1. «Қажеттi мамандықтар туралы мәлiметтер» нысанын толтыру жөнiндегi


с. 1
Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнiң     
2012 жылғы 15 наурыздағы  
№ 84-ө-м бұйрығына    
4-қосымша       

«Қажеттi мамандықтар туралы мәлiметтер»
нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық

      1. «Қажеттi мамандықтар туралы мәлiметтер» нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) «Қажеттi мамандықтар туралы мәлiметтер» нысанын толтыру тәртiбiн нақтылау мақсатында әзiрлендi.


      2. Нысанды меншiк нысаны әр түрлi жұмыс берушiлер барлық өңiрлерде iске асырылатын барлық жобаларда, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 сәуiрдегi № 301 қаулысымен бекiтiлген Бизнестiң жол картасы 2020 бағдарламасы және басқа да жобалар бойынша байқалатын қызметкерлер мен мамандарға деген қажеттiлiк туралы мәлiметтер болған кезде аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынады;
      2-бағанда ҚР МС 01–99 Қазақстан Республикасының Кәсiптердiң мемлекеттiк сыныптауышынан базалық топтың коды көрсетiледi;
      3-бағанда жаңа тұрақты жұмыс орындарын (лауазымдарды) құру болжанған және қызметкерлер мен мамандарға деген қажеттiлiк бақыланып отыратын МК ҚР 01–99 Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамтудың мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес кәсiптердiң (лауазымдардың) атауы көрсетiледi;
      4-бағанда кәсiптi (лауазымды) нақтылау – талаптарды пәндiк нақтылау (мысалы, қызмет «қойма меңгерушiсi» - нақтылау «құрылыс материалдарының»);
      5-бағанда бiлiм деңгейiне қойылатын талап (жоғары бiлiмнен кейiнгi, жоғары, орта бiлiмнен кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, жалпы орта, негiзгi орта) көрсетiледi;
      6-бағанда Қазақстан Республикасы Еңбек кодексi 125-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес бiлiктiлiктiң талап етiлетiн деңгейi көрсетiледi;
      7-бағанда тұтастай кезеңде қажеттi қызметкерлер мен мамандардың жалпы саны көрсетiледi;
      8-11-бағандарда жылдар бойынша қызметкерлер мен мамандардың қажеттi саны көрсетiледi.
      Толтырылған нысанға толтырған мемлекеттiк органның нысанды лауазымды тұлғасы қол қояды және нысанға қол қойылған күн жазылады.
      Жұмыс берушiлер ұсынған нысандағы мәлiметтердi аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Халықты жұмыспен қамту орталықтары «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне орналастыратын болады.

«Қажеттi мамандықтар туралы мәлiметтер»


нысанын толтыру жөнiндегi       
нұсқаулыққа қосымша          

Экономикалық қызмет түрлерi

Секциялар

Атауы

Бөлiмдер

А

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01-03




Өсiмдiк және мал шаруашылығы, аң аулау және осы салада қызмет көрсету

01




Орман шаруашылығы және ағаш дайындау

02




Балық шаруашылығы және аквамәдениет

03

B

Тау-кен өндiру өнеркәсiбi және карьерлердi қазу

05-09




Көмiр және лигнит өндiру

05




Шикi мұнай және табиғи газ өндiру

06




Металл кендерiн өндiру

07




Тау-кен өнеркәсiбiнiң басқа салалары

08




Кен өндiру өнеркәсiбi саласындағы техникалық кызметтер

09

C

Өңдеу өнеркәсiбi

10-33




Тамақ өнiмдерiн өндiру

10




Сусындар өндiру

11




Темекi өнiмдерiн өндiру

12




Тоқыма бұйымдарын өндiру

13




Киiм өндiру

14




Былғары және оған жататын өнiм өндiру

15




Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндiру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндiру

16




Қағаз және қағаз өнiмдерiн өндiру

17




Жазылған материалдарды басып өндiру және ұдайы өндiру

18




Кокс және мұнайдың өңделген өнiмдерiн өндiру

19




Химиялық өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру

20




Негiзгi фармациялық өнiмдермен препараттар өндiру

21




Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндiру

22




Өзге бейметалл минералдық өнiмдер өндiру

23




Металлургия өнеркәсiбi

24




Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндiру

25




Компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарын өндiру

26




Электр жабдықтарын өндiру

27




Басқа санаттарға енгiзiлмеген машиналар мен жабдықтарды өндiру

28




Автокөлiк құралдарын, тiркемелер және жартылай тiркемелердi өндiру

29




Басқа көлiк құралдарын өндiру

30




Жиһаз өндiру

31




Өзге дайын бұйымдарды өндiру

32




Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33

D

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционерлеу

35

E

Сумен жабдықтау; кәрiз жүйесi, қалдықтардың жиналуына және таратылуына бақылау жасау

36-39




Суды жинау, өңдеу және тарату

36




Кәрiз жүйесi

37




Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды өңдеу

38




Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

39

F

Құрылыс

41-43




Ғимараттар мен құрылыстарды салу

41




Азаматтық құрылыс

42




Бiр салаға арналған құрылыс жұмыстары

43

G

Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдердi және мотоциклдердi жөндеу

45-47




Автомобильдер мен мотоциклдердi көтерме және бөлшек сату

45




Автомобильдер мен мотоциклдерден саудасынан басқа, көтерме сауда

46




Автомобильдер мен мотоциклдердi сатудан басқа, бөлшек сауда

47

H

Көлiк және жинақтау

49-53




Құрлықтағы көлiк қызметi және құбырмен тасымалдау

49




Су көлiгi

50




Әуе көлiгi

51




Жинақтау және қосалқы көлiк қызметi

52




Пошталық және курьерлiк қызмет

53

I

Тұру және тамақтану жөнiнде қызмет көрсету

55-56




Тұруды ұйымдастыру жөнiнде қызмет көсету

55




Тамақ өнiмдерiн және сусындарды ұсыну жөнiнде қызмет көрсету

56

J

Ақпарат және байланыс

58-63




Баспа қызметi

58




Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограмма және музыкалық жазбалар шығару

59




Бағдарлама және теле-радио хабарлама жасау жөнiндегi қызмет

60




Байланыс

61




Компьютерлiк программалау, кеңестер беру және басқа iлеспе көрсетiлетiн қызметтер

62




Ақпараттық қызметтердiң қызметi

63

K

Қаржы және сақтандыру қызметi

64-66




Қаржы қызметтерi, сақтандыру және зейнетақы қорлары қызметтерiн қоспағанда

64




Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметi

65




Қаржыландыру және сақтандыру қызметтерiн ұсыну бойынша қосалқы қызмет

66

L

Жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операциялар

68

M

Кәсiби, ғылыми және техникалық қызмет

69-75




Құқық және бухгалтерлiк есеп саласындағы қызмет

69




Бас компаниялар қызметi; басқару мәселелерi бойынша кеңестер беру

70




Сәулет өнерi, инженерлiк iзденiстер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

71




Ғылыми зерттеулер және әзiрлемелер

72




Жарнама қызметi және нарық конъюнктурасын зерттеу

73




Өзге де кәсiби, ғылыми және техникалық қызмет

74




Ветеринарлық қызмет

75

N

Әкiмшiлiк және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

77-82




Жалдау, жалға беру, лизинг

77




Жұмысқа орналастыру

78




Туристiк операторлардың, туристiк агенттiктердiң және өзге де ұйымдардың қызметi

79




Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және тергеу жүргiзу жөнiндегi қызмет

80




Ғимараттарға және аймақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет

81




Әкiмшiлiк-басқару, шаруашылық және басқа қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

82

O

Мемлекеттiк басқару және қорғаныс; мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру

84

P

Бiлiм беру

85

Q

Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызметтер

86-88




Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

86




Тұратын орынмен қамтамасыз ете отырып, күтiп-баптау жөнiндегi қызмет

87




Тұратын жермен қамтамасыз етпей әлеуметтiк қызметтер көрсету

88

R

Өнер, ойын сауық және демалыс

90-93




Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет

90




Кiтапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және мәдени қызмет көрсететiн басқа мекемелердiң қызметi

91




Құмар ойындар және бәс тiгудi ұйымдастыру жөнiндегi қызмет

92




Спорт саласындағы және демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастырудағы қызмет

93

S

Өзге де қызметтер түрлерiн ұсыну

94-96




Мүшелiк ұйымдар қызметi

94




Компьютерлердi, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу

95




Өзге де дербес қызметтер көрсету

96

T

Үй қызметшiсiн жалдайтын және өзi тұтыну үшiн тауарлар мен қызметтер өндiретiн үй шаруашылықтары қызметi

97-98




Үй қызметшiсiн жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметi

97




Жеке тұтыну үшiн тауарлар өндiру жөнiндегi үй шаруашылықтарының қызметi

98

U

Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметi

99

с. 1

скачать файл

Смотрите также: