Қазақстан Республикасының Заңы


с. 1
Қазақстан Республикасының

 Заңы

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

22. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат):

1) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы»;

2) 16-бапта:



1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Депозиторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында банк активтері мен міндеттемелерін жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдында ішінара не толық көлемде басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру операциясын жүргізуге жол берiледi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.

2. Консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы), банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген операцияны жүргiзу процесiнде, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қарыз беруге не кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша мiндеттемелердi қабылдайтын қатысушы банкте (банктерде) депозиттер орналастыруға құқылы, оларды беру не орналастыру ерекшелiктерi мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.»;

3-тармақтағы «мәжбүрлеп таратылатын» деген сөздер алып тасталсын;

22-тармақтың 3) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

3) 18-баптағы «бiр» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;

22-тармақтың 4) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

4) 19-баптың 2-тармағындағы «бiр» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап.

1. Осы Заң:

осы Заңның 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 22-тармағы 3), 4) тармақшаларын, 25-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын, 2) тармақшасын;



қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 28-і.

524-ІV

 
с. 1

скачать файл

Смотрите также: