3. Жұмысын доғару кезеңіндегі банкті басқарушы уақытша әкімшілік


с. 1


ҚРӘМ № 439 21.01.98ж.тіркелді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы

1996 жылғы 29 ақпанда бекіткен № 48

Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару туралы

ЕРЕЖЕ
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚРҰББ №413 05.12.97ж.

2.ҚРҰББ № 340 31.12.98ж.

3.ҚҚА №240 21.08.2004ж.

4.ҚҚА №5 09.01.2006ж.

5.ҚҚА №207 28.11.2008ж.


1-тарау.Осы Ережелер
1.Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Банктер туралы заң), “Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы” Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) жұмысын доғару шарттарын, негіздерін және тәртібін –қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның “бұдан әрі – уәкілетті орган) шешімі бойынша (мемлекеттік және мемлекетаралық банктерден басқа) банктердің қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсантында оларға қатысты әкімшілік, құқықтық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа іс-шаралар мен рәсімдер кешенін күштеп жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2.Жұмысын доғару режимін белгілеу уәкілетті орган банкке қарсы қолданатын санкциясы болып табылады және ол Ұлттық Банктен банкті басқарушы бір жыл мерзімге дейінгі уақытша әкімшілігін немесе уақытша басқарма тағайындауды талап етеді.

3.Жұмысын доғару кезеңіндегі банкті басқарушы уақытша әкімшілік (уақытша басқарма) осы Ережелерден басқа уәкілетті органның басқа да нормативтік құқықтық актілерін және қолданылып жүрген заңдарды басшылыққа алады.

4. Банкті уақытша басқарушы әкімшіліктің (уақытша басқарманың) міндеті өз міндеттемелерін уақтылы және толық орындау үшін банктің қабілеттілігін сақтау немесе қалпына келтіру, жұмыстағы кемшіліктерді және Қазақстан Республикасы заңдары мен банктің ішкі құжаттарының жөнсіздіктерін жою, сонымен қатар банктің қаржылық жағдайын сауықтыру, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың банк ұсынған құқықтары мен заң мүдделерін қорғау және банктегі тәуекелдер мен ішкі бақылауды басқару жүйесін жақсарту мақсатындағы өзге іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.


2-тарау. Банктің жұмысын доғарудың негіздері, шарттары және тәртібі
5.Өз капиталының жеткілікті деңгейін қалпына келтіретін және қалыпты қызметіне қайта оралатын нақты мүмкіндігі бар болған жағдайда ғана доғарылады.

6.Банктің жұмысы уәкілетті органның шешімі бойынша төмендегі кез келген ерікті негіздерінің бойынша доғарылады;

1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін жүйелі түрде (үш ай бойы) орындамау;

2) Банктер туралы» заңның 48 бабында көзделген негіздер бойынша.

7-тармақ алынып тасталсын.

8.Банктің жұмысын доғару туралы шешім қабылданған күннен бастап және сол мерзім бойы:

1) банк акционерлерінің оны басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;

2) банк органдарының өкілеттігі тоқтатылады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан босатылады;

3) банкті басқару жөніндегі барлық өкілдік уақытша әкімшілікке (уақытша басқармаға) көшеді;

4) уақытша әкімшіліктің (банктің уақытша басқармасының) рұқсатынсыз және келісімінсіз банктің атынан және оның есебінен жасалған барлық мәмілелер заңсыз деп танылады.

9-тармақ алынып тасталсын.

10-тармақ алынып тасталсын.

11.Банктің жұмысын доғару туралы уәкілетті органның шешімі Басқарма Қаулының үлгісінде ресімделеді және ол төмендегілерді қамтуға тиіс:

1) банктің атауы және тұрған орны;

2) банктің жұмысын доғару туралы шешімнің негіздемесі;

3) жұмысын доғару күшінің жүре бастауы және мерзімі;

4) банк қызметіне қойылатын шектеулердің тізбесі;

5) уақытша әкімшіліктің қызметкерлердің құрамы немесе уақытша басқарманың аты-жөні;

6) банктің жұмысын доғару режимінде жүрген басшы қызметкерлеріне арналған жұмысы туралы есепті, табысы жөніндегі жекларацияны, меншігінің бар екендігі мен көлемі туралы мәліметтерді дайындау және осы құжаттарды уақытша әкімшілікке !банктің уақытша басқармасына) тапсыру туралы жазбаша бұйрық;

7) уақытша әкімшілікке (уақытша басқармаға) берілетін кепілдеме.

12. Банкке берілген қызметті шектеу тізбесі мыналарды қамтуы мүмкін:


  1. банк филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдерінің құқықтарын тоқтата тұру, оның атынан мәмілелерді дербес жасау"

  2. бұрын жасалған сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттарының немесе банктің иелігінен мүліктерді алу туралы өзге мәмілелердің, заемдарды беру туралы шарттардың және кредит тәуекелі бар қаржыландырудың басқа түрлерінің орындалуын тоқтата тұру;

3) банк міндеттемелерін, оның ішінде шартты міндеттемелерді орындауды толық немесе ішінара тоқтата тұру.

13.Жұмысын доғару режимін белгілеу және банкінің уақытша әкімшілігін (уақытша басқармасын) тағайындау туралы шешім банк органдары мен оның акционерлерінің назарына жеткізіледі.

Уәкілетті орган Басқармасының банктің жұмысын доғару туралы Қаулысын уәкілетті орган кем дегенде екі республикалық газетке банктің қарждысы есебінен жариялайды.

14.Банктің жұмысын доғару банктің өзінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

15.Уәкілетті орган Басқармасының банктің жұмысын доғаруды белгілеу туралы шешім (оның тиісінше куәландырылған көшермелері түрінде) банк басшылығына басқаша тапсырылатын жағдайларды айтпағанда, қолхат арқылы тапсырылады. Оны тапсыру үшін банктің тиісті лауазымды адамдары уәкілетті органға шақырылады.

Қажет болса, жоғарыда аталған шешімді банк басшыларына тікелей банктің өзінде уәкілетті органның өкілетті лауазымды адамдары тапсыра алады.

Осы орайда банктің басшылығы уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарманың) басшылығына қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша: мөрлерді.мөртаңбаларды,бланктерді,құндылықтарды, үй-жайлардың,сейфтердің кілттерін, Банктер туралы заңның 56-бабында көзделген тапсыруға міндетті.

16-тармақ алынып тасталсын.


3-тарау.Жұмысын доғару кезеңіндегі банкке белгіленетін ерекше жұмыс режимі. Жұмысты уақытша доғарудың өкілеттіктері

17. Банк жұмысын доғару мерзімі кезінде уақытша әкімшіліктің банктің уақытша басқармасының) қызметіне уәкілетті орган бақыллау жасайды,ол:

1) уақытша әкімшілікке (банктің уақытша басқармасына) банк жұмысын доғару кезеңіндегі іс-шаралардың негізгі бағыттары туралы ақыл-кеңес беруге (негізгі іс-шаралардың жоспарын ұсынуға);

2) уақытша әкімшілкке (банктің уақытша басқармасына) орындауға міндетті жазбаша нұсқау беруге;

3) уақытша әкімшіліктен (банктің уақытша басқармасынан) оның және банктің қызметі туралы кез келген ақпараттың ұсынылуын талап етуге;

4) уақытша әкімшіліктің (банктің уақытша басқармасының) атқарған жұмысы туралы есебін тыңдайға;

5) жұмысын доғару мерзімін ұзартуға;

6) банктің жұмысын доғаруды аяқтау туралы шешім қабылдауға құқылы.

18.Жұмысын доғарудың күші басталғаннан бастап және соның мерзімінде уақытша әкімшілік (банктің уақытша басқармасы):

1) банк жұмысын доғару кезеңіндегі негізгі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі- жұмысты доғару жоспары) бекітуді қөоса алғанда, банк қызметінің барлық мәмелелері бойынша өз бетінше шешім қабылдауға;

2) қажет болса жұмысын доғару кезеңінде қабылданғаннан депозиттер бойынша банктің міндеттемелерін толық немесе ішінара тоқтатуға;

3) қажет болса банк жасасқан, банктің қаражаттар салуын көздейтін шарттардың күшін бұзуға немесе оларға ставкаларлды, тарифтер мен қолдану мерзімдерін өзгертуді қоса алғанда өз тарапынан өзгертулер мен толықтырулар енгізуге;

4) банктің атынан кез келген құжаттар мен шарттарға қол қоюға;

5) банктің атынан және соның мүддесі үшін талап-арыз беруге;

6) жұмыстан босату, қызметін төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, банк қызметкерлерінің міндеттерін бөлуді қоса алғанда, бұйрық беруге құқылы;

7) кредитор мен борышкердің бір адам арқылы сәйкес келуіне байланысты өзара талаптарды есепке алуға құқылы;

Уақытша әкімшілік (банктің уақытша басқармасы) уақытша әкімшіліктің қызметі кезіндегі банктің өкілеттіктері тоқтатылған органдарына жүеһктелген басқа да міндеттерді орындайды.

Доғару процесіндегі банкке қойылатын талаптары талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын кредитормен өзара талаптарды есепке алуға тыйым салынады;

8) уәкілетті органмен келісу бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен кепілдік берілетін депозиттер бойынша банктің мүлігі мен міндеттемелерін Банктер туралы Заңның 73-1-бабына сәйкес басқа банкке (банктерге) беруге құқылы.

18-1. Жұмысты доғару жоспары мынадай іс-шараларды іске асыруды көздеуі тиіс:



  1. баланспен есептелген банктің барлық активтерін және мүлігін, оның ішінде кепілдік мүлігін түгендеуді және олар жөнінде құқық белгілейтін құжаттарды, баланстық және баланстан тыс шоттардағы нақты қалдықтарды анықтауды жүргізу:

  2. басқарудың оңтайлы құрылымын және банк қызметкерлерінің санын анықтау;

  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, уәкілетті органға және корреспондент банктерге уақытша әкімшілік (уақытша басқарма) мүшелерінің қойылған қолдарының үлгілері мен банктің мөр бедері бар жаңа құжатты беру;

  4. банктің, оның қызметіне, оның ішінде ерекше қатынастарымен банкпен байланысты тұлғалармен, бұрын жасаған шарттарының мақсатқа лайықтылығын анықтау және банктің мүдделеріне сәйкес келмейтін шарттарды бұзу жөніндегі шараларды қабылдау;

  5. акциялардың жарияланған санын ұлғайту туралы (басқа бағалы қағаздарды шығару туралы) шешімді қабылдау арқылы банкті капиталдандыру жөніндегі шараларды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында оларды орналастыруды және/немесе бес жылдан астам өтеу мерзімі бар реттелген борышты тартуды жүзеге асыру;

  6. мерзімі өткен несиелік және дебиторлық берешекті өндіріп алу жөніндегі, банктік заем шартының және банк үшін құнды болып табылмайтын басқа активтер талаптарының құқықтарын басқаға беру жөніндегі жұмысты жүргізу, қаржыландырудың кез келген түрін жүзеге асыруды тоқтату, өтімді активтердің көлемін ұлғайту арқылы активтердің сапасын жақсарту;

  7. шығыс операцияларын жүргізуге бақылау белгілеу, тарифтерді, сыйақы ставкаларын, банк операциялары бойынша комиссиялық алымдарды, еңбекақы төлеу шығыстарын, жалпы шаруашылық шығыстары мен аммортизациялық аударымдарды қайта қарау жолымен банктің кірістілігін ұлғайту;

  8. банктегі тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және оны жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру.

18-2. Банкті капиталдандыру жөніндегі шаралардың шеңберінде уақытша әкімшілік (уақытша басқарма) инвесторлармен банк шығарған акцияларды, сондай-ақ осы банктің акцияларына айырбасталатын облигацияларды сатып алуға опциондар жасауға құқылы.

Банктің акциялары Банктер туралы заңның және Қазақстан Республикасының өзге заңдарының талаптарын есепке ала отырып сатылып алынады.

Банктің иелігінен мүлікті алу жөніндегі мәмілелер уәкілетті органмен келісілу бойынша жүргізіледі.

19. Уақытша әкімшілік ұжымдық орган болып табылады, оны жұмысын доғару режиміндегі банктің атынан іс-қимыл жсайтын басшы басқарады.

Уақытша әкімшіліктің шешімдері дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болғанда, оның жұмысшысының дауысы шешуші болып табылады.

20.Уақытша әкімшіліктің басшысы:

1)банкті басқарады, Қазақстан Республикасы заң актілерінің заңды тұлғаға берген құқықтарға ие және міндеттерді орындайды;

2)банктің (соның ішінде оның филиалдарының қызметкерлерін басшылық қызметке тағайындайды, жұмысқа алады және еңбек заңдарына сәйкес қызметкерлерді жұмыстан босатады;

3)жұмысын доғару міндеттерін орындауға қажетті шеңберде банктің мүлкіне иелік ету жөніндегі уақытша әкімшіліктің шешімін орындайды;

4)банк жұмысын доғарудың бекітілген жоспарын нақтылау жөнінде ұсыныс енгізуге құқылы және оның орындалуын ұйымдастырады;

5)қажет болса, сырттан аудит немесе уәкілетті органның тиісті бөлімшелерін тарта отырып,банк қызметін кешенді немесе арнайы (іріктеп) тексеруді және уақытша әкімшіліктің күшімен қаржылық есеп жүргізуді банкінің іс жүзіндегі жағдайымен салыстыра тексеруді жүзеге асырады;

6)банк заңдарында көзделген басқа да міндеттерде атқарады.

21.Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқармасы) уәкілетті орган белгілеген мерзімде жұмысын доғару жоспарына сәйкес қажетті іс-шаралар өткізуге және атқарылған жұмыс туралы Ұлттық Банкке есеп тапсыруға тиіс.

22. Уәкілетті орган уақытша әкімшілікті (банктің уақытша басқарушысы) оның қызметкерлері, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері не Банктер туралы Заңның 20-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өзге тұлғалар арасынан тағайындайды.

23.Уақытша әкімшіліктің (банктің уақытша басқармасының)уәкілетті орган басшысының және мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбекақы төлеу шарттары пен банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқармасының) жасасатын жеке шарттарында белгіленеді. Уақытша әкімшііліктің (тағайындалған уақытша басқарманың) құрамына енгізілетін Ұлттық қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің шарттары мен тәртібі туралы мәселені әрбір адаммен уәкілетті орган Басқармасы жеке шешеді. Қажет болса, келісім-шартқа қолданылып жүрген заңның нормаларына қайшы келмейтін басқа да шарттар енгізуге болады.

24.Еңбекақысын, көлік және басқа да шығындарды қоса алғанда, уақытша әкімшілікті ұстауға кететін шығындар тиісті банктің басқару шығындарына жатады және соның есебінен жүзаге асырылады.

25.Уәкілетті орган кез келген сәтте уақытша әкімшіліктің мүшелерін (банктің уақытша басқармасын) ауыстыруға құқылы.
4-тарау. Банк мүлкін басқару рәсімі
26.Жұмысын доғару режиміндегі банктің балансқа енгізілген немесе енгізілмеген барлық мүлкі түгенделуге тиіс. Балансқа енгізілмеген мүлік түгендеу ведоомстында көрсетілуге және соңынан балансқа енгізілуге тиіс.

27.Уақытша әкімшілік (уақытша басқарма) мамандардың көмегімен (қажет жағдайда солардың қатысуымен) банктің мүліктерінің тізбесін жасауға, 1994 жылғы 16 желтоқсандағы № 194 уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері бар Ережелеріне» сәйкес олардың құндылығын анықтауға тиіс.

28.Жұмысын доғару режиміндегі банктің мүлкі уақытша әкімшілік (уақытша басқарма) белгілеген тәртіппен және шарттар бойынша, соның ішінде бәсекелес ұсыныстарды қарау жолымен сатылады.

29.Мүлікті нақты ұсыныстар бойынша атқанда, уақытша әкімшілік (уақытша басқарма) хабарландыруды кем дегенде екі республикалық газетте жариялауға тиіс. Хабарландыруда сатылатын мүліктің тізбесі, сондай-ақ уақытша әкімшіліктің өкілінің (уақытша басқарманың) аты-жөні,ұсыныстар тапсыруға болатын тұрған орны,телефон және факс нөмірі,сондай-ақ қай күнге дейін осы ұсыныстар қабылданатыны болуға тиіс. Егер мүлікті сатуды тиісінше өткізуге қажет болып жатса, көрсетілген уақыт әлдеқайда кештеу мерзімге ауыстырылуы мүмкін.

Уақытша әкімшілік (уақытша басқарма) ұсыныстарды қанағаттандыру туралы шешім қабылдауға және джеңген сатып алушыға жазбаша түрде хабар беруге тиіс.

30.Мүлік:

1)мүліктің ең жоғағы таза бағамы алынатындай;

2)сатудан болатын шығын аз болатындай;

3)сатып алушыдардың бәсекесі бірқалыпты сақталатындай есһтіп сатылады.
5-тарау. Жұмысын доғаруды тоқтату
31. Банк жұмысын доғару төмендегі негіздер бойынша тоқтатылады:

1) Уәкілетті органның щещімімен белгіленген жұмысын тоқтату мерзімінің өтуі;

2) Жұмысын доғаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы уәкілетті органның шешім қабылдауы.

32.Банк жұмысын доғаруды (оның ішінде мерзімінен бұрын доғаруды) оның қаржылық жағдайын сауықтыруға және жұмыс сапасын жаақсартуға байланысты тоқтату (оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтату) осы банкке қатысты уәкілетті орган немесе уақытша әкімшілік банктің уақытша басқармасы) белгілеген барлық шектеулерді жоюға апарып соғады. Осы орайда құрылтайшы құжаттарға жұмысын доғару мерзімінің ішінде енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, банктің басқару органдары мен қызметкерлер құрамы күшінде қалады.

33.Банк жұмысын доғару, оның қаржылық жағдайын сауықтырмаған және жұмыс сапасын жақсартпаған жағджайда,уәкілетті орган банкке заң заңдарында көзделген санкциялар қолданылсын құқылы.
6-тарау. Қорытынды ережелер
34.Жұмысын доғару режимі кезінде банк екінші деңгейдегі банктер үшін белгіленген тәртіппен және мерзімде есеп тапсырады.

35.Уәкілетті органның банк жұмысын доғару жөніндегі шешімін бұздыру туралы банк акционерлері он күн мерзім ішінде сот тәртібімен шағым бере алады. Аталған шешімді бұздыру жөнінде шағым беру банктің жұмысын доғаруды тоқтата алмайды.

36.Банкке келтірілген зиян үшін уақытща әкімшіліктің басшысы мен мүшелері (уақытша басқарма) қолданылып жүрген заңның, белгілеуі бойынша жауапты болады. Осы орайда жауапты әкімишіліктің басшысына және мүшелеріне (уақытша басқармаға) қалыпты өндірістік тәуекел санатына жатқыщылатын зиян үшін жауапкершілік жүктеуге жол берілмейді.

37.Осы Ережелерде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларына сәйкес шешілуге тиіс.




Төраға О.Ә.Жандосов
с. 1

скачать файл

Смотрите также: