Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуы 2000 жылдың соңында


с. 1



Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі:

9 жыл Қазақстанда, қорытындылары мен даму жоспары

Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуы 2000 жылдың соңында «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы» Заңның қабылдануынан бастау алды. Аталған заңды әзірлеу негізіне бірнеше онжылдықтар көлемінде табысты қызмет етіп келе жатқан Германияның құрылыс жинақ кассаларының моделі алынған.

Елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытудың келесі кезеңі жарғылық капиталына Мемлекеттің 100% қатысу талаптарымен 2003 жылғы 10 шілдеде Қазақстандағы бірінші және әзірше жалғыз тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің –  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ құрылуы болды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Банк акцияларының мемлекеттік пакетін қызметінің негізгі мақсаттары ел экономикасын тұрақты дамыту, экономиканы жетілдіру мен әртараптандыруды  қамтамасыз етуге жәрдемдесу, сондай-ақ қор құрылымына кіретін компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылатын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл – ауқат қоры» АҚ төлеміне беру туралы шешім қабылдауы 2009 жылғы маңызды оқиғалардың бірі.

Бекітілген заңнамалық тәртіп бойынша 2011 жылғы 23 қазандағы № 1224 ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 ҚР Президентінің Жарлығын орындау мақсатында тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және құрылыс ісі бойынша ҚР Агенттігіне «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акция пакетін қолдануға және басқару құқығы берілді. 2011 жылғы 23 қарашадан бастап Банктің жалғыз акционері тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және құрылыс ісі бойынша ҚР Агенттігі болып табылды.

Банктің негізгі міндеті елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту және Қазақстанның барлық өңірлерінде жұртшылықтың неғұрлым ауқымды бөлігінің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне тең дәрежеде қол жетімділігін қамтамасыз ету және жеке қаражаттары мен Банктің тұрғын үй заемдарының есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін сапалы банктік қызмет көрсету болып табылады.



Тұрғын үй құрылыс жинағының жүйесі – тұрғын үй құрылыс жинағына салымшыларды тартуға және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін оларға тұрғын үй заемдарын беруге негізделген тұйық қаржыландыру жүйесі. Салымшы өзінің ниеті мен мүмкіндіктері бойынша төрт негізгі тарифтік бағдарламаларға сәйкес оңтайлы жинақтау мерзімін таңдай алады: «Бастау», «Өркен», «Кемел» және «Болашақ». Тарифтік бағдарламалар – бұл тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау бойынша және клиенттерге тұрғын үй заемын беру бойынша нақты талаптар. Тұрғын үй құрылысы жинағының қатысушысы болу үшін қажетті тарифтік бағдарламаны таңдап, тұрғын үй құрылыс жинағы туралы шарт бекіту қажет.

Тарифтік бағдарламалар туралы толық ақпарат кестеде көрсетілген:





ТАРИФТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Тарифтік бағдарламалардың

атаулары

Сипаттамалары

«Бастау»


«Өркен»


«Кемел»


«Болашақ»


Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасын жинаудың болжанған мерзімі (ұсынылған айлық жарнаның сақталу кезінде)

3 - 3,5 жыл


5,5 жыл

8,5 жыл

15 жыл


Салым бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасындағы сыйақы мөлшері

Жылдық 2%

Жылдық 2%

Жылдық 2%

Жылдық 2%

Салымшының тұрғын үй займын алудан бас тартқан жағдайында қосылатын қосымша сыйақы

Жылдық 0,7% - 1,0%


Мемлекеттік сыйақы

салымның 20 %

(ең жоғары сыйақы төленетін сома 200 АЕҚ дейін)

Тұрғын үй заемын алу үшін бағалық көрсеткіштің ең төменгі мәні

16

28

42

74

Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшері

Жылдық 5%


Жылдық 4,5%


Жылдық 4%


Жылдық 3,5%


Тұрғын үй заемын беру мерзімі

6 жылға

дейін

10 жылға дейін

15 жылға дейін

25 жылға дейін

Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасын жинақтау бойынша ұсынылған айлық жарна

шарттық соманың 1,25%


шарттық соманың 0,75%


шарттық соманың 0,50%



шарттық соманың 0,25%


Тұрғын үй құрылыс жинақ займын өтеу бойынша ұсынылған айлық салым мөлшері

шарттық соманың 0,80%


шарттық соманың 0,50%


шарттық соманың 0,35%


шарттық соманың 0,25%


Тұрғын үй заемын алу үшін жинақталатын ақшаның ең төменгі қажетті мөлшері

шарттық соманың

50%

шарттық соманың

50%

шарттық соманың

50%

шарттық соманың

50%


Кестеден көрініп тұрғандай, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» тарифтік бағдарламалары жинақтау үшін және несиелендіру үшін мінсіз келіседі. Мысалы, 3-3,5 жыл көлемінде ақша жинақтай отырып, 5% (тиімді ставка – 5,3%) мөлшерлемемен 6 жыл мерзімге дейін тұрғын үй заемын алуға болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасын жинақтау бойынша ұсынылған айлық жарна 1,25%, ал жинақ займын өтеу бойынша ұсынылған айлық салым мөлшері – 0,8%.

Бүгінгі таңда мемлекет бойынша тұрғын үй құрылыс жүйесіне қызығушылық танытып отырған адамдар қатары өсуде. Жүйе алғаш қолданысқа енгелі 290 мың шарт бекітілді.

Тұрғындардың сенімімен бірге Үкімет пен акционерлердің сенімі де артып отыр. Мәселен 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауында «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық көтерілістер – қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» облыстағы тұрғын үйді дамыту саясатын жүзеге асыруда, осы бағытты дамыту үшін жоғарғы потенциалы бар тұрғын үй құрылыс жүйесіне ерекше көңіл бөлген.

Банк талаптары тікелей тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы заем беру механизмін көздейтін Қазақстан Республикасындағы әр түрлі тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй заемын беру бойынша негізгі оператор болып табылады.

Өткен 2011 жылы 2011-2014 жылдарға арналған жаңа тұрғын үй құрылысының бағдарламасы басталған. Банк жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталмыш бағдарламаны жүзеге асырады. Тұрғын үй құрылыс Бағдарламасы екі бағыт бойынша жұмыс істеуде. Бұл - тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушылары үшін қарастырылған. Екінші бағыттағы бағдарлама, жеке құрылыс жасайтындарды қаржымен қамтамасыз ету мақсатында, екінші деңгейлі банктердің қорын құруды көздейді.

Мемлекет басшысы 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының негізгі векторы» Қазақстан халқына кезекті Жолдауында тұрғындарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз етуге ерекше ден қойды. Елбасы «Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасын даярлау қажеттілігі мен тұрғын үйлерді жалға беру нарығын одан әрі дамыту туралы өз ойын айтты.

Жұртшылықтың экономикалық жағынан белсенді бөлігіне шаққандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың үлесін 6% дейін (600 мыңға жуық тұрғын үй құрылыс жинақ шарты) көтеру және 2015 жылдың соңына қарай меншікті капитал тиімділігінің көрсеткішін 10% дейін көтеру жолымен Банктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру Банктің Негізгі стратегиялық мақсаты болып табылады.

Банк өзінің негізгі стратегияларының бірінің сапасын анықтап алды. 2007 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екінші деңгейлі қазақстандық банктердің арасында бірінші болып Банктің сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растаған IQ-Net халықаралық сертификациялау органының сертификатын алды. Осылайша, бүгінгі таңда Банктің қаржы нарығындағы ең маңызды артықшылықтарының бірі оның сенімділігі мен Банкке Moody’s халықаралық рейтингілік агенттігі берген жоғары рейтингілер: депозиттер бойынша ұлттық валютадағы Ва1 ұзақ мерзімді рейтингі, депозиттер бойынша ұлттық валютадағы Not Prime қысқа мерзімді рейтингі, Банктің қаржылық тұрақтылығының Е+ рейтингі болып табылады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстық орталарында және Алматы, Астана, Семей қалаларында жұмыс істейді


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Өскемен қаласы, Михаэлис к., 2
тел.: +7 (7232) 753970,
+7 (7232) 751659.


Банктің сайты: www.hcsbk.kz
с. 1

скачать файл

Смотрите также: