Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі


с. 1
Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Соты Төрағасының

2005 жылғы 12 қыркүйектегі

N 166 өкімімен бекітілген

Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардың ведомстволық кітапханалары жөніндегі Үлгі қағида
1. Жалпы ережелер
1. Қағида соттар кітапханаларының жалпы мақсатын, міндеттерін, құқықтарын, борышын, жауапкершілігін, жұмыс істеу тәртібін реттейді.

Осы Қағиданың талаптары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (бұдан әрі - Жоғарғы Сот), жергілікті соттардың (Қазақстан Республикасының облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттары) (бұдан әрі - жергілікті соттар) кітапханаларына қолданылады.

2. Жоғарғы Соттың кітапханасы Жоғарғы Сот Аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, жергілікті соттардың кітапханалары жергілікті соттар кеңселерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылады және сот төрелігінің сапасын жақсартуға, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге қызмет етеді, сондай-ақ, білім беру, рухани және зияткерлік кемелдену орталығы болып табылады.

Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

3. Әрбір соттың жағдайына және оның ерекшеліктеріне қарай осы Үлгі қағиданың негізінде жергілікті соттың кітапханасы туралы қағида әзірленеді, оны сот төрағасы бекітеді.

4. Жергілікті соттардың кітапханаларын ұйымдық-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның әкімшілеріне жүктеледі.

Кітапханалардағы нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеудің тәртібі Соттарда және Сот әкімшілігі жөніндегі комитет пен оның әкімшілерінде нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеу жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

Жоғарғы Соттың кітапханасы жергілікті соттардың кітапханалары үшін республикалық әдістемелік орталық болып табылады, ал аудандық және оған теңестірілген соттардың кітапханалары үшін облыстық және оған теңестірілген соттардың кітапханалары әдістемелік орталық болып есептеледі.


2. Негізгі терминдер мен анықтамалар

Осы Қағиданың мақсаты үшін төменде көрсетілген терминдердің мынадай мәні бар:



құжат (әдебиет) - мәтін, жазылған дыбыс немесе кескін түрінде ақпарат түсірілген, жұртшылықтың белгілі бір уақытта пайдалануына және сақтауға арналған материалдық нысан;

электрондық кітапхана - электрондық құжаттар мен басылымдарды жинақтауға, сақтауға және пайдалануға арналған ақпараттық жүйе;

электронды құжат - пайдалану үшін есептейтін техникалық құрал қолданылып, машина арқылы оқылатын құжат;

электрондық басылым - редакциялық-баспалық өңдеуден өткен, сол қалпында таратуға арналған, шығарылуы жөніндегі мәліметтері көрсетілген электрондық құжат (электрондық құжаттар топтамасы). Басылу түріне қарай электрондық басылымдар басылымның электрондық нұсқасы және өз алдына бөлек электрондық басылымдар болып бөлінеді;

машина арқылы оқылатын нұсқа - бірден жазып алуға болатын және мәліметтерді техникалық құралдар арқылы есептеуге болатын нұсқа;

электрондық кітапхананы пайдаланушы - электрондық кітапхананың қызметін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

оқулық түріндегі электрондық басылым немесе құжат - ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы жүйелі мәліметтері бар, зерделеуге және сабақ беруге лайықталған, әр түрлі жастағы оқушылар мен оқыту дәрежесіне қарай әзірленген электрондық басылым немесе құжат;

қорландыру - әдебиеттерді жинақтау, есепке алу, орналастыру, сақтау және оларды кітапхананың негізгі қорынан және оқулықтар қорынан беру;

негізгі қор - біртұтас қордың отандық және шетелдік оқулық және ғылыми әдебиет басылымдарының, аудиокөрнекі және электрондық құжаттардың әлдеқайда толық жинағын қамтитын бір бөлігі;

сирек кездесетін кітаптар қоры - біртұтас қордың тарихи, ғылыми, көркем-эстетикалық және полиграфиялық қасиеттерімен ерекшеленетін сирек кездесетін немесе айырықша бағалы құжаттарды қамтитын бір бөлігі;

қосалқы қор - біртұтас қордың оқырмандар ең көп пайдаланатын бір бөлігі;

оқулық қор - құқықтың барлық салалары бойынша, сондай-ақ, білімнің басқа да салаларының басылымдарын қамтитын және судьялар мен сот аппараты қызметкерлерінің сұрауы бойынша қалыптастырылатын мамандандырылған қосалқы қор;

депозитарлық қор - біртұтас қордың ұлттық баспасөздің барлық оқу қорының міндетті даналары жеке сақталатын бір бөлігі;

репозитарлық қор (алмастырылатын-резервтік қор) - біртұтастас қордың сирек сұралатын оқу әдебиеттерін сақтауды және оны кітап алмасу тәртібімен ТМД-ның жекелеген қалаларының кітапханаларына жіберуді қамтитын бөлігі;

сақтандыру қоры - негізгі қордың оқырмандардың үлкен сұранысына ие болған және стихиялық немесе басқа да бақытсыздық оқиғалары болған жағдайларда толықтырылып отыратын бөлігі;

тапсырмаларды өз бетімен орындауға арналған әдебиет - бақылау, курс тапсырмаларын, диплом жұмыстары мен диссертациялық зерттеулер және рефераттарды орындауға арналған әдебиеттер;

әр адамның ой-өрісін дамытуға арналған әдебиеттер - мәдени және рухани сұраныстарды дамытуға арналған ғылыми-танымал басылымдар мен көркем әдебиет.

Кітаптар, ғылыми басылымдар, құжаттардың басқа түрлері, газеттер алдын ала тапсырыстар беру негізінде сұраныстарды қанағаттандыру үшін сатылып алынады. Мұндай тапсырыстар библиографиялық ақпарат көздерін (баспалардың тақырыптық жоспарларын, кітап сататын ұйымдардың аннотациялық тізімдері мен хабарламалық парақшаларын) алдын ала қарау арқылы жасалады;



сараптамалық ұсыныстардың ақпараттық банкі (АБ) - бұлар экономиканың жекелеген салаларын, нақтылы ұйымдар мен аумақтарды қамтитын заң жобаларын, басқа да құқық қолдану, нормативтік-техникалық, түсіндіру және ұйымдық сипаттағы құжаттарды және дербес сипаты бар актілерді қамтиды. АБ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы құжаттарынан және мемлекеттік басқару органдарының, министрліктер мен ведомстволардың ішкі ведомстволық құжаттарынан тұрады;

КСРО құжаттарының ақпараттық банкі - кеңестік билік кезеңінде (1917 жылдың қазаны - 1991 жылдың шілдесі) шығарылған құқықтық актілерден тұрады: КСРО мен ҚР-дің Конституциялары мен заңнамалық актілері, одақтық және қазақстандық Министрлер кабинетінің, КПСС Орталық Комитетінің, ВЛКСМ Орталық Комитетінің, ВЦСПС-тің құжаттары, одақтық және ресейлік деңгейде шығарылған ведомстволық актілер. АБ-ға қазіргі уақытта іс жүзінде қайтадан шығарылмайтын әрі қол жете бермейтін құжаттар топтастырылған;

сот практикасының ақпараттық банкі - сот билігінің жоғарғы органдарының құжаттарын, Қазақстан Республикасы сот жүйесінің қызметін бейнелейтін құжаттар, іс жүргізу құжаттарының үлгілері, сондай-ақ, азаматтық, қылмыстық, экономикалық және әкімшілік істер бойынша сот практикасы туралы ауқымды ақпарат беретін құжаттардың жиынтығы;

заңнамаларға түсіндірмелердің ақпараттық банкі - заңдар мен кодекстерге баптар бойынша түсіндірмелерді, құқықтық нормаларға жасалған жан-жақты талдауды, жетекші заңгерлердің құқықтың озық проблемалары туралы талдамалық мақалалары мен монографияларды қамтиды. Әрбір материалда автор атап өткен барлық құқықтық актілерге сілтеме жасалады. Осы сілтемелер бойынша түсіндірме беріліп отырған нормативтік құжаттың тиісті бөліміне көшуге болады;

іскерлік мақсатта қолданылатын қағаздардың ақпараттық банкі - әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы және қызмет бағытындағы кәсіпорындар іс жүзінде пайдаланатын құжаттардың үлгілерін қамтиды. АБ-да үлгі шарттар, келісім-шарттар, құрылтайшылық, ұйымдық, ішкі құжаттар, кәсіпорындардың, сақтандыру және банк мекемелерінің есеп беру нысандары ұсынылады. Құжаттардың бір бөлігін Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары бекіткен;

халықаралық құқық ақпараттық банкі - Қазақстан Республикасының көп тарапты және екі жақты халықаралық шарттарын, халықаралық ұйымдардың құжаттарын бекіту туралы құжаттарды қамтиды. Құжаттардың күшіне енгені, олардың қолданылуы тоқтатылғаны, шарттардың бекітілгені және бұзылғаны туралы ақпаратты жедел табуға болады.

3. Негізгі міндеттер
1. Қазақстандық және шет ел кітаптарының, сериялық шығарылымдардың, мерзімді басылымдардың, электронды мәліметтер базасы мен интернеттің негізінде соттар қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып қорларды жедел және сапалы жинақтау, судьялар мен соттардың қызметкерлеріне кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету.

Судьялар мен соттардың қызметкерлерінің біліктілігін және өз тарапынан білімін арттыруға жәрдемдесу.

Аумақтың өзге де кітапханаларымен, оның ішінде өзге де соттардың кітапханаларымен кітап алмасу негізінде өзара іс-әрекет жасау.

2. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін кітапхана мынадай функцияларды атқарады: нормативтік-құқықтық актілерді, оқу, анықтамалық, ғылыми-танымал әдебиеттер және мерзімді басылымдарды (бұдан әрі - құжаттар) құрамы бойынша әмбебап қорларға жинақтайды;

қағаз жүзіндегі және электронды ақпарат көздеріндегі қазақстандық және шет- ел құжаттарын өңдеу, сақтау мен кітапхана қорларынан пайдалануды қамтамасыз ету;

сот жұмысының бағдарына сәйкес кітапхана қорлары үшін қазақстандық және шетелдік кітаптар мен мерзімді басылымдардың міндетті даналарын сатып алу;

кітапхана қорларындағы құжаттардың библиографиялық сипаттамасы мен олардың қосалқы бөлімдерінің негізінде библиографиялық ақпарат көзін жасау;

жекелеген және үлгі сұраулар бойынша құжаттар мен олардың көшірмелерін, библиографиялық, талдау және өзге де ақпаратты беру;

өз жұмысында компьютерлік техниканы, ақпаратты жеткізудің локальдық желісі мен коммуникация құралдарына негізделген ақпараттық жүйелерді қолдану;

жеке жұмыс үшін жергілікті (КГЖЭД, статистикалық есептер мен мәліметтер және басқалар), республикалық және шетел («Заң», «Юрист»,«Гарант») мәліметтер банкін, сондай-ақ интернетті пайдалануға қол жеткізу;

түскен кітаптар, мерзімді басылымдар мен компактдискілер туралы ұдайы хабардар ету;

кітапхана қорының құрамын ұтымды қалыптастыру мақсатында оқырман сұранысының жағдайын зерделеу;

кітап қорының сақталуы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, кітаптарды, кітапшаларды жаңғырту, журналдарды түптеуге тапсыру, кітап қорының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;

сот аппараты құрылымдық бөлімшелерінің тапсырыстарын ескере отырып мерзімді басылымдарға жазылуын жүргізу.


4. Кітапхана қорын қалыптастыру
Кітапхана қорларын пайдалану тәртібін, негізгі қызметтің тізбесі және оларды берудің шарттарын кітапханалар олардың пайдалану ережелері мен қағидаларына, сондай-ақ мемлекеттік құпияны қорғау туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының мәдени құндылықтарын қорғау туралы заңнамаға сәйкес белгілейді.

Қорды қалыптастыру сот қызметін жедел және толық қамтамасыз ету мақсатында оны жабдықтау және ұйымдастыру жөніндегі жұмысты қамтиды. Қор отандық және шет ел шығарылымдарының (ғылыми, оқу және анықтамалық әдебиет), электронды құжаттардың әр түрін қамтиды.

Мамандықтар бойынша оқу әдебиеті шығарылған мерзіміне қарамастан, егер оның ғылыми, мәдени және рухани маңызы болса, сондай-ақ оларға деген оқырмандардың сұранысы жоғары болса, мерзімсіз сақталады.

Кітапхана қорлары әдебиеттерді сатып алу, мерзімді басылымдарға жазылу, жазбаша мәтіндерді электронды мәтіндерге қайта өңдеу арқылы жүйелі түрде толықтырылады.

- Жоғарғы Соттың жалпы отырысының нормативтік қаулыларының;

- судьялар съезінің, судьялар конференцияларының, ғылыми-практикалық конференциялар құжаттарының;

- жалпы отырыстар қаулыларының, кеңестер хаттамаларының;

- жұмыс жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының;

- шолулар, қорытулар, талдаулар, көмек көрсетудің, тексеру материалдарының және өзге де ғылыми әрі практикалық маңызы бар материалдардың;

- сот актілерінің топтамасы жасалатын сот актілері көшірмелерінің;

- есеп беру кезеңдеріндегі статистикалық мәліметтер жинақтары міндетті мәтіндерінің қағаз жүзіндегі нұсқасы және электронды нұсқасы Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардың кітапханаларына ұдайы сақтау үшін беріледі.
5. Кітапхана қорының түсуін есепке алу

Кітапханалар арнайы компьютерлік кітапханалық «ИРБИС» бағдарламаларымен жабдықталады және кітапханаларда кітапхана қорларының электронды каталогы жасалады.

Құжаттардың қорға түскенін есепке алу оларды ұдайы, ұзақ және қысқа мерзімге сақталатын құжаттарға бөлу арқылы жүргізіледі.

Кітапхана қорына қосылатын құжаттарға белгі соғылады, осы орайда мөртабандар пайдаланылуы мүмкін.

Автоматтандырылған технология болғанда құжаттарды жалпы және жеке-жеке есепке алуға қажетті ақпараттың барлығын қамтитын электронды каталогтар жасақталады.

Есепке алу жазбаларын жеке инвентарлық кітаптарда, компьютерден басылып шығарылған жекелеген парақтарда, сондай-ақ есепке алу құжаттамасын ұзақ уақыт сақтауды және тексеруді қамтамасыз ететін дискетаға, дискке және машина оқи алатын өзге де файлдарда сақтауға жол беріледі.

Аудиовизуальды құжаттар (АВҚ), машина арқылы оқылатын нұсқалардағы (сd-rоm) электронды басылымдар «Қосынды есепке алу кітабының» бірінші бөлігінде көрсетіледі. Олардың қордан шыққаны туралы мәліметтер осы кітаптың екінші бөлігінде көрсетіледі.

Қорға түсетін немесе шығатын құжаттарды қосынды есепке алу нысаны ретінде «Кітапхана қорын қосынды есепке алу кітабы (журналы)» пайдаланылады, ол әдеттегі немесе машина арқылы оқылатын нысанда жүргізіледі. Қордың қозғалысы туралы мәліметтер «Кітапхана қорын қосынды есепке алу кітабының» үш бөлігінде тіркеледі.

1-бөлік - «Қорға түсуі»

2-бөлік - «Қордан шығуы»

3-бөлік - «Қор қозғалысының нәтижесі»

Кітапхана қорына түскен құжаттар туралы мәліметтер «Қосынды есепке алу кітабының» бірінші бөлігіндегі: күні мен жазбаның нөмірі, түсім көзі, ілеспе хаттың нөмірі мен күні, түскен құжаттардың саны (барлығы, оның ішінде түрлері бойынша, мазмұны бойынша, тілі бойынша), түскен құжаттардың құны деген бағаналарға тіркеледі.

Кітапхана қорынан шыққан құжаттар туралы мәліметтер «Қосынды есепке алу кітабының» екінші бөлігінде есептен шығару себептері көрсетіле отырып белгіленеді. Есептен шығарылған құжаттарды есепке алу мен бақылау үшін «Берілді», «Сатылды», «Қағаз қалдықтарына жіберілді» деген көрсеткіштер енгізіледі.

Құжаттың әрбір данасын есепке алу оның кітапхана қорында болған уақыты бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды жеке есепке алу нысаны «Кітапхана қорын қосынды есепке алу кітабында» жазбаның күні, жазбаның нөмірі, инвентарлық нөмірі, авторы мен атауы, шығарылған жылы, бағасы, шығу актісінің нөмірі, ескертпелер бағаналары міндетті түрде толтырылады.

Кітапхана қорын есепке алу жөніндегі нормалар мен талаптардың сақталуын маман (кітапханашы немесе қор жүргізуші) жүзеге асырады.

Оқулықтардың кітапхана қорын есепке алу оның сақталуына, дұрыс қалыптасуы мен пайдаланылуына ықпалын тигізуге тиіс. Есепке алу құжаттарының негізінде оларды бір қызметкерден екінші қызметкерге берілгені, статистикалық есебі, сондай-ақ қор қозғалысының нәтижелері және оны тексеру жүргізіледі.

Оқулықтарды есепке алу топтық әдіспен «Оқулықтар қорын қосынды есепке алу кітабында» жүргізіледі. Оқулықтардың барлық даналарына нөмір беріліп, оның данасының нөмірі жақшаға алынады, мысалы №151(3).


6. Кітапхана қорын орналастыру мен сақтау
Кітапхана қорын сақтау шарттары оның физико-химиялық, биологиялық әсерден және жыртылудың салдарынан бүлінбеуін қамтамасыз етуге тиіс.

Сирек кездесетін құнды құжаттар, ұдайы және ұзақ мерзім бойы пайдаланылатын басылымдар мен материалдар қолданыстағы МемСТ-ға сәйкес сақталады.

Қордың дұрыс орналастырылғаны осы жұмыс үшін арнайы бөлінген сағаттарда және санитарлық күндері ұдайы тексеріледі.

Қорлар стеллаждарда, кітаптар мен газеттер үшін арнайы шкафтарда тігінен не көлденең қойылып сақталады.

Мерзімді басылымдар, парақтағы материалдар регистрлерде уақытша сақталады, ал жыл аяқталғанда түптеледі.

Кітап қоймаларының үй-жайларында көзге кәдімгі не қолдан жасалған жарық көздері пайдаланылады. Электр жарығының шамдары 40-69 Вт бір шам әрбір стеллаж аралық жолға 2 метр сайын және жалпы жолға әрбір 4-5 метр сайын 75 Вт бір шам есебінен қойылады. Шамдар өрттен қауіпсіз және шаң мен су өтпейтін болуға тиіс.

Қорды сақтаудың тиімді температурасы t - 17-19 0 градус, ауаның жалпы ыл-ғалдығы 55 % болуға тиіс.

Қорды тиесілі режимде сақтау шартының бірі шаңнан және биологиялық зиян келтірушілерден қорғау болып табылады. Осы жұмыс шаңның үй-жайға қайта жиналуына жол бермейтін арнайы қондырғысы бар шаңсорғышпен жүйелі түрде, жылына кем дегенде бір-екі рет жүргізілуге тиіс. Жәндіктер пайда болған кітаптар бөлек алынып, әр беті мұқият тазартылады. Қор түгелдей бүлінген жағдайда дезинфекция жүргізіледі.


7. Негізгі кітапхана қорынан шыққан құжаттарды есепке алу
Құжаттар кітапхана қорының ұзақ немесе уақытша сақтауынан шығарылғанда шығарып тастау туралы акт жасалады және бұл туралы мәліметтердің электронды базасында немесе «Қосынды есепке алу кітабының» екінші бөлігінде белгіленеді. Бір актіде есептен шығарудың бір себебі: жоғалғаны, ескіргені, ақаулары болғаны, мазмұны бойынша ескіргені, қайталанғаны, сала бойынша сәйкес келмейтіні көрсетіледі.

АВҚ, электронды басылымдар кітапхана қорынан шығарылғанда оларды шығарып тастау себептері мен негіздемесі көрсетіліп, акт толтырылады.

Оқырмандардан жоғалған құжаттардың орнына қабылданған құжаттар мәліметтердің электронды базасында немесе «Қызметкерлерден жоғалған құжаттардың орнына қабылданған кітаптар мен өзге де құжаттарды есепке алу журналында» тіркеледі. Қызметкерлерден жоғалған кітаптар мен өзге де құжаттардың орнына ақша қабылданғанда арнайы журналға жазба жасалады.

Қолдануға жарамайтын оқулықтар комиссия актісі бойынша есептен шығарылады. Комиссияның құрамына сот аппаратының басшысы немесе оның орынбасары, кітапханашы, бухгалтерия қызметкері енгізіледі.

Оқулықтарды есептен шығару актімен ресімделеді. Актіде оқулықтың авторы мен атауы, оның шығарылған жылы, бағасы, есептен шығарылатын даналардың саны, олардың сомасы көрсетіледі. Есептен шығарылған оқулықтар даналарының саны және есепте тұрған оқулықтар «Жиынтық есепке алу кітабының» тиісті бөліміне тіркеледі. Актінің бір данасы бухгалтерияға беріледі.

Оқулықтар жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның орны тап сондай оқулықпен немесе қор үшін қажетті басқа әдебиетпен толтырылады. Мұндай жағдайда да есептен шығару актісі жасалады.

Сұранысқа ие болмаған ескі оқулықтар мен оқу құралдары толықтырылған және қайта өңделген басылымдар жарық көргеннен кейін қордан алынып тасталады.
8. Әдебиетті кітапхана қорынан шығарып тастау
Басылымдар мен материалдарды қордан шығарып тастау үшін анықтау мен сұрыптау жұмыс жоспарларында көзделіп, жыл сайын жүргізілуге тиіс.

Ғылымның барлық салалары бойынша, басылған тіліне қарамастан, өзінің өзектілігінен, ғылыми, мәдени-тарихи маңыздылығынан, танымдылығынан және өндірістік құндылығынан айырылған, іс жүзінде пайдалануға жатпайтын басылымдар мен материалдар мәтіні бойынша ескірген басылымдар мен материалдар болып табылады.

Өлкетану басылымдары және классикалық көркем әдебиет шығармалары мазмұны бойынша ескірген деп шығарып тастауға жатпайды.

Басылымдар мен материалдарды кітапхана қорларынан идеологиялық және саяси көзқарастар бойынша шығарып тастауға тыйым салынады.

Кітапханадағы басылымдар мен материалдардың атаулары қайталанатындары қажетсіз дана болып табылады.

15-20 жыл бұрын басылып шығарылып, 4-5 жыл бойы сұрау түспеген әдебиет, әдетте аз пайдаланылатын әдебиеттер қатарына жатады. Бұл қағида кітапхананың жұмыс бағыты бойынша негізгі ең бағалы әдебиетке: негізін қалаушы, фундаментальды жұмыстар мен анықтамалық басылымдарға, ғылыми, мәдени және тарихи маңызы ерекше материалдарға қолданылмайды.



9. Кітапхананың қорынан алынған басылымдар мен материалдарды есептен шығарудың тәртібі
Қордан шығару үшін іріктелген басылымдар мен материалдарды арнайы құрыл-ған комиссия қарайды, оның құрамын сот аппаратының басшысы бекітеді.

Комиссия мүшелері белгілі бір басылымдар мен материалдарды анықталған себептерге сәйкес қордан шығарып тастаудың негізділігіне көз жеткізеді, сондай-ақ жұмыс үшін қажетті, нақтылы, тарихи және басқа да мәліметтері бар ескірген басылымның бір немесе бірнеше данасын қорда қалдыру туралы шешім қабылдайды.

Басылымдар мен материалдарды кітапхана қорынан шығару акт арқылы ресім-деледі. Әрбір жеке актіге тек бір себеп бойынша қордан шығарылатын басылымдар мен материалдар енгізіледі. Есептен шығару актілерінің нөмірлері жылдан жылға қарай жалғасып отырады және ол «Кітапхана қорының жиынтық есепке алу кітабының» екінші бөлімінің реттік нөміріне сәйкес келеді.

Дыбыстық-көрнекі құралдарды (ДКҚ), машинамен оқылатын (сd-rоm, дискет) электрондық басылымдарды қордан шығару себептері мен негіздемелері көрсетіле отырып актімен ресімделеді. Актіде бір себеп бойынша есептен шығарылатын әр түрлі құжаттар көрсетіледі.

Қорларды қарау кезінде анықталған, тозығы жеткен басылымдар мен материалдарды ұйымның бухгалтериясы кітапхананың балансынан қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес шығарады.

Көркем әдебиет шығармаларын, өнер жөніндегі кітаптарды, сондай-ақ басқа да салалық әдебиеттерді тозығы жетуіне байланысты кітапхана қорынан шығару кезінде басылымдардың ақауы көрсетіледі.

Оқырмандар жоғалтқан немесе бүлдіріп алған басылымдар мен материалдарды есептен шығару оларды уақытша пайдалану журналдарына жазба түсірудің негізінде жүргізіледі, ал оны мазмұны бойынша тең келетін басылыммен айырбастау мүмкін болмаған жағдайда - қызметкер қосымша құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) қоса алғанда басылымның нарықтық құнын өтейді.

Жоғалған немесе бүлінген басылымдар мен материалдардың құны кітапхананың есептік құжатында көрсетілген бағалар бойынша кітапхана қорын қайта бағалау ескеріле отырып, ал нарықтық баға бойынша - ҚҚС ескеріле отырып өтеледі.

Тиісті құны өтеліп алынып, есептен шығарылған басылымдар мен материалдар жеке актімен ресімделеді.

Баланста тұрмаған басылымдар мен материалдарды (брошюралар, плакаттар және т.б.) қорлардан шығару кезінде акті мен тізім бір дана болып жасалады, ал олардың бағалары тізімде көрсетілмейді. Есептен шығарылған басылымдар мен материалдардың жалпы құны есептелмейді және актіде көрсетілмейді. Мұндай жағдайда акт бухгалтерияға тапсырылмайды. Баланста тұрған басылымдар мен материалдарды қорлардан шығару кезінде акт екі дана болып жасалады, олардың біріне есептен шығарылатын басылымдар мен материалдардың тізімі қоса тіркеледі. Бекітілген актінің бірінші данасы тізіммен бірге кітапхананың істерінде сақталады, екінші данасы (тізімсіз) бухгалтерияға беріледі.

Данасы көп әдебиетті есептен шығару кезінде тізімнің орнына тіркеу нөмірлерінің тізбесі, есептен шығарылатын басылымдардың түрлері, олардың саны көрсетіледі.

Басылымдар мен материалдарды кітапханалардың қорларынан шығару актісін тиісті сот аппаратының басшысы бекітеді. Акт комиссия мүшелері түгел қол қойғаннан кейін ғана бекітіледі.

Актілер бекітілгеннен кейін есептен шығарылған басылымдар мен материалдар есептен шығарудың күні мен актінің нөмірі көрсетіле отырып есепке алу кітаптарынан сызылып тасталады. Баланста тұрған басылымдар мен материалдардың есептен шығарылғаны туралы мәліметтер «Кітапхана қорының жиынтық есепке алу кітабының» екінші бөлігіне жазылады, ал жыл ішінде есептен шығарудың қорытындылары осы кітаптың үшінші бөлігінде көрсетіледі.

Басылымдар мен материалдарды кітапханалардың қорларынан шығару туралы актілер мен оларға қоса тіркелген тізімдер келесі жоспарлы тексеруге дейін сақталады.

Есептен шығарылған дыбыстық және көрнекі құжаттар жойылады. Бұл туралы акт жасалып, тиісті журналға жазба түсіріледі.
10. Кітапхана қызметкерінің құқықтары мен міндеттері
Қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етіп, кітапхана мен оқу залында жұмыс істеу үшін жағдай жасау;

(Lotus Notus-КГЖЭД, статистикалық есептер және басқа) автоматтандырылған мәліметтер базасын, республикалық және шет ел мәліметтер банкін ( «Заң», «Юрист», «Гарант»), интернетті, сондай-ақ газеттер мен журналдардың топтамасын өз бетінше пайдалануды қамтамасыз ету;

қажетті құжаттарды жинақтауға көмек көрсету;

ТМД мемлекеттері соттарының кітапханалық және ақпараттық қызметтерімен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

жергілікті соттармен және министрліктер мен ведомстволардың жергілікті органдарымен, өңірлер мен соттардың кітапханаларымен, оның ішінде кітап алмасу негізінде тікелей байланыстар орнату;

пайдаланушы кітапхана қорын жоғалтқанда немесе қасақана бүлдіргенде және орнын толтыру мүмкін болмаған жағдайда құжат құнының нарықтық бағасын төлеуді талап ету.



11. Кітапхананы пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
Кітапхана қорларындағы құжаттар туралы толық ақпарат алу, атап айтқанда, «КГЖЭД» базасын өз бетінше пайдалану;

ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңес алу;

кітапхана қорынан кез келген құжатты уақытша пайдалануға алу;

Интернеттен, «Заң», «Юрист», компьютерлік мәліметтер базасынан өз бетінше ақпаратты іздеу үшін не кітап, газеттер мен журналдар оқу үшін оқу залын пайдалану;

қандай да болмасын ақаулары бар кітапхана құжаттарын алған пайдаланушылар алдын ала кітапханашыны бұл туралы хабардар етеді, ол осы құжаттарға тиісті белгі қояды;

кітапхана қорынан құжаттар жоғалған немесе оларға зиян келтірілген жағдайда құны тең деп танылған кітапхана құжаттарына ауыстыру, ал ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда оның құнын өтету.


12. Оқырмандарға қызмет көрсету тәртібі
Кітапхана қорының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық пайдаланушылар құжаттарды пайдалану жөніндегі талаптарды сақтауға міндетті.

Құжаттар арнайы журналдарға қол қойдырылып, уақытша 5 күнге беріледі. 5 күн өткеннен кейін құжаттар кітапханаға кері қайтарылады не оларды пайдалану мерзімі ұзартылады.

құжаттармен жұмыс күні аяқталғанға дейін оқу залында не қызметтік кабинетте танысуға болады.

- құжаттарды сот үй-жайынан шығаруға;

- кітапхананың арнайы журналына қайта тіркемей, басқа қызметтерге беруге;

- нарядтың, журналдар мен өзге де шығарылымдар жиынтығының тұтастығын бұзуға;

- мәтін бойынша маркермен немесе қаламмен қандай да болмасын белгілер қоюға тыйым салынады.

Еңбек және баланы күту демалысына кеткенде, іссапарға жіберілгенде, еңбекке уақытша жарамсыз болуына байланысты жұмыста болмаған кезде, жұмыстан шыққанда, сондай-ақ өзге де себептер болғанда құжаттар тапсырылуы тиіс.



Нормативтік құқықтық актілермен және заң әдебиетімен жұмыс істеу тәртібі судьялар мен сот қызметкерлерінің (бұдан әрі - пайдаланушылар) нормативтік құқықтық актілермен және заң әдебиетімен жұмыс істеу тәртібінің қағидаларымен айқындалады.
с. 1

скачать файл

Смотрите также: