3. Жұмыс разрядтары олардың күрделілігіне қарай, әдетте, еңбек жағдайлары


с. 1 с. 2 ... с. 11 с. 12




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2013 жылғы _______________

№ ________ бұйрығымен

бекітілген



Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (28 шығаралым)

1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (28 шығарылымы): «Шыныталшық, шыныталшық материалдар, шыныпластик, химиялық талшық және солардан жасалатын бұйымдар өндірісі» бөлімінен тұрады.

2. БТБА-ның осы шығарылымы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2010 жылдың 30 қазандағы № 225-п бұйрығымен бекітілген бұрын қолданылып келген БТБА 28 шығарылымы «Химиялық талшық өндірісі» бөлімі және де 29 шығарылымы «Шыныталшық, шыныталшық материалдар, Шыныпластик және олардан жасалатын бұйымдар өндірісі» бөлімдері негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруімен, өндірістік салада ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуымен, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білім және арнайы дайындығына, өнімнің сапасына, ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын талаптың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

3. Жұмыс разрядтары олардың күрделілігіне қарай, әдетте, еңбек жағдайлары ескерілмей белгіленген. Қажетті жағдайларда, еңбек жағдайлары (ауырлығы, зияндылы,ы және тағы басқа) тиісті органдар бекітетін арттырлған тарифтік ставкаларды белгілеу жолымен ескеріледі.

4. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың сипаттамасын қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

5. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

6. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

7. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

8. Тарифтік-біліктілік сипаттама алты разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді.

9. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады. Осы бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылар кәсіптері енгізілді.

10. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

11. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының жалпы ережелері БТБА-ның «Экономика салаларының барлығына ортақ жұмысшы кәсіптері» 1 шығарылымында жазылған.

12. «Шыныталшық, шыныталшық материалдар, шыныпластик, химиялық талшық және солардан жасалатын бұйымдар өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА 28 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 1985 жылғы редакциясында берілген.



2 - бөлім. Шыныталшық, шыныталшықматериалдар, шыныпластик және олардан жасалатын бұйымдар өндірісі

1. Армирленген престеу материалдарын дайындайтын аппаратшы


1. Армирленген престеу материалдарын дайындайтын

аппаратшы, 3- разряд


13. Жұмыс сипаттамасы:

алдын ала сіңірмеленген, арнаулы қондырғыларда шыны талшығымен армирленген престеу материалдарын дайындау технологиялық процесінің жекелеген сатыларын орындау;

қондырғыға май құю, сіңірмелеу ваннасына байланыстырушы ерітіндіні құю, дозаторды құрғақ байланыстырушы ерітіндіге толтыру;

жіптерді, холстарды, маталарды байланыстырушымен сіңірмелеу процесін жүргізу;

сіңірмелеуді қадағалау;

кептіру камерасына сіңірмелеу материалдарының (жіптердің, холстардың, маталардың) берілуін реттеу;

үзіктерді жою;

жабдықты тазалау және майлау;

«Премикс» типтес прес – материалдарға арналған араластырғышты жұмысқа дайындау;

араластырғышты ерітінді рецептіне сәйкес пресс - материал компоненттерімен толтыру;

компонентерді салу кезектілігін сақтау;

араласмтырғыштағы композицияны араластыру;

дайын материалды түсіру.

14. Білуге тиіс:

пресс-материалдар өндірісі технологиясын;

байланыстырғыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін;

шикізатқа, материалдар мен дайын өнімге арналған техникалық шарттарды немесе мемлекеттік стандарттарды;

арнаулы қондырғылардың құрылымы мен жұмыс принципін..

Параграф 2. Армирленген престеу материалдарын дайындайтын

аппаратшы, 4- разряд


15. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық процесі жартылай автоматты реттелетін арнаулы қондырғыларда шыны талшығымен армирленген, алдын ала сіңірмеленген және сіңірмеленбеген престеу материалдарын дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;

қондырғыны басқару пультінен қосу, оны оңтайлы технологиялық режимге баптау, қондырғының барлық тораптарының жұмысын қадағалау;

технологиялық режимге сәйкес шикізат дозасын, температураны, қысымды және тағы басқа реттеу;

технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың алдын алу және оның себептерін жою, жабдық жұмысындағы ақауларды жою;

талдама үшін сынама іріктеу;

дайын өнімнің сапасын көзбен бақылау;

дайын өнімді есепке алу;

көрсеткіштерді өндірістік журналға жазу.

16. Білуге тиіс:

пресс-материалдарды дайындаудың технологиялық схемасын және дайындау технологиясын;

қондырғының және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

қызмет көрсететін жабдықты реттеу ережесін;

қолданылатын байланыстырғыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін;

шикізатқа, материалдар мен дайын өнімге арналған техникалық шарттарды;

сынама іріктеу ережесін.

Параграф 3. Армирленген престеу материалдарын дайындайтын

аппаратшы, 5- разряд


17. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс нұсқаулығына сәйкес процесті бақылау мен автоматты реттеу аспаптарымен жабдықтарған арнаулы қондырғыларда шыны талшығымен армирленген, алдын ала сіңірмеленген және сіңірмеленбеген престеу материалдарын дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;

қондырғыны жұмыс жағдайына келтіру, оны жұмысқа қосу және оңтайлы технологиялық режимге шығару;

конвейердің, қондырғының және технологиялық параметрлерді автоматты басқару мен реттеу жүйесінің барлық тораптарының жұмысын қадағалау;

технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың алдын алу және оның себептерін жою, жабдық жұмысындағы ақауларды жою;

талдама үшін сынама іріктеу;

дайын өнімнің сапасын бақылау;

дайын өнімді есепке алу;

көрсеткіштерді өндірістік журналға жазу;

біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшының жұмысына басшылық ету.

18. Білуге тиіс:

пресс-материалдарды дайындаудың технологиялық схемасын және дайындау технологиясын;

қондырғының, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматтандыру жүйесінің құрылымы мен жұмыс принципін;

жабдықты реттеу және қызмет көрсету ережесін;

технологиялық процесте қолданылатын байланыстырғыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін;

шикізатқа, материалдар мен дайын өнімге арналған техникалық шарттарды;

сынама іріктеу ережесін.

Параграф 4. Армирленген престеу материалдарын дайындайтын

аппаратшы, 6- разряд
19. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық процесі қашықтықтан басқарылатын бақылау мен автоматты реттеу аспаптарымен жабдықтарған арнаулы қондырғыларда шыны талшығымен армирленген, алдын ала сіңірмеленген және сіңірмеленбеген престеу материалдарын дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;

қондырғының жұмысын қашықтықтан бақылау және басқару;

қондырғының жұмысын қашықтықтан басқаруға ауыстыру;

технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың алдын алу және онң себептерін жою, жабдық жұмысындағы ақауларды жою;

конвейердің, қондырғының және автоматты және қашықтықтан бақылау мен реттеу жүйелерінің барлық тораптарының жұмысын, технологиялық параметрлерін қадағалау;

талдама үшін сынама іріктеу;

дайын өнімнің сапасын бақылау;

көрсеткіштерді өндірістік журналға жазу;

бліктілігі анағұрлым төмен аппаратшының жұмысына басшылық ету.

20. Білуге тиіс:

пресс-материалдарды дайындаудың технологиялық схемасын және дайындау технологиясын;

қондырғының, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматтандыру және қашықтықтан бақылау жүйесінің құрылымы мен жұмыс принципін;

жабдықты реттеу және қызмет көрсету ережесін;

технологиялық процесте қолданылатын байланыстырғыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін;

шикізатқа, материалдар мен дайын өнімге арналған техникалық шарттарды;

сынама іріктеу ережесін.

21. Орта арнаулы білім талап етіледі.


2. Тоқылмаған шыны талшықты материалдарды

дайындайтын аппаратшы
Параграф 1. Тоқылмаған шыны талшықты материалдарды

дайындайтын аппаратшы, 4-разряд


22. Жұмыс сипаттамасы:

тоқылмаған шыны талшықты материалдарды дайындаудың технологиялық процесін автоматты басқарылатын арнаулы қондырғыда жүргізу;

шикізатты жұмысқа дайындау;

рамкаларды шыны жібімен толтыру;

байланыстырушы ерітінділерді дайындау;

өнім сапасын аралық бақылауды жүзеге асыру (салынған байланыстырушы қабатты анықтау және тағы басқа);

кептіру мен полимерлеудің температуралық режимін бақылайтын аспаптарды қадағалау;

бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен байланыстырушының сапалық сипаттамасын анықтау;

дайын өнімнің сапасын бақылау;

технологиялық журналды жүргізу;

дайын өнімді өлшеу және буып-түю.

23. Білуге тиіс:

тоқылмаған материалдарды дайындаудың технологиялық тәсілін;

қондырғының құрылымын; температура режимін;

бақылау және автоматы басқару аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

шыны жібін алудың тәсілдерін;

байланыстырушыны салу процентін анықтау ережесін;

талдау таразысының құрылымын және онымен жұмыс істеу ережесін.

3. Шыны талшықты материалдарды тозаңдату аппаратшысы
Параграф 1. Шыны талшықты материалдарды тозаңдату

аппаратшысы, 3-разряд


24. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым және күрделігі орташа бұйымдар мен күрделі бұйымдарды байланыстырушылармен шыны талшықты материалдарды тозаңдатудың технологиялық процесін арнаулы агрегаттарда немесе конвейер желілерінде жабдықталған қондырғыларда біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу;

тозаңдатқыш қондырғыны дайындау;

сыйымдылықтарға байланыстырушыны толтыру, тозаңдатылған және жүргізілген қабаттың қалыңдығын өлшеу құралының өлшеу;

жұмыс орнына жабдықтарды, шаблондарды, оларға алдын ала бөлу қабаты салынған пресс-қалыптарды жеткізу;

қондырғыны тозаңдатудан кейін тазалау және майлау, ыдыстарды, шлангілер мен тозаңдатқыш жабдықты жуу.

25. Білуге тиіс:

тозаңдатудың технологиялық процесін;

орындалатын жұмыс жолдарын;

арнаулы агрегаттар мен тозаңдату қондырғысының жұмыс принципі мен оларды даййындау ережесін;

қолданылатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін;

өлшеу жабдығының құрылымы мен пайдалану ережесін.

26. Жұмыс үлгілері.

1) қоршамалар, пластиналар, тегістіктер – тозаңдату.

Параграф 2. Шыны талшықты материалдарды тозаңдату

аппаратшысы, 4-разряд


27. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі бұйымдарды, жоғары талап қойылатын ірі габаритті бұйымдарды байланыстырушылармен шыны талшықты материалдарды тозаңдатудың технологиялық процесін арнаулы агрегаттарда немесе конвейер желілерінде жабдықталған қондырғыларда біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу;

ерекше күрденлі құрылғыларды қолмен престемелеу және илектеу;

арнаулы агрегаттар мен тозаңдату қондырғысын баптау.

28. Білуге тиіс:

тозаңдатудың технологиялық процесін;

қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын және баптау ережесін;

байланыстырушы құрамының проценттік арасалмағын;

дайын өнімге арналған мемлекеттік стандарттарды;

декоративтік жабынның дайындығын анықтау ережесін

29. Жұмыс үлгілері:

1) маңдайшалар – тозаңдату;

2) серуендеу қайықтарының корпустары мен палубалары – тозаңдату;

3) платформалар - тозаңдату.

Параграф 3. Шыны талшықты материалдарды тозаңдату

аппаратшысы, 5-разряд


30. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым және күрделігі орташа бұйымдар мен күрделі бұйымдарды байланыстырушылармен шыны талшықты материалдарды тозаңдатудың технологиялық процесін арнаулы агрегаттарда немесе конвейер желілерінде жабдықталған қондырғыларда жүргізу;

тозаңдатылған қабатты біркелкі тығыздау үшін бұйымның конфигурациясына қарай арнаулы тығыздағыш валиктерді іріктеу;

тозаңдату процесін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу;

шыныжгут пен шайыр қоспасын біркелкі қабатпен түсіру;

технологиялық процестен ауытқудың алдын алу және оның себептерін жою;

көрсеткіштерді өндірістік журналға жазу;

арнаулы агрегаттар мен тозаңдату қондырғысын ағымдық және алдын ала жөндеуге қатысу;

біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшының жұмысына басшылық жасау және үйлестіру.

31. Білуге тиіс:

әртүрлі тозаңдату тәсілдерінің (тік, төбелік, жазықтық және тағы басқа) технологиялық процесін;

ылғал мен температураның байланыстырушы компоненттеріне әсерін;

полимерлеу процесінің мәнін;

тозаңдатылған бұйымдарды әкелу ережесін;

дайын бұйымдарға арналған техникалық шарттарды.

32. Жұмыс үлгілері.

1) дейдвуд құбырлары, комингстер, қондырмалар, кеспелер, түп секциялары, корпус секциялары, стабилизаторлар – тозаңдату;

2) тереңдетілген серуен қайықтары корпусының палубалары – тозаңдату;

3) бұйымдардың қабырғасы жұқа және тереңдетілген учаскелері - тозаңдату.

4. Шыны талшықты никелдейтін аппаратшы


Параграф 1. Шыны талшықты никелдейтін аппаратшы, 4-разряд
33. Жұмыс сипаттамасы:

шыны талшықты никелдеу технологиялық процесін арнаулы аппарата жүргізу;

аппаратты жұмысқа дайындау;

ерітінді әзірлеу;

шыны талшықты аппаратқа салу, ерітінді қосу;

матаны никелдеу, шаю және кептіру;

матаның қозғалу жылдамдығын белгілеу және жұмыс процесінде жылдамдықты реттеу;

аппарат жұмысыныың берілген режимін қамтамасыз ету;

өңделген шыны талшықтың сапысын бақылау;

жабдық жұмысындағы ақауларды жою;

өндірістік журналға жазба жүргізу.

34. Білуге тиіс:

никелдеудің технологиялық процесін;

шыны талшықты никелдеуге арналған аппараттың құрылымын;

шикізат материалдарының қасиеттерін және олармен жұмиыс істеу ережесін;

бақылау аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

ерітінділерді бақылау ережесін;

талдау таразыларының құрылымын және олармен жұмыс істеу ережесін.

5. Өңдеу аппаратшысы
Параграф 1. Өңдеу аппаратшысы, 2-разряд
35. Жұмыс сипаттамасы:

орынжайлар мен әртүрлі конструкцияларды (палубалардың, қондырманың, блоктардың борттарын, ашық бөліктерін және тағы басқа) термоөңдеу технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу;

іске жарамды заттардың қарапайым бөлшектері мен бұйымдарын термоөңдеу технологиялық процесін жүргізу;

батареялаарды, термобуды, бақылау-өлшеу аспаптарын технология бойынша монтаждау;

айлабұйымдар мен саңылауларға арналған тығындарды дайындау;

жабдықты профилактикалық қарау.

36. Білуге тиіс:

термоөңдеу тәсілдерін, негізгі конструкциялардың атауын және тәсім бойынша орналасуын;

контсрукцияларды термоөңдеу жөніндегі негізгі деректерді;

шыны пластик қассиеттерін;

термоөңдек кезінде қолданылатын жабдықты және термоөңдеу режимін сақтау үшін жабдық сипаттамаларын пайдалануды.

Параграф 2. Өңдеу аппаратшысы, 3-разряд


37. Жұмыс сипаттамасы:

конструкцияларды (палубалардың, қондырманың, блоктардың борттарын, ашық бөліктерін және тағы басқа) термоөңдеу технологиялық процесін жүргізу;

термоөңделетін конструкцияның үстіндегі бетінің жылу изоляциясы жай-күйін тексеру;

ауа құбырын корпусқа, корпус жиынтығына және сіңірмелеу бөлшектеріне бекіту;

жабдықты, бақылау-өлшеу аспаптарын және айлабұйымдарды тәсім бойынша орнату;

жабдықты монтаждау және бөлшектеу;

жазық шыны микросфераларды химиялық өңдеу технологиялық процесін жүргізу, ванналардағы температура режимін бейтараптандыру, реттеу;

рецепт бойынша химиялық ерітіндіні жасау;

өңделген микросфераларды кептіру температурасын қадағалау;

талдамаға сынама алу;

ерітінді концентрациясын, өнімнің суалу және шығымдылық процентін өңдеуге дейін және кейін айқындау;

дайын өнімді буып-түю және таңбалау;

жабдықты ағымдық жөндеу және баптау.

38. Білуге тиіс:

шыны пластиктен жасалған конструкцияларды термоөңдеу технологиясын, термокамералардың, қызмет көрсететін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін, аспаптар мен жабдықтың жұмыс сипаттамасын түсіру ережесін;

негізгі конструкциялардың атауын және тәсім бойынша орналасуын;

контсрукцияларды термоөңдеу жөніндегі негізгі деректерді;

шыны пластик қассиеттерін;

термоөңдеу кезінде қолданылатын жабдықты оборудование, және термоөңдеу режимін сақтау үшін жабдық сипаттамаларын пайдалануды;

жартылай өткізгіштердің диэлектр сипаттамасын анықтауға арналған аспаптардың құрылымын және оларды пайдалану ережесін;

ыстық және зиянды газдармен жұмыс істеу ережесін;

шыны таспаны сутегімен өңдеудің жолдарын.

Параграф 3. Өңдеу аппаратшысы, 4-разряд
39. Жұмыс сипаттамасы:

жергілікті термостаттау және арнаулы термокамераларда термоөңдеудің екі сатылы режимін жүргізу;

бу калорифер қондырғыларын, ауа тарталаларын, бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждауға және бөлшектеуге басшылық ету;

конструкцияларды термокамераға орналастыру;

шыны жібін термо өңдеу процесін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен технологиялық процесс регламентіне сәйкес жүргізу;

камераға берілген температурадағы ыстық ауаны беру;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшының жұмысына басшылық ету;

шыны таспаны арнаулы қондырғыда сутегімен өңдеудің технологиялық процесін жүргізу;

газды рампа мен қондырғыны жұмысқа дайындау;

шыны таспаны қондырғыға орнату;

қондырғыны қыздыруға қосу;

жұмыстың газ ержимін реттеу;

қондырғыны қайта толтыру;

өңделген таспаның диэлектрлік сипаттамасын арнаулы аспаптардың көмегімен алу;

өндірістік журналға көрсеткіштер жазбасын жүргізу;

термохимиялық өңдеу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу.


с. 1 с. 2 ... с. 11 с. 12

скачать файл

Смотрите также: