2. Тәуекел менеджментінің саясаты


с. 1
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесінің шешімімен



БЕКІТІЛДІ

2007 жылғы « »

№48 хаттама


«Самұрық-Энерго» АҚ-ның

тәуекелдерді басқару

саясаты

Астана 2011


Мазмұны:
1. Жалпы ережелер..................................................................................................3

2. Тәуекел менеджментінің саясаты......................................................................4

2.1. Ішкі орта............................................................................................................5

2.2. Мақсаттарды айқындау..................................................................................11

2.3. Тәуекелдерді идентификациялау.............................................................13

2.4. Тәуекелдерді бағалау.....................................................................................14

2.5. Тәуекелдерді басқару.....................................................................................15

2.6. Бақылау іс-әрекеттері.....................................................................................17

2.7. Ақпарат және коммуникация..................................................................18

2.8. Мониторинг............................................................................................18

1-қосымша. «Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерінің жіктелімі.

2-қосымша. Орын алған залалдар мен жазатайым оқиғалардың мәліметтер базасының нысаны.



1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Тәуекелдерді басқару саясаты (бұдан әрі - Саясат) «Самұрық-Қазына» АҚ Тәуекелдерді басқару корпоративтік жүйесінің даму тұжырымдамасына және «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор) қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

2. Осы құжат Қоғамдағы тәуекелдерді басқару корпоративтік жүйесінің көрінісін, мақсаты мен міндетін айшықтайды, тәуекелдерді басару құрылымын анықтайды, тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөліктерін, тәуекелдерді басқару процесін жүзеге асыру барысында жүйелі және дәйекті көзқарасын қамтамасыз етеді.

3. Тәуекелдерді басқару процесінің рәсімдері мен әдістерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, оның ішінде тәуекелдердің негізгі түрлерін басқару процесіне қатысушылардың міндеттері, функциялары мен жауапкершілігі, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар және тәуекелдерді басқару процесінің өзге де құрамдас бөліктері әр органның құзыретіне сәйкес Қоғам Басқармасы мен Директорлар кеңесі бекіткен Қоғамның ішкі құжаттарында берілген.

4. Қоғам мен оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – Самұрық-Энерго тобы) үшін тәуекелдер бойынша әдістер мен рәсімдер тиісті ұйымдардың атқарушы органдары мен басқару органдары арқылы айқындалады. «Самұрық-Қазына» ҰӘӘҚ» АҚ тобының көпшілік ұйымдары үшін ортақ болып табылатын тәуекелдердің негізгі түрілерін басқару және бағалау рәсімдері мен әдістері Қормен айқындалады.

5. Осы Саясаттың іс-әрекеті Қоғам қызметінің барлық түріне таратылады. Саясат Қоғамның барлық қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің танысуы мен қолдануы үшін міндетті болып табылады, сондай-ақ Еншілес ұйымдарында да пайдалану ұсынылады. Функционалдық міндеттемелер мен қойылған міндеттерді орындау барысында Қоғамның әрбір жұмысшысы осы Саясатта берілген ережелерді басшылыққа алады.

6. Қоғамның басқарушы холдинг ретіндегі негізгі мақсаттарын назарда ұстай, сонымен бірге Қоғамның қаржылық есептілігіндегі еншілес ұйымдардың қаржылық нәтижелерін шоғырландыра отырып, Қоғамның тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінде өз мақсаттарының бірі – еншілес ұйымдардағы тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру болуы керек. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қоғам еншілес ұйымдарда тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру процесін тікелей басқарады.

7. Қоғамның еншілес ұйымдары «Самұрық-Қазына ҰӘӘҚ» АҚ Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің даму тұжырымдамасы негізінде тәуекелдерді басқарудың жеке саясатын әзірлеуі мүмкін. Қоғамның еншілес ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару саясатын әзірлеу барысында еншілес ұйымның қызмет ауқымы мен ерекшелігін ескере отырып, Саясат ережелерін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Саясат Қоғамның өзге де тәуелді ұйымдарының пайдалануы үшін ұсынылады.

8. Тәуекелдерді басқару процесінің мақсаты пайда табу және зияндарды болдырмау мақсатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдаланудың арасындағы теңгерімге қол жеткізу болып табылады. Аталмыш процесс корпоративтік басқарудың дамыған жүйесінің ажырамас бөлігі және басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

9. Қоғамға тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу дегеніміз қажетті инфрақұрылым мен мәдениетті дамыту және орнықтыру, сонымен бірге Қоғамның және еншілес ұйымдардың зияндардың алдын алу мен пайданы барынша ұлғайту мақсатындағы қызметінің, функцияларының немесе процестерінің барлық бағыттарына тән идентификациялаудың, талдаудың және бағалаудың, мониторингтің, тәуекелдерді басқарудың және бақылаудың логикалық және жүйелі әдістерін қолдануды қамтиды.

10. Қоғамның тәуекелдерді басқару процесінің негізгі элементі оның ұйым ерекшелігімен кірігуі, қызметі мен бизнес-жоспарының негізгі принциптері және тәуекелдерді басқару процесіне әрбір қызметкердің тартылуы болып табылады.

11. Саясат шеңберінде Қоғам өз қызметін жүзеге асыру барысында «Самұрық-Қазына ҰӘӘҚ» АҚ, еншілес ұйымдар және өзге бе мүдделі тараптар үшін тәуекелдерді жүзеге асыру мүдделері мен салдарларын ескереді.

12. Осы құжатта келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:


  • Тәуекелге деген тәбет – Қоғамның өз мақсаттарына жету үшін белгілі бір тәуекелдерді қабылдауға деген қабілеті мен мүддесі. Қоғам өзінің ұстап қалу қабілеті шегінде тәуекелге (мысалы, бір жобаның инвестициялар лимиті, қарыз алысу лимиті және т.б.) деген тәбетінің қолайлы шекарасын анықтайды.

  • Еншілес ұйым – елу пайыздан жоғары дауыс беру акциялары (қатысушылық үлесі) Қоғамның меншік құқығында болатын Ұйым.

  • Леверидж – қарыз капиталының меншікті капиталға қатынасы.

  • Тәуекел – алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін ықпал ететін әрекеттер мен оқиғаларға байланысты белгісіздікке тап болу.

  • Тәуекел менеджері – Қоғамның тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері.

  • Қоғамның тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшесі – тәуекелдерді басқару функциясы жүктелген тиісті Департамент.

  • Ұстап қалу қабілеті – Қоғам қандай да бір оқиғалардың болуы нәтижесінде өзінің қаржылық және бәсекелестік ұстанымы үшін елеулі зиян келтірмей жұтып қоя алатын бюджеттелмеген зияндардың мөлшері.

13. Саясат Қоғамның Директорлар кеңесінің бекітуіне және жылдық негізде тұрақты қайта қарауға жатады.
2. Тәуекел менеджментінің саясаты

14. Саясаттың негізгі мақсаттары келесілер болып табылады:



  • Самұрық-Энерго топтарын басқару элементі ретіндегі тәуекелдерді басқарудың біріктірілген процесін құру және тиімді кешенді жүйесін тұрғызу, сонымен қатар «Самұрық-Қазына ҰӘӘҚ» АҚ-ымен тәуекелдерді басқару рәсімдері мен әдістеріне біртұтас стандартталған көзқараспен өз қызметін тұрақты жетілдіру;

  • Самұрық-Энерго тобымен оның қызмет ауқымына барабар қолайлы тәуекелдерді қабылдауды қамтамасыз ету;

  • ұстап қалу қабілетін анықтау және қабылданған тәуекелдері тиімді басқаруды қамтамасыз ету;

15. Саясат келесі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:

  • жоспарлау және шешімдер қабылдау процесі үшін толыққанды база құру;

  • қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін заманауи идентификациялауға, бағалауға, талдауға, мониторингке, бақылауға негізделген тәуекелдерді басқарудың үздіксіз келісімді процесін қамтамасыз ету;

  • әлеуетті теріс оқиғаларды барынша азайтуға және алдын алуға мүмкіндік беретін басқару жүйесін енгізу және жетілдіру;

  • ресурстарды тиімді пайдалануды және таратуды арттыру;

  • зияндар мен залалдардың алдын алу, Самұрық-Энерго тобы қызметінің тиімділігін арттыру, Самұрық-Энерго тобы мен акционерлік капиталдың акивтерін қорғау;

  • бизнес-процесстердің тиімділігін, ішкі және сыртқы есептіліктігінің дұрыстығын қамтамасыз ету және заң нормаларының сақталуына қолдау көрсету.

16. Қоғамдағы Тәуекелдерді басқару – Корпоративтік тұжырымдамада берілген және 1-суреттегі сызбаға сәйкес құрамдас бөліктерден тұратын тұрақты, динамикалық және үздіксіз процесс.


Ішкі орта

Мақсаттарды айқындау




Мониторинг

Тәуекелдерді басқарудың

үздіксіз процесі

Тәуекелдерді табу



Тәуекелдерді басқаруды

бақылау


ТБЖ ақпараттық

мәліметтер базасы



Тәуекелдерді бағалау




Тәуекелдерді басқару






1 сурет: Тәуекелдерді басқару процесі


2.1. Ішкі орта

17. Ішкі орта Қоғамның тәуекелдерге деген жалпы қатынасы мен қызметкерлердің тәуекелдерге қалай назар аударып, қалай қарайтынын анықтайды. Ішкі ортаның тәуекелдерді басқару жүйесінің барлық басқа құрамдас бөліктеріне негіз болып табылады және оған тәуекел менеджментінің пәлсапасы, тәуекелдерге деген тәбет, басқару органы тарапынан бақылау, этикалық құндылықтар, қызметкерлердің құзыреті мен жауапкершілігі, Қоғам құрылымы, оның адами, қаржылық және басқа да ресурстарымен анықталатын мүмкіндіктері кіреді.

18. Қоғамның сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы (бизнес құрылымдарымен, әлеуметтік, реттеуші, басқа да мемлекеттік және қаржы органдарымен) ішкі ортада өзінің көрінісін табады және оның қалыптасуына ықпал етеді. Қоғамның сыртқы ортасы құрылымы жағынан күрделі болып табылады және бірі-бірімен өзара байланысқан түрлі салаларды қамтиды, жүйелі тәуекелдердің пайда болуына жағдай жасайды.

19. Қоғамның қызметі қызметкерлердің тәуекелдерді түсінуін және олардың тәуекелдерді басқарудағы жауапкершілігін арттыратын ішкі ортаны құруға бағытталған. Ішкі орта Қоғамның келесі принциптерін қолдауға тиісті:



  • Қоғам басшылығының тәуекелдерді кешенді көре білуін қолдау және шешім қабылдау барысында тәуекелдердің барлық түрлерін қарау және идентификациялау;

  • Қоғам деңгейінде жалпы Самұрық-Энерго тобының мақсаттарына анағұрлым жақсы жауап беретін тәуекелдер саласын бағалау және құру;

  • Басқару сатысының (Қоғам, Еншілес ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер және т.б.) тиісті деңгейлерінде тәуекелдерді басқару және тәуекелдер үшін жауапкершілік пен меншікті сезінуге қолдау көрсету. Алайда, тәуекел менеджменті жауапкершілікті өзгелерге арту дегенді білдірмейді;

  • Ішкі саясаттың, Қоғам рәсімдерінің, корпоративтік басқару жүйелерінің сәйкестігін бақылап отыру;

  • маңызды тәуекелдер мен тәуекелдерді басқару жүйесінің кемшіліктері туралы уақытылы ақпарат;

  • Тәуекелдерді басқару рәсімдері мен саясатының міндетті екендігін түсіну.

20. Қоғам тәуекелдерін басқару процесінің негізгі принциптері болып мыналар табылады:

  • тұтастық – Қоғам тобындағы тәуекелдердің жиынтық әлементтерін тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі тұрғысында қарау;

  • ашықтық – тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін автономиялы немесе оқшау ретінде қарауға тыйым салу;

  • құрылымдылық – тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесі айқын құрылымға ие;

  • хабардарлық – тәуекелдерді басқару нақты, дұрыс және өзекті ақпаратпен сүйемелденеді;

  • үздіксіздік – тәуекелдерді басқару процесі тұрақты негізде жүзеге асады;

  • кезеңділік – тәуекелдерді басқару процесі негізгі құрамдас бөліктері түзілген тұрақты қайталанып отыратын кезеңді білдіреді.

21. Қоғамдағы тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы Қоғамның келесі органдары мен бөлімшелерін тарту арқылы бірнеше деңгейдегі тәуекелдерді басқару арқылы беріледі: Директорлар кеңесі, Басқарма, тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелер, ішкі аудит қызметі, өзге де құрылымдық бөлімдер.

22. Бірінші деңгей Қоғамның Директорлар кеңесі арқылы беріледі. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесіне қадағалауды жүзеге асыруда түйінді рөл атқарады. Директорлар кеңесі Қоғам қызметінің мақсаттарын белгілеуді жүзеге асырады, сонымен бірге тәуекелге деген тәбет пен ұстап қалуға қабілеті бар, тәуекелдерді басқару саласындағы құжаттарды бекітеді. Директорлар кеңесі тұрақты негізде түйінді тәуекелдерді, осы түйінді тәуекелдерді басқаруды бағалау және тәуекелдерді басқару жөніндегі жоспарланған іс-шараларды қарайды. Директорлар кеңесі тиісті комитеттерді құру арқылы тәуекелдерді басқару саласындағы функциялардың бір бөлігін жүзеге асырады.



23. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару саласындағы келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Қоғам мақсаттарын (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) қою;

  • Тұжырымдаманы бекіту («Самұрық-Қазына» ҰӘӘҚ» АҚ Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің тұжырымдамасын қолдану туралы шешім қабылдайды);

  • Қоғам тәуекелдерін басқару Саясатын бекіту;

  • Қоғам тәуекелдерін басқару рәсімдері мен ережелерін бекіту;

  • Қоғам тәуекелдерін бақылау және мониторингі жөніндегі жауапкершілік деңгейлерін бекіту;

  • түйінді тәуекелшіл көрсеткіштерді бекіту;

  • тәуекелдер тіркелімін, тәуекелдер картасын және тәуекелдер мен бақылаулар матрицасын бекіту;

  • тоқсан сайын компанияның түйінді тәуекелдерін сипаттау және талдау арқылы тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысының есебі, сонымен қатар тәуекелдерді минимизациялау (төмендету) жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мәліметтерді қарау;

  • тәуекелдерді басқару жүйесі тиімділігінің көрсеткіштерін бекіту және жыл сайын тәуекелдерді басқару жүйесі тиімділігін бағалау;

  • Ішкі аудит қызметі жүргізген тексерістер нәтижелері мен тәуекелдерді басқаруды және ішкі бақылауды жақсарту жөніндегі сыртқы аудиторлардың тұжырымдарын талдау;

  • Директорлар кеңесі белгілеген есептілікті алу жолымен тәуекелдерді басқаруға мониторинг жүргізу;

  • анағұрлым маңызды тәуекелдер бойынша есептерді қарау;

  • тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі бойынша есептерді қарау;

  • Қоғамның қаржылық көрсеткіштерін бағалау және талдау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін Директорлар кеңесінің қаржылық және басқару есептілігін беру мерзімдері мен формаларын (нысандарын) анықтау;

  • Қоғамның ұстап қалу қабілеті мен тәуекелдерге деген тәбет деңгейін анықтау;

  • Қоғамның Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер арқылы қызметіне мониторинг жүргізу.

24. Тәуекелдерді басқару тиімділігін жүзеге асыру мақсатында Қоғам Директорлар ееңесі жанындағы Аудит бойынша комитетке келесі функциялар жүктеледі:

  • тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің жағдайы туралы сыртқы және ішкі аудиторлардың есептерін талдау;

  • Қоғам тәуекелдерін басқару жүйесін және ішкі бақылау құралдарының тиімділігін талдау, осы және аралық мәселелер жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

  • тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қатысты Қоғамның ішкі және сыртқы аудиторларының ұсынымдарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

  • Қоғамның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі тиісті жоспарлары мен бақылау мәселелері және елеулі тәуекелдерді қарау үшін Қоғам басшылығымен тұрақты кездесулер өткізу;

  • тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелері бойынша Қоғам рәсімдері мен саясатын алдын ала мақұлдау;

  • тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру бойынша Қоғам дайындаған іс-шаралардың (түзету (өзгерту) қадамдары) орындалу сапасы және нәтижелерін талдау.

25. Тиісті нормативтік актілермен анықталатын Директорлар кеңесін қолдау жөніндегі өкілеттілік пен функциялар жүктелуі мүмкін.

26. Екінші деңгей – корпоративтік саясаттарды қадағалауды және орындауды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бақылау құрылымын құрудың және тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыруға жауапты Қоғам Басқармасы. Басқарма Қоғам философиясы мен тәуекел менеджменті саясатын айшықтайтын «тәуекелдерді сезіну» мәдениетін құруға жауапты. Басқарма сонымен қатар қызметкерлер тәуекел менеджменті бойынша анық белгіліленген міндеттерге ие және өздерінің міндеттерін орындау үшін жауапты болатын тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құруға жауап береді. Басқарма тиісті комитеттерді құру арқылы тәуекелдерді басқару саласындағы функциялардың бір бөлігін жүзеге асыруға құқылы.



27. Басқарма тәуекелдерді басқару жүйесінің тұтастығын және функционалдығын келесі міндеттерді жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етеді:

  • Қоғам тәуекелдері Саясаты мен Тұжырымдамасын іске асыру;

  • әлеуетті тәуекелдерді бағалауға және идентификациялауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;

  • «Самұрық-Қазына» ҰӘӘҚ» АҚ-ы мен Директорлар кеңесіне бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес есептерді ұсыну;

  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің осы Саясат ережелерін сақтауын қамтамасыз ету;

  • Қоғамның тәуекелдерді төмендету мен барабар бақылауды қамтамасыз ететін және қажеттіліктеріне жауап беретін ұйымдық құрылымын бекіту;

  • Самұрық-Энерго тобындағы тәуекелдерді басқару жөніндегі есептерді қарау және өз құзыреті аясында тиісті шараларды қабылдау;

  • түйінді тәуекелдерді және оларды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін қарау;

  • тәуекел тәбетін, Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін лимиттер мен әр тәуекел бойынша толеранттылық (төзімділік) деңгейін келісу;

  • Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін түйінді тәуекелшіл көрсеткіштерді келісу;

  • Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін тәуекелдерді басқару құрылымы мен рәсімдерін, саясатын дамыту бойынша тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшелер ұсыныстарын қарау;

  • Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін тәуекелдер мен бақылау матрицасын, тәуекелдер картасын, тәуекелдер тіркелімін келісу;

  • Директорлар кеңесі бекіткен нормативтік құжаттар аясында Қоғамдағы тәуекелдерді басқару бойынша әдістер мен шұғыл назар аудару жөніндегі іс-шараларды және Самұрық-Энерго тобындағы кейбір іс-шараларды бекіту;

  • тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі регламенттер мен рәсімдерді жетілдіру.

28. Тәуекелдерді басқаруды тиімді ұйымдастыру мақсатында Қоғам Басқармасы жанынан тәуекелдер жөнінде комитет құрылды және оған Қоғам Басқармасын қолдау бойынша келесі міндеттер мен өкілеттілік жүктеледі:

  • Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралардың тиімділігі мен компанияның түйінді тәуекелдерін қарау;

  • Тәуекелдерді басқару жүйесі аясында Қоғамның ішкі құжаттарының жобасын қарау және алдын ала мақұлдау;

  • Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және ендіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарларды/бағдарламаларды орындаудың мониторингіне және әзірлеуге қатысу;

  • жүргізілген тәуекелдерді бағалау, идентификациялау нәтижелері бойынша құрылымдық бөлімшелер ұсынған тәуекелдерді басқару әдістерін анықтау;

  • жүргізілген идентификациялау, тәуекелдерді бағалау, сонымен бірге оларды басқару әдістерінің нәтижелері бойынша Басқармаға берілетін ұсыныстарды қарау және әзірлеу;

  • Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін тәуекелдерді басқару құрылымы мен рәсімдерін, саясатын дамыту бойынша тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшелер ұсыныстарын қарау;

  • Қоғамның Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін түйінді тәуекелшіл көрсеткіштерді келісу;

  • Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін тәуекел тәбетін, әр тәуекел бойынша толеранттылық деңгейі мен лимиттерін келісу;

  • Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін тәуекелдер мен бақылау матрицасын, тәуекелдер картасын, тәуекелдер тіркелімін келісу;

  • Тәуекелдер жөніндегі комитет қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарға сәйкес өзге де міндеттер.

29. Тәуекелдерді басқару процесіндегі үшінші деңгей Қоғамның тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшесі болып табылады және оның негізгі функциялары мыналар:

  • Самұрық-Энерго тобындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің қызметін үйлестіру;

  • Нақты және әлеуетті тәуекелдердің, тәуекелдердің күшейгенін білдіретін теріс тенденциялардың пайда болуын, тәуекелдерді туғызған факторлар талдауы мен болжанған зиян ауқымдарын бағалаудың мүмкін жағдайларын табу;

  • Қоғам тәуекелдерін басқару жүйесінің әдістемелік және нормативтік базасын әзірлеу және жетілдіру;

  • тәуекелдер мен бақылау матрицасын, тәуекелдер картасын, тәуекелдер тіркелімін әзірлеу процесін үйлестіру, кездесулер өткізуді қамтамасыз ету, мәліметтерді талқылау және директорлар Кеңесінің бекітуі мен тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің келісуіне материалдар жобасын ұсыну;

  • тәуекелдерді бағалау және талдау үшін пайдаланылатын тәуекел түрлері бойынша статистикалық мәліметтер базасын ұйымдастыру;

  • тәуекелдерді талдау нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;

  • белгіленген лимиттерді сақтауға бақылауды ұйымдастыру;

  • Самұрық-Энерго тобына кіретін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және біліми көмек көрсету;

  • Қоғамдағы және жалпы Самұрық-Энерго тобындағы тәуекелдерді басқару жөніндегі есептер жиынтығын дайындау;

  • Директорлар Кеңесі мен Басқарма әзірлеген және бекіткен саясаттарға, әдістермен рәсімдерге сәйкес Қоғам тәуекелдерінің мониторингі және өлшемін, бағасын анықтау;

  • белгіленген ішкі нормативтік актілерге сәйкес тәуекелдер жөніндегі есептілікті Қоғам Басқармасына ұсыну;

  • стресс және бэк-тестілеуді жүзеге асыру;

  • тәуекелдерді басқару бөлігінде сыртқы және ішкі реттеуші талаптарды сақтау мониторингі;

  • тәуекелдерді ескерту әдістері мен оны өтеу көздерін іздестіру;

  • тәуекелді талдау нәтижелері бойынша Қоғамға ұсынымдар беру;

  • Қоғам тәуекелдерін бақылау және басқару жүйесін күшейту мақсатында Қоғам саясаты мен рәсімдерін қарауға және оларды өзгерту жөніндегі ұсынымдар әзірлеуге қатысу;

  • тәуекел факторларын (себептерін) табуға септігін тигізетін қызметкерледі ынталандыру әдістерін әзірлеу;

  • тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі аудит қызметімен өзара әрекеттесу;

  • сонымен бірге Қоғам қызметінің ерекшелігіне жауап беретін өзге де міндеттер.

30. Тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің өкілеттігі, жауапкершілігі және ұсынылатын есептіліке қойылатын талаптар осы Ереже мен тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде және тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында қарастырылған.

31. Тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімше қызметкерлері тәуекелдерді басқару жүйесінің міндеттері мен мақсаттарын тиімді жүзеге асыру үшін Қоғамның басқа да бөлімшелері мен Еншілес ұйымдарымен, сонымен бірге Қоғамның сыртқы және ішкі аудиторларымен өзара әрекеттесуі қажет;

32. Тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімше қызметкерлері осы Ереже мен аталған қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында көрсетілген функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қоғамның құжаттарына, ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.

33. Тәуекелдерді басқару процесінде Қоғамның Ішкі аудит қызметі келесі негізгі функцияларды жүзеге асырады:



  • тәуекелдерді бағалау жөніндегі әдістемелігі мен тәуекелдерді басқару рәсімдерінің, сонымен бірге тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау аудиті;

  • Қоғамның Директорлар кеңесі үшін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесі бойынша есептерді ұсыну, оның ішінде тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесіне қатысты ішкі аудит қызметінің кез келген ұсынымдарын жүзеге асыру прогресін сипаттау;

  • бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес өзге де функциялар.

34. Тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымында маңызды элементтердің бірі әрбір қызметкер тұлғасындағы Қоғамның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Құрылымдық бөлімшелер (тәуекелдердің меншік иелері) тәуекелдерді басқару процесінде түйінді рөл атқаратынын түсінуі тиіс. Қоғам қызметкерлері күнделікті негізде тәуекелдермен жұмыс істейді, оларды басқарады және өздерінің функционалдық міндеттері саласына олардың әлеуетті ықпалына мониторинг жүргізеді. Құрылымдық бөлімшелер өз қызметі саласындағы едәуір тәуекелдерді уақытылы тауып, олар туралы тәуекел менеджерлерін хабарландыруға және іс-шаралар жоспарына енгізу үшін тәуекелдерді басқару жөніндегі ұсыныстарын беруге жауапты болады.

35. Тәуекелдерді басқару процесіндегі Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі функциялары келесілер болып табылады:



  • тұрақты негізде тәуекелдерді идентификациялау;

  • өз құзыреті шеңберінде нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу;

  • тәуекелдерге шұғыл назар аудару жөнінде бекітілген іс-шараларды жүзеге асыру;

  • тәуекел-коммуникациялардың даму процесіне септігін тигізу;

  • тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшенің одан әрі зияндар мен жазатайым оқиғалардың Шоғырландырылған мәліметтер базасына ақпараттар беру арқылы зияндар мен жазатайым оқиғалардың мәліметтер базасын қалыптастыру.

36. Қоғамдағы тәуекелдерді басқару құрылымы барабар ақпараттар ағынын – көлденеңінен де, да тігінен де қамтамасыз етеді. Оның ішінде төменнен жоғарыға келіп түсетін ақпарат Директорлар кеңесі мен Қоғам Басқармасын мына мәліметтермен: ағымдағы қызметі туралы, қызмет барысындағы қабылдан тәуекелдер және оларды бағалау, бақылау назар аудару әдістері мен оларды басқару деңгейлері туралы қамтамасыз етеді. Жоғарыдан төменге бағытталған ақпарат мақсаттарды, стратегияларды және қойылған міндеттерді ішкі құжаттарды, регламенттер мен тапсырмаларды бекіту жолымен жеткізуде қамтамасыз етеді. Көлденеңінен апарат беру дегеніміз Қоғамның ішкі құрылымдық бөлімшелерінің және «Самұрық-Қазына» ҰӘӘҚ» АҚ тобы мен Самұрық-Энерго тобындағы тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекетін білдіреді.
2.2. Мақсаттарды айқындау

37. Қоғам қызметінің мақсаттары стратегиялық деңгейде анықталады және операциялық мақсаттарды әзірлеу үшін негізді белгілейді. Қоғамның сыртқы және ішкі көздер тәуекелдерінің ықпалына бейілді және тиімді идентификациялау, бағалау және тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлеудің негізгі шарты мақсаттар қою болып табылады. Ұйымның мақсаттары мен міндеттері Қоғамның тәуекелге деген тәбетімен келісіледі.

38. Жетістікке жету үшін теріс ықпалын тигізуі мүмкін әлеуетті тәуекелдерді идентификациялау арқылы мақсаттар анықталады. Тәуекелдерді корпоративтік басқару Қоғамның тәуекелдерге деген тәбетіне сәйкес және мұратымен (миссиясымен) келісілген Қоғамдағы мақсаттар мен міндеттерді айқындау процесінің жүріп жатқанынан көз жеткізеді.

39. Қоғам жыл сайын немесе мүмкіндігінше мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етуі мүмкін оқиғалармен және баламалармен байланысты тәуекелдерді анықтайды және өз мақсаттарына қол жеткізетін баламалы жолдарын белгілейді. Мұндай талдау тәуекелдерді идентификациялау үшін негіз болады.

40. Қоғам қызметінің қаржылық болжамдары негізгі көрсеткіштерді өзгертудің оптимистік және реалистік, пессимистік сценарийлерін ескере отырып құрылады және Қоғамның Директорлар кеңесімен бекітіледі.

41. Мақсаттары анықталған Қоғам тәуекелдері соңынан Қоғамның өкілетті органдарымен бекітілетін стратегиялық даму бағыттары мен ұзақ мерзімді стратегияларды, даму жоспарларын, бизнес-жоспарларды әзірлеу жолымен Қоғам қызметін қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді уақытқа стратегиялық жоспарлау жүйесін пайдалану арқылы төмендетілуі мүмкін.

42. Тәуекелдердің маңыздылығы шекарасын, сонымен бірге тәуекелдерді ауыстыру жөніндегі келісімшарттардың өлшемдерін анықтау мақсатында корпоративтік ұстап қалу (ұстап қалу қабілеті) деңгейінің есебі жүзеге асыралады.

43. Қоғам тәуекелдер мен тәуекелдерге деген тәбетіне, яғни өз мақсаттарына қол жеткізу үшін өзіне тәуекелдерді қабылдау қабілетіне қатысты өзінің ұстап қалу қабілетінің деңгейін белгілейді. Қоғамның ұстап қалу қабілетін бағалау тәуекелдерге деген тәбетін анықтау үшін негіз болып табылады. Ұстап қалу қабілеті сапалық деңгейде де, дәл солай баға санын пайдалану бойынша да белгіленуі мүмкін.

44. Ұстап қалу қабілеті тәуекелдерді басталуы мыналарды бұзуға әкелмейтінін ескеру арқылы есептеледі:


  • табыстылығын – жиынтықталған зияндар төмендегіден артпауы тиіс:

- 3-тен жоғары Левридж деңгейіндегі салық салуға дейінгі табыстың 10 %-ы;

- 3-ке дейінгі Левридж деңгейіндегі салық салуға дейінгі табыстың 7,5 %-ы;

- 2-ге дейінгі Левридж деңгейіндегі салық салуға дейінгі табыстың 5%-ы;

- 1-ден аз Левридж деңгейіндегі салық салуға дейінгі табыстың 2,5 %-ы;



  • ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын – жиынтықталған зияндар акционерлер капиталының (немесе меншікті капиталдың) 2 %-дан артық кемуіне әкеліп соқпауы тиіс;

  • өтімділігін – жиынтықталған зияндар негізгі қызметтің ақша ағынынан 5 %-дан аспауы тиіс.

45. Бірнеше жылдың қаржы көрсеткіштерін пайдалану кездейсоқ толқындарды болдырмауға мүмкіндік беретін мерзім ішіндегі орта есеппен өлшенген көрсеткіштерді есептеу үшін орынды (мақсатқа сай) болып табылады.

46. Одан соң орта есеппен өлшенген көрсеткіштер шекті көрсеткіштерге көбейтіледі, соған сай табыстылыққа, ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылыққа және өтімділікке, бұл осы үш көрсеткіш бойынша ұстап қалу қабілетінің шекті көрсеткіштерінің өлшемдерін алуға мүмкіндік береді. Үшеуінің ең аз мәні тәуекелдерге қатысты ұстап қалу қабілетінің шекті өлшемі ретінде белгіленеді.

47. Ұстап қалудың жұмыс қабілеті келесі факторлар шегерімінің ұстап қалу қабілеті ретінде белгіленеді:


  • жоғары ықтималдылықпен басталатын ағымдағы операциялық зияндардың жалпы өлшемі. Қоғам өз қызметінде іс тәжірибесінде көрсеткендей компанияның жалпы шығысының жеткілікті тұрақты пайызын құрайтын қызметімен (мысалы, механикалық сыныққа байланысты құрал-жабдықтарды жоспардан тыс жөндеу, мерзімі өтіп кеткен төлемдер өсімақысындағы бағамдық айырмашылықтар, қызметкерлер қосымша өтемақылар төлеу және т.б.) байланысты белгілі бір бюджеттелмеген зияндардан қашып құтыла алмайды;

  • түрлі тәуекелдердің (бір мезгілде бірнеше ірі тәуекелдердің басталуы) мүмкін болатын шоғырлануы. Ол басталу ықтималдылығы 25%-дан жоғары болатын ірі оқиғалар саны негізінде белгіленеді.

48. Осыға сәйкес ұстап қалу қабілетінің көрсеткіші ағымдағы операциялық шығыс сомасымен түзетіледі және қалған сома тәуекелдердің мүмкін болатын шоғырлануын айшықтайтын оқиғалар санына бөлінеді.

49. Бақылау тәуекелдерді басқарудың және анықтаудың жалпы процесінің аясында Қоғамның ішкі аудит қызметімен жүргізіледі.

50. Тиісті ұсыныстар мен ұстап қалу қабілетін есептеу тәуекелдерді басқарудың құрылымдық бөлімшесімен дайындалады және Қоғамның Директорлар кеңесі есебінің құрамдас бөлігі болып табылады.

51. Қоғамның ұстап қалу қабілеті жөніндегі барлық нәтижелер мен ұсыныстар мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, соның ішінде стратегияға, жоспарлауға, корпоративтік қаржыландыруға және т.б. жауапты бөлімдермен келісілуі тиіс.

52. Ұстап қалу қабілетінің алынған көрсеткіші тәуекелдерді басқару жөніндегі әрі қарай қабылданатын шешімдердің негізі ретінде қабылданады.

53. Қоғам тәуекелдерді меншікті ұстап қалу қабілетін келесілердің есебінен қамтамасыз етеді:



  • бюджеттелмеген зияндарды жабуға арналған резервтік қор құру;

  • өз теңгеріміне бюджеттелмеген зияндарды қабылдау (яғни, зияндарды ағымдағы ақша ағыны немесе меншікті капиталды есебінен олардың басталуына қарай қаржыландыру).

54. Осылайша, тиісті аударымдар немесе шығындар қажеттілігіне қарай меншікті ұстап қалу және қалыптастыру құрылымын анықтау тәуекелдерді басқарудың жалпы процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
2.3. Тәуекелдерді идентификациялау

55. Тәуекелдерді идентификациялау – олардың басталуы жоспарланған мақсаттарға қол жеткізу және қойылған міндеттерді жүзеге асыру қабілетіне теріс әсер ететін Қоғамның тәуекелдер ықпалына бейілділігін анықтау.

56. Қоғамның тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі бар тәуекелдер бойынша бүтін бейнесін көрсетуге және жүргізілген тәуекелдерді талдау сапасын көтеруге септігін тигізетін тәуекелдердің кең спектрін табуға және оларды кешенді түрде қарауға бағытталған.

57. Қоғам тұрақты негізде тәуекелдердің ең көп (максималды) спектрін табу, қоршаған тәуекелдер туралы хабардарлықты арттыру және ұйымның тәуекел мәдениетін дамытуға ынталандыру мақсатында барлық құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуы арқылы тәуекелдерді идентификациялау жүргізеді.

58. Тәуекелдерді идентификациялау үшін Қоғам тәуекелдерін идентификациялаудың және бағалаудың Ережелерінде егжей-тегжейлі сипатталған алға қойылған мақсаттар мен міндеттер негізінде тәуекелдерді идентификациялау, салалық және халықаралық салыстырулар, саминарлар мен талқылаулар, сұхбаттасулар, болған зияндардың мәліметтер базасы және т.б. секілді түрлі әдістемелер мен құрал-саймандардың комбинациясы пайдаланылады.

59. Идентификацияланған тәуекелдер мен оқиғалар тәуекелдер тіркелімі түрінде (ныанында, формасында) жүйеленеді. Қоғамның тәуекелдер тіркелімі өз қызметінде Қоғамның ұшырасуы мүмкін, сонымен бірге тәуекелдердің мүмкін болатын жүзеге асырылуының түрлі сценарийлері кіретін тәуекелдер тізімі болып табылады. Әр тәуекел бойынша тәуекел жеке меншік иесі анықталады, яғни өз функционалдық міндеттеріне қарай осы тәуекелмен ісі болатын құрылымдар. Тәуекелдер тіркелімі жаңа тәуекелдерді табу мүмкіндігі бойынша тұрақты негізде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен толықтырылады.

60. Идентификацияланған тәуекелдерді жүйелеу келесілерге мүмкіндік береді:


  • тәуекелдер бағдарын (бизнес-процестер, құрылымдық бөлімшелер, жобалар және т.б. бойынша) салыстыруды жақсартуға мүмкіндік беретін тәуекелдердің жіктелімдік және сандық бағалауында дәйектілікке қол жеткізуге;

  • тәуекелдерді сандық бағалау технологиялары және анағұрлым күрделі құрал-саймандар түзудің тұғырнамасын ұсынуға;

  • Қоғамдағы тәуекелдерді келісімді басқару және бақылау мүмкіндігін ұсынуға.

61. Тәуекелдерді бағалау және идентификациялау нәтижелері іс-шараларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, сыни тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сыни тәуекелдер туралы ақпаратты қамтитын негізгі тәуекелдер туралы Есеп түрінде Қоғамның Директорлар кеңесіне және Басқармасына, сонымен бірге тиісті комитеттерге (Қоғамның тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелерімен дайындалады) ұсынылады.

62. Тәуекелдер жіктелімі үшін келесі санаттар бойынша тәуекелдер тобы пайдаланылады (әбден тәптіштелген жіктелім 1-қосымшада беріліп отыр):



  • стратегиялық тәуекел – Қоғам дамуы мен қызметінің стратегиясын жүзеге асыру және анықтау, саяси орта мен аймақтық конънктурасының өзгеруі, салалық төмендеу және басқа да жүйелі түрдегі сыртқы факторлар барысындағы қателіктер немесе өзгерістер салдарынан зияндардың пайда болу тәуекелі;

  • қаржылық тәуекелдер – Қоғам капиталының құрылымымына, табыстылықтың төмендеуіне, валюталық бағамдардың толқындарына, несиелік тәукелдерге, пайыздық мөлшерлемелердің толқынына және т.б. байланысты тәуекелдерді қамтиды;

  • құқықтық тәуекел – Қоғамның Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге – басқа мемлекеттер заңнамасына, сонымен қатар ішкі ережелер мен рәсімдерге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамауы салдарынан пайда болған зияндар тәуекелі;

  • операциялық тәуекел – қызметкерлер тарапынан, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жұмыс істеуінен, сонымен бірге сыртқы оқиғалардың салдарынан ішкі процестерді жүзеге асыру барысында жіберілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде зияндардың пайда болу тәуекелі.


2.4. Тәуекелдерді бағалау

63. Тәуекелдерді бағалау және идентификациялау анағұрлым «әлсіз» жақтарын анықтау үшін базалық дәреже беруді (рангілеу) жүзеге асыру жолымен бар тәуекелдер мен олардың өлшемдері бойынша жалпы көріністі беруге бағытталған. Аталмыш процесс пайдаланылған негізгі тәуекелдерді басқару рәсімдері мен әдістерін бағалауға мүмкіндік береді.

64. Тәуекелдердің мүмкін болатын ықпалы мен жүзеге асу ықтималдылығын бағалау тәуекелдер туралы түсініктерді дамытуға мүмкіндік береді, белгілі бір тәуекелді басқару қажеттілігі туралы шешімдерді қабылдау үшін қажетті, сонымен бірге оны қысқарту жөніндегі анағұрлым лайықты және экономикалық тиімді стратегиялар туралы ақпараттық базаны ұсынады.

65. Тәуекелдерді бағалау процесі Қоғам қызметі мен оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге теріс ықпал ететін елеулі (сыни) тәуекелдерді бөліп алу мақсатында жүргізіледі. Бұл тәуекелдер осы тәуекелдер бойынша бақылау және басқару туралы шешімдерді қабылдауға тиісті Директорлар кеңесінің қарауына шығарылуы қажет.

66. Қоғамдағы тәуекелдерге бағалау және талдау жүргізу шеңберінде тәуекелдерді басқару процесінің әдістемелік базасын құрайтын сапалық, сандық талдаулар мен олардың комбинациясы пайдаланылады.

67. Тәуекелдерді бағалау әр тәуекелдің пайда болу себептері мен көздерін, оларды жүзеге асыру барысындағы теріс зардаптарын және белгілі бір оқиғаның болу ықтималын қамтиды.

68. Бастапқыда тәуекелдерді бағалау сапалы негізде, содан соң анағұрлым елеулі тәуекелдер үшін сандық бағалау өткізіледі. Сандық бағалауға көнбейтін және оларды модельдеу немесе осындай модельдерді тұрғызу үшін сенімді статистикалық ақпарат жоқ тәуекелдер үшін шығындар тұрғысынан мақсатқа сай емес, тек сапалы негізде бағаланады. Сандық бағалау анағұрлым дәл сараптамалық мәліметтерді алуға мүмкіндік береді, әсіресе, тәуекелдерді қаржыландыру әдістерін әзірлеу басырында пайдалы.

69. Барлық идентификацияланған және бағаланған тәуекелдер тәуекелдер картасында көрініс табады. Тәуекелдер картасы әр тәуекелдің (басқа тәуекелдермен салыстыру бойынша) салыстырмалы маңызын бағалауға, сонымен бірге сыни болып табылатын тәуекелдерді бөліп алуға мүмкіндік береді және оларды басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді талап етеді.

70. Қоғамдағы тәуекелдерді кешенді түрде идентификациялау және бағалау Қоғам тәуекелдерін идентификациялау және бағалау Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

71. Қоғаммен жеке тәуекелдерді бағалау VAR, гэн-талдау, тарихи сылтаурату әдісі, стресс-тестілеу және т.б. секілді түрлі сандық әдістерді пайдалана отырып жүргізіледі. Бағалау тәртібі тәуекелдерді басқарудың тиісті ережелерімен және Қоғамның басқа да ішкі нормативтік құжаттарымен регламенттеледі.


2.5. Тәуекелдерді басқару

72. Қоғам тәуекелге назар аудару әдістерін анықтайды және Қоғамның ұстап қалу қабілеті мен оның тәуекелдерге деген тәбетімен келісілген елеулі (сыни) тәуекелдерді басқару жоспарын әзірлейді.

73. Тәуекелдерді басқару дегеніміз Қоғам қызметінің тәуекелдерімен байланысты зияндардың басталуы кезінде қаржылық өтемақы алу үшін немесе зияндар ықтималы мен теріс әсерін азайтуға мүмкіндік беретін шараларды дайындау және жүзеге асыру процесін білдіреді. Процестің тиімділігін қамтамасыз ету үшін және оны жүзеге асыруға жұмсалатын шығындарды төмендету үшін Қоғам назарын қаржылық жағдайы мен мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге елеулі ықпал ететін тәуекелдерге аудару керек. Тәуекелдерді басқару жөніндегі қабылданған шешімдер Қоғамның Директорлар кеңесімен немесе Басқармамен қаралады және бекітіледі, сонымен қатар Қоғамның барлық құрылымдық бөлімдері үшін орындау үшін міндетті болып табылады.

74. Қалдық тәуекелдердің қолдануға лайық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерге назар аудару әдістерін таңдау және сыни тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу келесі опцияларды қамтиды:



  • тәуекелдерді азайту және бақылау – мүмкін болатын зияндар деңгейін төмендету мақсатында тәуекелді жүзеге асырудан болған зардаптарды немесе пайда болу себептерін өзгерту және азайтуға қарай тәуекелді жүзеге асыру ықтималдылығы дәрежесін өзгертуді қамтитын тәуекелді жүзеге асыру жағдайында іс-әрекеттерді жоспарлау мен алдын алу іс-шараларын пайдалану жолымен тәуекелге әсер ету;

  • Қоғам үшін рұқсат етілген тәуекел деңгейін ұстап қалуды/қабылдауды білдіреді және Қоғам оның мүмкін болуын қабылдайды, сонымен бірге оны азайту жөніндегі іс-шараларды қабылдағаннан кейінгі қалдық тәуекелдерді қабылдау мүмкіндігі;

  • Тәуекелдерді қаржыландыру – тәуекелді беру/бөліп алу немесе тәуекелді басқа тарапқа жекелеп беру жауапкершілік пен міндеттемелерді бөліп алуға мүмкіндік беретін түрлі механизмдерді (келісімшарттар, сақтандыру келісімдерін жасасу, құрылымды анықтау) пайдалануды қамтиды;

  • Тәуекелдің пайда болу көзі болып табылатын әрекетті қабылдау немесе жалғастыруға қарсылық білдіру шешімін қабылдау жолымен тәуекелден кету (таю)/тәуекелден қашу.

75. Тәуекелдерді бақылау және азайту келесіге бағыталған іс-шараларды білдіреді:

  • Зияндардың алдын алу – білгілі бір тәуекелдің (зиянның) басталу ықтималдығын қысқарту;

  • Зияндарды бақылау – тәуекел басталған жағдайда зиян мөлшерін қысқарту;

  • Диверсификация – тәуекелді әлеуетті ықпалын төмендету мақсатында бөлу.

76. Тәуекелдерді бақылау және азайту әдісі зияндардың басталу мүмкіндігін азайтуға бағытталған Қоғамдағы процестер мен рәсімдерді енгізуді білдіреді.

77. Қоғамның қаржылық тәуекелдерін азайту және бақылау әдісі корпоративтік контрагенттерге лимиттер белгілеу және мониторингі Ережелеріне, банк-контрагенттерге тікелей және шартты міндеттемелер бойынша лимиттер белгілеу Ережелеріне, елдік лимиттерді белгілеу Ережелеріне және т.б. сәйкес қабылданатын тәуекел деңгейіне лимиттер белгілеуді білдіреді.

78. Қоғамның құқықтық тәуекелдерін азайту және бақылау әдісі оларды қабылдауға қажетті шараларды әзірлейтін және Қоғам қызметіне өзгерістердің ықпалын бақылайтын мүдделі құрылымдық бөлімдермен бірге құқықтық мәселелерге жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімінің заңнама өзгертулеріне мониторинг жүргізуі болып табылады. Қоғамның ішкі рәсімдерін реттейтін немесе Қоғамда соларға сәйкес міндеттер пайда болатын кез келген құжат Қоғамның құқықтық мәселелерге жауапты құрылымдық бөлімінде міндетті сараптамадан өтуі керек.

79. Қоғамның стратегиялық тәуекелін азайту және бақылау қорытындылары бойынша түзету шаралары қабылданатын, соның ішінде ішкі және сыртқы ортада өзгерістерді көрсету үшін бекітілген стратегиялар мен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды орындау мониторингі жолымен жүзеге асырылады.

80. Қоғамдағы операциялық тәуекелдерді азайту және бақылау белгіленген бизнес-процестерге талдау жүргізу және операциялық тәуекелдерді басқару Ережелеріне сәйкес оларды жетілдіру бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеу жолымен жүзеге асырылады.

81. Тәуекелдерді азайту және бақылау бойынша қолданылған әдістер компания шығындарымен байланысты болған жағдайда және бұл шығындар елеулі болып табылса, келесі талдау жүргізіледі:



  • осы іс-шаралар қаншалықты қажетті болып табылады және олар тәуекелдерді ұстап қалу және/немесе қаржыландыру (ауыстыру) есебінен төмендетіле ме;

  • тәуекелдерді ұстап қалу/ауыстыру құнымен салыстырғанда іс-шараларға жұмсалатын шығындардың баламалы құны қандай.

82. Тәуекелдерді ұстап қалу: Түйінді тәуекелдерді табу және бағалау барысында Қоғамның ұстап қалу қабілеті есептеледі.

83. Ұстап қалу қабілеті Қоғамның ағымдағы табысы және бұрынғы жылдарда бөлінбеген және жоспарланбаған зияндарға (яғни, тәуекелдердің басталуы салдарынан компания табысын тікелей азайтатын зияндар) тура аллокациясы жоқ табыстың есебінен қалыптастырылады.

84. Қоғамның ұстап қалу қабілетін тәуекелдер бойынша тарату тәуекелдерді ауыстыру құны мен әр тәуекелдің ықпалын талдауға негізделеді, яғни тәуекелдерді ауыстыру құны неғұрлым қымбат болса, соғұрлым осындай тәуекел үшін бағытталған ұстап қалу үлесі жоғары болады.

85. Тәуекелдерді қаржыландыру (ауыстыру) келесі құрал-саймандарды қамтиды:



  • сақтандыру («таза» тәуекелдер үшін – басталуы өзінің соңынан тек зияндар әкелетін және табыс алуға әкелмейтін тәуекелдер);

  • хеджерлеу («алып-сату» тәуекелдері үшін – жүзеге асырылуы қалай зияндарға әкеп соқтырса, солай табыстарға да әкеп соқтыратын тәуекелдер);

  • келісімшарт бойынша тәуекелді ауыстыру (келісімшарт құнын тиісті түрде арттыру немесе қосымша сыйақы үшін контрагентке тәуекелге жауаптылықты ауыстыру);

  • шартты несиелік желі – белгілі бір оқиғалардың басталуы барысында келісілген шарттар бойынша банктік қаржыландыруға қол жеткізу;

  • тәуекелдерді қаржыландырудың басқа баламалы әдістері.

86. Осы құрал-саймандардың негізгі ерекше белгілері тәуекел үшін «төлемақының» болуы, осыған сәйкес ол осы құралды Қоғам шығыстарын төмендету мақсатында оңтайлы қолдануды талап етеді.

87. Тәуекелден кету/тәуекелден қашу Қоғам үшін теріс зардаптарға әкеп соқтыратын операцияларды жүзеге асырудан бас тартуға немесе тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттерді қамтиды.

88. Анағұрлым қолайлы опцияларды таңдау белгілі бір әдістермен байланысты, оны пайдалану ерекшелігімен және басқа да тікелей және жанама шығындардың теңгерілуін ескере отырып жүргізіледі.

89. Тиісті шараларды және тәуекелдерге назар аудару әдістерін қолдану сыни тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарында сипатталады. Аталмыш жоспар өзіне қажетті әрекеттер мен жауапты орындаушылардың тізімін қамтиды.



2.6. Бақылау іс-әрекеттері

90. Түйінді тәуекелдерді және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды анықтағаннан кейін тәуекелдерге бейім негізгі бизнес-процесстер анықталады. Тиісті бақылау іс-әрекеттерді енгізу мақсатына сай және қажеттілігін анықтау үшін бизнес-процесстерге қадамдық талдау жүргізіледі. Одан басқа, тәуекелдерді басқару жөніндегі жоспарланған іс-шаралардағ талдау жүргізіледі және осындай іс-шараларды тиімді орындауды қамтамасыз етуге қажетті көрсеткіштер мен бақылау іс-әрекеттері анықталады. Көп жағдайда бақылау іс-әрекеттері өз алдына тәуекелдерді басқару әдісі болып табылады.

91. Бақылау іс-әрекеттері – тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге көмектесетін саясат пен рәсімдер. Бақылау іс-әрекеттері Самұрық-Энерго тобына кіретін ұйымдардың барлық деңгейлеріндегі бизнес-процестерге қосылған. Бақылау іс-әрекеттері мақұлдау, авторлау, верификация, келісу, операциялар өткізу талдауы, активтер қауіпсіздігі және міндеттерді бөлу секілді шаралардың кең спектрін қамтиды.

92. Бизнес-процестердің талдауын жүргізу және қосымша бақылау іс-әрекеттерін енгізу мақсаттылығы мен қажеттілігін анықтау, бақылау іс-әрекеттерін әзірлеу және тәуекелдерді басқару шаралары жөніндегі көрсеткіштер бойынша жауапкершілігі тәуекелдер жеке меншік иелеріне – Қоғамның тиісті құрылымдық бөлім бастықтарына жүктеледі.

93. Қоғамдағы негізгі нәтижелер мен тәуекелдерді басқару процесінің қорытындылары тәуекелдерді басқаруға жацуапты құрылымдық бөлімдер мен тәуекелдер иелерінің бөлімдері қалыптастырған тәуекелдер мен оларға назар аудары жөніндегі іс-шаралар бойынша тұрақты есептілік (жиынтық есеп) түрінде көрсетіледі.

94. Қоғамдағы тәуекелдер бойынша тұрақты есептілік негізінде ағымдағы тәуекелдер мен тәуекелдерге назар аудару жөніндегі шаралардың орындалуына бақылау жүргізіледі.


2.7. Ақпарат және қатынас

95. Тәуекелдерді басқару жүйесінің әр құраушысын жүзеге асыру процесінде Қоғамның құрылымдық бөлімдері арасында ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі. Тәуекелдерді басқару жүйесі аясында дайындалған барлық материалдар мен құжаттар өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын енгізеті мүдделі бөлімдермен келісіледі. Директорлар Кеңесінің қарауына жылына бір реттен сирек емес: Қоғамның ұстап қалу қабілеті мен тәуекелдерге деген тәбеті бойынша ұсыныстар, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары мен түйінді тәуекелдер талдауы ұсынылады.

96. Қоғамдағы ақпарат пен коммуникация тәуекелдерге назар аудару жөніндегі құрал-саймандар мен әдістер, тәуекелдер туралы хабардарлықтың деңгейін көтереді, тәуекелдер туралы уақтылы және дұрыс ақпаратпен тәуекелдерді басқару процесіне қатысушыларды қамтамасыз етеді. Тиісті ақпарат қызметкерлердің өз міндеттерін тиімді орындауына мүмкіндік беретін формада және мерзімде анықталады, тіркеледі және ұсынылады.

97. Қоғам бөлімдері үнемі мониторинг жүргізеді және орын алған зияндар туралы тәуекелдерді басқаруға жауапты бөлімді хабардар етеіп отырады. Осындай әр жағдай бойынша зияндардың пайда болу себептеріне талдау жүргізіледі және келешекте осындай оқиғалардың алдын алу жөнінде шаралар қабылданады (зияндарды тіркеу жүйесі).

98. Қоғамның еншіліс және тәуелді ұйымдары бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес Қоғамның Директорлар Кеңесі мен Басқарамасын ақпараттандыру және шоғырландыру мақсатында тәуекелдер туралы ақпаратты беріп отырады. Сонымен қатар тәуекелдер туралы шоғырланған ақпарат «Самұрық-Қазына» ҰӘӘҚ АҚ жіберіледі.

99. Қоғам серіктестерінің, несие берушілерінің, сыртқы аудиторлардың, ретингтік агенттіктердің және басқа мүдделі тараптардың назарына Қоғам қызметінің ауқымы мен сипатын ашатын ақпараттың (оның ішінде жылдық есеп құрамындағы) егжей-тегжей дәрежесіне сәйкестігін қамтамасыз ете отырып тәуекелдерді басқару жөніндегі ақпаратты ұсынады.


2.8. Мониторинг

100.Қоғамда тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесіне мониторинг (басқару әдістері мен тәуекелдерді бақылау құралдарын қоса) және қажеттілігіне қарай оны модификациялау (үлгісін өзгерту) және жетілдіру іске асырылады. Мониторинг тұрақты түрде жылына бір реттен кем емес жүргізіліп тұрады.

101. Қоғам Директорлар Кеңесі белгілеген ережелер мен қағидаларға, саясаттарға, негізгі принциптерге, сонымен бірге «Самұрық-Қазына» ҰӘӘҚ» АҚ тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің Концепциясына (Тұжырымдамасына) сәйкес өз тәуекелдерін бақылайды және мониторинг жүргізеді.

102. Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі мониторингі бүкіл бизнес-процестің маңызды бөлігі болып табылады және осындай жүйе мен оның құраушыларын жүзеге асырудың бар болуымен бағаланады. Мониторинг тәуекелдерді басқару жүйесі мен мақсатты тексерулер рәсімдері мен іс-шараларының, саясатының орындалуын қадағалайды. Мақсатты тексерулердің жиілігі мен ауқымы тұрақты мониторинг тиімділігі мен тәуекелдерді бағалауға тәуелді. Тәуекелдерді басқару жүйесінің кемшіліктері Қоғамның Директорлар Кеңесі мен Басқарма назарына жеткізілуі тиіс.

103. Қоғам Директорлар Кеңсі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіткеннен соң, тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлім әр іс-шараның орындалу мерзіміне сәйкес іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

104. Басқарма Қоғамдағы тәуекелдерді басқару туралы, оның ішінде шоғырландырылған негізде Қоғамның Директорлар Кеңесінің қаруына және бекітуіне есебін уақтылы береді.

105. Қоғам құрылымындағы атқарушы орган мен ішкі аудит Қызметінің арасындағы өзара әрекет Қоғам қызметімен байланысқан негізгі тәуекелдері бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында корпоративтік басқару принциптеріне негізделген.

106.Қоғамның құрылымдық бөлімдері мен Басқарма жұмысы тәуекелдерді басқару жүесінің тиімділігінің мәні бойынша (тәуекелдерді бақылау құралдары мен басқару әдістерін қоса) және тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылау жүйесі жағынан ішкі аудит қызметінің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер Қоғамның ішкі аудит Қызметімен тексеріледі.

107. Директорлар Кеңесіне берілетін тәуекелдерді басқару туралы есепте Қоғам тәуекелдерінің өлшемдері туралы ақпарат, сонымен бірге Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген нормативтер мен лимиттерді, тәуекелдерді (бар болған жағдайда) басқару саласындағы реттеуші талаптарды сақтау турады ақпарат мазмұндалуы қажет.

108. Тәуекелдерді басқару жүйсенідегі ішкі аудит және тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылаудағы кемшіліктерді жою жөніндегі жоспарлардың орындалуы тексеру Қоғамның Директорлар Кеңесімен бекітілген ішкі аудит қызметінің Жылдық аудиторлық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ішкі аудит осы процесті реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.



«Самұрық-Энерго» АҚ

тәуекелдерді басқару Саясатына

1 Қосымша.

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдер жіктелімі

Стратегиялық

тәуекелдер


Реттелетін тәуекелдер

Стратегиялық шешімдерді жоспарлау және қабылдау

Нарықтық тәуекелдер

Беделдік тәуекелдер

Кірістер

Қаржылық

тәуекелдер


Бағалық тәуекелдер

Валюталық тәуекелдер

Пайыздық тәуекелдер

Несиелік тәуекелдер

Өтемпаздық (өтелімдік) тәуекелдері

Сақтандыру тәуекелдері

Бухгалтерлік есеп және есептілік

Операциялық

тәуекелдер



Операциялық шешімдерді жоспарлау және қабылдау

Сатып алулар және жабдықтау

Контрагенттермен (уағдаластармен) өзара әрекет

Технологиялық тәуекелдер

Ақпараттық технологиялыр

Қызметкерлерді басқару, оқыту, уәждеме

Экологиялық тәуекелдер

Асыра пайдаланушылық және алаяқтық

Төтенше жағдайлар

Құқықтық

тәуекелдер



Заңнаманы бұзу

Сот талқылауларының тәуекелдері


«Самұрық-Энерго» АҚ

тәуекелдерді басқару Саясатына

1 Қосымша.

Болған (орын алған) залалдар мен оқыс оқиғалардың мәліметтер базасының нысаны (формасы)


Оқиғаның қатысы бар тәуекелдер регистрінен алынған тәуекел

Залалдың уақыты немесе оқыс оқиғаның сипаттамасы

Залалдың немесе оқыс оқиғаның

сипаттамасы

Залалдың немесе оқыс оқиғаның тікелей себебі

Залалдың немесе оқыс оқиғаның базалық себебі

Залалдың нақты мөлшері

Зиянның әлеуетті (барынша мүмкін болатын) мөлшері

Реттеу үшін қабылданған шаралар

Болашақтағы залал мен оқыс оқиғаның алдын алу үшін қажетті шаралар

Жауапты құрылымдық бөлімше













































































































































с. 1

скачать файл

Смотрите также: