Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы


с. 1


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының 2011 жылғы 22 желтоқсан мен 2012 жылғы 4 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасындағы 2012 жылғы кезектен тыс парламенттік сайлауды байқау жөніндегі №2 Аралық есебіне Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

2012 жылғы 10 қаңтардағы

ТҮСІНІКТЕМЕСІ


Астана, 2012
2012 жылғы 10 қаңтар


  1. «Сайлау комиссиялары» деген II бөлімде Миссияның айтуы бойынша, «Орталық сайлау комиссиясы кей жағдайларда тиісті отырыс пен ОСК мүшелерінің дауыс беруі өткізілетін уақытқа дейін шешімдер қабылдаған. Бұл заңмен талап етілетін отырыстың жариялылығы мен шешім қабылдау процесінің алқалылығын, ашықтығы мен айқындылығын төмендете отырып, рәсімдік формальдылық деңгейіне дейін түсірді». Бұдан әрі Миссия ескертпесінде: «ОСК-ның шешімдері бойынша баспасөз-релиздері 28-ші және 30-шы желтоқсандағы отырыстардың өтуінен бұрын халыққа жарияланған» - делінген.


ОСК ұстанымы: Миссияның осы тұжырымын негізсіз деп есептейміз. Заң талап ететіндей, Орталық сайлау комиссиясының шешімдері алқалы түрде, мүдделі тараптардың қатысуымен, тек отырыстарда қабылданады.

Баспасөз-релизінің 28 желтоқсанда отырыс өткенге дейін халыққа жарияланбағандығын атап өткен жөн, ол (баспасөз-релизі) 2011 жылғы 28 желтоқсанда «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеудің күшін жою туралы» мәселе қаралған отырыс аяқталғаннан кейін ғана жарияланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу мәселелері қаралған, 2011 жылғы 30 желтоқсанда өткен отырыстың күн тәртібі бойынша баспасөз-релизі отырыс барысында дайындалып, таратылды. Өйткені Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар қажетті тексеруден өтті және Орталық сайлау комиссиясы қаулысының жобасы дайындалды.

Баспасөз-релизін алдын ала тарату – бұл техникалық қателік, ал отырысқа дейін шешім қабылдау – бұл өрескел заң бұзушылық, бірақ Орталық сайлау комиссиясы мұндай заң бұзушылыққа жол берген жоқ.



Ескертулер қабылданбайды.
2. «Сайлау комиссиялары» деген II бөлімде Миссияның айтуы бойынша, «ОСК нұсқауламаны жүргізу бойынша ресми нұсқаулықтарды шығармағандықтан, төмен тұрған комиссиялар нұсқауламаны жүргізудің форматын, мазмұны мен күндерін анықтау үшін жауапты».

ОСК ұстанымы: Сайлау туралы Конституциялық заң нұсқауламаны төмен тұрған комиссиялардың жүргізуі жөніндегі нұсқаулықтарды Орталық сайлау комиссиясының бекітуін талап етпейді. Біз қажетті тәжірибелік және әдістемелік материалдарды дайындап, төмен тұрған комиссияларға жібердік. Төмен тұрған комиссиялардың нұсқаулама жүргізуі жөніндегі нұсқаулықтарды қабылдау қажеттігі жоқ. Ескерту заң мен халықаралық стандарттарға негізделмеген.

Ескерту қабылданбайды.


  1. «Сайлау комиссиялары» деген II бөлімде 2-беттегі 6-ескертпеде: «ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СХБ қадағалайтын процестердің ішінде байқағаны: комиссия мүшелері не өздігінен өздерінің орнын басатын тұлғаларды тағайындайды, не оларды жоғары тұрған сайлау комиссиялары немесе жергілікті кеңестер тағайындайды» - делінген.

ОСК ұстанымы: Бұл ескерту заң нормаларына сәйкес келмейді. Сайлау туралы заңның 19-бабы 8-тармағында, жоғары тұрған сайлау комиссиясы комиссия мүшелігінен шығып қалған комиссия мүшесінің орнына, заңда көрсетілген тәртіппен сайлау комиссиясының жаңа мүшесі сайланғанға дейін уақытша төменгі сайлау комиссиясы мүшесін тағайындайды деп көрсетілген.

Ал комиссия мүшелерінің, қандай да бір жағдай болмасын, өздерінің орнын басатын тұлғаларды өздігінен тағайындауға құқықтары жоқ. Сонымен қатар жергілікті кеңестер де сайлау комиссияларының мүшелерін тағайындамайды.



Ескерту қабылданбайды.


  1. «Сайлау комиссиялары» деген II бөлімінде орыс тіліндегі мәтіннің 4-бетіндегі 11-ескертпеде: «...ОСК 561 арнаулы сайлау учаскелерін құрды» - делінген.

ОСК ұстанымы: Бұл ақпарат заңға сәйкес келмейді. Сайлау учаскелерін, соның ішінде Миссия арнаулы учаскелер қатарына жатқызған комиссияларды да Орталық сайлау комиссиясы құрмайды. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабына сәйкес, оларды жергілікті атқарушы орган құрады.

Ескерту шындыққа жанаспайды және қабылдана алмайды.


  1. «Үгіт науқаны барысындағы саяси жағдай» деген III бөлімінде былай деп айтылған: «ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СХБ қандай да бір басқа саяси партияларға қатысты жүргізілетін партиялық тізімді ұсыну тәртібі бөлігінде құқықтық нормаларға сәйкестігін тексеру туралы ақпараттарға ие емес».

ОСК ұстанымы: Орталық сайлау комиссиясына басқа партиялардың партиялық тізімді ұсыну тәртібін бұзуына қатысты шағымдар түскен жоқ. «Руханият» партиясына қатысты айтар болсақ, тексеруді прокуратура А.Қ. Жағанованың жүгінуіне байланысты жүргізген болатын. Прокуратура органдарының өз бастамасымен партиялық тізімнің ұсынылу заңдылығын тексеруді жүргізуге құқығы жоқ екенін ескерген жөн. Оған Конституциямен және заңмен тыйым салынған (5-бап, 2-тарм.). Осындай іс-әрекеттер қоғамдық бірлестіктердің ісіне мемлекеттің араласуы деп бағаланады. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының қадағалаушы орган болып табылмайтынын және партиялық тізімдерді ұсыну тәртібін тексеруді жүргізуге құқылы еместігін атап өткен жөн. Сондықтан, Миссия тарапынан Орталық сайлау комиссиясының атына жасалған ескерту негізсіз болып табылады.

Ескерту қабылданбайды.
6. «Үгіт науқаны барысындағы саяси жағдай» деген III бөлімде: «Тіркеудің күшін жою тиісті құқықтық рәсімдердің толық сақталуына қатысты алаңдаушылық туғызатын жағдайда жүргізілді». Сонымен қатар 19-шы ескертпеде: «Руханият» партиясы жіберді деп болжанған заң бұзушылықтар туралы қорытындыны Бас прокуратура Орталық сайлау комиссиясына 2011 жылғы 27 желтоқсанда ұсынды. Келесі күні ашық отырыс барысында қысқаша тыңдалым өткізгеннен кейін, ОСК партиялық тізімді тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдады. «Руханият» партиясына өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі берілмеді»- делінген.

ОСК ұстанымы: Заң талабы бойынша, Орталық сайлау комиссиясының барлық шешімдері алқалы түрде, мүдделі тараптардың қатысуымен, тек отырыстарда қабылданады. 28 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясының отырысында «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеудің күшін жою туралы» мәселе қаралды. Ол бойынша шешімдер заң талаптарына сәйкес қабылданды.

Бас прокуратура тексеру шараларын жүргізді, партияның партиялық тізімді ұсыну тәртібін бұзғандығын дәлелдейтін материалдар ұсынылды. Есеп берудің орысша мәтінінің 5-ші бетіндегі 17-ші ескертпеде: «Руханият» партиясының көшбасшысы....кейбір техникалық кемшіліктерді мойындады» деп көрсетілгендей, «Руханият» партиясының экс-төрағасы С.Е. Мамбеталин оны мойындады. Алайда осы аталған кемшіліктерді, прокуратураның ойынша, елеулі заң бұзушылық ретінде бағалау керек.

Орталық сайлау комиссиясы хатшысының баяндамасы, «Руханият» партиясы, Бас прокуратура өкілдерінің ақпараты тыңдалды. Баспасөз-релизі тек отырыс аяқталғаннан кейін жарияланды. Отырысқа ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының

байқаушылары Армен Мазманян мен Айжан Беккулиева, сонымен қатар олардың ассистенттері Дана Ескендірова мен Әсел Шонаева қатысты. Сонымен қатар біз аудиожазба жүргіздік.



Ескертпе қабылданбайды.


  1. «БАҚ» деген IV бөлімде: «Сайлау туралы заң БАҚ-тарда саяси партиялардың үгіт науқанының әділ жариялануын көздейді. ОСК аталған жағдайды мемлекеттік және коммерциялық, электрондық және баспа БАҚ-тарына сайлауға қатысушыларды, барлық форматта бірдей жария етуін міндеттейтін ереже деп түсіндірді. Дегенмен, осы талаптың орындалуына байланысты не ОСК-ның түсіндірмесі, не журналистерге арналған тәжірибелік басшылық жұртшылық үшін қол жетімді болмады» - делінген.

ОСК ұстанымы: Сайлау науқанын жүргізу, партиялық тізімдерді ұсыну, партиялардың үгіт жұмыстарын жүргізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі барлық талаптар Сайлау туралы Конституциялық заңда (27, 28, 29 және 31-баптары), «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/178 қаулысымен бекітілген Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы мен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің ережесінде айқындалған.

Сайлауды және үгіт науқанын БАҚ-тарда жариялау жөнінде басқа басшылықтарды біз қабылдап, бекіткен жоқпыз.

БАҚ өкілдері қатысқан, сайлауды ұйымдастырушылар мен сайлау процесіне қатысушыларға арналған үйретуші семинарлар мен тренингтерді өткізу барысында электораттық кезең бойы және, атап айтқанда, үгіт науқаны уақытында бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі мәселелері жарияланды.

Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің талқылаулары барысында, БАҚ өкілдеріне осы тақырыпқа қатысты сайлау заңнамасы нормаларының түсіндірмелері берілді.



Ескерту қабылданбайды.
8. «БАҚ» деген IV бөлімде: «28 желтоқсанда Сенат БАҚ өкілдерімен және азаматтық қоғаммен, сонымен қатар Мәжілісте де талқыламастан, «Телерадиохабар тарату туралы» жаңа заң қабылдады» - делінген.

ОСК ұстанымы: Миссияның өз есебінде «Телерадиохабар тарату туралы» заң жөнінде ақпаратты қандай мақсатпен келтіріп отырғаны түсініксіз. Осы Заңға ел Президенті әлі қол қойған жоқ, ол заң жобасы мәртебесінде жатыр және рәсімдік нормаларға сәйкес оған 2012 жылғы 15 қаңтардан кейін қол қойылады. Соған байланысты аталмыш заң жобасының ағымдағы парламенттік сайлау науқанына ешқандай қатысы жоқ.

Ескерту қабылданбайды.


  1. «Шағымдар мен арыздар» деген V бөлімде: «ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СХБ байқаушылары сайлауға қатысушылардың құқықтық ережелерді бірыңғай түсінбейтінін, оларды сайлау дауларын қарау бөлімінде қолдана білмейтінін атап көрсетті. Осы факт сайлау процесінің көпшілік мәселелері бойынша рәсімдердің жоқтығын қоса алғанда, жеткіліксіз реттелуінен, заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарға байланысты туған» - делінген.

ОСК ұстанымы: Орталық сайлау комиссиясы Миссияның осы тұжырымымен келіспейді. Миссия аталған ескертулерді растайтын фактілерді келтірмеген.

Ескерту барынша егжей-тегжейлі бірлесе талқылауды қажет етеді.
10. «Шағымдар мен арыздар» деген V бөлімде: «Саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері тарапынан шағымдарға Орталық сайлау комиссиясы мен прокуратура органдарының берген көптеген жауаптары құқықтық ережелерден алынған, бірақ құқықтық негіздер қамтылмаған» - делінген.

ОСК ұстанымы: ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы ескертуінің мәні түсініксіз. Миссия ОСК мен прокуратура органдарының жауаптары құқықтық ережелерден алынғандығын мойындап отыр. Осы құқықтық ережелер Қазақтан Республикасы заңнамасының нормалары болып табылады және, тиісінше, олар хаттарда құқықтық негіздеме ретінде келтірілген болатын.

Ескерту қабылданбайды.
11. «Шағымдар мен арыздар» деген V бөлімде: «Барлық өзге шағымдарды ОСК заңгерлері мүдделі тараптардың қатысуынсыз қарады, ал оларға жауаптар хаттарда көрсетілді... Аталған тәжірибе Сайлау туралы заңда көрсетілген алқалылық қағидатының сақталуына және тиісті құқықтық рәсімдердің орындалуына кедергі келтіріп отыр» - делінген.

ОСК ұстанымы: Миссияның құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшыларымен өткен бірнеше мәрте кездесулерде, біз комиссияға келіп түскен арыздар мен шағымдардың қаралу процесін жан-жақты толық сипаттап бердік. Осыған орай шағымдарды ОСК заңгерлері қарады деген ақпарат ұсынылған жоқ.

Орталық сайлау комиссиясының Комиссияға оның қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесетін аппараты бар. Аппарат қызметкерлері өздігінен арыздарды қарауды жүзеге асырмайды.



Ескерту қабылданбайды.
12. Есептің орысша мәтінінің 3-бетіндегі 7-ескертуде: «2011 жылғы 5 наурызда бастапқыда берілген және кейіннен 30 желтоқсанда ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СХБ үшін жазбаша түрде қайталанып бекітілген Орталық сайлау комиссиясының түсіндірмесі» - делінген.

ОСК ұстанымы: Бұл жерде Миссияға берілген қандай түсіндірменің бекітілгені туралы айтылып тұрғаны түсініксіз. Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы үшін саяси партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерінің қызметі мәселесі бойынша жекелеген құжат шығарған жоқ.

Ескерту қабылданбайды.
Ескерту: №2 ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Аралық есебінде келтірілген басқа да сыни ескертулерге жауаптар Қазақстан Республикасының тиісті министрлері мен ведомстволарынан жауаптардың келіп түсуіне байланысты ұсынылатын болады.

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы


с. 1

скачать файл

Смотрите также: