын апыл-тапыл баса бастаған кезде тұсауы кесіледі. «Тұсау» ретінде ала жіп, көк жіп немесе тоқ ішектің бірі таңдап алынады. Бұл – бала үлкен өмірге аяғын нық басып енсін деген ниеттен туған.

  1. Күрделі зат есімдерді жасалу жолдарына қарай топтастырып жаз.

Айнамұз, алым-салым, ақақала, кіші жүз, аққұлақ, ауа-райы, арыз қағаз, алакөз.

Біріккен күрделі зат есімдер:


Тіркескен күрделі зат есімдер:
Қысқарған күрделі зат есімдер:
Қосарланып жасалған зат есімдер:


  1. Орфографиялық сөздікті пайдаланып күрделі зат есімге, дара, деректі, дерексіз зат есімге сөйлем құра.




  1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғау қойып жаз.

Алыстан тарктор …. Отттары көрінеді. Халқымыз ……….. ең ізгі қасиеттерінің бірі – қайырымдылық.



  1. Сөйлемнің баяндауышы таау тұлғалы зат есім болсын.

Үлгі: Жақсы істің аяғы – тыныс.

Жаман істің аяғы - …………….

Озған - ………………………….

Қалған - …………………………

Көп сөз - ………………………..

Аз сөз - …………………………


2 деңгей


1.Бастауышгы күрделі болатын екі сөйлем ойлап жаз.

Үлгі: Жанар апай оқушыларға ойын ойнатты.




  1. Мына мақал-мәтелдерге тиісті жеріне сызықша қой.

Жігіттің көркі сақал, сөздің көркі мақал.

Ананың сүті бал, баланың тілі бал.

5.


1













2










3










4










5










6










7










8










Сұрақтары:

  1. Баласаның әйелі ата-анаға кім болады?

  2. Апалы-сіңілінің балалары бір-біріне кім?

  3. Әкесінің шешесі балаға кім?

  4. Баласының баласы ата-анаға кім?

  5. Ерлі-зайыптылардың шешелері бір-біріне кім?

  6. Ағалы-інілілердің әйелдері бір-біріне кім?

  7. Апалы-сіңілілердің жұбайлары бір-біріне кім?

  8. Қыздың баласы әке-шешеге кім болады?

3 деңгей


  1. Бастауышы деректі зат есім, пысықтауышы күрделі зат есім болатын сөйлем ойлап жаз.

Үлгі: Дидар Павлодар алюминий зауытында жұмыс істейді.


  1. Бастауышы дерексіз зат есім, толықтауышы деректі, дара зат есім болатын сөйлем ойлап жаз.

Ақыл ауыздан көрінер, ……………………..

Мейірім көзден көрінер, ……………………

Оқушының жаңа тақырып бойынша игерген білім сапасы, оның жеке басының қабілеті даму мониторингі бойынша анықталады.

Оқытудың бұл технологиясы оқушылардың өздігімен жүретін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт днңгей бойынша құрастырылғанда; оқыту үрдісі – мәселелік және даму ұстанымдары бойынша жүргізілгенде; барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған жағдайларда оқушыларда ынталану пайда болады. Сондықтан да осы технология бойынша жұмыс жасауда оқушылардың тіпті үзіліс кезінде де сабақтан бас алмайтындығын байқаймыз. Олар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Осыған орай,Хазанкиннің есептер шығару, Палтышевтің физиканы есептеп шығару,Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктап оқыту, мәселесік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, т.т.

Ал соңғы жылдары оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор В.М.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік жаңа технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге; оқыту сапасын арттыруға; басқару сапасын жетілдіруге; оқушылардың дамуына бақылау жасауға; соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат.

Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты, әрі мынадай ұстанымдардан тұрады:


  1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.

  2. Теориялық білімнің жетекші рөлі.

  3. Оқу материалын жеделдете оқыту.

  4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.

  5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Л.В.Занковтың оқыту жүйнсінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестіргінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғналдықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендіріліуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орынгдау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.


  1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы-мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

  2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлнрі: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

  3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек ақ.

Жаңа технологиялық тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің «оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей – «міндетті, оқушылық», екінші – «алгоритмдік», үшінші – «эвристикалық», төртінші – «шығармашылық».

Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттаға оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Әңгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өздері шығарады. Қарпайым жаттығу, мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенмен, оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі «басқаруға ыңғайсыз» делініп, сыналып жүр. Сондағы айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті, көбінесе қате болады» дейді.



ҚОРЫТЫНДЫ

Жаңаша педагогикалық технология – ғылым жетістігі

Біздіңше, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені, оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, ребус, сөзжұмбақ сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатындығы сөзсіз. Бұл жерде «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?» деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар мыналар:



  • барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;

  • сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыт болады.

Бұл қалайша жүзеге асырылады? Енді аз-кем соған соған тоқталып өтейік.

Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дребес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан «оқушылық міндетті», яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамассыз етеді және Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады.

Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы «қосу» әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі деңгейі негіге алынады және ол днңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму деңгейіне қарамастан оқушылардың барлығы бірінші днңге! Тапсырмаларын дұрыс орындауы шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар жоғарыда «есеп-зачетқа» алынып отырады дедік. «Зачеттің» «екіліктен» айырмашылығы: бірінші деңгейдің «есепке алынбаған» тапсырмалары қашан «есепке алынғанша» міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.

Өзін-өзі бағалау «қосу» әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай «екілік» аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген талпыныс пайда болады. Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана тікелей тәуелді.



Қорыта айтқанда, жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Сондықтан да, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты м ақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі сол, олардың мазмұнын қысқа мерзімде ешқандай бейімдеусіз-ақ компьютерге кіргізуге болады. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымына ұқсас.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Айғабылов А. Қазақ тілін оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті. 1982ж.

  2. .Кәсіби даму мектебі . Алматы, 2004ж.

  3. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. 1993ж.

  4. Кәтенбаева Б. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқау. 1991ж

  5. Қасымбеков Ә. Қазақ тілін оқытуды жетілдірудің кейбір тұрлері.1989ж.

  6. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, Ана тілі, 1992ж.

  7. .Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технолгиясы. Алматы, 2002ж.

  8. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1991ж.

  9. Ишмухамедов Ә. Қызықты грамматика. А.,1972ж.

  10. Дауыс пен көрініс. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау туралы ұлттық журнал. № 2. 2001ж.

  11. Дауыс пен көрініс. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау туралы ұлттық журнал. № 5. 2002ж

  12. Дауыс пен көрініс. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау туралы ұлттық журнал. № 1. 2003ж

  13. Дауыс пен көрініс. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау туралы ұлттық журнал. № 3. 2004ж

  14. Қазақ тілі мен әдебиеті №5-8 2002ж.

  15. Қазақ тілі мен әдебиеті №1-3 2003ж.






с. 1

скачать файл

Смотрите также: