1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының


с. 1
ҚРӘМ № 4204 24.04.2006ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2006 жылғы 25 наурыз № 85



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы




Сақтандыру қызметін тұтынушылардың мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгілейтін сақтандыру тарифтерінің мөлшерінің сапалы талдамасын алу, сондай-ақ қолданылатын статистика мен сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне қойылатын талаптарды айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне, “Қазақстанның Актуарийлер Қоғамы” қоғамдық бірлестікке жіберсін.

4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

Төраға А. Дунаев

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 85 қаулысымен бекітілді




Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық

Осы Нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптарды айқындайды.



1-тарау. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Нұсқаулық мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) брутто-ставка – сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлейтін және нетто-ставка мен жүктеуден тұратын сақтандыру тарифі;

2) сақтандырудың орнын толтыру бірлігі – сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын өлшем бірлігі;

3) тәуекелдерді (сақтанушыларды) жіктеу – тиісті жіктеу коэффициентімен сақтанушыны немесе тәуекел деңгейін сипаттайтын критерийлер тізбесі;

4) дифференциялау коэффициенті – сақтандыру объектісінің тәуекел факторларын есепке алу үшін есептелген сақтандыру тарифіне қолданылатын коэффициенттер;

5) жүктеу – байқалмайтын шығыстар мен кірістерді, сақтандыру опеацияларын жүргізуге сақтандырушының әкімшілік шығыстарын өтеуге арналған брутто-ставканың бөлігі;

6) нетто-ставка – сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға сақтандыру ұйымының ресурстарын қалыптастыруға арналған брутто- ставканың бөлігі;

7) тәуекел үстемақысы – күтілетін мәндердің кездейсоқ ауытқу тәуекелін көрсететін нетто – ставканың бөлігі;

8) сақтандыру тарифі – сақтандырудың орнын толтыру бірлігінің құны;

9) уәкілетті мемлекеттік орган – қаржы рыногының және қаржы ұйымдарын қадағалау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Тарифтік мөлшерлемелерді есептеуге қойылатын жалпы талаптар
2. Сақтандыру тарифтерін есептеу толық, бірізділік және бірдейлік қағидаттарына негізделеді.

3. Сақтандыру тарифтерін есептеуде қате, екі ұштылық пен нақтылаулар болмау керек.

4. Есептеуді сипаттаған кезде формулалар мен есептеудің толық жазылуын, сондай-ақ тиісті есептеулерді өткізуге қажетті параметрлердің барлық сандық мәндерін көрсетілуін сақтау қажет.

5. Сақтандыру тарифтерін есептеу кезінде мынадай ақпараттар келтіріледі:

1) бастапқы статистикалық деректерде пайдаланылатын дерек көзі туралы толық мәліметтер;

2) пайдаланылатын бастапқы статистикалық деректер алынған осы уақыт кезеңі туралы деректер.

6. Сақтандыру тарифтерін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес есептеу барлық сыныптар, сондай-ақ сақтандырудың белгілі бір сыныпына кіретін сақтандыру түрлері бойынша жүргізіледі және оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үш жылда бір реттен кем емес уақытта қайта қарайды.

7. Сақтандыру тарифтерін есептеу кезінде сақтандыруға қабылданған сақтандыру тәуекелдерін сипаттайтын статистикалық деректер пайдаланылады.

8. Сақтандыру сыныпы (түрі) бойынша сақтандыру тарифтерін есептеу мақсатында есептеу күнінің алдындағы соңғы үш және толық қаржы жылындағы бастапқы статистикалық деректерді пайдалану қажет.

9. Сақтандыру тарифтерін есептеу барысында бастапқы статистикалық деректерді қолдану үшін мынадай қағидаттар мен талаптардың бірін сақтау қажет:

1) сақтандыру тарифтерін есептеу сақтандыру сыныпы (түрі) бойынша сақтандыру тарифінің шамасына барынша ықпал ететін бір немесе бірнеше негізгі сақтандыру тәуекелі бойынша бастапқы статистикалық деректердің негізінде жүргізіледі;

2) сақтандыру тарифтерін есептеу сақтандырумен өтелетін тәуекелдің барлық түрі бойынша жиынтық бастапқы статистикалық деректердің қорытындысы негізінде жүргізіледі.

10. Сақтандыру тарифтерін есептеуде пайдаланылатын макроэкономикалық көрсеткіштердің мәні (құнсыздану көрсеткіші, ең төменгі есептеу көрсеткішінің мәні), есептеу күніне осы көрсеткіштер бойынша ресми мәліметтерге сәйкес келуі керек.

3-тарау. Сақтандыру тарифтерін бағалау және есептеу әдістеріне қойылатын талаптар
11. Сақтандыру сыныпы (түрі) бойынша сақтандыру тарифтерін есептеу сақтандыру тарифін есептеудің таңдап алынған әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.

12. Сақтандыру сыныпы (түрі) бойынша тарифтік мөлшерлемелерді есептеуде сақтандыру тарифтерін есептеу әдісі туралы мынадай ақпарат бар:



  1. сақтандыру тарифтерін есептеудің пайдаланылған әдісі бойынша ақпараттың дерек көзі туралы толық мәліметтер:

2) сақтандыру тарифтерін есептеудің пайдаланылған әдісін толық сипаттау.

Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістерін сипаттау тікелей есептеуден бөлек жазылады.

13. Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістері мынадай құрастырылатын сақтандыру тарифін айқындайды:

1) нетто-ставка;

2) тәуекел үстемақысы;

3) жүктеу;

4) брутто-ставка.

14. Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістерінің бірдейлігі және сәйкес келуі пайдаланылатын бастапқы статистикалық деректермен мынадай критерийлер арқылы айқындалады:

1) есептеу әдісіне сәйкес сақтандыру тарифтерін есептеуге қатысатын бастапқы статистикалық деректермен және есептеу параметрлерінің арасындағы сәйкестік;

2) сақтандыру тарифтерін есептеудің таңдап алынған әдісі сақтандыру тарифтерінің шамасына әсер ететін есепті көрсеткіштердің артуына немесе азаю үрдістерін, сақтандыру жағдайының болу ықтималдығын, шығын ауыртпалығының көрсеткішін, шығын коэффициентін және басқаларды ескереді;

3) таңдап алынған әдіске сәйкес жасалған сақтандыру тарифтерін есептеудің аралық және соңғы нәтижелеріндегі экономикалық мағынаның болуы (экономикалық мақсатқа лайықтығы).

15. Сақтандыру тарифтерін немесе «өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандыру сыныпы (түрі) бойынша сақтандыру сыйлықақыларын есептеуді жүзеге асыру барысында сақтандыру сыйлықақысы мөлшерлерін айқындау кезінде пайдаланылатын аталған кестелердің қосымшаларымен, қайтыс болу кестелерінің дерек көздері мен алу тәсілдері туралы толық ақпаратты келтіреді.



4-тарау. Сақтандыру тарифтерін есептеудің және оларды ресімдеудің нәтижелеріне қойылатын талаптар
16. Сақтандыру сыныпы (түрі) бойынша сақтандыру тарифтерін есептеудің нәтижелерінде мынадай көрсеткіштер анықталып және негізделуі тиіс:

  1. сақтандыру тарифінің негізгі, ең төменгі негізгі және ең жоғарғы негізгі мөлшері;

  2. есептелген негізгі сақтандыру тарифтеріне осы коэффициенттердің шамаларын негіздеу арқылы дифференциация коэффициенттерін қолдануды тартатын тәуекел факторлары;

  3. сақтандыру сыныпы (түрі) бойынша тәуекелдерді (сақтанушыларды) толық жіктеу жасау;

  4. сақтанушылардың (сақтандырылған) санаттарына және қабылданған жіктеуге сәйкес сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдеріне байланысты сақтандыру тарифтерін (сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін) бөлу кестесі.

Осы тармақтың 4) тармақшасының талаптары «өмірді сақтандыру» саласының сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына таралмайды.

17. Сақтандыру тарифтерін есептеуді сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар актуарий жүргізеді және лицензияның нөмірі мен берілген күнін, актуарийдің фамилиясын, есімін, әкесінің атын (бар болса) көрсету арқылы, оның қолымен және мөрімен (бар болса) бекітіледі.


5-тарау. Қорытынды ережелер
18. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі.




с. 1

скачать файл

Смотрите также: