181 қазақ орта мектеп Заңды тұлғаның мекен – жайы: Қазақстан Республикасы


с. 1
Бекітемін

Құрылтайшы: Шиелі аудандық

білім бөлімінің меңгерушісі

Н. Палымбет.

181 қазақ орта мектептің


Ж А Р Ғ Ы С Ы



Заңды тұлғаның атауы: мемлекеттік мекеме

181 қазақ орта мектеп




Заңды тұлғаның мекен – жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Алмалы ауылы.


I. Жалпы ережелер



  1. 181 қазақ орта мектебі облыстың әділет басқармасында заңды тұлға – мемлекеттік мекеме түрінде тіркеліп, 2372 санды тіркеу номерін және 1933- м.м. куәлігін алған.

  2. 181 қазақ орта мектебі мемлекеттік білім мекемесі болып табылады.

  3. Мектеп коммерциялық емес ұйым болып саналатындықтан, пайда табуды өз қызметінің негізгі мақсатына ендірмейді

  4. Мектептің құрылтайшысы Шиелі аудандық білім бөлімі. Жоғары тұрған ұйым – облыстық білім басқармасы болып саналады.

  5. Мектеп өз қызметінде «Білім туралы» Заңды, ҚР Заңын, білім беру мекемелері жайлы типтік ережелерді, білімді басқару органдарының нормативті актілерін, Құрылтайшы мен Мектеп арасындағы келісім шартты және осы Жарғыны басшылыққа алады.

  6. Мектеп Заңды тұлға болып табылады да, өзіндік меншігі мен оперативті басқаруында жеке мүлкі,өз балансы, банкте және басқа да несие беруші мекемелерде өз есептері болады. Мектеп өз атынан келісім шарттарға тұруға, келісімдер жасауға, мүліктер мен жеке мүліктік емес нәрселерді иемденуге құқылы, сотта, арбитраждық сотта талапкер әрі жауапкер ретінде шығу міндетіне ие.

  7. Мектептің өзінің елтаңбасы бейнеленген дөңгелек мөрі, бұрыштама белгісі, белгіленген үлгідегі аты, бланкісі, маңдайша жазуы және эмблемасы болады.

  8. Мектеп мемлекеттік аккредитация мен аттестациядан «Білім» Заңда көрсетілген тәртіпте өтеді.

  9. Мектептің толық аты: мемлекеттік білім беру мекемесі

181 инновациялық қазақ орта мектебі

Қысқарған аты: МБМ №181 қом

Ұйымдық – құқықтық формасы: мемлекеттік мекеме

Мектептің орналасқан орны: Алмалы ауылы

Мектептің заңды адресі: 120705, Алмалы ауылы, М.Дулатов көшесі.


II.Мектеп қызметінің мақсаты, міндеттері және тақырыбы.



  1. Мектеп қызметінің мақсаты болып:

    1. бастауыш, негізгі және орта білім беретін жалпы білім беру бағдарламалары мазмұнының төменгі деңгейін білім алушыларға меңгертудің міндеттілігі.

    2. Жоғары интелектуалдық қабілеттері бар балаларға арналған бағдарламаларды жүзеге асырудың халықаралық талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз ету: мазмұнының жоғары қиындықта болуы, бағдарламаны диверсификациялау, ойлау процестерінің жоғары деңгейі, оқушыларда рефлексия дағдыларын дамыту.

    3. Социумның өзгерген жағдайларына бейімделуге қабілетті, өздігінен үйлесімді дамитын шығармашылық тұлғаның дамуы үшін жағдайлар туғызу с а н а л а д ы.




  1. Мектеп қызметінің негізгі міндеттері:

2.1. оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау.

    1. оқушыларда өздігінен даму қажеттіліктерін қалыптастыру.

    2. Жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкес келетін, оқушыларда азаматтық және адамгершілік сапаларды қалыптастыру.

    3. Оқытудың жоғары тиімділігін қамтамассыз ететін білім беру бағдарламасы мен педагогикалық технологияларды өңдеу және жүзеге асыру болып табылады.




  1. Мектеп қызметінің тақырыбы:

3.1. балаларды оқыту және тәрбиелеу

3.2. бастауыш, негізгі, орта білім беретін білім беру бағдарламаларын және

қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру

3.3. әрбір оқушының тәндік және сезімдік саулығын қамтамасыз ету.

    1. балалар қабілеттерін табу және дамыту, білім беру жүйесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету.

    2. педагогика мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру.

    3. жаңа білім беру бағдарламаларын жасау, мақұлдау, ендіру.

    4. қосымша ақылы білім беру қызметтерін көрсету.

    5. медициналық қызмет, сан-гигиеналық нормалардың сақталуы, оқушылардың тамақтану сапасы.

    6. оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мектеп тарапынан жүзеге асырады.


III. Білім беру процесін ұймдастыру.



    1. Мектептің құрамында жалпы білім беретін және дамыта оқыту сыныптары жұмыс істейді.

    2. Мектепте білім беру процесін ұйымдастыру мемлекеттік үлгі оқу жоспарларына сәйкес мектептің өзі жасап, мектеп директоры бекіткен оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде құрылады.

    3. Оқушылардың оқу жүктемелері денсаулық сақтау органдарының мектепке арналған ұсыныстарында айқындалған, жүктеменің мүмкіндік шегі нормаларынан артпауы тиіс.

    4. Жекелеген пәндерді оқытуға бөлінген сағат саны, мемлекеттік үлгі оқу жоспарында көрсетілген сағат санынан төмен болмауы тиіс.

    5. Мектептің білім беру бағдарламасына негізгі (базалық) және қосымша (вариативтік) компоненттер кіреді.

    6. Мектепте 1 және 2 шетел тілдерін оқыту екінші және үшінші сыныптардан бастап жүргізіледі, сондай-ақ бірқатар пәндерді тереңдете оқытатын математикалық, ғылыми-жаратылыстану, гуманитарлық және басқа сыныптар құрылады.

    7. Мектепте оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

    8. Мектептегі білім берудің мазмұны қиындықтың жоғарғы деңгейіндегі негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламасының кең көлемді гуманитарлық базасы негізінде құрылады.

    9. білім беруді гуманитаризациялау қамтамасыз етеді:

  • Оқытудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен технологиясының жеке тұлғаның жалпы мәдени дамуына, дүниетанымы мен гуманистік санасын қалыптастыруға, шындықты танып – білудің әмбебап әдістерін меңгеруге, ақыл-ой әрекетінің құралдарын меңгеруге бағытталуын.

  • Оқу жоспарының жекелік компонентінде логикалық тұрғыдан жалғасын табатын бағдарламаның базалық білім беру аймағындағы білімді кеңейту және тереңдету.

  • Тұлғаның мәдени және ғылыми потенциалын қалыптастырудың шарты ретінде (екіден кем емес) шетел тілдерін оқып- үйренуді.




    1. Мектепте білім беру процесін ұйымдастыру республиканың базистік оқу жоспарына сәйкес жасалынған жеке оқу жоспары негізінде жүзеге асады да, онда мектептің білім беру компонентін қалыптастырудың модульдік принципі іске асады және жаңа педагогикалық технологиялар қолданады.

    2. Мектепте оқу жоспарының вариативтілігі төмендегілердің есебінен жүзеге асырылады:

  • Оқу жоспарының жекелік компоненті шеңберінде интеграциялы қатынастарды пайдаланып, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыратын бағдарламаны ендіру.

    1. Оқыту білім беру процесін ұйымдастырудың икемді формаларды негізінде құрылып, зерттеушілік дағдылары мен интелектісін

қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын, оқушылардың тұлғалық

қабілеттеріне бағдарланған және оқушылардың өздігінен таңдау

құқықтарына рұқсат ететін әралуан әрекет түрлері арқылы

олардың дамуын көздейді.

    1. Білім беру процесінің мазмұны мен ұйымдастырылуы мектепте психологиялық қызметтің қолдауымен оқушылардың тұлғалық бағдарланушылығын қамтамасыз етеді.


3.14. Мектеп төмендегі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады

  1. Бастауыш жалпы білім (бірінші басқыш)- оқытудың нормативті мерзімі – 4 жыл (1-4 сыныптар)

  2. Негізгі жалпы білім (екінші басқыш) – оқытудың нормативті мерзімі – 5 (5-9 сыныптар)

  3. Толық орта жалпы білім (үшінші саты) – оқытудың нормативті мерзімі – 2 жыл (10-11 сыныптар)

  4. Қосымша білім беру бағдарламалары – оқытудың нормативті мерзімі жүзеге асырылатын бағдарламаға байланысты белгіленеді.


3.15. Оқушыларды аралық аттестациялау:

  1. 2-8, 10- сынып оқушыларын аралық аттестациялау оқушылардың білім деңгейлерін диагностикалау мен бақылаудың міндетті формасы болып табылады

  2. Аралық аттестацияны ұйымдастырудың мазмұны мен тәртібі аралық аттестация туралы мектеп Ережесіне белгіленіп, директор бекітеді.

  3. Аралық аттестациялау кезінде бағалаудың 5 балдық жүйесімен қоса рейтінгтік жүйесі де қатар қолданылады, сонымен бірге педагогикалық кеңестің шешімімен аралық аттестация кезінде «сынақтан өтті», «сынақтан өтпеді» сияқты екі деңгейлі бағалауға рұқсат етіледі. Аралық аттестациялау кезінде педкеңес шешімімен оқушылардың таңдау курстарын бағалауда бағаның үш балдық квалиметриялық шкаласы пайдаланылуы мүмкін: «А (очень успешно- өте ойдағыдай)», «В (успешно -ойдағыдай)», «С (надо еще потрудиться - әлі де дайындалуы қажет)»


3.16 Оқушыларды қорытынды аттестациялау

  1. Оқушыларды қорытынды аттестациялау негізгі және орта жалпы білім беретін білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген соң жүргізіледі.

  2. Қорытынды аттестация білім министрлігі бекіткен қорытынды аттестация жайлы Нұсқауға сәйкес өткізіледі.



3.17. Оқушыларды келесі сыныпқа көшіру тәртібі.

  1. Жылдық оқу бағдарламасын табысты меңгерген оқушылар педагогикалық кеңестің шешімімен келесі сыныпқа көшіріледі, оны мектеп директоры бекітеді.

  2. Дамыта оқыту сыныптарына оқушыларды қабылдау мектептегі инновациялық қызметтің ұсынысы негізінде және мектепке оқушыларды қабылдаудың және шығарудың Ережесіне сай жүргізіледі.



3.18 . Оқушылардың сабақ режимі

  1. Оқу жылы әдеттегідей 1- қыркүйекте басталады.

  2. Оқу жылының ұзақтығы, ондағы күзгі, қысқы, көктемгі демалыстың мерзімі мен ұзақтығы мектеп директоры бекіткен жылдың календарлық оқу кестесіне сай белгіленеді.

  3. Сабақтардың тәртібі мектеп директоры бекіткен сабақ кестесіне және күн режиміне сай белгіленеді.

3.19.Класс – комплект саны және толымдылығы


  1. Мектептегі класс-комплект саны азаматтардан түскен өтініштердің саны мен тазалық нормаларына сай білім беру процесін жүзеге асыру үшін жасалынған жағдайларға байланысты анықталады.

  2. Сыныптағы оқушылар саны 25-тен артпауы тиіс. Құрылтайшының келісімі және мектеп директорының бұйрығы арқылы қажетті жағдайлар мен құралдар болған жағдайда сыныптардың толымдылығын төмендетуге болады.

3.20. Ұзартылған күн тобы.


  1. Мектеп ата – аналардың талап – тілектері және сұранымдарына сәйкес ұзартылған күн тобын ұйымдастыруы мүмкін.

  2. Ұзартылған күн тобының саны азаматтардан түскен өтініштер саны мен мектептің мүмкіндігіне байланысты болады.

  3. Ұзартылған күн тобының толымдылығы жалпы білім беретін мектептер қызметін ұйымдастырудың тәртібі жайлы Ереже бойынша белгіленеді.

  4. Құрылтайшының келісімі және мектеп директорының бұйрығымен қажетті жағдайлар мен құралдар болғанда күн топтарының толымдылығын төмендетуге болады.

3.21. Ақылы қосымша білім беру қызметтері


  1. Тиісті лицензиясы болған жағдайда бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламаның шеңберінде емес және оны алмастырмайтын мақсатта (дамытушылық, үйретушілік, сауықтыру) ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді.

  2. Көрсетілген ақылы қосымша білім беру қызметтерінің түрін мектеп директоры белгілейді.

  3. Ақылы қосымша білім беру қызметтерін жасаудың тәртібі мен шартты мектеп директоры бекіткен ақылы қосымша білім беру туралы Ережеге сай белгіленеді.

  4. Ақылы қосымша білім беру қызметтерінен түскен табыс білім беру процесін реинвестицияланады, соның ішінде оқу жабдықтарын алуға және қызметкерлердің еңбек ақылары үшін де жұмсалады.



IV. Оқушыларды қабылдаудың тәртібі.


    1. Мектептің 1- сыныбына бастауыш сатыдағы білім беру бағдарламасын оқуға дайындығы жеткен, алты жасқа толған балалар ғана қабылданады, басқа жастағы балаларды қабылдау Құрылтайшының шешімінен кейін жүзеге асады.

    2. Екінші және үшінші, сондай-ақ басқа да жалпы білім беру сыныптарына тиісті көлемдегі жалпы білім беру бағдарламаларын меңгерген, жасы сәйкес келетін балалар бос орын болған жағдайда қабылданады. Ата-аналары балалардың жеке делолардан, тұратын орны жайлы құжатты, тууы туралы куәлігін және белгіленген үлгідегі дәрігерлік анықтаманы көрсетуге міндетті.

    3. Дамыта оқыту сыныптарына 5 және 10 сыныптарға балалар конкурстық негізде қабылданады.

    4. Балаларды тіркеу директордың бұйрығымен рәсімделінеді.

    5. Қабылдау кезінде мектеп директоры бала мен оның ата-анасы осы Жарғымен таныстырады.

    6. Оқушыларды мектепке қабылдаудың тәртібі оқушыларды қабылдау мен мектептен шығару жайлы Ережеге байланысты регламенттелінеді.


V.Оқушыларды мектептен шығарудың тәртібі.

5.1. Педагогикалық кеңестің шешімімен оқушылар мектептен шығарылады:


  • Оқушылардың қалаулары және олардың ата-аналарының тілектері бойынша

  • Оқу сабақтарының режимінен қорғауды талап ететін, бала денсаулығы жайлы дәрігерлік қорытынды негізінде, болмаса үйде оқытуға алмастыру

  • Оқушылардың академиялық үлгірмеуі жағдайында

  • Жарғы талаптарын үздіксіз орындамаған жағдайда.


5.2. Дамыта оқыту сыныптарындағы бағдарламаның жоғары қиындығын үлгіре

алмаған оқушы педагогикалық кеңестік шешімімен жалпы білім беру

сыныптарына ауыстырылады.

    1. Педагогикалық кеңестің шешімімен мектептің ішкі Ережелеріне қарсы жасаған әрекеттері мен Жарғы талаптарын бірнеше рет бұзған, жасы 14-ке толған оқушыны шығаруға рұқсат етіледі.

    2. Оқушының мектептен шыққандығы жайлы ақпарат 3 күннің ішінде жергілікті басқару органдарына беріледі. Жергілікті басқару органдары шығарылған оқушының ата-анасымен 1 ай мерзім ішінде баланы еңбекке араластыруды, болмаса басқа оқу орындарында білім алуын жалғастыруын шешеді.

    3. Оқушыны мектептен шығару директорың бұйрығымен рәсімделеді.



VI. Мектепті басқару тәртібі.
6.1. Құрылтайшының құзыреті


  • Мектептің қаржы мен шаруашылық қызметіне бақылау жасайды

  • Мектептің білім беру қызметіне бақылау жүргізеді

  • Мектептің Жарғысын және Жарғыға жасалынған өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді

  • Мектепті тарқату және қайта құру жайлы шешім қабылдайды.


6.2. Мектепте басқару жеке дара билік жүргізу және өзін-өзі басқару принциптеріне

сәйкес құрылады.

6.3. Педагогикалық кеңес

  • Педагогикалық кеңес мектепте жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады, коллегиалды басқару органы болып саналады.

  • Өз жұмысын педагогикалық кеңес туралы Ережеге сай құрады.

  • Педагогикалық кеңестің құрамына мұғалімдер, мектептің басшылары, кітапханашы, нұсқаулар, тәрбиешілер мүше болады.

6.4. Педагогикалық кеңестің құзіреті

  • Жарғыны қабылдайды, мектептің, ғылыми - әдістемелік орталықтың, әдістемелік құрылымдардың, психологиялық қызметтің жылдық жұмыс жоспарларын қарап бекітеді.

  • Мектептегі білім беру қызметінің жалпы бағыттарын айқындайды, даму бағыттарын белгілейді, Концепиясын бекітеді.

6.5. М е к т е п д и р е к т о р ы.

  • Директор бұл қызметке аудандық білім бөлімінің бұйрығымен бекиді де, мектепке тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады

  • Директор функционалды міндеттеріне сәйкес, өз қызметі үшін мемлекеттің, қоғамның және Құрылтайшының алдында жауапкершілік атқарады

6.6. Д и р е к т ор қ ұ з ы р е т і

  • Мектепте білім беру және шаруашылық қызметтерін ұйымдастырады.

  • Сенімхатсыз мектепті таныстырып, мектептің атынан әрекет етеді, мекемелер және ұйымдармен, кәсіпорындар және жеке тұлғалармен келісімшарттар жасайды.

  • Мектептің қаржы-қаражатын жеке басқарушы болып саналады да, мектептің есеп счеттарын ашады.

  • Мектептің атынан мүлікті иемдену, пайдалану және билік ету құқын жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттерді орындайды

  • Мектеп қызметкерлерін оның ішінде директордың оқу, тәрбие және шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасарларын құрылтайшының келісімімен жұмысқа қабылдайды, сондай-ақ пән мұғалімдерін, тәрбиешілерді, тәлімгерлерді, кіші қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және босатады.

  • Мектепте кадрларды іріктеп орналастырады, штаттық кесте мен қызметкерлердің қызметтік міндеттерін бекітеді


VII. Мектептің дербес (локальді) актілері
7.1. Мектептің қызметі төмендегі локальді актілермен регламенттелінеді:

  • Жарғы

  • Педагогикалық кеңес шешімдері

  • Ішкі еңбек тәртібінің ережесі

  • Оқушылар үшін Ережелер




  • Қызметтік міндеттер, нұсқаулар

  • Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және сыйлық беру жайлы Ереже

  • Мектептегі құрылымдық өзгерістер жайлы Ереже

  • Оқушыларды қабылдау және мектептен шығару жайлы Ереже

  • Оқушыларды аралық аттестациялау Ереже

  • Мектеп директорының бұйрықтары мен жарлықтары

  • Кестелер мен графиктер

7.2. Локальді актілер қолданыстағы Заңдарға және осы Жарғы талаптарына қарама-қайшы келмеуі тиіс
VIII. Мектептің қаржы және шаруашылық қызметі
8.1. Мектептің қаржы – шаруашылық қызметтерін ҚР Заңдары мен осы Жарғыға

қатаң түрде сәйкестендіріп, дербес жүргізеді.

    1. Құрылтайшы және басқа өкілетті орган мектепке оперативті басқаруына ғимарат, үй, құрал-жабдықтар мен басқа да мүліктерді бекітіп береді. Жер учаскесі мектепке тегін әрі мерзімсіз (мәңгі) пайдалануға беріледі. Мектеп бекітіліп берілген мүліктердің сақталынуы мен тиімді пайдалануына жауапкершілікте болады

    1. Құрылтайшы бекітіп берген және смета бойынша бөлінген қаржыға алынған мүліктерді мектептің иелігінен шығаруға және бөтен мақсаттарға пайдалануына құқы жоқ.

    2. ҚР Заңдарында көрсетілген тәртіпте ғана мектепке бекітілген мүліктерді оның иелігінен алуға, болмаса есебінен шығаруға рұқсат етіледі

    3. Құрылтайшының келісімімен ғана мектеп өзіне бекітілген обьектілерді жалға беруде жалгер (арандатор) және жалға беруші (арендодатель) құқына ие бола алады.

    4. Мектептің қаржыландырудың көздері болып саналады:

  • Белгіленген нормативтер бойынша бөлінетін мемлекеттік бюджеттік қаржылар

  • Ақылы қосымша білім беруден және басқа да қызметтерден түсетін кіріс

  • Жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымдылық салымдары

  • Банктің қоятын процентін бюджеттен тыс қаражат есебінен төлеу шаршымен банктер мен басқа да кредит берушілердің кередиттері

  • Кәсіпкерлік қызметтер түсетін кірістер, түсімдері

  • Қолданыстағы заңдарға сәйкесті басқа да көздер.

    1. ҚР Заңдарында басқаша көрсетілмеген болса, құрылтайшы бекітіп берген қаржы және материялдық жабдықтар мектептің өз меншігі болып табылады да Жарғыға сәйкес пайдаланылады және одан алып қоюға жатпайды. Қосымша қаржы-қаражатты тарту нормативтер мен бюджет қаржысы есебінен қаржыландыратын оның абсолютті көлемін төмендетуге апарып соқтырмайды.

Ағымдарға жылда (тоқсанда, айда) жаратылмаған қаржылар мектептен алынбайды, болмаса келесі жылдың (тоқсанның, айдың) қаржыландыру есебіне де қосылмайды, жатқызылмайды.

    1. Мектеп өзінің иемдену құқына бекітіліп берілген ғимараттардың, үйлердің, құрылыстардың, мүліктердің, құрал-жабдықтар мен әлеуметтік тұтыну, мәдени және басқа да мақсатттарға пайдаланылатын заттардың ұсталыну сапаларының нормативте айқындалған деңгейден төмен болмауын қамтамасыз етеді.

    2. материалдық-техникалық базаны дамыту мен мектепке бекітілген бюджеттік және жеке қаржылары есебінен ұжымның өзі айналысады.

    3. жеке және заңды тұлғалардың сый- сияпаты, қайырылымдылық көмек және интелектуалды-шығармашылық еңбектерін өсиет ету жолымен берген қаржылары, мүліктері мен басқа да обьектілері мектептің меншігі болып саналады.

    4. мектеп тек қана өз меншігі мен серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардың) жарғылық қорларына қатысуға құқылы.

    5. мектеп мына жағдайларда кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы:

  • Мектептің негізгі қорларын жүзеге асыру мен мүліктерін жалға беруден

  • Сатып алынатын товарлар мен құрал-жабдықтардың саудасынан

  • Делдалдық қызмет көрсетуден

  • Акциялар, облигациялар және басқа да құнды қағаздарды иемдену арқылы олардан алынатын (дивидент, процент) кірістерден

  • Қолданыстағы ҚР заңдарына қайшы келмейтін, пайда түсіретін басқа да операциялармен айналысудан.

с. 1

скачать файл

Смотрите также: